Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

15427

Көне грек философтарының еңбектерінен

Көне грек философтарының еңбектерінен
ФАЛЕС
(Кейінгі авторлардың баяндауларынан)
<…> Фалес, осындай философияның негізін қалаушы, [материалдық бастау] деп суды санайды, [оның жер - судың үстінде тұр деп тұжырымдайтыны да сондықтан]. Ол бұл көзқарасты барлық [мақұлықтардың] тамағы ылғал және жылу судан туындайды және оның есебінен өмір сүреді, ал “одан [бәрі] пайда болатын нәрсе”,  - бұл, [анықтама бойынша], барлық [заттардың] бастауы деген бақылаудан туындатқан сияқты. Міне сондықтан, сонымен қатар, барлық [тірі мақұлықтардың] спермасының табиғаты ылғал, ал бойында ылғал бар [мақұлықтардың] бастауы және өсуінің себебі су  болғандықтан ол бұл көзқарасты қабылдады. 
   Кейбіреулер табиғат туралы [Фалес] айтқан осындай көзқарасты өте көне заманда және осы ұрпақтан көп бұрын өмір сүрген алғашқы дінбасылар да ұстанды деп болжамдайды: олар өз поэзиясында  пайда болған барлық нәрсенің ата-бабасы ретінде Океан (грек тілінде осылай болғандықтан, аудармауды ұйғардық  -  Г.Н.) мен Тефияны бейнеледі және құдайлар су атымен, немесе, [ақындардың] өздері атағандай, Стикс атымен ант береді [деді]-мыс: Ежелгі, “кейбіреулер” пайымдайды, басқа барлық нәрседен қадірлілеу, ал басқаның бәрінен қадірленетін   - оның атымен ант ететін нәрсе, [яғни, “су= көне”]. Табиғат туралы бұл пікір шынында да соншалықты көне және ескі ме  -   анық емес, бірақ Фалес бірінші себеп туралы осы көрсетілген үлгіде пікір білдірді деп айтады. <…>
   Милеттік Фалес  бар [заттардың] бастауы - су деп тұжырымдады. (Бұл ер адам философияның бастаушысы деп есептеледі және Иониялық мектеп оның атымен аталды: себебі, философиялық ізін жалғастырушылар көп болды. Философияны Египетте зерттеп, ол Милетке үлкейген кезінде оралды). Бәрі судан, дейді ол, және бәрі суға ыдырайды. Бұл туралы  ол, біріншіден, барлық жануарлардың бастауы сперма, ал ол ылғал дегеннен қорытындылайды; осылайша, барлық [заттар] [өз] бастауын, мүмкін, ылғалдан алады. Екіншіден, барлық өсімдіктер ылғалмен қоректенеді және [ылғалдан] жеміс береді, ал [одан] айырылса, кеуіп кетеді. Үшіншіден, Күн мен жұлдыздардың отының өзі де, космостың өзі секілді су буларымен қоректенеді. Осы себептен Гомер де су туралы мынадай пікір айтады: “Океан, барлығының ата-бабасы”. <…>
    
АНАКСИМАНДР
<…> Фалестің тыңдаушысы [=шәкірті] Анаксимандр болады. Анаксимандр, Праксиадтың ұлы, милеттік. Ол бар [заттардың] бастауы  -  шексіздіктің белгісіз бір табиғаты, одан көк аспандар және олардағы космос дүниеге келеді. [Шексіздік табиғатын] ол мәңгі және ескірмейтін деп атайды және ол барлық космостарды қамтиды [дейді].  Уақыт, оның айтуы бойынша ... [дүниелердің-көк аспандардың] тууы, болмысы және күйреуі мағынасында алдын-ала анықталған. Ол бар заттардың бастауы мен элементі  -  шексіз деп тұжырымдады, бастаудың осы есімін бірінші болып енгізді және одан басқа мәңгілік қозғалыс бар, онда көк аспандар дүниеге келеді  деді. Жер  -  қалықтап тұрған дене, оны ештеңе ұстап тұрған жоқ, [космос перифериясының нүктелерінің] барлығынан бірдей қашықтықта орналасқандықтан, ол өз орнында қалып отырады. Оның формасы дөңгелек, [жұмырланған], тас колоннаның барабаны секілді: [екі] тегіс бетінің бірінің үстімен біз жүреміз, ал басқасы оған қарама-қарсы. Шырақтар оттар шеңбері түрінде пайда болады, космоста [таралған] оттан бөлініп шығады және аэрге [=тұманға] оранады, [қабықтағы] тартпа көмейінің қызметін  тұрбаға ұқсас белгісіз бір өткелдер атқарады, олар арқылы шырақтар көрініп тұрады, сол себепті, тартпа көмейлер жабылғанда, күн тұтылады. Өткелдер жабылғанда немесе ашылғанда Ай біресе толық, біресе жарты болып көрінеді. Күннің шеңбері <Жердің диаметрінен> жиырма жеті есе көп, ал Айдың шеңбері  <- он сегіз есе>; бәрінен Күн жоғары тұрады, бәрінен төмен  -  қозғалмайтын жұлдыздар шеңберлері. Жануарлар күннің олардан <ылғалды> сорып алу шамасына байланысты пайда болады. Адам алғашқыда басқа жануарға, яғни балыққа ұқсас болып пайда болды. Желдер ауадан өте жіңішке булардың бөлініп шығып, жинақталып, қозғалысқа келуінен; жаңбырлар  -  күннің астында орналасқан орындар шығарған булардан; найзағайлар  -  желдер бұлттарға төніп, оларды ыдыратудан пайда болады. Ол қырық екінші олимпиаданың үшінші жылында дүниеге келді [біздің дәуірімізге дейінгі 610 ж]. <…>
АНАКСИМЕН
   <…> Әлемде олардың көптігі, қарапайымдылығы және күштілігі себепті адамдардың көбі оларды басқа [денелердің] элементтері және бастаулары деп түсінетін төрт алғашқы дене болғандықтан (от, су, ауа және жер), алғашқы және қарапайым сапалардың да соншалықты болуы қажет. Бұлар жылылық, салқындық, құрғақтық және ылғалдылықтан басқа не сапалар болуы мүмкін... Немесе, ежелгі Анаксимен ойлағандай, салқынды да, ыстықты да субстанция деп танымауымыз керек, бірақ оларды жалпы материяның [субстраттың] өзгерулерінен екінші туындайтын  өзгермелі күйлері деп қарастыру қажет. Салқын деп ол материяның жиырылатын және тығыздалатын, ал ыстық деп сұйытылған және “босаңсыған” бөлігін санайды,  -  ол оны осындай терминмен атайды. Сондықтан да адам өзінің аузынан жылыны да, салқынды да шығарады деп айтылуы негізсіз емес: еріндер қысқан және қойытқан дем салқындайды, ал ауыз босаңсығанда, ол сұйытылғандықтан, ауыздан шығарда жылы болады. Анаксименнің бұл [салыстыруын] Аристотель жаңылысу деп есептейді: себебі, ауыз босаңсығанда, жылы біздің өзімізден шығады, біз еріндерімізді [түтік] секілді жиырып, үргенде болса, бізден шығатын [ауа] емес, ауыздың алдындағы ауа итеріліп шығарылады және шапшиды, ал ол салқын.
   Анаксимен, Эвристраттың ұлы, милеттік, бар болып отырғандардың  бастауы  -  ауа деп тұжырымдады, себебі одан бәрі дүниеге келеді және оған қайтадан ыдырайды. “Ауамен толтырылған біздің жанымыз, - дейді ол, бізді тұтас етіп қалай бекітсе, дем мен ауа бүкіл космосты солай қамтиды” (“ауа” мен “дем” [мұнда] синонимикалық қолданылады). Ол жануарлар қарапайым және біртекті ауадан және пневмадан тұрады деп ойлап, [Анаксимандр секілді] қателеседі, себебі барлық заттардың бір бастауы  -  материяның өмір сүруі мүмкін емес, бірақ жасаушы себепті де қабылдау қажет. Мысалы, егер де жасаушы себеп болмаса, яғни, күміс шебері болмаса, кубок болып шығу үшін күмістің [бір өзі] жеткіліксіз; осы мыс үшін де, ағаш үшін де, басқа [кез-келген] материал үшін де әділ. <…>
                                                                  (“Фрагменты ранних греческих философов” 
                                                                     кітабынан аударылды. М.,1989 ж.)
ГЕРАКЛИТ
   1. Бұл логос мәңгілік өмір сүріп келе жатса да, адамдар оны түсінбейді  -  ол туралы естігенге дейін де, алғаш рет естігенде де. Бәрі осы логос бойынша жасалады ғой, ал адамдар мен олардың әрбіреуін табиғаты бойынша бөліп және мәнін түсіндіре отырып баяндайтын осындай сөздерге және осындай істерге кіріскенде надандарға ұқсайды. Басқа адамдардан олардың ұйықтамаған, сергек кезде жасайтындары жасырылынған, олардың өз түстерін қалай ұмытса, дәл солай.
2.Сондықтан да жалпыға ортақты ұстану қажет. Бірақ, логос
жалпыға ортақ болса да, адамдардың көпшілігі өзіндік түсінігі бар секілді болып өмір сүреді.
3.(Күннің көлемі туралы). Ені адамның табанындай.
4.Бақыт дегеніміз тән рахаты болса, біз бақытты деп жеу үшін
бұршақ тауып алған өгіздерді айтар едік.
5. Біреудің балшыққа түсіп, балшықпен жуынғысы келгені
секілді, қанға боялған олардың құрбандық шалулармен тазарғысы келетіні бос әурешілік. Оның бұлай жасағанын байқаған адам оны есалаң деп санар еді. Осы мүсіндерге де олар біреулердің үйлермен сөйлескісі келгені сияқты сиынады; олар құдайлар мен батырлардың қандай екенін білмейді.
6. Күн   -   (Гераклит айтқандай) күн сайын жаңа  ғана емес,
сонымен қатар, мәңгі және үздіксіз жаңа.
7. Егер өмір сүріп жатқанның бәрі түтінге айналатын болса, оны
танауымызбен танып-білуге болар еді.
8. Жауласушы бірігеді,  айырыласытындардан  -  тамаша
гармония, және, барлығы күрес арқылы жүреді.
9.Есектер алтыннан гөрі сабанды жақсы деп таңдар еді.
10.Байланыстар: бүтін және бүтін емес, қосылатын және
айырысатын, келісетін және келіспейтін, және барлығынан  -  біреу, біреуден  -  барлығы.
1. Кез-келген жануар жемге қарай (қажеттілік) қамшысымен
бет алады.
2. Бір ғана өзенге құятынға жаңа сулар үсті-үстіне ағып келіп
жатады. Психеялар болса ылғалдан буға айналып ұшып кетеді.
3. Балшыққа  риза болу.
         Шошқалар балшыққа рахаттанады.
          20. Дүниеге келгеннен кейін олар өмір сүруге, яғни өлуге ұмтылады, жақсырақ айтсақ  -  тыныштануға, және, өлу үшін туылған балаларын қалдырады.
          21. Өлім   -   біз ұйықтамай, сергек жүрген кезде көретініміздің бәрі, ал біз ұйықтағанда көретіннің бәрі  -  түс.
          22. Алтын іздеушілер жерді көп қазады және аз ғана [алтын] табады.
          29. Ең жақсы адамдар бір нәрсені барлығынан жоғары қояды: мәңгілік даңқты - өткінші заттардан; тобыр болса, мал секілді тойынады.
          30. Өмір сүріп отырған барлық нәрселер үшін бір бұл космосты ешқандай құдай және ешқандай адам жаратқан жоқ, бірақ ол  арасында жанып, арасында өшіп отыратын  мәңгілік тірі от ретінде әрқашан болды, бар және бола береді.
          31. Оттың айналулары: әуелі  -  теңіз, теңіз болса  - жартылай жер және жартылай престер. [Бұл барлығын басқарып отырушы] логос [пен құдайдың көмегімен от ауа арқылы суға айналады дегенді білдіреді -  дүниенің ол] теңіз [деп атайтын негізінің ұрығы сияқты]; [судан жер мен көк және олардың арасындағы барлық нәрселер пайда болады Оның кері бағытта қалай қайтадан қалпына келетінін және қайта жанатынын ол былай түсіндіреді]: теңіз логостың бойымен өзі жер пайда болғанша қандай болса, сондай шамада жайылады.
          35. Ерлер-философтар өте көп білуі тиіс.
          38. Кейбіреулердің көрсетулері бойынша, Фалес бірінші астроном болған, мұны Гераклит пен Демокрит те дәлелдейді.
          40. Көп білу ақылды болуға үйретпейді, әйтпесе ол Гесиод пен Пифагорды, Ксенофан мен Гекатейді де үйретер еді.
          41. Даналық тек бір нәрседе ғана: ақыл-ойды бәрін бәрінің көмегімен басқаратын деп мойындау.
          44. Халық заң үшін өздерінің қорғандары үшін шайқасқандай болып шайқасуы тиіс.
          47. Маңызды заттар туралы өте тез пікір айтпайық.
          48. Садақтың аты -  өмір, ал ісі  -  өлім.
          49. Бір адам мен үшін  -  он мың, егер ол ең жақсы болса.
          49 а. Бір өзенге біз енеміз және енбейміз, өмір сүреміз және өмір сүрмейміз.
          50. [Бәрі  -  біртұтас: бөлінетін  -  бөлінбейтін, туылған  - туылмаған, өлетін  -  өлмейтін, логос  -  мәңгілік; әке  -  ұл, құдай  -  әділеттілік]; маған емес, логосқа сене отырып, бәрі  -  біртұтас деп тану  -  даналық.
          52. Мәңгілік  -  шахмат ойынын  ермек еткен сәби: сәби патшалығы.
          53. Соғыс  -  бәрінің әкесі және бәрінің патшасы; ол біреулерді құдай, басқаларды  -  адам етеді; біреулерді ол құл етеді, басқаларды еркін етеді.
          54. Жасырын гармония көрініп тұрғаннан жақсы.
          55. Мен көруге, естуге және зерттеуге болатынды қалаймын.
          56. Көрініп тұрған нақты [заттарды] танып-білуде адамдар эллиндердің бәрінен де дана болған Гомер секілді алданады; биттерді өлтірген балалар оны: “Біз көргендерімізді және ұстап алғандарымызды лақтырып тастадық, ал көрмегеніміз бен ұстай алмағандарымыз үстімізде жүр”,  -  деп алдаған еді.
