Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155189

Қазақстан тарихы (Вариант 3)

1-билет 1. Қыпшақтардың этникалық құрамына түсінік беріңіз.

Сырдарияның төменгі ағысынан Балқаш өзені,Дунай сағасына дейінгі аралықтың Қыпшақтар даласы (Дешті Қыпшақ) деп аталуының себебі кең-байтақ аймақтың қыпшақтардың атамекені толығымен растайды. Қыпшаұтардың этникалық құрамы 7-8 ғасырларда қалыптаса бастаған.Жалпы қыпшақтардың этникалық құрамы 2 бөліктен тұрған. БІріншісі-қыпшақтардың батыс бірлестігі, бұлардың тайпалық құрамы 11 тайпадан тұрады;елбөрілі,тоқсоба,йетиоба, дурут, т.ғ. Екіншісі- қыпшақтардың шығыс бірлестігі, бұлардың тайпалық құрамы 16 тайпадан тұрған.Олардың 8 негізгі тайпалар, ал қалған 8 ұсақ тайпалық бөлішелер. Тайпалардың ішіндегі ең беделдісі бөрілер болған.Бұл елбөрілілер болып та айтылады. Қыпшақ хандары осы тайпадан шығып отырған.Тайпаның бөрілілер аталуы қасқырға табынуды көрсетеді.Ал мұндай салт ертедегі түрік тайпаларынан бері қарай белгілі. Тоқсаба да «тоғыз тайпалы» деген ұғымды білдіретін беделді тайпалардың қатарына жатқан. «Дурут» 4 тайпа, «йетиоба» 7 тайпа дегенді білдіріп, олардың біріккен тайпалар екендігін аңғартады Қыпшақ бірлестігіне қимақ,оғыз,құман,ежелгі башқұрт тайпалары да енген, 8 ғасырдан бастап қыпшақтар Арал маңына билік жүргізген кезде олардың құрамына қаңлылар,қарлұқтар мен жікілдер де болған. Сонымен қыпшақтардың этникалық құрамына кірген тайпалардан қыпшақ халқы қалыптаса бастады, Бұл тайпалардың тілі,наным-сенімі,қоғамдық құрылыстары,шаруашылығы бір-біріне ұқсас болды. Әрине тіл жағынан кейбір жергілікті диалектілер сақталған. Бірақ ол бірыңғай қыпшақ халқы болып қалыптасуға кедергі болмаған. ОНы Плано Карпинидің «қаңлылар қыпшақша сөйлейді екен» дегені толық дәлелдейді. Тайпалар бірлестігінің ішінде мұндай жақындасу жағдайлары тығыз жүріп жатты. Сондықтан да Дешті Қыпшақта (Қыпшақтар даласында) қыпшақ халқының қалыптасуы заңды құбылыс еді.Бірақ моңғол шапқыншылығы бұған үлкен нұқсан келтірді. Сөйтіп Қазақстанда бірыңғай халық болып қалыптасу құбылысы 15 ғасырға дейін кешеуленді. 2. Х-ХІІ ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өлкесінде қалалар санының өсу себептеріне талдау жасап, түсінік беріңіздер.

 

Орта ғасыр қалалары санының өсуі. Археологиялық зерттеулерде ерте орта ғасырларға(6-9ғ) қарағанда орта ғасырдың дамыған кезінде(10-12ғ) отырықшылық мәдениет өркендеп, қалалар саны көбейген.Егер бұрын Оңтүстік Қазақстанда 30қаланың орны белгілі болса, ал кейінгі кездегі зерттеулер бойынша,олардың саны 37 қалаға жеткен. Жазба деректерде алғашқы кезеңде 6 қала ғана аталса, соңғы кезде 33-ке жетті. Қалалар санының өсуі, қала маңында жартылай көшпелі мал өсірушілердің отырықшылана бастауы қала саныңың өсуіне әсерін тигізген. Оңтүстік Қазақстанда қалалардың топтаса орналасқан жерлері- Арыс өзенінің Сырдарияға қосылатын тұсындағы салалары. Арыстың орта ағысында орталығы Осбаникет қаласы болған Кенже аймағы құрылса, ал өзеннің Сырдарияға құяр жерінде орталығы Отырар қаласы болған Фараб аймағы орын тепкен. Ал Шауғар(Йасы) аймағында Қарнақ, Қарашық, Шур(Сури), Шағылжан қалалары болған. Сырдың орта ағысында-Сүткент, төменгі ағысында Сығанақ, Жанкент, Аснас, Жент, Баршыкент қалалары белгілі. Қалалық отырықшылық мәдениеттің тағы бір қанат ажйған жері-Жетісу аймағы. Әсіресе оңтүстік-батыс Жетісудың орталығы Таразда да қала мәдениеті өркендеген. Бұл аймақтан 36қала жұрты табылды. Солтүстік-шығыс Жетісудан (орталығы-Лабан,Алматы, Талхир қалалары) 70 қала жұрты ашылған. Қалалар тек саны жағынан емес, көлемі, экономикалық жағынан да өсіп отырған. Оны негізінен 3 топқа бөліп қарауға болады. Бірінші топқа көлемі 30гектардан асатын қала жүрттары жатады. Оларға Испинджаб, Отырар,Сауран,т.б. Екіншш топқа 10 гектардан 30гектарға дейінгі қалалар жатады.Мұндай қалалар Бурух,Хурлуг,т.б. Ал үшінші топқа көлемі 10гектарға жетпейтін қалалар-Алмалық, Лавар, Қапал, Ақтам,Арасан,т.б. Мұндай қалалар 1 және 2-топқа қарағанда өте көп кездеседі.Қалалар көлемдерінің үлкен-кіші болуының өзі,олардың тұрғындарының санына ғана емес,ішкі құрылыс жүйелеріне,қоғамдық(сауда,діни,т.б.) орындарының орналасуына да байланысты. 10-12ғасырлардағы қалалар дамуының өзіне тән бір ерекшелігі-бұл кезде отырықшылық мәдениеттің дамуы Қазақстанның орталық және шығыс аймақтарына қарай жайыла бастауы. Мәселен Ұлытау етегіндегі Басқамыр,Аяққамыр немесе Кеңгір өзенінің бойындағы Сарайлы,Торайлы қалаларының өмір сүруі қалалық мәдениеттің дамуын көрсетеді.

3. Монғол шапқыншылығына қатысты оқиғаларды кесте бойынша толтырыңыз.

Жылдар

Болған оқиғалар

1207-1208 жж.

қысында Шыңғыс- ханның үлкен баласы Жошы Енисей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігінең басқа да «орман» халықтарын бағындырды.

1207-1209 жж.

Шыңғыс-хан бастаған моңғолдар танғұттық Си – Ся мемлекетін жойып, шапқыншылықпен басып алса, одан кейін ұйғырларды өздеріне тәуелді етті, ұйғырлардың басқарушысы идиқұт Баршық өзін Шыңғыс-ханның вассалы деп таныды.

1218 ж.

Шыңғыс-хан Орта Азияға Омар -Қожа Отрари, Жамал Марағи және басқа саудагерлер басқарған сауда көруенін жіберді, 450 адамы бар 500 түйелік сауда керуені 1218 жылы жаз айында Отырар қаласына келіп жетеді. Отырар әміршісі Ғайыр-хан Иналшық саудагерлерді жансыз тыңшылар деп күдіктеніп, оларды қырып тастауға бұйырып, керуенді тонап алды. Шыңғыс-хан Ғайыр-ханды қолыма бер деп талап етті, бірақ Хорезмшах II Мухаммед бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, сонымен бірге Шыңғыс-хан жіберген жазықсыз елшілерді өлтіруге әмір етеді. Осының өзі Шыңғыс-ханның Хорезмге қарсы соғыс ашуына себеп болды, алайда бұл соғыстың себептері оның бүкіл жаулап алу соғыстарының негізіне алған себептер болатын.

1219-1220 жж.

1219 жылы қыркүйекте 150 мыңға жуық Шыңғыс-ханның қалың қолы Ертістен Сырдарияға қарай қаптайды. Шағатай мен Үгідей бастаған түмендер Отырарды қоршауға алады. Жошы бастаған әскерлер Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды алуға аттанады. Үшінші бөлік Сырдарияныңжоғарғы ағысындағы қалалар мен қыстақ – кенттерді алуға, ал Шыңғыс-хан өзі кіші баласы Төлей мен Бұхараға қарай бет ады.

Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласады. Тек Хорезмшах II Мұхаммед көмекке жіберген Қараджа – Хаджибтің Суфи хан қақпасын ашып шығып, өз отрядымен моңғолдарға берілгенде ғана моңғолдар осы қақпа арқылы қалаға лап қойды. Қараджа – Хаджиб өлтірілді. Алайда, моңғолдарға қаланы алу үшін тағы бір ай уақыт керек болды. Қамалды қорғаушылар тегіс қырылғаннан кейін барып, қала 1220 жылы ақпанда алынды. Ғайыр-хан қолға түсіп, Шыңғыс-ханның алдында әкелген жерде қатал жазаланып өлтірілді.

2-билет

1. Оңтүстік Қазақстан - Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын басты қақпасы.

Жібек жолы Жетісу арқылы шығыстан тартылған бағыттармен Таразда түйісіп,Оңтүстік Қазақстанда Испиджаб (Сайрам)қаласына жеткен.Бұл қалалар жеріміздегі сауданың басты орталықтары саналады. Оған дәлел-археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілген кезде қалалардан әр елдің тұтыну бұйымдары,теңгелер мен әшекей,сәндік бұйымдар табылған.Мәселен Тараздан табылған қытай фарфорлары,Византияның сәнді әшекей бұйымдары мен күміс құмыралары.Бұл қалалардың басқа елдерден келген саудагерлердің бас қосқан жері болғандығын көрсетеді. Отырар қаласы керуен жолдары торабында орналасқан,Отырардан шыққан бір жол-Шауғарға, екіншісі Сырдария арқылы өтіп,Васидж қаласына барған.Васидждан одан әрі шыққан жол Сырдың бойымен жоғары өрлеп,Сүткент қаласы арқылы Шашқа, төмен қарай Жент қаласына жеткен.Жолдың бір тармағы Қызылқұм арқылы Хорезм мен Үргенішті, одан әрі Еділ бойы, Кавказды байланыстырған.Ұлы Жібек жолының бұл тармағы Алтын Орда кезіндегі негізгі сауда жолдарының біріне айналды. Жетісудағы Тараз қаласы арқылы жол Испиджабқа келгеннен кейін басты екі тармаққа бөлінеді.Бірінші оңтүстік-батыс бағыт,ол Испиджабтан Шаш(Ташкент) қаласына келіп, Орта Азиядағы Самарқан,Бұхара қалалары арқылы Батысқа қарай шығады. Ал екінші бағыт Испиджабтан шығып,Шымкент,Отырар,Түркістан,Сауран,Сығанақ

қалаларын басып өтіп,Баршынкент қаласында екіге бөлінеді.Біріншісі оңтүстік-батысқа-Хорезмге қарай бағытталса, екіншісі Жанкент қаласынан өтіп,Арал теңізінің солтүстік жағын жағалай жүріп,Каспий теңізінің солтүстік-шығысынан батысқа қарай бет алады.Жанкент қаласынан тағы бір тармақ Солтүстік Қазақстанға бағыт алады.Ал Сығанақ қаласынан Ақсүмбе қаласы арқылы Орталық Қазақстанға қарай және бір тармақ шығады.Бұл жаққа Сауран қаласынан шыққан екінші бір бағыт Қарақұрым (Жыланқарауыл қаласы) арқылы басталады.Бұл жолдар-негізгі жолдан Қазақстанның ішкі аудандарына қарай шығатын шағын бағыттар.Олар арқылы қазақтар негізгі жол бойындағы қалаларға келіп, өздеріне қажетті бұйымдарын алып қайтатын болған. 2. 1990 жылдары Қазақстандағы жекешелендіру үрдісі және оның әлеуметтік салдары.

1993 жылдың соңына қарай жекешелендірудің бірінші кезеңі аяқталды. 10 мыңдаған қазақстандықтар жеке меншік шаруашылықтарын жүргізді. 1993 жылдың қазанында республикада 3,5 мыңнан астам кооператив, 15 мыңнан астам шағын кәсіпорын, 11 мың жеке кәсіпорын, 15 мыңға жуық фермерлік және шаруа қожалықтары құрылды. 160 коммерциялық банктер, 37 түрлі биржалар болды. 7 мың кәсіпорын жекешелендірілді. Оның 5 мыңға жуығы сауда және қызмет көрсету саласы болды.

1994 жылдың көктемінде жекешелендірудің екінші кезеңі басталып, тұрғындарға жекешелендіру купондары таратылды. Азаматтар жан басына 100 купоннан алып, орта және ірі кәсіпорындардың иесіне айналу мүмкіндігіне ие болды. Азаматтар мен кәсіпорындар арасында делдалдық қызмет көрсету үшін қаржы салымының қорлары құрылды. Азаматтардың жекешелендіру чектерінің сатып алған акциялары енді жыл сайын белгілі бір мөлшерде үлеспайда түсіріп тұруға тиіс болды. Жекешелендіру купондары қағаз күйінде қалып қойды.

Ұлттық валютаның айналысқа енгізілуі мен жекешелендіру үдерісінің аяқталуы халықтың әлеуметтік-психологиялық бейнесін өзгертті. Халықтың тұрмысы мүлдем нашарлап кетті. Қазақстан әлемнің 174 елінің арасында 93-орында, ал КСРО құрамында болған елдер арасында 7-орында (1997 ж.). 1990-1995 жылдар арасында қазақстандықтардың өмір жасының ұзақтығы 4,7 жасқа қысқарған. Білім алушылардың мөлшері 39%-ға азайған. Ұлттық табыс мөлшері 7 есе кеміп, 1995 жылы республика бұл көрсеткіш бойынша 129-орында болған.

1997 жылдың соңына қарай республика тұрғындарының жартысынан астамы кедейлікте өмір сүрді. Тұрғындар арасында әлеуметтік аурулар меңдей бастады. Үлкен әлеуметтік келеңсіздіктердің бірі – жұмыссыздық. Осының бәрі бұқараның наразылығын туғызды. Наразылық түрлері: ереуілге, пикеттерге шығу, аштық жариялау. Наразылықтар Жаңатас, Кентау, Шымкент, Тараз қалаларында жиі қайталанды.

1997 жылдың соңында үкімет зейнеткерлер алдындағы қарызын түгел өтеуге мүмкіндік алды. Жұмыссыздар үшін шағын несие бөлінді.

Баға біршама тұрақтанып, құнсыздану ауыздықталды.

1998 жылдың соңында экономиканың 90%-ы жеке сектордың қолында болды. 500 мыңға жуық кәсіпкерлер тобы дүниеге келді. Қазақстан шетелдерден инвестиция тарту жөнінен ТМД елдері ішінде алдыңғы орында болды.

1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап “ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” заң күшіне енді. Азаматтар еңбекақыларынан зейнетақы қорына қаражат аудару арқылы қартайған кезін қамтамасыз етуге тиіс болды.

1991 жылдан Қазақстанда белсенді көші-қон (миграция) үдерістері басталды. “Көші-қон туралы” заң қабылданды. Көші-қон және демография жөніндегі агенттік құрылды.

Көші-қон үдерісі екі бағытта жүрді. Республика аумағынан еріксіз кеткен жергілікті халықтың тарихи отанына қайтып оралуы. Екінші бағыт, Қазақстанда тұратын орыс, украин, беларусь, неміс диаспораларының өздерінің тарихи отандарына кетуі.

Республика тұрғындарының жалпы саны кеми бастады. 5 жыл ішінде әр 1000 адамға шаққандағы туу коэффициенті 19,1-ден 14,7-ге түсті.

1997 жылдың 1 шілдесінде жергілікті халық үлесі 50%-дан асты. Кеңес кезінде өз жерінде ұлттық азшылық жағдайында болған қазақ халқы қайтадан сандық және үлестік басымдыққа жетті.

1999 жылы ақпан, наурыз айларында әр он жыл сайын жүргізілетін халық санағы өткізілді. Қазақстанда 14 млн 952,7 мың адам тұратыны анықталды. 1989 жылы тұрғындар саны 16 млн 199,2 мың болған еді.

2009 жылы 25 ақпан – 6 наурыз аралығында кезекті халық санағы өтті. Халық саны 16 млн 402 мың адамға жеткен. Қазақтардың үлесі 67%-дан асқан.

2000 жылдан кейінгі кезеңде ел экономикасы біртіндеп дағдарыстан шықты, онда өрлеу нышандары байқала бастады. Павлодарда жобалық қуаты 250 мың т. алюминий құймасын шығаратын электролиз зауыты және жіксіз болат құбырларын шығаратын 10 мың жұмыс орны бар зауыт іске қосылды. Ақтөбеде қуаты 6 млрд текше метр газ өңдейтін Жаңажол зауыты салынды. 2008 жылы 70 млн т-ға жуық мұнай өндірілді.

Дүниежүзілік қаржы дағдарысы басталғанға дейін Қазақстанда ішкі жиынтық өнім (ІЖӨ) жылына 9-10% өсім беріп тұрды. Соның нәтижесінде 2007 жылы ІЖӨ жан басына шаққанда жылына 7000 АҚШ долларын құрады. Орташа номиналды еңбекақы 50800 теңгеге жетті.

Жас отбасылары мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қол жететін бағамен ипотекалық несие арқылы пәтер алуын қамтамасыз ететін мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Үш жыл ішінде (2005-2007 жж.) 160 мың отбасы немесе жарты млн-нан астам қазақстандықтар жаңа пәтердің кілтін алды.

Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуына қажетті жағдайлар жасалды. 3. Х-ХІІ ғасырлардағы архитектуралық құрылыс жүйелерін кесте бойынша толтырыңыз.

Архитектуралық құрылыстар

Архитектуралық құрылыстардың аты

Орналасқан жері

Ерекшеліктері

Мешіт

Мешіт-мұсылмен дінінің әдет-ғұрпы,салт-дәстүрлері орындалатын қасиетті ғимараты

X ғасырдың араб-парсы жазба деректерінде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағында болғандығы айтылады. Олардың көбі осы күнге дейін сақталған. Мысалы, Боран мұнарасы.

Мұнараның жанында төбесі күмбезделіп жабылған кесенелер болған.Олардың ішкі жағы қызғылт-күрең түске боялған оюлы ғаныш сылақпен безендірілген.

Құйрықтөбе қаласын қазған кезде ең ертедегі мешіттің орны табылды. Көлемі 35,5*20,5 м. Күйдірілген және шикі кірпіштен тұрғызылған.

Кесене

Халыққа танымал және әулетті адамдар жерленген ғимарат (ескерткіш)

Өзінің алғашқы құрылыс жүйесін сақтаған ескерткіштер-Бабаджа қатын мен Айша бибі. Олар Жамбыл қаласының батыс жағында 18км жерде.Xғ бері сақталған. Арыстан баб Қожа Ахмет Иасауи ұстазы.

Күйдірілген кірпіштен шаршылап салынған порталдары бар, әсем күмбездң ғимарат. Есігі шығыс жақта. Кесене шатырлы күмбезбен жабылған. (X-XIғ).

Кесененің күмбезі құлаған. Қабырғаларының бұрыштары 4ширектік бағандарымен безендірілген. Кесененің сыртқы қабаты түгелдей оюлы терракот кірпіштермен қапталған. Кесене ішінде күйдірілген кірпіштен сатыланып қаланған құлпытас сақталған.(XI-XIIғ.)

Монша

Орта ғасырдың дамыған кезінде архитектуралық сәнділігі ерекше көзге түсетіні монша

Отырар қаласы XI-XIIғ. Екі шығыс моншасы табылды.Олардың көлемі 11,5*16,5м.

Шешінетін және демалатын бөлмелері жеке-жеке салынған. Су құбырлары, су сіңіргішт ор, кір жуатын екі

құрылысы. Архитектуралық қазба жұмыстары барысында көптеген қалалардан шығыс моншаларының орындары белгілі болды. Ғылыми пікірлерге қарағанда үлкен қалаларда бірнеше монша салынған.

Тараз қаласынан екі монша табылды. Көлемі 13,4*12,4м.

бөлме,тандыр ошақ, тіпті шай дайындайтын орын болған.

Моншаның әртүрлі мақсаттарға 7 бөлмесі болған. Сәкілдер,су құятын астаулар,науалар,кертпелер, полихромдық әшекейлер табылды.

3-билет 1.ХV – ХVІ ғғ. қазақ халқының музыка өнері.

Қазақ халқының музыка мұрасы аса бай. Олар:жыр, толғау, терме, желдірме, лирикалық әндері, айтыс өнері,

Қорқыт ата-Қазақ халық музыкасының тарихына көне түркі дәуірінен бергі кезеңдегі музыка үлгілері мен тарихи-мәдени мәліметтер енеді. Құрманғазы -Қазақ музыкасы ауызекі дәстүрге негізделген суырып салмалық өнермен қатар жеке өнер саласы, тіпті ілім ретінде де қалыптасып келеді. Ертедегі орхон-енисей жазбалары, орта ғасырлардағы Қорқыт, оғыз еліндегі қобыз культі туралы деректер түркі тайпаларының музыкалық мәдениетінен хабар береді. Одан бергі жерде әл-Фараби, Ибн-Сина, Әбдірахман Жәми, Дәруіш Әли, т.б. көптеген шығыс ойшылдарының музыка өнеріне қатысты теориялық еңбектері де болған. Фарабидің “Музыканың ұлы кітабы” күні бүгінге дейін ғылыми мәнін жоймаған, әлі де толық зерттеліп болмаған мұра. Мұның өзі қазақ музыкасының бірде шаманизм, бірде зороастризм, бірде ислам мәдениетінің аясында қалыптасып келгенін аңғартады. 15 – 18 ғасырлырдағы жыраулық өнер тудырған эпик дәстүрдің Қазақ музыкасынан алатын орны ерекше. Қазақ халқының осы қалыптасу кезеңінде ұлттық болмысымызға тән музыкалық ырғақтар, екпіндік ерекшеліктер көріне бастаған. Қазақ музыкасының өзіндік ерекшелігі – синкреттілігі. Поэзия мен музыка мақамның бірлігіне негізделген ән-жырлардың келе-келе дараланып, екі түрлі өнер арнасына жіктелгені мәлім. Бірі – ән өнері, екіншісі – күйшілік дәстүр. Осы негізде 19 ғасырда қазақ даласында екі түрлі халықтық кәсіби-музыкалық дәстүр қалыптасқан. Бірі – Ықылас, Сарымалай, Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Сейтек, Сүгір, Тәттімбет, т.б. өнерпаздар бастаған күйшілер тобы болса, екіншісі – Біржан, Ақан, Мұхит, Мәди, Жаяу Мұса, Естай, Үкілі Ыбырай, Абай, Нартай, Майра, т.б. сал-серілерден арқау тартатын әншілік өнер. Қазақтың халық музыкалық аспаптары Қазақ музыканың үлкен бір арнасы – қобыз, сыбызғы және домбыра күйлері. Бұл үшеуінің де арнайы музыкалық қоры мол сақталған, сол себепті халық аспаптары ретінде танылады. Ал жетіген, адырна, үскірік, шаңқобыз, асатаяқ секілді музыкалық аспаптар фольклорлық сатыда ғана көрінеді. Олардың ұлттық сипатынан гөрі типологогиялық табиғаты үстем. Мысалы, бір ғана шаңқобыз аспабын кеңес дәуіріндегі халықтардың барлығынан дерлік кездестіруге болады. Музыкалық аспаптар бүгінде олардың дыбыс шығару ерекшеліктеріне сай хордофон, идиофон және аэрофон болып жіктеліп жүр.Қазақ музыкалық аспаптары — халық арасында кең тараған музыкалық аспаптар. Олар ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұра. Қазақ музыкалық аспаптарының өзіне тән үні, орындаушылық дәстүрі бар. Мұның аттарын халқымыздың жыр-аңыздары мен дастандарынан,15-19 ғасырдағы орыс және шет ел саяхатшылары мен ғалымдарының еңбектерінен кездестіруге болады. Ертеде аспаптарды ағаштан ойып, түрлі өсімдіктерден,малдың терісі мен сүйегінен, мүйізі мен қылынан жасаған. Музыкалық аспаптар төрт топқа бөлінеді:шертпелі,үрлемелі,ұрмалы,сілкімелі.Шертпелі екі түрге бөлінеді: қолмен және ысқышпен. Қолмен: домбыра және шертер, ысқышпен: қобыз.Үрлемелі: сыбызғы, сазсырнай, шаңқобыз.Ұрмалы: дауылпаз және даңғара.Сілкімелі: асатаяқ және сылдырмақ жатады.

2.Қазақстанда Ислам ынтымақтастығы ұйымы конференциясының өтуі және оның тарихи маңызы.

Мұсылман мемлекеттері басшыларының 1969 жылғы 25 қыркүйекте Рабатта өткен конференциясында негізі қаланған Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) – ең ірі және ықпалды үкіметтік әрі халықаралық мұсылман ұйымы. Қазіргі уақытта ол жалпы саны шамамен 1,5 миллиард адамды қамтитын 57 елдің басын біріктіріп отыр.

Қазақстан 1995 жылы Ислам ынтымақтастығы ұйымының толық құқылы мүшесіне айналды.

Астанада 2011 жылғы 28-30 маусымда Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 38-ші сессиясы өтті. Сол сәттен бастап Қазақстан осы халықаралық ұйымға төрағалық етуге кірісті. Бұл басқосуды тарихи оқиға деп атауға болады, өйткені, онда Ислам конференциясы ұйымы атауын (ИКҰ) Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) деп өзгерту туралы шешім қабылданды және Адам құқықтары жөніндегі тұрақты комиссия құрылды. Алғашқы рет ИЫҰ-ның Орталық Азиямен ынтымақтастық жөніндегі іс-әрекет жоспары қабылданды.

Сыртқы істер министрлері кеңесі (СІМК) жүзден астам қарар қабылдады, соның ішінде Қазақстанның бастамасымен ұсынылған Ауғанстандағы заңсыз есірткі өндіру және оның айналымымен күресу, бұрынғы Семей ядролық полигоны мен Арал теңізі өңірлерін сауықтырып, қалпына келтіру жөніндегі құжаттар бар.

Ислам әлеміндегі күрделі геосаяси ахуалға байланысты ИЫҰ-ның Атқару комитетінің Сирия мен Ливиядағы дағдарысты реттеуге арналған төтенше отырыстары өтті. Сомалидегі гуманитарлық апатты еңсеру, исламофобиямен күрес және дінаралық қақтығыстардың алдын алу мәселелері Ұйым назарына алынды.

Қазақстан төрағалығы кезіндегі қолдау арқылы өткізілген кең ауқымды науқан аясында Сомали үшін жалпы мөлшері 500 миллион доллардан астам қаржы жинақталды.

Бұдан бөлек, біздің Мемлекет басшысының жаһандық 3 бастамасы БҰҰ-да қолдау тапты. Атап айтқанда: 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялау және Ядролық сынақтарға баршаға бірдей тыйым салу туралы шарттың күшіне енуі, Ауғанстаннан тасымалданатын заңсыз есірткі айналымына қарсы әрекет ету, сондай-ақ ИЫҰ мен ықпалды өңірлік ұйымдар арасындағы өзара ықпалдастықты нығайту жөніндегі бастамалар. 3. Төменде берілген тарихи құжаттарды басшылыққа алып, кестені толтырыңыз.

Тарихи құжаттар

Кезең

Оқиға

Тарихи маңызы

1

Азияны бағындырып және барлық Шығысты өзіне қаратқан Кир скифтерге соғысқа аттанды.

Помпей Трог

Б.з.б. 530 жылы

Парсы-сақ соғысы

Падиша Томирис «Іздегенің қан еді,ол іш ендеше » деп Кирдің басын қан толтырылған меске батырады. Парсылар сақтардың еркіндік үшін өз өмірін қиюға әзір екенін түсініп, басқыншылық жорықтарын тоқтатады.

2

Сібір бұратаналары жөнінде жаңа заң дайындалуы мен қатар Сперанский Сібір қырғыздарын басқару туралы заңға айрықша мән берді. Белгісіз Сібір жерлерін картаға түсіру үшін ерекше ұсыныс жасады

Фатеев А.

1822 жылы

«Сібір қырғыздары туралы Жарғы шықты»

Ол Орта жүзді жаңа әкімшілік бөлуге әкеліп соқтырды: әкімшілік ауыл 50-70 түтіннен, болыс 10-12 ауылдан, округ 15-20 болыстықтан тұрды

4-билет

1. Қазақ халқының ХVІ – ХVІІ ғғ. шаруашылығы.

Қазақ халқының XVI-XVII ғасырлардағы шаруашылығы — Қазақ халқында тек бірыңғай көшпелі мал шарушылығына ғана болған емес. Халықтың мал шаруашылығымен басым айналысқанда ешбір дау жоқ. Оған қарап оларды мал соңында ұдайы көшіп жүрді, деп айтуға болмайды. Қазақ халқының көшіп-қонуына белгілі бір бағыт, әрбір ру-тайпаның өз көші-қон аумағы болады. Маусымды көші-қон дегеніміз, жыл мезгілінің ерекшелігіне қарай мал басын аман сақтау үшін көшіп-қону жайылымды жерді дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.Маусымды көші-қон 4 мезгілге бөлінеді:Қысқы көш немесе қыстауға көшу;Көктемгі көш;Жазғы көш;Күзгі көш; Қазақ халқының егін шаруашылығы- Археологиялық зерттеулерден қазақтардың қыстауларының жанында егін шаруашылығымен айналысқан арық-тоғандарының іздері табылған. Жетісу аймағы мен Оңтүстік Қазақстанда ертеден-ақ егіншілік кәсібі дамыды. Әсіресе Сырдария, Шу, Арыс, Талас, Іле өзендерінің алқабында суармалы егін шаруашылығы гүлденді.Қазақтарда егін шарушылығы болғандығын жер суғаратын атпа, шығыр сияқты тағы да басқа құралдардан шығыр,жер жыртатын соқа, жер тырмалайтын тырма, айыр, бидай суаратын ағаш күрек сияқты тағы да басқа құралдардан анық байқауға болады. Отырар қаласының аймағындағы Арыс тағы да басқа құралдардан анық байқауға болады. Отырар қаласыңың аймағындағы Арыс өзенінен тартылған Саңғыларық, Сырдариядан Төменарык, Шу өзенінен Қалмаарық сияқты т.б көптеген арық-тоғандардың іздері халқымыздың егін шаруашылығымен айналысқанын көрсетеді. Қаратау, Ұлытау етегінде, Ертіс өзені бойында, Зайсан көлінің айналасында да егіншілік айтарлықтай дамыды. Қазақ егіншілері бидай,арпа,тары,сұлы екті. Оңтүстік жақтағылар күріш пен жүгері де өсірді. Жер жырту саймандары тесе,кетпен,ағаш соқа,тіс ағаш,тырна,қол орақ,күрек болады. Дәнді тұю, ұн тарту үшін ағаш келіні,қол диірменді пайдаланды. Егін егетін жерді атпен, өгізбен, түйемен жыртты. Астықты сақтау үшін жерден ұра қазып, ішінде ылғал болмауы үшін, отпен күйдіретін. Тары көшпелі халықтың қысы-жазы жейтін, ұзақ сақтауға шыдайтын бағалы тағамы болды. Қазақтар дәнді қолмен септі. Піскен астықты қол орақпен орды. Қырманды атпен,өгізбен бастырды. Бұл қазақтар тек көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан деген пікірдің дұрыс еместігін айғақтайды.

2. Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми ақталуы және оның тарихи маңызы.

4 қараша несімен құнды? Бәлкім біреу білер, біреу білмес, дәл осы күні алаш арыстары ҚазКСР Жоғарғы соттың шешімі бойынша ақталған болатын. Нақтырақ айтсақ, 1988 жылдың 4 қарашасында Жоғарғы соттың қылмысты iстер жөнiндегi алқа мәжiлiсiнде «Кеңес өкіметін қарулы көтеріліс арқылы құлату мақсатында ұйымдасқан «Алашорда» қайраткерлерінің контрреволюциялық, террористік астыртын құпия ұйымын әшкерелеу ісіне» қатысты сот үкімі қайта қаралады. Аталған істі қайта қарау алаш ардақтыларының ақталып, ортамызға оралуына түрткі болды. Мұның шарапатын ең біріншіден, жазықсыз жапа шеккен арыстардың ұрпақтары көрді. Өйткені, ес білгелі олардың мойнына «халық жауының ұрпағы» деген қарғыс таңбасы ілінген болатын. Екіншіден, осы оқиғадан кейін еліміздегі тарихшы-ғалымдар алаштануға ден қойып, батыл әрекетке бара бастады. Қазіргі таңда алаш арыстарының еңбектері қайта жарық көріп, ғалымдардың көптеген монографиясы оқырманға жол тартты.

«Алашорда» қайраткерлерінің шығармалары мен ғылыми еңбектерінде кеңес өкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізілмегені расталды. Соның нәтижесінде Қазақ КСР-нің Қылмыстық және праволық Кодексінiң 375-бабын басшылыққа ала отырып Жоғарғы сот:

«Шешiм: СССР Халық Комиссарлар Советiнiң жанындағы ОГПУ-дің (Біріккен Мемлекеттік Саяси басқарманың - Т.Ж.) ІV коллегиясының 1930 жылғы 4 сәуірдегі және 1931 жылғы 13 қаңтардағы Байтұрсынов Ахмет, Дулатов Міржақып, Аймауытов Жүсiпбек, Есполов Мирза-Ғазы, Ғаббасов Халел, Әдiлев Дiнмұхамед, Бiрiмжанов Ғазымбек, Юсупов Ахмед-Сафа, Жұмабаев Мағжан, Омаров Елдес, Битiлеуов Дамолла, Болғанбаев Хайретдин, Байтасов Абдолла, Жәленов Кәрiм т.б жөнiндегi қаулысының күшi жойылсын, олардың iс-қимылдарынан қылмыстық әрекеттер табылмағандықтан да тергеу барысы тоқтатылсын. Қазақ ССР прокурорының наразылығы қанағаттандырылсын» деген шешім шығарады.

Алаш ардақтысын ақтап алу ол заманда оңайға соқпағаны белгілі. Өйткені оларды ақтап алу былай тұрсын, тіпті алаштықтардың атын атаудың өзі ол уақытта қылмыс болатын.

Осы күні алаштанушы ғалымдардың дені біржола келмеске кеткен Кеңес империясының Алаш қайраткерлерін нақақтан-нақақ айыптармен жаппай өлім жазасына кескен, азап лагерлеріне айдаған немесе атқаны туралы құжаттарымен бірге, 1980-жылдардың соңына қарай оларды енді «жаппай» ақтаған іс-қағаздарын да бұрқыратып жариялауға құштар. Осыдан бір ой туады: көш соңында қалған халқын өрге жетелеп, қайтсем ұлттық елдігіміздің қара шаңырағын қайта көтерем, босағасын бекітемін, қайтсем де гүлдетем деп жүріп өз өмірін құрбандыққа шалған Алаш ардақтыларын ақтаудың еш қажеті жоқ еді. Менің түсінігімше, Алаш қайраткерлерін «ақтау» – олардың аруақтарын қорлау. Өйткені, біріншіден, олар халқының алдында да, Алланың алдында да ақ болатын. Қалың елі қазағының жадында олар әрқашанда сүттен ақ, судан таза болып сақталып келді. Оларды уақыт пен тарихтың өзі ақтады. Екіншіден, Алаш қайраткерлерін жаппай қырған кеңес өкіметінің өзі де, оның белшесінен қан кешіп құрған мемлекеті де құдай ұрып тамұққа кетті. Сондықтан оларды «ақтаған» құжаттарды жариялау тарих үшін де, халық үшін де еш қажеті жоқ. Алаш қайраткерлерін «ақтау» – кеңестік зұлым империяның құрдымға кетер алдындағы жан-тәсілімі, өзін-өзі ақтамақ болғаны еді. Ақыр аяғында істеген қара істерін мойнымен көтере алмай қирап құрыды.

Оған айтарым, Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш қозғалысы, алдымен, орыс империясы құрамындағы қазақтың автономиялық, вассалдық мәртебесі мен құзырын заңды әрі іс жүзінде қалпына келтіріп алу (status quo), оны нығайту, содан кейін ғана дербес әрі ұлттық егемендікке қол жеткізуді көздеді. Алаш тарихы, Алаш қайраткерлерінің мұрасы терең әрі жан-жақты зерттелсе, осыған көз жетеді. Алаш тарихынан, әсіресе Алаш қайраткерлерінің іс-әрекетінен тек тағлым, бірыңғай үлгі-өнеге аламыз деу ағаттық. Сұқтанатын, ащы сабақ алуға болатын тұлғалар да жоқ емес. Шынайы тарих сол үшін керек. Сол себепті тарихымызға, Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан сияқты сын көзбен қарай білуіміз керек. 3. Ежелгі адамдардың тұрақтары бойынша кестені толтырыңыз.

Тұрақтар

Орналасқан жері

Ерекшеліктері

Шақпақ ата

Маңғыстау түбегінде

бұл тұрақтан табылған құралдар Олдувай (Шығыс Африка) cайынан табылған ең көне құралдармен замандас. Бұл тас құралдар – жарғыш сынатас, бифас, пышақ, қырғыш, үшкіртастар.

Арыстанды

Оңтүстік Қазақстан Қаратаудағы Арыстанды өзенінің бойында

Бұл тұрақтан өте жақсы өңделген қырғыштар қазып алынды. Қырғыштар шамамен бұдан 25 мың жыл бұрын жасалынған.

Шабақты

Бөріқазған

Жамбыл облысы

Бұл дәуірдегі екі жағынан да өңделген қарапайым шапқыш тас құрал – бифас. Бұл тұрақтардан 5000-ға жуық тас құрал табылды.

5-билет 1. Әбілғазы шежірелерінің тарихи маңызы.

Әбілғазы жазған “Шежіре-и Тарахима” (“Түрікмен шежіресі”, 1661 жылы) және “Шежіре-и Түрк” (“Түрік шежіресі”, 1665 ) атты тарихи екі шығарма шығыстануда, оның ішінде түркітану мен қазақтануда кеңінен танымал болды. Бұл шығарма — Шыңғыс ханнан бұрынғы және одан кейінгі дәуірлерде Орта Азия, Қазақстан, Таяу Шығыс елдерінде болған оқиғалар мен сол тұстағы ел басқарған хандар жүргізген саясат туралы жылнама. Еңбекте қазақ халқын құраған рулар мен тайпалардың көне тарихы, тұрмыс тіршілігі мен мәдениеті жайлы құнды деректер келтірілген. Әбілғазы ханның “Түрік шежіресі” — тарихи-деректік, әдеби және тілдік жағынан өзге шежіре еңбектерден шоқтығы биік тұратын шығарма. Әбілғазы Баһадүрдің «Түрік шежіресі» атты кітабы ғылым дүниесіне XVIII ғасырдың бас кезінде мәлім болады. Кітаптың қолжазбасын Ресейде тұтқында жүрген швед офицерлері Тобыл қаласынан кездестіріп, оны орысша аудартады. Одан швед Шенстрем неміс тіліне аударады, ол аударма кешігіп, 1780 жылы ғана басылып шығады.

Академик Х.Френ бұл басылымды «Шығыстану ғылымының даңқын шығаратын үлкен іс» деп бағалаған. Оның ойынша, бұл басылым Ресей мұсылмандарына өз ата-бабаларының тарихын білуге көмектесіп қана қоймайды, олардың жалпы тарих ғылымына деген көзқарасын оятады. «Шежіренің» ғылым үшін, оның ішінде тарих, этнография және тіл ғылымдары үшін маңызы мен оның кейбір тіл ерекшелігі бұл еңбектің алғашқы аудармашысы Г.С.Саблуковтың кіріспе мақаласында сөз болады. Бұдан кейінгі Әбілғазы және оның шығармалары туралы толық мәлімет беретін зерттеу – А.Н.Каноновтың 1958 жылы жарық көрген «Родословная туркмен» атты монографиясы. Әрине, бұл еңбек, атына сай, «Түрікмен шежіресіне», оның тілдік ерекшеліктеріне арналған. Автор мұнда шығарманың 7 көшірмесінің негізінде оның сыни мәтінін құрастырып, орысша аудармасын және грамматикалық очеркін береді. Бұл еңбек көркем шығарма емес. Дегенмен «Шежіренің» кей тұстарында, әсіресе белгілі халықтардың өмір тіршілігі мен тарихи тұлғалардың мінез-құлқы, істеген жақсылы-жаманды істері туралы сөз болғанда, аңыз-әпсаналар, небір бейнелі сөз тіркестері мен мақал-мәтелдер жиі бой көрсетіп отырады. 2.Е.Бекмахановтың тарих ғылымын дамытудағы үлесіне баға беріңіз.

1937 жылы Ресейдің Воронеж қаласындағы педагогикалық институтын бітіргеннен кейін Қазақ КСР халық ағарту комиссариатының жанындағы ғылыми зерттеу институтында еңбек еткен. Отан соғысы жылдарында Республиканың халық ағарту комиссариатының басқарма бастығы болған. Сонымен қатар Алматының жоғарғы оқу орындарында ұстаздық қызмет атқарған.

1946-1947 жылдарда Қазақ КСР Ғылым академиясында жаңадан құрылған Тарих, археология және этнография институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, 1947 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін, ягни 1966 жылғы мамырдың алтысына дейін Қазақ мемлекеттік университетінде өзі ұйымдастырған Қазақстан тарихы кафедрасын басқарды.

Е.Бекмахановтың ғылыми мұрасы оның тақырыптарының алуан түрлі болуымен, тарихи мәселелерді кең қамтуымен және оларды байыпты шешуімен ерекшеленді. Оның еңбегінің бастысы 1947 жылы Алматыда орыс тілінде жарық көрген "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" атты монографиясы болды. Осы тақырыпта 1946 жылы Мәскеуде тарих мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаған.

Ол кісінің лагерьден тиісті органдарға жазған көптеген арыздарының нәтижесінде, академик, қоғам қайраткері Анна Михайловна Панкратова сияқты қайырымды адамдардың көмегінің арқасында Берия атылғаннан кейін Е. Бекмахановтың ісі қайта қаралып, 1954 жылы 16 ақпанда оның ісі жабылып, өзі ақталып шықты.

ГУЛАГ-тың лагеріндегі адам төзгісіз азапты күндерді басынан кешкеніне қарамастан, қайсар ғалым, артына халықтың игілігіне айналған мол ғылыми мұраларын қалдырды. Өзі ұсталып кеткенге дейін бастап қойған "Қазақстанның Ресейге қосылуы" атты еңбегін аяқтау ісімен айналысты. Бұл еңбегі А.М.Панкратованың бага жетпес көмегінің арқасында Мәскеудегі "Наука" баспасынан 30 баспа табақ көлемінде 1957 жылы жарық көрді.

Е.Бекмаханов өзінің жемісті еңбегіне сай ғылым мен қоғамдағы орнын қайтадан алды. Оған университеттегі өзі ұйымдастырған кафедрасы қайтарылып берілді. 1964 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының мүше-корреспонденті болып сайланды. Өмірінің соңғы он жылында өнімді еңбек етіп, терең мазмұнды ғылыми шығармалар жазды, орта мектептер үшін Қазақ КСР тарихының оқулығын жазды. Бірнеше жас ғалымдарды даярлауда ат салысты. Шәкірттері бүгінде Республика Ғылым академиясының мүшесі, ғылым докторы, профессор дәрежелеріне жетіп, ұстаздарының ғылыми өмірін жалғастыруда.

Қазақстан төуелсіздік алғаннан кейін Е. Бекмахановтың басты еңбегі — "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" ақталып, орыс жөне қазақ тілдеріндегі нұсқалары "Қазақ университеті" (қазіргі "Санат") баспасынан жарық көрді.

Ермахан Бекмаханов жөнінде Халық қаһарманы, академик Шапық Шөкин былайша еске алған: "Ұлтымыздың аса көрнекті тарихшысы Ермахан Бекмаханов уақыт бедеріне бағынбаған, шыншыл ғалым болатын. Ол докторлығын екі рет қорғады. Еңбегінің нашарлығынан емес, тыйым салынған Кенесары тақырыбына жазылғандықтан. 1947 жылы Қазан төңкерісінің 30 жылдығына байланысты Одақтық Академия бойынша үлкен салтанатты кеңес өтуі керек болатын. КСРО ғылым академиясының басшысы Вавилов Сәтбаевқа телефон соғып, Қазақстан тарапынан баяндама жасайтын адамды айтуды сұрайды. Қаныш Бекмахановты ұсынады. Жиналыста қағазсыз сөйлеген жас баяндамашыға ғалымдар таң-тамаша болады". 3. Терминдердің мағынасын кесте бойынша толтырыңыз.

6-билет 1. ХV – ХVІІ ғғ. қазақ халқының ауыз әдебиеті.

Ауыз әдебиетке келер болсақ, Найман Кетбұға -ХІІІ ғ.өмір сүрген жырау, күйші шығармашылығынан бастауға болады. Шыңғысханға Жошының өлімін естірткен «Ақсақ құлан» күйінің авторы.

Сыпыра жырау Сұрұлтайұлы –XІV ғасырда ноғайлы-қазақ эпосының негізін салушылардың бірі. Дешті-Қыпшақтағы ең атақты сөз зергері. Сыпыра жырау туралы «Ер Тарғын» жырында «тоғыз ханды түзеткен кісі» деп жазған. Сыпыра жырау Тоқтамыс пен Темір арасындағы тартыстарды жырлаған.

ХІV-ХV ғғ. Қодан тайшы, Асан қайғы, Қазтуған шығармалары туындады. Соынмен бірге ХІV-ХV ғғ. Батырлар жыры кең таралды. Мысалы, «Едіге батыр», «Ер Саян», «Қобыланды батыр» жырлары. "Телағыс" жырында Сыпыра жырау ноғайлы ішінде шыққан өзара қырқысты өршітпей, жеке басының беделімен, жырының күшімен жауласушы жақтарды бітістіреді. Ал Едіге жырында ол жүз сексенге келген жұрт қамқоры, халықтың ақылшысы.

Көптеген эпостық жырларда Сыпыра жырау айтыпты деген әр түрлі мазмұндағы толғаулар ұшырасады. Эпос кейіпкері Сыпыра жыраудың прототипі — тарихи Сыпыра жырау екендігі жырланған. Қайткенде де, Сыпыра жыраудың өз тұсындағы және өзінен соңғы сахара сөз өнеріне елеулі ықпал еткенін аңғарамыз. Белгілі Мұрын жырау өзін Сыпыра жыраудың мұрагері санаған. Ал қарақалпақ елінің фольклор зерттеушілері Сыпыра жырауды қарақалпақ эпосының негізін салушы деп біледі.

Қорқыт күні-түні тоқтамай күй тартқанда, өлім де бір сәт тоқталыпты деседі. Күні-түні күй тартып әбден шаршаған Қорқыт бір сәт қалғып кетеді. Сонда судан бір қарашұбар жылан шығып, Қорқытты шағып алыпты-мыс. Бұл аңыз-жырдан біз не ұғамыз?

1. Біріншіден, Қорқыт — шамандық дін өкілі.

2. Екіншіден, бұл аңызда адам баласының мәңгілік өмір жөніндегі арманы жатыр.

3. Үшішіден, өмірді ұзартса, артында қалатын өнері ғана ұзартады деген идея жатыр.

Қазақ музыкасында Қорқыттан қалған күйлер — Қорқыт күйі, Қорқыт сарыны, Қорқыт толғауы, Тәңірі биі. Бұл күйлерде Қорқыт өзінің қасиетті ата-бабаларын еске түсіреді, олардың ерлігін асқақтата толғайды, ізгілікке үндейді. 2. Қазақстан экономикасының соғыс жағдайына (1941-1945 жж.) бейімделуі.

2-дүниежүзілік соғыс жылдары (1941—45) республика алдына айрықша қиын, кезек күттiрмейтiн және бiр-бiрiмен байланысты мiндеттер қойылды. Бұл КСРО-ның батыс аудандарынан көшiрiлген өнеркәсiп орындарын қабылдау, оларды тиiстi жерлерге тездетiп орналастыру, өнiм өндiрудi кiдiрiссiз жолға қою болатын. Экономиканы түгелдей соғыс жағдайына бейiмдеу, өндiрiс қуаттарын үнемi арттыру, майданды барлық керектi заттармен қамтамасыз ету қажет болды.

Археология

Этнография

Топонимика

Антропология Археология — тарих ғылымының ежелгі дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін саласы. Этнография, этнология (гр. etnos – тайпа, халық, grapho – жазу) – қоғамдық ғылымның тайпалар мен халықтарды зерттейтін саласы. Этнография қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктерін зерттейді. Топонимика — ономастиканың жер-су, елді мекен атауларының шығуы мен пайда болуын (этимологиясын), мағынасын, құрылымының дамуын, таралу аймағын, қазіргі жағдайын, грамматикалық, фонетикалық пішінін, жазылуы мен екінші бір тілде берілуін зерттейтін құрамдас бөлігі. Бұл гректің «топос» — орын, жер, «онома» — атау деген екі сөзінен тұрады, яғни жер-су атаулары деген сөз. Антропология — адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін жалпы биология ғылымының қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысы бар саласы. Антропология (грекше arthropos – адам, logos – ілім) терминін алғаш рет Аристотель енгізді.

Республика бұл мәселелердi ойдағыдай шештi. 1941 жылдың 4-тоқсанында және 1942 жылдың басында Орта Азия мен Қазақстанға көшiрiлген 250 кәсiпорынның жартысынан астамы (142) Қазақстанға орналастырылды. Көшiрiлген және жаңадан салынған зауыттар мен фабрикаларды iске қосу нәтижесiнде жұмыс iстеп тұрған негiзгi қорлардың өндiрiстiк қуаты бiршама артты. Жаңа өнеркәсiп салалары пайда болды, олар: қара металлургия, мұнай өндiру, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, станок жасау, кен және шахта жабдықтарын өндiру, сығымдағыш-автомат шығару, шағын литражды моторлар, прокат, құбырлар, сымдар, жасанды талшық жасау, т.б. Мата, жүн иiру, тоқыма заттар, шұлық, метиз-фурнитура, айна, кондитер, жемiс-консервi, темекi және шай өлшейтiн өндiрiстер жұмыс iстедi. Соғыс жылдарында Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, Қазақ металлургия зауыты, Текелi полиметалл комбинаты, Қарағанды көмiр шахталары, Ембi мұнай кәсiпшiлiктерi, Гурьев (қазiргi Атырау) мұнай айыру зауыты, кен байыту фабрикалары, кенiштер, Қаратау кен-химия комбинаты, электр станциялары, жеңiл және тамақ өнеркәсiбi орындары, жүздеген км темір жол желiлерi iске қосылды. Түстi металлургия өнiмдерiнiң маңызы артты, мыс өнiмдерiн өндiру 1,5 есе өстi. Қазақстан ел қорғанысына аса қажеттi қорғасын беретiн негiзгi базаға айналды. Қысқа мерзiм iшiнде мыс пен қорғасын қақтамаларын өндiру игерiлдi. Балқаш жұмысшылары мыс өндiрудi 10 есе, молибдендi 20 есе, түстi металл қақтамасын 2 есе арттырды. Ақтөбе ферроқорытпа зауыты мен Жездi марганец кенiшi ел қара металлургиясының қажеттерiн едәуiр дәрежеде қанағаттандырып отырды. Қазақ металлургия зауыты 1944 жылы желтоқсанда тұңғыш рет болат бердi. Республика майдан мен тылды көмiрмен, мұнаймен, түстi және қара металдармен жабдықтау жөнiндегi жетекшi базалардың бiрiне айналды. Елдi көмiрмен жабдықтайтын кен орнының бiрi ретiнде Қарағанды көмiр алабын дамытуға баса назар аударылды. Соғыс кезiнде Қарағанды кеншiлерi 34 млн. т-дан астам көмiр өндiрдi, Оңтүстік Оралға берiлетiн кокстелетiн көмiр көлемі 90% өстi. Қазақстанның мұнай өндiрiсi бүкiл соғыс жылдары майданды мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз еттi. Гурьев мұнай айыру зауыты iске қосылуына байланысты әскери техника жоғары октанды бензинмен және сапалы жағар маймен қамтамасыз етiле бастады. Қазақстанның отын және металлургия өнеркәсiптерi жоғары қарқынмен дамыды. Соғыс жылдарында Қаратау кен-химия зауыты (1944), Қарағанды синтетикалық каучук зауыты (1943), Қостанай жасанды талшық зауыты, Гурьев (Атырау) мұнай айыру зауыты (1945) салынды. Алматы ауыр машина жасау зауыты, Шымкент пресс-автоматтар зауыты, Целиноград (Астана) “Қазақ ауыл шаруашылық машинасы”, Орал арматура зауыттары жалпы одақтық маңызға ие болды. Армияны киiм-кешекпен және соғыс жабдықтарымен, ал халықты күнделiктi тұтыну заттарымен жабдықтаған жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнiң маңызы ерекше. Маман жұмысшылар мен қызметкерлердiң соғысқа кетуiне байланысты кәсiпорындарды жұмыс күшiмен қамтамасыз ету қиындай түстi. Әйелдердi, жас жеткiншектердi, қарт кiсiлердi жұмысқа тартуға тура келдi. Қазақстанда соғыс жылдары 102 мың жас жұмысшы тәрбиелендi. 1945 жылы өнеркәсiп өндiрiсiнде iстейтiндердiң саны 255,4 мың адамға жеттi. Соғыстың алғашқы жылында қорғаныс қорына республика халқынан түскен ақша мөлшері 700 млн. сомнан асты. Соғыс кезiндегi қиындықтарға қарамастан 1945 жылы мұнай өндiру 1940 жылмен салыстырғанда 1,3 есе, көмiр — 1,7, электр энергиясын өндiру 1,8 есе артты. Соғыс жылдарында республикада ауыл шаруашылығы салалары тез дамыды. 1942—1943 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егiс көлемі 1 млн. га-дан астам ұлғайды. Қазақстан ауылдары мен деревнялары зор жiгермен еңбек еттi. Республика шаруашылықтары мемлекетке 5839 мың т астық, оның iшiнде 3568 мың т бидай, 241 мың т картоп, 174 мың т көкөнiс, 1389 мың т қант қызылшасы, 323 мың т мақта, 738 мың т мал мен құс етiн, 1146 мың т сүт, 64 мың т жүн өткiздi.

3. Әмір Темір жорықтары туралы кестені толтырыңыз.

7-билет 1. Темір дәуіріндегі көшпелілердің ат әбзелдері.

Ат әбзелдері дегеніміз – жылқы малын жуасытуға, басқаруға және мінуге арналған бұйымдар. Ер тұрман бастап, жүген-ноқта, тізгін-шылбыр, өмілдірік-құйыстан секілді жабдықтар шоғыры ат әбзелдерін құрайды.Қазақ халқы ат әбзелдерін тұрмыстық, сәндік, жауынгерлік мақсатқа орай пайдаланып отырған. Тұрмыстық мақсатқа күнделікті шаруаға қажет, үнемі қолданылатын ат әбзелдері жатады. Оны сәндемейді және жасау үшін ұсақ түлік тай-тайыншаның терісін де пайдалана береді. Сәндік мақсат үшін жасалған әбзелдер қатарына ұзатылған қыздың ат әбзелі, ас-тойға немесе салтанатты жиынға баратын елбасшыларының ат әбзелдері және әулеттік-отбасылық мұра үшін арнайы сәндеп жасатқан құралдар жатады. Ал жауынгерлік әбзелдің ерекшелігі – өте берік әрі ыңғайлы етіп, нағыз атан өгіздің терісінен жасалады. Оны сәндеп жатпайды, бірақ көшпенділер шайқас кезінде ат әбзелдеріне ритуалдық таңбаларын өрнектеп салады.

Ат әбзелдерінің түрлері Тебінгі – жұмсақ теріден немесе былғарыдан жасалатын, ердің қос қапталындағы үзеңгі бауды басып тұратын жұқа жабылғы. Ол тоқым мен үзенгі бауды терден сақтайды.

Таралғы немесе үзеңгі бау деп ердің қапталындағы ойыққа өткізіліп, үзеңгіге бекітілген қайыс бауды айтады. Бауды иленген қайыстан екі немесе үш елі етіп тіліп жасайды. Жайшылықта үзенгі бау бір қабат болса, жаугершілік кезінде сарбаздар үзеңгі бауды бірнеше қабаттайтын болған. Ал үзеңгі – атқа мінуге, сол сияқты ердің үстінде екі аяқты тіреп, нық отыруға, тебінуге мүмкіндік беретін құрал.

Пыстан – көпшіктің, ат көрпенің үстінен баса тартылатын төсайылмен бірге жүретін, ер жабдықтарының арасындағы ең көрнекті көз тартатын түрі. Ат көрпені алды-артынан басып тұратын жіңішке бау тағылады. Бауды «пыстан бау», «көпшік бастырма», «бастырма», «көрпе бастырма» деп әр түрлі айтады.

Жүген – желкелік, милық, кеңсірік, қасқалық, сағалдырық, сулық, ауыздық және тізгін-шылбырдан тұратын, аттың басына кигізілетін, міндеті – атты иесі ырқына бағындыруға көмектесетін әбзел. Жүгеннің түрі көп. Атап айтқанда: күміс (күмістелген) жүген, өрім жүген, шашақты

1370 ж Мауараннахрды басып алады. Содан 35 жыл бойы жеке – дара билік жүргізеді.

1371 – 1390 жж Моғолстанға он шақты жорық жасаған.

1384 – 1391 жж Алтын Орда мен Моғолстанға бірнеше рет жорық жасап, Моғолстанның түкпір – түкпіріне 120 мың әскер аттандырады.

1391 ж 200 мың әскермен Тоқтамысқа қарсы жорыққа аттанады

Әмір Темір жорықтары

жүген, қасқа жүген, үкілі жүген, түймелі жүген т.б. Жүген басына ауырлық келтіретіндей болмауы керек. Сондай-ақ, ертеде бәйбішелер мінетін жуас жылқыларға жібек жүген қолданатын болған.

Құйысқан – аттың үстіндегі ертоқымы қия жерде мойнына қарай сырғып кетпес үшін, аттың түп құйрығынан өткізіп, ердің артқы қанжығалығына бекітетін қайыстан жасалатын құрал. Құйысқанның екі жақтауы және жаңбырлық-салпыншақ атты жылқының сауырын жапқан үзбелері болады.

Өмілдірік – жұмсақ қайыстан сәндеп жасалатын, ер артқа қарай сырғып кетпеу үшін, аттың омырауын орай тағылған құрал. Өмілдірік төсбау және айылбас салпыншақтардан тұрады. Төсбаудың міндеті – омыраудағы өмілдірік аттың бауыздауына қарай сырғып кетпеу үшін, бір ұшы төс айылға байланып тұрады.

Айыл – аттың үстіндегі ер-тұрманды нық ұстап тұратын, жалпақтығы екі елі қайыс құрал. Айыл ердің қамшылар жағына бекітіліп, аттың бауырынан өткізіліп, жырымға қосылады. Айылдың міндетіне қарай төс айыл және шап айыл деп бөледі. 2. 1822,1824 жылғы реформалар бойынша қазақ даласындағы басқару жүйесіндегі өзгерістері мен ерекшеліктері.

1822 жылы Сібір екі бөлімге: бас басқармасы Иркутскіде болатын Шығыс бөліміне (Сібірге) және орталығы Тобылда, ал 1839 жылдан бастап Омбыда болған Батыс Сібірге бөлінді. Батыс Сібірге: Тобыл, Томск және Омбы облыстары кірді, ал Омбы облысына қазақ даласының Орта жүз қоныстанған жерлері мен Ұлы жүз қоныстанған жерлерінің бір бөлігі кірді. Ол жер «Сібір қырғыздарының облысы» деп аталды да, 1822 жылы оған арналып «Сібір қырғыздары туралы устав» талдап жасалынды.

«Устав» бойынша «Сібір қырғыздарының облысы» сыртқы және ішкі округтерге бөлінді. Сыртқы округтерге Ертістің сыртында көшіп-қонып жүрген қазақтар кірді. Округтер болыстарға, болыстық ауылдарға бөлінді. Болысты бөлудің негізінен жераумақтық (территориялық) емес, рулық принцип алынды. Сондықтан да болыс ру аттарымен мысалы Кенжеғали, Қаржас және т.б деп аталды. Жаңа заңды іске асыру барысында рушылдықтың іргесі сөгіліп, айтақаларлықтай өзгерістерге ұшырады. Қазақтардың белгілі бір әкімшілік шеңберінен екінші бір әкімшіліктің жеріне ауысуы шектеліп, бұрыңғы көшіп қонудың рулық тәртібі бұзылды.

Ауыл старшиндері қазақтардан сайланды. Болыстыққа сұлтандар сайланып, бұл қызмет шын мәнісінде атадан балағы мұра болып қалдырып отырды.

Полиция мен сот өкіметі органдарын округтік приказ басқарды, ал оларға үш жылдық мерзіммен сайланатын аға сұлтандар билік жүргізді. Олардың патша әкімшілігі белгілеген орыстан екі кеңесші болды. Сонымен қатар қазақ зиялылырынан сұлтандар мен билердің сайлауы арқылы қойылған екі заседатель отырды.

«Жарғы» билер сотын жалпы империялық сотпен біртіндеп алмастырып ,олардың құқықтарын шектеудің негізін қалады. Сот әкімшіліктен бөлінбеді. Жергілікті өкімет органдарына полиция функциялары да берілді. Олар қылмыс істеді деп айыпталған адамдарды іздеп табу, тергеу және оларды ұстау міндеттерін атқарды.

1822 жылғы «Жарғы» бойынша барлық сот істері үш категорияға бөлінді: а) қылмысты істер; б)даулы істер; в)басқару үстінен берілетін шағымдар жөніндегі істер. Қылмысты істер империясы жалпы заңдары негізінде округтік приказдарда қаралды. Қылмысты істерден өзгеше даулы істерді ауылдар мен болыстарда жергілікті қолданылып жүрген әдет-ғұрыптардың негізінде билер соты талқылады.

1822 жылы Орынбор генерал- губернаторы П.К. Эсеннің дайындаған жобаны 1824 жылы Азия департаменті комиссиясының мәжілісінде бекітілді. Бұл жоба «Орынбор қазақтарын басқарудың Уставы» деп аталады. «Уставта» «Патша ағзам императордың нұсқауымен қырғыздар даласын басқарудың жаңа жобасы жасалынып, Кіші жүзде басқару Ішкі Орда ханы Жәңгірге жүктелсін және даланы үшке бөліп, әрбір бөлікті басқару үшін аға сұлтан тағайындалсын» ,- делінген 3. Суретте көрсетілген заттардың қай дәуірге жататындығын анықтап, сипаттама жасаңыз.

