Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Покупаем эссе, сочинения, рефераты и т.д за: 200, 300..500 тг     >> Узнать подробности...

Банк рефератов KZ

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ


154372

Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беру жүйесі, оны халықаралық стандартына сәйкестендыру (Курстық жұмыс)

КІРІСПЕ
1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ
1.1 ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК  ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ ОРТА БІЛІМ  БЕРУ СТАНДАРТЫ
2.1 Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті жаңа стандарты 12
2.2 Орта білім беру жүйесінің негізгі білім беру деңгейі
2.3 Орта білім беру жүйесінің жалпы білім беру деңгейі
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ  ЖҮЙЕСІ
3.1 Техникалық және кәсіптік білім берудің даму болашағы
3.2 Кәсіптік және техникалық білім беру оқу орындарына қабылдау
4 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖОО БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ
5 ОҚУ ОРЫНДАРЫНА СМЖ ЕНГІЗУ. МАҚСАТЫ. МІНДЕТІ. ҚҰРЫЛЫМЫ
5.1 ИСО 9001-2015 стандарты
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ

Мазмұны:

КІРІСПЕ

Жалпы білімнің жүйесі - қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп отырады. Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі.

Бүгінгі жаңа қоғамда мұғалімнің ішкі жан дүниесі де жаңаша, демек болашақ ұрпақтан үлкен үміт күтілуде.

«Ойдағыдай тәрбиелеудің сыры оқушыға деген құрмет сезімде жатыр»деп Р.Эмерсон өзінше баға бере білген. Мектептегі басты тұлға ұстаз десек, білім саясаты ең алдымен ұстаздар қауымы арқылы жүзеге асырылады. Ал біздің келешектегі мақсатымыз – рухани жан дүниесі бай, жан-жақты жарасымды дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

Білім ордасы - жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру, бірнеше ғасырлар бойы жиналып сақталған мұраларын келешек ұрпақ игілігіне жеткізе алатын мәдени ошақтар, ұлттық тәлім - тәрбие орталығына айналмақ. Ұлттық мектеп тағдыры қай қилы заман да да, қай ұлттың болсын көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды азаматтарын толғандырып келген ең өзекті мәселелердің біріне саналды.

Қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлемдік білім кеңестігіне ену табалдырығында. Өмір ағымына қарай білім беру жүйесінің моделі күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Сондықтан заман талабына сай жаңа мазмұнда білі беруді ұйымдастыру 12 жылдық  оқытуға  көшумен тікелей байланысты.

Ондағы өзекті мәселе әлемдік білім кеңестігіне шығудағы Қазақстанның жаңа ұлттық білім моделін қалыптастырудың тиімді жолын анықтауында. Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелетін міндет өте ауыр» деген болатын. Осы ғылым мен білімнің негізін тереңдету нәтижесінде ғана еліміз өзінің елдігін басқа елдер алдында көрсете алады. Ал ел тағдыры оның келешекте кемелді ел болуы мектептің қандай негізде құрылуына байланысты болмақ.

«Біздің стратегиялық міндетіміз - бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу» деп елбасшымыз әңгіменің басын ашып айтқаны бар 12 жылдық білім берудің негізігі мақсаты еліміздегі білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын толықтай өзгерте отырып, заманына сай мектеп құру. Олардың білімді де, білікті, парасат пайымы мол, саналы да сарабдал азамат боп жетілуі тәлім мен тәрбие беретін мұғалімге тікелей байланысты. Мұғалімге артылатын сенім жүгі соншалық ауыр дей отыра, сонымен қатар оның ұлағатты ұлы жол екенін естен шығарып алмаған жөн. Демек, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Өз ойымнан түйгеннің бір шеті мынада жатыр.Жаңа көз - қарастағы мұғалім - рухани байлығы мол, өз ісінің шеберіне айналу және жаңашылдыққа талпынатын шығармашыл тұлға болуы керек. Әрине, өз мүмкіндіктерінее баға беретін әлемдегі білім беру кеңестігінің даму бағытын, болып жатқан әртүрлі интеграциялық процестерде бағдарлай алатын деңгейін естен шығармаған жөн.

Қазақстан республикасында жалпы орта білімнің қазіргі жай-күймен әлемдік білім кеңестігінің дамуындағы бетбұрыстарға 12 жылдық жүйеге көшудің талаптарын түсініп игеру жолы тағы бар. Біздің ойымыздың түп төркіні бүгінгі күні 12 жылдық білім беру мазмұнында жатыр.

Жаһандану үрдісі басым болғандықтан ба, батыстық өркениетке еліктеуі күшейіп келе жатқандықтан ба, қазіргі кезеңде білім саласындағы әр адамның көкірегінде қазақтың жарық жұлдызына айналған Мағжан Жұмабаевтың мына бір сөзіне құлақ асу абзал-ақ: «Қазақтың тағдыры да, келешек ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі». Келешекте ақынның сөзі алдыңғы буын өкілдерінің жолбасшысы болары анық.

Бүгінгі күнде жалпы орта білім беретін мектеп - жаңа қоғам мектебі,яғни болашақ мектебі. Халықтық мәдениетке интеграцияланған, баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын, рухани жағынан таза, дүниеге тік қарайтын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып жетілдіретін мектеп болуға тиіс. Елге танымал аты шулы ғұламалардың бірі Әл-Фараби былай деген екен: «Тәрбиесіз қолға білім салма» деген бағдарлы ойын тек қана ескеріп қана қоймай, педагогиканың діңгегіне, мектеп жұмысының тірегіне айналдыру баршамыздың міндетімізге айналуы тиіс. Менің ойымша білім беруді тәрбиеге негіздеудің екі қанаты бар. Олар білімді ұлттық құндылықтар мен өркениетке негіздеу. Шәкіртті өз күш-жігерін пайдалануға баулу. Бұл екеуі құстың қос қанатындай, бірінсіз бірі шәкіртті самғау биікке көтере алмайды.

Ендеше сапалы білім беретін мектеп бүгінгі күнде өзіндік мектеп реформасын қажет етпек. Сондықтан да мектеп реформасын тек мектептің басқару жүйесі мен оқыту процессін ғана қамтып қомай, сол мектептің бала оқытатын мұғалімдері жаңа бағытқа қарай кәсіби шеберлігін күнделікті ұштауын талап ету жағы тағы бар.

Бүгінгі күнде мектептің жаңа реформалық жүйесі 12 жылдық білім беру турасында әрбір өзін кәсіби деңгейі жетілген деп есептейтін кез келген мұғалім, білім беру қызметкері бұл жүйенің қыр-сырын түгел меңгермей, бала дамуының мәселелерін түгелімен меңгере алмайды. Сондықтан да, білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Сіздің білім беруге қосар құнды үлесіңіз - ұнамды қатынас болмақ. Ендеше қазіргі заман мұғалімі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметінің барлық келеңді- келеңсіз жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез- келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын мұғалім болуы керек.

1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ

Қазақстандағы білім беру саласын жетілдіру бойынша Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында түбегейлі жаңа мақсаттар қойылып, білім саласы жеке жетілдіру бағыты ретінде көрсетілген [1].

Өйткені, білім - ұлттың бәсекеге қабілеттігін арттырудың басты құралы болып табылады.

Сонымен қатар, халықаралық тәжірибе «өмір бойы білім алу» қағидасы негізінде ерте балалық шақтан ересек жасқа дейін адами капиталға, атап айтқанда, білім беруге бөлінетін инвестицияның экономика мен қоғамға елеулі қайтарымы болатынын дәлелдеп отыр.

Білім беру саласын жетілдіру бойынша 2011 жылы білім саласын дамытудың заңнамалық әрі идеологиялық негізі қаланған болса, 2012 жылы білім және ғылым саласында көптеген жаңартулар болды. Бірқатар маңызды жетістіктерге қол жеткізілді. 40-тан астам түбегейлі жаңа базалық механизмдердің көпшілігі тәжірибеге енгізілді. Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінде «Балапан» бағдарламасының арқасында балаларды қамту 2011 жылдан екі есе өсіп, 71,5%-ға жетті. Екі жыл ішінде бұл көрсеткіш бойынша дамыған елдердің деңгейіне жақындаймыз (80% жуық). Мемлекеттік - жеке әріптестік, жан басына қаржыландыру механизмдері іске қосылды [2].

Елбасы тапсырмасына сәйкес «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру 2020 жылға дейін жалғасатын болады. Бұл міндет жергілікті және орталық органдармен өзара тығыз әріптестікке тікелей байланысты болмақ.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру - он екі жылдыққа көшу және кәсіби міндеттерді өздігінен, шығармашылықпен шеше алатын, қызметтің жеке және қоғамдық мәнін түсінетін және оның нәтижесіне жауапты қарайтын құзырлы, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім берудің тиімді жүйесін құруды көздейді.

Жоғарыда аталған іс-шараларға еліміздегі білім беру саласын дамытуда мемлекет тарапынан зор қолдаулар табылып, реттеліп жатыр. Сондай-ақ, қазіргі таңда білім берудің жаңа үлгісін ендіру тұлғаны дамыту үдерісі ретінде тәрбиеге баса назар аударылуда. Соған байланысты мұғалім мен оқушының тұлғалық-бағдарлы өзара қарым-қатынасы маңызды орын алып отыр. Мұнда тұлғаны рухани тәрбиелеуге, адамның адамгершілік жағынан келбетінің қалыптасуына ерекше мән беріледі. Сондай-ақ, білім беру факторларының: мектеп, отбасы, әлеуметтік ортаның кірігуі көзделеді.

Еліміздегі білім беру жүйесін жетілдірудің басты мақсаты - еліміздегі білімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылып, шешімі табылады деп ойлаймыз:

-оқу процесіне заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізу;

-«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тәжірибесін қазақстандық білім беру жүйесіне тарату;

-педагогикалық кадрлардың кәсіби дайындық деңгейін арттыру;

-педагогикалық базалық білім беру стандарттарын, мектеп мұғалімдері мен ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыру талаптарын жаңарту;

-мектепке дейінгі тәрбиенің жаңа сапасына көшу. Қазіргі кезде әлемде мектепке дейінгі тәрбие мектепке дейінгі білім беруге ауысуда. Балаларды ерте жастан оқытуға көшу жүзеге асуда;

-кадрлар даярлауды экономика қажеттілігіне сәйкес келтіру;

-білім саласына әлемнің үздік жетістіктерін енгізу;

-Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін дамыту;

Білім беруді жаңарту оқушылардың білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда, функционалдық сауаттылығын немесе құзыреттілігін қалыптастырады.

Елбасының тапсырмасы бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың ұлттық жоспары әзірленіп, бекітілді. Қазіргі заман талабы – көптілді оқыту және көптілді меңгерген маман дайындау. Бұл бағыт бойынша жұмыстар басталып, жүргізілуде. Қазақ тілі - ұлтымыздың рухы, рухани байлығы.Тіліміздің дамуы, қоғамдағы орнын нығайту және қалпына келтіру жолында білім саласының жауапкершілігі ерекше. Қазақ тілі барлық мектептерде оқытылады. Оқушылардың 60%-дан астамы қазақ тілінде білім алады. Мұндағы басты мақсат - барлық бітірушілердің қазақ тілін жақсы меңгеріп шығуы. 2013 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 1-сыныптан ағылшын тілін оқыту енгізіледі [3].

2012 жылы жоғары оқу орындарында тиісті пән педагогтері мен мамандарын даярлау басталды. Президент тапсырмаларын орындау мақсатында бүгінгі білім берудің барлық деңгейлерінде көптілді оқытуды дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы әзірленуде.