          57. Көптеген [заттардың немесе адамдардың] оқытушысы   -  Гезиод, күн мен түннің бір нәрсе екенін түсінбеген оны біршама көп біледі деп санайды.
          58. Ізгілік те, зұлымдық та [бір]. Шынында да, ауруларды азаптаушы дәрігерлер, кесушілер және күйдірушілер, оның үстіне ақы талап етеді, олар ақы төлеуге лайық емес, себебі олар дәл соны: ізгілікті және ауруларды жасайды. 
          60. Жоғарыға және төменге жол  -  біреу.
          61. Теңіз суы өте таза және өте лас. Балықтар үшін ол ішуге жарамды және шипалы, адамдарға болса  -  ішуге жарамсыз және зиянды.
          62. Өлмейтіндер  -  өледі, өлетіндер  - өлмейді; бір-бірінің өлімімен олар өмір сүреді, бір-бірінің өмірімен олар өледі.
          67. [Құдай]:  күн  -  түн, қыс  -  жаз, соғыс  - бейбітшілік, тоқшылық  - аштық [бәрі қарама-қарсылықтар. Бұл ақыл] хош иістермен араласып, олардың әрбіреуінен алатын рахаттың әртүрлі екені секілді әртүрлі аталатын от сияқты өзгереді.
          67а. [Күннен тарайтын өмірлік жылу өмір сүретіннің бәрін өмірмен қамтамасыз етеді. Осы қағиданы қабылдай отырып, Гераклит психеяны өрмекшімен, денелерді  -  өрмекпен тамаша салыстырады. Өрмекшінің өрмектің ортасында тұрып,  -  дейді ол, шыбын оның жіптерінің бірін үзген бойда  бірден сезіп, жіпті түзету үшін сол жерге жүгіретіні секілді, адамның психеясы да, егер де оның қандай да бір бөлігі зақымдалған болса, өзі онымен берік және шамасына сәйкесті біріктірілген дененің зақымдалуына шыдай алмағандай болып, сол жерге тезірек ұмтылады].
          70. [Ол адамның ойларын] балалардың ойыны [деді].
          71. Ұмытып кететіндер жолдың қайда апаратынын [да естерінде сақтауы тиіс].
          74. [Ата-аналардың балалары] сияқты, қарапайым сөзбен айтсақ, қалай қабылдаған болсақ, солай іс-әрекет жасамаған дұрыс].
          76. От жердің өлімімен, ауа оттың өлімімен өмір сүреді; су ауаның өлімімен, жер  -  судың [өлімімен] өмір сүреді.
          Оттың өлімі  -  ауаның туылуы және ауаның өлімі - судың туылуы. Жердің өлімінен су туылады, судың өлімінен ауа туылады, ауаның [өлімінен]  - от, және керісінше.
          78. Ойлардың адами үлгісі ақыл-ойға ие емес, құдайы үлгісі  -  ие.
          82. Ең әдемі маймыл адам тегімен салыстырғанда жексұрын.
          83. Адамдардың ең данасы даналық, әдемілік және басқа жағынан құдаймен салыстырғанда маймыл болып көрінеді.                       
          86. [Құдайы істердің көпшілігі] сенбеушіліктің кесірінен назардан тыс қалады.
          87. Ақылсыз адам кез-келген іліммен әуестеніп кетеді.
          88. Біздің бойымызда бір нәрсе  -  тірі және өлі, ояу және ұйықтап жатқан, жас және кәрі. Себебі, бұл өзгергенде сол, және керісінше, өзгергенде осы.
          90. Отқа бәрі айырбасталады, және, от  -  бәріне, тауарлардың  -  алтынға және алтынның  -  тауарға айырбасталатыны секілді.
          91. [Гераклиттің айтуы бойынша], бір өзенге екі рет түсуге болмайды және өлетін табиғатты бір күйде екі рет көруге болмайды, бірақ алмастырудың тездігі мен жылдамдығы] оны ыдыратады және қайтадан жинайды, [бірақ, қайтадан және кейін емес, бір уақытта ол [қалыптасады және күйрейді], жақындайды және алыстайды [деп айтқан дұрысырақ].
          95. Надандықты жасырған дұрыс, бірақ бетімен кеткенде және шарап ішіп отырғанда оны жасыру қиын.
          97. Иттер білмейтін адамдарына қарап үреді.
          99. Егер де Күн болмаса,  -  басқа шырақтардың болғанына қарамастан, түн болар еді.
         100. ...Кезеңдер. Күн, олардың басқарушысы және бақылаушысы [Гераклиттің айтуы бойынша], бәрін әкелетін ауысулар мен жыл кезеңдерін белгілейді, басқарады, тағайындайды және табады.
         101. Мен өзімді зерттедім.
         101а. Көз құлақтарға қарағанда дәлірек куәгер.
         102. Құдайда бәрі тамаша, жақсы, әділетті, ал адамдар біреуін әділетсіз, басқасын әділетсіз деп есептейді.
         104. Олардың ақылы немесе түсінуі қандай? Халық әншілеріне олар сенеді, олар үшін ұстаз да тобыр, себебі, “көптің  - жаман, аздың  - жақсы” екенін олар білмейді.
         106. Дөрекі психеяға ие адамдардың көздері мен құлақтары адамдарға жаман куәгерлер.
         108. Ілімдерін мен естігендердің ешқайсысы даналықтың бәрінен ерекше екеніне жеткен жоқ.
         109. Надандықты көпшіліктің алдында көрсеткеннен гөрі жасырған дұрысырақ.
         110.  Тілегендерінің бәрі орындала берсе, адамдарға жақсы болмас еді.
         111. Ауру  -  денсаулықты, зұлымдық  -  ізгілікті, аштық  -  тоқтықты, шаршағандық  -  демалысты жағымды етеді.
         112. Ойлау   -  ұлы жетістік, даналық  -  ақиқатты айтуда және табиғатқа құлақ салып, үйлесімді әрекет етуде.
         113. Ойлау  бәріне жалпы.
         114. Ақылды сөйлегісі келгендер қала сияқты бәріне ортақ заңмен өзін бекітуі және көбірек берік етуі тиіс. Себебі, барлық адами заңдар өзінің билігін қалаған жеріне дейін тарататын, барлығының үстінен қарайтын және барлығын жеңетін біртұтас құдайы заңнан туындайды.
         116. Барлық адамдарға өздерін-өзі танып-білу және ойлау тән.
                                     
ПИФАГОР
“АЛТЫН ӨЛЕҢДЕР”
   12. “... басқалардан көбірек өзіңнен қорық”.
   40. “ Шаршаған көздерің тәтті ұйқыға кетпестен бұрын,
   41. Күндізгі істеріңді талқыла, өзіңе мынадай сұрақ қой:
42. Нені бұрыс жасадым? Нені бүлдірдім? Қандай парызымды орындамадым?
43. Біріншісінен бастап, бәрін ретімен есіңе түсір, ал соңынан,
44. Істерің жаман болса, -  өкін, ізгі істеріңе   -  қуан”.
   47.    “...........................................тетраксис
   48.   Мәңгілік табиғаттың бастау бұлағы.......”
54. “Адамдардың бәрі оларды өздері таңдап алып, бақытсыздықтарға ұшырайтынын байқайсың,
55. Бейшаралар: игіліктер оларға жақын тұр, адамдар болса, оларды көрмейді, естімейді”.
   63. “....................құдайылыққа өлетіндер жете алады”.
   70. “ Денеңді тастап шыққан бойда  -  сен еркін болып, эфирге ұшып шығасың және
   71. Құдай сияқты мәңгілік боласың, өлім мен шіруге енді  жатсың”.
“ПИФАГОРДЫҢ  ЗАҢДАРЫ  ЖӘНЕ  АДАМГЕРШІЛІК  ЕРЕЖЕЛЕРІ”
   1. Ең әуелі әр затты өз атымен атап үйрен: бұл барлық ғылымдардың арасындағы ең біріншісі және ең маңыздысы.
   2. Халықтар! Заңдардан бұрын ең әуелі ізгілікті адамгершілікке ие болуға тырысыңдар, адамгершілік  -  алғашқы заңдар.
   6. Адам! Басқа мақұлықтарға олардың саған жасағанын тілемейтініңді жасама.
6. Өз өміріңнің жобасын жасап ал және өз болмысыңның соңғы
минутына дейін оны орындауға тырыс.
   10. Өзіңе сенімді дос ізде; ондай досың болса, құдайларды қажет
етпейсің.
   11. Досты өзіңе алдын-ала таңда, себебі өмір тез өте шығады.
   12. Өзіңе дос таңда;  жалғыз бақытты бола алмайсың: бақыт екі адамның ісі.
   13.Сенімді дос таба алмасаң, өзіңе өзің дос бол.
17. Оқығаннан гөрі көбірек ескеріп, бақыла: көп оқыған адам нашар
оқиды. 
16. Ақыл-ойға бағынған құдайға бағынады.
17. Құдайлар табиғатын зерттеуді абыздарға қалдыр; сен
адам жүрегін танып-білумен айналыс.
24. Тәртіп сенің құдайың болсын! Оған шын жүректен қызмет ет:
тәртіп барлық заттардың одағы. Табиғаттың өзі сол арқылы өмір сүреді.
24. Сенен үндемеу деген не деп сұрайтын болса, даналық Сарайының
бірінші тасы деп жауап бер.
25. Даналық деген не? Тәртіпті білу. Бүкіл өмірің бойы дана болғың
келсе, бәрін өз орнына қой. Өтпелі, уақытша даңқ данышпанның күнделікті өмірінен көрінетін тыныш және алаңсыз тәртіпке тұрмайды.
26. Сенен асыл қасиет деген не деп сұраса, істе қолданылынған
даналықты сүю (философия  - Г.Н.) деп жауап бер.
   43. Ғылыми қоғамның мүшесі болма: ең дана дегендер, олар қоғам құрғанда, қарапайым адамдарға айналады.
45. Қандай бақытсыздыққа тап болсаң да, көз жасыңды төкпе:
оларды басқалардың бақытсыздығын жоқтауға сақта.
46. Бақыттың соңынан жүгірме: ол үнемі сенің өзіңде.
   48. Көп күлетін әйеліңе сенбе.
   52. Тыныш өлімге жеткің келсе, бірқалыпты өмір сүр.
   61. Білім мен даналықты бір нәрсе деп қарастырма.
   73. Табиғат біртұтас және оған тең келер ештеңе жоқ: ол өзінің анасы және әкесі; ол құдайлардың Құдайы. Тек Табиғатты қарастыр, қалғандарын қарапайым адамдарға қалдыр.
   78. Шарап ішуден өзіңді теже: ол құмарлық тудырушы сүт.
   81. Аз сөйле, одан да аз жаз.
   83. Өзіңнен көп өмір сүргің келсе және ұрпақтарың қадірлесің десең, соңыңда асыл қасиетті отбасын және жақсы кітап қалдыр.
   84. Өздерінің шығармаларында ғана дана секілді болып көрінетіндердің бірі болма.
   99. Тәніңді жаныңның  табытына  айналдырма.
   109. Меншігі жоқ азаматтың отаны жоқ.
   124. Заң шығарушы! Сауда заңдарын жазба: ол, оның кемелері жүзіп жүрген мұхит секілді, оларды қаламайды.
   134. ...әділеттілік заңдары... Барлық жерлердің және барлық ғасырлардың заңдары.
   144. Римдіктер сандардың құдайы әйеліне  табынды. Кротондықтар! Тәртіп құдайын онымен қосыңдар.
   155. Данышпан! Сен адамдарға қандай да бір маңызды ақиқатты жеткізгің келсе, оған жалпы пікірдің киімін кигіз.
   176. Сандарды, салмақ пен шаманы  -  әсем теңдіктің бала-шағаларын құдайы деп қадір тұт. Адами ұлы ізгілік - теңдік сандарда тұжырымдалады. Сандар   -  жердегі құдайдар.
   183. Заң шығарушы! Табиғаттан үлгі ал: ол өзінің бөліктерінде де, жиынтығында да бірдей маңызды.
   189.  Жалпыхалықтық жерлерде ақиқатты жария етпе: оны халық зұлымдық мақсатта пайдаланады.
   190. Данышпан! Қарапайым халықтың арасында өмір сүруге міндетті бола отырып, судың үстінде қалқып жүретін, бірақ онымен араласып кетпейтін май секілді бол.
   193. Отбасының әкесі қызметін атқармайтын адам заң шығарушы да, қаланы басқарушы да бола алмайды.
   201. Өзіңнің тілектеріңді өлше, өзіңнің ойларыңды салмақта, өзіңнің сөздеріңді санамала.
   203. Өзіңе өзің әмірші бол: өзіңді билеп және басқарып, сен керемет қожалыққа және ең маңызды қызметке ие боласың.
   211. Ештеңеге таң қалма: таңдану құдайларды тудырды.
   212. Өз әйелімен жақсы тұрмайтын адамды өзіңе дос ретінде таңдама.
   228. Адамдарды танып-біліп үйреніңдер: құдайларды танып-білгеннен адамдарды танып-білген қолайлырақ және пайдалырақ.
   235. Өз егісіңді өз қолыңмен өңде: Оны өңдеуді тұтқындарыңа қалдырма: жер өңдеу еркін адамның қолын қажет етеді.
   255. Ар-ұятың сенің жалғыз құдайың болсын.
   260. Кротондықтар! Сендерден құдайлардан көне не бар деп сұраса, үрей мен үміт деп жауап беріңдер.
   264. Игілікті бүгінгі кештен гөрі бүгінгі таңда жасауға асық: себебі өмір өте шығады және уақыт тез.
   265. Заң шығарушы! Адамға оның құқықтары, ал халыққа оның міндеттері туралы айт.
   284. (Абыздар): Құдай адамды жаратқанына өкінді деп айтады. Біз оларға солай жауап береміз: адам құдайларды жаратқанына өкінді.
   286. Кротондықтар! Республиканы басқаруды әйелі мен балалары құрметтемейтін адамға тапсырмаңдар.
   305. Елестету қабілетіңе ешқашан  толық ерік берме: ол құбыжықтарды туғызады.
   306. ...Халықты ешқашан алдама, бірақ оған бәрін бірдей түсіндіре берме.
