Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154396

Қазақ тілі (1062)

ҚАЗАҚ ТІЛІ

1. Құрамында үш дауысты дыбысы бар сөздер қатарын көрсетіңіз.

A) Көмек, бақташылар.

B) Барымташы, жақсылық.

C) Тапсырма, табалдырық.

D) Келіссөз, жеңілдік.

E) Сағыныш, аспан.

2. ¦яњ дауыссыздан басталып ±яњ дауыссызѓа аяқталѓан сµзді табыњыз.

A) К‰рек.

B) Ала.

C) Қыс.

D) Қаз.

E) Жаз.

3. Ілік септігінде тұрған сөзді табыңыз.

A) Көркемөнер.

B) Маңайда жүру.

C) Клубтан қайту.

D) Ағаш жапырағы.

E) Сөзге ұста.

4. Емле бойынша дұрыс жазылған сан есімді көрсетіңіз.

A) XI-сынып.

B) 5 сыныпқа көшу.

C) 2007-жыл.

D) 22-наурыз.

E) 50-50-ден бөлу.

5. Сілтеу есімдіктерін табыңыз.

A) Егер, бірге, уақыт.

B) Түнде, кеште.

C) Бір, алтау.

D) Жүз, оқы.

E) Бұл, сонау.

6. Септеулік шылаулар қатарын табыңыз.

A) я, яки, кейде.

B) -ақ, -ай.

C) кейін, соң.

D) және, әрі.

E) ма, ме.

7. Сөздердің қосымша арқылы байланысуын көрсетіңіз.

A) Темір қасық.

B) Өткір екен.

C) Он шақты кітап.

D) Қаладан келді.

E) Кең дала.

8. Ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларының қатысуымен жасалатын сөйлемді анықтаңыз.

A) Хабарлы сөйлем.

B) Бұйрықты сөйлем.

C) Лепті сөйлем.

D) Сұраулы сөйлем.

E) Жай сөйлем.

9. Мына сөйлемдердің қайсысы ғылыми стильге жататынын анықтаңыз.

A) Әр халықтың өзінше жаңа жылы, жыл басы болады.

B) Күнге бәрінен де жақын бірінші шеңбер жолында Меркурий тұрады.

C) Қайдан келуші ем? Сендерді іздеп келдім.

D) Президент республика халқын жаңа жылмен құттықтады.

E) Су түбінде жатқан тас жел толқытса шығады.

10. Омоним бола алмайтын сөзді көрсетіңіз.

A) Қалыңдық.

B) Қасы.

C) Қарт.

D) Тарту.

E) Шабу.

11. Жүйрік сөзінің антонимін көрсетіңіз.

A) Шабан.

B) Шабысты.

C) Желісті.

D) Жүрдек.

E) Озық.

12. Неологизмді табыңыз.

A) Балмұздақ, мұражай, бірлік.

B) Орбита, атшабар, отбасы.

C) Баспасөз, оқырман, итжанды.

D) Желек, орамал, бөкебай.

E) Жаһандану, кеден, зейнетақы.

13. Түбір тұлғасын сақтап біріккен сөзді көрсетіңіз.

A) Қарақағаз.

B) Әкел.

C) Бүгін.

D) Жаздыгүні.

E) Биыл.

14. Күрделі сөздер қатарын белгілеңіз.

A) Сары жайлау, туыстас.

B) Кірпіш, доп.

C) Шөпшек, үйшік.

D) Киім-кешек, ер-тұрман.

E) Сен-ақ, үп-үлкен.

15. Күрделі сын есімді тіркесті көрсетіңіз.

A) Сары ала көйлек.

B) Түнгі ауа.

C) Шырайлы сұлу.

D) Қызыл алма.

E) Тәтті қант.

16. “Енді” үстеуінің сөйлемдегі қызметін көрсетіңіз.

Бала енді жүре бастағанда, оның сөз үйренуі біраз тоқтап қалды.

A) Мезгіл пысықтауыш.

B) Мөлшер пысықтауыш.

C) Мақсат пысықтауыш.

D) Себеп пысықтауыш.

E) Мекен пысықтауыш.

17. Тура толықтауышты көрсетіңіз.

A) Домбырамен айту.

B) Мектепке бару.

C) Әбішке беру.

D) Допты алу.

E) Көлде шомылу.

18. Жай сөйлемнің қай түрі екенін белгілеңіз.

Ысқырып соққан жел.

A) Жалаң.

B) Жақты.

C) Жақсыз.

D) Толымды.

E) Атаулы.

19. Оқшау сөздің қай түріне жататынын белгілеңіз.

«Бәсе»

A) Қаратпа сөз.

B) Қыстырма сөз, одағай сөз.

C) Одағай сөз.

D) Көңіл күйі одағайы.

E) Қыстырма сөз.

20. Сингармонизм заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.

A) Кіріс.

B) Қабырға.

C) Кино.

D) Жұқа.

E) Шырақ.

21. Толықтауыш қызметіндегі етістік қатысқан сөйлемді белгілеңіз.

A) Бала теңіз жаққа ұзақ қарады.

B) Ол бұл жолы сөзден жеңілгенін мойындады.

C) Ақырын басып сыныпқа кірді.

D) Қарауыл тауының басынан төңірек түгел көрінді.

E) Бүгін түске дейін жұмысын тез аяқтады.

22. Баяндауыш болатын еліктеу сөзді табыңыз.

A) Оның сөзіне елең еткен адам болмады.

B) Алыстан дабырлаған дауыс естілді.

C) Шоқан қалжыңға түсініп, қарқ-қарқ күлді.

D) Жарқ етіп шам жанды.

E) Иық тірескен қоңыр таулар тағы күңк етті.

23. Сабақтастың түрін ажыратыңыз.

Жамал сағынып көрген баланың алды болған соң, ата-анасы қолдан келгенше әлпештеп өсірді.

A) Қарсылықты.

B) Мезгіл.

C) Себеп.

D) Мақсат.

E) Шартты.

24. Төлеу сөзді табыңыз.

A) Халықтық шығармаларды оқудан, білуден еш жалықпайды.

B) – Ойбай, жеңге, біз сөгетін адам емеспіз.

C) Ал, сол “шоң” деген сөздің түп төркіні, мен білсем, қазақ сөзі емес.

D) Айтып тұрғаны – “Көзімнің қарасы”.

E) Балалар қуанып, өздерінің әлі де көп жаңалықтар табатындығын айтты.

25. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз.

A) Әкесінің баласы, адамның дұшпаны, адамның баласы, бауырың.

B) Әкесінің баласы адамның - дұшпаны, адамның - баласы бауырың.

C) Әкесінің баласы - адамның дұшпаны адамның баласы бауырың.

D) Әкесінің баласы - адамның дұшпаны, адамның баласы - бауырың.

E) Әкесінің баласы адамның дұшпаны, адамның баласы бауырың.

 
16.01.2015 17:19