Ахмет Байтұрсынұлы(1872-1937)
Ұлтың ұлы ұстазы
Ағартушы-ұстаз
Тілші-ғалым
Аудармашы
Ақын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы.
Ахмет Байтұрсынов өз халқың сүйген патриот адам
Ахмет Байтұрсынов 1872 жылы 5 қыркүйекте Қостанай облысының Торғай өңірінде дүниеге келген.
"Мен Торғай уезінің Тосын болысындағы №5 ауыл қазағының баласымын. 1886-1891 жылдары екі кластық Торғай училещесінде оқыдым.1891- 1895 жж.Орынборда оқыдым. 1895 жылдан Торғайдың әр жерінде, бастауыш училищелерде, мектептерде жұмыс істедім",- деп жазған екен.
Ахметтің 13 жасында оның әкесі Байтұрсын ауылына келіп, зорлық- зомбылық көрсеткен уезд бастығын сабап, 15 жылға бас бостандығынан айырылып, Сібірге қаторгалық жұмысқа айдалады.Осы оқиға Ахметтің ертерек күрес жолына түсуіне себеп болады
Ахмет Байтұрсынов-қоғам қайраткер Патша отаршылдығына қарсы күрестегі белсенді іс-әрекетіне байланысты А.Байтұрсынов 1909 жылы Семей түрмесінде бір жыл отырып, екі жылға жер аударылады
1913 жылы Орынборда "Қазақ" газетін шығара бастады.
Газет қазақ халқының ұлттық санасын оятып, азаттық күреске шақырды
А. Байтұрсынов 1917 жылы өз пікірлестерімен бірге "Алаш" атты партия құрды.
Шығармашылық өмір жолы
А. Байтұрсыновтың шығармашылық мұрасы мол
Әліппе
"Сауат ашар"
"Оқу құрал"
"Әдебиеттанытқыш"
"Қырық мысал"
"Маса"- төл тума және аудармалар.
Қазағым – елім,
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Камауда жаның,
Аш көзінде оянып.
Ахмет Байтұрсынов
Ахмет айдаудан 1934 жылы босатылды.
Бұдан соң ол ешқандай мемлекеттік жұмыстарға араластырылмады.
1937 жылдың 8 қазанында Алматыда қайтадан тұтқындалып, 1937 жылы желтоқсанның 8 күні жазықсыз атылды