   312. Ең әуелі дана болуға тырыс, бос уақытың болғанда, ғалым боласың.
   318. Ешкімнің де, тіпті табиғаттың өзінің де маймылы болма.
   312. Сау ақылдың бір тамшысын ғалымдықтың тұтас бір құдығынан жоғары қой.
   325. Ең ұлы білімді іздеп табамын деп мазаланба: барлық білімдерден адамгершілік ғылымы, мүмкін, ең қажеттісі болар, бірақ оған оқып-үйренбейді.
                                           (Чанышев А.Н. “Курс лекций по древней и средневековой  
                                              философии” кітабынан аударылды. М., 1991).
ПЛАТОН
“ДИАЛОГТАР”
АЙЫПТАУ СӨЗДЕРІНЕН КЕЙІН
   “Мен сендерге берілгенмін, афиналықтар (Афина  -  Орталық Грецияның оңтүстік-шығысындағы Аттика түбегінде орналасқан полис, мемлекет-қала, антикалық Грецияның экономикалық, саяси және мәдени орталығы  -  Г.Н.)  және сендерді сүйемін, бірақ сендерді емес, құдайды тыңдаймын, және, жаным мен күшім барда философиялық пайымдауымды, кездестірген адамды үгіттеуімді және сендіруімді, оларға әдетте айтатынымдарымды айтуымды тоқтатпаймын: “Сен афиналықсың, даналығымен және құдіретімен басқалардан даңқы асқан ұлы қаланың азаматысың, ақшам көбірек болсын деп, тек соның ғана қамын жеу, даңқ пен құрмет туралы ойлау, ал ақылдылық, ақиқат туралы ойланбау, өзіңнің жаның жақсырақ бола түссін деп қам жемеу   саған ұят емес пе?” Егер де сендердің біреуің қам жеймін деп менімен пікір таластыратын болса, онда мен оның соңынан қалмаймын, оған сұрақтар қоямын, оны сынаймын, әшкерелеймін, және, егер де маған оның абыройы жоқ сияқты болып көрінсе,  ол оны бар деп айтатын болса, онда мен оны ең қымбат нәрсені бағаламай, ең жаман нәрсені бәрінен жоғары бағалайтыны үшін айыптаймын. Мен кездестірген адамдарымның кез-келгеніне, жас пен кәріге, жат жерліктер мен сендерге -  әсіресе, Афина тұрғындары, сендерге, себебі сендер маған қан жағынан жақынсыңдар, осыны жасаймын.  Сендерді сендіре аламын, құдай осылай бұйырды, және, менің ойымша, бүкіл қалада менің құдайға қызмет етуімнен үлкен игілік жоқ. Себебі, менің жасайтыным  - сендерді аралап, жасты да, кәріні де дене мен ақшаның емес, ол мүмкіндігінше жақсы болсын деп, жанның қамын ең әуелі және бәрінен де көбірек ойлауға үгіттеу; мен абырой ақшадан тумайды, керісінше, абыройдан адамдарда жеке өмірде де, қоғамдық өмірде де ақша да, басқа ізгіліктер де болады деймін. Мен осындай сөздеріммен бозбалаларды бұзсам, онда, әрине, бұл зиянды. Ал мен осыны емес, басқаны айтады дейтін адам жалған айтады. Міне осы себепті мен сендерге былай дей аламын: “Афиналықтар, сендер Аниттің айтқанын тыңдайсыңдар ма, жоқ па, мені босатасыңдар ма, жоқ па,  маған тіпті бірнеше рет өлуге тура келсе де, мен басқаша жасамаймын”.      
   Шуламаңдар, афиналықтар, менің өтінішімді орындаңдар: мен не айтсам да, шуламаңдар, тыңдаңдар; менің ойымша, мені тыңдау сендерге пайдалы болады. Мен сендерге тағы да бірдеңелер айтқым келеді, сендер оны тыңдағанда тағы да шу көтеретін шығарсыңдар, тек сендер осылай жасамаңдар.
   Егер де сендер, мені өзім қандай болсам, сондай түрде жазаласаңдар, маған емес, өздеріңе көбірек зиян тигізесіңдер. Маған Мелиттен де, Аниттен де ешқандай зиян болмайды -  олар маған зиян тигізе алмайды да, себебі мен нашардың жақсыға зияны тиюі мүмкін емес деп ойлаймын. Әрине, ол өлтіре алады, немесе қуып жібере алады, немесе абыройынан айыра алады.. Ол немесе басқа біреу мұны үлкен зұлымдық деп есептеуі мүмкін, бірақ мен бұлай деп есептемеймін; менің ойымша, оның қазір жасап отырған ісі  -  адамды өлімге әділетсіз бұйыруға тырысуы - әлдеқайда үлкен зұлымдық. Осылайша, афиналықтар, сендер мені өлімге бұйырып, құдайдан алған сыйды жоғалтып алмауларың үшін, мен енді өзім үшін емес, сендер үшін қорғанып жатырмын. Себебі сендер мені жазаласаңдар, сендерге, -  айтудың өзі күлкілі  -  үлкен және игілікті, бірақ семіздіктен жалқауланып кеткен және оны әрі-бері тықсыртып, жүгіртетін бүргені қажет етіп тұрған  атты бақтырғаны секілді, құдайдың өзі біздің қалаға қойған мен сияқты басқа адамды табу оңайға түспейді.  Міне, менің ойымша, мен күні бойы тыным таппай, әрқайсысыңды оятып, үгіттеп, ұрсу үшін құдай мені осы қалаға жіберді. Басқа осындай адамды табу сендерге оңай болмайды, ал сендер маған сенсеңдер, мені құтқарып қала аласыңдар. Бірақ сендер ренжіп, Аниттің айтқанына еріп, ұйқысынан оятып жіберген адамдар сияқты ұйқылы-ояу күйде мені салып жіберіп, оңай өлтіре салуларың әбден мүмкін. Онда бүкіл қалған өмірлеріңді ұйқыда өткізесіңдер, егер құдай сендердің қамдарыңды ойлап, тағы біреуді сендерге жібермесе. Ал менің құдай мені осы қалаға қандай етіп берсе, сондай екенімді сендер мынадан көре аласыңдар: басқа қандай адам өз істерін тастап, үй-ішінің кикілжіңдеріне төтеп береді,  сендердің істеріңмен үнемі айналысып, әр адамға мен бейнебір оның әкесі немесе ағасы сияқты ерекше көңіл бөледі және абыройдың қамын ойлауға үгіттейді. Егер де мен бірдеңені пайдалансам және өзімнің тәлімдерім үшін ақы алсам, онда менде қандай да бір есеп болар еді, сендер енді өздерің көріп отырсыңдар, мені айыптаушылар осы тұста ұятсыздыққа қабілетсіз болып шықты және менің бірдеңе алғаным немесе қандай да бір ақы талап еткенім туралы куәгерлерді әкелмеді. Өзімнің шындықты  айтқанымның, менің ойымша жеткілікті куәгерін көрсете аламын  -  ол менің кедейлігім.
   Менің жиналыстарда халықтың  алдында сөйлеп, қалаға кеңестер беруге батылым жетпей, кеңестерді жеке түрде ғана, барлығын аралап және барлық нәрсеге килігіп беретінім бұл тұста түсініксіз болуы мүмкін. Мұның себебі сіздер менен жиі және барлық жерде естіген нәрседе: мені құдайы немесе демондық бірдеңе билейді, мұны Мелит те өзінің менің үстімнен жазған арызында келеке еткен болатын. Бұл жағдай менде балалық кезден басталды: бір дауыс пайда болады да, ол мені өзім жасауға ниеттенген нәрседен ылғи қайтарып отырады, бірақ көңілімді басқа бірдеңеге аударады дейін десем, олай да жасамайды. Маған мемлекеттік істермен айналысуға тыйым салатын, міне осы дауыс. Егер де мен мемлекеттік істермен айналысуға талпыныс жасаған болса, онда мен әлдеқашан өліп қалып, сендерге де, өзіме де пайда әкелмеген болар едім, бұған, афиналықтар, шүбәсіз сеніңдер. Және сендер, егер де мен сендерге  шындықты айтсам, ренжімеңдер: сендерге немесе басқа бір көпшілікке ашық қарсы тұрған және мемлекеттегі көптеген әділетсіздіктер мен заңсыздықтардың алдын алғысы келген адамның аман қалғаны жоқ. Жоқ, әділеттілікті шынымен жақтаған адам, оған аз ғана уақытқа болса да аман қалу бұйырса, жеке адам болып қалуы тиіс, қоғамдық майданға түспеуі керек. Мен сендерге  мұның салмақты дәлелдерін, пайымдауларды емес, сендер қымбат бағалайтын нәрсені   -   істерді келтіремін. Сонымен, менімен не болғанын тыңдаңдар және сонда өзіме өлім қаупі төніп тұрса да, менің әділеттілікке қарсы келетін нәрседе ешкімге жол бермейтініме, ал осы жол бермегендіктен өлуім мүмкін екендігіне сендердің көздерің жетеді.
   Мен сендерге әңгімелеп беретін нәрсені тыңдау ауыр және іш пыстырады, бірақ бұл ақиқат шындық. Мен ешқашан, афиналықтар, қалада басқа ешқандай қызмет атқармадым, бірақ кеңесте болдым. Біздің Антиохиданың кезекті мәжілісінде біз теңіз шайқасында қаза тапқандардың денелерін жинап алмаған он стратегтің барлығын бірден соттағымыз, кейін бәрі мойындағандай, заңсыз соттағымыз келді. Сол кезде мен притандардың арасында жалғыз өзім, заңды бұзуға жол беруді қаламай, қарсы дауыс бердім. Шешендер мені айыптауға дайын болғанда, - сендердің өздерің де соны талап еттіңдер және айқайладыңдар, -  мен түрмеден немесе өлімнен қорқып, сендермен бірге болғаннан гөрі, өзіме қауіп төніп тұрғанына қарамастан, заңның жағында тұрғаным дұрысырақ деп ойладым, себебі, сендердің шешімдерің әділетсіз. Бұл қаланы халық басқарған кезде болған еді, ал олигархияның дәуірі туғанда отыз тиран мені және тағы төрт азаматты Дөңгелек палатаға шақырып, бізге оны жазалау үшін Саламиннен саламиндік Леонтты әкелуді бұйырды. Осы секілді көптеген нәрселерді басқаларға да бұйырды, бұл кінәлілердің санын көбейту үшін жасалды. Мен үшін өлімнің түкке тұрмайтынын, әділетсіз және абыройсыз барлық нәрсені жасамау  -  мен үшін бәрінен де жоғары екендігін осы жолы тағы да сөзіммен емес, ісіммен дәлелдедім. Бұл үкімет қаншама күшті болса да, ол мені әділетсіздік жасауға мәжбүр ететіндей  қорқыта алмады. Біз Дөңгелек палатадан шыққан кезде төрт адам Саламинге аттанып, Леонтты алып келді, ал мен үйіме кеттім. Егер де сол үкімет құламағанда, мені жазалауы да мүмкін еді. Мұның бәрінің куәгерлері бізде көптеп табылады...
ӨЛІМ ЖАЗАСЫНА КЕСУ ҮКІМІ ШЫҒАРЫЛҒАН СОҢ
   Мен сүретін өмірдің енді қалған уақытының аз екендігінің кесірінен, афиналықтар, сендер туралы жаман атақ тарайды, және, біздің қаламызды жамандауға бейім адамдар сендерді Сократтың, дана адамның өмірін қиғандарың үшін кінәлайтын болады,  -  себебі, сендерді жазғыруға бейім адамдар менің данышпан екендігіме сенімді, мен іс жүзінде ондай болмасам да. Егер де сендер кішкене күте тұрғанда, бұл өзінен-өзі болатын нәрсе еді: сендер менің жасымды көріп отырсыңдар, мен әбден қартайған шалмын, менің өлімім жақын. Мен мұны сендердің бәріңе емес, мені өлім жазасына кескендерге ғана айтып отырмын. Осы адамдарға мен тағы мынаны айтқым келеді: афиналықтар, мүмкін сендер мені, егер де мен үкімнен құтылу үшін барлық нәрсені жасауды және айтуды қажет деп тапсам, олардың көмегімен сендерді өз жағыма аудартатын дәйектер жетіспегендіктен  жазаланып отыр деп ойлайтын шығарсыңдар. Мүлдем олай емес. Маған жетпей қалғаны дәйектер емес, дөрекілік пен ұятсыздық және сендердің құлақтарыңа жағымды нәрсені айту болды: өзімді өзім жоқтау, қайғылану, бір сөзбен айтқанда, сендер басқалардан естіп үйренген, бірақ менің пікірімше, маған лайық емес нәрселер. Бірақ маған қауіп төніп тұрғанда да мен құлға ғана лайық нәрсені қолдануды қажет деп таппадым, өзімді осылайша қорғағаныма мен қазірдің өзінде де өкінбеймін. Өзімді басқаша қорғап, тірі қалғаннан гөрі, өлгенім артық. Себебі, сотта болсын, соғыста болсын, не менің, не басқаның өлімнен кез-келген тәсіл арқылы қашып құтылғанымыз  дұрыс емес. Шайқастарда да қаруды тастап немесе жауларыңа жалынып өлімнен қашып құтылу мүмкіндігі жиі кездеседі; қауіпті жағдайларда өлімнен құтылудың басқа да көптеген амалдары бар, - кез-келген нәрсені жасауға және айтуға адамның батылы жетсе болғаны.
   Өлімнен құтылу қиын емес, одан әлдеқайда қиыны  -  адамгершіліктік бұзылудан қашып құтылу: ол өлімнен тезірек жетеді. Міне, мені, асықпайтын және қарт адамды, ондай тез жетпейтін нәрсе қуып жетті, ал мені айыптаушыларымды, күшті және шапшаң адамдарды, - жылдамырақ жүгіретін нәрсе, -  адамгершіліктік бұзылу   қуып жетті. Мен осы жерден өлім жазасына кесу туралы сендер шығарған үкімді арқалап шығамын, ал олар жауыздықтары мен әділетсіздіктері шындық арқылы әшкереленіп шығады. Мен өз жазаммен, олар өз жазасымен қаламыз. Осылай болуы тиіс те шығар, және, менің ойымша, бұл әдеттегі нәрсе.
