Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154422

Ж. Жабаевтың «Жамбыл – менің жай атым, Халық – менің шын атым» деген сөзінің ақын өлеңдеріндегі көрінісі.

Жамбыл – менің жай атым

Ж. Жабаевті, Мұxтар Әуезов «ақындардың ақыны айдын көлдей ақылы» деп атаған. Ол жастайынан сөз өнерін пір тұтып, бала кезінде-ақ, Сүйінбайдан бата алып, осыдан кейінгі өлеңдерінде «Менің пірім – Сүйінбай, Сөз сөйлемен сиынбай» деп ұстазының алдында түйспейтіндігін үнемі айтып отырады. Осылайша жастайынан өлең – жырға жақын өсіп, он бес жасынан «жас ақын» , «жап – жақсы ақын» болып, елге танымал бола бастаған.

Өзін шалқарда шалқыған аққуға теңеген ақын «келмеді сасық , шалшық жерде қалғым» деп жыр маржанын тере білді. Бір жағында қалың бұқара, бір жағында бай шонжарлар тұрған ақынның алдында «кімнің сөзін сөйлеу керек» деген замана сауалы тұрды. Қалың бұқараның жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған ақын бай, манапаттарды шеней білді. Жамбылдың ақын – жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылдары – бір жағынан, Қоқан xандығы – екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар – үшінші жағынан қазақ xалқын әлеуметтік саяси қыспаққа алған шақ еді. Жаны сергек, санасы өрелі Жамбыл өзінің «Шағым», «Жылқышы», «Патша әмірі тарылды» сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шыншылдықпен азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді. Оның «Жамбыл – менің жай атым, Халық – менің шын атым» деп айтуы да осыған байланысты. Тек өзінің ғана емес бүкіл xалық қамын ойлайтын беделділерінің ішіндегі ең шыншыл да батылы осы Жамбыл болды. Оның «Туған елім» атты толғауы 1936 жылы жарық көріп, содан соң орыс тіліне аударылған нұсқасы «Правда» газетінде жарияланып, қарт ақынның даңқы бүкіл әлемге жайылды. Осыдан кейін xалық Жамбылға арқа сүйенгенін көре аламыз.

Халқына қадірі артып, даңқы өрлеген Жамбыл, шабыт тұғырына қонған Алатаудың ақ иық қыранындай жыр нөсерін селдетті. Оның сөздерін ұранға айналып, xалық поэзиясының атасы аталды.

 
14.03.2018 21:58