Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155303

Қашаған Күржіманұлы «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңіндегі байлықтар таласын өз көзқарасыңызбен дәлелдеп жазыңыз

Есқали сұпыға айтқаны

Қашаған елінің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған, тойымсыз бай мен бидің, қанағатсыз болыстың іс-әрекеттерін сынға алып, бетпердесін ашқан ақын. Қашағанның ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлерді дәріптейтін шығармалары бір биік болса, елде болған болыстар мен молдалардың орынсыз қылықтарын әшкере еткен өлеңдері ел арасында ұлы туындылар ретінде сақтап қалған. Сол жанрдағы өлеңдерінің бірі «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңі қаншама жыл өтсе де өз құндылығын жоймаған.

. «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңінде қара халықты аяусыз қинаған байлар мен болыстар, надан, дінбұзар молдаларды өз жырына арқау еткен. Аталған кездесу былай болған: Қашаған ақын мен Құрманғазы күйші қыстың бір суық күнінде Каспий теңізінің маңындағы ауылға түседі. Қашағанның ақын екенін билеушілер оны әдейі Есқали сұпының үйіне әшкерелеу мақсатында қонуға жібереді. Үйге кіргізбей, есік алдындағы қарға жыққан сопы келінін ақын былай деп тоқтатады: Ал, сенде ұят та жоқ, иба да жоқ,
Шамасы ұялтатын иман да жоқ,
Және де әдет те жоқ, ақыл да жоқ,
Өзің жаман болған соң жақын да жоқ.
Қонақты ренжітпей сыйла деген,
Үйреткен ата – енеінен нақыл да жоқ,-
деп қонақ қабылдамау ұятсыздық, әдепсіздік екенін айтып, қатты айыптайды. Ақын сөзін естіген Есқали сопы қонуға рұқсат бергенмен, жақтырмағанын білдіре, амандаспай намазға кіріседі. Онымен қоймай, домбыраның дыңылын ести салысымен Есқали сопы «шайтанның қу ағашы бұл үйге қайдан келді?»- деп жекіреді. Сопының надандығына ызаланған Қащаған:

Келе сала, сұпеке,
Домбырамды боқтадың.
Домбырамды боқтасаң,
Өзімды басқа соққаның.
Сұпылығың қай жақта,
Шын тентекке ұқсадың.
деп келе сала домбыраның ағаштан жасалғанын айта келе ағашының пайдаға асар тұстарын, оның ішінде діни саладағы қызметтерін тілге тиек етіп «Өзіңді халық сұпы дейді. Боқтағаның қай ағаш»,-деп Есқали сұпыға өз пікірін айтады Қолымдағы қу ағаш,
Сайрап отыр бұл ағаш.
Қолымдағы ағашым -
Алып жүрген домбыра,
Тартқан сайын даңғыра.
Домбыра күнә деген сөз,
Тек бір айтқан дабыра,-
Деп ағашты дәріптеу арқылы домбыраны кие тұтатын ел ұғымын паш етеді. Есқали сұпының ән – күйді «Шайтанның ісі» дегеніне тойтарыс беріп, домбыра өнерін қорған шығады.

Ақынның «Есқали сүпыға айтқаны» өлеңі әдебиетіміздің бір биік шоқтығы болып табылады. Онда ақын ағашты мадақтай отырып, домбыраны қастерлейтін халық мінезін жанамалап айтуды шебер қолданған.

 
05.01.2018 13:24