   Ал енді, афиналықтар, мен мені жазалаған сендердің болашақтарың туралы айтқым келеді. Себебі, адамдар сәуегейлікке ерекше қабілетті болатын кезең,   -  оларды өлім күтіп тұрғанда,   -  мен үшін туды. Міне, мені өлтірген афиналықтар, мен сенімдімін, Зевстің атымен ант етемін, менің өлімімнен кейін сендерді маған сендер кескен өлімнен ауыр жаза күтіп тұр. Осыны жүзеге асырған соң, сендер өз өмірлерің туралы есеп беріп отыру қажеттілігінен құтыламыз деп ойладыңдар, бәрі керісінше болады: сендерді әшкереушілер көбейеді  -  мен осыған дейін оларды тежеп келдім. Олар жас болған сайын ауырлау болады және сендер одан сайын ыза боласыңдар.  Шынында да, егер де сендер адамдарды өлтіре отырып, дұрыс өмір сүрмейтіндерің үшін сендерді сөкпеуге оларды мәжбүр етеміз деп ойласаңдар, - қателесесіңдер. Өзін қорғаудың мұндай тәсілі сенімді де емес, жақсы да емес, ең жақсы және ең жеңіл тәсіл мынадай: басқалардың аузын жаппай, өзің жақсы болуға тырысу. Мені соттаған сендерге осыны болжап, мен сендерден кетемін.   
   Ал мені ақтап алуға дауыс бергендермен мен болған оқиға туралы шын көңіліммен әңгімелесер едім, әзірге архонттардың қолы тимей жатқанда және мен өзім өлуге тиіс жерге аттана қоймағанда. Осы уақытта менің қасымда бола тұрыңдар, достарым менің! Бір-бірімізбен шүйіркелесуге ештеңе кедергі бола алмайды. Сендер менің достарым болғандықтан, мен сендерге менімен қазір болған жағдайдың мәні неде екенін көрсеткім келеді. Менімен болған жағдай, судьялар,  -  сендерді, әділеттілік бойынша, мен судья деп айта аламын ғой,  -  таң қаларлық жағдай. Шынында да, мен үшін әдеттегі болып саналатын дауысты мен бұрын үнемі еститінмін және ол мен бірдеңені дұрыс емес жасайын деп жатқанымда, маңызы аз жағдайлардың өзінде де мені тежейтін, ал енді, өздерің көріп отырғандай, менің басыма ең жаман нәрсе, - оны кез-келген адам мойындар еді және солай болып есептеледі де , -  түскенде, құдайы белгі мені таңертең мен үйден шығарда да, сот үйіне кірерде де, мен не айтқым келсе де, сөзімнің өн бойында да тоқтатпады.  Бұрын, мен бірдеңе айтқан кезімде, ол мені жиі сөзімнің жартысында тоқтататын, ал қазір, сот болып жатқан кезде, ол менің ісіме де, сөзіме де бір де бір рет тежеу салмады. Мен мұны қалай түсінуім керек? Мен сендерге айтамын: мұның бәрі менің игілігіме болды, және, өлім  -  зұлымдық деп ойлайтындардың пікірі, шамасы, дұрыс емес. Енді менде мұның ұлы дәлелі бар: мен жақсы емес бірдеңе жасайтын болсам, әдеттегі белгінің мені тоқтатпауы мүмкін емес қой.
   Мына бір нәрсені де ескертейік: өлім  -  бұл игілік деп үміттенудің соншама негізі бар ғой! Өлім  -  екі нәрсенің бірі: өлу әлде ештеңе болмау дегенді білдіреді, өлген адам енді ештеңе сезбейді, әлде, егер де аңыздарға сенсек, жан үшін қандай да бір өзгеріс, оның осы жерден басқа жерге орын ауыстыруы. Егер ештеңе сезбесең, түс көрмейтіндей болып ұйықтайтын ұйқымен бірдей; онда  өлім  -  таң қаларлық нәрсе. Сенің ойыңша, егер де кім де кімге өзі қатты ұйықтағаны соншалық, тіпті түс көрмеген түнді таңдап алу және осы түнді өмірінің басқа түндерімен және күндерімен салыстыру және, ойланып, оның өмірінде сол түннен жақсырақ және жағымдырақ қанша күн мен түн  болғанын айту ұсынылған болса, - онда, менің ойымша, ең қарапайым адам ғана емес, ұлы патшаның өзі мұндай түндердің басқа түндер және күндермен салыстырғанда санаулы ғана екенін айтқан болар еді. Яғни, егер өлім осындай болса, мен де оны жақсы нәрсе деп атаймын, себебі, осылайша жасағанда барлық уақыт бір түннен ұзақ емес болып көрінеді.
   Басқа жағынан қарастырсақ, егер өлім осы жерден басқа жерге орын ауыстыру сияқты болса және барлық өлгендер сол жерде тұрады деген аңыз дұрыс болса, яғни, осыдан артық ештеңе бар ма, судьялар? Адам осы жалған судьялардан құтылып, Аидқа келсе, және онда шын соттарды, оларды, аңыз бойынша,  Аидта соттаған судьяларды,  - Миносты, Радамантты, Эакты, Триптолеманы және өз өмірлерінде әділеттіліктерімен ерекше көзге түскен басқа да барлық жартылай құдайларды кездестірсе,  -  онда мұндай орын ауыстыру жаман ба?   
   Сендердің кез-келгенің Орфей, Мусей, Гесиод, Гомермен бірге болу үшін нені де болса беруге әзір емессіңдер ме? Егер де бұл шын болса, мен өзім дайынмын, басқаны білмеймін, ал мен үшін, егер де мен ол жерде Паламедпен, Теламонның ұлы Аянтпен, немесе әділетсіз соттың құрбаны болған ежелгі адамдардың басқа біреуімен кездесіп, олармен әңгімелессем, тамаша болар еді, және менің ойымша, менің тағдырымды олардың тағдырымен салыстыру қуанышты болар еді.
   Ал ең бастысы - уақытты сол жерде өмір сүріп жатқандарды осындағыларды секілді сынауға және талдауға арнау: олардың қайсысы дана және қайсысы данамын деп ойлайды, ал іс жүзінде дана емес. Ұлы әскерді Трояға әкелген адамды, немесе Одиссейді, Сизифті және басқа көптеген ер адамдар мен әйелдерді сынау үшін кез-келген адам нені болса беруге дайын емес пе, судьялар,  -  олармен әңгімелесу, бірге уақыт өткізу, оларды сынау адам айтқысыз рахат болар еді. Ол жерде, әйтеуір, бұл үшін жазаламайды. Басқасын айтпағанда, ондағылар мұндағылардан, егер аңызға сенсек, мәңгілік өмір сүретіндерімен бақыттырақ.
   Бірақ сендерге де, судьялар, өлімнен жамандық күтіп керегі жоқ, бірдеңені дұрыс нәрсе ретінде қабылдау керек болса, ол мынау: жақсы адам өмірінде де, өлімінен кейін де жамандыққа ұшырамайды және олардың істеріне құдай үнемі қарасып жүреді. Менің тағдырым да қазір өзінен-өзі белгілі болған жоқ, керісінше, өліп, машақаттардан құтылғаным дұрыс екені мен үшін анық. Белгінің мені бірде бір рет мені тежемеуінің де, менің өзімді соттағандарға да, өзімді айыптаушыларға ешқандай ренжімеуімнің себебі, міне осында, шынын айтсақ, олар маған үкім шығарғанда және мені айыптағанда мұндай мақсатты көздеген жоқ, маған зиян тигізуді ойлады,  -  олардың бұл ісі сөгуге лайық. Солай болса да, мен олардан аз ғана нәрсені өтінемін: егер де сендерге, афиналықтар, менің ұлдарым есейе келіп ақшаны немесе абыройдан басқа бірдеңе туралы көбірек ойлайтын секілді көрінсе, осы үшін олардың тиісті жазасын беріңдер, мен сендердің діңкелерімді қалай құртсам, оларға да соны жасаңдар; егер олар өздері ештеңе бола тұрып, өздерінің қамын көп ойлайтын болса, онда тиісті нәрсе туралы қам жемей және өздері іс жүзінде түкке тұрмайтын болса да, өздері туралы тым жоғары ойлайтындықтары үшін оларды мен сендерді айыптағандай айыптаңдар. Егер де осылай жасасаңдар, маған да, ұлдарыма да лайықты сыбағамызды бересіңдер.
   -  Бірақ, осы жерден кететін кез келді, маған  -  өлу үшін, сендерге  -  өмір сүру үшін, қайсымыз жақсы нәрсеге бара жатырмыз, мұны құдайдан басқа ешкім білмейді.    
                                                              (Платон “Диалоги. Апология Сократа. Харьков,  
                                                               1999 г.” кітабынан аударылды.   
“МЕМЛЕКЕТ”
(сократ, главкон, полемарх, фрасимах, адимант, кефал)
БІРІНШІ КІТАПТАН
   ... (Главконның сөзінен  -  Г.Н.) Әділетсіздік жасау әдетте жақсы болады, ал оған төзу  -  жаман дейді. Бірақ та әділетсіздікке төзгеннен келетін жамандық оны жасағаннан келетін жақсылықтан әлдеқайда көп. Сондықтан, адамдар екеуінің де дәмін татқанда, яғни, әділетсіздікті де жасап, әділетсіздіктен де жапа шеккенде, олардың бірінен бас тартып, екіншісін ұстануға күштері жетпейтін болғандықтан, әділетсіздікті жасамау үшін де және одан зиян шекпеу үшін де бір-бірімен келісімге келуді дұрыс деп тапты. Заңнама мен өзара келісім-шарт өзінің бастауын осыдан алды. Заңның ережелері заңды және әділетті деген атқа ие болды  -  әділеттіліктің пайда болуы мен мәні, міне осындай. Осылайша, ол орталық орынға ие  -  себебі ол үшін жазаланбай әділетсіздік жасау бәрінен жақсы, ал әділетсіздікке жауап қайтаруға күшің жетпей, оған төзу  -  бәрінен жаман. Әділеттілік осы екі шеттің ортасында жатыр, және осыны қанағат етуге тура келеді, бірақ  бұл игі нәрсе болғандықтан емес, адамдар өздерінің әділетсіздік жасауға қабілетсіздігінен оны бағалайтындықтан. Әділетсіздік жасауға күші жететін адамға, яғни нағыз еркектің басына, әділетсіздік жасауға болмайтыны немесе әділетсіздікке төзуге болмайтыны туралы келісім-шартқа отыру туралы ой келмейді - тек ол ақылынан адасқанда болмаса. Әділеттіліктің табиғаты, міне осындай, немесе шамамен осындай, Сократ, және, осы пайымдауға жүгінсек, оның  пайда болу себебі осы.
   Ал әділеттілікті ұстанатындар оны өз еркімен емес, әділетсіздік жасауға күші жетпегендіктен ұстанады, мұны біз, егер де біз ойша мынаны жасасақ, тез байқаймыз: әділетті адамға да, әділетсіз адамға да оның ойына не келсе, соны жасауға ерік береміз және әрі қарай не болатынын бақылаймыз. Біз әділетті адамды қылмыс үстінде ұстаймыз: ол әділетсіз адам жасайтын іске баруға әзір,  -  мұның себебі кез-келген табиғат игілік ретінде ұмтылатын өз басының пайдасын көздеуде, қажетті шаманы сақтауға оны тек заңның көмегі арқылы ғана мәжбүр етеді.
   (Адимант  -Г.Н) ... Сократ, әділеттілік пен әділетсіздікке қатысты әдеттегі сөздерде де, ақындарда да кездесетін басқа пікірлерді де қарастыр. Бәрі бір ауыздан пайымдылық пен әділеттілік керемет, сонымен қатар ауыр да қиын, ал жүгенсіздік пен әділетсіздік жағымды да жеңіл, тек жалпы пікір мен заң тұрғысынан ғана ұят деп есептеледі деп тұжырымдайды. Әділетсіз істердің көпшілігі әділетті істерден дұрысырақ дейді: адамдар оңбаған адамдарды, егер де олар бай және қоғамда ықпалы күшті болса, бақытты деп санап, құрметтеуге, ал әлсіз кедейлерді, тіпті оларды байлардан жақсы деп мойындаса да, түкке тұрғысыз етіп, жек көруге көбірек бейім.
   ...Фрасимах та, мен де, саған, Сократ, мынаны айтамыз: “Сен қызық адамсың! Әділеттілікті жақтаушы біз қаншама болсақ та, ешкім, бірінші адамдардан бастап  - олардың сөздері сақталды емес пе   -  қазіргі замандастарымызға дейін, ешқашан әділетсіздікті сөкпеді және  әділеттілікті мақтамады, тек олардан туындайтын даңқ, құрмет және сыйлар үшін болмаса. Ал әділеттіліктің немесе әділетсіздіктің өзін, бойында осы қасиеттер бар адамның жанында олардың әрекет етуін ешкім әлі күнге дейін не өлеңдерінде, не әңгімелерінде жеткілікті талдамады, әділетсіздік  -  жанның бойында болуы мүмкін нәрселердің арасындағы ұлы зұлымдық, ал әділеттілік  - ұлы игілік деп ешкім айтпады. Егер де сендер басынан бастап осылай айтсаңдар және жас кезімізден бастап біздің көзімізді жеткізсеңдер, бір-бірімізді әділетсіз істерден сақтандырудың бізге қажеті болмас еді, әділетсіздік жасай отырып, ұлы зұлымдықтың сыбайласы болып шығудан қауіптенгеннен әркім өзінің күзетшісі болар еді”.