Қазіргі таңда білім беру саласын жетілдіру мақсатында «E-learning» электронды оқытуды дамыту жобасына 600-ге жуық мектеп қосылды. 2020 жылы мектептердің 90%-ын қамтитын болады. Алайда, мұндай оқудың тез дамитынын ескеру керек [4].

Осы жағдайларды ескеріп, әлемдік трендтерді үнемі қадағалап, уақытылы түзетулер енгізіп, заманға сай жаңа білім беру жүйесіне келуіміз қажет.

Білім беруді жетілдіру - қазіргі кездегі оқу-тәрбие процесін оқушылардың патриотизмін, мораль және адамгершілік нормаларын, ұлтаралық келісім мен төзімділігін, физикалық және рухани дамуын, заңды құрметтеуін қалыптастыруына бағыттайды. Бұл құндылықтар қазіргі тәрбие жұмысының негізі болуы тиіс. Осыған орай, Министрліктің жанынан ашылған «Жастар ісі комитеті» жұмысының бағыты айқындалып, 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында «Мемлекеттік Жастар саясаты туралы» Заң жобасын әзірленуде. Негізгі бөлімдерде аталған барлық атқарылып жатқан шаралардың ұтымды іске асырылу елеміздің білім беру саласының дамып, бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылуда жемісін берері мол.

1.1 ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазіргі заманауи жағдайларда стратегиялық ресурс адами капитал болып табылатын еңбек өнімділігі экономикалық гүлдену мен бәсекеге қабілеттіліктің ұзақ мерзімді негізіне айналуы тиіс.

Сауатты адамдарсыз заманауи инфрақұрылымды дамыту, тиімді мемлекеттік аппаратты құру, қолайлы бизнес климатты қамтамасыз ету мүмкін емес.

Саяси ерік пен мемлекеттің жан-жақты қолдауының болуы осы реформаларды жүргізу негізі болып табылады.

Бағдарлама екі кезеңде іске асырылады: 2011 - 2015 жылдар мен 2016-2020 жылдар.Бағдарламаны іске асырудың бірінші кезеңінде (2011 – 2015 жылдар) жекелеген бағыттар бойынша білім беруді дамытудың модельдерін әзірлеумен, оларды сынақтан өткізумен, сондай-ақ ауқымды қайта құрулар мен сынақтардың басталуымен байланысты жұмыстарды жүргізу көзделген.

Екінші кезеңде (2016 – 2020 жылдар) құрал-жабдықтарды сатып алуды, инвестицияларды (білім берудің материалдық инфрақұрылымын жаңарту және өзге көршығынды жұмыстар) көздейтін іс-шараларды жүзеге асыруға, сондай-ақ Бағдарламаның білім беру жүйесін дамыту міндеттерін шешуге бағытталған іс-шараларын әдістемелік, кадрлық, ақпараттық қамтамасыз етуге басымдық беріледі, алдыңғы кезеңдерде алынған нәтижелерді енгізуге және таратуға бағытталған іс-шараларды іске асыру қарастырылған.

Әрбір кезеңде жылдар бойынша Бағдарламаның іске асырылуын және бағдарламалық іс-шаралардың білім беру жүйесінің жай-күйіне әсерін сипаттайтын көрсеткіштерді өзгерту жоспарланған.

Күтілетін нәтижелер:

2015 жылға дейін өтпелі кезең аяқталып, Қазақстанның білім беру жүйесі құрылымы, мазмұны, басқару тетіктері мен қаржыландыру дамыған елдер моделіне сәйкес келетін болады.

Білім беру жүйесінің дамуы бойынша Қазақстан ТМД елдері арасынан басым шептерге ие болады.

2020 жылға дейін білім беру жүйесі жоғары білім сапасы мен халықаралық индикаторлармен расталған адами капиталдың даму деңгейі түрінде нәтиже беретін болады.

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 2020 жылға дейін мынадай әлеуметтік-экономикалық тиімділіктер қамтамасыз етіледі:

1.Адами капитал сапасы мен еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігінің артуына байланысты туындаған мемлекет экономикасының тиімділігінің және бәсекеге қабілеттілігінің артуы.

2.Білімдерді жобалау, құру және реконструкциялаудың жаңа ұстанымдарын есепке ала отырып, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту. Білім берудің ескірген және апатты нысандарын жою. Білім берудің технологиялық және әлеуметтік инфрақұрылымын жаңарту (асханалар мен спортзалдарды, автопарктерді, компьютерлік техниканы және т.б. Жаңарту).

3.Бюджет құралдарын пайдаланудың тиімділігін арттыру.

4.Білім беру саласының қолжетімділігін, ашықтылығын, сапасын арттыру, корпоративтік басқару ұстанымдарын енгізу.

5.Жаңа қаржы-экономикалық тетіктерін енгізу, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын нормативтік-жанбасылық ұстанымдар негізінде, біліктілік арттыру жүйесін ваучерлік негізде қаржыландыру.

6.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың вариативтік түрлерін енгізу, балалардың мектепке білім алуға деген жоарғы дайындылығын қалыптастыру, олардың ерте позитивтік әлеуметтенуін қамтамасыз ету.

7.Бейіндік оқыту ұстанымдарына негізделген «Бейіндік мектеп» жоғарғы мектебінің моделін, оның ішінде оқушылардың жеке оқу траекториясын пайдалана отырып құру.

8.Оқушылардың барлық әлемдік білім берудегі ақпараттық ресурстарына оn-line қолжетімділігін қамтамасыз ету.

9.Білім беру сапасын бағалаудың облыстық жүйесін енгізу.

10.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектерге арналған мектептік және кәсіптік білім берудің тиісті деңгейін қамтамасыз ететін «инклюзивті» оқыту жүйесін құру.

11.Жаңа фармациядағы мұғалімдердің қажетті санда және тиісті біліктілікте қалыптастыру. Білім беру қызметкерлері еңбегінің экономикалық және әлеуметтік ынталандыру жүйесін, елдегі орташа жалақы деңгейіне шығатын және жұмыс сапасын ынталандыратын оқытушылар жалақысының икемді жүйесін басымды енгізу.

12.Ішкі нарықтағы білім берудің салыстырмалы үлесін арттыру, елдің білім беру жүйесінің білім беру қызметтерін экспорттаудағы көлемі мен құрылымын ұлғайту.

13.Еңбек нарыының сұраныстарына сәйкес келетін, азаматтардың кәсіби, қызмет жолдында және жеке өсуіне ықпал ететін үздіксіз кәсіптік білім берудің икемді жүйесін қалыптастыру.

14.Білім берудегі мемлекеттік-жеке әріптестікті енгізу.

15.Кәсіптік білім беру бағдарламаларының санын, сондай-ақ халықаралық аккредиттеуден өткен ЖОО-ның санын ұлғайту.

2  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК  ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ ОРТА БІЛІМ  БЕРУ СТАНДАРТЫ

Орта білім беру елдің тұтас үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны ретінде жұмыс істейді. Балалардың орта білім алуға деген құқығы жалпы білім беретін мектептердің желісімен қамтамасыз етіледі. Оқытудың ерекше жағдайлары бойынша мектептер, мектеп-интернаттар, дарынды балаларға арналған мектептер, даму және оқу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектептер және т.с.с. болып бӛлінеді. Мектептен тыс мекемелер балаларға қосымша білім беру мен тәрбиелеуді қамтамасыз ете отырып, орта білім беру жүйесіне енеді.

Орта білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Міндеттері:

-азаматтыққа, адамның құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға, елжандылыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу;

-білім сапасын түпкілікті бағалаудың субъективтік факторларының әсерін азайту;

-оқушылардың сапалы білім алуға, функционалдық сауаттылыққа, ал мұғалімдердің біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін ұдайы арттыруға деген уәждемелерін арттыру;

-білім алушылардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін кәсіптік дағдылар алуына жағдай жасау;

-денсаулық сақтайтын және ақпараттық технологияларды енгізу;

-даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға жағдай жасау.

Орта білім орта білім беру ұйымдарында  үш деңгейде кезеңмен игеріледі.

Білім беру деңгейлері білім алушылардың өсу кезеңдерін, өзіндік мүмкіндіктерінің кеңеюін және жеке даму мүмкіндіктерін қолдануға жауапкершілігінің артуын көрсетеді.

Бірінші деңгей – бастауыш білім беру. Нормативтік оқу мерзімі - 4 жыл  (1-4 сыныптар). Оқытуды бастаудың ұсынылатын жасы - 6 жас.

Екінші деңгей – негізгі орта білім беру. Нормативтік оқу мерзімі -6 жыл (5-10  сыныптар).

Үшінші деңгей - жалпы орта білім беру.Нормативтік оқу мерзімі-2 жыл (11-12 сыныптар).

Бастауыш білім беру деңгейінде білім берушілер мен білім алушылар арасында адам, табиғат, қоғам туралы алғашқы  ұғымдар арқылы  білім алушыға қоршаған ортаны түсінуге, ұғынуға, оны қабылдауға мүмкіндік беретін   қолайлы педагогикалық орта құрылады; білім алушылар білім алу тәсілдерін  игереді.

Білім берудің бастауыш деңгейінде оқыту:

- оқуға ынталандыруды;

- қоршаған әлем туралы алғашқы түсінікті;

- мектепке және өзіне позитивті қатынасты;

- білім алу қабілеттерін (тіл дамыту, қарапайым есептеу және т.б.);

- қарапайым әлеуметтік дағдыларды  қалыптастыратын  мектепке дейінгі даярлық жүйесі арқылы  қамтамасыз етіледі.

Негізгі білім беру деңгейінде білім алушылардың бағдаралды даярлық  негіздері құрылып, жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық дүниетанымы қалыптастырылады, білім алушылардың қоғамдық ортаға әлеуметтік-психологиялық бейімделуі, бейінді оқу бағыттарын таңдауы бойынша тұлғалық мүмкіндіктерін  қалыптастыру жүзеге асырылады.

Негізгі білім беру деңгейінің білім беру мазмұны  аяқталған және жалпы орта білім беру деңгейінде білім алуды жалғастыру үшін  базалық болып табылады.

Жалпы орта білім беру деңгейінде білім мазмұнының кіріктірілуі мен саралануы негізінде жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық және технологиялық бағыттар шеңберінде  бағдарлы оқытуды ұйымдастару арқылы білім алушыларға кәсіби бағдар беру қамтамасыз етіледі.

Білім алушыларға болашақ  мамандықтары мен қабілеттеріне және қызығушылығына сәйкес оқытудың әдісі мен нысанын  және деңгейін, жеке шығармашылық бағдарламаларды таңдап алу  құқығы берілген.

Жалпы орта білім беру деңгейін бітіруші өзіне келесі білім беру деңгейі үшін қажетті әлем, қоғам және адам туралы жүйеленген түсініктерді, сонымен қатар  коммуникативтік және танымдық іс-әрекет түрлерін меңгереді. Бейінді оқытудың таңдап алынған бағыты шеңберінде меңгерген пәндік білімі мен құзыреттері білім алушылардың әлеуметтік және кәсіби өзіндік анықталуына негіз болады [ А қосымша].

2.1 Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті жаңа стандарты

Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті жаңа стандарты келесі жалпы принциптерді ескере отырып жасалған:

- оқыту мен тәрбиелеудің ұштастығы;

- ұлттық және адамзатқа ортақ құндылықтарды ескеру;

- білім берудің тұлғаны қалыптастыруға, оның рухани-адамгершілігі және зияткерлік дамуын қамтамасыз етуге бағдарлануы;

- білім берудің оқу нәтижелеріне жетуге бағдарлануы;

- оқушылардың оқу қызметінің жемістілігін бағалаудың айқын және әділетті жүйесін қалыптастыру;

- білім берудің барлық деңгейлеріндегі білім беру бағдарламаларының      сабақтастығын қамтамасыз ету;

- барлық оқушылар үшін қолайлы оқу ортасын құру;

- қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім беру үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті жағдайларды жасау жолымен үштілді білім беру саясатын іске асыруға бағдарлану.