Қола дәуірі тұрғындары табиғи мысты пайдаланудан біртіндеп оны қорытуға көшті. Пешті жоғары температураға дейін жеткізе қыздыра алды. Онда кенді балқытты. Адамдар мыс рудасына қалайы қосу арқылы қола өндіруді үйренді. Қорытып жасалған еңбек құралдары тастай

қатты, әдемі сары түсті болып келді. Қоладан жасалған еңбек құралдары еңбек өнімділігін арттыруға ықпалын тигізді. Мәселен, тас балтаға қарағанда қола балтамен ағашты үш есе тез шабуға мүмкіндік туды.

Қола дәуірі тұрғындары кен балқыту ісінде өзіндік табыстарға жетті. Құю қалыбы ретінде сазбалшықты, металды, кейде тасты пайдаланған. Жебенің ұшын, қанжарды жасау үшін екі немесе үш жармадан тұратын қарапайым құю қалыптарын қолданған.

Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген түрі –көзе құмыралар жасау өнері. Құмыралар түрінің әсемдігімен қоса, бүйірі мен ернеуіне салған өрнекті әшекейлермен тамаша өнер туындысы саналады.

8-билет 1. М.Х.Дулати мен Қ. Жалайыри еңбектері.

Хайдар Дулати қазақ халқының этникалық құрамына енген ру-тайпалар жайында егжей-тегжейлі жаза келіп, тайпалық тартыстардың тарихта сан рет қанды қақтығыстарға соқтырғанын, ел ішіндегі алауыздықты сыртқы жаулар қалай пайдаланып кеткенін нақты деректер негізінде әңгімелейді. «Тарих-и Рашиди» қанатты сөздерге, мақал-мәтелдерге, сан қилы әдеби теңеулерге мейлінше бай. Ең бастысы — бұл мемуарлық еңбектің шынайы көркем туындыға тән сюжеттік желісі бар, композициялық құрылысы ширақ жасалған әрі метафора, эпитет, теңеу іспеттес көріктеу құралдары қатар пайдаланылған. Тағы бір назар аударатын жәйт — автор белілі бір тарихи деректерді тізбектеумен шектеліп қоймай, дәл сол деректер жайында өзінің ой-толғаныстарын дидактикалық философиялық, психологиялық тұрғыдан талдап түсіндіреді. Хайдар Дулати «Тарих-и Рашидиді» жазу үстінде өзін дарынды ақын ретінде де таныта білген. Проза тілімен түсіндіру қиын болған кейбір жәйттерді ол арагідік поэзия тілімен, яғни жырмен жеткізген. Оның ақындық дарынын кезінде «Тарих-и Рашидиді» өзге тілдерге тәржіма жасаған Батыс пен Шығыстың көптеген ғұламалары ерекше атап көрсеткен. Хайдар Дулатидің бұл еңбегін тұңғыш рет Англияның аса көрнекті тарихшысы Денисон Росс (1871–1940) ағылшын тіліне аударып, оны 1895 жылы Лондонда бастырып шығарған. Осы кітап сол күйінде ешбір өзгеріссіз қайтадан 1972 жылы Лондонда жарық көрген. Шығарманың қазақ тарихына қатысты тұстарын кезінде белгілі шығыстанушы ғалымдар В. Вельяминов-Зернов, В. Вяткин, т. б. тәржіма жасап, өз еңбектерінде ғылыми негізде пайдаланған. Шежіренің кейбір бөлімдерін кезінде қазақтын көрнекті ғалымы С. Асфендияровта аударған. Хайдар Дулати шежіресінің қазақ тарихына қатысты жерлері 1969 жылы орыс тілінде жарық көрген. Өзбек ғалымдары «Тарих-и Рашидиді» парсы тілінен орыс тіліне аударып, 1996 жылы Ташкентте бастырып шығарған. Қорыта айтқанда, Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашид» еңбегі — түркі тектес халықтар тарихынан, соның ішінде қазақ кауымының көне шежіресінен аса құнды деректер беретін бірден-бір туынды.

Қадырғали би еңбегі – ортаазиялық тарихи шығармалар дәстүрінде жазылған еңбек. Сонымен қатар автор сол тарихи кезеңдегі мәдени дамудың деңгейі мен сипатына сай жазба тарихпен қатар, жатқа айтылған тарихты да жақсы меңгерген. Өйткені, ол өмір сүрген тарихи кезеңде көшпелі түркі қоғамдарында ауызша тарих айту дәстүрі кең тараған еді. Шежірелер жинағында берілген шежірелік материалдар, түркі халықтары арасында кең тараған Едіге жайлы эпостан

үзінді, пайдаланылған қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер соның айғағы. Алайда, Қадырғали би еңбегінің құндылығы – қазақ халқы өз өкілінің қаламынан туған жазба тарих болуында. Бұл шығармада қазақ тарихына қатысты деректер аса көп емес, дегенмен сол азын-аулақ мәліметтің өзі ғылыми маңызы зор, оны басқа сол тұстағы ескерткіштерден кездестіре алмаймыз. Өйткені, Қадырғали мәліметтері қазақ қоғамына тән процестерді сырт көз арқылы емес, іштен қарауға көмектеседі. Орта ғасырлардағы түркі жазба ескерткіштерінің барлығында да, оның ішінде Қадырғали шежіресінде де өзге тілдік қабатты араб пен парсы сөздері құрайды. Сонымен қатар мұнда монғол сөздері және некен-саяқ қытай тілінің элементтері кездеседі. Шығармада қолданылған араб сөздерінің дені – дерексіз (абстракт) ұғым атаулары. Олардың да басым көпшілігі түркі тілдеріне еніп, күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан дәулет, асыл, илтифат, ихлас, ишарат, файда, рәсім, адат тәрізді сөздер. Қорыта айтқанда, Қадырғали бидің «Жамиғат-ат тауарих» атты шығармасы – XVI ғасыр соңғы ширегіндегі қазақтың ескі жазба әдеби тілінің прозадағы, оның ішінде тарихи-шежіре жанрындағы тұңғыш үлгісі. 2. ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллегенциясының қазақ жерін біріктірудегі рөлі.

Қазақ ұлтының демократиялық интеллигенциясының жетекшілері, біріншіден, патшалық Ресейдің халықты қорлайтын отарлау саясатының мәнін әшкерлеуді және қазақтардың этнос ретінде сақталып қалуы үшін оның келешігіне қатер төндіріп отырған патша үкіметінің өлкені кеулеп бара жатқан жан—жақты экспансиясының тоқтатуды мақсат етті. Екіншіден, олар заң шығарушы және басқарушы үкімет органдарының алдына кадеттер ұсынған үлгі мен әр түрлі петициялар арқылы талап—тілектер қою демонстрациялар мен шерулер ұйымдастыру, мемлекеттік думаның сайлауына белсенді түрде араласып, парламентке халық өкілдерін өткізу үшін күресуді мұрат тұтты. Сондықтан да 1905–1907 жылдары қазақ интеллигенциясы кадеттер ұсынған Ресей қоғамын реформалау талаптарын жүзеге асыру жолында жүргізілген саяси науқандарға қатынасуда айтарлықтай белсенділік көрсетіп, нақтылы іс—әрекеттерге барды. Олар, атап айтқанда қазақ қауымын ең болмағанда уездер мен болыстар шеңберіндегі жүйесін қалыптастырудың отарлық сипатын өзгертуді талап етті.

Қазақ интеллигенциясының қоғамдық—саяси қызметінің тағы бір бағыты Ресейден Қазақстанға орыс мұжықтарын көшіру ісін басқаратын аударушылардың қоныс аударушы мекемелерінің қызметін тоқтату үшін саяси күрес жүргізуге арналды. Үшіншіден, ұлттық—либералдық қазақ интеллигенциясы қоғамының саяси өміріне өзін өкімет пен дергілікті халық бұқарасын байланыстыратын күш ретінде көрсетуге ұмтылды.

Қазақстанның көпұлтты мемлекет ретінде тарихи дамуының негізгі ерекшелігі, оның жергілікті халқының түркі тілдес халықтардан құралуы еді. Мұсылмандар ынтымақтастығы идеясы мен олардың санасындағы ұлт—азаттық қозғалыстағы " дін бірлігі" түрік халықтарының бір туғандығы туралы, олардың тарихи тағдырының ортақтығы туралы ұғымдар тығыз байланысты болып табылады. ХХ ғасыр басында панисламизм және пантүркішілдік ұлт—азаттық қозғалыстардың идеясына айналып, тегі мен тағдыры бір түрік халықтарын жақындата түсті.

3. Түрік қағанатының саяси жағдайын кесте бойынша толтырыңыз.

Қағандар

Шапқыншылық жасаған жерлері

Бумын қаған (552 ж.)

552 жылы жужандарды талқандады

Қара-Еске қаған

(552 ж.)

Орхонның жоғары жағындағы Букрат тауларындағы аварларды екінші рет жеңеді

Мұқан қаған

552-554 ж.

Солтүстігінде Саян тауына дейінгі аралықта жатқан тайпаларды өзіне қаратса, ал шығысындағы Сары өзенге дейінгі аралықтағы қай, қидан, оғыз-татар т.б. тайпаларын бағындырды.

Тоба қаған

570-580 ж.

көршілес елдерді жаулап, иелігін ұлғайтып отырды.

Иштеми

563-567 ж.

Алтайдың теріскейіндегі тайпаларды бағындырды.

9-билет 1. Құрманғазы Сағырбайұлы - ұлы композитор, күйші.

Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889) — қазақтың ұлы күйші-композиторы.Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі.

Өмірбаяны:

Туып-өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жер. Топырақ бұйырған орны – Астрахан облысының бұрынғы «Шайтани батага», қазіргі «Құрманғазы төбе» деп аталатын жер. Шыққан тегі – Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қызылқұрт бұтағы. Құрманғазының жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ ауызды, сөз дарыған адам болыпты. Ал, нағашы жұрты – Беріш руы. Қалмақ шапқыншылығы кезінде асқан ерлігімен көзге түскен Ағатай батырдың есімі исі Берішке ұран болған. Одан берідегі Өтеміс би, Махамбет ақын, Исатай батыр бір ғана Беріш руының емес, исі қазақтың ардақты ұлдары. Құрманғазының әкесі Сағырбай (шын аты Дүйсенбай деген сөз бар) өнерге мойын бұра алмаған, шаруа адамы болыпты. Құрманғазының бесінші атасы Балтабай әулеті шетінен домбыраға тіл бітірген өнерпаз болса керек. Ал жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ аңызды, сөз дарыған адам екен. Күні бүгінге дейін ел ішінде «Ершінің еркегін қойып, әуелі әйелімен айтысып ал» деген сөз бар. Құрманғазының нағашы жұрты - Беріш руы. Ерлік пен еркіндікті дәстүр еткен елдің қызы, Құрманғазының анасы Алқа да келін болып түскенше даланың ерке желіндей еркін өciп, еркек - шора болып, ойын - тойдың шырайын келтірген. Кейін Игіліктың қызы Әуеске үйленгенде Құрманғазы үшін Беріш руы енді қайын жұрты болады. Құрманғазының бала кезінен - ақ ең айткыш тілі, ең сезімтал тілі қос ішекті домбыра көмейінен шығатын күй тілі еді. Сондықтан да, ол сахараның даңғыл көкірек дәулескер күйшісі Соқыр Есжанды алғаш көpiп тыңдасымен-ақ домбырасынын тілін мен дінін түсініп, ұйып тыңдайды. Сондықтан да, өзінің замандастары Шеркеш, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін құныра тартып, сол күйлерден уақыттың ең шыншыл сырын ұғады. Ал Құрманғазының ұстазы - Ұзақ болатын. 1830 жылы Беріштен шыққан Исатай Тайманұлы және оның жан досы, дауылпаз ақын, дәулескер күйші Махамбет Өтемісұлы бастаған Жәңгір-ханға шаруалар көтерілісінде Құрманғазы да болады. Сол жылдарында «Кішкентай» деген күй шығарады. 1857 жылы Құрманғазыны түрмеге отырғызады. Сібірге айдатайын деп жатқан жерден ол қашып құтылады. Екінші рет оны Орынбор түрмесіне қамайды, бірақ генерал-губернатор Перовскийдің қолдауымен құтқарылады. Түрме тақырыбына бірталай күй шығарады: «Қайран шешем», «Ертең кетем», «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Арба соққан», «Перовский маршы», «Не кричи не шуми», «Машина». 1880 жылы Астрахан түбіндегі Сақмар елді мекеніне қоныс аударады. Қауым арасында ерекше құрметке бөленген Құрманғазы Дина Нүрпейісова, Ерғали Есжанов, Меңдіғали Сүлейменов сынды мирасқорларын жинайды. Сол дәуірде әйгілі болған Көкбала, Менетай, Менқара, Сүгірәлі, Торғайбай, Шора сынды домбыра тарту шеберлері де Құрманғазыны ұстаз тұтқан.Құрманғазы сахараның даңғыл көкірек дәулескер күйшісі Соқыр Есжанның алдын көріп, Дәулеткерей сияқты жайсаң күйшімен сырлас болып, Шеркеш, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің өнерінен өнеге алған.

Шығармалары

Құрманғазының ғұмыр кешкен уақыты, әсіресе оң солын танып, өмір-тіршілікке белсене араласа бастаған кезі мейлінше күрделі еді. Бұл кезең патшалық Ресей жүргізген отаршыл саясаттың ең бір қарқын алған, әбден құныққан, шектен шыға басынған кезі болатын. Қашанда ел басына келген нәубеттің ауырлық тауқыметі ең алдымен еңсесі биік ерлердің иығына түсетін әдеті. Замана зобалаңы Құрманғазыны да от-жалынымен шарпып бағады. Оның «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Ертең кетем», «Бозқаңғыр», «Пәбескі», «Терезеден-есіктен», «Бозшолақ», «Бұқтым-бұқтым», «Не кричи, не шуми», «Арба соққан», «Аман бол, шешем, аман бол», «Қайран шешем»

сияқты күйлері замана басқа салған зобалаңның бір-бір бекеті сияқты. Ол қатал тағдырдың кез келген талқысына өнерімен жауап беріп, өнерімен белгі қалдырып отырған. Құрманғазы өмірге ғашық күйші. Тіршіліктің нұрлы сәттеріне ол балаша қуанып, қалтқысыз сезімге бөлене алады. Оның «Қызыл қайың», «Ақжелең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Серпер», «Назым», «Балқаймақ», «Бұлбұлдың құрғыры», «Ақсақ киік», «Төремұрат», «Қуаныш» сияқты күйлері өмірге іңкәр жанның жүрек лүпілі сияқты.Құрманғазыны суреткер ретінде айрықша даралап көрсететін қасиет – ол концептуалды күйші. Бір ұрпақ емес, екі ұрпақ емес, бірнеше ұрпақтың тағдырына ықпал ететін заманалық құбылыстарға бойлай үңіліп, ой толғау Құрманғазының рухани болмысына тән. Оның «Жігер», «Көбік шашқан», «Кішкентай», «Ақбай» сияқты күйлері өзі ғұмыр кешкен заманның тарихи-әлеуметтік болмысына берілген күйші философтың бағасы. Сол сияқты «Айжан-ай», «Айда бұлбұл, «Алатау», «Амандасар», «Бас Ақжелең», «Демалыс», «Лаушкен», «Ойбай, балам», «Саранжап»«Теріс қақпай», «Ұзак Ақжелең» күйлері кеңінен танымал.[4] Құрманғазының асқақ рухы бір ғана музыка саласына сиятын құбылыс емес. Мұндай тегеурінді дарынның болмысы біртұтас ұлттың рухани болмысына айғақ бола алады. Ұлт тағдырындағы тарихи ұлы өзгерістердің барша қуаныш-қайғысы қашанда біртуар перзенттерінің тағдыр-талайымен шендесіп жатады. Бұл, орайда, Құрманғазы өзінің қайталанбас өнерімен ғана емес, өмірімен де туған халқының бүкіл қасиетіне, сол бір алмағайып аласапыран кезеңнің хал күйіне ең жарқын айғақ бола білді. Ол өзінің қанатты күйлерімен поэзиядағы Махамбет сияқты ғылымдағы Шоқан сияқты, майдан даласындағы Кенесары сияқты, өршіл рухына қылау түсірмей, замана тауқыметін қайыспай арқалап ғұмыр кешті. 2. Алаш Орда мен Түркістан (Қоқан) автономиялары идеяларының жүзеге аспау себебі.

Алаш автономиясы(1917—1920) — 20 ғ. басында қазіргі Қазақстан Республикасы жерін мекендеген қазақ-қырғыз республикалық мемлекеті.Алаш автономиясы — 1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен 2-жалпықазақ съезінде жарияланған қазақ халқының ұлттық-терр. мемлекеттігі. Съезд қазақ автономиясы мәселесі бойынша Халел Ғаббасовтың баяндамасын талқылап, төмендегідей қаулы қабылдады: “Автономия туралы Халелдің баяндамасын тексеріп, қазанның аяғында Уақытша үкімет түскенін, Руссия мемлекетінде халыққа сенімді және беделді үкіметтің жоқтығын ... және бұл бүлікшілік біздің қазақ-қырғыздың басына келуін мүмкін деп ойлап ... съезд бір ауыздан қаулы қылады:

Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқан облыстарындағы және Амудария бөліміндегі қазақ уездері, Закаспий облысындағы және Алтай губерниясындағы іргелес болыстардың жері бірыңғай, іргелі — халқы қазақ-қырғыз, халі, тұрмысы, тілі бір болғандықтан өз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға;

Қазақ-қырғыз автономиясының жер үстіндегі түгі-суы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын;

... Қазақ-қырғыз арасында тұрған аз халықтың құқықтары теңгеріледі. Алаш автономиясына кірген ұлттардың бәрі бүкіл мекемелерде санына қарай орын алады ...

Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша Ұлттық Кеңес құрылсын. Мұның аты “Алашорда” болсын. Алашорданың ағзасы 25 болып, 10 орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылады. Алашорданың уақытша тұратын орны — Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қырғыз-қазақ халқының билігін өз қолына алады (“Сарыарқа” газеті. Семей. 1918, 25 қараша). Съезд Алаш автономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе үкіметі) Ұлт кеңесінің құрамын сайлады. Алаш автономиясының үкіметі — Алашорданың төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. 2-жалпықазақ съезі милиция жасақтарын құру мәселесін жан-жақты талдап, оның Алаш автономиясына кіретін әрбір облыс пен уездегі санын анықтап, оларды соғыс өнеріне үйрету мен қажетті қару және киім-кешекпен қамтамасыз ету жолдарын айқындады. Милицияға қажетті қару-жарақ пен оқ-дәрі Алашорданың ұлттық қорының есебінен алынатын болды. Милицияны құру мақсатын съезд былай деп анықтады: “ ... осы күнде мемл. ішінде бассыздық, талан-тараж, қырылыс-талас болып жатқанын ескеріп, қырғыз-қазақты мұндай бүліншіліктен қорғау үшін ... ешбір тоқтаусыз милиция түзеуге кірісуі тиіс ...” (“Сарыарқа”. 1918, 25 қаңтар, 29). Сонымен, съезд Алаш автономиясын құру қажеттігін бір ауыздан қолдады. Алаш автономиясының бастау көздерінде тұрған, 2-жалпықазақ съезінің делегаты Әлімхан Ермеков бұл туралы былай деп тебірене жазды: “... желтоқсанның 12-і күні, түс ауа, сағат 3-те Алаш автономиясы дүниеге келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты алаштың баласының басына Ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді. Үлкен ауылдарға қоңсы қонып, шашылып жүрген қырғыз-қазақ жұрты өз алдына ауыл болды. (“Сары арқа”, 1918, 22 қаңтар).

Ұлттық-терр. қазақ автоном. мемлекетін құруда съезд делегаттары бірауыздылық танытқанымен, оны (автономияны) ресми түрде жариялау мәселесінде алауыздыққа жол берді. Бұл жағдай мемл. құрылым ретінде жаңадан қалыптаса бастаған автономия үшін қатерлі еді, өйткені автономияны ресми түрде жарияламайынша, оған қазақ халқын, өлкені мекендеген басқа халықтарды сендіру, Алашорда үкіметін мойындату қиын еді. Бүкілқазақтық 2-съезде автономияны жариялау мерзімі жөнінде қызу айтыстар болды. Бұл айтыстардың негізінде қазақ автономиясын жариялауға байланысты өлкені мекендеген қазақ емес халықтардың (ең алдымен орыстардың) пікірін білу және жариялауға тиісті автономияға Түркістан өлкесін мекендеген оңт. қазақтарының қосылу-қосылмау мәселесін нақтылы шешу қажеттігі жатты. Бұл мәселеде бір-біріне қарама-қайшы екі бағыт қалыптасты. Бір бағытты Ә.Бөкейханов басқарды. Оны жақтаушылар съезде өкілдері болмаған Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды кідірте тұру қажет деді. Ж.Досмұхамедов бастаған Орал облысы мен Бөкей Ордасының өкілдері автономияны дереу жариялауды қажет деп санады. Дегенмен ұлттық, жалпыхалықтық мүддені жеке бастарының саяси ұпай жинауынан жоғары қойған Ә.Бөкейханов пен Ж.Досмұхамедовтың жақтастары Алаш автономиясын жариялау мерзімі туралы ортақ, ымыралы келісімге келді. Екі жақтың көзқарастарын жақындатуға алғашында бүкіл қазақ жерін Түркістан (“Қоқан”) автономиясының құрамына енуін жақтаған, ал соңынан бұл пікірінен бас тартқан Мұстафа Шоқай оңды рөл атқарды. Съезд қабылдаған ымыралы қаулының негізгі баптары мыналар еді:

1) Бір айдың ішінде Алашорда Түркістан қазағын бүкіл Алашқа қосып алады, қосып алса-алмаса да бір айдан кейін халыққа білдіреді...

2) Егер бір айдан кейін Алаш баласы (қазақтар - К.Н.) қосылмаса һәм қалған Алашқа иғлан (жария - К.Н.) етілмесе, әркім өз күнін өзі көреді.

3) Егер Түркістан қазағы бір айда бізге қосылса, автономияны қашан иғлан ету ықтияры Алашордаға берілсін.

2-бүкілқазақ съезі Түркістан өлкесін мекендеген қазақтардың Алаш автономиясына қосылу немесе қосылмау мәселесін талқылау үшін Сырдария облысы қазақтарының съезін шақыруды қажет деп тапты және оған өз өкілдері ретінде Бақыткерей Құлмановты, Міржақып Дулатовты және Тұрағұл Құнанбаевты жіберуге ұйғарды. Осы мәселеге байланысты Ә.Бөкейханов пен М.Шоқай біріккен мәлімдемеге қол қойды. Мәлімдеме “Қазақ” газетінің 1917 жылғы желтоқсанның 18-індегі 255-і санында жарияланды.Большевиктер партиясы мен Кеңес үкіметі ұлттық-мемл. құрылыс мәселелерін шешудің негізіне таптық жіктелу принциптерін алса, Алаш көсемдері бұған керісінше ұлттық бірлік, терр. тұтастық принциптерін таңдады. Ә.Бөкейханов 2-жалпықазақ съезінің қазақтың автономиялы ұлттық-терр. мемлекетін құру туралы шешіміне саяси баға бере келіп кейінірек (1919 жылғы 11-і ақпан) былай деп мәлімдеді: “съездің бұл шешімдері қазақтар мекендеген территорияда анархияны болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына жол бермеу мүдделерінен туындады ... Сол кезде Россияда орын алған жағдайда қазақтардың жариялаған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы — большевизммен күрес тұрды”. Азамат соғысы жылдарында большевиктер басқарған Кеңес үкіметіне қарсы күресте Алашорда үкіметі жеңіліс тапты. Нәтижесінде жеңіске жеткен Кеңес үкіметі Алаш автономиясын және оның үкіметі Алашорданы тарих сахнасынан күштеп кетірді. 3. Кестені толтырыңыз

1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліс басшылары

Жетісу орталығы

Торғай орталығы

Ж. Мәмбетов, Ұ. Саурықов, С. Қанаев, Қ. Шорманов, Қ. Құдайбергенов, Т. Бокин, Б. Әшекеев

Ә. Жанбосынов, А. Иманов, Ә. Жангелдин

10-билет 1. Ғұндардың қоғамдық құрылысы.

Ғұндар — көшпелі халық. Ғұндар тәңіршілдік дінді ұстанып, түркі жазуын пайдаланған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған.

Қоғамдық құрылысы:

Ғұн тайпаларында әлеуметтік теңсіздік қалыптасты. Ауқатты отбасылардың немесе үстем тап өкілдерінің қабірлерінен қымбат бағалы заттар көп табылады. Кедей адамдардың қабірлерінде қарапайым жасалған арзан бұйымдар кездеседі, кейбір қабірлерден ешбір зат табылмайды. Ғүндардың билеушісі тобы ақсүйектер рудың мүддесін қорғап, көсем ретінде бар мәселені шешіп отырды.

Қоғамы:

Патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері өте күшті болған. Ғұндар 24 руға бөлінген. Олардың басында ағамандар тұрған. Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Әскери тұтқындардан құралған құлдар да болған. Жазба деректер ғұндар қоғамындағы өкімет белгісі туралы мәлімет те қалдырған. Елді шаньюй басқарған. Одан кейін түменбасылар болды. Ғұндар қоғамында мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық аппараттың құрылуы, алым-салық, жазу-сызудың болуы таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды. 2. КСРО мен ТМД-ның құрылуының принциптеріндегі айырмашылықтар.

КСРО Ресей КФСР, Украин КСР, Беларусь КСР және Закавказ СФСР бiрiгуі жолымен 1922 жылдың 30 желтоқсанында құрылды.

КСРО-ның күйреуінің ең басты себептерінің бірі – елде сөз бен істің бірлігінің болмауы еді. Бар билікті өз қолына жинап алған коммунистік партияның саясатына сай “дұрыс” сөйлеу, бірақ басқаша ойлап, іс жүзінде керісінше істеудің, яғни екіжүзділікке барудың елде кең етек алғанды бүгінгі аға ұрпақтың есінде. Мұндай ел тағдыры үшін аса қауіпті үрдістің пайда болып, қалыптасуына және дамуына кінәлі басқа емес, басынан шіріген балық сияқты, сол ел басқарып отырған партияның ең жоғарғы басшыларының өздері еді. Ол туралы Н. Назарбаев: “Жетпісінші жылдардан бастап партияның жоғарғы эшелондарында сөз бен істің бірлігіне шақырған үндеулер барған сайын күштірек әрі табандылықпен естіле бастады. Турасын айтайық, бұл талаптан нағыз екіжүзділік аңғарылып тұрды. Жоғары басшылықтағылар мұндай бірлікке ең алдымен өздерін өздері шақыруы тиіс болатын. Л.И. Брежневтің жеке басына табынуды қоздыра отырып және ең бірінші кісіге жақын адамдарға жасалатын бүкіл игіліктерді пайдалана жүріп, ат төбеліндей әміршіл топ пратия бұқарасынан барған сайын қол үзе бастаған еді.”-дейді

Конституциясы бойынша егемендi мемлекет болып табылған (әртүрлi жылдарда 4-пен 16-мен аралығындағы) одақтас республикалардан тұрды; әрбiр одақтас республиканың одақтан еркiн бөлiнiп шығу правосы сақталынды. Одақтас республика шет мемлекеттермен қатынасқа шығып, келiсiм-шарттарымен тұжырымдап және дипломаттық және консулдық өкiлдермен ауысып, халықаралық ұйымдардың қызметiне қатысуға құқығы болды. КСРО-мен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымының 50 ел-негiздеушiлерiнiң арасында Беларусь КСР және Украина КСР-лері қатар дауыс құқығына ие болды.

Екiншi дүниежүзілік соғысынан кейiн АҚШ-тан кейінгі екінші жоғарғы держава болды. Кеңес одағы Социализмнің дүниежүзілік жүйесiнде үстем болды, сонымен бiрге Біріккен Ұлттар Ұйымының қауiпсiздiк кеңесінің тұрақты мүшесі болды.

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (Кеңес Одағы, КСРО) - Еуропада 1922 жылдан 1991 жылға дейiн және Азияда өмір сүрген мемлекет. КСРО Еуразияның 1/6 бөлiгiнде орналасты және 1917 жылдан дейін Ресейлiк империя Финляндия, Поляк патшалығының бөлiгiнсiз орналасатын және (Карстың жерi, қазіргі Түркия) кейбiр басқа аумақтағы әлемiнiң елдері арасында орналасқан ауданы бойынша өте iрi болды.

1977 жылғы Конституцияға сәйкес, КСРО бiртұтас одақ, көп ұлтты және социалистiк мемлекет болып жариялады. КСРО-ның ыдырауы орталық одақтық өкiмет және одақтас республикалардың жоғарғы кеңестері, президенттері орындарына жаңа сайланған өкiмет өкiлдерінiң арасындағы өткiр қарсы тұрумен бейнелендi. Республикалық жоғарғы кеңестер 1989—1990 жылдары барлығы бірдей мемлекеттiк егемендiк туралы декларацияларын қабылдады, кейбiреулері - тәуелсiздiк декларациясын жариялады. КСРО-ның 15 республикасының 9-ында 1991 жылдың 17 наурызында азаматтардың үштен екiсi жаңартылған одақтың сақталуын шешу мақсатында Бүкiлодақтық референдум жүргiзiлдi. Орталық өкiметке бiрақ ахуалды тұрақтандырудың сәтi түспедi.