   Фрасимах болсын, немесе басқа болсын, саған осыны, мүмкін, бұдан да көбірек нәрсені, менің ойымша, олардың мағынасын дөрекі бұрмалай отырып, айтар еді. Бірақ мен  - сенен жасыратын ештеңем жоқ  - сенен осыны теріске шығаруды естігім келеді, бар күшімді салып сөйлеп тұрғаным да сондықтан. Сен өз жауабыңда бізге әділеттіліктің әділетсіздіктен жақсы екенін ғана емес, адамның бойында олардың бар болуы қандай әрекет  -  зұлымдық немесе игілік  -  туғызатынын көрсет. Главкон кеңес бергендей, әділеттілік пен әділетсіздік туралы пікірлерді қозғама. ..Сен әділеттілікті олардан туындайтын салдарлар үшін, әсіресе олардың өздері үшін оларға ие болуға тұратын ұлы игіліктердің  - көру, есту, ақыл-ой, денсаулық және басқа адамдардың пікірлері бойынша емес, табиғаты бойынша шынайы әртүрлі игіліктердің  -  қатарына жатады деп таныған екенсің, онда әділеттіліктің осы жағын мақтап атап көрсет, егер адам оны ұстанса, ол оған өзінен-өзі көмектеседі, ал әділетсіздік, керісінше, зиянын тигізеді деп айт. Ал әділеттілік ақшамен және даңқпен марапатталады деп мақтауды сен басқаларға қалдыр. Даңқ пен сыйлықтарды дәріптеп немесе сөгіп, әділеттілікті мақтағанды немесе әділетсіздікті жазғырғанды мен басқалардан естуге шыдай аламын, бірақ тек сенен емес   -  сен оны талап еткенде болмаса   -  себебі сен өмір бойы осыдан басқа ештеңені зерттеген жоқсың.
   (Сократ  -  Г.Н)   ... - Сендер шынымен де ұлы бабаларыңның ұлдары екенсіңдер, - дедім мен,  -  және сендер Мегараның түбіндегі шайқаста көзге түскенде Главконға табынушының сендерге айтқан элегиясының басы жаман емес:  
Даңқты Аристонның құдайы тегі  -  оның балалары.
Бұл, достар, менің ойымша, жақсы. Сендер әділетсіздік әділеттіліктен жақсы-мыс деген пікірді ұстанбағандықтан, сөздеріңде оны жақтасаңдар да,  сендер сезініп отырған күй біршама құдайы. Менің ойымша, сендер шынымен де осы пікірді ұстанбайсыңдар. Сендердің мінез-құлықтарыңа қарап, осылай тұжырымдап отырмын, себебі тек сөздеріңе ғана мен сенбес едім.  Бірақ мен сендерге көбірек сенген сайын, менің не істегенім дұрыс деп аң-таң болып тұрмын, сендерге қалай көмектесетінімді білмеймін, және өзімнің әлсіздігімді мойындаймын. Мұның белгісі мына келесі нәрсе: мен Фрасимахқа қарсы келтірген, мен олар әділеттіліктің әділетсіздіктен жақсы екенін көрсетті деп ойлаған дәйектерімді сендер қабылдамадыңдар. Басқа жағынан алып қарағанда, мен өз көзқарастарымды қорғамай тұра алмаймын. Себебі, әділеттілікті балағаттап жатқанда,  жаның барда және даусыңды шығаруға күшің барда оған көмектеспеу опасыздық деп қорқамын. Ең жақсысы  -  оны  күшіңнің шамасына қарай қорғау.
   Осы жерде Главкон және басқалары менен көмектесуді және әділеттілік пен әділетсіздік, олардың шын мәнінде пайдалылығы туралы пайымдауды тоқтатпауды, керісінше, мұқият зерттеуді өтінді. Мен өз пікірімді айттым:
   - Біз бастаған зерттеу,  -  маңызды іс, оны атқару, менің ойымша, көзі өткір адамның ғана қолынан келді. Менің пікірімше, осындай ізденісті жүргізуге біз жеткілікті шебер емеспіз, бұл көзі онша жақсы көрмейтін адамды ұсақ жазылған әріптерді алыстан оқуға мәжбүрлеумен бірдей. Осы әріптердің басқа бір жерде, үлкен жазылған жазуда ірілеу болуы мүмкін екендігі туралы ой бұл адамдардың біреуінің басына келсе! Менің ойымша, егер де бұл екеуі бір нәрсе болса, әуелі ірі әріптермен жазылғанды, сонан соң ұсақ жазылғанды оқу мүмкіндігі үлкен олжа болған болар еді.
 Әрине,  -  деді Адимант,  -  бірақ, Сократ, сен бұл жерде
әділеттілікке қатысты ізденістерге ұқсас не көріп тұрсың?
 Мен саған айтайын. Біз әділеттілік жеке адамға тән, бірақ
тұтас  мемлекетке де тән болады деп есептейміз.
 Әрине.
 Мемлекет жеке адамнан үлкен ғой?
 Үлкен.
Мемлекеттік тәжірибені                 -  Үлкен нәрседегі әділеттіліктің шамасы 
    жеке әділеттілікті                      да  үлкен және оны сонда зерттеу жеңілірек
танып-білу үшін қолдану            болатын шығар. Сондықтан, егер сендер
қаласаңдар, біз әуелі мемлекеттердегі әділеттілікті  зерттейміз, сонан соң  біз оны дәл осылай  жеке адамда қарастырамыз, яғни, аз үлкенмен не нәрседе ұқсас екенін қарастырамыз.
 Менің ойымша, бұл жақсы ұсыныс.
 Егер де біз мемлекеттің пайда болуын ойша көз
алдымызға елестетсек, әділеттілік пен әділетсіздіктің бастауларын көреміз, солай емес пе?
 Солай десек болады.
 Осылай жасасақ, іздегенімізді байқау жеңілірек болады
деген үміт бар.
 Әрине.
 Менің ойымша, осыған жетуге тырысу керек. Мұнда
атқаратын іс жеткілікті деп ойлаймын. Өздерің шешіңдер.
Жетілген  мемлекеттегі               - Шештік,  - деді Адимант.
қажеттіліктер мен табиғи          -  Кіріссеңші.
қабілеттерге сәйкес                   -   Мемлекет, менің ойымша, біздің 
     еңбек     бөлінісі                      әрқайсысымыз өзін-өзі қанағаттандыра
                                                       алмағанда, бірақ  әлі көп нәрсеге мұқтаж
болғанда пайда болады. Әлде сен қоғамның бастауын басқа бірдеңеге жатқызасың ба?
   -  Жоқ, басқа ештеңеге.
   - Осылайша, әрбір адам біресе ананы, біресе мынаны әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өзіне тартады.  Көп нәрсеге мұқтаж бола отырып, көп адамдар бірге тұру үшін және бір-біріне көмек көрсету үшін бірге жиналады: осындай біріккен мекен бізде мемлекет деген атқа ие болады, шын емес пе?
 Әрине.
 Осылайша, олар бір-біріне бірдеңені бөліп береді және
бірдеңені алады, және әрбіреуі оған осылай жақсы болады деп санайды.
 Әрине.
 Олай болса, - дедім мен, мемлекетті ең басынан бастап
ойымызда құрумен айналысайық. Көріп тұрғанымыздай, оны қалыптастыратын біздің қажеттіліктеріміз.
 Күмәнсіз.
 Ал бірінші және ең үлкен қажеттілік  -  өмір сүруге және
өмірге қажетті тамақ табу.
 Сөзсіз солай.
 Екінші қажеттілік  -  баспана, үшінші  - киім, әрі қарай
осылайша жалғаса береді.
 Бұл дұрыс.
 Қараңыздар, - дедім мен,  -  мемлекет осының
барлығымен өзін қалай қамтамасыз етеді: бір адам егінші, екіншісі  -  құрылысшы, үшіншісі  - тоқымашы болады емес пе? Бұған етікшіні және біздің тән қажеттіліктерімізге қызмет ететіндерден тағы біреуді қоссақ ше?
 Әрине.
 Мемлекет ең аз дегенде төрт немесе бес адамнан тұруы
тиіс.
 Солай секілді.
 Сонда қалай? Әрбір адам өз жұмысын басқаны ескере
отырып атқаруы тиіс пе? Мысалы, егінші, өзі жалғыз болса да, нанды төрт адамға өндіруге, төрт есе уақыт жұмсауға және өндірген нәрсесінен басқаларға бөліп беруге тиіс пе, әлде олардың қамын ойламай, осы наның төрттен бір бөлігін, өзі үшін ғана өндіріп, бұған өз уақытының төрттен бір бөлігін ғана жұмсап, ал қалған үш бөлігін үй тұрғызуға, киім, аяққиім тігуге арнап, басқалар туралы қам жемей, барлық нәрсені өз күшімен және өзі үшін ғана өндіруге тиіс пе?
               -  Сократ, - деді Адимант,  -   бұдан бірінші жеңілдеу болатын сияқты.                                               
 Зевс атымен ант етемін, бұл жерде түсініксіз ештеңе жоқ.
Мен сенің адамдар бір-біріне онша ұқсас емес болып туады, олардың табиғаты әртүрлі болады, яғни олардың бір іске қабілеті әртүрлі болады деген сөздеріңе осыған дейін назар аударған едім. Сенің пікірің осылай емес пе еді?
 Иә, осындай.
 Сонда қалай? Кім жақсырақ жұмыс істейді  -  көптеген
өнерлерге ие адам ба, әлде бір өнерге ие адам ба?
 Біреуіне ие адам.
 Менің ойымша, қандай да бір жұмыстың уақытын өткізіп
алсаң, кейін ештеңе шықпайтыны да түсінікті сияқты.
 Әрине, түсінікті. 
 Менің ойымша, ешқандай жұмыс осы жұмысты атқаратын
адамның бос уақыты қашан пайда болады деп күтпейді; керісінше, ол оған үнемі көңіл бөлуі тиіс; қалай болса  солай айналыспауы керек.
 Міндетті түрде.
 Сондықтан да, егер де қандай да бір жұмысты өзіңнің
табиғатыңа сәйкес  және уақытында, басқа жұмыстарға алаңдамай істесең, барлығын үлкен көлемде, жақсырақ және жеңілірек атқаруға болады.
 Сөзсіз.
 Адимант, біз айтқан нәрселерді атқаруға мемлекеттің төрт
мүшесінен артық адам керек болады. Себебі, егіншіге жақсы соқа немесе кетпен және де басқа егіншілік құралдары қажет болатын болса, ол оларды өзі жасамайтын шығар. Үй салатын құрылысшыға да көп нәрсе қажет болады. Тоқымашы да, етікші де осылар  секілді. Солай емес пе?
 Бұл шын.
 Ағаш шеберлері, ұсталар және осындай әртүрлі шеберлерді
біздің кішкене мемлекетімізге қоссақ, олар ондағы адамдардың санын көбейтеді.
 Өте көп етеді.
 Сонда да бұларға егіншілердің жер жыртуына қажетті
өгіздер, үй салушылар мен егіншілердің жүктерін тасуына қажет болатын жануарлар, ал тоқымашылар мен етікшілерге қажетті тері мен жүн болуы үшін өгіз бақташыларын, шопандарды және басқа да бақташыларды қоссақ та, мемлекет өте үлкен болмайтын сияқты.
 Бірақ осының бәрі бар мемлекет кіші де болмайды.
 Бірақ осындай мемлекетті сырттан тасу қажет болмайтын
жерде орналастыру мүмкін емес дерлік.
 Мүмкін емес.
 Яғни,  мұның үстіне, қажет болатын нәрсені басқа елден
елден әкелу үшін адамдар керек болады.
 Керек болады.
 Бірақ мұндай делдал өзі олардан осында қажет болып
отырған нәрселерді алуға баратын адамдарға олар мұқтаж болып отырған нәрселерді өзімен бірге ала бармай, бос баратын болса, ол олардан ештеңесіз қайтады.
 Менің ойымша, солай.
 Яғни, осында өздерімізге жеткілікті нәрселерді ғана емес,
ана жақта қажет нәрселерді де, олар қаншама қажет болса да, өндіру керек болады.
 Иә, бұл қажет.
 Біздің қауымға егіншілер және әртүрлі қолөнершілер көптеп
керек болады.
 Иә, көптеп.
 Және сырттан әкелу және сыртқа шығару үшін делдалдар
қажет болады. Ал олар көпестер ғой. Солай емес пе?
 Иә.
 Яғни, бізге көпестер де қажет болады.
 Әрине.
 Ал бұл егер де теңіз саудасы болса, оның үстіне теңіз ісін
білетін бірталай адам қажет болады.
 Иә, бірталай.
 Сонда қалай? Әркім мемлекеттің өзінің ішінде өндіретін
нәрселерінің бәрін бір-біріне қалай беріп отырады? Біз мемлекетті адамдардың бір-бірімен араласуы үшін құрдық қой.
 Олар сататын және сатып алатын болатын шығар.
 Осыдан бізде нарық та, алмасу белгісі -  теңге де пайда
болады.
 Әрине.
 ...Басқа да делдалдар болады деп ойлаймын, олардың
түсініктері соншалық, олар олармен араласуға лайық емес, бірақ олар ауыр жұмыстарды атқаруға жеткілікті болатын дене күшіне ие. Олар өз күшін бізге сатады және осы жалдаудың бағасын жалақы деп атайды, сол себепті оларды жалданушылар деп атайды деп ойлаймын. Осылай емес пе?
 Әрине, солай.
 Мемлекет толық болу үшін жалданушылар да қажет
сияқты.
 Меніңше, қажет.
 Сонымен, Адимант, мемлекет оны жетілген деп атауға
болатындай ұлғайды емес пе?
 Солай.
 Әділеттілік пен әділетсіздіктің ондағы орны қайда? Олар біз
талдағандардың қайсысында көрінеді?
 Мен өзім мұны көріп тұрғаным жоқ, Сократ. Осы істердің
өзара қандай да бір байланысында болмаса.
 Сенікі дұрыс болуы мүмкін. Мұқият зерттеу керек және
алған беттен қайтпау қажет. Ең әуелі осылай дайындалған адамдардың өмір салтын қарастырайық. Олар нан, шарап, киім, аяқ киім өндіретін, үйлер тұрғызатын, жазда көбіне жалаңаш және жалаң аяқ, ал қыста жеткілікті киініп жұмыс жасайтын болады. Өздеріне арпадан жарма мен ұн дайындап, жарманы пісіріп, қамыр илеп және керемет бөлкелер мен нан пісіріп, оларды құрақтардың немесе таза жапырақтардың үстіне қатарлап жайып тамақтанады. Тис пен мирт жапырақтарына толы төсеніштердің үстінде жатып, олардың өздері де, балалары да тойлайтын болады, олар шарап ішіп, өздерін гүл шоқтарымен безендіріп, құдайларды мадақтап, бір-бірімен араласқанына қуанады; сонымен қатар, олар кедейлік пен соғыстан сақтанып, өздерінің жағдайы көтеретіннен артық бала тумайды.             
