Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154409

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша тақырыптар 2018

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша тақырыптар

1. Махамбет жырларында Исатай бейнесін сомдаудағы ақынның тіл шеберлігін мысалдар арқылы талдап жазыңыз.

2. Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романындағы Қайрош бейнесін берудегі автор шеберлігін сипаттап жазыңыз.

3. Жамбылдың «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңі мен Абайдың Әбішке арнаған өлеңдерінің жазылу стилі мен мазмұнындағы үндестікті салыстыра талдап жазыңыз.

4. А.Байтұрсынов пен Абай аудармаларының арасындағы үндестікті дәлелдеп жазыңыз.

5. С.Торайғыровтың «Кім жазықты?» романындағы Әжібайға тән қасиеттерді қазіргі жастардың бойындағы мінез-құлық, қасиеттерімен салыстырып талдаңыз.

6. С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасындағы Адақ пен М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы Баян бейнесін салыстыра талдап жазыңыз.

7. Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романындағы адамдар арасындағы тартыстың әлеуметтік тартысқа ұласуын дәлелдеп жазыңыз.

8. Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясындағы кейіпкерлердің мінезін сомдаудағы ерекшеліктерін талдап жазыңыз.

9. Ә.Кекілбаевтың «Үркер» романындағы Әбілқайыр тұлғасын сомдаудағы суреткерлік ерекшеліктерін талдап жазыңыз.

10. О.Бөкейдің «Қар қызы» повесіндегі реализм мен романтизмнің астасып келуін дәлелдеп жазыңыз.

11. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абайға берілген әке тәрбиесінің негізінде жатқан тұлғалық қасиеттерді дәлелдеп жазыңыз.

12. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы Ақбілек басынан өткен жайлар бүкіл халықтық трагедияның көрінісі екенін дәлелдеп жазыңыз.

13. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасына арқау болған тарихи оқиғаларды дәлелдер келтіре талдап жазыңыз.

14. Зар заман ақындарының шығармаларына арқау болған мәселелерді жинақтап, дәлелдер арқылы тұжырымдап жазыңыз.

15. Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» өлеңіндегі замана келбетін сипаттап жазыңыз.

16. Сүйінбай Аронұлының қазақ, қырғыз еліне өткір тілмен, озық оймен танылғандығын мысалдар келтіре отырып, дәлелдеп жазыңыз.

17. «Таныстыру» поэмасының желісі арқылы Сұлтанмахмұттың қазақтың оқыған зиялылары туралы көзқарасын дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.

18. М. Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңі мен С. Сейфуллиннің «Сағындым» өлеңін салыстыра талдаңыз.

19. Ә. Тәжібаевтың «Портреттер» поэмасындағы өмір, уақыт, жаңа адам туралы философиялық толғанысын талдап жазыңыз.

20. Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» поэмасы мен батырлар жырындағы өзара үндестікті салыстыра талдап жазыңыз.

21. С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі қарт Томар-Омардың Балзия мен Аманайдың елге жетуіне күмән тудыруының себептерін талдап жазыңыз.

22. Махамбет поэзиясындағы арман, тілек, аңсау сарындарын мысалдар арқылы дәлелдеп жазыңыз.

23. «Жамбыл мен Құлмамбет айтысының» идеялық-мазмұндық жағынан айтыстың ерекше түрі екенін дәлелдеп жазыңыз.

24. Ш. Қанайұлының шығармаларындағы зар заман келбеті мен қазіргі заман келбетін салыстыра талдаңыз.

25. Майлықожаның жыл мезгілдеріне арналған өлеңдеріндегі табиғат пен адамзат тіршілігінің бейнеленуін мысалдар арқылы дәлелдеп жазыңыз.

26. Майлықожа өлеңдерінде көтерілген мәселелер бүгінгі күні де өзекті болып отырғанын мысалдар арқылы дәлелдеп жазыңыз.

27. Ш.Уәлихановтың әдебиетші-ғалым ретінде қазақ ғылымына қосқан үлесін дәлелдер арқылы жазыңыз.

28. А. Құнанбаевтың қарасөздерінде көтерілген мәселелердің бүгінгі күнмен үндестігін талдап жазыңыз.

29. Сал-серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын талдап жазыңыз.

30. З.Қабдоловтың «Менің Әуезовім» роман-эссесіндегі М.Әуезовтің ұстаздық бейнесін сипаттап жазыңыз.

31. А.Байтұрсынұлының «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары» мысалдарының адамдарға үйрететін тағылымы туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз.

32. Ыбырай Алтынсариннің балалар әдебиетінің атасы екенін дәлелдер арқылы жазыңыз.

33. Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңіндегі ақынның сұлулыққа деген көзқарасын талдап жазыңыз.

34. Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасын трагедиямен аяқтау себебін талдап жазыңыз.

35. Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романына арқау болған тарихи оқиғаларға тоқталып, дәлелдер келтіре жазыңыз.

36. М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романындағы қазақ қызының рухани өміріне қатысты оқиғаларды талдап жазыңыз.

37. Ж.Молдағалиевтің «Мен - қазақпын» поэмасындағы ұлттық құндылықтарды дәлелдеп жазыңыз.

38. С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз.

39. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер-адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.

40. Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңінің бүгінгі жастар тәрбиесіне қатысты өзектілігі туралы ойларыңызды талдап жазыңыз.

41. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды сыни көзқараспен талдап жазыңыз.

42. Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы адалдық сезімге қатысты өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз.

43. М.Мақатаевтың «Ару-ана» поэмасындағы Құрман ұмтылған бақыттың – бостандық екендігін дәлелдеп жазыңыз.

44. Ұлы Абайдың «Бірінші қарасөзі» мен «Масғұт» дастанынының арасындағы үндестікті тауып, талдап жазыңыз.

45. Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз.

46. Әркім «Бақыт» дегенді әр түрлі түсінеді. «Бақыт» деген не? Ойыңызды дәлелдермен негіздеп жазыңыз.

47. «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін...»

48. Астана – асыл мұраттар мекені (Астананың 20 жылдығына орай).

49. Табысты болу - адамның бәсекелестік қа­бі­летінің көрінісі.

50. Ұлттық болмысты сақтау - рухани жаңғырудың ең басты шарты.

 
12.03.2018 00:00