Сәтi түспеген мемлекеттiк төңкерiске Прибалтика республикаларының тәуелсiздiгiнiң ресми мойындауы ердi. Украина тәуелсiздiгi туралы Бүкiл Украиналық референдумнан кейiн КСРО-ны сақтау мүмкiн емес болды. Беларуссия, Украина және Ресей Федерациясы 1991 жылдың 8 желтоқсан күні қол қойған Тәуелсiз мемлекеттердiң достастығын құру туралы келiсiмде мәлiмдеген. КСРО ресми түрде 1991 жылдың 26 желтоқсанының өмір сүруін тоқтатты. КСРО-ның барлық халықаралық-құқықтары, халықаралық қатынастары мен шет елдердегі мүліктері мен ақша капиталына Ресей Федерациясы мұрагер ретінде мойындалып, БҰҰ қауiпсiздiк кеңесiнің тұрақты мүшесі ретіндегі оның орынына ие болды.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) — ыдыраған КСРО орнына 1991 ж. 21 желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым. 1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларусь және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашхабадта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді. 1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алматы Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады. 3. Кестені толтырыңыз

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстан

Ішкі саясат

Сыртқы саясат

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Республиканың саяси басшылығы өз азаматтарының құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге айрықша назар аударды. Кеше ғана 30—тамызда қабылданғанына 16 жыл болған еліміздің Конституциясында адамды тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсіліне, діни көзқарасына байланысты ешқандай кемсітуге болмайтындағы анық айтылған. Елімізде Президент қызметінің енгізіліуі қоғамдық—саяси өмірде терең саяси реформалар жүргізуге мүмкіндік берді. Қазақстанда бір партиялық жүйенің орнына көппартиялық жүйе қалыптаса бастады. 1996 жылдың 30—қаңтарынан бастап екі палаталы парламент жұмыс жасап келеді. Бұқаралық ақпарат құралдарына еркіндік берілді. Тауар тапшылығы жоғалып, өнім сапасы жақсарды. Қазақстан Республикасының азаматтары экономикалық еркіндіктің арқасында меншік иелеріне айналды. 1993 жылы 15—қарашада Ұлттық валюта—теңге айналымға шықты. Осы күнде теңгеміз тұрақты, сенімді қаржы бірлігі болды. Жаңа Тәуелсіз Қазақстан Республикасы халықтың жаңа тиімді

Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардағы Қазақстанның сыртқы саясатындағы жүргізілген жоспарлы да мақсатты қызметінің нәтижесінде еліміз бүкіл әлемге бейбітшілікті қолдаушы, оны іс жүзінде дәлелдеуші мемлекет ретінде айқындалды. Қазақ Елі егемендіктің алғашқы бірнеше жылдарында дүниежүзінің барлық құрлықтарындағы беделді мемлекеттерімен көпсалалы байланыс орнатты. Солардың ішінде АҚШ, Қытаймен арадағы қатынас іскерлік, өзара түсіністік, теңдік талаптары негізінде қалыптастырылды. Осылармен бірге Қазақстан Республикасы әлемдегі беделді экономикалық жиындарға, кездесулерге қатыса отыра, өзінің құнды ұсыныстарын жария етумен айғақтанды. Әлем Қазақстанды экономикасы нарық қатынастарына нық қадам жасаған, саяси-әлеуметтік дамуы тұрақты ел ретінде бағалай бастады. Қазақ Елі басшысының сындарлы сыртқы саясаты оны әлемге өзіндік дүнижүзі халықтары мүддесі жолындағы маңызды бастамалар мен ұсыныстар жасаушы және оны іске

тұрмысын қалыптастыру жолындағы күрделі экономикалық реформаларды өте сәтті жүзеге асыра алды. Мұндай орасан зор өзгеріс оңайшылықпен келген жоқ еді. Жетпіс жылдан астам қалыптасқан сананы, дүниетанымды өзгерту міндеті де оңайға соқпады. Меншікке қатысты көзқарастың өзгеруіне өмірдің өзі түрткі болғандықтан, жаппай жекешелендіру экономикалық қайта құру жолындағы алғашқы батыл қадам болды. Сыртқы сауданы одан әрі ырықтандыруға және елді дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне енгізуге бағытталған сыртқы экономикалық қызмет реформасы табысты жүргізілді. Банк жүйесі батыл түрде реформаланды, халықтың банкке деген сенімі арты және жеке тұлғалардың банк жүйесіндегі салымдары тұрақты түрде өсті.

асырушы дәйекті мемлекет қайраткері ретінде таныды.

11-билет 1. Қола дәуіріндегі діни наным- сенімдер.

Андроновтықтардың көптеген діни түсініктерінің мәні мен одан шығатын ғұрыптық салттары, түрлі жоралғылары археологиялық мәліметтерді ежелгі үнді және көне иран діни шығармаларының мағлұматтарымен байланыстырғанда ашыла түседі. Андроновтық қорымдардағы барлық қабірлерде мүрденің басы батысқа не болмаса оңтүстік-батысқа қаратылған. Бұл кездейсоқтық емес. Үнді-ирандықтар түсінігінше жер торт бұрышты немесе дөңгелек, не болмаса шаршыға енген дөңгелек тұрпатында болды. Сондықтан ортасында қабірі бар дөңгелек оба әлем секілді еді. Әр тарапты өзінің құдайы басқарды. Олай болса, басты батысқа қарату о дүние құдайына қарай бағытталғандық еді. Мүрдені қабірге бүгінен жатқызды. Бұрын мұндай қалыпта жатқызуды өліктен адамдар қорқып аяқ-қолын жіппен байлады деп түсіндірді. Бірақ көне әдебиеттерде жер мүрдені анасы секілді қабылдайды, және де ол өмірге жаңадан қайта келеді деп жазылған. Сондықтан да, мүрденің қырынан жатуы - ана құрсағындағы баланың жатуы болып табылады. Мүрдені осылай жатқызу үшін оны байлаған.

Мүрдені жерлеумен қатар андроновтықтар кремацияны - өлікті өртеуді де қолданды. Бұл от культіне байланысты қалыптасқан еді. Бірақ, қабірлердегі сүйек, күл мен кемір қалдықтары езіндік мақсаттарға қарай бөлінеді. Ерте кезеңдердегі күл мен көмір елікті өртеген от ғұрыптарының қалдықтары. Ал, кейінгі уақыттардағы күл мен сүйек отпен тазалағандағы өртелген ағаш жабын.

Қабірге, мүрденің бас жағына тағам салынған ыдыстар, сондай-ақ сойылған қой, өгіз немесе жылқы қойылды. Кейде етті қабір шұңқырының үстіне, қоршау маңында да қалдырды. Бұрын зерттеушілер мұны өлген адамға берілген о дүниелік сый деп есептеді. Бірақ, коне жазба дерек коздері оған күрделі түсінік береді. Тіпті қазба кезінде аршылған тағамдарға байланысты бірнеше ғұрыпты байқауға болады. Тағам тек қайтыс болған адамға ғана емес, олілер патшалығының патшасынан бастап өмірден бұрынырақта әткен барлық ата-бабаға берілді.

Көбіне тас қоршау жанынан, үйінді шетінен табылатын малдың бас сүйегі мен аяқтары - белгілі бір уақыттардан кейінгі ас беру ісінің қалдықтары. Әдетте, оған қайтыс болған адамның

туыстары қатысты, олар үлкен қазанға ет асып, оны жеді, ал малды білдіретін бас сүйек, аяқ пен теріні ата-бабалар үшін көміп кетті.

Кейде қазба кезінде құшақтастырылып жерленген еркек пен әйелдің қосарланған қабірі ұшырасады. Бұрын бұл әйелді әдейі өлтірін, қабірге күйеуінің қасына жерлеген деп саналып келді. Бірақ ежелгі текстерден әйел өлген күйеуімен бірге о дүниеге аттанарын немесе ары қарай өмір сүрерін өзі шешкендігі белгілі. Шынында да, бұл салт кең тарай қоймады. Әдетте, ол тек символикалық түрде ғана орындалды - әйел қайтыс болған күйеуінің қасына тез жатып, қабірден шығып кетті. Немесе оз орнына кесілген бұрымын тастады.

Жартас суреттері. Діни наным-сенім өнердің даму жолын анықтап отырған. Айталық, құдайлардың тас мүсіні мейлінше шынайы және үлкен көркемдік талғаммен жасалды.

Әдетте, ғибадатханалар халыққа бірнеше ғасырлар бойы қызмет көрсетті. Сондықтан да жартасқа тек неолит пен қола дәуірлеріндегі адамдар ғана өз суреттерін қашап, бедерлеген жоқ, оны кейінгі адамдар, тіпті XIX ғасырға дейін өмір сүргендер де салды. 2. Кеңестік Қазақстан мен Тәуелсіз Қазақстанның заң шығару органының қызметіндегі ерекшелігі.

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі (1937 – 91) Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасындағы (Қазақ КСР-і) мемлекеттік биліктің бір палаталы ең жоғары органы. Қазақстан КСРО құрамындағы одақтас республика болып құрылғанға дейінгі алғашқы кезеңде (1920 ж. қазан – 1936 ж. желтоқсан) республикада мемлекеттік биліктің заң шығарушы, өкім жүргізуші және бақылаушы органы міндетін Қазақ Автономиялық Социалистік Республикасының (Қазақ АКСР-і) Орталық Атқару Комитеті (ОАК) (1925 ж. cәуір айына дейін Қырғыз (Қазақ) АКСР ОАК-і) атқарды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес республиканың қарауына жатқызылған барлық мәселелерді шешуге құқылы болды, әрі оған республика аумағында жоғары заң шығарушы орган ретінде заң шығарудың бүкіл өкілдік билігі жүктелді. Оның құзырына Қазақ КСР Конституциясын, шаруашылық құрылыстағы, экономикалық, әлеуметтік-мәдени өмірдегі алуан түрлі мәселелер бойынша заң қабылдау және өзгерту, сондай-ақ құқықтық-нормативтік сипаты бар заңи құжаттарды, үкімет құрамына және Конституцияға өзгерістер енгізетін барлық жарлықтарды ресми түрде бекіту өкілеттігі берілді. Жоғарғы Кеңес Қазақ КСР-нің экономикалық және әлеуметтік дамуы жөніндегі мемлекеттік жоспарларын, мемлекеттік бюджетін және олардың атқарылуы туралы есептерді бекітті. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік билік түрлерінің бірі саналатын сот жұмысы саласында да толық билікке ие болды. Ол сот төрелігін жүзеге асыру тәртібін, сот органдары жүйесін, оларды сайлау тәртібін, өкілеттігін, қылмыстық және тәртіптік жауапкершілігін белгіледі, сот ісін жүргізу қызметіне бақылау жасады. Жоғарғы Кеңес Төралқасының Төрағасын, орынбасарын, хатшысын, мүшелерін және үкімет мүшелерін, Жоғарғы сот мүшелері мен халық заседательдерін өз міндеттерін орындаудан мерзімінен бұрын босатуға өкілетті болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1-сайлауы 1938 жылы 24 маусымда, ең соңғы 12-сайлауы 1990 жылы өткізілді. Қазақ КСР-інің осы соңғы сайланған Жоғарғы Кеңесі Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін баянды еткен аса маңызды тарихи заңнамалық құжаттар қабылдады. Атап айтқанда:

1990 жылы сәуірде “Қазақ КСР Президенті қызметін белгілеу туралы” Заңын қабылдап, Қазақстанда Президенттік басқаруды енгізді, бұл мәртебелі қызметке Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды;

1990 жылы 25 қазанда “Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы” Декларацияны,

1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-інің атауын Қазақстан Республикасы (Қазақстан) деп қайта атау туралы Заңды,

1991 жылы 16 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын қабылдады;

1992 жылдың 4 маусымда егеменді тәуелсіз республиканың жаңа мемлекеттік рәміздерін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гербі мен Мемлекеттік Туын, желтоқсанда Мемлекеттік Әнұранын бекітті;

1993 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын (Негізгі заңын) қабылдады.

Бұл Конституция өтпелі кезеңдегі жағдайды сипаттайтын құжат қызметін атқарып, елде жүргізіліп жатқан реформалар мен әлеуметтік-экономикалық, саяси міндеттерді шешуге бағытталды және екі жыл бойы Негізгі заң ретіндегі тарихи қызметін орындап шықты. Алайда,

КСРО ыдырап, тәуелсіз мемлекеттілікті жүзеге асыра бастаған кезде қалыптасқан саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайда Қазақстандағы бұрынғы халық депутаттарының кеңестері түріндегі өкілетті органдар жүйесі республиканы дағдарыстан алып шығуға дәрменсіз болды. Ескі өкілетті билік жүйесімен және олардың заң шығарушылық әдістерімен нарықтық экономикаға бет алған жаңа қоғам орнату мүмкін емес еді.

Тәуелсіз Қазақстан: заң шығарушы билік

Ең жоғарғы заң шығарушы орган — парламент, ол екі палатадан тұрады — Сенат пен Мәжіліс. Сенаттың қызмет ету мерзімі – 6 жыл, оны жарты құрамы әрбір 3 жыл сайын қайта сайланып тұрады. Сенаттың 47 мүшесінің 32-сі облыстардың, Республика астанасы мен республикалық маңызы бар қалалардың өкілетті органдарының мүшелерінен сайланады (әрбір әкімшілік аумақтан 2 адамнан), ал 15-ін ел президенті тағайындайды. Мәжіліс (107 депутат) жалпы сайлау нәтижесінде 5 жыл мерзімге сайланады: 98 – бірмандатты аумақ бойынша және 9 – Қазақстан Халықтары Ассмаблеясымен. Парламент президенттің ұсынысымен конституцияға өзгерістер енгізеді, бюджетті, үкіметтің бағдарламалары мен есептемелерін бекітеді (сенбушілік вотумын енгізу үшін әрбір палатадан берілген дауыстың үштен екісін жинау керек), заңдарды қабылдайды (берілген дауыстың үштен екісін жинаған кезде президент ветосынан асып өте алады), соғыс пен бітімгершілік сұрақтарын шешеді, референдумдарды енгізеді, халықаралық келісімдерді ратификациялайды және т.с.с. Сонымен қатар Сенат президенттің ұсынысымен Жоғарғы сотты белгілейді, президент тағайындаған бас прокурорды және Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасын бекітеді, жергіікті үкіметтік органдарды таратады. 3. Кестені толтырыңыз:

Шайқас болған жері

Жылдары

Атлах шайқасы

751 жылы

Батпақ шайқасы

1365 жылы

Орбұлақ шайқасы

1643 жылы

12-билет 1. ІХ-ХІІ ғасырлардағы қолөнердің дамуы.

Қала тұрғындарының көбеюі тұтыну бұйымдарын көп өндіруді талап етеді. Сондықтан да қалаларда түрлі бұйымдар өндіретін шеберлер, шеберханалар көбейе бастайды. Орта ғасырларда қыш құмыра, шыны, металл бұйымдарын жасайтын ұсташылық , зергерлік, сондай-ақ тас өңдеу кәсібімен айналысатын шеберлер қалыптасады. Олардың өндірген бұйымдарынан қалалық өмірдің өркендеу деңгейін айқын аңғаруға болады.

Құмырашы-көзешілер аяқпен айналдыратын ұршақтармен саз балшықтан әр түрлі формада құмыра немесе қыш ыдыстар жасаған. Көзешілердің шеберханалары бірнеше бөліктен тұрған. Егер бір жерде саз илейтін болса, ал екінші бір жерде ыдысты қалыпқа келтірумен айналысқан. Ал үшінші жерде дайын болған ыдыстарды арнаулы ошақтарда күйдіретін. Күйдірулі жақсы қыш ыдыстар төзімді болған. Ерте орта ғасырға қарағанда, Х-ХІІ ғасырларда қыш құмыралар әрі сәнді, әрі мықты және әр түрлі қалыптарда жасалынған.

Қыш қумыра мен су құбырларын жасайтын шеберханалар Отырар, Құйрықтөбе, Талғар, Тараз, тағы басқа қалалардан табылған. Қалалардан табылған ыдыс түрлерінің тағы бір ерекшелігі , олардың іші-сырты жылтырап тұратын түрлі-түсті әйнек тәрізді сырмен (бояумен)сырланған. Ондай сырлармен сырланған ыдыстардың бояуы жер астында қанша уақыт жатса да, өшпей, ешбір химиялық өзгеріске ұшырамай сол алғашқы түсін сақтап қалған. Бояудың ғажайып қасиеті осы уақытқа дейін жұмбақ болып отыр. Жетісу қалаларынан табылған археологиялық ескерткіштердің ішінде алмұрт тәрізді бүйірлі құмыралар көп кездеседі. Олардың сырты қошқармүйізді өрнектермен әшекейленген.

2. «Отан соғысы», «Ұлы Отан соғысы», «Дүниежүзілік соғыс», «Азамат соғысы» ұғымдарына талдау жасаңыз.

Отан соғысы (1812) – Бұл соғыс империялық Франция мен Ресей империясы арасындағы саяси және экономикалық қайшылықтарға, әсіресе Наполеон жүргізген басқыншылық соғыстарға байланысты басталды. Соғыс Напелон әскерінің Ресей империясының аумағына шабуыл жасауынан бастау алады.

Ұлы Отан соғысы (1941—1945) — Кеңес Одағының нацистік Алманияға және оның еуропалық одақтастарына (Мажарстан, Италия, Румыния, Финляндия, Словакия, Хорватия) қарсы жүргізген соғысы; Екінші Дүниежүзілік соғыстың ең маңызды және шешуші бөлігі.

Дүниежүзілік соғыс – дүние жүзіне үстемдік жасау үшін жүргізілген соғыс.

Азамат соғысы — мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптар, діни ағымдар мен кландар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес.

3. Кестені толтырыңыз: 1988 жылғы «Жазықсыз жазаланғандардың ақтау жөніндегі қаулы» бойынша ақталғандар:

Ақталғандар:

1. А.Байтұрсынов

2. Ш.Құдайбердіұлы

3. М.Жұмабаев

4. Ж.Аймауытов

5. М.Дулатов

13-билет 1. Моңғол империясының қоғамдық құрылысы.

Моңғол империясын Шыңғысхан жеке басқарды. Жанында жаза білетін және басқа елдердің тілін түсінетін уәзірлер болды. Ол исперияны 95 түмен әкімшілікке бөлді. Әрбір түменде 10 мыңнан астам болды. Түмендер аймаққа бөлінді. Әрбір мыңдық он жүздіктен, жүздіктер ондықтардан тұрды. Басқару жүйесі ондықтан басталды.Әскери басқару жағынан Моңғолия аумағы мен халқы 3 әскери әкімшілік аймаққа бөлінді.Олар: оң қанат(борунгар),сол қанат(жоңғар) және орталық қанат(кул) деп аталды. Бұл қанаттар түмендерге бөлініп басқарылды. Жеке басын қорғайтын жасауыл(Моңғолия «Кешіктен») деп аталды. Мемлекеттің басты заңы «Жасақ» (яса) деп аталды. Ол 2 бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім Шыңғысханның нақыл сөздері, екінші бөлім әскери, азаматтық істерді орындаудағы жалпы заңдар; «Жасақ» бойынша құрылтай жылына 1 рет жаз айында болады. Онда империяның басқа да ішкі мәселері шешіледі. 2. Әбілхайыр ханның Ресей патшалығымен дипломатиялық келіссөздері.

Қазақ жасақтарының Аңыраөай шайқасындағы жеңісі жоңғар шапқыншылғының қаупін біржолата жоя алмады. Еділ қалмақтары мен башқұрттардың және Орал қазақтарының Кіші жүз жеріне тонаушылық жорыөтары тоқтамады. Сондықтан Әбілхайыр хан Петербургке С.Қайдағұлов пен Қ.Қоштаев бастаған елшілік жіберді. Елшілік Петербургке қазан айында жетеді, хатты әйел император Анна Иоанооваға тапсырды. 1731ж.19 ақпанда А.Иоановнаға Кіші жүзді Ресей бодандығына қабылдайтыны туралы сенім грамотасына қол қойды. Анты қабылдау үшін 1731ж. күзінде Кіші жүз ханы Әбілхайырға тапсырылатын сенім грамотасымен бірге сыртқы істер коллегиясыеың тілмамшы Тевкелев бастаған елшілер тобы келеді. 1731ж. 10 қазанда Әбілхайыр оның ағасы Құдайназар, Бөгенбай,Есет батырлар және 27 қазақ ақсүйектертері Ресей азаматтығын қабылдау туралы актіге қол қояды. 1732ж. 24 қарашада кері қайтқан Тевкелев елшілігмен бірге Әбілхайыр хан жіберген қазақ елшелігі Уфаға келеді. 1734ж. Кіші жүздің Ресей азаматтығына кіру мәселесі түпкілікті иемдеді. Әбілхайыр хан сауда керуендерін қорағауға, алым-

салықтар төлеуге міндеттелді, ал Ресей үкіметі Әбілхайыр үшін Ор өзеннің жағасында бекініс салуға уәде берді. Кіші жүзден кейін Орта жүздің бір бөлігі де Ресей бодандығын қабылдады. 1734ж. 10 маусымда Орта жүздің ханы Сәмеке мен оның жақтастары Ресейге қосылды. Ұлы жүздің Ресейге қосылу процесі жүз жылдай астам уақытқа созылды. 3. Атлах шайқасы болған аумақты карта бойынша белгілеңіз және сол шайқастың маңызын түсіндіріңіз.

Атлах шайқасы түргеш қағандығында арабтар мен қытайлар арасында болды.738 ж. сары түркештің көсемі Баға-Тархан сұрықты өлітіріп, билікті өз қолына алуға ұмтылды.Шу өзенінің бойында болған шайқаста қара түркештер жеңілді де, 740ж. Баға-Тархан өлтіріліп, оның орнына Құтлық білге (қара түркеш) қаған болды. 751ж. Тараз маңындағы Атлах деген жерде арабтар мен қытайлар арасында тарихи шайқас болды. Араб қолбасшысы Зияд ибн Салих пен қытай әскери басшысы Гао Сянь-Чжи бастаған 2 жақтың соғысы бес күнге созылды. Ұрыстың шешуші сәтінде Қытай тылында қарлұқтар көтеріліс жасап арабтар жағына шығады және ұрыстың тағдырын шешеді. Ауыр жеңіліске ұшыраған Қытай әскері бүкіл Жетісу жерін тастап шығады.Бұл жеңіс кейіннен исламның Оңтүстік Қазақстанға түпкілікті орнығуына жол ашқан болатын.Осы шайқастың тарихтағы маңызы осы еді. 756ж. қара түркештер мен сары түркештер арасындағы күрес жалғасады.Өзара тартыстан әлсіреген түркеш қағанаты 766ж. біржолата талқандалады.

14-билет 1. VІ - ІХ ғғ. қазақ даласындағы қолданбалы өнері.

Архитектура (саулет өнері) – латынша құрылысшы. Тараз, Қызылөзен, Құйрықтөбе, Баба-Ата, Қостөбе жерлеріндегі архитектуралық қазба жұмысында архитектуралық құрылыс жүйесі табылған. VII-VIII ғасыр Ақыртас, Тасарық. VІ-ІХ ғасырғы Дың ескерткіші. ІХ ғасырдың екінші жартысына жататын Баба-Ата мешіті.

Бейнелеу өнерінде құрылыс материалдарын көркемдеуге көкөніс немесе геометриялық өрнек үлгісімен безендірілген.

Мүсін өнері Орталық Қазақстан, Жетісуда көп кездеседі.

Қолданбалы өнерге – балшықтан жасалған террокота, көркем керамика, ұсақ пластикалар жатады. 2. ХІХ ғ.ІІ жартысында Ресейлік ғылыми мекемелер мен экспедицияларға қатысушылардың Қазақстандағы зерттеулеріне сипаттама беріңіз.

Ресей будандығын қабылдаған қазақ жерін отарлық империяның зерттеуге кірісу алғашқы жылдардан бастап-ақ қауырт басталды.

Экспедициялық жұмыстар бұдан кейінгі жылдары да жалғасты. Орыс ғалымдарының Қазақстанды зерттеуінің ірі қорытындысы А.Левшиннің «Қырғыз-қазақтың немесе қырғыз-қайсақтың ордалар мен далаларды суреттеуі» деп аталатын үш томдық кітабы 1832 жылы жарық көрді.

Дүние жүзіне белгілі ғалым Т.П.Семенов Тянь-Шаньский Алтай бойына,Жетісу мен Орта Азияға саяхат жасады. «Қырғыз өлкесі» және «Түркістан өлкесі» атты екі томын Қазақстан және Орта Азияға арнады.

Шығыс зерттеушісі академик В.В.Радлов Іле алқабын,Жетісу бойын және ондағы қазақ халқының материалдық,мәдениетін, тұрмыс-салтын,тарихын зерттеді.

Л.Мейердің «Орынбор ведомствосының қырғыз даласы» атты еңбегі Кіші жүз тарихын статистикалық жағынан зерттеуге арналды.

А.Н.Добромыслов «Торғай облысы», «Тарихи очерк» атты шығармасында Қазақстанның тарихы жөнінде сирек кездесетін деректер бар.Қазақ даласының мәселелері туралы Н.А.Макшеев, Л.Ф.Костенко, И.В.Мушкетов, М.Красовскийж және т.б.-дың еңбектерінде құнды деректер кездеседі.

1858-1859ж. Шоқан өзін бүкіл әлемге танытқан Қашқар экспедициясына барып қайтты. Әлемдік географияда көп мәлім емес.Қашқар жеріне Марко Поло мен Иезут Гоестен кейінгі тұңғыш рет саяхатқа барған Шоқан еді.

1859-1861ж. Шоқан Петербургте болды.Астанада болған жылдар Шоқан өміріндегі ізденістерге толы ең ірі қауыртта,қызықты кезең еді.

Осы сапарының қорытындысы ретінде Шоқан «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қырғыздар туралы жазбалар» еңбегін жариялайды. Ғылыми қызығушылық туғызған Шоқанның бұл еңбектері орыс географиялық қоғамының назарына ілігеді және 1857 жылы орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланды. 3. Қ.И. Сәтбаевтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.

Шын есімі- Ғабдуллин 1899ж. 12 сәуірде Баянауыл ауд.,Павлодар обл., да дүниеге келген. Геолог-ғалым,минерология ғылымдарының докторы,профессор,академик.Бала кезінде мектепке барғанда есімі журналға Қаныш болып жазылып кеткен. Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым,кейін Шорман ауылында орналасқан мектепке қатынай бастайды. 4 жылдық бағдарламаны 3жылда аяқтайды. 1911жылдан бастап Павлодардағы 2 сыныпты орыс-қазақ училищесіне аттанады. Аталған білім ордасын мерзімінен бір жыл бұрын бітіріп шығады.

1914ж. Семей мұғалімдер семинариясына түсіп, оны 4 жылда аяқтап,бастауыш мектептерге орыс тілінде сабақ береді. 1920-1941жж. Баянауылда халық судьясы «Атластүстімет» тресі геология бөлімінің,Қарсақтай мыс комбинаты геологиялық барлау бөлімінің бастығы қызметін атқарған. 1941ж. Англияға сапар жасаған парламентарийнің ішіндегі қазақ ғылымына Ұлыбританияның экс премьер-министрі У.Черчиль қалжыңдап «Барлық қазақтар сіз сияқты сұңғақ,батыр тұлғалы ма?» деп сұрапты.Сонда академик Қ.Сәтпаев «о, жоқ Черчиль мырза,қазақтардың ішіндегі ең биік деп жауап беріпті.» Оқушыларға арнап «Алгебра» оқулығын дайындаған. 1931ж. басылған АЗатаевичтің «500 қазақ әндері мен күйлері» жинағына Сәтпаев қазақ халқының музыкалық мұрасының інжу-маржаны юолып есептелетін 25 әнді өзі орындап, орыс тілінде ғылыми түсініктеме енгізген.

1941-1952жж. КСРО Ғылыми Академиясы қазақ бөлімшесінің құрамындағы Геология ғылымдары институтының директоры,КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі Төралқасы төрағасының орынбасары, Қазақстан Ғылым Академиясының президенті болған. 1952ж. Қазақ КСР Геология институтының директоры болып тағайындалған. 1955ж. Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті тағайындалған. Қатты ауырып ауруханаға түседі. 1964 ж. Мәскеуде 31 қаңтарда қайтыс болады.

15-билет 1. Неандерталь адамы.

Қаңқа қалдықтары сақталған ертедегі адамдардың жеке тобы. Олар ауызекі сөзде еретдегі адамдар,ал ғылыми әдебиеттерде палеоантроптар деп аталды. Адамның тарихи даму кезеңінде неандерталь адамы ежелгі адамдар мен қазіргі адамдарың арғы тегін жалғастырушылар деп есептелді.

Неандерталь адамының ең алғашқы қаңқасы 1856ж. Батыс германиядағы Дюсель өзенінің неандерталь аңғарынан табылды. Сондықтан да оны ағылшын геологі Вильям Кинг 1863ж. «неандерталь адамы» деп аталды. Неандерталь адамдарының қаңқа-қалдықтары кейін Еуропаның Африканың және Азияның көптеген аймақтарынан табылған.Ғалымдар бұл қаңқа қалдықтарын зерттеудің нәтижесінде неандерталь адамының ірі болғандығы дәлелденді. Олардың бір тобының дене тұрқы ірі бұлшықеттері өте жақсы дамыған, маңдайы тайқы,шүйдесі қысқа,қабағы шығыңқы,иегі айқын білінбейді және тістері ірі, әрі жалпақ болған.Миының орташа салмағы 1400-1500г. Неандерталь адамының екінші тобының маңдайы тіктеу,әрі биік, қабағы онша айқын емес, жақ сүйектері жұқа,иегі жақсы дамымаған.Неандерталь адамдары бұдан 300-350мың жыл бұрын Еуропада,Африкада және Азияда өмір сүрген.

Қазіргі кезде олардың 400-ден астам қаңқа қалдықтары Франция,Бельгия,Қырым,Солтүстік Кавказ,Израиль,Ирак,Өзбекстан,т.б. өңірлерден табылды.

Олар өсімдіктердің тамырларын,жемістерін жинап,аң аулаумен шұғылданған.Тастан,сүйектен еңбек құралдарын жасап, өлген адамдарды жерлеу рәсімін қалыптастырған.Орта есеппен 30 жас өмір сүрген. Қазақстан жерінен пайдаланған еңбек құралдары Оңтүстік Қазақстан,Жамбыл, Алматы, Маңғыстау,т.б. өңірлерде анықталды. 2. 1881 жылғы Петербург келісімінің ерекшелігі.

Петербург келісімі -1881жылы Ресей мен Қытайдың Іле аймағындағы шекара мәселесін айқындауға арналған келісімі.Қытайдағы мұсылмандар көтерілісінің қол астындағы ұлт аймақтарына қанат жоюынан сескенген Ресей 1871жылы қазақ жеріне жақын Іле аймағын басып алды.Қытай Шыңжаңдағы көтерілісті басқаннан кейін Ресейге Ілені қайтару туралы талап қойды. Екі ел арасындағы ұзаққа созылған дипломат келіссөздерден кейін 1881жылы 12 ақпанда екі жақ Петербург шартына қол койды.

Келісім бойынша орыс әскерлері басып алған Іле аймағы Қытай үкіметінің билігіне қайтарылды, тек Цин өкіметінің билігінде қалғысы келмейтіндерді, орналастыру үшін деген желеумен Ресей Іленің батыс бөлігін иемденді.Іле халқына бір жыл ішінде Ресей дүние мүлкімен кедергісіз қоныс аударуға рұқсат етілді.

Петербург шартынан кейін екі мемлекеттің Орта Азиядағы шекаралық иеліктерінің жалпы бағыты айқындалып,орыс-қытай шекарасының қалыптасуына мүмкіндік туды.Бұл Ресей мен Қытайдың Орта Азияда әкімшілік аумақтың биліктерін толық заңдастырып алуына жол ашты.

Ресей империясыныңұлт аймақтарындағы аумақтық шептері айқындалып,әкімшілік және шекаралық мәселелерін реттеуге жағдай туғызды.Осы келісімнен кейін Қытайдың бірнеше қаласында Ресей өз консулдықтарын ашты және Іле,Тарбағатай аймақтары мен Қашқар,Үрімжі қалаларында салық төленбейтін сауда жеңілдіктерін алды.Бекітілген келісім-шарт мәтіндері 1881жылы 19 тамызда алмасылды. 3. А.В. Затаевич- қазақ халқының дәстүрлі музыкалық шығармаларын зерттеуші.

Александр Викторович Затаевич 1869ж. 20 наурызда Орел обл,Болхов қаласында дүниеге келген.Композитор,этногроф,музыка және қоғам қайраткері.Ол алғашқы музыкалық білімін сол Орел қаласындағы әскери гимназиядан алған. Біраз жыл бұрын Варшава консерваториясы жанынан шығатын «Варшава күнделігі» аталатын газетте музыка рецензенті қызметін атқарып, орыс,батыс классиктерінің шығармаларын, сондай-ақ халық музыкасын насихаттаумен айналысқан.