...Біз талдаған мемлекет маған шын, яғни сау болып
көрінеді. Егер сендер қаласаңдар, ауру меңдеген мемлекетті қарастыруға ешқандай кедергі жоқ. Шынында да, кейбіреулерді осының бәрі және осындай қарапайым өмір салты қанағаттандырмайтын секілді  -  олар үстелдерді, әртүрлі аспаптарды, тамақтарды, майлар мен хош иістерді, тәтті күлшелерді және осының бәрінің көбірек болуын талап етеді. Қажетті деп біз басында айтқан үйлер, аяқ киім, киім саналмайтын болып шығады, жоқ, бізге картиналар мен әшекейлерді, алтын мен піл сүйегін бер  -  мұның бәрі бізге қажет. Шын емес пе?
 Иә.
 Онда бұл мемлекетті ұлғайту керек болады емес пе? Сау
мемлекет енді жеткілікті емес, оны олардың мемлекетте болуының ешқандай қажеті жоқ халықтың тобымен толтыру керек; мысалы, аңшылар және еліктейтіндер осындай  -  олар суреттер және бояулар жағынан да, мусикалық (грекше осылай - Г.Н.) өнерде де көп: ақындар және олардың орындаушылары, рапсодтар, актерлер, хорда ән айтатындар, әртүрлі аспаптардың, заттардың, әйел киімдерінің шеберлері. Көбірек делдалдар да керек болады: балаларға тәлім берушілер, емізушілер, тәрбиешілер, қызметшілер, шаштараздар, сонымен қатар, кулинарлар мен аспаздар да керек болады емес пе, сенің ойыңша қалай? Шошқа бағатындар да бізге керек болады. Бұл біз айтқан алғашқы мемлекетте болмады, себебі осындай ештеңе талап етілмеді.  ...Яғни, біз жеткілікті жайылымдар мен егістерге ие болуды ойласақ, онда  бізге көрші елдің бөлігін кесіп алуға тура келеді, ал өз кезегінде олар да қажеттілік шекарасынан асып, шексіз ашкөзділік жолына түссе, біздің елдің бір бөлігін олардың да тартып алғысы келеді.
 Бұл сөзсіз, Сократ.
 Нәтижесінде біз соғысатын боламыз, Главкон, әлде
басқаша ма?
 Иә, соғысуға тура келеді.
 Соғыс өзімен бірге зұлымдық әкеле ме, ізгілік әкеле ме, біз
әзірге бұл туралы ештеңе айтпай тұра тұрамыз, тек қана біз соғыстың  - ол жүргізілгенде болатын жеке және қоғамдық бақытсыздықтардың басты  бастауының   -  себебін ашқанымызды ғана айтамыз.
 Әрине.
 Оның үстіне, достым менің, біздің мемлекетімізді
мардымсыз нәрсеге емес, тұтас әскерге ұлғайтуға тура келеді: ол бүкіл игілікті, біз қазір айтқанның бәрін қорғауға шығады және шабуылға тойтарыс беретін болады.
 Бұл қалай? Бұған біздің қабілетіміз жетпей ме?
 Жетпейді, біз өзіміз елестеткен мемлекетті құрғанда сен
екеуміз бұл сұрақты дұрыс шешкен болсақ. Есіңде болса, біз бір адам бірнеше өнерді табысты игере алмайды деп шешкен едік.
 Сенікі дұрыс.
 Әскери істер өнерді қажет етпей ме?
 Өте қажет етеді.
 ...Бізде етік тігу өнері табысты жүру үшін біз етікшіге егінші,
немесе, тоқымашы, немесе үй салушы болуға талпынуға да тиым салдық; дәл осылай кез-келген басқа адамға біз өзінің табиғи қабілеттері бойынша жарайтын бір істі ғана тапсырдық, ол басқа ештеңеге алаңдамай, осы іспен өмір бойы айналысады, және, егер де уақытын өткізіп алмаса, табысқа жетеді. Ал әскери іске жататын нәрсенің бәрінің жақсы орындалуы маңызды емес пе?
ТөРТІНШІ КІТАПТАН
...Яғни, Главкон, өзінің табиғи бейімділігі бойынша етікші
болуға жарайтын адамға дұрысы тек етікші болу және басқа ештеңемен айналыспау, ал кім ағаш шеберіне жараса  - ағаш шебері болсын деген біздің тұжырымымыз әділеттіліктің қандай да бір бейнесі болды. Басқа жағдайларда да солай.
           - Солай сияқты.
           - Шынында да әділеттілік бізде осы секілді болды, бірақ сыртқы
адами көріністер мағынасында емес, өзіне және өзінің қабілеттеріне ішкі әсер ету мағынасында. Мұндай адам өз жанында бар бастаулардың ешқайсысына бөтен міндеттерді орындауға немесе өзара кедергі жасап, бірін бірі ренжітуге рұқсат етпейді: ол бұл бастаулардың әрқайсысына оларға шынымен тән нәрсені береді; ол өзін ұстай біледі, өзін тәртіпке келтіреді және өзіне өзі дос болады; ол өз жанының үш бастауын үндестіктің негізгі үш сазды дыбысы  сияқты бір-бірімен үйлестіреді  - жоғары, төмен, орта және,  олар онда болып жатқан күнде, аралық дыбыстарды да. Ол өзінің әрекеттерінде де осындай: мүлікке ие болуда, өзінің тәнін күтуде, мемлекеттік істерде  немесе жеке келісімдерде. Мұның бәрінде ол көрсетілген жағдайды сақтауға ықпал ететін іс-әрекетті әділетті және тамаша деп, ал осындай қызметті басқара білуді  - даналық деп атайды. Әділетсіз деп ол осының бәрін бұзатын іс-әрекетті санайды, ал оны басқаратын пікірлерді надандық деп атайды.
           -  Сенің пікірің өте дұрыс, Сократ.
АЛТЫНШЫ КІТАПТАН
   Жетілген мемлекеттегі         - Философтар  - өзіне өзі мәңгілік дәл  
   философтардың  ролі       келетін нәрсені игеруге қабілетті адамдар болса,       
                                            ал басқалар оны жасай алмай, әртүрлі заттардың арасында адасып, бір орында тұралап қалатындықтан философ емес болса, онда олардың қайсысы мемлекетті басқаруы тиіс?
           -  Біз бұған қалай осылайша жауап беруіміз керек?
           - Кім мемлекет заңдары мен салттарын күзетуге қабілеттілік танытса, соны күзетші етіп тағайындау керек.
 Дұрыс.
 Кез-келген күзетті кімге тапсыру керектігі түсінікті ме  -
соқырға ма, әлде өткір көздіге ме?
 Әрине, түсінікті.
 Кез-келген заттың мәнін білмейтін және оның жанында осы
заттың бейнесі  жоқ адамның соқырлардан несі артық? Олар, суретшілер секілді, жоғарғы ақиқатты көре білуге және, оны жоғалтпай, жан-жақты мұқияттылықпен қайта тудыруға қабілетсіз, сондықтан қажет болған уақытта осында әдемілік, әділеттілік және игілік туралы заңдарды орнату және бұрыннан бар заңдарды сақтап қалу оларға бұйырмаған.
 Иә, Зевстің атымен ант етемін, олардың соқырлардан
айырмашылығы шамалы.
 Сонда кімді күзетші етіп қоямыз  - оларды ма, әлде әрбір
заттың мәнін танып-білген, оның үстіне тәжірибесі жағынан және асыл қасиеттердің басқа жақтарынан да олардан кем түспейтіндерді ме?
 Бұл адамдар олардан жаман емес, оның үстіне осындай
үлкен басымдылығымен көзге түскенде, басқаларды таңдау қисынсыз болар еді.
 Олар осыған да, басқаға да қалай ие болатынын
көрсеткеніміз дұрыс емес пе?
 Әрине, дұрыс.
 Осы пайымдаудың басында біз ең әуелі осы адамдардың
табиғатын талдап алуымыз керек деп айттық. Менің ойымша, егер біз осыған қатысты біршама келіскен болсақ, онда біз осындай адамдар көрсетілген қасиеттердің екеуіне де ие және мемлекет басшылары басқа ешкім емес, тек солар ғана болуы тиіс дегенмен де келісеміз.
 Сен мұны қалй түсінесің?
                                          -  Философтардың табиғатына қатысты
Философиялық жанның       айтсақ, біз олар мәңгі бар және пайда        
                                                 болу мен  жойылу оны өзгертпейтін
           қасиеттері                   болмысты оларға ашатын танымға  
                                          қатты  құштар деп келісуіміз керек.
   - Иә, мұнымен келісу керек.
   - Және олар бүкіл тұтас болмысқа, оның бір де бір бөлігін,
кішісін де, үлкенін де, бағалығы азын да, көбін де мүмкіндіктері жеткенше назардан тыс қалдырмай ұмтылады, яғни, арын сүйетін және ғашық болғыш адамдар сияқты жасайды.
   - Сенікі дұрыс.
   - Осыдан кейін қара, біз айтқан сияқты болуы тиіс адамдардың
мінездерінде мынаның да болуы қажет пе?
 Ненің?
 Шыншылдық, қандай ма болмасын жалғандықты қабылдамау,
оны жек көру және ақиқатты сүю.
 Әрине, оларда бұл өзінен-өзі болуы тиіс.
 Достым менің, өзінен-өзі ғана емес, қай жағынан алғанда
да, кез-келген адам міндетті түрде, егер де оны табиғатынан құштарлық ұмтылысы билеген болса, өз махаббатының затына ұқсас және жақын нәрсенің бәрін қадір тұтады.
 Дұрыс.
 Ал сен даналыққа ақиқаттан басқа жақын нәрсені таба
аласың ба?
 Сонда қалай?
 Бір адам даналықты да, жалғандықты да сүйе ала ма?
 Ешқашан да.
 Яғни, білуге құмар адам бірден, жас кезінен бастап,
ақиқатқа бар күшін салып ұмтылуы керек қой?
 Иә, бұл ұмтылыс жан-жақты жетілген болуы тиіс.
 Бірақ адамның тілектері бір нәрсеге ғана бағытталғанда,
олар, басқа жаққа бұрылған ағын секілді, қалған нәрселерге қатысты нашарлайтынын білеміз.
 Сонда не?
 Олар кімнің бойында білімдерге және осыларға ұқсас басқа
заттарға бағытталған болса, сол адамның жанына рахат береді, сондықтан ол адам тән рахатын қажет етпейді, егер де ол жалған емес, шын философ болса.
 Иә, бұл сөзсіз.
 Мұндай адам парасатты және ешқандай да пайдакүнем
емес  -  өзін адамдар ақша үшін жүгіретін нәрсеге жұмсау басқаларға жарасар, бірақ оған жараспайды.
 Солай.
 Философиялық мінезді философиялық еместен айырғың
келсе, мынаған да назар аудару керек....
 Ол не?
 Оның қандай да бір нашар қасиеттері сен үшін жасырын
қалмасын, себебі ұсақтық  -  құдайылық пен адамилықтың тұтастығына мәңгілік ұмтылуды мақсаты болып табылатын жанның үлкен жауы.
 Нағыз шындық. 
         
Философиялық жанның          - Егер де оған асқақ мақсаттар және
негізгі қасиеті  -                        тұтас уақыт пен болмысты оймен
тұтас уақыт пен                         қамту тән болса, мұндай адам үшін
болмысты оймен                       адам өмірі маңызды деп ойлайсың ба?                                                                                         
       қамту                                                                                                               
                                           
 Жоқ, бұл мүмкін емес.
 Яғни, мұндай адам өлімді де қорқынышты бірдеңе деп
санамайтын болады ғой?
 Солай дерлік.
 Ал жасқаншақ және игілікті емес адам шын философияға
жете алмайтын секілді.
 Менің ойымша, жете алмайды.
 Сонда не? Парасатты, пайдакүнем емес, сонымен қатар игі,
мақтаншақ емес, жасқаншақ емес адам  -  адамдармен сыйыспайтын және әділетсіз бола ала ма?
 Бұл мүмкін емес.
 Міне сондықтан да, қандай да бір адамның жаны
философиялық па деп қарастыра отырып, сен бірден,  оның жас кезінде-ақ, оның жаны әділетті ме, жуас па, әлде араласуға қиын және жабайы ма екенін байқайсың.
 Әрине, байқаймын.
 Және мынаны да ұмыт қалдырмассың деп ойлаймын...
 Нені?
 Ол танып-білуге қабілетті ме әлде жоқ па. Адам қиналып
және күші әзер жетіп отырған нәрсесін уақыт өте сүйетін болады деп күте аласың ба?
 Осылай бола қояр ма екен.
 Сонда не? Ол ұмытшақтығы сонша, үйренген нәрсесін
басында сақтай алмайтын болса, оның білімдерге қатысты да бос болмауы мүмкін бе?
 Басқаша қалай!
 Босқа еңбектеніп, ол өзін де, осы айналысқан ісін де жек
көріп кетпей ме?
 Әрине, жек көріп кетеді.
 Яғни, ұмытшақ жанды біз ешқашан философиялық деп
санамаймыз және есте сақтау қабілеті жақсы жанды іздейтін боламыз.
 Сөзсіз.
Философтың табиғаты              - Бірақ біз Музаларға жат және
ақылдың сай келушілігімен      сұрықсыз адам сай келмеушіліктен
және туа біткен өткірлігімен      басқа бірдеңеге әуес болады дей
          ерекшеленеді                               аламыз ба?
 Сонда не?
 Сенің ойыңша қалай, ақиқат сай келмеушілікке ұқсас па,
әлде сай келушілікке ұқсас па?
 Сай келушілікке.
 Яғни, басқа нәрселермен қатар сай келушілік те, ақылдың
туа біткен өткірлігі де қажет болады, ақылдың өзіндік ерекшелігі адамды барлық бардың идеясын қабылдауға қабілетті етер еді.
 Иә, әрине.
 Сонымен, біз олардың әрбіреуі, бірінен бірі туындай
отырып, жанға оның болмысты толық және жеткілікті игеруі үшін қажет болатын қасиеттерді талдадық емес пе?
 Иә, олар бұл үшін өте қажет.
 
Философқа жетілген          -  Табиғатынан есте сақтағыш,
мемлекеттің төрт               танып-білуге қабілетті, кең пейілді,
негізгі асыл қасиеті тән     сонымен қатар,       ақиқатпен,
әділеттілікпен, батылдықпен және парасаттылықпен дос адамнан басқа адам онымен айналыса алмайтын осындай істі сөгуге сенде қандай да бір негіздер бар ма?
