Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

15556

Астана – Тәуелсіздіктің жемісі. Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз.

Астана – Тәуелсіздіктің жемісі. Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз.

Астана – халықтың санасын жаңғыртқан жасампаз қала.Ел Тәуелсіздігінен кейінгі астананы ауыстыру бас қаланы қайта жаңғыртуды ғана емес,ең алдымен,қазақтың өз таңдауы өз қолында екендігін көрсетті.Сөйтіп,Тәуелсіздіктің үшінші жылында Президент Н.Ә.Назарбаевтың астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы идеясы алғаш рет жарияланды.Кейінен Қараөткел мен Нұра бойындағы Ақмолаға тәуелсіз мемлекеттің жаңа Астанасы келіп орнықты.

Астана Алматыдан Ақмолаға неге көшірілді? Оған себеп Ақмоланың еліміздің кіндігінде геосаяси тұрғыдан тиімді орналасуы болды. Міне, содан бері біршама жылды артқа тастап Астанамыз әлем елдеріне танымал бола бастады.

Менің ойымша, Астананың қазіргі деңгейге жеткені – тәуелсіздіктің жемісінің көрінісі.Тәуелсіздік жылдарында Астана Елордасы болып қалыптасуда қандай жолдардан өтті? Осы жолдарда қолдаушы және қозғаушы күші қалай көрінді? Осы сұрақтарға жауап бере отырып, Астананың тәуелсіздіктің жемісі екендігін дәлелдейін.

Біріншіден, Астананың әлемдік аренаға шығуына Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қосқан үлесі зор.Себебі, Елбасының қолдауымен Астанада халықаралық маңызы бар түрлі форумдар мен шаралар өтті.Атап айтсақ, 2010 жылы Саммиттің өтуі, жетінші Қысқы Азияданың өтуі, «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференцияның өтуі – осының айғағы. Биылғы жылғы өткізілгейі отырған ЭКСПО халықаралық көрмесінің Астана қаласында өтуі бас қаламыздың жемісінің бір көрінісі емес пе? Осындай әлемдік деңгейдегі шаралардың Астанамызда өткізілуі Астананың мәртбесін биіктете түседі.Тәуелсіз қазақ елінің бірлігін, ынтымақтастығын көрсетеді.

Астана қаласының Тәуелсіздіктің жемісі екендігін айқындайтын дәлелдің бірі әлемдік деңгейдегі сәулет кешендерінің бой көтеруінде деп ойлаймын.Бір ғана қазақ халқын емес, шет елдік азаматтарды да таң қалдырған «Бәйтерек пен «Пирамида» сияқты ұлттық рухты насихаттайтын кешендердің әдемілігі әлем елдеріне танымал болды.Сонымен қатар, Астанамыздың 1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен «Әлем қаласы» атануы, 2012 жылы ТМД елдерінің «Мәдени Астанасы» құрметіне ие болуы- Астана қаласының басты игіліктерінің бірі.Астана қаласының осындайлық аз жыл ішінде жоғары деңгейде дамуы, әрине, Елбасы мен тәуелсіз қазақ елінің арқасында деп ойлаймын.

Ойымды қорытындылай келе, Астана – Тәуелсіздіктің жемісі екендігіне толықтай қосыламын.Жоғарыдағы дәлелдер жас қала Астананың бірнеше жыл ішінде халықаралық деңгейге көтерілгенін көрсетеді.Тәуелсіздіктің өзі не бір «тар жол тайғақтардан» өткені сияқты, Астана қаласы қалыптасу жолында да өзіндік қиыншылықтардан өтті.Десе де, Елбасы мен халық бірлесе отырып, кедергілер мен қиындықтарды жеңе білдік.Соның нәтижесінде бүгінгі күні Есіліміздің бойында еңсесін тік ұстап Астанамыз биік тұр.Жайнай бер, Мәңгілік елдің Мәңгілік қаласы!
 
26.04.2017 17:10