Ол алғаш рет қазақтың халық музыкасы шығармаларымен 1920ж. басында Орынборда жүрген кезінен-ақ таныса бастайды.Сол кезеңнен бастап Затаевич өзінің болашақ қызметін аспаптық мұраларын тамаша үлгілерін жинау, оны насихаттаумен тығыз байланыстырады.Базар,театр, концерт орындарының фойелерінде кездескендердің бәрінен де жазып алады. Заманда бойы жабылып жатқан қазақтың ән қазысын көтереді.

1920ж.қиын-қысталаң кездерінде кездескен көлік атаулымен, болмаса жаяу-жалпы аралап, халқымыздың ән-күйлерін музыка белгілерімен хатқа түсірген.1000 ән жинап нотаға түсірген.

Оның 1925ж. Мәскеуде «Қазақ халқының 100 әні» және 1933 ж. «Қазақтың 500 әні мен күйі» атты этнографиялық жинақтары шықты.

Затаевич 1936ж. Мәскеу қаласында дуниеге салған. Затаевичтің жарқын бейнесі,оның қазақ халқының мәдениеті мен өнеріне сіңірген еңбегі ірі тұлғасы ұлғайған үстіне ұлғая бермек, ұмытылмақ емес.

16-билет 1. Кроманьон адамы.

Ғылыми зерттеулер нәтижесінде жер бетіндегі адам баласы осыдан 2-2,5 млн жыл бұрын пайда болған. Дене бітімі қазіргі кездейсоқ адамының (Хомо Сапиенс) пайда болуы соңғы палеолит дәуірімен байланысты.Осы уақыттан бастап адамдардың эволюциясында шешуші өзгеріс болады және нағыз адамзат тарихына біржолата көшу басталады. Алғашқы Хомо Сапиенс өкілдерінің пайда болуы мың жыл бұрын болған делінді. Оған тән белгілер 1868ж. Франциядағы Кро-маньон үңгірінде табылған бес қаңқасы зерттеу негізінде анықталды. Кроманьондық адманың түрпатында, осы заманғы адмадарға тән ерекшеліктер айқын байқалады.Оларға тән нәрсе-басының сопақтығына қарай маңдайы кең, беті өте жалпақ,тікше және ми қауағы кең (1500-1800см3), бойы (168-194см), сүйектердегі бұлшықет бездері айқын көрінеді. 2. Ресейлік ғылыми қоғамдардың Қазақстанды зерттеуі.

Ресей зиялы қауымының Қазақстан аумағына саяси себептерімен жер аударылып келген өкілдері көптеген ғылыми еңбектер жазып қалдырды.Қазақстанды зерттеушілердің басым бөлігі-Орынбор ,Батыс Сібір және Түркістан өлкелерінде шоғырланды.1830ж. «Отечественные записки» журналында орыс офицері Б.С.Броневскийдің «Орта жүз қырғыз-қайсақтары туралы жазбалар» атты жұмысы жарияланады.

Белгілі тарихшы Левшин «қырғыз-қайсақ немесе қырғыз-қазақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» деген 3 бөлімнен тұратын еңбек жазды.Семенов-Тянь-Шаньский де Қазақстанды зерттеуші ірі ғалымдардың бірі болды.Ол Алтай мен Жетісудің және Қазақстанның Оңтүстік өңірін зерттеуге қатысты.

Белгілі ғалым әрі Батыс Сібірдің әкімшілік қызметкері В.В.Вельжминов-Зернов 16-18ғасырлардағы қазақ халқының тарихын мұқият зерттеді. Ол «қырғыз-қайсақтар туралы тарихи деректер» жазды. А.И.Добросмыслов қыруар мол дерек көздері негізінде «Тарихи очерк» атты 3 томдық іргелі еңбек жазды. 19ғ-дың орта кезінде М.М.Красовский «Сібір қырғыздарының аймағы» атты 3 томдық еңбек жазды. Орыс ғалымы,тарихшы әрі этнограф Н.Н.Аристоф «Түркі тайпаларының этностық құрамы туралы» жазбалар қалдырды.Г.Н.Потанин Жәмішов селосында Сібір

қазақтарының отбасында дүниеге келді.19ғасырдың 60-90 жылдары Қазақстан,Орат Азия,Моңғолия,Урянхай өлкесі,Қытай және Тибет жерлеріне бірнеше ірі саяхат жасады. 3. Тас дәуіріндегі еңбек құралдарын кесте бойынша толтырыңыз.

17-билет 1. XI-XIII ғасырлардағы қыпшақтардың этникалық құрамы және шаруашылығы.

Тайпалық және этникалық құрамы. XI ғасырдың бірінші жартысынан XIII ғасырдың басына дейін қыпшақ этникалық қауымдастығының қалыптасуы дамудың сапалық жаңа кезеңіне аяқ басады, мұның өзі ең алдымен олардың жерінде - Шығыс Дешті Қыпшақта қыпшақ хандары күш-қуатының артуына байланысты еді, ал олардың билігін өз мемлекеті шеңберінде күшті әулеттік елбөрілі руы зандастырды.

XI ғасырдың орта шенінде қыпшақ жөне қуман тайпалары батысқа қарай қозғала бастады. XI ғасырдың екінші жартысында оңтүстік орыс далалары шегінде болған саяси және этнографиялық өзгерістерді парсы тарихшысы Хамдаллах Казвини атап өткен, оның мәліметтері бойынша, Дешті Қыпшақ деген Дешті Хазардың нақ өзі. X ғасырда оңтүстік орыс далалары Дешті Хазар ретінде белгілі болған.Қумандар 1055 жылдан бастап ертедегі орыс жылнамаларында айнытпай аударылған «половец» деген атпен кездеседі. Барлық жағынан алып қарағанда, «половецтер» терминін екі мағынада: дәл қумандарды білдіретін нақты және бүкіл қыпшақ тайпалары бірлестігіне қолданьшған кең көлемдегі мағынада түсіну керек. Алайда жылнамаларда бұл мағыналары ажыратылмаған.

Дәуір

Еңбек құралдары

Палеолит

Шапқыш,қырғыш,үшкір тас және т.б. Б.з. 1млн жыл бұрынғы ерте палеотлитке жатады.Ежелгі адамдар пайдаланған еңбек құралдары Қаратау жотасының оңтүстік батысындағы Арыстанды өзенінің алқабына орналасқан Кеңірдек ауылы маңынан табылды. Бұлар негізінен ауыр,тік бұрышты,соғуға арналған еңбек құралдары болып табылады.Бұл өңірден 40-70 шаршы км-дей аумақтан 12 палеолиттік тұрақтар табылды, Шақпақ тастан жасалған 5 мыңнан астам құрал табылды.

Мезолит

Садақ пен жебенің ойлап шығарылуы мен бірге тал өңдеу техникасы едәуір жетілдірді.Микролиттер-үшбұрыш,ромб,трапеция,сигмент тәрізді ұсақ өткір қалақтар пайда болды. Бұның өзі жебенің ұштары мен қыстырша құралдар жасауға септігін тигізді, бұл құралдардың жүзі өткір бола түсті.Тас балталар, кетпен шоттар, дән үккіштер, келісаптар жасалынды.Тас ғасыра үшін қысқа уақытты қамтыған мезолит дәуірінің ескерткіштері Қазақстан аумағында тым аз кездеседі.

Неолит

Қараүңгір Орта Азиялық келтиминар мәдениетіне ұқсас ыдыстарды қолмен жапсырып жасау әдісін жақсы меңгергендігін көрсетеді.Сүйектен жасалған бездер,тескіштер,көзі бар инелер, тегістегіш жонғыштар,тас қалақтар,шот-балталар, қырғыш-пышақтар,жебелер,тас келісаптар үңгір тұрғындарының аңшылықпен, егіншілікпен және тоқымашылықпен айналысқанын дәлелдейді.Сексеуіл 1 және Ақеспе неолиттік тұрақтарынан трапеция қалпындағы қыстырмалар,көптеген ұсақ және дұрыс қырланған пышақ тәрізді қалақтар көптен табылды.

Шаруашылығы — қыпшақтардың негізгі шаруашылық кәсібі мал шаруашылығы болды. Орта ғасырлардағы жазбаша деректемелерден қыпшақтардың жылқы, қой, сиыр, өгіз, түйе өсіргенін білеміз. Қыпшақтар малының құрамында қыста жаюға неғұрлым бейімделген жылқы мен қой басым болды. Олардың мал шаруашылығында ет пен май қорын тез толтыратын қой шаруашылығының зор маңызы болды. Сондай-ақ қойдың жүні мен терісінен жылы киім дайындалды. Қыпшақтар қойдың екі тұқымын өсірген. Олар- дың едәуір бөлігі кішкене құйрығы бар, бірақ ұзақ кешуге өте бейімделген қой болған. Сонымен бірге құйрықты қой да өсірген; олар көктем алдындағы жемшөп жеткіліксіздігіне біршама жақсы тезетін еді. Араб-қыпшақ глоссарийлерінде қыпшақтар аулаған жабайы андар мен құстардың аттары келтірілген: сағыр киік — ақбөкен, құлан, бұғы, сусар, тиін, кузен, түлкі, ақ құйрықжәне т.б. Осында аңға салатын иттер (қылбарық, тазы) мен құстардың (лашын, бүркіт) аттары келтірілген. Қыпшақтар үшін бағалы аңт терісі басқа елдермен сауда жасаудын маңызды көзі болды. Махмұд Қашғаридың айтуынша, түріктерде қымбат бағалы аң терісі иджұқ деп, ал «тәржіман» араб-қыпшақ сөздігінде — курс деп аталған. Аңды жеке шығып аулаумен қатар қыпшақтар қаумалап аулауды да ұйымдастырган, оның шаруашылық жағымен бірге өзінше бір маневр, әскери өнер, жасақтардың жауынгерлік әзірлігін сақтау амалы болды. Жалпы алғанда, аң аулау дербес сала болмай, шаруашылықтың негізгі түрі — мал шаруашылығына көмекші ғана болған. Аң аулаумен қатар қыпшақтар негізінен ең кедей, өзен жағасында тұратындары балық аулаумен де айналысты. «Диуан лұғат ат-түркте» және араб- қыпшақ түсіндірме сөздіктерінде қыпшақтардың балық аулағандағы еңбек құралдарының терминдері келтірілген, олар: арғақ — қармақ, аг — ау, ужан (улүк) — кішкене қайық, кеме — үлкен кайықжәне т. т. Орта ғасырлардағы нарративтік деректемелердің бір бөлігінде қыпшақтардың дәңді дақылдар мен бұршақ дақылдарын өсіргендігі туралы айтылады. Қыпшақтар негізінен тары еккен. Әл-Омари былай деп атап өткен: «Оларда (қыпшақтарда. —ред.) егістіктің көлемі өте шағын және бидай мен арпа аз себіледі. Оларда негізінен тары өсіріледі, олар сонымен тамақтанады және жерден өндірілетіндері жағынан алғанда олардың басты тамағы сол». XII ғасырда Дешті Қыпшақты аралап өткен Петахья «бұл жерде нан жемейді, тек күріш пен тары жейді» деп көрсетеді. Қыпшақтар тарыдан баска, өте аз болса да, бидай мен арпа еккен. Олар астықты Орта Азияның егіншілерінен мал шаруашылығы өнімдеріне айырбастап та алып отырған. Қыпшақтардың кейбір топтары суармалы егіншілікпен айналысқан, мұны Ұлытау мен Торғай аудандарындағы сұландыру жүйелерінің, көптеген бөгеттердің, құдықтар мен тоғандардың қалдықтары дәлелдейді. Кейбір дәнді дақылдардың қыпшақтар шаруашылығында дәстүрлі болғаның, қыпшақ тайпаларының ол атауларды қолданғаның орта ғасырлардағы түсіндірме сөздіктерде сақталған арнаулы терминдер көрсетеді. Бұл терминдердің бастапқы негізі түріктерден шыққанын атап өту керек, олар: экин — егіс, буғдай — бидай, арпа — арпа, тутарған — күріш, маржамақ — жасымық, тару — тары, ирдан — қырман, ашлық — астық жоне т. б. Сонымен, қыпшақ тайпалары қоныстанған аумақтың орасан кең-байтақ жерді алып жатуы мен өзіндік ерекшелігі бар географиялық жағдайлары — оларда орта ғасырлардағы қыпшақ қоғамының біртұтас өндіріс жүйесін құрған көшпелі мал шаруашылығынан егін шаруашылығына дейінгі бірне- ше шаруашылық-мәдени үлгілердің дамуына себепші болды. 2. Кеңес Одағының Батыры атанған қазақстандықтардың ерліктері.

1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия әскері Кеңес Одағына тұтқиылдан, соғыс жарияламастан басып кірді. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысы, яғни Отанын шетел басқыншыларынан азат ету соғысы басталды. Брест шекаралық отряды жауынгерлердің құрамында жаудын алғашқы соққысына А.Мүсірепов, В.Лобанов, К.Абдрахманов, К.Иманқұлов, А.Наганов, Ғ.Жұматов, Ш.Шолтыров, Т.Деревянко, Қ.Батталов және басқа қазақстандық жауынгерлер қарсылық көрсетіп, айрықша ерлікпен көзге түсті. Соғыс жылдары Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жасақталып, майданға аттандырылды. Москва бағытындағы негізгі жолдардың бірі – Волоколамск тас жолын қорғауда Алматыда жабдықталған 316-атқыштар дивизиясы генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен теңдесі жоқ ерлік танытты. Қысқа уақыт ішінде дивизия жауынгерлері жаудың танк, моторлы және екі жаяу әскер дивизияларын талқандады. Москва түбіндегі шайқаста әсіресе саяси жетекші В.Г. Клочков басқарған бөлімше – 28 панфиловшылар жаудың 50 танкісіне тойтарыс беріп, асқан ерлік көрсетті. 1941 ж. 17 қарашада дивизияға 8-ші гвардиялық деген атақ беріліп, кейінірек Қызыл Ту, Ленин ордендерімен, ал Риганы

жаудан азат еткені үшін екінші дәрежелі Суворов орденімен марапатталды. Бұл шайқаста ерлік танықтан 28 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Сонымен бірге Волоколамск түбінде үлкен ерлік көрсетіп қаза тапқан талантты қолбасшы, қаһарман командир И.В.Панфиловке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Панфиловшы аға лейтенант Б.Момышұлы Москва түбіндегі шайқаста өз батальонымен жау қоршауын үш рет бұзып шықты. Соғысты Б.Момышұлы полковник лауазымымен, 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. И.В.Панфилов дивизиясы құрамында жаумен шайқасқан М.Ғабдуллин 1943 ж. Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. М.Ғабдуллин бастаған жауынгерлер Бородино селосын жаудан тартып алып, 7 сағат бойында ерлікпен қорғады. Москва түбіндегі шайқастарда Т.Тоқтаров, Р.Жанғозин, Р.Елебаев және т.б. қазақстандықтар асқан ерлік танытты. Бұл шайқасқа қазақстандық 238-ші дивизия, 19-шы атқыштар бригадасы да қатысты. Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жасақталып, майданға аттандырылды. Москва түбіндегі шайқастарда Т.Тоқтаров, Р.Жанғозин, Р.Елебаев және т.б. қазақстандықтар асқан ерлік танытты. Бұл шайқасқа қазақстандық 238-ші дивизия, 19-шы атқыштар бригадасы да қатысты. Шығыс Пруссия территориясын азат етуде көрсеткен ерліктері үшін 20 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар – В.А.Андреев, Л.И.Беда, П.Т.Брилин, Т.К.Абилов, В.Г.Козенков, И.И.Корнев, И.В.Кутурга және т.б. Австрия астанасын жаудан азат етуде алматылық Пупков М.А. Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Сонымен қатар Австрияны азат етуші 105-ші гвардиялық дивизия жауынгерлері: А.Мудрагель, Г.Сливных, Ж.Аминов қаһармандықтарымен көзге түсті. Прага операциясына 118, 88, 314, 8-ші атқыштар, 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы қатысып, бұл операцияда 992-ші алматылық авиация полкі асқан ерлік көрсетті. Бұл полк екінші дәрежелі Б.Хмельницкий және 3-ші дәрежелі Суворов ордендерімен үш мәрте марапатталды. Чехословакия жерін азат етуге келген қазақстандық ұшқыштар 2, 8, 5-ші әуе армиясының бөлімдерінде жаумен шайқасты. Шайқастардағы ерлігі үшін С.А.Батеньков пен П.Ф.Железняков соғыстан кейін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болады. Ұшқыштар: Т.Я.Бигелдинов, И.Павлов, С.Д.Луганский және Л.И.Беда 2 мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Олардың қатарын 56 жыл кешігіп барып, 1941 жылдың 26-шы маусымында, соғыстың бесінші күні-ақ аты аңызға айналған батырлық капитан Гастелло экипажының ерлігі емес, капитан А. Масловтың экипажынікі екендігі айқындалып, осы экипаж құрамындағы Б. Бейсекбаев 1998 жылы Ресей Батыры атағын алып, толықтырылды. Берлин операциясына қазақстандық 118-ші, 313-ші атқыштар дивизиялары және 209-ші атқыштар полкі қатысты. Берлин ратушасын алуда 118-ші атқыштар дивизиясының взвод лейтенанты К.Маденов, ал көше шайқастарында И.Б.Мадин, Рейхстагка ту тігуде Р.Қошқарбаев ерлік танытты. Айтпенбет Нақыпов Одерден Петерсфельд қаласына дейін танкпен келеді. Соғыстан кейін Нақыповтың танкі қала алаңына ескерткіш ретінде қойылды. Берлин операциясында 27 қазақстандық ерліктерімен көзге түсіп, Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Қ.Қайсеновпен қатар Украина территориясында Қарағанды облысынан Д.И.Сагаев, Талдықорған облысынан П.С.Шленский, Қызылордадан – Байдаулетов, Шымкент облысынан – Ж.Омаров, алматылық – А.С.Егоров және т.б. қазақстандықтар әртүрлі партизан құрылымдары қатарында шайқасты. Отанын қорғаудағы асқан ерлігі үшін Қ.Қайсеновке “Халық Қаһарманы” атағы берілді. Жаумен шайқаста көрсеткен ерліктері үшін қазақстандық партизандар әр түрлі мемлекеттік марапаттарды иеленді. А.С.Егоров пен Ф.Ф. Озмительге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 3. Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығын сипаттаңыз.

Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.

Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.

Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.

Жүсіпбек жастайынан араб¬ша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады. 1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.

1914 жылы Семейдегі мұғалімдер семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.

Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпентанысады.

Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919).

Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920).

Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы.

Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922—1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926—1929) қызметтерін атқарады. 1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған. Шымкенттегі педагогика техникумының директорлығы - міне, мұның бәрі Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді. 1929 ж. басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек 1931 ж. атылған. Астан-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы революциялар заманында өмір сүрген Аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгірді. Ол В. Шекспир, В. Гюго, Г. Мопассан, А. С. Пушкин, Н. В. Гоголь, Л. Н. Толстой шығармаларын, «Интернационалды», бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, психология, методика, эстетик. тәрбие туралы зерттеулер тудырды; әдебиет, эстетика, сын саласына араласты; сан алуан публицистик. мақалалар жазды; «Қартқожа», «Күнекейдің жазығы», «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар» пьесалары, «Комплексті оқыту жолдары», «Жан жүйесі», «Өнер таңдау», «Мағжанның ақындығы туралы» еңбектері - күрделі таланттың қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалар. 1918-19 ж. Семей қаласындағы М. Әуезовпен бірлесіп «Абай» журналын шығарды. Осы журналда «Екеу» деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» (1918, № 2), «Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 1918, № 3) деген мақалалар жазды. Бұл мақалаларда Абай өмірінің бірталай қыры сөз болып, оның поэтик, мұрасының аса құндылығы көрсетіліп, кейінгі ақындардың ұлы ұстаздан үйренуі шарт екендігі нұсқалды, Пушкин орыс әдебиетінде қандай тарихи қызмет атқарса, Абай да қазақ әдебиеті үшін сондай тарихи іс тындырғаны орнықты дәлелденген. Қазақ әдеби тілінің қалыптасуына, оның поэтикалық мәдениетінің ержетуіне Абай шығармаларының қаншалықты әсері барлығын көрсеткен. Абай поэзиясының ұлттық дәстүрмен қоса Шығыс, Батыс әдебиеттерімен байланысы қарастырылған. Аймауытов - қазақ әдебиетінде Абайдың шығармашылық мұраттарын ілгері жалғастырған ең ірі тұлғалардың бірі. Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-1999 жылдары бес том етіп жарыққа шығарды. Сөйтіп, қазақ оқырманы әйгілі суреткердің шығармаларымен арада 60 жылдан астам уақыт өткенде қайта табысты. Ол қазақ әдебиетінде көркем прозада алғаш лиризм әкелген, сондай-ақ пейзаждың үздік үлгісін, психологизмнің терең иірімдерін тамыршыдай дәл басқан нәзік стилист суреткер. 1918 —19 ж. М.Әуезовпен бірге Семейде «Абай» журналын шығарып, «Екеу» деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» (1918, №2), «Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 1918, №3) деген мақалалар жазды. А-тың көркем шығармалары эстет. бояуының қашықтығымен, көркемдік қуатымен, стильдік даралығымен қазақ әдебиетінде соны бағыт қалыптастырды. А. пед. оқу орындарында қызмет істей жүріп, жас ұрпақтың жан-жақты білім алуын көздеген еңбектер, оқу құралдарын жазды. Оның пед., псих. және методика саласында жазған ірі еңбектері өз уақытында елеулі рөл атқарды. Олардың ішінде «Тәрбиеге жетекші» (1924), «Психология» (1926), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926) т.б. бұл бағыттағы ғылымның бастауында тұрған ірі ғылыми еңбектер Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек етіп, құнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, «Рабиға», «Мансап қорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген.

Бұлардың сыртында «Тәрбиеге жетекші» (1924 ж.), «Пси¬хология» (1926 ж.), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926 ж.), т.б. ірі ғылыми еңбектері бар.

Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған мұралардың қай қайсысы да оның кесек дарын иесі екендігінің, гуманист суреткерлігінің, жалтақсыз ұлтжандылығының жарқын айғағы. Оның

шығармалары өзі ғұмыр кешкен заманның, өзі араласқан қоғамның мұқтажын өтеуге, оның ақ қарасын парықтауға арналған. Сөйте тұра көркемдік тегеуріннің қуаттылығы, идеялық ұстанымдарының сонылығы, сөз қолданудағы шеберлігі Жүсіпбек шығармаларының өміршеңдігіне кепіл болмақ.

18-билет 1. «Бәдіз», «комендация», «иқта», «вақф» терминдерін түсіңдіріңіз.

Бәдіз – Орхон жазулары бойынша мүсін тас атауы.

Комендация – жеке басын қорғағаны үшін феодалдардың әміршіге әскери қызмет немесе басқа да жұмыстар атқаруы.

Иқта – феодалдарғы шартты түрде берілетін жер үлесі

Вақф – мешіттер мен медреселердің жер иелігі 2. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын күштеп отырықшыландырудың зардаптары.

Отырықшыландыру шараларын жүзеге асыруды қиындата түскен басты нәрсе – оған деген бюрократиялық және әкімшіл-әміршіл біржақты көзқарастың орын алуы еді. Осының әсерінен отырықшылана бастаған шаруаны құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету мүмкін болмай қалды. Бұл, әсіресе, Қазақстаннан тыс жерлерден ағаш тасып әкелуге байланысты жұмыстарда анық көрініс берді. Ағашпен қамтамасыз ету жоспарлары орындалмай, жаңа құрылыстар бар болғаны 25 -30 % құрылыс материалдарымен ғана қамтамасыз етілді. Ағаш дайындайтын одақтық мекемелер Қазақстанға арнап ағаш тасымалдауға немкетті қарады. Отырықшыландыру үрдісі басталғанда техникалық жабдықтау мәселесі аса үлкен қажеттілікке айналды. Сондықтан, отырықшыланатын қазақ ауылдарын соқамен, тырмамен, тұқым сепкіш машинамен алдын-ала қамтамасыз ету жоспарлары белгіленді. Алайда, Мәскеудегі орталықтардың отырықшыландырудың өзіне жеткілікті көңіл бөлмеуі, ал республика басшылығының өздері бекіткен машинамен жабдықтау жоспарының орындалуын қадағаламауы салдарынан жоспарда белгіленген аз ғана техниканың өзі де қазақ ауылына уақытында жетпей қалды. Арнайы шаруашылық машиналарына бөлінген қаржыны өндіріп алуда жүгенсіздіктер орын алды. Қазақстан үкіметінің шешімі бойынша машинамен жабдықтауға бөлінген кредитті халықты отырықшыландырудың төртінші жылынан бастап қана төлей бастаулары керек еді. Ал, жергілікті басшы органдар болса бұл тәртіпті о бастан-ақ бұзып, машинаны босатқан бетте оның құнының 30-40 % -ын алдын-ала жедел төлеуді талап етті. Мұның өзі отырықшыландыру барысында бар малын қауымдастырып, өздері қайыршылана бастаған халықтың тұрмысын ауырлата түсті. Жергілікті жерлерге машиналар жеткізу ісіне немқұрайлы қарау да орын алды.

Егер егіншілік аудандарына шөп шабатын машиналар апарылса, ал мал шаруашылығымен айналысатындарға топырақ өңдейтіндер жеткізілді. Бұрынғы көшпелі қазақтың ауыл шаруашылығы машиналарының тілін білмеуі, машинамен жабдықтаушы ұйымдар тарапынан үйретудің болмауы отырықшыланған шаруаны бұрынғыша ата-баба әдісімен жұмыс жасауға – шалғымен орып, ағаш соқамен жыртуға мәжбүр етті. Еш қозғалыссыз, ашық аспан астында жатқан машиналар тозып бітті. Мамандар жетіспеді. Округтік органдардың қазақ аудандарын қажетті мамандармен қамтамасыз етуге немкетті қараулары салдарынан материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген, пәтері жоқ және қазақ тілін білмейтін мамандары отырықшыландыру аудандарында көп тұрақтамады. Қазақстанға сырттан келген келімсектерден құралған өндіріс орындары мен кеңшарлардың қазақ шаруаларына қол ұшын бермеуі де отырықшыландыру үрдісін қиындата түскен еді. Қазақстандағы ірі одақтық кәсіпорындар басшыларының байырғы халықтан өнеркәсіп пролетариатын жасауға көңіл бөлмеулері де отырықшыланатын қазақтарды жұмысшылар қатарына тарту жоспарын 66 % -ға ғана орындауға мүмкіндік берді. 3. Д.А.Қонаевтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.

Бірнеше мәрте КСРО Жоғары Кеңесінің депутатыболып сайланды. КОКП-ның XIX-съезінен бастап, кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты.

1956 жылдан бастап СОКП-ның Орталық Комитетінің мүшесі. Партияның XXIII-съезінде ол КОКП-ның Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал XXIV-съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды.

Д. Қонаев өз заманының ұлы саясаткерібола білді. Ол билік басында болған уақыт қайшылықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді.

Дінмұхамед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кентімен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды.

Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлер игерілді. Кеңшарлар мен ұжымшарлар салынды. Мал саны көбейіп, ауыл шаруашылығының өнімдері жыл сайын артып отырды.

Дінмұхамед Ахметұлы арқасында Қазақстанның өнеркәсіп, оның ішінде түрлі-түсті металлургия саласы жоғары деңгейде дамыды. Бүкілодақтық көлем бойынша мыстыңүштен бір бөлігі, қорғасынның70%-ынан астамы, мырыштың 40%-ынан астамы қазақ жерінде өндірілді. Өскемен қорғасын-мырыш және титан-магний комбинаттары, Соколов-Сарыбай мен Лисаков кен-байыту комбинаттары, Жезқазған мен Балқаш таукен-металлургия комбинаттары, Ермаков пен Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары іске қосылып, Ақтөбе қаласындағы шығарылған хром кенінің көлемі артты. Д.А.Қонаев металл өңдеу және көлік жасау салаларында өндіріс тиімділігін арттырып, Өскемен, Орал, Қарағанды, Петропавл, Шымкент, Алматы қалаларында көлік жасау зауыттары құрылды. Алматы ауыр машина жасау зауыты шығарған өнім әлемнің 40-тан астам мемлекетіне таралды. Қазақ жерінің аумағында көмір мен мұнай кен орындары ашылып, Қазақстан отын-энергетика өнеркәсібінің ірі орталығына айналды. Тараз және Шымкент қалаларында орналасқан комбинаттар сары фосфор өндіру бойынша әлемде бірінші орында болды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясыныңакадемигі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ғылым саласында орасан зор қызмет етті. 100-ден аса ғылыми еңбектермен зерттеулер жазды. Біраз ғылыми жұмыстарын шаруашылық пен өндірістік тәжірибеден өткізді. Өз еңбектерінің халық шаруашылығына тигізер пайдасының зор екендігін іс жүзінде дәлелдеген еді. Өндіріс тиімділігін арттырумен қатар, ол жас ғалымдарды қолдап, білім жүйесіне ерекше көңіл бөлді.

Қазақ өнерін жоғары бағалаған Дінмұхамед Ахметұлы өнерде жүрген жандарды жан-жақты қолдап, қазақ мәдениетінің дамуына ықпал етті. Өнер ордалары салынып, мәдениет үйлері өз қызметін бастады. Қазақ жерінің барлық аймақтарында дерлік білім және мәдени ошақтар ашылып, тұрғын үйлер тұрғызылып, әлеуметтік нысандар салынды.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың бастамасы бойынша қазақ жерінің сол кездегі астанасы Алматы қаласында Үкімет үйі, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ғимараты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының ғимараты тұрғызылды. Қала көшелерінің саны артып, жаңа тұрғын үйлер салынып, 12 ықшам аудан ашылды. Мектеп пен бала-бақша ғимараттарының құрылысы басталып, Оқушылар сарайы жас өнерпаздарға есігін айқара ашты. Республика Сарайы, Спорт және Мәдениет Сарайы, «Медеу» спорт кешені, Ұлттық Кітапхана, цирк сынды мәдениет, білім және спорт нысандары бой көтерді. Авто, аэро және темір жол вокзалдары, әуежай, «Алматы», «Отырар», «Жетісу», «Алатау», «Достық», «Қазақстан» қонақүйлері салынып, қала көркін ашты.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен, танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең түсініп, қолдай білді.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1993 жылғытамыздың 22-сінде, 82-жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.

19-билет

1. Неолит дәуірінің ескерткіштері.

Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай — бұлақтык, өзендік, көлдік, үңгірлік тұрақ деп төрт түрге бөлінеді. Әдетте өзендік тұрақтарда, сондай-ақ көлдік үлгідегі тұрақтарда едәуір көп заттар табылады; мұның өзі бұл жерлерде адамның тұрақты немесе ұзақ уақыт тұрғанын көрсетеді. Мүндай тұрақтардағы негізгі құрал-саймандар — пышақ тәрізді қалақтар және солардан жасалған заттар. Қазақстан аумағында бұлақтық тұрақтар неғүрлым көп тараған, өйткені шөл және шөлейт аймақтарда өзендер аз болады. Бұлақтардың жанындағы төрақтар — көбінесе кезбе аңшылардың уақытша маусымда тұрған жерлері. Қазақстанның шөл даласындағы неолиттік ескерткіштердің бір ерекшелігі сол, олардың көпшілігі — ашық үлгідегі тұрақтар. Барлық тұрақтарда жергілікті материалдардан жасалған тас құралдар — жебелер мен найзалардың ұштары, балталар, қашаулар, пышақтар, қырғыштар табылды. Белгілі бір құралдарды жасау үшін тастардың түрлері сараланып, іріктеліп алынатын болды. Шикізаттың алуан түрлі болуы оны ұқсатудың әр түрлі техникалық тәсілдерің дамытып, жетілдіруге себепкер болды. Қазақстанның неолиттік ескерткіштері бірнеше аумақтық топ құрайды, бұл топтардың мәдениеті жатынан бір-біріне жақын, туыс тайпалардың мекендеген аудандарына сай келуі ықтимал. 2. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың ерекшеліктері.

