Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154279

Сал-серілердің тағдырына әсер еткен әлеуметтік мәселелерді талдап жазыңыз.

Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің алтын қорына өз туындыларын қалдырған әрі ақын,әрі сазгер-сал-серілер тобы.Елдің еркесі ен өнердің серкесі болған сал мен сері кім еді?Олардың қалдырған туындыларының өзектілігі мен өміршеңдігі неде?Бұл сауалдарға жауап ала отырып,сал-серілер шығармашылығы тікелей өз шығармашылығымен байланысты екендігін көреміз.Олардың мұраларының өміршеңдігі осында жатыр деп ойлаймын.

Сал-серілер- айналасына өнер шамын жағып жүрсе де,өздері өмір сүрген ортада әділетсіздікті ең көп көрген адамдар.Біріншіден,сал-серілердің тағдырына әсер еткен ел ішіндегі күштілердің жасаған қиянаттары деп ойлаймын.Мысалы,күллі қазақ жұртына атағы жайылған Ақан серінің өмірінің трагедиямен өткенін бәріміз білеміз.Ақан серінің өмірінің соңында елден оқшауланып,жеке өмір сүруіне не себеп болды?Бұған сол кездегі ел ішіндегі күштілердің жасаған зұлымдығы кіәлі еді. «Қас қылған жануарым Құлагерге,Жауызға бар тілегім өлең берсін...»деп жырлауының мәнісі осында жатыр.Мұсаны жаяу аттандырған,Біржанға қамшы тигізге,аяқ-қолын шынжырлатқан да сол замандағы әділетсіздіктің көрінісін байқатады.Жаяу Мұсаның «Жаныма батқандықтан ашынамын,Мен неге жаяумын деп басыламын», - деуі зорлық-зомбылыққа қарсы өмшіл үнін көрсетпеуі емес пе?

Сал-серілердің тағдырына әсер еткен екінші бір әлеуметтік мәселенің бірі-олардың көбінің қуғын-сүргінге ұшырауы.Бүкіл қазақ даласын шарпыған дүрбелең сал-серілер тағдырына да әсер етеді.Мысалы,атақты арындаған әнші Әсет сол дүрбелеңнің кесірінен Қытай жеріне көшуге мәжбүр болады.Ақын: «Жылап жүріп осы күнде елсағынып...»деген жолдардан шалғайда жүрген бүкіл қандастары атынан сөйлейді.Атақты Сегіз серінің «Қашқын келбеті» өлеңінің тууы да тікелей,қуғын-сүргінге байланысты.Патшаға қызмет етуден бас тартқан өнер иесі өмірін қашқындықпен өткізеді.Өзінің өлеңінде: «Қазақты патша ағзам сатпақ болды,Исатай,Махамбетті атпақ болды»,деп Шомбал биге жауап беруі ел ішіндегі келеңсіз әлеуметтік жағдайға қарсы үн көтеруі еді.

Ойымды қорытындылай келе,сал-секрілер тағдырына әсер еткен әлеуметтік мәселелер көп екеніне көзіміз жетеді. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» деп дана халқымыз айтқандай,дер кезінде сол асылдарымызды бағалай алшмағанымызға жаным ауырады.Десе де,ақындарымыз өздерінің қиянатқа ұшыраған тағдырларына қарсы тұрып,артқы ұрпаққа өшпес мұраларын қалдыра білді.Олардың мұралары ғасырдан-ғасырға жалғасып,жасай береді деп ойлаймын.

 
29.08.2017 16:21