 Тіпті Момның өзі де тиісуге себеп таба алмас еді.
 Сен мемлекетті кемел жасқа келген, білім алуда
жетілгендікке жеткен адамдарға, - тек қана соларға - тапсырмас па едің?
    Осы жерде әңгімеге Адимант қосылды:
 Сократ, бұған қарсы шығатын ешкім табылмас еді. Бірақ
та сен осылайша пайымдаған кезде, сені тыңдаушылар мынадай күйде болады: сұрақ қойып немесе оған жауап беріп әдеттенбегендіктен, олар сенің әрбір сұрағыңдағы пайымдау оларды басқа жаққа аздап бұрады деп ойлайды, бірақ осы “аздап” жинақталған кезде, алғашқы тұжырымдардан алшақтық және қайшылық анық байқалады. Дойбыда мықты ойыншының ақыр соңында әлсіздің жолын жауып, оның қайда кетерін білмейтіні секілді, сенің тыңдармандарың да тұйыққа тіреледі және дойбылардың орнын сөздер басқан осы ойында олардың айтатын ештеңесі жоқ. Ал шындығына келсек, іс осымен еш шешілмейді. Мен біздің жағдайымызды мысалға алып айтып тұрмын: сен қойған әрбір сұраққа өзінің қарсы шыға алмайтынын қазір әркім мойындай алады. Бірақ та мұның іс жүзінде қалай екеніне назар аударса болар еді: философияға жас кезінде, білім алуды мақсат етіп ұмтылып, сосын оны тастап кеткендер секілді ұмтылғандар емес, оған көп уақытын жұмсағандардың көбі түсініксіз бола бастайды, олардың ең тәуір дегендерінің өзі, сен соншама мақтап отырған істің әсерінен мемлекет үшін қанша дегенмен, жарамсыз демей-ақ қояйық, пайдасыз болып шығады.     
   Адимантты тыңдап болып, мен айттым:
 Яғни, сенің ойыңша, осылай деген адам қателесе ме?
 Білмеймін, бірақ мен сенің пікіріңді рахаттана тыңдар едім.
 Сен менің  олар нағыз шындықты айтып отыр деп
санайтынымды естір едің.
 Олай болса, бұл пікір біз қазір ғана түкке тұрмайды деп
таныған философтар мемлекеттерді басқармағанша, олар бақытсыздықтардан арыла алмайды дегенмен қалай үндеседі?
 Сенің сұрағың ұқсастықтың көмегімен жауап беруді талап
етеді.
 Сен ұқсастыруға үйренбеген сияқтысың ғой.
 Солай-ақ болсын. Сен мені қиын пайымдауға тартып
отырсың, онымен қоймай, әзілдейсің. Менің ұқсастыруымды тыңда, сонда оның маған қаншалықты қиынға түсетініне көбірек көзің жетеді.
   Ең парасатты деген адамдардың мемлекетке қатысты
жағдайының өте ауырлығы соншалық, одан жаман ештеңе болуы мүмкін емес. Сондықтан ұқсастырғанда оларды қорғау үшін көптеген сипаттарды өзара байланыстыруға тура келеді, мысалы, суретшілердің текебұғының және басқалардың суреттерін әртүрлі сипаттарды араластыра отырып салатыны сияқты. Міне, өзіңнің көз алдыңа бір немесе бірнеше кеменің иесі болып шыққан адамды елестет. Кемені басқарушының кемедегі басқа адамдардан бойы  да, күші де басым, бірақ құлағы мүкістеу, оның үстіне көзі алыстағыны көрмейді және теңіз ісінен хабары аз, ал теңізшілердің арасында кемені басқаруға байланысты ұрыс-керіс жүріп жатыр: ешкім бұл өнерді ешқашан оқып-үйренбесе де, өзінің оқытушысын және қай уақытта оқығанын көрсете алмаса да, әрбір теңізші кемені тек ол басқару керек деп санайды. Оның үстіне олар бұған оқып керегі жоқ дейді және оқу керек дегендердің быт-шытын шығаруға дайын. Олар өздерінің өтініштерімен кеме иесінің мазасын алады және ол кемені басқаруды берсін деп талап етеді. Кейбіреулер оны тіпті тыңдамайды, кейбірі - аздап қана тыңдайды, сонда алдыңғылар соңғыларды өлтіре бастайды және кеменің сыртына лақтырады. Қайырымды кеме иесін мандрагора, шарап немесе басқа бір нәрселердің көмегімен жеңіп, олар кеменің билігін басып алады, онда бар нәрселерлің бәрін билей бастайды, маскүнемдікке салынып, тойлайды және, бұл өзінен-өзі түсінікті, кеменің жүрісін осындай адамдарға тән бағытқа бұрады. Оның үстіне олар білгіш теңізші, кемені басқарушы, кеме жүргізуден хабары мол деп билікті күшпен немесе кеме иесін үгіттеу арқылы басып алуға қабілетті адамды атайды және мадақтайды, ал кім ондай болмаса, оны ештеңеге тұрғысыз деп есептеп, ұрсып-жазғырады. Жыл кезеңін, көкті, жұлдыздарды, желдерді  -  оның өнеріне қатысты нәрсені бәрін ескеруге тиіс нағыз кеме басқарушы туралы  - егер ол кемені басқаруды біреудің тілегінен тәуелсіз жүзеге асыруды шынымен мақсат етіп қойған болса  -  олардың түсінігі жоқ. Олар мұндай шеберлікке, тәжірибелілікке және кеме басқару билігіне жету мүмкін емес деп ойлайды.
   Сонымен, осындай нәрселер кемелерде кездесетін болса,
теңізшілер мұндай жағдайда лепірме мылжың және ештеңеге тұрмайтын адам деп басқаруға шынымен қабілетті адамды атайтынын байқап тұрсың ба?
   - Әрине, - деді Адимант.
 Осындай көріністі көре отырып, оның мемлекеттердегі
нағыз философтарға деген көзқараспен ұқсастығы неде екенін саған түсіндірудің қажеті жоқ деп ойлаймын, - менің не туралы айтып отырғанымды сен түсініп тұрсың ғой.
 Иә.
 Онда бұл бейнені ең әуелі философтар мемлекеттерде
құрметке неге ие емес деп таң қалатындарға түсіндір және егер де оларды құрметтейтін болса, бұл одан да көбірек таң қалдырар еді деп оны сендіруге тырыс.
 Мен мұны оған түсіндіремін.
  
        Тағы да мемлекетті нағыз      -  Сонымен қатар оған былай деп айт:
          басқарушылар туралы            “Көпшілік үшін философияда ұлы болған
                                          адамдардың пайдасы жоқ деп сен
дұрыс айтасың”. Бірақ бұл пайдасыздық үшін осы ұлы адамдарды емес, оларды қолданудың ретін таппайтындарды кінәлә деп бұйыр. Кемені басқарушының теңізшілерден өзіне бағынуды сұрауы немесе данышпандардың байлардың табалдырығын тоздыруы қисынсыз ғой  -  осылайша әзілдеген адам қателесті. Керісінше нәрсе қисынды: бай болсын, кедей болсын, ол ауырып қалса, дәрігерге қаралуы тиіс; ал бағынуға мұқтаж адам басқаруға қабілеттіге баруы тиіс. Қоластындағыларды оған бағын деп өтіну басқарушының ісі емес, егер де ол бірдеңеге жарайтын болса. Кім де кім қазіргі мемлекет қайраткерлерін біз олар туралы қазір ғана айтқан теңізшілерге теңесе, ал олар түкке тұрғысыз және лепірме деп санайтын адамдарды нағыз кеме басқарушыға теңесе, ол қателеспейді. 
 Бұл өте дұрыс.
 Осындай себептермен және осындай  жағдайларда
ең жақсы істің оған қарама-қарсы іспен айналысушылардың арасында беделге ие болуы оңай емес. Философияның жаман даңқын шығарғандар - олардың ісі осындай нәрселермен айналысу деп айтатындар. Сен айтып кеткен философияны жамандаушы адам философияға жүгінгендердің көбі ең нашар адамдар, ал ең парасаттылар мұнда пайдасыз деді және мен сонда сен дұрыс айтасың деп келістім,  -  солай емес пе?
 Иә, солай.
 Бірақ біз парасатты адамдардың пайдасыздығының
себебін талдадық.
 Толық талдадық.
 Осыдан соң біз көпшіліктің сөзсіз нашарлығының себебін
талдайық және оған философия кінәлі емес екенін әліміз жеткенше дәлелдеуге тырысайық, қалайсың ба?
 Әрине, қалаймын. Онда адам мінсіз болу үшін оған қажетті
табиғи қасиеттер туралы біздің бастапқы қағидамызды жадымызда ұстай отырып  тыңдайық және жауап берейік. Есіңде болса, ол ең әуелі ақиқатты басшылыққа алуы, оған барлық мүмкін құралдар арқылы жетуге тырысуы тиіс, ал көкмылжыңның ақиқат философияға еш қатысы жоқ.
 Иә, біз осылай тұжырымдадық.
 Осы қағиданың өзі-ақ бұл нәрселер туралы қазіргі
түсініктерге мүлдем қайшы.
 Иә, өте қайшы.
 Біздің көзқарасымызды қорғай отырып, білімге туа
біткеннен бейім адам бар күшімен шынайы болмысқа ұмтылады деп айтсақ, орынды емес пе? Ол өмір сүріп отырған секілді болып көрінетін заттардың көбіне тоқталмайды, тынымсыз алға жүре береді және оның құштарлығы әрбір заттың мәніне өз жанының осындай заттарға жетуге тиісті бөлігімен жетпейінше сөнбейді, ал бұл оның бастауымен туыстас. 
Бұзылған мемлекеттік      -  Менің ренжитінім  -  қазіргі мемлекеттік
          құрылым философияға        құрылымдардың ешқайсысы философтың
жоюшы әсер етеді            табиғатына  лайық емес. Мұндай табиғат                                  
                                             олардың  тұсында өзгереді және түрін
                                             өзгертеді.
Бөтен топыраққа себілген жатжерлік дәндердің өз күшін жоғалтып, жергілікті өсімдіктердің қасиеттерін қабылдайтыны секілді, осындай табиғаттар өздеріне жат сипаттарға ие болып, қазіргі уақытта өз мүмкіндіктерін жүзеге асырмайды. Бірақ та мұндай табиғат өзі сияқты тамаша құрастырылған мемлекетке тап болса-ақ, оның шынында да құдайы, ал басқа табиғаттар мен басқа істердің адами екені көрінеді.
   ... Философияны мемлекет одан зиян шекпейтіндей етіп
қалай қолдануға болады? Себебі ұлы нәрсенің бәрі тұрақсыз, ал керемет нәрсе, мақалда айтылғандай, шынымен қиын.
   - Бірақ біздің дәлеліміз осыған көзіміз жеткенде ғана соңына
дейін жеткізілген болады.
 Кедергі болатын тілектің жоқтығы емес, күштің жетпеуі. 
Менің жігерімді сен қазір өзің көресің: қара, мен қалай табандымын және мемлекет бұл іске қазіргі кездегіге қарама-қарсы түрде кірісуі тиіс екенін қалай батыл айтамын.
 Қалай?
 Қазіргі уақытта философияға назар аударатындар балалық
шақтан енді асқан жасөспірімдер ғана: үйлі болып, іспен айналыспас бұрын олар философияның қиын бөліміне жаңа кірісіп жатып-ақ оны тастап кетеді, бірақ та өздерін білгіштер етіп көрсетеді; философиядағы ең қиыны  дәлелдеуге қатысты жағы деп түсінемін. Кейін, егер де басқалардың,  -  философиямен айналысатындардың кеңесімен,  -  олар олардың тыңдаушысы болуға тілек білдірсе, өздері онымен басқа істерден қол тигенде ғана айналысу керек деп ойласа да, мұны зор еңбек деп санайды. Ал қарттыққа қарай олардың көбі, арасындағы бірен-сараны болмаса, Гераклиттің күнінен тезірек сөнеді, себебі енді ешқашан қайтадан жанбайды.
           - Сонда философиямен қалай айналысу керек?
           - Мүлдем басқаша. Жасөспірімдер мен ер балалар тәрбие алулары керек және философияны өздерінің жасына  сәйкес зерттеулері тиіс, өздері өсіп, қатайғанша, тәндерін үзбестен күтуге міндетті; философияға бұл көмек болады. Жас өскен сайын, олардың жаны жетіле бастағанда, оны тынымсыз жаттықтырулары тиіс. Олардың күші таусылып, азаматтық және әскери міндеттерді орындай алмайтын болғанда, олар үшін емін-еркін өмір басталады: рахат өмір сүруді және қайтыс болғаннан кейін осы өміріне оған ұқсас о дүниелік жазмышты қосуды мақсат еткендіктен, анда-санда болмаса, басқа ештеңемен айналыспайтын болады.
   ...ақиқатқа ере отырып, біз осы аз ғана философтардың,  -  оларды қазір пайдасыз деп атағанымен, ешқандай да ақымақ емес адамдардың,  - олардың өздері оны қаласа да, қаламаса да (мемлекетке олардың айтқанын тыңдауға тура келеді), мемлекет қамын ойлауды өздерінің мойындарына алудың  қандай да бір қажеттілігі пайда болмағанша; немесе қандай да бір құдайы нәрсенің әсерімен қазіргі билеушілер мен патшалардың балаларын немесе олардың өздерін шынайы философияға шынайы құмарлық билемегенше, мемлекет те, оның құрылымы да, жеке адам да жетілгендікке ешқашан жете алмайды деуіміздің себебі осы. Осы екі мүмкіндіктің біреуінің немесе екеуінің де іске асуы мүмкін емес деп есептеуге мен ешқандай негіз көріп тұрғаным жоқ...
                                     - Мемлекеттік құрылымды ұстап тұрған адамдар
Жетілген мемлекетті      қалай және қандай ғылымдар мен істер арқылы
    жүзеге асыруға           пайда болады? Олардың әрқайсысы қай жаста
     болатындығы             осы істердің әрқайсысына кіріседі?
   - Иә, бұл туралы айту қажет.