22 қазан 2012 Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер. Қазақстан Республикасының егемендігінің жариялануы және мЕмл. тәуелсіздік алуы, бірпартиялық өктемдіктің және соц. саяси жүйенің ыдырауы демокр. принциптер негізінде қызмет жасайтын сан алуан саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жол ашты. Көппартиялылық жүйеге өтумен республика халықтарының мақсат-мүдделерін, талап-тілектерін жүзеге асыру жолында қызмет жасаған саяси партиялар қалыптасты (қ. Көппартиялылық). Жаңадан құрылған қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру, саяси әр алуандық, халықтың әр түрлі әлеум. топтардың мүдделері мен құқықтарын қорғау, тұрақты әлеум.-экон. дамуға қол жеткізу мақсатында кеңінен қызмет жасады. 1990 ж. 1 наурызға қарай республикада 100-ге жуық

қоғамдық ұйым қызмет істеп тұрды. Олардың қатарында: “Достастық” азаматтық қозғалысы, “Форум” қоғамы, “Инициатива” әлеум.-саяси бірлестігі, “Қазақ тілі” қоғамы, Қазақ ұлттық мәдениеті Ассамблеясы, Ұлттық мәдени орталықтар ассоциациясы, “Бірлесу” тәуелсіз кәсіподағы, “Желтоқсан” қоғамдық к-ті, “Бірлестік” азаматтық қозғалысы, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің ірі экол. ұйымдары – ядролық жарылысқа қарсы “Невада-Семей” халықар. қозғалысы, “Арал-Азия-Қазақстан” халықар. қоғамдық к-ті, Экол. білім қоры, Респ. “ХХ ғасыр экологиясы”, “Жасыл майдан” экол. ассоциациялары, т.б. болды. Халық арасында кеңінен қолдау тапқан “Невада-Семей” қозғалысы респ. басшылығының қолдауымен 1989 ж. қазанда Семей полигонындағы ядр. сынақтарды тоқтатуға қол жеткізді. Қызметі тарихи-ағарту сипатындағы бірлестіктерден “Ақиқат”, “Мемориал”, “Әділет” тарихи-ағарту қоғамдары, “Жерұйық” тарихи-этногр. бірлестігі жұмыс істеді. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар республикада экологияны қорғау, тәуелсіздікке қол жеткізу жолында күресу мақсатында саяси сахнаға шығып, қоғам өміріндегі маңызды мәселелердің шешілуіне септігін тигізді. 90-жылдары құрылып, қызмет жасаған құқық қорғау ұйымдары қатарында адам құқықтарын қорғау ісінде өзінің белсенділігімен Адам құқықтары жөніндегі Қазақстан-америка бюросы, “Қазақстанның құқықтық дамуы”, Саяси қуғын-сүргін құрбандары ассоциациясы, Адам құқықтары жөніндегі демокр. к-т, т.б. болды. Қазақстанда әр түрлі одақтар мен қорлар да белсенді қызмет жасады. Мыс., Қазақстанның Агр. (Шаруалар) одағы, Қазақстан жастар одағы, архитекторлар, кинематографистер, жазушылар, суретшілер, композиторлар одақтары, Қазақстанның еркін кәсіподақтарының конфедерациясы, Қазақстанның мәдениет қоры, Бейбітшілік қоры, Ғылымға жәрдемдесу қоры, “Бөбек” балалар қайырымдылық қоры, Қылмыспен күресті қорғау қоры, Жол жүру қауіпсіздігі қоры, т.б. Қазақстанның әйелдер қозғалысы қатарында белсенді қызмет атқарған Қазақстанның мұсылман әйелдерінің респ. лигасымен қатар, Алматы фемида лигасы, “Қазақстанның кәсіпкер әйелдері”, сондай-ақ, ардагерлер ұйымдарының арасында – Ардагерлердің респ. ұйымы, Саяси жазалау құрбандарының қазақстандық ассоциациясы, “Чернобыль” қоғамы, дене мүшелерінде кемістігі бар адамдардың бірлестіктері қатарында – “Спешиал Олимпикс”, Зағиптардың спорт жөніндегі ассоциациясы, т.б. болды. Қоғамдық-саяси қозғалыстардың ішінен “Азат” (1990 ж. 1 шілде), “Поколение” (1992 ж. 24 қараша), “Лад” (1993 ж. мамыр), “Азамат” азаматтық қозғалысы (1996 ж. 20 сәуір) кең көлемді қызметімен ерекшеленді. Қазақстанда қоғамдық бірлестіктердің қалыптасуының келесі кезеңінде Қазақстанның либералдық қозғалысы (1997 ж., мамыр), “Қазақстанның болашағы үшін” (1998 ж., ақпан) жастар қозғалысы, “Қазақстан – 2030 үшін” (1998 ж., 6 қазан) қоғамдық қозғалысы, “Өрлеу” (1998), “Ақ жол” қоғамдық қозғалыстары (1998), Қазақстанның демокр. таңдауы қоғамдық бірлестігі (2002), т.б. құрылды. 1989 – 94 ж. аяғында Қазақстанда 500-ге жуық қоғамдық бірлестік ҚР Әділет мин-нде тіркелді. 1998 ж. олардың саны 1500-ден асты, ал 2001 жылдың аяғына қарай елде 1700-ден астам ресми тіркеуден өткен қоғамдық бірлестік қызмет жасады. Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерді құқықтық жағынан реттеу ҚР-ның Конституциясында, “Қоғамдық бірлестіктер туралы” (31.5. 1996) және “Саяси партиялар туралы” (15.7.2002) Заңдарында қамтамасыз етілген. ҚР-ның 2002 ж. 15 шілдеде қабылданған “Саяси партиялар туралы” Заңына сәйкес Қазақстан “Ақ жол” демократиялық партиясы, Қазақстан азаматтық партиясы, Қазақстан аграрлық партиясы, респ. “Отан” саяси партиясы, Қазақстан социал-демократиялық “Ауыл” партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы, Қазақстан патриоттары партиясы қайта тіркеуден өтті. Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер әлеум. әділдік, демокр. құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам, ұлтаралық және азаматтық келісім орнатуға жәрдемдесіп, Қазақстанның тұрақты дамуына, өзекті қоғамдық мәселелердің шешілуіне үлесін қосып келеді. А. Әбішев Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том 3. Қарахан мемлекетінің аумағын картадан көрсетіңіз.

20-билет

1. Қимақ қағанаты (саяси жағдайы, шаруашылығы , мәдениеті )

Қимақтар тарихының алғашқы кезеңі қытай деректерінде ұшырасатын яньмо тайпасы атауымен тығыз байланысты. Яньмо (немесе қимақтар) VII ғ. басында Моңғолияның солтүстік-батысында өмір сүрген. VII ғ. ортасында олар Алтайдың солтүстік бөктеріне, Ертіс маңына қарай қоныс аударған. 656 ж. Батыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін тайпа көзге түсе бастайды.

Қағанат сыртқы жаудан қорғану үшін және өз жерін кеңейту үшін көрші елдерге үнемі шапқыншылық жасап отырған. Ондай хабарлар жазба деректерде көптеп кездеседі. Мәселен, оларда қимақтардың 11 ғасырда "тоғыз-ғұздар" жерінің бір бөлігін қол астына қаратқаны айтылса, ал X ғасыр басында тоғыз-ғұздардың шекаралық қаласы-Шығыс Түркістандағы Жамлекес қаласын басып алғандығы баяндалады. Сонымен бірге, қимақтар Енисей бойындағы бойындағы қырғыздарға да шабуыл жасап тұрған. Ал Сыр бойындағы оғыздармен бірде тату тұрып, бірде өзара соғысып қалатын кездері де болады. Міне, осындай жағдайлардан бұл тайпалардың тілдік қатынас жағынан да, мәдениеті жағынан да ұқсас тұстары өте көп.

Қимақтар, негізінен, мал шаруашылығымен айналысты. Олар мұнымен қатар егіншілікпен де шұғылданды, балық, аң аулады, тайғалық аймақтарда қымбат аң терілерін дайындады. Қимақтар арасында қолөнері де дамыды, мата тоқып, киім тікті, металл бұйымдар шығарды, темір, күміс, алтын өндіріп, металл құйды. 9 – 11 ғасырлардағы араб-парсы авторлары отырықшы қимақтардың тұрақты мекендері болғанын жазады. әл-Идрисидің (12 ғасыр) дерегіне қарағанда, олардың өзендер мен көлдер жағасына, таулы аудандарда, пайдалы қазба байлықтары орналасқан жерлерде 16 қаласы болғаны келтіріледі. Олардың көпшілігі сауда жолдарына орналасқан. әл-Идриси қимақтар хақанының Ертіс өзенінің жағасындағы астанасы мықты қорғанмен

қоршалғанын жазады. 9 – 11 ғасырларда қимақтар арасында ежелгі түркі діни нанымының қалдықтары өріс алды, онда тәңірі мен аруаққа сенушілік басым болды. Сонымен қатар, олардың арасында түрік халықтарына кең тараған бақсылық та етек алды. Қимақ тайпалары мекендеген аймақтарда тас мүсіндер қою салты кең тараған, олар сол мүсіндерге табынған. Қимақтар әлеуметтік және мәдени жағынан 6 – 8 ғасырларда ежелгі түркі ортасында қалыптасқан дәстүрлерді ұстап, одан әрі дамытты. 11 ғасырдың басында қимақтардың орнына жаңадан нығайған қыпшақ тайпалары келді. 2. «Үш жүз» бен «Алаш» партиясын салыстырыңдар.

«Үш жүз» партиясы - Қазақстанда 1917 жылы қазан-қараша айларында дүниеге келген ұлттық-саяси ұйым. Партия мүшелері кейде өздерін «қазақтың социалистік партиясы» деп те атады. «Үш жүз» саяси ұйымындағы жетекшілік рольдерді бұрынғы қорғаушы адвокат, журналист және драматург Көлбай Төгісов, фельдшер және тілмаш Шаймерден Әлжанов, Әбілқайыр Досов, Ысқақ Көбеков, Мұқан Әйтпенов атқарды. ОК-тінің алғашқы төрағасы М.Әйтпенов, орынбасары К.Төгісов, хатшысы Ы.Көбеков болды. Орталық органы «Үш жүз» газеті, оған Төгісов редакторлық етті. Өзінің әлеуметтік тегі жағынан ұсақ буржуазияшыл демократтардың саяси ұйымы болды. Үш жүз алғашқыда Алаш партиясымен жақындасқысы келгенімен, кейін өкімет үшін күрес шырқай шегіне жетіп, тақтық жіктелу үрдісі күшейген жағдайда «Үш жүз» іргесін Алаштан аулақ салып, большевиктер мен солшыл эсерлерге жақындай түсті. Қазан төңкерісі жеңіске жеткен соң Алаш партиясына қарсы ашық күреске шықты, оның оппоненті болды.

«Алаш» партиясы (1917—1920) — 1917 ж. Ақпан төңкерісінен соң Ресей конституциялы демократиялық партиясының қазақ мүше тобынан құрылған. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов.

Алаш партиясы мүшелері Алаш Орда үкіметінің құрамында барынша көпшілігі болған. Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі, осы салада мемлекеттік тілдің де атқарар қызметі зор. Қазақ жері екі ғасырдан астам Ресей самодержавасының қол астында болған жылдарда, қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны, көк түрік дәуірінен бастау алған бірегей саяси тарихы бар халық, түгелдей империялық заңдардың бұғауына түскені, біздерге тарихтан белгілі. Қазақ қоғамының осы бір қасіретін халықтың озық ойлы, көзі ашық өкілдері аңғара бастады. Олар халықты саяси күрес додасына бастап шықты. Бұған себеп болған 1917 жылғы Ресейдегі қос төңкеріс еді. Патша үкіметінің тақтан құлауы саяси күресті одан әрі қыздыра түсті. Қазақ зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолына жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен көрнекті тұлғалар шықты. Олар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов және т.б. болатын. Олар патша самодержавасының қазақ халқының саяси-сезімінің қалыптасып, оның саяси күреске ұласуына, барынша кедергі келтіріп отырғанын бірден түсінген еді. 3. Ноғай Ордасының аумағын карта бойынша көрсетіңіз.

21-билет

1. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің басқа көтерілістерден айырмашылығы.

Кенесары Қасымұлы үш жүздің басын қосып, Ресей империясына қарсы тұрды. Ол қазақ жеріндегі біртұтастықты сақтап қалуға тырысты. 1841 жылдың қыркүйек айында үш жүздің өкілдері бас қосқан жиында Кенесары Қасымұлы хан сайланды. Ұлт-азаттық күресті табысты жүргізу үшін Кенесары хан бір орталықтан басқарылатын мемлекет құрды. Оны ханның өзі басқарды. Ханның жанынан жоғарғы кеңесші орган - өзіне барынша адал берілген батырлардан, билерден, сұлтандар мен жақын туыстарынан тұратын арнайы Кеңес құрылды. Кенесары хандықты өзінің сенімді адамдары - жасауылдар арқылы басқарды. Жасауылдар сот ісімен, шаруашылық мәселелерімен, дипломатиялық жұмыстармен, алым-салық жинаумен және әскери істермен айналысты. Жасауылдар сонымен қатар орталық өкімет билігі берген нұсқаулардың мұқият орындалуын, мал жайылымдарының дұрыс бөлініп, тиімді пайдаланылуын бақылады, халықтың көңіл күйін де қадағалады. Хан билігі қызметінің оңды нәтижелері ретінде оның қол астындағы халық арасында алауыздық пен барымта алу жойылды.

Ханның алым-салық және сауда-саттық саясаты Кенесары ең алдымен алым-салық төлеудің тәртібін ретке келтірді. Мал өсірушілер -зекет, ал диқандар - ұшыр төлейтін болды. Патша әскерлерімен соғысты одан әрі жалғастыру қосымша материалдық және қаржы шығындарын қажет етті. Сондықтан алым-салықтың да қосымша түрі енгізілді: халықтан киім-кешек, қару-жарақ, ат әбзелдерін жинау қолға алынды. Салық жинауда халықтың жағдайы жеке-жеке ескерілді. Меншігінде малы 40 бастан аспайтындар алым-салықтан босатылды. 40-тан 100 басқа дейін малы барлар бір малдан, ал 100 бастан артық малының әрбір 40 басына бір малдан төлеп тұратын болып белгіленді.

Қарулы күштердің құрылуы. Кенесары 20 мың сарбаздан тұратын әрі жауынгерлік қабілеті күшті тұрақты әскер жасақтай алды. Кенесары әскері жүздіктер мен мыңдықтарға бөлінді. Ерлігімен ерекше көзге түскен сарбаздардың қатарынан жүзбасылар мен мыңбасылар тағайындалды. Кенесары құралайды көзге ататын мергендерден іріктеп, мергенбасы басқаратын ерекше жасақ құрды. Орыс армиясының үлгісі бойынша хан өз әскерлеріне ерекше айырым белгілерін енгізді.

Хан сарбаздарынан шайқас тактикасы мен әскери өнердің амал-тәсілдерін меңгеруді талап етті. Көтерілісшілерді әскери өнерге үйретумен орыстың, татардың және башқұрттардың бұрын тұрақты орыс армиясында қызмет еткен тәжірибелі солдаттары айналысты. Хан армияда қатаң тәртіп орната білді. Мәселен, сатқындық жасаған немесе әскери күзетте ұйықтап қалған сарбаздар өлім жазасына кесілді. Әскери тәртіпті бұзғандар қатаң жазаланды, қару-жарақ арнайы қоймаларда сақталды.

Кенесары барлаушылардың қызметін де шебер пайдаланды. Олар көтеріліс басшысына патша әскерлерінің қашан және қайда бет алатынын алдын ала хабарлап отырды. Кенесары әскерінің тыл қызметі де жолға қойылды. Ол көтерілісшілерді азық-түлікпен, жемшөппен қамтамасыз етті. 2. 1979 ж. Целиноград оқиғасы мен 1986 ж. желтоқсан оқиғасының ерекшеліктері.

Ерекшеліктері: 1979 жылғы 16-19 маусымдағы Целиноград оқиғасы –Қазақстанда (Қарағанды, Көкшетау, Павлодар обл. аумағы) неміс автономиясын құруға қарсы ереуіл.

1986 жылғы 16-18 Желтоқсан көтерілісі –Кеңес Одағында тоталитарлық жүйенің ыдырауын бастап берген, сондай-ақ Қазақстан халқының мемлекеттік тәуелсіздігін батыл көтерген оқиға. Целиноградтағы шеруге 16-маусымда бірнеше жүздеген адам қатысса, 19 -маусымда бірнеше мыңнан асты деп есептеуге болады. Желтоқсан көтерілісінде 17 желтоқсан кешке қарай жиналғандардың саны 20-30 мыңға жетті. Мақсаты жағынан,Целиноградтағы шеруге қатысушылар-«Қазақстан біртұтас!», «Неміс автономиясына жол жоқ!» деген ұрандар көтеру арқылы, қазақ жерінің бірлігін, тұтастығын сақтауға ұмтылысын көрсетті.1986 жылғы Желтоқсанда бейбіт шеруге шыққандардың- «Ұлт саясатының лениндік принциптерін сақтауды талап етеміз!», «Ешқандай ұлтқа артықшылық берілмесін!», «Әр республикаға – өзінің басшысы!» т.б. осы мазмұндағы ұрандары тоталитарлық жүйе жағдайында өз пікірін ашық айтудан қалған халықтың саяси еркіндікке, сондай-ақ мемлекеттік дербестікке ұмтылысын айғақтады. Целиноград оқиғасы, Целиноград қаласы мен облыстың басқа да елді мекендерін қамтыды. Өрескел құқық бұзушылыққа жол берілген жоқ. Шеруге қатысушылардың кейбіреулері әкімшілік жолмен жазаланды. Желтоқсан көтерілісі кезінде өрескел құқық бұзушылық пен әділетсіз, қатаң жазалау орын алды. Алматы (8,5 мың адам ұсталып, 2401-уақытша қамау орындарына жеткізіліп, қалғандары қала сыртына апарып тасталды,1,7 мыңнан аса адам дене жарақатын алды, сот үкімімен 99 адам түрлі мерзімге, екі адам өлім жазасына кесілді) қаласынан басқа, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Көкшетау, Арқалық, Жамбыл, Шымкент, Талдықорған қалаларында, Шамалған, Сарыөзек елді мекендерінде бой көрсетулер болып өтті. Оларға 2,5 мыңнан астам адам қатысып, 281-і ұсталып, 20-дан астамы түрлі мерзімдерге сотталды.

Целиноградтағы оқиға 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің алғышарты болды. 3. Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасының баскиімі мен Қарғалы шатқалынан табылған тәтіде бейнеленген ортақ белгілерді және айырмашылықтарды анықтаңыз.

Екеуі де Жетісу жерінен табылған.

Сақтар мен үйсіндердің түсінігінше, өлген адам қайта тіріледі деп сенген. Сондықтан да адамды жерлегенде оған о дүниеде керек болады-ау деп, тірі кезінде пайдаланған заттарының бәрін қоса көмген.

Екеуінде де «Аң стилі» мәдениетіне жатады. Яғни сақтар мен үйсіндердің бас киімдерінде жануарлардың бейнелері салынған. Атап айтқанда екеуінде де қанатты жолбарыстар, қанатты тұлпарлар, құстар бейнеленген. Онда қанатты тұлпарлар күннің белгісі ретінде салынған.

Екеуінің де басты тақырыбы- әлем бейнесі, әлем туралы түсінігі, діни наным-сенімдері мен өмірге деген көзқарасы бейнеленген.

Екеуінде де ою-өрнектер үш бөліктен тұрады.

Айырмашылықтары:

Есік обасынан табылған алтын киімді адам б.з.б. V – ІV ғасырларда, ал Қарғалы шатқалынан табылған үйсін адамы б.з.б. ІІ – І ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді.

22-билет 1. А.Македонскийдің Сақ жеріне жорығы.

Б.з.б. 4 ғасырдың 30-жылдары гректер сақ жеріне қауіп төндірді. Александр Македонский (Ескендір Зұлқарнайын) бастаған грек әскерлері Орта Азияға басып кіріп, Сырдария өңіріне қарай аттанады. «Жеңілмейтін әскер» атанып келген Александрдың қалың қолына сақ тайпалары қарсы тұрып, олардың алға жылжуына кедергі жасаған.

Грек-македон басқыншыларына қарсы күресті Спитамен атты сақ басқарды. Ол македон әскеріне 3 жыл бойы қарсы партизан соғысын жүргізді. Ежелгі грек тарихшысы Арриан қолбасшы Александр Македонскийдің Сырдариядан жүзіп өтіп, сақтарға қалай шабуыл жасағаны туралы жазады. Бұл шабуылдан грек әскеріне қауіп төніп, олар қырғынға ұшырай жаздады. Күннің ыстығы, сақтардың жиі-жиі қолайсыз шабуылдары мен соғысу тактикасы гректерді әбден әлсіретті.

Сақтар грек гарнизоны орналасқан Маракананы- қазіргі Самарқанды қоршауға алды. Македонский көмекке әскер жіберді .Спитамен шегінген сыңай танытты. Гректер «қорқып қашқан көшпелілердің соңынан қуа жөнелгенде, Спитамен кері бұрылып шабуылға шықты. Гректер өзендегі кішкентай аралға қарай қашты. Бұл жерде скифтер мен Спитаменнің атты әскері оларды қоршауға алды да, садақпен атып, түгел қырып салды»,-деп жазады Арриан. Сақтар Александр Македонскийдің ірі әскери бөлімдерінің бірін осылай талқандады. Кейбір деректерге қарағанда , осы соғыста Александрға сақ сарбазының садағы тиіп, санынан жараланады..

Сөйтіп, Александр Македонскийдің Сырдарияның арғы жағын мекендейтін сақ тайпаларын бағындыру үшін жасаған жорығы сәтсіз аяқталады. Сақтар оның Шығысқа қарай жүретін жолын бөгеп тастады. 2. Қазақ тарихында «Айқап» журналының алатын орны

«Айқап» — қазақтың тұңғыш қоғамдық¬саяси, әдеби журналы. 1911—1915 ж. аралығында Ресейдің Троицк қаласында бастапқыда айына бір рет, кейін екі рет шықты. Барлығы 88 саны жарық көрген. Редакторы — қоғам қайраткері, ақын, аудармашы, М. Сералин. «Айқап» отаршылдық қысымдағы қазақтың ұлттық санасын оятуға ықпал етіп, халқымыздың саяси және рухани ілгерілеу жолында мейлінше қажетті ділгір мәселелерді өткір көтерді. Журналда Ш. Құдайбердіұлының «Білімділерден бес түрлі сөздің шешуін сұраймын» (1912, № 5), «Сөз таласы» (1915, № 6), «Біздің мұқтаждарымыз». «Басқармаға келген хаттар» (1912, № 4.) мақала, хабарлары жарияланды. Оларда Ш. Құдайбердіұлының философиялық ой¬толғамдары, қоғамдық өмірдің өзекті мәселелеріне қатысты көзқарасы көрініс тапқан. «Білімділерден бес түрлі сөздің шешуін сұраймын» (1912, № 5) сауалнамасында Ш. Құдайбердіұлының «Айқап» журналы арқылы оқырмандардан бес түрлі діни сұраққа жауап сұраған хаты берілген. «Білімділерден бес түрлі сөздің шешуін сұраймын. Әншейін жұмбақ емес, өз ойымша, адамның екі дүниесіне бірдей керек. Бұл сөздерге дін кітабынан дәлел көрсет деймін, тура ғана ақыл қабыл аларлық дәлел болса екен. Жауап беруші қазақ болсын, басқа жұрт болсын — бәрібір, бірақ жауап қазақ тіліменен жазылсын, не қазақша тәржіма етілсін. Жауап неғұрлым ұғымды, қысқарақ сөзбен жазылса екен…» дей келіп, 1. Алланың адамды жаратқандағы мақсұты не? 2. Адамға тіршіліктің ең керегі не үшін? 3. Адамға өлген соң мейлі не жөнмен болсын рахат¬бейнет (сауап¬азап) бар ма? 4. Ең жақсы адам не қылған кісі? 5. Заман өткен сайын адамдардың адамшылығы түзеліп бара ма, бұзылып бара жатыр ма?» деп барша адамзат баласын мәңгілік толғандыратын философиялық сауалдарын талқыға салады.

«Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз жазушыларға» өлеңінде қазақ зиялыларының пікір қайшылығынан туындаған (көшпелі және отырықшы) мәселеде парасат пайымына жетелер азаматтық келісімге ой салып, елдік жолындағы саяси және рухани арнадағы ортақ мұрат¬мақсатта береке¬бірлікке шақырса, «Сөз таласында» «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің арасындағы мұсылман құрылтайы мәселесіне қатысты өрбіген кезекті таластарды ақыл таразысына салып, сын көзімен қарайды. Ақын орынсыз кекету, жөнсіз мұқату, қисынсыз мінеу сынды ар өлшемімен еш үйлеспейтін жағымсыз қылықтардың келеңсіздіктерге ұрындырып отырғанын айта отырып, имани қасиеттерге жүгіну керектігін айтады. «Айқапқа» жазғандар да, «Қазаққа» жазған Ғалихан да талас сынды көптің сынына салып отыр, ол жақсы¬ақ. Бірақ кекеп, кекетіп сөзін жазған жарай ма? Менің ойымша, кекеу, сөгіс — тіл қаруы. Оның жарасы тез жазыла қоймас. Жауап қайырып, қарсыласарлық үлкен кісі түгіл, жас баланы да ұрып, кекеп-зекіріп тыю зиян шығармай ма?» деп қандай да болмасын адамның дәрежесі мен лауазымына қарамастан әділдік жолында ақиқат өлшемін ұстануы керектігін ескертеді. Өз толғамын нақты мысалмен нығырлап, өзекжарды толғанысын «кекеу кек шақырып, кек партия шақырып, партия елдің елдігін жоғалтады» деп саяси ұстанымды ар¬ождан қасиеттерімен сабақтастырып, азаматтық кемелділікке шақырады. «Айқап» журналында Ш. Құдайбердіұлының жарық көрген кітаптары, өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды деректер де берілген. 3. Қыпшақ мемлекетінің астаналарын карта бойынша белгілеңіз

23-билет 1.Аналық рулық қауым.

Кейінгі палеолит б.з.б. 40-35 мың жалдан басталып, 12-10 мың жылмен аяқталады. Бұл жер шарының барлық климаттық аймақтарына адамның кеңінен тарай қоныстаған және нәсілдер мен нәсілдік топтардың қалыптасу уақыты. Бұл тұста адамдардың рулық қауымы мен топтық ұжымдары қалыптаса бастады.

Рулық қауымдар барлық жерлерде алдымен отбасының қамқоршысы, бала өсіруші ана төңірігінде топтасты, осыған байланысты әйелдер алғашқы қауымда үстемдік жасады, мұның өзі аналық – матриархаттық дәуір деп аталды. Сонымен, аналық ру өзара қандас туыстығы арқылы біріккен және шешелері жағынан шыққан тегі бір адамдардың экзогамиялық тобы болды. 2. Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресіндегі тарихи тұлғалар.

Басқыншы жауға карсы күреске бүкіл қазақ халқы көтерілді. Ірі-ірі әскери жасақтарды Әбілмәмбет, Барақ, Сәмеке, Әбілқайыр, Сұлтанбет сияқты хандар мен сұлтандар , Шыңғысханның басқа да көптеген ұрпақтары басқарды.

Жас сұлтан Абылайдың беделі тап осы кезеңде көтерілді. Ол кейін қазақтың аса құрметті, беделді де айбынды ханына айналды.

Азаттық күресіне идеялык басшылық жасауды қазақтың үш жүзінің аса көрнекті үш биі өз міндеттеріне алды.

Басқыншыларға қарсы қарулы карсылықты ұйымдастыруда қазақтың әр түрлі рулары мен тайпаларынан және жүздерінен шыққан Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек, Жасыбай, Есет, Малайсары, Баян, Олжабай, Қожаберген, Түгел, Бөлек, Шақантай, Қошқарбай, Байболат сияқты басқа да көптеген батырлары маңызды рөл атқарды. Батырлар жеке дербес жасақтарды басқарды және оларды қанды шайқаска, ерен ерлік көрсете

отырып, өздері бастап кірді. Олардың бәрі де Әбілқайыр хан мен Бөгенбай батырдың жалпы басшылығымен, қатаң жауынгерлік тәртіпті сақтай отырып, үйлесімді ұрыс қимылдарын жүргізді. Жоңғар басқыншыларына қарсы шайқасқа әйелдер де белсене қатысты. Атап айтқанда, Олжабай батыр. Абылай сұлтанның қызы Айтолқын, Бұланбай батырдың қызы Айбике және басқалары жаумен қаһармандықпен шайқасты. Ал Қабанбай батырдың әйелі Гауһар батыр барлаушылар жасағын басқарды. Ол барлық ірі шайқастарға да қатысты. Кейінірек балалы болып, босанғаннан кейін соғысқа өзінің үлкен қызы Назымды жібереді. Қазақ ауыз әдебиетінде Гауһар батыр айтыпты деген мынадай сөз сақталған: «Атаңның ұлы болып тума, еліңнің ері болып ту». 3.С.Сәдуақасов мемлекет және қоғам қайраткері.

Смағұл Сәдуақасов (1900-1933) — кеңестік мемлекет, саяси, мәдениет қайраткер]. Бұрынғы Көкшетау облысы, Ленин ауданы, Жарқын ауылында туған.

Он жасына дейін «Ғалия медресесін» бітірген өз әкесі Сәдуақас хазіреттен тәлім-тәрбие алып, одан кейін Әбіл молда мектебінде білімін жалғастырады. 1912-1915 жылдары Павлодардағы екі кластық орыс-қазақ училищесін бітіріп, бір жыл мұғалім болады да, Омбыдағы ауылшаруашылық мектебіне түседі.

1918-1920 жылдары «Центросибирь» кооперативтер бірлестігінде қызмет етеді.

1920 жылы Орынборда Қазақстандағы алғашқы жастар ұйымының хатшысы болып сайланады.

Сол жылы жаңа құрылған Қазақ Автономиялы республикасының үкімет басшылығына қызметке алынады. 1925-1926 жылдары «Еңбекшіл қазақ» («Егемен Қазақстан») газетінің жауапты шығарушысы, әрі «Қызыл Қазақстан» («Ақиқат») журналының редакторы, 1925-1927 жылдары Қазақ АССР Халық ағарту комиссары, 1927-1928 жылдары Ташкенттегі қазақ педагогика институтының ректоры қызметтерін атқарды.

1928-1932 жылдары Мәскеу көлік инженерлері институтын оқып бітірген соң Мәскеу-Донбасс темір жол құрылысында инженер-құрылысшы болып еңбек етті.

Мемлекеттік, қоғамдық қызметпен қоса әдеби-ғылыми шығармашылықпен айналысып, сол кезде шығып тұрған қазақ, орыс тілдеріндегі көптеген газет-журналдарда саясат, шаруашылық, ел ісі, мәдениет, әдебиет, өнер, тарих мәселелерін сөз еткен мақалалары жарияланды.