Бастауыш мектептің жалпы білім беру жүйесінде айрықша маңызға ие екені баршаға мәлім, өйткені, тұлғаның біртұтас дамуының, оның әлеуметтенуінің, ақыл-парасаты мен жалпы мәдениеті қалыптасуының негіздері дәл осы бастауыш мектепте қаланады. Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті жаңа стандартының басты міндеті - бастауыш мектепке қойылатын әлемдік қауымдастықтың реалияларына сәйкес келетін талаптарды белгілеу арқылы бастауыш білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету.

Білім берудің барлық деңгейлерінің стандарттарын дүркін-дүркін жаңартып отыру фактісі өз бетімен табиғи құбылыс болып табылады, өйткені білім беру стандарттары қоғамның үздіксіз өзгеріп отыратын тіршілік ету жағдайлары мен жай-күйіне сәйкес келуі тиіс. Бұл стандарттың жаңа моделінің құрылымы «Мектепте нені оқыту керек?» деген дәстүрлі сұрақтың орнына «Мектепте не үшін оқу керек?» сұрағының мәнмәтінінде өріс алатынын білдіреді. Мұндай тәсіл стандартты жасаудың жаңа тәртібінің пайда болуына себепші болды:

- мектептегі білім беруге арналған құндылықтарды және солардың негізінде бастауыш мектеп түлегінің білімқұмар, қоршаған ортаны белсенді түрде танитын, оқу қызметінің дағдыларын меңгерген, отбасы мен қоғам құндылықтарын құрметтейтін, өз елі мен өз өлкесін сүйетін, коммуникативтік және тілдік дағдыларға ие адам ретіндегі «портретін» анықтау;

- әр білім беру саласы бойынша оқу пәндері мен білім беру нәтижелерінің тізімін белгілеу;

- екі тәсілді: оқушыларды академиялық даярлау мен оқу, жобалау және зерттеу қызметін үйлестірудің негізінде олардың дербестігін дамыту тәсілдерін біріктірудің негізінде белгіленген бастауыш білім берудің базалық мазмұнын белгілеу;

- оқу нәтижелерін бағалаудың оқушылардың оқудағы жетістіктерін нақты белгіленген, ұжым болып жасалған, оқу үдерісінің қатысушыларына бұрыннан белгілі болған, білім берудің мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін критерийлермен салыстыруға негізделген жүйесін белгілеу;

- оқыту мен тәрбиелеудің тұтастығы принципі іске асырылатын білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктерін нақтылау;

- білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасына қойылатын талаптарды белгілеу.

Жаңа білім беру стандартының маңызды ерекшелігі болып табылатын факт - тұңғыш рет осы түрдегі нобайлы құжатта орта білім берудің құндылықтары қатарына бүкіл ғұмыр бойы оқудың кіргізілуі. Бастауыш білім берудің жаңа стандартының жобасында атап өтілгендері: білімдерді шығармашылықпен қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын орындай білу қабілеті, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, коммуникация тәсілдері мен тілдік дағдыларды қолдану, топта және жеке жұмыс істей білу қабілеті.

Ел мектептеріне жаңа білім беру стандартын енгізу дайындық жұмыстарына шындап кірісуді және бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруды талап етеді. Біріншіден, бастауыш мектептің барлық оқу пәндері бойынша жаңа білім беру стандартының талаптарына сәйкес келетін оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларын әзірлеу керек. Қазіргі уақытта бұл жұмысты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Білім бағдарламалары орталығы Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА мамандарымен бірлесе отырып және Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінің тәжірибелі мұғалімдерін тартумен орындау үстінде. Екіншіден, бастауыш сыныптардың барлық мұғалімдерінің біліктілігін арттыруды жүзеге асыру және педагогикалық кадрларды даярлау бағдарламаларына тиісті өзгертулерді енгізу қажет. Үшіншіден, қажетті оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың тізімін анықтау, сондай-ақ жаңа оқу бағдарламаларына сәйкес келетін жаңа оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу және басып шығару бойынша жұмысты ұйымдастыру керек [5].

2.2  Орта білім беру жүйесінің негізгі білім беру деңгейі

Орты білім берудің ІІ сатысы - негізгі білім беру жүйесі 5-9-сыныптарды қамтиды. Оқудың ұзақтығы - 5 жыл. Негізгі мектептің функционалдық қызметінің басым бағыттары оқушылардың ғылым жүйесінің базистік негіздерін меңгеруі мен олардың бойында жеке бастың және этникааралық қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру, тұлғаның өзін-өзі айқындауы мен кәсіби бағдарлануы болып табылады. Бұл сатыда әрбір пәннің мазмұны негізгі базалық білім беру деңгейінде қисынды түрде аяқталып отырады. Оқу пәндерін таңдауы бойынша зерделеу үшін оқу жоспарының вариативтік бөлігі кеңейтіледі. Бейіндеу алдындағы даярлық жүзеге асырылады. Сыртқы бақылаудың нәтижелері бойынша орта білім берудің ІІІ сатысында оқытудың одан кейінгі бейіні мен нысандарын таңдау үшін оқушылардың қабілеттері мен даярлық деңгейі айқындалады.

Негізгі орта білім беру ұйымына қабылдау тәртібі:

1. Бастауыш білім беру деңгейін аяқтаған, негізгі орта білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бесінші-тоғызыншы сыныптарына қабылдауды педагог қызметкерлер жүзеге асырады және ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің мүдделерін ескере отырып берілген ұйымға бекітілген аумақта тұратын барлық азаматтардың қол жетімділігін қамтамасыз етеді.

2. Ақылы білім беру қызметін іске асыратын жеке меншік ұйымдарда негізгі орта білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бесінші-тоғызыншы сыныптарына қабылдау білім беру үдерісінің субъектілері арасындағы білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен шарттармен реттеледі.

3. Орнын толтыра оқытатын бесінші-тоғызыншы сыныптарға қабылдау, даму мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы оқу-тәрбие үдерісіне қосу, олардың білім алуы үшін жағдайлар жасау білім беруді басқаратын жергілікті органдардың келісімі бойынша ата-аналардың (өзге де заңды өкілдердің) келісімі кезіндегі бар көрсеткіштері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

2.3 Орта білім беру жүйесінің жалпы білім беру деңгейі

Орты білім берудің ІІІ сатысы - жалпы білім беру деңгейі болып табылады. Бейіндік оқыту, 10-11-сыныптар. Оқудың ұзақтығы - 2 жыл. Алайды, қазіргі жаңа 12 жылдыө білім беру стандарты бойынша жалпы білім беру, яғни, 3- ші кезеңнің оқу ұзақтығы 3 жыл. Ол 10-12 сыныптарды қамтидыОрта білім берудің жоғары сатысының функционалдық қызметінің басым бағыты оқушылардың тереңдетілген кәсіптік білім беруге дейінгі даярлығын жүзеге асыру үшін бейіндік оқытуды енгізу болып табылады. Орта білімнің ІІІ сатысын құрудағы принципті жаңа көзқарас оқытудың оқу мазмұнын саралау, ықпалдастыру және кәсібилендіру негізінде жүргізілуіне байланысты туып отыр. ІІІ сатыда білім алуға берілген нұсқаудан әлем, қоғам және адам туралы жүйелендірілген түсініктерді меңгеруге және оларды өз бетінше кеңейтіп, тереңдете білуге көшу қамтамасыз етілуі тиіс. ІІІ сатының оқушылары оқытудың нысандары мен тәсілдерін, жеке білім беру бағдарламаларын таңдауына болады, онда шығармашылық қызметке және оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасауға айрықша орын өлінген.

Жалпы орта білім беретін жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібі:

1. Кәсіптік мектептің оныншы-он бірінші сыныбына қабылдау білім алушының жеке өтініші немесе ата-анасының (өзге де заңды өкілдің) өтініші негізінде оқытудың бейінін таңдау кезінде білім алушының мүддесін, бейімі мен қабілетін және білім алушының тұратын аумағын ескерместен негізгі орта білім деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжатының бар екендігін ескере отырып жүзеге асырылады.

Өтініштерді қабылдау негізгі орта білім беру деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжатты бергеннен кейін басталады.

2. Гимназияның, лицейдің оныншы-он бірінші сыныбына қабылдау Қазақстан Республикасының лицейлерінің және гимназияларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге, гимназияның жарғысына сәйкес білім алушының жеке өтініші немесе ата-анасының (өзге де заңды өкілдің) өтініші негізінде және білім алушының тұратын аумағын ескерместен негізгі орта білім деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты бар болғанда жүзеге асырылады.

3. Білім алушыларға, ата-аналарға (өзге де заңды өкілдерге) қабылдау ережесімен, білім беру ұйымының жарғысымен, білім беру қызметін жүргізу құқығына берілетін лицензиямен, жалпы орта білім беретін білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымына қабылдау тәртібімен, білім беру ұйымының қызметін реттейтін басқа да құжаттармен танысу мүмкіндігі ұсынылуы керек.

4. Ақылы білім беру қызметтерін іске асыратын жеке меншік ұйымдарда білім алушылардың, олардың ата-аналарының (өзге де заңды өкілдерінің) өзара қарым-қатынастары оқу мерзімін, оқуға төленетін төлемнің мөлшерін, өзге де талаптарды айқындайтын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен шарттармен реттеледі.

5. Жалпы орта білім беретін білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының оныншы-он бірінші сыныбына қабылдаудан бас тартылған жағдайда жалпы орта білім беретін білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымын бітіруші және (немесе) оның ата-анасы (өзге де заңды өкілдері) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға шағымдануына болады [6].

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ  ЖҮЙЕСІ

Техникалық және кәсіптік білім беру орта білім берудің қоғамдық-пайдалы кәсіптік қызметтің негізгі бағыттары бойынша білікті техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандарын даярлауға бағытталған құрамдық бөлігі болып табылады.

Техникалық және кәсіптік білім беру студенттерді даярлаудың біліктілік деңгейі мен бағдарлама мазмұнына байланысты келесі оқу бағдарламаларына бөлінеді:

1) техникалық және қызмет көрсету еңбегінің жалпы мамандықтары бойынша кадрлар даярлауды көздейтін және оқушыға деңгейді аяқтағанда нақты кәсіп бойынша кәсіптік біліктілік (разряд, класс, категория) беретін техникалық және кәсіптік білім беру;

2) техникалық және қызмет көрсету еңбегінің қиын (ұйқас) мамандықтарын, жоғарғы технология мен кәсіптік қызметпен байланысты экономиканың барлық салаларындағы мамандықтар мен тәжірибелік жұмыстарды атқаруды көздейтін және оқушыға жоғарғы деңгейді ақтағанда нақты кәсіп бойынша кәсіптік біліктілік беретін техникалық және кәсіптік білім беру;

3) техникалық еңбектің жоғарғы білікті мамандарын даярлауға, оларды қайта даярлау мен біліктілігін көтеруге бағытталған техникалық және кәсіптік білім беру;

Орта білімнен кейін (арнайы медицинадан басқа) кәсіптік оқу бағдарламаларын игеру мерзімі келесіні құрайды:

Жалпы орта білімі барларға - 2 жылдан кем емес;

Техникалық және кәсіптік білімі барларға -1 жылдан кем емес.

Орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларының мазмұны жоғарғы оқу орындарының 1-2 курс кәсіптік оқу бағдарламаларымен сәйкес келетін кәсіптік, әлеуметтік-гуманитарлық және жаратыластану ғылымдарының пәндерін оқытуды қамтиды және оқуды аяқтаған соң қызмет көрсету мен басқару еңбегінің кіші маманы біліктілігін береді.

Орта білімнен кейінгі кәсіптік және техникалық білімді мемлекеттік немесе жеке меншік болуы мүмкін кәсіптік лицейлерде, кәсіптік мектептер, колледждерде алуға болады.

Кәсіптік және техникалық білім беру жүйесі келесі деңгейлерден

1) бастапқы кәсіптік білім ;

2) орта кәсіптік білімнен тұрады.

Бастапқы кәсіптік білімді кәсіптік лицейлер мен кәсіптік мектептерде негізгі жалпы білімнен соң (9 сынып) алуға болады және ол еңбек қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша білікті жұмысшыларды (жұмыскерлерді, қызметкерледі) даярлауға бағытталған. Бастапқы кәсіптік білім алу жалпы орташа білім алумен ұқсас болып келеді.

Бастапқы кәсіптік білімді жеке мамандықтар бойынша оқу мерзімінің қысқартылған түрі бойынша жалпы орта білімнен (11 сынып) соң да алуға болады.

Бастапқы кәсіптік білім мекемелері Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына кәсіп, мамандық және біліктілік алуда олардың қызығушылықтары, мүмкіндіктері мен денсаулықтарына байланысты тең мүмкіндіктер қарастырған.

Кәсіптік білім беру білім беру қызметін іске асыру құқығын беретін лицензия болған жағдайда өндірісте, оқу-өндірістік комбинаттарында, оқу орталықтарында, курстарда және тағы басқа жұмысшыларды даярлайтын оқу-өндірістік құрылымдарда жүргізуге болады.

Кәсіптер бойынша оқу бағдарламаларының мазмұны, оларды игерудің нормативтік мерзімдері білім берудің жалпыға міндетті стандарттарымен анықталады және бастапқы кәсіптік білім мекемелерімен жасалған жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Бастапқы білім беру мекемелерінде техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті кадрларын даярлау, оларды қайта даялау мен біліктілігін жоғарылату оқу орындары мен жұмыс берушілер, жұмыспен қамту қызметтері және жеке азаматтармен бірігіп анықтаған кәсіптер (мамандықтар) және кәсіптер топтары бойынша жүргізіледі.

Бастапқы кәсіптік білім мекемелерінде күндізгі, кешкі және қашықтықтан оқыту түрлері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде білім алуға болады.

Филиалдар, біліктілікті көтеру мен кадрларды қайта даярлау курстары,кәсіптер топтары бойынша кешкі (ауысымдық) бөлімдер (топтар), оқу шаруашылықтары, полигондар және басқа да құрылымдар құрылуы мүмкін.

Өндірістік оқытулар оқу-өндірістік шеберханаларда, лабораторияларда, полигондарда, оқу орындарының оқу шаруашылықтарында, құрылыс нысандырының оқу орындарында, алаң, ферма, тапсырыс беруші-өндіріс өнеркәсіптерде, яғни жұмыс берушілерде жүргізілуі мүмкін.

Өндірістік оқыту процестерінде, сонымен қатар оқудан тыс уақыттарда өндірістік және ауылшаруашылық , халық тұтынатын тауарларын өндіру көзделеді.

Өндірістік тәжірибе кәсіп бойынша профильдік ұйымдарда (өнеркәсіпте, мекемелерде) өткізіледі.

Орта кәсіптік білім негізгі жалпы, орташа жалпы және бастапқы кәсіптік білім негізінде орташа кәсіптік білім беру мекемелерінде (колледж, оқу орындары) конкурстық негізде беріледі және ол орташа кәсіптік білімді мамандарды даярлауға бағытталған.

Жалпы орта, туыстас мамандықтар бойынша бастапқы кәсіптік білімі бар азаматтар орта кәсіптік білімді қасқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша алуға болады.

Орта кәсіптік білім беру мекемелерінде оқу күндізгі, сырттай, кешкі, қашықтықтан оқыту түрлері бойынша және экстернат бойынша жүргізіледі.

Орта кәсіптік білім беру мекемелеріне қабылдау тәртібі техникалық және кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің № 587 2007 жылғы 29 қарашадағы бұйрығымен бекітілген білім мекелеріне оқуға қабылдау ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Өндірістік тәжірибе кәсіп бойынша профильдік ұйымдарда (өнеркәсіпте, мекемелерде) өткізіледі.

Кәсіптік және техникалық білім сандық көрсеткіштермен

2011 жылғы 1 қаңтарға қарағанда Қазақстанда 894 кәсіптік және техникалық білім беретін оқу орындары жұмыс жасайды, 185 мамандық және495 біліктілік бойынша кадрларды даярлау жүзеге асырылады.

Қаржыландыру көлемі 52,9 млрд. теңгені (республикадағы барлық білімді қаржыландырудың 6,6 % ) құрайды. Сонымен қатар кәсіптік және техникалық білім оқу орындарында барлық оқушылардың 13,7% білім алады.

ТКБМ-дегі (техникалық-кәсіптік білім мекемесі) студенттер саны 1-кестеде көрсетілген.

1-Кесте . ТКБМ-дегі (техникалық-кәсіптік білім мекемесі) студенттер саны

1999/05 2005/11 2011/15

Студенттер саны (барлық оқитын), адам. 232 448 501 815 604 244

олардың:

Мемлекеттік ТКБМ-де, адам. 196 619 312 249 349 183

Жалпы санынан % 84,6 62,2 57,8

Жеке меншік ТКБМ-де, адам 35 829 189 566 255 061

Жалпы санынан % 15,4 37,8 42,2

Жыл сайын кәсіптік және техникалық мамандықтарға кадрлар даярлауға мамлекеттік тапсырыс (білім гранттары) өсуде.Оқу ақысы 2010 жылы республика бойынша мемлекеттік тапсырыс бойынша 1 оқушыға: кәсіптік лицейлерде - 203,3 мың теңге, колледждерде - 191,1 мың теңгені құрады.

2010 жылы кәсіптік және техникалық оқу орындарына 216,8 мың адам, соның ішіндемемлекеттік тапсырыс бойынша (республикалық және жергілікті бюджеттен ) 90,6 мың адам қабылданған.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 45 мың инженерлік-педагогикалық қызметкерлер, соның ішінде 5,7 мың өндірістік білім беру шеберлері жұмыс істейді.

3.1 Техникалық және кәсіптік білім берудің даму болашағы

Мемлекет техникалық және кәсіптік білімберу жүйесінің дамуына, кәсіптік және техникалық мекемелерде оқытылатынкәсіптер мен мамандықтардың алуандануына аса көңіл аударып отыр.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1211 2009 жылғы 11 тамыздағы қаулысымен Қазақстан Үкіметі жанындағы Кадрлар даярлау мен техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту жөніндегі Ұлттық кеңес құрылған болатын.Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 жарлығымен Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілген, онда техникалық және кәсіптік білімберу жүйесін дамытудың көрсеткіштері мен жолдары көрсетілген.

2009 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, Энергетика және минералдық ресурстар министрліктері мен «Атамекен» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы арасында техникалық және кәсіптік білім беруді қолдау Қорын құру туралы Меморандумға қол қойылған болатын.

Әлемдік тәжірибенің прогрессивті дамуын зерттеу мақсатында келесідей халықаралық ұйымдармен маңызды жобалар іске асырылуда:

Герман техникалық жәрдем ұйымымен - куррикуллум, модульдік бағдарламалар жасау;

Европалық комиссиямен - әлеуметтік әріптестікті дамыту бойынша;

Білім және біліктілікті көтеру орталығымен (RKK, Норвегия) – мұнай-газ саласында кадрларды даярлау және қайта даярлауға ықпал ету бойынша;

ИнВентпен (Германия) - оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін көтеру бойынша;

Британдық кеңеспен - бітірушілердің жұмысқа орналасуы мен дайындалу сапасын қамтамасыз ету бойынша;

Европа білім беру Қорымен - Қазақстанда кәсіптік білім беру өкілеттілігін жоғарылату негізінде бағдарламаны жаусауды әдіснамасын енгізуді дамыту,туризм секторында кәсіби стандарттарды құру, Европалық біліктілік аясын енгізуді зерттеу бойынша.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің 24 алдыңғы қатарлы оқу орындары Ұлыбританияның әлемге белгілі колледждерімен, соның ішінде 14 колледж Кембридж аймақтық колледжімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен техникалық және кәсіптік білім беру сферасында ынтымақтастық туралы «UCPMI» Конкорд Консалтинтік тобы (Франция) мен GEMCO INTERNATIONAL BV арасында, FONTYS қолданбалы ғылымдар университеті (Голландия) арасында 2 хаттамаға қол қойды.

2010 жылы Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі Европаның 29 елімен бірге Турин процесінің қатысушысы болды, яғни Европалық білім қорымен (Турин, Италия) өткізілетін халықаралық салыстырмалы зерттеулерлер жүргізуге қатысты.

Қазіргі оқу орындары негізінде экономиканың басымдықты салаларында қажетті ресурстар, қазіргі заманғы құрал-жабдықтар оқу лабораториялары, ортақ қолдану шеберханалары үйлестірілетін кадрлар даярлау мен қайта даялау қазіргі замандық аймақаралық орталығын құру жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің № 345 2009 жылғы 15 шілдедегі бұйрығымен ет-сүт өнімдерін қайта өңдеу бойынша кадрларды даярлау орталықтары- Ақмола облысы Қатаркөл ауылы ауылшаруашылық колледжі негізінде, Алматы қаласында № 6 кәсіби лицей базасында автоқызмет көрсету бойынша,Қарағанды қаласында №15 кәсіби лицей базасында металөндеу бойынша құрылды. Осы және басқа да орталықтар жер қойнауын пайдаланушылар және басқа да жұмыс берушілер сонымен қатар ақылы қызмет көрсету арқылы тартылған жергілікті бюджет қаражаттарынан қаржыландырылады.

Келесілердің құрылысы жүргізілуде:

1) Атырау қаласында 700 оқу орнына арналған мұнай-газ саласына кардларды даярлау және қайта даярлау аймақаралық орталығы;

2) Екібастұз қаласында отын-энергетика саласында техникалық қызмет көрсету бойынша кардларды даярлау және қайта даярлау аймақаралық орталығы;

3) Астана қаласында 800 орындық және ОҚО, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында 360 орындық кәсіптік лицей;

4) Өскемен қаласында машина жасау саласында техникалық қызмет көрсету бойынша кардларды даярлау және қайта даярлау аймақаралық орталығы;

2010-2014 жылға арналған жеделдетілген индустриялық-инновациялық мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік органдармен кадрлардың қажеттілігі бойынша талдау жасалынған. Жалпы қажеттілік 287 мың адамды құрайды, оның ішінде жеделдетілген индустриялық-инновациялық даму үшін 108 мың адам. Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарына қажеттілік 58,2 мың адамды құрайды, оларды дайындауды 543 техникалық және кәсіптік білім мекемелері қамтамасыз етеді.

13 сала бойынша индустриалдық жобалар және барлық аймақтар бойынша кадрмен қатамасыз ету карталары жасалынған, әкімдіктермен бірге жобаларға базалық оқу орындары анықталған және қазіргі уақытта қайта ашылған өнеркәсіптермен кадрларды даярлауға 61 келісім шарттаға қол қойылған. (Мысалы: «Тараз металлургия заводы», «Электролиз заводы», «Тері өндеу өндірісі» және т.б.,нәтижесінде 831 адам оқытылған және жұмысқа орналастырылған).

