Тарихи қайраткерлер. Билер.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сөзжұмбақты шешу.
2. Өткен материалды тексеру:
а) Лексикалық тапсырма.
ә) Грамматикалық тапсырма.
3. Ой қозғау.
4. Сөздікпен жұмыс.
5. Жаңа сабақты түсіндіру.
6. Бекіту:
а) Топтастыру стратегиясы.
ә) Салыстыру
б) «Аталардан қалған асыл сөз»
в) Тест. «Өз-өздеріңді тексеріңдер»
7. Қорытынды.
8. Үйге тапсырма беру.
Тапсырма № 1. Сөйлемді толықтырыңыз
1. Қазақ халқының ең жоғарғы билеушісі (кім?) ……........ болған.
2. Ханнан кейінгі билік (кімдерде?) .......................................... болған.
3. Сұлтандар деп (кімдерді?) ......................................................атаған.
4. Сұлтандар (неге?) ..................................................... сайланатын болған.
5. (Кімдер?) ................................. сұлтандарды соттай алмайтын еді.
6. Әрбір сұлтан (нені?) ................................................. басқарған.
Тапсырма № 2. Сәйкестігін табыңыз.
1. Ыңғайлас сондықтан, себебі, өйткені, неге десе
2. Қарсылықты не, немесе, я, яғни, әлде, бірде
3. Себеп-салдар біресе, кейде, бірде
4. Талғаулы бірақ, алайда, дегенмен
5. Кезектес ----------- сонша -----------
--------- : -------------------
6. Түсіндірмелі да, де, та, те, және, әрі
Аталардан қалған асыл сөз
БІЗ - ЕЛДІҢ ТУЫМЫЗ
Әйтеке би бірде Қаз дауысты Қазыбек биге келіп сәлем береді. Бұл Әйтекенің әлі жастау кезі болса керек.
-- Уа, бала! Атадан жақсы ұл туса, елдің туы болады, жаман ұл туса, соры болады деуші еді. Соның қайсысы боласың? - дейді Қазыбек.
--- Адам қартайғанда қазына болады, не қазба болады деуші еді, сіз соның қайсысысыз? - дейді Әйтеке.
--- Қазынамыз, - дейді Қазыбек.
--- Ендеше, біз - елдің туымыз! - дейді Әйтеке би.