Көркем әңгімелері де жарық көрді. Оның «Жастармен әңгіме» (Орынбор, 1925 жылы), «Ұлт театры туралы» (Қызылорда, 1926 жылы), «Қазақстандағы халық ағарту мәселелері» (Қызылорда, 1927 жылы) деген үлкенді-кішілі кітаптары жарық көрді. Сондай-ақ Қазақстандағы ұл-азаттық көтеріліс пен Қазан төңкерісінен кейінгі ел өмірін арқау еткен «Сәрсенбек» атты романы да бар. «Салмақбай, Сағындық» (1923 ж.), «Күміс қоңырау» (1927 жылы) повестері қазақ әдебиетіндегі проза жанрын дамытуға қосылған үлес болып табылады.

С. Сәдуақасов «Еңбекшіл қазақ» («Егемен Қазақстан») басылымды екі рет (1921 жылы қаңтар — 1921 жылы ақпан және 1925 жылы қаңтар — 1926 жылы сәуір) басқарған кісілердің бірі.

Смағұл Сәдуақасовтың бүкіл қайраткерлік, азаматтық болмысы жарқырай танылған кезең 1925-1927 жылдар еді. Бұл кезде ол республика халық ағарту комиссары, әрі өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі болды. Бұл кезең сонымен бірге Ф.И.Голощекиннің Қазақстан өлкелік партия комитетін басқару кезімен дәлме дәл келеді.

С. Сәдуақасов мен Ф.Голощекиннің арасындағы келіспеушілік, қақтығысты тарихшылар төрт түрлі мәселеден сабақтап жүр. Олар біріншіден, мекемелердегі іс қағаздарын қазақыландыру, екіншіден, қазақтың оқыған, көзі ашық зиялы қауымына деген көзқарас, үшіншіден, байлар мен орташаларға деген көзқарас, төртіншіден, өнеркәсіпті дамыту.

Асыл азамат 33 жыл ғана ғұмыр сүріп, 1933 жылы Мәскеу-Донбасс темір жол құрылысындағы апатта қайтыс болды.

24-билет

1. Андрондықтардың қонысы, кәсібі мен тұрмысы.

Зерттеушілер андрондықтардың баспаналарын қайта қалпына келтірді. Олар жартылай жертөле сияқты салынып, сырты балшықпен сыланған. Үйдің шатырына сырғауылдар пайдаланылды, оның үстіне шөп төсеп үстін топырақпен жапқан. Мұндай жертөленің ішінде тастан ошақ орнатылған. Жер еденде сүт өнімдері мен ет сақтайтын шұңқыр қазылған. Солтүстік Қазақстандағы Шағалалы, Петровка қоныстары қазбаларының көрсетуінше, құрылыстың қабырғалары қатарластырыла қойылған, тік бағандардан тұрғызылған. Олар киіз үйдің торкөз керегелері тәрізді жасалған. Ғалымдар Андрондықтардың дөңгелек, жеңіл баспаналары қазақтың киіз үйіне ұқсайды деп есептейді.

Олардың басты кәсібі мал бағу, кетпенді – теселі егіншілікпен балық аулау болған. Есіл, Тобыл, Ертіс, Бұқтырма өзендерін бойлай қоныстанған. Мал жаюға ыңғайлы болу үшін шөбі шүйгін, және желден ықтау жерлерді таңдап алған. Қоныстардың маңындағы егістікке арпа, бидай, тары еккен. Мал өсіру негізінен отырықшылық, бақташылық түрде болды. Бірнеше шаруашылық бірге қоныстанған. Археологтар олар өмір сүрген тұрақтардан сүзбе жасауға арналған сүзгіш ыдыстар тапқан. Бұл сол кездің өзінде – ақ сүт тағамдарын әзірлегенін білдіреді. Сазбалшықты ыдыс жасауға пайдалану Андрон мәдениетінің ең негізгі сипаты еді. Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген түрі – көзе, құмыралар жасау өнері. Андрон тайпалары шаруашылық саласының бірін кен ісімен металл өңдеу құрады. 2. Қазақстандық парламентаризмнің қалыптасуына сипаттама беріңіз.

1995 жылғы Конституция мемлекеттік басқару жүйесі, меншік, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктеріне қатысты міндеттерді жаңаша тұрғыда шешті. Жоғары өкілді орган — екі палаталы Парламенттің құрылуына құқықтық негіз жасады. 1993 жылғы Конституцияда келісім және саяси тұрактылық, халықтын игілігі үшін экономиканы дамыту, қазақстандық патриотизм, мемлекет өміріндегі аса маңызды мәселелерді демократиялық әдістермен шешу, республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру түсіндірмелері енгізілмей қалған болатын. Елбасының кадағалауымен бұл түсініктер 1995 жылы қабылданған Конституцияға енгізілді. Конституцияға «Парламент» ұғымы заң шығарушы органды жетілдіру және одан әрі дамыту мақсатында екі палаталы Парламент енгізілді. Парламенттің жоғары палатасы төменгі палатаның «бұқара халық талаптарына аса көңіл бөлуін қадағалау» мақсатында құрылды. Жалпы, Сенат республика басшысы мен төменгі палата Мәжіліс арасындағы жалғастырушы құрылым міндетін аткарады. 1995 жылғы Конституцияға сәйкес парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенат пен Мәжілістен тұрады. Сенат өкілеттілігі — 6 жыл, Мәжіліс өкілеттілігі — 5 жыл. Осы уақыттан бастап кәсіби парламент қалыптаса бастады. Сенатқа әр облыстан, республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасы астанасынан екі өкілден сайланады. Сенатқа 7 депутатты қоғамның ұлттық-мәдени және басқа мүдделерін ескере отырып Президент өзі тағайындайтын болды. Мәжіліс — 77 депутаттан тұрды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің тұңғыш төрағасы — Марат Оспанов. Президенттік

баскарудың жаңа жүйесі аткарушы биліктің қоғамдағы орны мен жауапкершілігін арттырды. 1995 жылғы Конституцияга сәйкес Прсзидент мемлекет басшысы және жоғарғы қызмет тұлғасы болып табылды. Бірак атқарушы билік оған тікелей басшылық ете алмайды. Яғни, Президенттің Үкіметтен арақашықтығы байқалды. 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституция мен «Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарынын мәртебесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес заң шығарушы орган мен онын мүшелерінің мәртебесі айқындалды. Қос палаталы Парламент Жоғарғы Кеңестер сияқты жылына 2—3 рет өткізілетін сессияларға жиналып отыратын өкілді орган емес, сессиялары жылда қыркүйектің бірінші жұмыс күнінен басталып, келер жылғы маусымның соңғы жұмыс күні біткенше тұрақты қызмет ететін, еліміздегі заң шығару функциясын жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органға айналды. 1995 жылы сайланған Парламент — 500-ге жуық заң қабылдады. Конституциямыздың 61-бабының 1-тармағына сәйкес заң шығару бастамасы құқығы Республика Президентіне, Парламент депутаттарына, Үкіметке берілді. Парламент заң шығару қызметімен қатар, осы зандардың орындалуын бақылады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 53-бабына сәйкес парламент Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті бюджеттің орындалуы туралы есебін бекітеді. Үкіметтің республикалық бюджеттінің орындалуы туралы есебін Парламенттің бекітпеуі — Парламенттің үкіметке сенімсіздік білдіргенін көрсетеді. Парламенттің әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің» үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының қабылдануымен сайлау жүйесінің жаңа кезеңі басталды. Қазақстанның Сайлау туралы заңнамасының негізін 1995 жылы 28 қыркүйекте қабылданған «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» (консти-туциялық заң күші бар) Президент Жарлығы құрайды. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, бірінші шақырылымдағы Парламент Сенатына сайлау —1995 жылы 5 желтоқсанда өтті. 1995 жылғы Парламент сайлауы науқанының ерекшелігі саяси бірлестіктердің өзара бірігуі болды. Сенатқа — 40 депутат, 19 облыстан және Астанадан 2 адамнан сайланды. 7 депутатты Қазақстан Республикасы Президенті тағайындады. Сенат төрағалығына — Өмірбек Байгелді сайланды. Қос палаталы Парламенттің 1996 жылғы 30 қаңтарда өткен бірінші мәжілісінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев: «...біз Қазақстанның шынайы, өркениетті парламентаризмінің мөлдір баста-уында тұрмыз» деп атап көрсетті. Елімізде кәсіби парламент қалыптаса бастады. Парламентаризм дамуында парламенттің заң шығарушы қыз-метпен кәсіби айналысу, депутаттық қызметтің кәсібиленуі, бір палаталы құрылымнан екі палаталы құрылымға өтуі бағыттары қалыптасты. Қазақстан тарихында Парламент ең алғаш рет 1996 жылдың қаңта-рынан бастап тұрақты негізде заң шығару функциясын атқаруға кірісті. Конституцияның 3-бабының 4-тармағында «Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау ұстанымына сәйкес жүзеге асырылады», — деп көрсетті. 3. Неолит дәуірінің тұрақтарының бірі Қараүңгірдің орналасқан жерін картадан көсетіңіз.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданындағы Қараүңгір тұрағы.

25-билет

1. Өтеміс қажының «Шыңғыснама» еңбегі.

“Шыңғыснама” – Хорезм тарихшысы Өтеміс қажының түркі тілінде жазған тарихи шығармасы. Шығарма шамамен 16 ғ-дың орта кезінде жазылған. Жошы әулеті тарихы баяндалады. Қолжазбаның жалғыз данасы Өзбекстан ҒА-сында сақтаулы. Еңбек жартылай сақталып,

Тоқтамыс туралы айтылатын жылдармен тәмамдалған. Алғысөзіне қарағанда, автор “Шыңғыснаманы” өзі өмір сүрген кезеңге дейін жеткізбек ниетте болған. Шығарманың Қыпшақ даласындағы Жошы әулетінің билік құрған кезеңін баяндайтын тарауы негізінен аңыз, әңгіме тұрғысында сипатталады. Дегенмен, көптеген тарихи мәліметтер нақты деректерге сүйеніп жазылған. Автор географиядан едәуір хабардар болып, өзі Хорезмнен Еділге дейін, одан әрі Каспий бойымен оңт-ке саяхат жасаған. В.В. Бартольд осы қолжазбаны зерттей келіп, оның біржақтылық бағытын атап көрсетеді. Өйткені ол Шайбани әулеті билеушілеріне көбірек тоқталып, олардың басқа әулеттерден артықшылықтарын баса көрсетіп отырады. Соған қарамастан “Шыңғыснама” Оңтүстік және Батыс Қазақстанның 13 – 14 ғ-лардағы тарихы жазылған құнды еңбек. 2. Алтын Орданың мемлекетінің құрылымын сипаттаңыз.

Шыңғыс хан ұрпақтары ұлыстарының басқару жүйелері бір-біріне ұқсас болды. Хандық өкімет хан ұрпақтарының иелігі болып табылды. Егер хан өлсе, не інісі, не баласы таққа отыратын. Алтын Орда хандары ислам дінін қабылдағаннан кейін, іс жүргізу жұмыстарын ұйғыр жазуымен жүргізген. Мұндай іс-қағаздарын жүргізушілерді «бітікшілер», яғни хатшылар деп атаған. Ұлыстың аумақтық бөліктерін билеушілер әмірлерге, мыңдықтар нояндарға, ал нояндар беклербекке бағынған. Ал азаматтық істерге уәзір билік жүргізген. Жалпы Алтын Ордада Жошы ұлысының мемлекеттік басқару жүйесі толығымен сақталған. Мемлекет ұлыстарға, ал ұлыстар ұсақ үлестерге бөлініп басқарылатын. Азаматтық басқару билігі түрік әулеттерінен шыққан «мәлік» деп аталатын жергілікті әкімдер арқылы жүзеге асырылған. Даруғалар салық жинаумен шұғылданды. Әскери істерді беклербек басқарды. Басқақтар да маңызды роль атқарды. Олар басқару қызметін атқарумен қатар, жергілікті халыққа әскери бақылау жүргізді, кейбір жерлерде салық жинаумен де айналысты. 3.Қимақ мемлекетінің құлауының себептерін анықтап, кестені толтырыңыз.

26-билет 1. Неолит дәуіріндегі тоқымашылық.

Неолит – тас дәуірінің соңғы кезеңі. Жаңа тас ғасырындағы адамдар бұрынғы адамдардан барлық жағынан жоғары тұрды.. Адамдар мыстан еңбек құралдары мен қару-жарақтарды, алтыннан сәндік бұйымдар жасай бастады. Сондай-ақ, сүйектен жасалған біз және ине көмегімен олар жүннен, өсімдік талшығынан мата тоқып, киім тігуді үйренді. Алғашқы қауым адамдарының

Бір бөлігі Ертісте қалып,екінші бөлігі Түркістан және Орта Азия аумағына қоныс аударды

Қыпшақ тайпаларымен батысқа,Оңтүстік орыс далаларына қарай қозғалды

Ішкі қайшылық

Сыртқы қайшылық

Қимақ мемлекетінің құлауының себептері

өндіргіштік күштерінің артуы б.з.б. 2 мыңжылдықтың басында бірқатар мәдени және тұрмыстық өзгерістерге жеткізді: жаппай отырықшылыққа көшу басталды, қыш ыдыстар жасалынды, кен кәсібі мен тоқымашылық қолға алынды. Қорыта айтқанда, осылардың бәрі өндіруші шаруашылықтың тууына негіз болды 2. Қазақстан Республикасының үш тармақты билік жүйесі.

Қазақстан Республикасы — президенттік басқару формасы бар демократиялық, құқықтық, унитарлы, зайырлы мемлекет.

Алғашқы конституция 1993 жылы қаңтарда қабылданды. 1995 жылы тамыз айында жаңа конституция қабылданды; 1998 жылы оған түзетулер енгізілді. Жаңа конституция бойынша Қазақстан — демократиялық құқықтық унитарлы мемлекет, оның тәуелсіз үш билік тармағы бар: атқарушы, заң шығарушы жән сот биліктері. Атқарушы билікті президент басқарады, ол 40 жастан асқан, Республика аумағында соңғы 15 жыл тұрған және мемлекеттік тілде (қазақ тілінде) еркін сөйлей алатын азаматтыры арасынан 5 жылға сайланады. Заң шығарушы билікті қос палаталы парламент атқарады (Сенат - 47 депутат және Мәжіліс - 107 депутат). Сот билігін Конституциялық сот пен жергілікті соттар жүйесі атқарады; сот төрелері қызметіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Конституциялық заңдарға сәйкес тағайындалады және тұрақыты түрде толық өкілетілікке ие болады.

Атқарушы билік

Атқарушы билікті Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарады. Оның басында парламенттің келісімімен президент тағайындайтын премьер-министр тұрады. Ол атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызмет атқаруын қамтамасыз етеді. 2016 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасының премьер-министрі болып Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев болып табылады.

Заң шығарушы билік

Ең жоғарғы заң шығарушы орган — парламент, ол екі палатадан тұрады — Сенат пен Мәжіліс. Сенаттың қызмет ету мерзімі – 6 жыл, оны жарты құрамы әрбір 3 жыл сайын қайта сайланып тұрады. Сенаттың 47 мүшесінің 32-сі облыстардың, Республика астанасы мен республикалық маңызы бар қалалардың өкілетті органдарының мүшелерінен сайланады (әрбір әкімшілік аумақтан 2 адамнан), ал 15-ін ел президенті тағайындайды. Мәжіліс (107 депутат) жалпы сайлау нәтижесінде 5 жыл мерзімге сайланады: 98 – бірмандатты аумақ бойынша және 9 – Қазақстан Халықтары Ассмаблеясымен. Парламент президенттің ұсынысымен конституцияға өзгерістер енгізеді, бюджетті, үкіметтің бағдарламалары мен есептемелерін бекітеді (сенбушілік вотумын енгізу үшін әрбір палатадан берілген дауыстың үштен екісін жинау керек), заңдарды қабылдайды (берілген дауыстың үштен екісін жинаған кезде президент ветосынан асып өте алады), соғыс пен бітімгершілік сұрақтарын шешеді, референдумдарды енгізеді, халықаралық келісімдерді ратификациялайды және т.с.с. Сонымен қатар Сенат президенттің ұсынысымен Жоғарғы сотты белгілейді, президент тағайындаған бас прокурорды және Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасын бекітеді, жергіікті үкіметтік органдарды таратады.

Сот билігі

Сот билігінің жоғарғы органы болып Жоғарғы сот пен Конституциялық кеңес болып табылады. Қазақстанда Жоғарғы сот пен жергілікті (облыстық, аудандық, қалалық) соттар қызмет етеді. Сонымен қатар арнайы соттар да құрылуы мүмкін (әскери, салық). Сот төрелерін Жоғарғы соттың төрағасының келісімімен президент тағайындайды (облыстық және жергілікті соттарда — өкілетті органның ұсынысы бойынша). Барлық соттардың қаржылық қамтамасыз етілуі республикалық бюджет есебінен жүреді. Конституциялық сот 15 адамнан тұрады. Оларды президент пен парламенттің қос палатасы әрқайсысы 5 адамнан тағайындайды. Олардың өкілеттіліктері 13 жылға созылады.

3. 1917 жылы құрылған партиялардың саяси қызметтерін салыстырыңыз

«Алаш» партиясы

«Үш жүз» партиясы

Басшылары

Ә.Бөкейханов

Құрамына кірді: А.Байтұрсынов, М.Дулатов,

М.Айтпенов

Құрамына кірді: К.Тоғысов, Ы.Қабенов

Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов

Саяси қызметі

Ұлттық қозғалыстың жетекшілері ұлт-азаттық қозғалысын конституциялық монархия үшін күрес және либералды реформалар ағысына түсіруге тырысты. Олар патша өкіметін, әсіресе оның аграрлық саясатын сынады.

Қ.Тоғысовтың келуімен партия солға бұрылыс жасады. «Алашқа» қарсы белсенді күрес жүргізді.

Қазан революциясына көзқарасы

Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысында прогресшіл рөл атқарды.

Алаштың «контрреволюциялық» партиясын сынады.

27-билет

1. «Түгіскен» кесенесі (ескерткіші) мен «Беғазы-Дәндібай» ескерткіштері.

ТҮГІСКЕН ЕСКЕРТКІШТЕРІ – соңғы қола және ерте темір дәуірлерінен сақталған жерлеу ескерткіштері. Қармақшы ауданы Іңкәрдарияның құрғақ арнасының сол жағалауында, Қызылордадан 300 км жерде орналасқан. 1959 жылы Хорезм археологиялық экспедициясының (жетекшілері С.П. Толстов, М.А. Итина) ұшақпен барлау жұмыстары нәтижесінде ашылып, негізгі зерттеулер 1959 – 1963 жылдары жүргізілген. Аласалау төбе үстінде орналасқан жалпы саны 70 астам нысан планигриялық тұрғыдан екі топқа, яғни біршама шағындау солтүстік топқа және ескерткіштердің ,басым бөлігін қамтитын оңтүстік топқа ажыратылады. Орналасу тәртібі бойынша ғана емес, хронологиялық тұрғыдан да екі бөлек уақытқа қарасты болғандықтан, ғылымда бұл екі топты "Солтүстік Түгіскен" және "Оңтүстік Түгіскен" деп атау қалыптасқан.

Солтүстік Түгіскен

Бұл топтағы жәдігерлердің арасында соңғы қола дәуіріне жататын 7 күрделі құрылымдағы кесене ғылыми зерттеулерде айрықша орын алады. Біздің заманымыздан бұрын 9 – 8 ғасырлар мерзімделген бұл кесенелер ақсүйек-шонжарлардың, ірі тайпа көсемдерінің жерлеу орны ретінде салынған. Төңірегіндегі тіркестіре салынған шағын құрылыстар ақсүйектердің туыстарын жерлеген орындар болуы мүмкін. Архитектуралық-құрылымдық жағынан алғанда кесенелердің басты ерекшелігі – шеңбер мен шаршы геометриялық ұғымдарын ұштастыра отырып салынуы. Қабырғалар шикі балшықтан жасалған, тікбұрышты, өлшемдері 54х28х10 см, 48х32х10 см, түсі ашық қызғылт кірпіштерден қаланған да, құрылыстардың үстін жабуда ағаш қолданылған. Есіктер күн¬шығыстан шығарылған. Арасында 4, 5 және 7-кесенелер ең ірілері болып саналады. Мұнда диаметрі 14 м шеңбер қабырғаларының ұзындығы 17,5 – 18 м болатын сыртқы шаршының ішіне келтірілген. Одан ортаға таман биіктігі 2 м 8 немесе 12 балшық колонна дөңгеленте тұрғызылған, ал одан ішке қарай тағы да осындай колонналардың 4-і немесе 8-і шаршы пішінде орналасқан. Дәл ортада сақталған диам. 15 – 20 см бағана шұңқырлары адам жерленген шағын алаңқайды айнала өтеді. Мүрделер тегістелген жерге жатқызылып, салт-жоралар өткізілген соң өртеліп отырған. Зерттеулер, сондай-ақ, оттың біраз уақыт жанып тұратын болғанын, мұның нәтижесінде бүкіл құрылыс отқа оранып, ағаш жабындылар жанып кететінін көрсетті. Бұл кездейсоқ жайт емес. Көне дәуірлерде адам өмірінде айрықша орын алған оттың бір тылсым сыры – оның қаттыны ерітетін, шикіні пісіретін, қараңғыны жарық қылатын деген сияқты арнаулы «өткізгіштік» қасиеті. Бұл жерде оттың өлген адамды басқа дүниеге апаратын, яғни оны басқа жағдайға «өткізетін» осындай астарлы күші ескерілген. Бастапқыда кесенелер цилиндр-конус пішіндес биік, салтанатты ғимараттар түрінде болған, олардың үстіне топырақ оба тұрғызылмаған. Кесенелерден табылған заттай деректердің арасында бүтін сақталған 200-ге жуық қыш ыдыстар ерекше орын алады. Дені бай өрнекті, өте сәнді бұл ыдыстар екі топқа бөлінеді. Мұның көбі Орталық Қазақстан көне мәдениеттерінен бастау алатын, Андронов және

Беғазы-Дәндібай дәстүріндегі қолмен жасалған ыдыстар. Екінші шағындау топты оңтүстік, яғни ортаазиялық мәдениеттерге тән, құмырашы дөңгелегінде жасалған ыдыстар құрайды. Сондай-ақ, алтын сырғалар, қола жебе ұштары, тас моншақтар сияқты бұйымдар да бар. Қыш ыдыстағы ұқсастықты айтпағанда, кесенелер салыну жобасы бойынша да Орталық Қазақстан атақты беғазы-дәндібай мәдениетінің, әсіресе Беғазы зиратының жерлеу құрылыстарына жақын. Ғылыми пайымдаулар бойынша, кесенелерді соңғы қола кезеңінде Іңкәрдария атырабын тұрақты мекендеген, ататектері Арқа өңірімен тығыз байланысты болған этникалық топтар қалдырған.

Оңтүстік Түгіскен

Бұл — сақ дәуірінің ескерткіші. Мұнда қазылған 34 оба және сондай-ақ, солтүстік топтағы кесенелер маңынан қазылған 4 оба да, барлығы біздің заманымыздан бұрын 7 – 5 ғасырлырға жататыны анықталған. Оның ішінде ескерткіштердің негізгі тобын құрайтын біздің заманымыздан бұрын 7 – 6 ғасыр обаларының топырақ үйіндісінің диаметрі 15 – 20 м, биіктігі 1 – 1,5 м. Тікбұрышты, тереңдігі 2 м-ге баратын шұңқыр қабірлер батыстан шығысқа созылған. Қабірдің беті ағаш бөренелермен жабылып, оның үстіне және айнала 2 – 5 м радиуспен қамыс қабаты төселген. Ағаш жабындыда көбіне оттың іздері анық байқалады, бірақ солт. топтағы кесенелердегі сияқты мәйіт пен құрылыс түгелдей өртелмеген. Анығында, бұл жерде қабірдің үстіне от қойып, дәстүрдің шартты түрдегі рәсімін көрсеткеннен соң, оттың жанып бітуін тоспай, дереу топырақ үйіндімен жауып тастап отырған. Қабір еденінде бұрыштарды айнала өтетін бағана шұңқырлары бар, ал кейде төрт іргенің бойымен жіңішке ор қазу арқылы мәйіт жатқызылған ортаны үстелше сияқты көтерген. Бұлардан бөлек 3 обада шұңқыр қабір қазылмай, мәйітті тегістелген жер бетіне қойып, оның үстіне бір немесе екі қатар шағын бағаналар арқылы күркеше тәрізді ағаш құрылыс тұрғызған және оны топырақ үйіндімен жапқан. Біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырға жататын саны аздау обалардан байқалған негізгі айырмашылықтарға қабірлердің біршама тереңдігі, қабірден оңт.-шығысқа қарай тартылған, ұзынд. 5 – 12 м дәліз-дромостардың болуы, темір бұйымдардың көбеюі, мүрделердің басы бұрынғыдай батысқа емес, солтүстік-шығысқа қаратылуы жатады. Зерттелген сақ дәуірі обаларынан алмұрт пішіндес құмыралар, тікбүйірлі көзелер, аяқтар сынды көптеген қыш ыдыстар, қоладан құйылған ат әбзелдері, айналар, садақ жебелері, тас құрбандық ыдыстары табылған. Ғалымдардың пікірінше, Оңтүстік Түгіскенді және бұдан небәрі 30 км жерде орналасқан, мәдени ерекшеліктері бойынша өте жақын Ұйғарақ қорымын Солтүстігінде Түгіскенде жерленген этникалық топтың тікелей ұрпағы болып саналатын сақ дәуірінің тұрғындары қалдырған.

Беғазы-дәндібай мәдениеті кезеңін сипаттайтын ескерткіштер Орталық Қазақстан өңірінен көп табылды. Олар: Жезқазған ( Кресто, Петрохолм, Златоуст, Раймунд, Шақпақ т.б.) көне кен орындары; Жезқазған ( Милықұдық, Сорқұдық, Айнакөл), Саяқ 3, Суықбұлақ, Тағыбайбұлақ, Атасу, Шортандыбұлақ, Қарқаралы 1,2 және басқа мыс балқыту орталықтары; Бұғылы1,2, Атасу 1, Шортандыбұлақ, Ақкезең, Қарқаралы 1,2 сияқты аса ірі қоныс, мекендері; аумағы 60-80 га-ға жететін тоғандар, бөгеттер, тоспалар, арықтар мен каналдар т.б. гидротехникалық құрылыстар; үлкен қорымдар мен тайпа көсемдері жерленген зәулім кесенелер ( Беғазы, Бұғылы 2, 3, Ақсу-Аюлы 2, Сңғыру 1, Дәндібай, Айбас дарасы т.б.); бата жасап, табыну сияқты діни салттарды өткізу орындары – менгирлер тізбегі; қойтас, тұлпартас, түйетас және аютас т.б. үй жануарлары мен жыртқыш аң мүсіндері, тас бетіндегі таңбалы сүреттер ( Бұғылы, Қарасай, Қойшоқы, Сартабан, Қанаттас, Аққойтас, Байқоңыр, Теректі әулие т.б.)

Беғазы-дәндібай ескерткіштері құрылымының күрделігімен, көрнектілігімен, сәулет құрылыстарын салудың жоғары техникасымен көзге түседі. Кең тараған аса ірі, ғажайып бейіт құрылыстары – оба, кесенелер бұл кезең қола дәуірінің ең жетілген, жоғары дамыған кезеңі екенін көрсетеді. 2. Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі жөніндегі декларация мазмұнын және маңызын ашып . көрсетіңіз.

азақ КСР-нің "мемлекеттік егемендігі туралы" декларациясы - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған декларация. "Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы" Декларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Онда республиканың тең қүқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынынан басқа, алғаш рет Қаз КСР-нің егеменділік құқығы жағдайы үшін принципті мемлекеттік-құқықтық ережелер: Одақтың шешуіне берген мәселелерді қоспағанда, Қаз КСР аумағында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі туралы, Одақтық Жоғарғы органдардың Қаз КСР-і Конституциясы мен егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да

актілерінің өз аумағында күшін жою құқы, Қазақ КСР-нің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, оның аумағындағы барлық ұлттық байлықтар - экономикалық және ғылыми-техникалық әлеует туралы, республиканың қосқан үлесіне сай жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне құқы, соның ішінде алмаз, валюта қоры және алтын қорындағы үлесіне, халықаралық қатынастардың субъектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау туралы бекітілген. Сонымен қатар, Декларация алғаш рет билікті бөлу принципін паш етті. Декларацияға сай, заң шығару билігі Жоғарғы кеңеске берілді, Президент Республика басшысы болып, жоғарғы атқарушы билікті иеленді, ал сот билігі Жоғарғы Сотқа берілді; мемлекеттің әлеуметтік негізін анықтауға таптық тұрғыдан қараудан бас тартты; республика аумағында ядролық қаруды сынауды жүргізуге, қырып-жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ полигондарының құрылысы мен қызметіне тыйым салды. Қазақстан қоғамының республикадағы демократиялық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени қайта жаңарулары туралы негізгі идеяларды қамтыған Декларациядан Республиканың жаңа Конституциясын жасау басталды.

3. Алтын Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.

Билеушілер

Басқарған жылдары

Жүргізген саясаты

Тоқтыхан

1290-1312 жж.

Иран, Кавказ елдерімен сауда байланысын жанданырып, Египет мүліктерімен тығыз қарым-қатынаста болған.

Өзбек

1312-1342жж.

Сарай-Беркеде жаңа ғимараттар мен мешіт салдырып, қаланы көркейткен. Қалаларда медресе салдырып, мұсылман дінінің таралуына себін тигізген.

Жәнібек

1342-1357жж.

Алтын Ордаға бағынған орыс князьдіктерінен алым-салық жинау ісін бір жүйеге келтірді. Алтын Орда территориясын кеңейтуге ұмтылды. Ирандағы Хулагу хан әулетінің ішкі талас-тартысын пайдаланып, 1357 Жәнібек өз әскерін Әзербайжанды басып алуға аттандырды. Көп ұзамай Жәнібек әскерлері Иранның солтүстіктегі астанасы Тебриз қаласын алды.

28-билет 1. VІ - ІХ ғғ. қазақ даласындағы мүсін өнері.

Қазақстанда түрік дәуірінде мүсін өнері ерекше дамыған. Көне түрік жазуында тас мүсіндері «блбл», орхон жазуында «балбық» деп жазған. Соңғы «кемпіртас» немесе «таскеліншектер» аталып жүр. Шындығында келгенде, бұл тас мүсіндердің тарихи маңызы зор. Олардың түрік дәуірінде ерекше бір идеялық мәні болған. Ол әлі толық ашыла қойған жоқ. Сондықтан сол кездегі көне түрік жазуындағы «блбл»-дың балбал тас, яғни мүсінтас деп алынғаны дұрыс. Мұндай балбал тастар Орталық Қазақстанда, Жетісуда өте көп кездеседі. Ол қаза болған қолбасшы, атақты адамның басына қойылған. Ал орхон жазуындағы «балбық» тасы – сол қолбасшыны жерлеу құрметіне қатынасқандардың қойған белгісі. Ол туралы «Күлтегін» жазуының авторы Йолығ-тегін әкесі Білге қағанға ескерткіш орнатқанда былай деп жазған: «Әкем Қағанға балбық тіктім». Бұдан мүсін жасау өнерінің еуропалық елдерге қарағанда Қазақстанда әлдеқайда ерте пайда болғаны байқалады. 2. ХІХ ғ. ІІ жартысында қазақ даласына саяси жер аударылғандардың Қазақстанды зерттеудегі үлестері.