3.2 Кәсіптік және техникалық білім беру оқу орындарына қабылдау

Оқу ұйымдарына келесілер қабылданады:

-Негізгі орта (негізгі жалпы), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіби (бастапқы кәсіби және орта кәсіби), жоғарғы (жоғарғы кәсіби) білімі бар Қазақстан Республикасы азаматтары;

-Қазақстан Республикасы азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтар;

-Шетел азаматтары және Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіпте азаматтығы жоқ адамдар;

Тегін техникалық және кәсіби білім мемлекеттік білім грантына сәйкес конкурстық негізде бұл деңгейдегі білімді олар бірінші рет алып тұрған болса Қазақстан Республикасының азаматтарына және азаматтығы жок адамдарға беріледі;

Тегін техникалық және кәсіби білім мемлекеттік білім грантына сәйкес конкурстық негізде азаматтығы жок тұлғалардың алуы Қазақстан республикасының халықаралық келісім шарттарынмен айқындалады.

Білім ұйымына қабылдау кезінде квота келесілерге:

1) I және II топ мүгедектері, туылғаннан мүгедек, мүгедек балалар азаматтарға;

2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген;

3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтайтын мамандықтар бойынша ауыл жастары қатарындағы азаматтар;

4) Қазақстан Республикасы азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтар

5) ата-анасының қарауынсыз қалған және жетім балалар.

Техникалық және кәсіптік білім оқу бағдарламалары бойынша орта буын мамандарын даярлауды көздейтін білім мекемелеріне оқуға өтініштер қабылдау :

Күндізгі бөлімге 20 маусымнан 20 тамызға дейін;

Кешкі және сырттай оқу түріне 20 маусынан 20 кыркүйекке дейін;

өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 20 маусымнан 20 шілдеге дейін жүргізіледі.

Техникалық және кәсіптік білім оқу бағдарламалары бойынша жалпы кәсіптер мен қиын (ұйқас) кәсіптер бойынша мамандарды даярлауды көздейтін білім мекемелеріне оқуға өтініштер қабылдау :

Күндізгі бөлімге 20 маусымнан 20 тамызға дейін;

Кешкі оқу түріне 20 маусынан 20 кыркүйекке дейін жүргізіледі.

Білім мекемелеріне оқуға қабылдау туралы өтінішпен бірге келесілер қоса ұсынылады:

Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;

№ 086-У формасындағы медициналық анықтама (I және II топ мүгедектері мен балалығынан мүгедектерге- әлеуметтік-медициналық сараптама қорытындысы);

3*4 пішініндегі 4 фотосурет.

Талапкердің жеке басын куәландыратын құжаттар жеке, ата-анасымен немесе заңды өкілдермен тапсырылады.

Шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ тұлғалар тұрғылықты жері бойынша тіркеу белгісі бар Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға құқығы бар құжатты ұсыну тиіс.

Кешенді тестілеу немесе ҰБТ нәтижесі бойынша сертификат ұсынған азаматтар түсу емтихандарынан босатылады және конкурсқа жіберіледі.

Техникалық және кәсіптік білім оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейді және олар:

Жалпы орта (9 сынып), мамандық профиліне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік білімі бар тұлғаларға 3 пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және кәсіп профиліне сәйкес пән);

Негізгі орта білім (11 сынып)- негізгі жалпы білім бағдарламалары көлемінде 2 пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және кәсіп профиліне сәйкес пән) өткізіледі.

Жоғарғы техникалық мектептерге түсушілерге түсу емтихандары негізгі жалпы білім бағдарламалары көлемінде 3 пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, математика және кәсіп профиліне сәйкес пән) өткізіледі.

Түсу емтихандарының (емтихан немесе тестілеу) түрі білім мекемесімен анықталады және түсу емтихандары қазақ немесе орыс тілдерінде жүргізіледі.

Техникалық және кәсіптік білім оқу бағдарламалары бойынша жалпы кәсіптер мен қиын (ұйқас) кәсіптер бойынша мамандарды даярлауды көздейтін білім мекемелеріне оқуға түсушілер үшін түсу емтихандары әңгімелесу түрінде жүргізіледі.

Білім мекемелеріне өнер және мәдениет мамандықтары бойынша оқуға түсушілер арнайы немесе шығармашылық емтихандар тапсырады.

Түсу емтихандары білім мекемелеріне техникалық және кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша орта буын мамандарын дайындауды көздейтін оқуға түсушілерге

- күндізгі оқу түріне 1 тамыздан 28 тамыз;

- кешкі және сырттай оқу түрлеріне 1 тамыздан 25 қыркүйекке дейін;

- өнер және мәдениет мамандықтары бойынша оқуға түсушілер арнайы немесе шығармашылық емтихандар 21 шілде мен 28 шілде аралығында жүргізіледі.

Күндізгі бөлімге техникалық және кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша жаппай мамандықтар мен қиын (ұйқас) кәсіптер бойынша кадрларды дайындауды көздейтін оқуға түсушілерге, әңгімелесу 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, кешкі оқу бөліміне 1 тамыз-25 қыркүйек аралығында өткізіледі.

Түсу емтихандарын жүргізу кезінде:

1) тест формасында әр пән бойынша тестілік тасырмалар (сұрақтар) саны 30; әр тестілік тапсырамаға дұрыс жауап 1 балмен бағаланады, 3 пән бойынша тестілеуге 2 сағат 15 минут, ал 2 пән бойынша 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауап кодтары тестілеу біткен соң бірден ілінеді; нәтижелері тестілеу өткізілген күні шығарылады

2) емтихан формасында пәндер бойынша түсу емтихандарының нәтижесін «3»,«4»,«5» бағалау жүйесін қабылдау комиссиясы келесі шкала бойынша көрсетеді: «3» баға-10 балл, «4» баға- 20 балл, «5» баға -30 балл.

Түсу емтихандары кезінде аппеляциялық комиссия құрылады, пәндер бойынша тестілеу немесе түсу емтихандарының нәтижесімен келіспейтін талапкер аппеляцияға беруіне болады. Аппеляция түсу емтихандарының нәтижелері хабарланған соң 1 тәулік ішінде қабылдау комиссиясына беріледі және талапкердің қатысуымен аппеляциялық комиссияда қаралады.

Пәндер бойынша тесілеу немесе түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

Білім мекемелеріне азаматтарды оқуға қабылдау конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүргізіледі.Техникалық және кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша орта буын мамандарын дайындауды көздейтін оқушылар құрамына қабылдау конкурстық негізде күндізгі бөлімге 25 тамыздан 30 тамыз, кешкі және сырттай оқу түріне 15 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін жүргізіледі.

Техникалық және кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша жаппай мамандықтар мен қиын (ұйқас) кәсіптер бойынша кадрларды дайындауды көздейтін оқуға түсушілерге оқушылар құрамына қабылдау 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында негізі орта немесе жалпы орта білім туралы құжаттарда көрсетілген профильді (негізгі) пәндер бойынша бағаларды есепке ала отырып, іріктеу негізінде жүргізіледі. Іріктеу талаптары білім мекемесімен анықталады.

Конкурс келесі құжаттар негізінде өткізіледі:

- ҰБТ балы бойынша сертификат;

- Кешенді тестілеу формасында өткізілген түсу емтихандарының нәтижесі бойынша берілген сертификаттар;

- Пәндер бойынша түсу емтихандары немесе білім мекемесі өткізген тестілеу формасындағы түсу емтихандары нәтижесі бойынша алынған балл (баға).

Конкурс өткізу кезінде қабылдауда ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген 3 пән бойынша балдар есепке алынады.

Конкурска қатысуға қабылдауға келесілер жіберілмейді:

- негізгі жалпы білімі барларға 2 пән бойынша 20 балдан томен, медициналық мамандықтар бойынша 30 балдан томен (жоғарғы техникалық мектептерге түсу үшін 3 пән бойынша 30 балдан төмен );

- жалпы орта білімі барларға 3 пән бойынша 30 балдан төмен, медициналық мамандықтар бойынша 35 балдан төмен (жоғарғы техникалық мектептерге түсу үшін 3 пән бойынша 35 балдан төмен).

Оқушылар құрамына конкурсқа қабылдау кезінде техникалық және кәсіптік мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырыс бойынша келесілерартықшылықтарға ие

1) «Алтын белгі» иегерлері;

2) Халықаралық олимпиадалар және жаплы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жарыстардың жеңімпаздары (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломмен марапатталғандар), білім саласындағы құзіретті органмен тізбесі анықталған соңғы үш жылда орындаушылар мен спорттық жарыстардың республикалық және халықаралық конкурстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломмен марапатталғандар), сонымен қатар олармен таңдап алынған мамандық пен олимпиада, конкурс немесе спорттық жарыс пәні сәйкес болса, республикалық олимпиадалар және жаплы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жарыстардың ағымдағы жыл бойынша жеңімпаздары (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломмен марапатталғандар).

Оқушылар қатарына қабылдауға конкурс өткізу кезінде бірдей көрсетікштер болса, мемлекеттік тапсырыс бойынша артықшылық құқықтарға (растайтын құжаттар болған жағдайда) келесілер ие:

- жетім балалар немесе ата-анасының қарауынсыз қалған балалар;

- жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс ардагерлері мен мүгедектерімен теңестірілген I және II топ мүгедектері, туылғаннан мүгедектер, медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы бойынша сәйкес оқу орындарында оқуға қарсылық көрсетілмеген мүгедек балалар

- үздік білімі туралы құжаттары (куәлік, аттестат, диплом) барлар[7].

4 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖОО БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ

Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысы, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады. Қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесіне бірінші кезектегі міндеті жоғары білікті мамандарды оздыра даярлау болып табылатын, оны айрықша сала ретінде түсінуді кӛздейтін жаңа сапа мен қоғамдық мәртебе, икемділік пен бейімділік беру қажет. Жоғары білім берудің мақсаты - қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға кеңінен мүмкіндік беру.

Қазақстанда жоғарғы білімді жалпы орта білім (11 сынып), бастапқы және орта кәсіптік білім (орта білімнен соң) және жоғарғы білім негізінде алуға болады; күндізгі, сырттай, кешкі, қашықтықтан оқыту және экстернат; ақылы және ақысыз және т.б.

Оқу орындарында жоғарғы білім алуға болатын оқу формаларының алуантүрлілігін қарастырып көрейік.

Жалпы орта білім мен бастапқы кәсіби білімнен кейін жоғарғы білім алу әдепкі ретпен жүргізіледі, яғни оқу мерзімі - бакалавриат үшін 4 жыл және маман үшін 4-5-6 жыл.

Орта кәсіби білім негізінде егерде жоғарғы білімді туыстас мамандық (мысалы колледжде де ЖОО-да да заң білімі) бойынша және жоғарғы білімнен (бір жоғарғы білім бар болғандықтан , кез келген басқаға түсуге болады) соң алатын болса, жоғарғы білімнің оқу мерзімі қысқартылады (ережеге сәйкес колледжден кейін -3 жыл,жоғарғы білімі бар болса - 2 жыл ). Бұл орта кәсіби білімнен (медициналық колледжде оқып, экономикалық мамандыққа түссе) кейін туыстас емес мамандықтарға түсетіндерге және екінші жоғарғы білім (бірінші техникалық мамандықтан соң медициналық ЖОО-на түссе) алуда мерзімді қысқатру қарастырылмаған мамандықтарға қатысты емес.

