Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154491

Ұлттық болмысты сақтау - рухани жаңғырудың ең басты шарты

Ұлттық болмысты сақтау

Ұлттық болмыс дегенде бірден көз алдыңа жайлауда тұратын, малын бағатын, киіз үйде тұратын қазақ хандығы кезіндегі қазақтар елестейді. Бір жағынан ойлап қарасаң, қазақтар үшін жанын берген желтоқсан ққрбандары есіңе түседі. Сонды қазақты қазақ қылып тұратын ұлттық болмысы қандай?

Біріншіден, қазақ тілі – қазақтардың ана тілі, ұлттық болмыстың сипаты болып табылады. Қазақтардың барлығы қазақша білуі керек. Әйтпесе, несіне қазақ болып жүр? Екіншіден, қазақтардың салт-дәстүрін біліп, күнделікті қолданып, тозығы жеткенін қалдырып отыруы керек. Үшіншіден, киім үлгісі. Меніңше, ұлттық нақыштағы ою-өрнекті күнделікті киімге жапсырып жүрсе несі айып. Төртіншіден, тағы да наурызда жасалатын және ойналатын ұлттық ойындар. Күнделікті болмаса да, анда-санда алтыбақан, бәйге жарыстырып, ақсүйек тапқанға не жетсін? Қазіргі таңда Қазақстанның кейбір жерлерінде нағыз қазақтарша өмір сүретін кісілер бар. Олар Алтайда, Тарбағатайда, Жетісуда өмір сүретін қазақтар. Ол кісілер қыста саятшылық құрады, ұлттық мерекені тойлайды, ұлттық ойынды ойнайды, ұлттық киім киеді, ұлттық тағамды жейді және заман көшінен қалып жатқан жоқ.

Елбасымыздың да айтқысы келгені осы. Қазақтарды рухани жаңғырту арқылы ұлттық болмысты сақтау. Рухани жаңғыру аясында Қазақстанда біршама іс-шаралар атқарылып жатыр. Мысалы, біз кезіндегі Ахмет Байтұрсынов қалдырып кеткен латын қарпіне көшкелі жатырмыз. Әрі жер-жердежыр мүшәйралар мен айтыстар өткізілуде. Бұнымен қоса қазақ даласында көкпар, бәйге, асық ату сияқты ойындар қайта жаңғыруда. Бұның барлығы 2017 жылы 12 сәуірде шыққан «Рухани жаңғыру» жолдауының жемісі.

Қорыта келе, «жүз адам бар жерде жүз түрлі пікір бар» демекші өз ойымды айтайын. Егер қазақ жерінде ұлттық болмысымызды жаңғыртатын жобалар көбейсе, орыстанып бара жатқан қазақтар қайта қазаққа айналар еді. Және сол жобаға қатысамын деген қазақтарда кішкене болсын патриотизм болуы керек.

СкачатьРазмер файла
Скачать этот файл (50esse.zip)Ұлттық болмысты сақтау12 Kb
 
18.04.2018 20:07