Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

15443

Электр тоғының жұмысы мен қуаты

Электр тоғының жұмысы мен қуаты.

Джоуль- Ленц заңы.

Фрейм-сабақ

Сабақтың бұл түрі оқушыларға өз күштерін бағалауға және осы сәтте өздерінің қажеттіліктері мен мүмкіншіліктеріне сәйкес мақсаттардың деңгейін таңдауға, ал уақыт өткен соң алдыңғыдан да жоғары деңгейге өтулеріне мүмкіндік береді.

Фрейм ұғымы (ағылшын тілінен аударғанда рама) шектеулі кеңістік пен уақыт аясында психикамен қабылданған шынайы құбылысты, іс-әрекетті, оқиғаны, жағдайды өзіне орталық етіп алған, түрлі ақпараттардың шоғырлануы дегенді білдіреді.

Фрейм-сабақ аталған ұғымның, ереженің, теореманың барлық ақпараттық ортасын қамтиды. Сәтті фреймге мысал ретінде күлкілі көрініс ретінде өткен сабақты алуға болады, осы арқылы оқушылар аталған сабақты көп жыл өткен соң еске оңай түсіреді.

Фреймдік білім берудің ерекшелігі – бұған барлық ми процессорлары, бақылаулар, тәжірибелер, ұқсастықтар мен гипотезалар, дәлелдер мен пайымдаулар, дайын мен құрастырулар еріксіз қатысады

Бағалау критериі

Қоршаған әлемді ғылыми негізде танудың әдістемелік мазмұны.

Эксперимент жасау теориялық ұғымдардың шынайлылығына көз жеткізетініне; физикалық теория табиғаттың  белгілі құбылыстарын және ғылыми фактілерді түсіндірудегі қабілеттілігіне; физикалық теорияны түсіндіре алу, физика заңдары мен физикалық теорияны қолдана алатын, мысалдар келтіре білу.

2. Физиканың негізгі ұғымдары мен заңдарын меңгеру.

2.1 Негізгі физикалық заңдарды қалыптастыру.

2.2 Физикалық құбылыс пен процестерге мысалдар келтіру, физиканың жетістіктерін өркениетті процесті қамтамасыз етуге қолдану;

3. Оқыту ақпараттарын әр түрлі түрде қабылдау, өңдеу және ұсыну (ауызша, бейнелеу арқылы, символикалық).

3.1 Оқылған физикалық мәтіннің негізгі мазмұнын жеткізу;

3.2 Эксперимент жасау теориялық ұғымдардың шынайлылығына көз жеткізу;

Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар бар қалан. Абай Құнанбаев

Сабақтың мақсаты: Токтың жұмысы мен қуаты, Джоуль-Ленц заңы туралы  түсіндіру,  жаңа тақырыптың мән-мағынасын ашу, ұғым жөнінде    түсінік қалыптастыру. Электр құбылыстары тарауы бойынша білімдерін толықтырып бекіту. Сабақтың түрі  –  сабақ-фрейм

Есіңе түсір

1.Электр тогы дегеніміз не?

2.Ток күші дегеніміз не, формуласы, өлшем бірлігі, аспап

3.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы қалай жазылады?

4. Тізбекте ток болу қандай жағдайлар болу үшін

не керек ?

5. Электр  қозғаушы күш дегеніміз не?

6. Электр кернеуі дегеніміз не? формуласы,

өлшем бірлігі, аспап

7. Кедергі дегеніміз не?

8.Өткізгіштің меншікті кедергісі деген не, формуласы өлшем бірлігі,  өлшеу аспап.

9. Параллель және тізбекте жалғау заңдылықтары.

10. Толық тізбек бөлігі үшін Ом заңы.

Фронтальдық жұмыс

Амперметрдің, вольтметрдің, ток көзінің, резистордың, жалғағыш сымдар, шамның көмегімен электр тізбегін кұру, оны түсіндіру

Қауіпсіздік техникасы

Ток күші электр тізбегінің ең негізгі сипаты болып табылады.  Электр тізбегімен жұмыс атқарғанда мынаны ескеру керек:  ток күші 1 мА дейін қауіпсіз болып табылады. Ток күші 100 мА асқанда адам ағзасына қауіпті, тіпті өлімге әкеп соғады. Электр құралдарымен жұмыс жасағанда өте ұқыпты болып, сақтық шараларын сақтау керек, әйтпесе адам өмірі қауіпке ұшырауы мүмкін.

Электр тогының жұмысы

Электр тогының бар екенін оның жылулық, химиялық, магниттік және биологиялық әсерлері бойынша білуге болады дедік. Осы әсерлер арқылы электр тогы, нақты айтқанда электр тогының көзі жұмыс жасайды. Мысалы ток өткенде өткізгіш қызады, соның салдарынан олардың ішкі энергиясы өседі. Ал өткізгіштің ішкі энергиясының артуы ток жұмысының есебінен жүреді, осы жұмысты есептейік. Сонда электр өрісі A=qU жұмыс өндіреді.

A=qU;    I=q/t

Тізбектің бөлігіндегі токтың жұмысы ток күшінің кернеуге және жұмыс өндіруге кеткен уақытқа көбейтіндісіне тең:

A=IUt

егер I=U/R;  U=IR;  A=IUT=I2Rt=U2/Rt=Q

SI жүйесінде жұмыс Джоульмен (Дж) өлшенеді.

1 Дж = 1А·1В · 1 с

Токтың жұмысын өлшеуге арналған құрал электр санауыш деп аталады

 

СкачатьРазмер файла
Скачать этот файл (elektr-togynyn.zip)Электр тоғының жұмысы мен қуаты510 Kb
 
25.11.2015 12:52