Күндізгі оқу түрі -бірінші жоғарғы білім үшін ең кең таралған және дәстүрлі болып табылады. «Күндізгі» термині көрсетіп тұрғандай студент оқытушылар мен деканның 4/5 жыл көз алдында жүреді, яғни оқу процесі -оқу кезінде студенттің айналысатын бірден бір әрекеті болып табылады. Оқу процесінде пәндер мен сағаттар жыл бойына семестрлер немесе триместрлерге бөлінген, сабақтар кем дегенде аптасына 5 күн бірнеше сағаттардан жүргізіледі, ол міндетті түрде лекциялар, семинарлар және басқа да оқу дәрістерінің түрлерімен сессия, демалыс және тағлардан тұрады.

Сырттай оқу түрінде студент жылына 2 рет ұзақтығы 1 айға созылатын интенсивті оқуға келеді және аяқталысымен емтихан тапсырады.Сонымен қатар 2008 жылдан бастап Қазақстанда сырттай оқу бөлімінде жалпы орта білім (11 сынып) негізінде жоғарғы білім алуға болмайды, тек орта кәсіптік жіне жоғарғы білім негізінде ғана сырттай оқуға болады (2 немесе 3 жыл).

Оқудың кешкі түрін күндізгі-сырттай деп те атайды, яғни оқу процесі кешке қалдырылған, яғни студент күндіз жұмыс жасап, ал 18.00 сағаттан соң университетте дәріске қатыса алады. Кешкі оқу түріне кез келген білім баспалдағынан кейін түсуге болады, сонымен қатар туыстас мамандықтар немесе жоғарғы оқу негізінде оқу мерзімдерін қысқату қарастырылған және аталған оқу түрі бойынша білім алуға кейбір мамандықтарға тыйым салынған.

Қашықтықтан оқыту-оқушыға негізгі оқу материалдарын жеткізіп беру, оқу процесі кезінде оқушы мен оқытушылардың интерактивті іс-әрекет етуіне, оқу материалдарын игеру кезінде сонымен қатар оқу процесінде оқушыларға жеке жұмыс жасау мүмкіндігін беретін технологиялар жиынтығы. Қашықтықтан оқыту Интернет-тенология арқылы жүзеге асырылады: желіде оқытушылармен тексерілетін лекциялық кешендер, өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар орналастырылады және де онлайн-кеңес-берулер мен лекциялар өткізіледі, сонымен қатар материалдарды игеруді тексеру онлайн-тестілеу арқылы өткізіледі. Егер мемлекеттік емтихандар мен дипломдық жұмысты қорғау қарастырылған болса, студенттер оны қалыпты жағдайда яғни ЖОО-да тапсырады.

Экстернат оқу түрі ретінде жоғарғы білімнің (сонымен қатар жалпы орта білімге де қолданылады) жалпы білім беретін бағдарламаларын аралық және мемлекеттік ( қорытынды) аттестация арқылы өзіндік игеру түрі болып табылады.

Экстернат мәні орта немесе жоғары білімді мектепке, университетке күнде бармай жеке білім жолы арқылы оқу немесе жұмыспен, екі оқу орнында білім алуды үйлестіру арқылалуға болады. Екі жылдық (немесе одан да көп) бағдаламаны аралық және мемлекеттік ( қорытынды) аттестация тапсыру арқылы бір жылда өтуге болады.

Жоғарғы білім туралы құжаттардың қазіргі стандарттарында оқу бөлімі туралы мәлімет көрсетілмейді яғни дипломда тек қана ЖОО, мамандық және диплом иесінің мағлұматтары көрсетіледі.

Қазақстан азаматтарының мемлекеттік үсыныс негізінде бірінші жоғарғы білімді конкурстық негізде тегін алу мүмкіндіктері бар, білім грантын алу жөнінде біздің Порталдың арнайы бетінен білуге болады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысының өсу қарқыны 2- кестеде көрсетілген.

Кесте-2. Мемлекеттік білім беру тапсырысының өсу қарқыны

2004-2005 2005-2006 2006-2007 2007-2009 2009-2011 2011-2013 2013-2015

25710 31210 32490 33190 33490 34840 35425

Сонымен қатар білім беру гранттарын бөлу кезінде квоталар қарастырылған:

Қазақстан азаматы емес ұлты қазақ азаматтарға - 2%;

І және ІІ топ мүгедектеріне, мүгедек балаларға - 0,5%;

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға - 1%;

Ауылдық квота - 30%;

Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдарға - 0,5%.

Білім беру гранттарымен қатар облыс әкімдерінің, жоо ректорларының, жоолардың өздерінің, жоо әріптестерінің гранттары, жеке меншік гранттар тағайындалады.

Қазақстан студенттерінің басым бөлігі ақы төлеп оқиды, бұл да олардың білімге деген құлшынысын көрсетеді. Ақылы деп ренжуге болмайды, өйткені жылына екі рет босаған гранттарды тағайындау жүргізіледі. Бұл ақпаратты Білім және ғылым министрлігінің сайтынан немесе қаңтар мен шілде айларының екінші жартысынан бастап ЖООдан білуге болады.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жүйесінің негізгі көрсеткіштері  3- кестеде көрсетілген.

Кесте -3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жүйесінің негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер 2007/2009 2009/2011 2011/2013 2013/2015

Барлық ЖОО 140 144 145 148

Студенттер құрамы 717053 633814 610264 620442

Мемтапсырыс бойынша оқитыны 125179 118629 141852 140533

% 17,5 18,7 23,2 22,6

Қазақ тілінде оқитыны 334998 301815 303720 319940

% 47,0 47,6 49,8 51,5

Күндізгі бөлім құрамы 377989 330970 318712 329408

% 53,0 52,0 52,2 53,1

Сыртқы бөлім құрамы 339064 302844 291552 285311

% 47,0 48,0 47,8 45,9

Жоғары білім туралы шешім қабылдағанда тағы бір көңіл аударатын мәселе - жоғары оқу орнын таңдау.

Оларды меншік нысаны және ЖООны милитарландыру тұрғысынан қарастыруға болады

Меншік нысанына қарай олар былай бөлінеді:

мемлекеттік - олардың акцияларының бақылау пакеті (немесе жоо акцияларының 100%), немесе меншік құқығы, не акцияларының белгілі бір пакеті (акционерленген) мемлекетке тиесілі;

жеке меншік - акцияларының 100% жеке тұлғаларға тиесілі.

Мемлекеттік жоолар құрылымында ерекше мәртебесі бар ұлттық жоолар бөлінеді. Сонымен қатар 2010 жылы елордада ашылған бірегей Назарбаев Университетін атап өту қажет. Ол үшін сол жылы тыңдаушыларды дайындық бөлімшеде оқыту үшін 500 орын көлемінде мемлекеттік тапсырыс бекітілді және де дәл осы принцип бойынша білім беру процесін жүргізу жоспарлануда.

Меншік нысанымен қатар жооларды азаматтық және азаматтық емес деп бөлуге болады (бұл ақпарат та Порталда берілген). Азаматтық және азаматтық емес оқу орындарына қабылдау да екі түрлі жүргізіледі, өйткені соңғылар органдардың ведомстволық оқу орындары болып табылады, олар түлектерді сол органдарда жұмыс істеуге арнап дайындайды.

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының желісі 4-кестеде көрсетілген.

Кесте-4. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының желісі

Жылдар 2001 2003 2005 2007 2009 2011 2013 2015

Барлығы 175 176 176 176 140 144 145 148

Мемлекеттік ЖОО, с.і.: 63 68 68 69 57 55 55 56

Азаматтық ЖОО 50 55 55 55 43 42 42 43

Азаматтық емес ЖОО 13 13 13 14 14 13 13 13

Жеке меншік ЖОО 112 108 108 107 83 89 90 92

Қазақстан жооларында оқыту 520 мамандық бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Біздің жоолардың жетістіктеріне тоқталар болсақ, төмендегілерді атап өтпекпіз:

ҚарМТУ базасында Орталық Қазақстан мен Ресейдің 27 кәсіпорны бірлесіп корпоративтік университет құрды.

15 жоода (Қ.Сәтпаев ат. ҚазҰТУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ, Е.Букетов ат. ҚарМУ, Л.Гумилев ат. ЕҰУ, т.б.) инженерлік бейіндегі зертханалар жұмыс істейді. 3 жоода ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылыми зертханалар құрылған (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, С.Аманжолов ат. ШҚМУ, Қ.Сәтпаев ат. ҚазҰТУ).

9 жооның жанында технопарктар ашылған тағы екеуінің жанында ашылып жатыр.

Қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша 325 жоба орындалуда, олардың 78-ін жоолар орындап жатыр (24%).

- ҚазҰАУ жанында Қазақстан-жапон инновациялық орталығы;

- Қ.Сәтпаев ат. ҚазҰТУ жанында Қазақстан-француз білім орталығы;

- ҚарМТУ жанында Дәнекерлеу институты ашылды.

Көптеген жоолар шарттың негізінде жұмыс берушілермен ынтымақтастық орнатқан.

Бірқатар жоолар шетелдік жоолармен әріптестікте немесе жоо ішінде екі дипломдық білім бағдарламасын іске асыруда.

5 ОҚУ ОРЫНДАРЫНА СМЖ ЕНГІЗУ. МАҚСАТЫ. МІНДЕТІ. ҚҰРЫЛЫМЫ

Қазіргі таңда білім беру жүйесі еңбек нарығының талаптарына жауап бермейді, яғни біздің елімізде және  әлем елдеріндегі экономикасында болып жатқан өзгерістерге сәйкес түбегейлі өзгеруді қажет етеді. ЖОО сапасын арттырудың тиімді әдістерінің бірі- оперативті басқаруды енгізу (көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік беретінін тәжірибе дәлелдеген), яғни ЖОО бәсекеге қабілеттілігін арттыру және әлемдік білім беру кеңістігінде жоғары беделге ие болуын қамтамасыз ету үшін СМЖ енгізуді талап етеді.Осыған байланысты оқу орындарында ИСО 9001:2015 сериялы халықаралық стандартын қолданысқа енгізуге - СМЖ  шешім қабылдады.

Ұйымның қызметі табысты болу үшін оны жүйелі түрде және сырттан бақылай отырып басқару керек.

Ұйымды басқаруға менеджменттің басқа аспектілерімен қатар сапа менеджменті де кіреді.

СМЖ - бұл мекемеде сапа саласындағы мақсаттар мен саясатты қалыптастыру және сол мақсаттарға жету үшін жасалған жүйе. СМЖ басқа жүйе секілді өзінің міндетімен, құрылымымен, элементтер құрамымен және өзара байланысымен сипатталады. ЖОО-ның СМЖ-сы – жоспарлау, басқару, қамтамасыз ету және сапаны жақсарту арқылы сапа саласындағы саясатты іске асыру үшін қажетті ұйымдастыру құрылымының, әдістемелердің, процестер мен ресурстардың жиынтығы.

Сапа саласындағы саясат - жүйенің негізгі құжаты. Ол СМЖ-ның қалыптасуын және қызметінің мақсатын, сонымен қатар қойылған мақсаттарға жету бойынша жоғары басшылықтың міндеттерін белгілейді.

СМЖ ЖОО-ның педагогикалық, ғылыми, тәрбие, әкімшілік, шаруашылық секілді қызмет салаларын қамтиды. Көрсетілген салалар өзара байланыста болады және көп жағдайда бір-бірімен қиылысады.

СМЖ-ның қызмет етуі барлық персоналды қатыстыру арқылы жүзеге асады, ал жоғары басшылық (университет ректоры) сапа саласындағы мақсаттарға жету үшін толық жауапкершілікті өзіне алады.

