Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154154

Өз өміріңіздегі әжелерді М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз.

Әже.Әже-ата-ананың анасы, үйдің үлкені, мейрімі мол, құшағы кең, ақылы сара, өзі дана, немере мен шөберелердің сүйікті жаны. Десе де қазақ әдебиетінде әже жайлы өлең жазып,прозаға қосу ХХ ғасырда қолға алынды.Оған себеп – бірінен соң бірі жалғасқан тарихи әлеуметтік жағдай.

Әжелер өнегесі мен олардың тәлім-тәрбие ұрығын себуші , ұлттық салт-дәстүрлі кейінгі ұрпаққа аманаттаушы ретіндегі ешкім қайталай алмайтын бейнесі XVI-XVIII ғасырларда-ақ айқындаоып,ХХ ғасырдағы қазақ прозасында , поэзиясында анық көрініс табуына елеулі әсер етті. Ел тарихында бір рулы елге ана болып, ел бірлігін сақтап келген Домалақ ана, Абайдың әжесі Зере секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдаған. Әжелер туралы жазылған өлендер де көп. Әнге айналғандары қаншама ?! Мәселен, М.Мақатаевтың «Ақ қимешек көрінсе», Қ.Мырзалиевтың «Асыл әже», Ж.Нәжмеденовтың «Әжеме», Ербол Бейілхан «Әже», С.Жиенбаевтың «Таба нан», тағы басқа әже тақырыбығындағы өлеңдері.

М.Мақатаевтың «Ақ қимешек көрінсе», деген әже туралы өлеңіндегі әже туралы ойлар жоғарыдағы аты аталған туындылардағы әжелер бейнесімен байланысы қандай ? Аталмыш шығармалардағы әжелер- «Әлемдегі әженің бәрі бір ме»?! деп Мұқағали ақын айтқандай, таққа отырып ел басқармағанымен, ерінен бұрын сөз бастамағанымен, барлық тәрбиенің, барлық құндылықтың бастауында тұрады. Әжелер өнегесі – ұрпақтаң-ұрпаққа ұласып ,ғасырдан-ғасырға жалғасатын тәрбиенің таусылмас қайнар көзі болып саналады. Обал,сауып, ынсып, парыз, аманат, борыш қанағат секілді ұғымдар маңызының айқындалып , бала санасына терең сіңуіне әже ықпалы зор екендігі сөз болды. Өз жұртының дәстүрін күзеткен әжелерге деген сағыныш, ерекше құрмет анық байқалды. Көнеден жаңаға бет алған әжелер образы қазақ халқының салт – дәстүрімен , тәлім-тәрбисімен тығыз байланысты. Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде әженің орны, әженің рөлі айтарлықтай.

 
29.08.2017 16:21