Түбір мен қосымша
Сабақтың мақсаты:
А Сөз тұлғасының лексикалық мағынасын ажыратқызу, түбірдің бөлшектенбейтінін түсіндіру
Ә Сөз сиқырлығын өлең жолдарынан мысалдар келтіре отырып
көңілге ұялату, танымын кеңейту
Б Адамгершілікке, білімділік пен біліктілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі : Жаңа білім беру
Көрнекілік: тірек сызба, суреттер
Күтілетін нәтиже:
*Оқушының өзін-өзін тануға, қоғамда тұлға болып қалыптасуына
*Оқуға деген ынтасы оянған
*Талаптарды орындай алады, жас ерекшелігіне сәйкес шығармашылық әрекеттер танытады
Өткен сабақ.
Үй жұмысын 3 топтан үш оқушыға оқытып
дәптерлерін тексеріп шығымын.
Сұрақтар арқылы өткен сабақты еске түсүру
“Кім жылдам” ойыны.
ТАПСЫРМА:
“Түбір” Үйлер, үйден, айтты, жазса, ашпа, оқушы
сөздерінің лексикалық мағынасы бар, өзгермей тұрған
бөлшектерді, лексикалық мағынасы жоқ бөлшектерді
ажырат. Сөзге лексикалық мағына үстейтін бөлшек
не деп аталады?
“Қасымша” Балықшы - мамандық иесі. Бұл қандай сөз?
“Сөзжасам” Өн - өнім, өнгіш, өндіріс – бәріне ортақ не?
Бұл қандай сөздер?
Жаттығу жұмысы
70-жаттығу. Сөздерден жұрнақ арқылы
туынды сөз жасау.
71-жаттығу. Сөздердің түбірі мен қосымшасын
дефис арқылыажыратып жазыңдар.
Үлгі: айбын- ды-лық-тан.
Сарамандық тапсырма.1 Кейбірі жаңа сөз жасайды, кейбірі сөзге қосымша мағына үстейді, кейбірі сөз талғамай кете береді, кейбірі біраз сөзде ғана кездеседі. Тапсырма. Осындағы «кейбірі» деген сөздің орнына төрт түрлі атаумен аталатын жауап сөз тауып айтыңдар.