Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» повесіндегі Ұлпан образының қазақ қыздарына тән ұлттық мінез сипатын қазіргі қазақ қыздарының бойындағы мінез-құлық қасиеттерімен салыстыра талдаңыз.
Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» повесі көптің көңілінен шыққан туынды болып табылады. «Ұлпан» повесіндегі Ұлпанның қандай ерекшеліктері бар? Неге оны ұлттық символ ретінде қарастырады?
Ұлпан – аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен, қоғам қайраткері. Ұлпан ата-анасының тұңғышы мен жалғызы болғандықтан, өте еркін өсіп, еркекшора киінген. Оның сезім байлығы, адамгершілігі, адалдығы, моральдық тазалығы, ақылдылығы, зеректігі, зерделілігі, парасаттылығы, өткірлігі, өжеттігі келісті де көрікті бейнеленген. Сондай-ақ көркіне мінезі сай биязы да инабатты, сұлу да сымбатты. Ұлпан сөзге шешен, ақылыды да, батыл қыз болып өседі. Ұлпанның мінезі де ашық жарқын, ақкөңіл. Әрі өз ой пікірін ашық, нақты жеткізетін болған. Ұлпан – кең пейілді, адамгершілігі мол Сибан еліннің кедей – кепшігіне қол ұшын беретін әйел. Мен Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» бейнесін нағыз ұлттық болмыс деп тани аламын. Ал қазіргі қыздар екі топқа бөлінеді: тәрбиелі, сауатты қыздар және теріс жолға түскендер. Көпке топырақ шашпаймын, қазақтарда сұлу, байсалды, сабырлы, өнерлі, ибалы, инабатты, салмақты, ата-анасының тәрбиесімен өскен қыздар жетерлік. Және бойында «ұлттық болмысқа» тән ерекшеліктер сиреп, тәніне сурет салдырып, шашын алдырып, балағат сөздер айтатын қыздар да жоқ емес. Яғни «Ұлпан» мен арасы жер мен көктей қазіргі қыздардың бойында қыз балаға тән сұлулық, әйелге тән жылулық азайған. Оған себеп әйелдердің тойда, көпшілік орындарда жалаңбас, орамалсыз шығу қазақ әйеліне тән белгі емес-ті. Сондықтан менің ойымша, көпке топырақ шашпаймын, қазіргі заман қыздары «ұлттық болмыстан» алшақтап бара жатқандай.
Қорыта келе «жүз адам тұрған жерде, жүз түрлі пікір бар» - демекші менің пікірім осындай. Меніңше соғыстағы арпалыстар мен нәубеттерге қарамастан бала-шағасына азық іздеп, өмірдің қиыншылықтарына төтеп бере білген Ұлпанның бейнесін қазіргі қазақ қыздары қайталай алмайды.