СМЖ-ға әкімшілік тарапынан ықпал ету нақты көрсеткіштер бойынша процестерді басқаруға негізделген. Оның негізгі мақсаты – процесті үздіксіз жақсартуды қамтамасыз ететін жағдайларды жасау. Сонымен қатар процесс сапасының өзгерістерін бағалау критерийлері негізінде жүзеге асады.

Сапа менеджменті жүйесін әзірлеу және енгізу процесі келесі кезеңдердентұрады:

- СМЖ моделін таңдау;

- университет қызметін таңдалған модель талаптарымен салыстыру;

- университеттің қызметін қажет болған жерде қайта жасау;

- университет қызметі модель талаптарына сай екендігін дәлелдейтін СМЖ құжаттарын әзірлеу және енгізу;

-қызмет процестерінің тиімділігін арттыру мақсатында СМЖ-ны сертификаттау;

- процестерді үздіксіз жетілдіру негізінде қызметті жақсарту.

Білім беру қызметінің сапасын арттыру міндетін шешу басқарудың кешенді жүйесін жасау қажеттілігімен байланысты. Тек кез-келген процестің нәтижесін бағалауға сүйене отырып жасалған мұндай жүйе түбегейлі негізсіз болып табылады.

Сапаны басқару тиімділігіне процесс ішінде процедураларды басқару жолы арқылы ғана қол жеткізуге болады. Университет жағдайында – маманды даярлаудың барлық кезеңдерінде ұсынылатын ғылыми-білім беру қызметі сапасын басқару арқылы басқару тиімділігіне қол жеткізе аламыз.

Барлық қателер қате әрекет етуден пайда болады. Қатені болдырмау үшін әрекеттің дұрыс ретін анықтап, сипаттап жазу қажет. Дұрыс әрекеттерді орындау және бақылау бойынша нұсқауларды әзірлеу қажет. Белгіленген талаптардан ауытқымай дұрыс орындау үшін қателікті түзеткеннен гөрі, оның алдын алған дұрыс, сондықтан мамандарды даярлау сапасын басқару жұмысында болжамды ауытқулардың алдын алуға ерекше көңіл бөлген жөн.

Бұл арқылы біз ұсынатын қызметтің тұтынушылары деп есептеуге болатын кәсіпорындар, ұйымдар, жеке тұлғалар үшін университеттің жоғары сапалы мамандарды дайындайтын сенімді жеткізуші ретіндегі беделін қамтамасыз етуге болады.

СМЖ-ның міндеті - СМЖ көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз етуге және осы сапаны тұтынушылардың сұранысына икемдеуге арналған жүйе. Сонымен қатар СМЖ-ның басты мақсаты–әрбір қызметті жеке бақылау емес, қызмет сапасының төмендеуіне себеп болатын қателерді болдырмайтын жүйені жасау.

Қажетті жағдай жасау нәтижесінде СМЖ университет түлектерінің мемлекеттік білім беру стандарты талаптарына, мүдделі тараптардың ұсынымдары мен ұсыныстарына сай келетіндігіне кепілдік беру керек. СМЖ дұрыс қызмет еткен жағдайда мамандарды даярлауға жұмсалған шығын оңтайлы болуға тиісті.

Барлық мүдделі тараптардың талабын ескеріп, қызметті үнемі жақсарту үшін әзірленген менеджмент жүйесін енгізу және жұмысты жандандыру нәтижесінде табысқа жетуге болады.

СМЖ құрылымы :

СМЖ келесі элементтерден тұрады: ұйым, процестер, құжаттар, ресурстар.

ISO анықтамаларына сәйкес ұйым – жауапкершілігі, өкілеттілігі және өзара қарым-қатынас бөліп таратылған қажетті құралдар мен қызметкерлер тобы.

Процесс - «кірісті» «шығысқа» айналдыратын, қызметтің өзара байланысқан және өзара әрекеттесетін элементтер жиынтығы. Сонымен қатар процестің «кірісі» әдетте басқа процестің «шығысы» болып табылады.

СМЖ-да процедура ұғымының мағынасы маңызды. Процедура - қызмет немесе процесті іске асырудың белгіленген амалы. Сөйтіп, процедура деп, бір жағынан, процесті (немесе процестердің жиынтығы), ал, екінші жағынан, процесті орындаудың дұрыс амалын қалыптастыруын айтады.

Құжат - тиісті тасымалдаушыда орналастырылған ақпарат (маңызды деректер).

СМЖ-ның ресурстары – сапа менеджментін қамтамасыз ететін ресурс (адами,уақытша, материалдық және т.б.).

Ұйымда СМЖ-ны әзірлеу үшін не қажет?

-қызметтің негізгі процестерін сәйкестендіру;

-процестердің өзара әрекеттесуін және ретін белгілеу;

-жұмыс және процестерді бақылау тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті әдістер мен критерийлерді анықтау;

-процестерді бақылау және жұмысты жүргізу үшін қажетті ақпаратпен және ресурстармен қамтамасыз ету;

-процесті бақылау, өлшеу және анализ жасау;

-жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу және процестерді үнемі жақсарту үшін қажетті шараларды қабылдау[8].

5.1 ИСО 9001-2015 стандарты

ИСО 9001:2015 халықаралық стандартының жаңа нұсқасын ИСО 9001:2008 стандарттың алдыңғы нұсқасынмен салыстырғандағы ерекшелігі қарастырылды. ИСО 9001:2015 жаңа нұсқасы басқару технологиясы процестері мен өндірістік процестерді біріктіруге жақсы бейімделген.

Түйін сөздер: стандарт, сапа менеджмент жүйесі, қызметкер, процесс, қызмет.

Сапаны халықаралық басқару тәжірибесі халықаралық стандарттау жөніндегі (ИСО) 1987 жыл- ғы наурызда қабылданған және кезең-кезеңмен жаңартылатын сериясы 9000 ИСО халықаралық стан- дарттар пакетінде жинақталған. 1994 жылы осы серияның стандарттарының екінші редакциясы шық- ты, 2000 жылы осы стандарттардың үшінші редакциясы пайда болды, 2008 жылы төртінші редак- циясы қабылданды, ал 2015 жылдың аяғына қарай ИСО 9001:2015 жаңа стандарты шықпақшы.

Халықаралық стандарттау жөніндегі ұйым ұлттық стандарттау жөніндегі ұйымдардың бүкіл әлемдік федерациясы болып табылады. Халықаралық стандарттар ең алдымен халықаралық сауданы дамыту, кедендегі бөгеуілді жою үшін әзірленеді. Сонымен бірге кәсіпорындардың сапа жүйесінің стандарттары тұтынушылардың өндірушілерге сенімін нығайтады, кәсіпорынның қызметін жөнге салуға, бизнесті неғұрлым тиімді дамытуға мүмкіндік береді

Осы стандарттардың ең маңызды ерекшелігі ретінде олардың әмбебаптылығы аталады, яғни оларды қызметтің барлық түріне қолдануға болады. Кәсіпорынның қандай өнім шығаратына немесе қолдануға қызмет көрсететіне қарамастан ИСО 9000 стандартында сапа кепілдігін қамтамассыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру жауап беруге тиіс ең аз талаптар болады. Осы кәсіпорын ауқы- мында басқару процестері іске асырылатын сапаны басқару жүйесі көрсетілген стандарттардың та- лаптарына жауап берсе, онда бүгінгі таңда бұл жағдай кәсіпорынның талап етілетін сападағы өнім шығару немесе қызмет көрсету қабілетінің шүбәсіз дәлелі ретінде қабылданады.

Қазіргі уақытта ИСО 9001:2008, ИСО 9004:2009, ИСО 9000:2005 стандарттар қолданылады. Негізгі стандарттардың ережелерін түсуіндіру, көмек көрсету үшңн сапа менеджментіжүйесін енгіз- ген кезде қолдау стандарттары, мысалы, ИСО 10015:1999 – «Сапа менеджменті. Оқытуға арналған басшылық», ИСО 10017:2003 «ИСО 9001:2000 қатысты статистикалық әдістер бойынша басшылық» стандарттары бар.

Бүгінгі күні ИСО 9000 жүйесінен басқа сапа менеджменті саласында тағы да 4 стандарт жүйесі әзірленіп қолданылады, олар: TL 9000 (телекоммуникация саласындағы талаптар), AS 9100 (аэроға- рыш саласындағы талаптар) және QS 9000 (автокөлік жасау саласындағы талаптар), IRIS (теміржол көлігі саласындағы талаптар). ИСО 9000 сериялы стандартты тамақ саласына бейімдеу үшін 2001 жылғы қарашадан бастап «ИСО 9001:2000 сусын өндірісін қоса алғанда, тамақ өнеркәсібінде қолдану жөніндегі басшылық нұсқаулықтар» деп аталатын ИСО 15161-2001 стандарт қолданысқа енгізілді.      Осы өндіріс саласында қазіргі уақытта АҚШ-та әзірленген «Тәуекелдер мен сыни шектерді талдау –ХАСПП салалық сапа бағдарламасы енгізілуде. Аталмыш бағдарлама ИСО 9000 сериялы стандарттардың негізінде сапа жүйесін одан әрі дамытады. Одан кейін тамақ кәсіпорындары сертификаттау жөніндегі ХАСПП та- лаптарына жауап беретін ИСО 22000:2005 стандарты қабылданды [9].

2002 жылы ИСО комитеттері «Қоршаған ортаның сапа менеджменті жүйелерінің аудиті жөнін- дегі басшылық нұсқаулық» ИСО 19011 стандартын әзірлеп енгізді. Аталмыш стандарт сапа ұғымын одан әрі өркениетті ету мақсатында әзірленген.

Кейбір сарапшылар ИСО 9000 сериялы стандарттарға сертификаттаудың тиімділігіне күмән келтіреді. Сапа менеджменті жүйесінің сертификатын алған ұйымдардың жартысынан көбінде маман басқаратын нақты жүйесі жоқ деп саналады. Қазіргі заманғы сапа менеджменті теориясын әзірлеуші- лердің біреуі Д.Джуран: «Менде ИСО 9000 стандартына қатысты көп түйткіл жиналды және менің ойымша осы стандарттарға жұмсалған көп күш - жігер мен осы жұмысқа қатысып көп ақша алған стандарттау жөніндегі органдар мен сапа қоғамынан тарапынан оларды насихаттауға қарамастан бү- кіл жұмыс кетеді деп ойлаймын.Компанияларға өздеріне сапа саласындағы көшбасшылықты қамта- массыз етпейтін осы стандарттарға сәйкес келетін сертификатын қолдауға ақша жұмсау негізсіз деген ой келуі мүмкін»[10,97б].

Осы стандарттардың жаңа 4-редакциясы пайда болғаннан кейін сын тіптен күшейді. ИСО 9000 сериялы стандарттардың проблемасына мынаны жатқызуға болады: Мақсатқа жетудің дәл критерий жоқ. Сан критерийі керек. Сапа, мұның өзінде өте белгісіз критерий бар.

ИСО стандарттарының тиімділігін арттыру үшін сәйкестік туралы шешім шығару үшін тұты- нушылардың қанағаттануының сан критерийі, мысалы, риза емес тұтынушылардың пайызын білу керек.

Қазіргі уақытта қолданылатын сертификаттау жүйесінде фирма ИСО 9001 стандартына сәйкес- тік сертификатын алып, оның сату бөлімінде клиенттердің наразылықтары көп түсетін немесе ұйым- да ақаудың көп пайызы шығарылатын ескі жабдық жұмыс істейтін жағдайларда кездеседі. Жалпы сертификаттың болуы фирманың сапаға қатысты барлық проблемалардың шешілгенін білдірмейді.

