Етістіктің түрленуі. Шақ туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды етістіктің түрлену жолдарымен таныстыру. Шақ туралы түсінік беру, іс жүзінде қолдана білу;
Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, өз ойын айта білуге, адамгершілік қасиеттерге баулып, дүниетаным шеңберін кеңейту;
Дамытушылық:Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытып, ой шақыра білуге, шағын топта жұмыс істеуге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақСабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау стратегиясының элементтері.Көрнекілігі: ББҮ кестесі, «Шыңға өрлеу» ойыныПәнаралық байланыс: Әдебиет, биология, география
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеп, зейінін сабаққа аудару. Сыныпты үш топқа бөлеміз. І топ «Қыран». ІІ топ «Сұңқар». ІІІ топ «Достық».Топтық жұмыс жүргізіледі.
А)Әр топқа үй тапсырмасы берілген, үш топ өз тақырыптарын қорғап шығады.
І топ. «Сын есім », ІІ топ «Сан есім», ІІІ топ «Есімдік».
Ә) Тренинг сабақтары бойынша жылдам ойлау қабілеттерін дамыту үшін «Миға шабуыл» әдісі қолданылады. Әр топқа сұрақтар оқылып, тез жауап қайтаруы тиіс.
“Миға шабуыл”
І топ.
1.Жалғаудың неше түрі бар?
2.Зат есім жіктеледі ме?
3.Тәуелденудің неше түрі бар?
4.Қазақ тілінде неше септік бар?
5.Зат есім атау септігінде тұрғанда қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады?
ІІ топ
1.Көптік жалғау нешеу?
2.Барыс септігінің сұрағын ата
3.Зат есім жіктеліп келіп қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады?
4.Сын есімнің неше шырайы бар?
5.Салыстырмалы шырайдың жұрнақтарын ата.
ІІІ топ
1.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
2.Сөйлем мүшесі нешеу?
3.Сын есім сөйлемде қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады?
4.Сан есім барыс, табыс, жатыс,шығыс, көмектес септіктерінде қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады?
5.Есімдіктер қай сөз таптарының орнына жүреді?