ХІХ ғасырдың орта кезіне қарай Қазақстан саяси жер аударылғандар тұратын орынға айнала бастады. Декабристер, петрашевшілдер үйірмесінің мүшелері, Польшадағы ұлт-азаттық көтерілістерге қатысқандар жер аударылып кетеді.

Орыс ақыны А.Н.Плещеев 1850-1859 жылдары он жылға жуық Қазақстанда саяси айдауды болды. Ол Ақмешітте жүрген кезінде қазақтармен бірге болып, Қоқан хандығына қарсы күреске қатысты. Ол қазақтарға зор құрметпен қарады, олар туралы былай деп сүйсіне жазды: «Қазақтарға қызыға қараудан көз тоймайды. Жарқын жүзді, жомарт жүректі жандар. Оларды сыйламау мүмкін емес...» Ол бүкілөмір бойы қазақ халқына деген шын пейілді ыстық махаббаты мен құрметін атап айтумен өтті.

Қазақстанға жер аударылып келген Польшаның революционер-демократы Адольф Янушкевич те ХІХ ғасырдың 40-жылдарында Орталық Қазақстанға жасалған ғылыми экспедицияға белсене қатысты. Сол сапары кезінде күнделік жазып жүрді. Кейін ол күнделік поляк тілінде жарық көрді. А.Янушкевич өзінің күнделігінде қазақ даласы тұрғындарының тарихын, тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін суреттейді. Ол өзінің бірхатында қазақ халқы туралы былай деп өте жақсы жылы лебіз білдірді: «Құдіреті күшті құдай осыншама қабілетті етіп жаратқан бұл халықтың адамзат өркениетінен тыс қалып қоюы мүмкін емес...жергілікті көшпелі номадтардың күткен күні ертең-ақ туады, сөйтіп олар өздеріне қазір жоғарыдан менсінбей қарайтын өзге халықтардың арасынан лайықты да құрметті орнын ойып тұрып алатын болады». 3. Абылай ханды тарихи тұлға ретінде сипаттаңыз.

Абылай хан, Әбілмансұр — Ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Ол 1711 ж. (орыс деректерінде 1713) өмірге келген. Арғы тегі – Жошы хан, бергі бабалары Қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда, Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай, жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, Қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан Көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады.Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай 20 жасында қан майданда ерлігімен танылған. 1730 – 33 ж. аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде: күйеу баласы) Шарышты өлтіреді.Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап шапқан Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан

соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады.Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті 1730 – 40-жылдардағы сұрапыл соғыс шайқастарында ерекше көрінді. Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай, т.б. қазақтың белгілі батырлары тізе қоса қатысады. Бұл да Абылайдың жауға қарсы қазақ халқының басын біріктіре білгендігінің дәлелі болып табылады. Бірте-бірте ұлыстағы бар өкім Абылайдың қолына көшеді. 1738 – 41 ж. Абылай бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншыларына бірнеше мәрте соққы берді. 1741 ж. Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға түседі. Сол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы күрестің ең белсенді ұйымдастырушыларының біріне айналған Абылайдың жау қолына түсуі қазақ қоғамында үлкен абыржушылық туғызып, Абылайды босатып алу үлкен саяси мәселеге айналады. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастап 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 ж. 5-қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады.Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломатиялық жолдарды да тиімді пайдаланды. 1740 ж. тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге келісімін білдірді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың (Қытай) империясымен де қарым-қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер (1757 – 77 ж. Пекинге 10 елшілік жіберген) аттандырды. Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдайлармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті.Абылай қазақ жерінің бүтіндігіне қол сұққан жаулармен ымырасыз күрес жүргізді. 1754 – 55 және 1764 ж. қырғыздар Жетісуда біраз ауылдарды шауып, Жауғаш, Көкжал Барақ пен Шынқожа батырлар бастаған әскерлерді Ақсу, Көксу және Шу бойында талқандайды. Осы себепті Абылай 1755, 1765 жылдары Қырғыз ұлысына қарсы жорық жасап, Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартады, қазақ пен қырғыздың Нарынқолдан Қордайға тартылған, күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын бекітеді.Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді. 1765 – 67 ж. Абылай қолының Қоқан билеушісі Ерденбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент қалалары қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым төлеп тұратын болды.

Екі жүз жылға созылған қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының санасында «Шаңды жорық» деген атпен белгілі. Бұл 1771 ж. Еділ қалмақтарының (170 – 180 мың адам; 40 мыңдай әскері бар) жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы береді. Балқашқа жақындаған кезде Абылай бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтарды қоршауға алды. Осы кезде қалмақ басшылары Ұбашы мен Серен бітімге келуді, бүкіл ел жұртымен бодандыққа қабылдауды сұрап, елші жібереді. Кіріптар ұсынысты талқылау үшін шақырылған әскери кеңесте Абылай тағы да көрегендік танытып, жеңілген жауды қырып-жоюдың қажеті жоқ екендігін дәлелдеуге тырысады. Еділден ауған қалмақпен келіссөзге келіп, тым құрыса олардың Жоңғарға еркін өтіп кетуіне мүмкіндік беру жөніндегі Абылай түйінінің арғы жағында шығыстағы ұлы көршімен болашақтағы қарым-қатынасты ойлау жатыр еді. Жоңғардан азат етілген шығыстағы жерлерге қазақ ауылдарын апарып түпкілікті қоныстандыру да Абылай саясатының тереңдігін, кемеңгерлігін айқын көрсетеді. Абылай соғыс жағдайына сай қол астындағы елде, әсіресе әскер ішінде қатаң тәртіп орнатты. Сондықтан да хан бастаған жауынгерлердің ел-жұрты мен ата-мекенін қорғау рухы жоғары, ұзақ жорықтарға шыдамды, шайқас даласында тегеуріні қатты болған. Абылай сан жағынан әлдеқайда басым жаумен шайқасудан еш тайынбаған және көбіне үстем шығып отырған. Абылай қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырды.1771 ж. жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние салды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Орта жүздің ханы болып не Әбілмәмбеттің інілерінің бірі, не үлкен ұлы Әбілпейіз сайлануға тиіс еді. Алайда басты сұлтандардың, старшындардың, Әбілпейіздің өз қалауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының (хандығының) ұлы ханы болды.Абылай Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат ұстанды; Ауған шаһы Ахмет Дурранимен келіссөз жүргізді; Түркияға елшілік жіберу ниеті де болды. Қытаймен қатынас жақсара бастаған кезде орыс бодандығынан бойын тартып, патша әкімшілігінің шақыруымен хандық белгілерді қабылдау үшін 1779 ж. қазан айында

Петропавл бекінісіне барудан бас тартты. Пугачев соғысы кезінде үш мың әскерімен «Қасірет белдеуі» («Горькая линия») бойындағы орыс бекіністерін шапты.Абылай өмір жолын ат үстінде жорықтарда өткізіп, Арыс өзені (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы) жағасында 1781 ж. 23 мамырда қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінде жерленген. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды. Қазақ халқының жадында Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символына, жауынгерлік ұранға айналды.

29-билет 1. Қазақстан жеріндегі ежелгі тас дәуірі (хронологиясы, тұрақтары,еңбек құралдары).

Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең ұзаққа созылған және аса маңызды кезеңдердің бірі болып табылады.

Ежелгі тас ғасыры-адам мен оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Алғашқы адам жабайы өсетін дәндерді жеміс – жидектерді жинап жануарларды аулаған. Ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапқы кезеңі алғашқы төбыр-бірлесіп қорғану және шабуыл жасау, аң аулау және жиын терін үшіп бірлесу болды.

Ежелгі палеолит – ірі-ірі үш кезеңге:

Олдувэй (б.з.б. 2,6 млн жыл-800 мың жыл);

Ашель (б.з.б. 800-140 мың жыл);

Мустье (40-35 мың жыл) кезеңдерге бөлінеді.

Адам баласынының ең алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Осыған байланысты алғашқы тарихи кезең тас ғасыры деп аталған.

Табиғаты. Оңтүстіктегі Үнді мухиты жағынан жылы ауа Қазақстан жеріне келіп турған. Сондықтан Казақстанда субтропиктік ормандар болған.

Осы кездегі Қазақстан жерін мекендеген жануарлар: өзен, көлдердің жағасында пілдер, шалғында жылқылар, таулы жерлерде аюлар, мамонттар, бұғылар, бизондар, тауларда арқарлар, тауешкілер т.с.с. Б.з.б. 100-80 мың жыл бұрын ауа райы құрт өзгерген. Осы кезде Қазақстанда ұзаққа созылған ауа райының суытуы басталған. Барлық тауларды мұз басқан. Бұл суық мерзім б.з.б. 12-5 мың жылдарға дейін созылған.

Адамдары. Қазақстан жерін ежелгі адамдар б.з.б. 800-140 мың жылдықтардан бастап мекендеген. Алғашқы адамдар Қаратау жотасы мен Қарасу тұрағында мекендеген.

Алғашқы адамдардың айналысқан істері: аң аулау, терімшілік.

Алғашқы адамдар баспанасы: табиғи үңгірлер, үңгіме қуыс, тау шатқалдары т.б.

Адамдар табиғаттың дүлей күшіне қарсы тұру үшін, бірігіп аң аулап тіршілік етіп қиындықты жеңу ұшін топпен өмір сүрді.

Еңбек құралдары. Ауыр салмақты, тік бұрышты ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатқызылады. Жамбыл облысындағы Бөріқазған, Тәңірқазған, Шабақты мекендерінен (5000-ға жауық тас құрал), Қазанғап шатқалы (тастан жасалған 300-ге жуық құрал), Қарасу тұрағы (тастан жасалған 1500-ға жуық құрал), Сарыарқа тұрақтары, Балқаштың Солтүстік жағалауы (ежелгі адамдардың тұрақтары) т.с.с. жерлерден тастан жасалған құралдар табылған. 2. Ислам дініне дейінгі діни нанымдарды сипаттаңыз.

Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысындағы (Жетісу) қалаларға жүргізілген зерттеу жұмыстарының археологиялық деректеріне қарағанда, қала тұрғындарының арасында әр түрлі діни наным-сенімдердің болғандығы байқалады. Мысалы, Сырдария бойындағы орта ғасыр қалаларын қазғанда қақпақ тұтқасы қошқар мүйізіне, құс айдарына ұқсас жасалған қш құмыралар табылды. Осы тектес қыш ыдыс қақпақтары Отырар, Құйрықтөбе қалаларынан жиі кездеседі.

Жазба деретерге қарағанда, Сырдария аймағында қойға табыну салты өріс алғандығы аңғарылады. Мұндай бейнелер зооастралық фарнға байланысты туған. Фарн- түрлі халықтарда соңғы кезге дейін береке-байлық, бақыт, денсаулық, қаскөй күштерден үй ішін қорғаушы және қолдаушы ролін атқарып келгені мәлім. Ал оғыздар мен түрікмендерде қойға табыну кең тараған. Оғыздар өздерінің шыққан тегін қоймен байланыстырып, қорғаушысы ретінде оған табынатын болған.

Тәңірге жалбарынудың белнгісі ретінде қабір үстіне қойтастар орнатқан. Сондай-ақ діни нанымдардан шығу тегін белгілі бір аңмен байланыстыратын тотемге табыну белгілерін кездестіруге де болады.

Ортағасырлық қалаларда отқа табыну әдеті де кең тараған. Мысалы, Құйрықтөбе және Отырар қалаларын қазған кезде11-12 ғасырлардағы үйлердің ошақтары ерекше безендірілгені байқалған. Ғалымдар бұл көріністі отқа табынудың белгісі деп тұжырым жасайды. Отқа табыну түрік тілдес халықтарда кең тарағанын біз ерте орта ғасырлардан білеміз. Қырғыз халқында отқа табынуды «қасиетті Ұмай анамен» байланыстыру бар. Ал қазақ халқында отқа қасиетті дүние ретінде табынады. Оған байланысты «отқа түкірмеу», «от жанған жерді баспау», «отты аттамау», «түнда от жарқылдатпау» сияқты әр түрлі ырымдар бар. Жас келін түскенде отқа май тамызу рәсімі жалғасқан. Мұның бәрі сол бұрынннан қалыптасып келе жатқан әдет-ғұрыптар. 3. Терминдердің мағынасын кесте бойынша толтырыңыз.

Милитаризм

Жаппай қарулануға, соғысқа әзірленуге, ішкі және сыртқы мәселелерді қарулы күшпен шешуге бағытталған саясат.

Метрополия

Басқа елдерді басып алып, отарлап билеуші, қанаушы импералиалистік мемлекет.

Мобилизация

Мемлекеттің қарулы күштерін бейбітшілік жағдайдан соғыс жағдайына көшіру.

Реквизиция

Жеке адамдардың не қоғамдық ұйымдардың мүліктерін мемлекеттің уақытша өзіне қаратып алуы.

Монархия

Монархтың (патша, король, хан) жеке билігіне негізделген билік.

30-билет 1. Темір дәуіріндегі көшпелілердің ат - әбзелдері мен қару – жарақтары.

Металл ауыздықтың шығуы жылқы малын міну үшін көбірек үйретуге жағдай жасады. Атқа мінген бақташы ендігі жерде малды ұзатып жаюға мүмкіндік алды.Көшпелілер өсірген жылқы малы жаздың ыстық аптабына шыдап, қыста суыққа төзімді болды. Жылқы қыста керек азығын қар астынан тұяғымен аршып алады. Жылқы малының осындай қарды теуіп, оны тебіндеп аршып жеуі тебіндік жайылым деп аталады. Қорамсақтарда жебелердің сақ мәдениеті өріс алған басқа жерлерде аз тараған ромб тәрізді ұңғылы және қос қалақты қысқа мойын ұштары да кездеседі. Жебелердің қысқа мойындағы ұштарының қанды басын төрт қырлы етіп жасаған түрі де басқа жерлерден әзірге табылған жоқ. Оның есесіне қорамсақты белінің сол жағына, жебелердің ұштарын төмен қаратып салып жүретін классикалық скиф-сақ әдісі басым болтан.

Арал өңірі сақтарының жерлеу орындарынан ең кеп табылатын затардың бірі — ат әбзелдері. Үйғарактағы қабірлердің жартысынан дерлік жүгеннің қалдықтары — ауыздыктар, айшықтар, әр түрлі қапсырмалар, сондай-ак тартпалардың айылбастары табылған.

Үйғарақтағы ат ер-түрманы — Орталық Қазақстанда, Алтайда, Жетісуда сақ заманында кең тараған ат әбзелдерінің бір нүсқасы. Кейбір ауыздықтардың, айшықтардың түрлері мен оларды жасау әдістерінде, айылбастарында және жүген жиынтығының бірқатар заттарында ғана емес, сонымен катар сол жиынтықтарға кіретін заттардың өз кұрамында да ұқсастық байқалады. Алайда Ұйғарақтағы ер-тұрман ауыздық пен айшықты бірге құйып шығарған ерекше үлгіде болды, Қазақстан аумағының басқа аудандарындағы сақтарда мұндай үлгі болмаған. Сондай-ақ үш тесікті мүйіз не қола айшықты, үзеңгі түріндегі шығыршықты ауыз- дықтары бар жүгендер де ерекше үйлесімімен кезге түседі. Ұштары тікбұрышты жұмыр келген және қосарлы қондырмалы айшықтары бар, бітімі өзгеше ауыздықтардың [[Арал] өңірінен көптеп табылуы бұл ауданның Жетісумен бірге осындай үлгідегі жүген жасайтын орталықтардың бірі болғанын көрсетеді.

2. 1917 жылғы ақпан буржуазиялық революциясынан кейінгі Қазақстандағы көп партиялық жүйе.

1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде белсенділіктің айтарлықтай арта түсуіне облыстық, уездік қазақ комитеттері үлкен әсер етті. Мысалы, 1917 жылдың 10 наурызында - Оралда (төрағасы - Әлібеков); 11-наурызында - Семейде (төрағасы - Р.Мәрсеков); Омбыда (төрағасы - Е.Итбаев); наурыздың аяғында - Верныйда (төрағасы - И.Жайнақов) құрылған және т.б. облыстың қазақ комитеттері "Қазақ" газетінің көмегімен бірден-ақ қазақтардың облыстық съездерін дайындауға кірісті. Олар съездерге дайындалу барысында облыстық қоғамдық және басқа комитеттермен де, Уақытша үкіметтің органдарымен де ынтымақтастық жасады. Мысалы, Ә.Бөкейханов - Торғай облысы бойынша, М.Тынышбаев Жетісу облысы бойынша (эсер А.Шкапскиймен бірге) Уақытша үкіметтің комиссарлары болды. Ал, А.Байтұрсынов, М.Шоқаев, М.Дулатов, Ж.Досмұхамедов, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, А.Бірімжанов, Ә.Кенесарин, Р.Мәрсеков, тағы басқа қазақ зиялыларының өкілдері Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жұмыс істеді. Осындай байырғы қазақ халқының, әсіресе, ұлт зиялыларының саяси белсенділігі өскен жағдайда 1917 жылдың көктемінде: Торғай (Орынбор қаласы, 2-8 сәуір, 300-ден астам делегат, төрағасы - А.Байтұрсынов), Жетісу (Верный қаласы, 12-13 сәуір, 81 делегат, төрағасы - И.Жайнақов), Орал (Орал қаласы, 19-22 сәуір, 800-ден астам делегат, төрағасы - Ж.Досмұхамедов), Ақмола (Омбы қаласы, 25 сәуір-5 мамыр, 150-ге жуық делегат, төрағасы - А.Тұрлыбаев) қазақ облыстық съездері өткізілді. Бұл съездер ұлт азаттығын, жер мәселесін, діни, мәдени, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және басқа да проблемаларды шешу жолындағы күрестегі қазақ қоғамының қалың топтарының стратегиялық міндеттерін белгілеуге ұмтылуымен қатар, олардың осы мақсаттарға жетудегі тактикалық бағыттарын жасау жолында өздерінің одақтастары мен қарсыластарын да ашық көрсетуге тырысты. Облыстық съездердің ішінде Торғай съезі көлемі мен қабылданған шешімдері бойынша айрықша ерекшеленді. Съезд жұмыстарына Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, А.Қалменов, М.Шоқаев, М.Жұмабаев және басқа да сол кезеңдегі жас қазақ ойшылдары шешуші ықпал жасады. Соның арқасында съезд шешімдерінде "Алаш" қозғалысының бағдарламалық талаптары өз көрінісін тапты. Сонымен қатар, байырғы қазақ жұртшылығының түрлі топтарын біріктіріп, олардың аттарын анықтау мен шешу мақсатында Торғай съезі Бүкіл қазақ съезін шақыруға қаулы қабылдап, оны шақыру мен бағдарламалық құжаттарын дайындау үшін ұйымдастыру бюросын сайлады. Оның құрамына Ә.Бөкейханов, М.Дулатов бастаған қазақ ұлт зиялыларының белгілі тобы енеді. Съезд осы жылы мамыр айында Мәскеуде өткізуге тиіс болған Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне делегаттар сайлады. 1917 жылы мамырда Петроградта бірінші Жалпы ресейлік мұсылмандар съезі болып өтті. Съезде ұлттық-территориялық федеративті негіздегі демократиялық республика ұлттық автономия құру мәселелері қаралды. Қазақстанда алғашқы Кеңестер 1917 жылы наурызда пайда бола бастады. Жұмысшы және солдаттарға қарағанда шаруа депутаттарының Кеңесі кейінірек, яғни мамыр және маусым айларында құрыла бастады. Кеңестердің көпшілігін алғашқы кезде эсерлер мен меньшевиктердің ұсақ буржуазиялық партиясы өкілдері басқарды. Бұған большевиктердің әлсіздігі мен аздығы, жергілікті жұмысшылар ұйымшылдығының жеткіліксіздігі мен саяси жетілмегендігі, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесінің төмендігі себеп болды. Кейбір мәліметтерге қарағанда, 1917 жылдың наурыз-сәуір айларында Қазақстанда 25-тен астам Кеңестер, оның ішінде 8 жұмысшы, 9 шаруа, 7 солдат депутаттарының Кеңестері жұмыс істеген. Өзінің пайда болуынан бастап Қазақстан Кеңестері, әсіресе, жұмысшы және шаруа депутаттарының Кеңестері өздерінің құрамы жөнінен көпұлтты болды. Кеңестердің құрамына орыстар, қазақтар, украиндар, татарлар, ұйғырлар, өзбектер және басқа халықтардың өкілдері енді. Солдат депутаттары Кеңестеріне көбінесе орыстар, украиндықтар, ішінара татарлар кірді. Орталық Азияда және Қазақстанның оңтүстігінде мұсылман депутаттарының Кеңестері құрылды. 1917 жылғы 16-21 сәуірде Ташкентте мұсылман депутаттары Кеңестерінің І өлкелік (Түркістандық) съезі өтіп, ол Уақытша үкіметті қолдады және Ресейді басқарудың ең жақсы нысаны Түркістанға және басқа да ұлттық аймақтарға кең көлемде автономия берілетін жағдайдағы Федеративтік демократиялық республика деп таныды. Съезд Құрылтай съезіне дайындалуға және «Шура-и Ислам» мұсылмандар партиясының бағдарламасын тануға шақырды. Осы жерде айтып кететін жағдай 1917 жылы көктемде мұсылмандар қозғалысы негізінде «Шура-и Ислам» партиясы құрылған болатын. Ташкенттегі съезде (1917 ж. сәуір) қалыптасқан «Шура-и Ислам»

партиясының Шымкентте, Әулиеатада, Перовскіде, Қазалыда және басқа қалаларда жергілікті ұйымдары болды, оларға мұсылман дінінің православие дінімен тең құқықтылығы, діни шектеулердің жойылуы, ислам діні оқу орындарының ашылуы, Мекеге қажылыққа баруға рұқсат ету және басқа да діни құқықтар мен бостандықтар үшін күрескен татар, өзбек, қазақ діни қайраткерлері мен қатардағы мұсылмандар кірді. Қазақстандағы қос өкіметтің орталық аудандарға қарағанда өзіндік ерекшеліктері болды, бұл өлкенің отар ретінде әлеуметтік-экономикалық және саяси даму деңгейіне, оның көпұлттығы мен халқының құрамы негізінен ұсақ буржуазия өкілдерінен шыққандығына байланысты еді. Тап осындай жағдай Түркістан өлкесінде де орын алды. Мұнда патша өкіметі құлаған соң биліктің үш түрі орнады: олар – Кеңестер, Уақытша үкіметтің атқару комитеттері және мұсылмандар ұйымы. Егер алғашқы екі билік сырт жағынан қарағанда жергілікті халықтың мүддесіне онша жаны ашымай бұрынғы саясатты жүргізсе, ал ұлттық зиялылар басқарған оның соңғысы жергілікті тұрғындарды алаңдатқан мәселелерді шешуге тырысты. Сонымен, Ақпан революциясының жеңісінен кейін Қазақстанда қоғамдық-саяси өмірдің біршама жандануында Ресейдің саяси партиялары, әсіресе, олардың жергілікті ұйымдары мен топтары өз әсерін тигізді. 1917 жылдың көктемінде болып өткен облыстық қазақ съездері болашақ партияның бағдарламасын әзірлеуге көмектесіп, съездерге қатынасқан делегаттар мен қазақ комитеттерінің мүшелері "Алаш" партиясының әлеуметтік негізін құрады. Осылайша, 1905 жылдың өзінде-ақ құруға әрекет жасалған "Алаш" партиясы іс жүзінде 1917 жылдың мамыр айында қалыптасып, ал оның ресми тіркелуі 1917 жылдың желтоқсанында жүзеге асқан еді. Тарихта "Алаш" партиясының саяси ұйым болып құрылуының бастауын 1917 жылдың 21-28 шілде аралығында өткен бірінші Бүкілқазақ съезі айқындап берді. Съезд жұмысына сол кезде қазақ даласының алты облысынан: Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Ферғана және Бөкей ордасынан делегаттар қатысты. Съезде 14 мәселе күн тәртібіне қойылды: мемлекеттік басқару жүйесі; қазақ облыстарының автономиялығы туралы; жер мәселесі; халық милициясын ұйымдастыру; земство туралы, халық ағарту ісі; сот ісі; дін мәселесі; әйелдер мәселесі; қазақтар облыстарында Құрылтай жиналысына делегаттар сайлау; бүкілресейлік мұсылман съезі туралы; қазақ саяси партиясын құру туралы және т. б. Осылардың ішінде өзінің мазмұны мен саяси маңызы жағынан ұлттық автономия, жер мәселесі мен Құрылтай жиналысына дайындық мәселелері бірінші кезекте, өте саяси пікірталас жағдайында талқыланды. Мысалы, ұлттық автономия туралы А.Байтұрсынов пен М.Дулатов тәуелсіз автономиялық Қазақ мемлекетін жақтап сөйлесе, Ә.Бөкейханов қазақ ұлттық-территориялық автономияның Ресейдің құрамында болуын жақтады. Бірақ, ол мемлекет демократиялық федеративті парламенттік республика негізінде құрылуына басты назар аударды. Бүл көзқарас көпшілік делегаттардың қолдауына ие болды. Сонымен съездің қарарында: "Қазақ облыстары территориялық-ұлттық автономия құқығын алуы тиіс" деп жазылды. Сондай-ақ, жер мәселесі де қызу талқыға салынды. Съезд Қазақстанның барлық аймақтары мен Бұхара, Ферғана, Хиуадағы қазақтар қауымдастығынан Құрылтай жиналысына ұсынылған 81 кандидаттың 78-ін депутат етіп сайлады. Олардың арасында "Қазақ" газетінің жетекшілері, қазақ ұлттық-либералдық қозғалысының көсемдері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, аймақтардан А.Ермеков, Х.Ғаббасов, Ж. Х. Досмұхамедовтар, М.Тынышбаев, М.Шоқаев, С.Асфендияров болды. Съезде қаралған барлық мәселелер талқыланып, шешімдер қабылдану барысында қазақ ұлт зиялыларының ықпалы басым болып отырды. Сайып келгенде, Орынборда өткен бірінші Бүкілқазақ съезі "Алаш" қазақ ұлттық саяси партиясын шын мәнінде заңдастырды. Атқару комитеті негізінде партияның басқарушы органы сайланды. Сонымен, қорыта айтқанда, Кеңестік дәуірдегі Коммунистік партияның идеологтары Алаш партиясы мен Алашорда үкіметін буржуазиялық ұлтшылдық қозғалысының көрінісі деп бағалап келді. Алайда, біздің жоғарыда атап көрсеткеніміздей, жалпы Алаш қозғалысы, соған байланысты XX ғасыр басындағы қазақ ұлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметінде "ұлтшылдықтың", "буржуазияшылдықтың" ешқандай да белгісі болған емес. "Алаш" қазақ халқының нағыз ұлттық демократиялық партиясы болды. Сондықтан, қазіргі де, болашақ ұрпақтың да санасында оның өмір сүрген уақыты қазақ халқының ғасырлар бойы армандаған өзінің толық тәуелсіздігін қалпына келтіру жолындағы күресінің ең маңызды бір кезеңі деп бағалануы керек.

3. Кестені толтырыңыз: 1970-1980 жж. Қазақстандағы оқиғалар

Оқиға

Себебі

Салдары

1979 ж. Целиноград оқиғасы

1976 жылы КОКП ОК-і Ю.В.Андропов басшылық еткен жауапты топ кызметкерлеріне неміс автономиясын құру мәселелері туралы үсыныс жасау жөнінде тапсырма берді. 1979 жылы 31 мамырда «Целиноград, Қарағанды, Көкшетау және Павлодар облыстарының қүрамына кіретін бес ауданның аумағынан түратын Неміс автономиялық облысын күру туралы» қаулы шықты. Оның әкімшілік орталығы Ерейментау каласы болуы керек болатын. ҚазКП ОК-і жаңадан құрылып жатқан автономиялық облыстың партия органдарының кұрамы мен нақты шекарасын, штатын анықтауға кірісті. 18 маусымда Неміс автономиялық облысының құрылуына байланысты салтанатты жиналыс өткізу жоспарланды. Бүл шаралар республика халқының бір бөлігінде наразылық тудыруда.

Автономия құру туралы шешім болған жоқ деп мәлімдеп, облыс басшылығы КОКП ОК Саяси Бюросының автономиялы облыс құру жөніндегі жобасынан іс жүзінде бас тартты.

1986 ж. Алматыдағы оқиға

КОКП Орталық Комитетінің нұсқауымен 1986 жылы желтоқсанның 16-сы күні Қазақстан КП Орталық Комитетінің пленумы болды. Жиналысты КОКП ОК-нің хатшысы Г.Разумовский жүргізді. Күн тәртібінде бір ғана ұйымдастыру мәселесі тұрды. Д.Қонаевтың орнына Орталықтың шешімі бойынша Г.Колбинді сайлау ұсынылды.

Бейбіт шеру күшпен басылғаннан кейін аса қатыгездікпен және мейірімсіздікпен жаппай жазалау басталды. Оқиғаға қатысқан бірнеше адам мерт болды.

1989 ж. Жаңаөзендегі оқиға

Әлеуметтік кикілжіңнің шығуына басқа республикалардан келіп жұмыс істейтіндердің жергілікті халықтың дәстүрлерімен, мүддесімен санаспай, дөрекілік көрсетуі себеп болды.

Сырттан келгендердің көпшілігі қаладан кетуге мәжбүр болды. Бұл оқиғаның астарында жылдар бойы қордаланып, дұрыс шешімін таппаған тұрғын үй, мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі кезек, жастар арасындағы жұмыссыздық сияқты әлеуметтік мәселелер, сондай-ақ, мұнай мен газ өндірісін Мәскеудегі орталықтан басқаратын одақтық министрліктердің, әміршіл-әкімшіл жүйенің жергілікті тұрғындар арасынан кадрлар даярламай, жұмыс күштерін республикадан тыс жерлерден әкеліп, жергілікті халықтың мүддесін ескермей жүргізген сыңаржақ саясаты жатты.

1989 ж. Қарағандыдағы

1989 жылы шілдеде Ресейдегі Кузбасс, Украинадағы Донбасс кеншілерінің ереуілге

КСРО Министрлер Кеңесінің 03.08.1989 ж.

оқиға

шығуы Қарағанда көмір бассейнінде істейтін жұмысшылардың бас көтеруіне ықпал етті.

№608 каулысымен, т. б. шешімдермен 1989 ж. қазан айына дейін талаптардың жұмыс ерекшелігіне байланысты қосымша ақы төлеу, 30% белдеуік қоэффициент белгілеу, басқару аппаратын қысқарту, жоспардан тыс пайданың 70%-ын кәсіпорын қарамағына калдыру, мед. қызметті жақсаргу т. б. жөніндегі шахтерлердің барлығы 25 талабы орындалды. Көптеген талаптар КСРО-ның «Зейнетақымен қамтамасыз ету» және «Демалыс туралы» зандарының жобасына енгізілді, ал Қазақстанда ядролық қаруды сынауды тоқтату жөніндегі талап одақтық органдарға тапсырылды.

СкачатьРазмер файла
Скачать этот файл (qaz-tarihi-3-var.zip)Қазақстан тарихы (Вариант 3)158 Kb
 
27.04.2018 22:06