Нағыз СМЖ құру – бұл ешқашан аяқталмайтын шексіз процесс. Ол көптеген жылдарға созылады. ИСО 9000 сериялы стандарттардың талаптарына сәйкестік сертификатын алу-осы шексіз қозғалыстағы алғашқы қадам ғана.

Жалпы ИСО 9000 сериялы стандарт бойынша сертификаттау өзінің мәселені шешеді деп айтуға болады. Бұл оның 24 жылдық тарихымен дәлелденеді. Сертификаттау деңгейі нарықтың нақты жағ- дайын көрсетеді. Сертификаттаудың тиімділігін арттыру үшін сапа деңгейін көтерудің әрекетін арт- тыратын нарық факторларын жандандыру керек.

Бұл бәріне бұрыннан беру белгілі іс-қимылдар, яғни бәсекелестіктің деңгейін арттыру, жаңа инновациялық әзірлеме енгізуді заңнамалық шаралармен ын- таландыру (салық жеңілдіктері, арнайы кредиттер, кеден жеңілдіктер, әлеуметтік бағдарламалар, оқыту бағдарламары және т.б.), сатып алушылардың талабын көтеру, оларға тауардың сапасы жөнін- де хабарлау, заң сауаттылығын кеңейту және т.б.

Қытайда 2006 жылдың соңында сапа жүйесінің ИСО 9000 сериялы стандарттардың талаптарына 162 мыңнан астам, Ұлыбританияда 46 мыңнан астам, Италияда 105 мыңнан астам, Германияда 46 мыңнан астам, АҚШ-та 45 мыңнан астам ұйым мен фирма сәйкестік сертификатын алды. 2009 жылы бүкіл әлемнің 175 елі 1 млн-нан астам сертификатқа ие болды .

ИСО 9001:2015 стандарт нұсқасын дайындау бойынша жұмыстар 2012 жылдың маусым айынан басталды. Бүгінгі таңда сапа жүйесі стандартына DIS (Draft International Standard) және FDIS (Final Draft International Standard) нұсқалары құрылды. ISO 9001:2015 жаңа нұсқасы 2008 нұсқасымен салыстырғанда айтарлықтай өзгерді. ИСО 9001: 2015 нұсқасы ISO Annex SL (ISO/IEC Directives, Part 1 Consolidated ISO Supplement – Procedures specific to ISO) директиваның қосымшасына сәйкес әзірленді. Директива басқару жүйесінің нормативтік құжаттарына талаптарды анықтайды. Ол басқару жүйесінің құрылымын жаңа, бірыңғай стандарт тү- рінде белгілейді ( тек қана ИСО 9001 ғана емес, басқа да менеджмент жүйелері үшін де).

Осы директиваға сәйкес, барлық стандартты басқару жүйелері бір құрылымға келтіріледі және бірыңғай бөлімдерді қамтиды.

ИСО 9001:2015 стандартының құрылымы келесідей бөлімдерден тұрады: 0. Кіріспе

1. Қолдану аймағы

2. Нормативтік сілтемелер

3. Терминдер мен анықтамалар

4. Ұйым ортасы

5. Жетекшілік

6. Жоспарлау

7. Қамтамасыз ету

8. Процестер

9. Бағалау жүргізу

10.Жақсарту

Біз ИСО 9001:2015 жылғы мен ИСО 9001:2008 салыстыра отырып кейбір жағдайларға тоқталайық. Сонымен, ИСО 9001:2015 құрылымында және жалпы мәтінінде 40% жуық шамасында өзгерістер бар.

Жаңа басылым жоғары басшылығы стратегиялық жоспарлау және тұтынушыға бағдарланған ұйымды басқару жүйесіне тартылған персоналдың бірінші басшысына міндеттеме арқылы түсіністік негізінде ұйымды басқару үшін бірыңғай кешенді көзқарасты қамтамасыз етуі тиіс. Сапа менеджмен- тінің барлық стандарттары ( ИСО 14001; OHSAS 18001; ИСО 50001 және т.б.) өздігінше өзгеше бо- лып келетіні белгілі, сонымен бірге интеграцияланған басқару жүйесін құру үшін интегратор рөлін SL қосымшасы атқарады. Осыған байланысты ИСО 9001:2015жаңа басылымы басқа да сапа менед- жменттерімен жақсы біріктірілуі тиіс. Интеграцияланған басқару жүйесін өте сапалы құрылуының мәні құжаттама көлемін қысқарту және өте маңыздысы басқару жүйесінің жеке аудиттерімен салыс- тырғанда аудиттің сапасын көтеру [11, 47б].

Ал «Ұйым ортасы» тарауында жаңа талаптардың орындау қажеттілігіне, яғни, ұйымдастырушы орта ерекшелігі мен өнімді байланыстырушы «СМЖ нәтижесіне әсер ететін факторлар» ретінде оның құрылуы мен жұмыс істеуіне басты ден қойылады. Процесстерде өндірістік және ұйымның басқару жүйесінде « тәуекелдікті басқару» ұғымына мән беріледі.

Стандарттың жаңа нұсқасында талап ету үрдісінде бірнеше талаптар кіреді, атап айтқанда: процестің тәуекелділігін анықтау; нәтиженің көрсеткіштері; PDCA айналымы; процеске жауапкерші- лік. Айта кету керек, «алдын алу ісі» алынып тасталды, оның орнына бірінші «тәуекелдерді басқару» жоспары кіреді.

Ереже бойынша, кем дегенде жылына бір рет жоғары басшылық стратегиялық процесс аясында міндетті түрде қызығушылық танытатын тараптармен ( тұтынушылар, жеткізушілер және басқалар) әдістердің көмегімен, мысалы: SWOT-талдауы, STEP-талдауы, Ф.Котлердің ішкі ортаны талдауы бойынша талаптарды анықтап отыруы қажет.

Менеджмент жүйесі стратегиялық ойды іске асыруда қызметкерлердің күрделі де қатаң, динамикалық ортада жұмыс бастауын қамтамасыз етуі, қамтама- сыз ете отырып тұрақты түрде тауарды қою және түтынушылар үшін қызметтердің заңнамаға немесе нормативтік талаптарға сай келуіне сенімділігін арттыру.

Терминологияда да өзгерістер енді. Негізгі өзгеріс, атап айтсақ: «өнім» сөзі «өнім және қыз- мет» сөзіне, «тұрақты жақсарту» «жақсартуға» ауысты. Айта кетерлік жайт жаңа басылымда менед- жмент жүйесінің негізгі қағидасы сегіз емес жетеу болды.

Менеджменттің жетінші қағидасы «менед- жмент қарым-қатынасы» деп аталады. Табыстың негізгі кілті функционалды және СМЖ ИСО 9001:2015 ұсынғандай болуы керек: қызметкерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерін бағалау; тұтынушыларды жеке тұлға ретінде тарту. Бұның барлығы тұтас ұйымның басқару және пайдалану жүйесін жетілдіруге көмектесуі керек. Егер де ИСО 9001:2008 бен ИСО 9001:2015 жаңа нұсқасына талдау жасасақ нақты тұжырымдар жасауға болады.

Шынымен де ИСО 9001:2015 жаңа нұсқасы басқару технологиясы процестері мен өндірістік процестерді біріктіруге жақсы бейілделген. Қызметкердің, әсіресе ұйым басшылығы жүйелік басқа- руды жақсы меңгерген болса, онда ИСО 9001:2015 негізін түсінуі оңайға түседі[12, 22б].

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта айтқанда  Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты- оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нітижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының алдына қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек.

Бүгінде біз орта білім беруді одан әрі ақпараттандырудың екінші кезеңіне көштік, ол мазмұндық тұрғыда болады және компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетінің іргелі операциялық негіздеріне ауысуды білдіреді, мұнда әрбір оқушы ақпаратқа, қазіргі ақпараттық технологияларға назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, Интернет ғаламдық ақпарат желісін пайдалана алуы тиіс.

Алайда, білім беру жүйесінде білімдік және ақпараттық технологияларды іс жүзінде үйлестіре қолдануда кемшіліктер кездеседі. Оның үстіне ақпараттық технологияның тез жаңаруы мәселені қиындата түседі. Жағдайды жақсарту үшін білім беру технологиялары мен ақпараттық қарым-қатынастық технологияларды кіріктіру қажет, сонда педагог өзі білетін, жақсы меңгерген, бейімделген техникалық құралдарды сабақта тиімді қолданады. Қазіргі технологияларды білім жүйесіне енгізгенде, оқыту материалдарының педагогикалық мазмұндылығы мен әркімнің өзінің үйренуіне жағдай жасаудың маңызы зор. Оқыту ісінің тиімділігі мен сапасы көбінесе өздігінен оқып үйрену процесін тиімді ұйымдастыру мен пайдаланатын материалдардың сапасына тәуелді болады.

Қазіргі таңда білім беру жүйесі еңбек нарығының талаптарына жауап бермейді, яғни біздің елімізде және  әлем елдеріндегі экономикасында болып жатқан өзгерістерге сәйкес түбегейлі өзгеруді қажет етеді. ЖОО сапасын арттырудың тиімді әдістерінің бірі- оперативті басқаруды енгізу (көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік беретінін тәжірибе дәлелдеген), яғни ЖОО бәсекеге қабілеттілігін арттыру және әлемдік білім беру кеңістігінде жоғары беделге ие болуын қамтамасыз ету үшін СМЖ енгізуді талап етеді.Осыған байланысты оқу орындарында ИСО 9001:2015 сериялы халықаралық стандартын қолданысқа енгізуге - СМЖ  шешім қабылдады.

СМЖ оқу орныныңң педагогикалық, ғылыми, тәрбие, әкімшілік, шаруашылық секілді қызмет салаларын қамтиды. Көрсетілген салалар өзара байланыста болады және көп жағдайда бір-бірімен қиылысады.

СМЖ-ның қызмет етуі барлық персоналды қатыстыру арқылы жүзеге асады, ал жоғары басшылық (университет ректоры) сапа саласындағы мақсаттарға жету үшін толық жауапкершілікті өзіне алады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ:

1. 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты аттыҚазақстан халқына Жолдауынан. (www.akorda.kz);

2. «Болашағы зор балапан» мақаласы, «Айқын» газеті, 1.03.2013.

3. 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.

4. Қазақстан Республикасының Үкімет Басшысы С.Ахметовтің қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алқа отырысындағы материалдар, 2013 жыл, қаңтар. (www.edu.gov.kz).

5. http://bilimdinews.kz/index.php/item/605-bastauysh-bilim-berudi-zha-a-memlekettik-standarty- сайты

6. https://tengrinews.kz/zakon/kaz/docs?ngr=V070005111_- сайты

7. http://ya-student.kz/kz/high_schools_and_colleges/basic_information/-сайты

8. http://www.amu.kz/kz/bilim_take_yzmeti/bilim/juesi/-сайты

9.  Асқаров Е.С. Сапаны басқару.-Алматы: Экономика, 2013, 241, 284 б.

10.  Басовский Л.Е., Протасьев В.Б. Управление качестовом. Учебник –М.: ИНФРА-М, 2000, 212 с.

11. Соловьев В.И. ИСО 9001-основа развития качественного системного менеджмента на пути к органи- зации нового типа// Новости ГОССТАНДАРТА-2012-№2-с.47-50.

12. Солов В.И. ИСО 9001:2015 особенности размышления о новой версии систем менеджмента качества// Журнал Успех-2014-№3-с.22-25.

 
03.06.2016 15:30