Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Покупаем эссе, сочинения, рефераты и т.д за: 200, 300..500 тг     >> Узнать подробности...

Банк рефератов KZ

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ


154303

Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы қазақ қызының өсу жолының ұлы намыс жолы екендігін дәлелдеп жаз.

Ы.Алтынсариннің Дала қоңырауы екендігін дәлелдеп жазыңыз (300 сөз)

«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді қапысыз айтқан қайран бабамның бар арманы – шамшырағы, маңдайына біткен жұлдызы қызының арын сақтап, намысын таптатпағанын көру десем артық айтпаған болар едім. Сол арманына жету үшін қызын қырық үйден тыйып, бауыр еті баласының бойына тәрбиенің асыл дәнін дарытып, көзінен таса қылмаған. Қызының болашақта намысшыл, кербез, келбетті, ұяң, қайсар, ақылды да ор рухты болуына бар күш жігерін салған. Себебі, қыз-ұлттың айнасы. Сондай ата-ананың тәрбиесін көрген қыздардың бірі ретінде Ақбілек келбеті – намысшыл, қайсар қазақ қызының келбетін көрсете ме?

Мен Ақбілекті сонау сум заманның, (патша үкіметінің озбыр саясатының азуының) надан халықтың құрбаны ретінде таныймын. Бірақ ол қанша қиындық көрсе де ешқашан салын суға кетірмеді. «Жаратқан иемнің маңдайыма жазғаны осы болса көнемін», - деп қолым қаусырып қарап отырмай қанша құласа да ұшуға талпынған балапандай жігерін құм қылмады.

Ол қара мұрттың күштеуімен оған тұрмысқа шығып, жүрегі қаламаса да ерім деп сылаған азаматтың құрсақтағы сәбимен өзін тастап кеткенінен кейін, қорған болар пана іздеп ата-анасын (барады) (қайын) өз жұртына барады. Ауыл адамдары оған саусақ шошайта күліп, артынан өсек таратқанын көріп, оларға налыйды. Менің жүрегіме батқаны: жұрт-жұрт қой, дәл осы кезде құлынының қыймналғанын көре тұра, өз баласын өзінен тепкен ата-ананың қылығын көрген Ақбілектің халі еді. Себебі қорғаным деп жүрген адамнан қолдау көрмеу – кеудеңдегі жүрекке шоқ басқанмен тең. Бұл дүниеде одан асқан ауыр азап бар ма? Ал Ақбілек өмірдің сондай соқпағына душар болды. Бірақ, ол өзінің бойындағы өр рухты өшірмеді, керісінше өсірген үстіне үстіне өсіре берді. Бұл өмірдің тұрғанымен сынақ екенің еш ұмытпады. Мен бұл жерде Ақбілектің қайсарлығын көре алдым. Қайсарлық қана емес – ау, намысшылдығы да таңба басқандай белгілі.

Ақбілектің бойында өшпей беріспей рух бар. Себебі ол – қазақ қызы. Менің ойымша оның өміріндегі қиындықтар мына бес күндік фәнидегі өз орныңды адаспай табуға апарар соқтықпалы жолы, баспалдағы секілді. Менің бұл сөзіме оның қалаға кетіп, білімсіздің күш қараңғы екенін түсініп оқу оқығаны, одан кейін жігерін жиып, жаңа ғұмырдың, кірпішін қалағаны дәлелі болмақ.

Қорытындылай келеАқбілек – қазақ қызына үлгі болар тұлға. Оның бойындағы қасиеттер әр қазаққа керек. Оның ғұмырымен танысқан адам мақсатқа біліммен жете алатынын, жасықтың, қорқақтың ғұмыры ешқашан жарық болмайтынын түсінеді.
Вложения:
ФайлРазмер файла
Скачать этот файл (akbilek.zip)Ж.Аймауытовтың «Ақбілек»13 Kb
 
12.04.2017 20:54