   - ...Есіңде болса, біз оларға өз мемлекетіне қуаныш арқылы да, қайғы арқылы да сыннан өткен сүйіспеншілік тән болуы тиіс, және өздерінің бұл қағидасынан олардың ешқандай қиындықтарда да, қауіптерде де немесе басқа да бұралаңдарда бас тартпайтыны көрініп тұруы тиіс деп айтқанбыз. Кім мұнда әлсіз болып шықса, оны ығыстыруға тура келеді, бірақ осы сынақтан оттан шыққан алтын сияқты таза шыққан адамды басқарушы етіп қойып, ерекше құрмет көрсету керек және тірі кезінде де, қайтыс болған кейін де  марапаттау қажет.
  Тағы да философтың         -  Сенде олар аз ғана болатынын ескер, себебі 
табиғаты және төрт асыл    олардың табиғаты біз талдағандай болуы
         қасиеті туралы              қажет, бірақ мұндай табиғаттардың барлық
                                           қасиеттері бірге болуы сирек кездеседі: көбіне олар бөлектенген болады.
 Сен не туралы айтып тұрсың?
 Танып-білуге қабілеттілік, есте сақтау, өткір тілділік,
көрегенділік және осымен байланысты нәрсенің бәрі, сен білесің, бірден кездеспейді, ал жастық жалынды және керемет ақылды адамдар үнемі асықпай және тыныш өмір сүруге ынталы емес; керісінше, өздерінің пысықтығынан олар барлық жақтарға тынымсыз жүгірумен болады және тұрақтылық олардың бойынан орын таппайды.
           - Сенікі дұрыс.
           - Егер де адамдар мінездерінің тұрақтылығымен ерекшеленсе және өзгергіштік оларға жат болса, олардың адал берілгендігіне сенуге болады және олардың соғыста үрейлене қоюы қиын, бірақ олардың осы қасиеттері білімдерді игеруде білінеді: олар есінен айрылып қалған секілді, икемсіз, алғыр емес, ал еңбектенуге тура келгенде оларды ұйқы мен есінеу жеңеді.
            -   Бұл болып тұрады.
            - Бірақ, біз айтқанбыз: адам осы қасиеттердің бәріне толық мөлшерде ие болуы тиіс, басқаша болса, оған осынша мұқият тәрбие берудің, құрмет көрсетудің және билікті берудің қажеті жоқ.
            -   Бұл дұрыс.
 Бірақ сен көрсетілген бірлік сирек кездеседі деп
ойламайсың ба?
 Иә, сирек.
 Яғни, адамды қиындықтарда, қауіптерде және
қуаныштарда тексеру керек, бұл туралы біз осыған дейін айтқанбыз. Осыдан басқа,  біз сол кезде айтпай кеткенді қазір қосамыз: оны көптеген ғылымдарға жаттықтыру керек, ол ең жоғары танымдарды қабылдауға қабілетті ме, әлде, адамдардың басқа жағдайларда жүрексінетіні секілді олардан қорқа ма деп бақылау қажет.
           - Мұны бақылау керек. Бірақ сен қандай танымдарды жоғары деп атайсың?
           - Есіңде шығар, жанның үш түрін айырып алған соң, біз әділеттілік, парасаттылық, батылдық және даналыққа қатысты, олардың әрқайсысының қандай екенін  анықтап, тұжырым жасағанбыз.
           - Есімде болмаса, әрі қарай айтылатынды тыңдауға құқым болмас еді.
           - Осының алдында айтылған есіңде ме?
           - Нені айтасың?
           - Бұл қасиеттерді жақсырақ қарастыру үшін басқа, ұзағырақ
жол бар дегенбіз, және, егер ол жолға түссек, толық айқындылыққа жетуге болады, бірақ ертеректе айтылғаннан да қажетті тұжырымдар жасауға болады. Соңғыны сендер жеткілікті деп таптыңдар, осылайша, менің ойымша, онша дәл емес қорытындылар жасалды. Олар сендерді қанағаттандыра ма, оны өздерің айтыңдар.
 Маған олар біршама дәлелді болып көрінді, басқаларға да
солай секілді,  -  деді Адимант.
 Бірақ, қымбаттым менің, мұндай заттардағы өлшем шын
бар нәрседен кішкене болса да артта қалатын болса, онда талап етілетін деңгейде дәлелденген бола алмайды. Жетілмеген нәрсе ненің болса да өлшемі бола алмайды ғой. Десек те, кейбіреулерге осының өзі жеткілікті, ал одан арғы ізденістер артық болып көрінеді.
 Адамдардың басым көпшілігі өздерінің қамсыздықтарынан
осылай деп пайымдайды.
 Бірақ осындай түсінік мемлекет пен заңдардың
сақшысында мейлінше аз болуы тиіс.
 Әрине.
 Яғни, достым менің, ол ұзағырақ жолмен жүріп, білімдерге
жету үшін гимнастикалық жаттығуларға жұмсалған жігерден аз емес жігер жұмсауы тиіс, әйтпесе, біз қазір ғана айтқандай, ол үшін ең маңызды және ең қажетті білім бойынша жетілгендікке ол ешқашан жете алмайды.
 Ең маңызды нәрсе осы емес пе және әділеттіліктен және біз
талдаған басқа нәрселерден маңыздырақ нәрсе бар ма?
 Иә, маңыздырақ бірдеңе бар және оны біз қазір жасап
отырғандай жалпы қарастырмау керек, керісінше, онда ештеңені ескерусіз қалдырмау қажет, бәрі аяқталған болуы тиіс. Бәрі дәлірек және тазарақ болып шықсын деп, маңызды емес заттарға барлық күш-жігерді салу, ал ең маңызды істе зор мұқияттылықты талап етпеу күлкілі емес пе!
Игілік  идеясы      - Әрине, [сенің ескертуің құнды]. Бірақ  ең
     (эйдос)             маңызды білім деген не және ол не туралы, сен 
                               қалай ойлайсың? Әлде сен саған осы сұрақты
қоймай, жібере береді деп ойлайсың ба?
   - Мен осылай болады деп онша үміттеніп тұрғаным жоқ; сен
де сұрақ бер. Сен бұл туралы талай рет естідің, ал қазір болса, не ойланбай тұрсың, не өзіңнің килігуің арқылы мені әдейі әбігерге түсіргің келіп тұр; соңғы жорамалым дұрысырақ сияқты. Сен бұған дейін жиі естідің: игілік идеясы  -  ең маңызды білім ; ол арқылы әділеттілік және басқалары  жарамды және пайдалы болады. Менің дәл осылай дейтінімді және бұл идеяны біз жеткілікті білмейтінімізді сен қазір де білген шығарсың. Білмейтін болсақ, онда онсыз, басқа нәрселердің барлығы туралы ең көп мәлімет жинаған күнде де, бізге олар пайда әкелмейді: бұл зат әкелетін игілік туралы ойлап алмай, оны ала салған секілді. Әлде сен басты іс, ол жақсы ма, жоқ па, ол туралы ойланбай, көбірек мүлік алу деп ойлайсың ба? Мүмкін не болса, соны  түсініп, әсемдік пен игілік туралы мүлдем ойламау керек шығар?
 Зевс атымен ант етемін, мен бұлай ойламаймын.
 Бірақ сен білесің ғой, көпшіліктің пікірі бойынша игілік  -
рахатта, ал нәзік адамдар үшін  -  түсінуде.
 Әрине.
 Білесің бе, достым, осы пікірді ұстанғандар бұл түсініктің не
екенін көрсетіп бере алмайды, бірақ ақыр аяғында ол жақсы нәрсені түсіну деп айтуға мәжбүр болады.
 Күлкілі екен.
 Күлкілі болғанда қандай, егер де олар бізді игілікті
білмейтініміз үшін жазғыра отырып, бізбен оны түсінетін адамдармен сөйлескен сияқты әңгімелессе, игілік деп олар жақсының не екенін түсінуді  атайды, бейнебір олар “игілік” деген сөзді жиі қайталай берсе, бізге олардың нені айтып тұрғаны түсінікті болатын сияқты.
 Нағыз шын.
 Сонда қалай? Игілікті рахат деп анықтайтындардың
адасушылықтары шамалы ма? Жаман рахаттардың болатындығын оларға мойындауға тура келеді емес пе?
 Тіпті өте жаман рахаттардың.
 Менің ойымша, олар игілік пен зұлымдықтың бір нәсе
екенін мойындайтын болып шығады ғой? Солай емес пе?
 Дәл солай.
 Яғни, осының бәрінде талас тудыратын нәрселердің көп
екендігі анық.
 Әрине.
 Әрі қарай. Мынау да анық емес пе: көп адамдар әділетті
және әсем ретінде ол іс жүзінде сондай болмаса да, оларға солай болып көрінетін нәрсені таңдап алар еді, осыған сәйкес оны алып, өздерінің пікірлерін білдірер еді; игілікке қатысты айтсақ, мұнда ешкім алдамшыға ие болумен шектелмейді, бәрі нағыз игілікті іздейді, алдамшыны кез-келген адам менсінбейді.
 Сөзсіз.
 Игілікке әрбір жан ұмтылады және ол үшін бәрін жасайды;
осындай бірдеңе бар екенін жан сезеді, бірақ оған қиын және оның не екенін түсінуге күші жетпейді. Осы нәрсеге ол басқа нәрселерге секілді толық сенімді бола алмайды, оған пайдалы болуы мүмкін нәрселерде оның сәтсіздікке ұшырайтыны да сондықтан. Мемлекеттегі біз оларға бәрін сеніп тапсыруға дайын адамдар да осы маңызды нәрсеге қатысты адасушылықта болуы тиіс деп айтамыз ба?
 Ешқашан да.
 Менің ойымша, әділеттілік пен әдемілік, егер де олардың қай
жағынан алғанда игіліктің мәні екені белгісіз болса, осы оған түсініксіз адамнан басқа лайықты күзетші таппайды. Онсыз оларды ешкімнің танып-біле алмайтынын алдын ала көріп тұрмын.
 Сен дұрыс көріп тұрсың.
 Біздің мемлекеттік құрылымды бұдан хабары бар күзетші
баққанда ғана ол толық дұрыс болады.
 Бұл қажет. Бірақ, сенің өзің Сократ, игілікті білім деп
санайсың ба, әлде рахат деп санайсың ба? Әлде басқа, үшінші бірдеңе ме?
 Сен өзің неғылған адамсың? Сені бұл нәрселер туралы
әдеттегі пікірлер қанағаттандырмайтыны маған жақсы белгілі.
 Менің ойымша, Сократ, бұл саламен ұзақ айналысқанына
қарамастан, бөтен пікірлерді баяндай біліп, өзінікін баяндай алмау дұрыс емес секілді.
 Қалайша? Сенің ойыңша, өзін білетін етіп көрсетіп,
білмейтіні туралы айтуға адамның құқы бар ма?
 Білетін етіп көрсетпей-ақ қойсын, бірақ өзінің ойлағанын өз
пікірлері ретінде баяндасын.
 Қалайша? Білімге негізделмеген пікірлердің ештеңеде
пайдаға аспайтынын сен байқамадың ба? Олардың ең жақсы дегендерінің өзі көрсоқыр. Егер де адамдарда түсінікке негізделмеген қандай да бір дұрыс пікірлер болатын болса, онда олардың жолмен дұрыс жүріп келе жатқан соқырлардан айырмашылықтары қандай?
 Ешқандай.
 Ненің айқын және әдемі екенін басқалардан білу мүмкіндігі
бола тұрса да, сен сұрықсыз, тұманды және бұлдыр нәрсені бақылауды қалайсың ба?
 Зевс үшін, Сократ, - деп айқайлап жіберді Главкон,  -
пайымдауды аяқтаған сияқты болып жалтарма. Игілік туралы сұрақты әділеттілік, парасаттылық және басқаларын қарастырғаның секілді талдап берсең, бізге соның өзі жеткілікті.
 Маған, қымбаттым менің, осының өзі әбден жеткілікті. Қате
жасамасам болар еді, әйтпесе өзімнің қисынсыз тырысушылығым күлкіге қалдырып жүрер. Бірақ, қымбаттыларым менің, игілік дегеннің не екенін әзірге қарастырмаймыз, себебі ол, менің ойымша, біз қазір жете алатын пікірлерден жоғары тұр. Ал игіліктен не туындайтыны және оған не нәрсе өте ұқсайтыны туралы сендерге айтып беруге ықыластымын, егер де сендер оны қаласаңдар, егер де қаламасаңдар, онда мұны да қарастырмай қалдырайық.
 Әрине, айт, ал оны тудырушы туралы  кейін әңгімелеп
берерсің.
 ...Біз әдемі көп заттар бар, көп игіліктер бар деп санаймыз
және оларды анықтаманың көмегімен ажыратамыз.
 Иә, біз солай деп есептейміз.
 Сонымен қатар, әсемдік өзінен-өзі, игілік өзінен- өзі бар
және әрі қарай, біз олардың көп екенін мойындасақ та, барлық заттарға қатысты осылай деп санаймыз.
 Иә, ол солай.
 Және біз ол заттарды көруге болады, бірақ ойлауға
болмайды, идеяларды болса, керісінше, ойлауға болады, бірақ көруге болмайды дейміз.
 Әрине.
 Біз көретін нәрсені не арқылы көреміз?
 Көру арқылы.
 Есту арқылы біз естуге болатын нәрсенің бәрін еститініміз,
ал басқа сезімдеріміз арқылы сезінуге болатын нәрсенің бәрін сезінетініміз шын емес пе?
 Онда тұрған не бар?
 Біздің түйсіктерімізде демиург қалыптастырған көру және
көру арқылы қабылдану қабілетінің қаншалықты құнды екеніне сен назар аудардың ба?
 Жоқ, онша емес.
 Сен оған былайша қара: естуге есту үшін, дыбысқа дыбыс
шығару үшін, және ол жоқ болғанда ештеңе естілмейтін және дыбыс шықпайтын тағы үшінші бірдеңе қажет емес пе?
 Ешқандай үшінші бірдеңе бұл жерде керек емес.
 Менің ойымша, басқа көптеген түйсіктер үшін, бірақ бәрі
үшін емес  - мұндай ештеңенің қажеті жоқ. Әлде сен қарсы бірдеңе айтасың ба?
 Жоқ, айта алмаймын.
 Мұның көруге және көруге болатын нәрсенің барлығына
қажет екендігін сен байқамадың ба?
 Сен не туралы айтып тұрсың?
 Адамның көзі түсті айыруға қаншама өткір және
қабылдағыш болса да, ол егер де көру сезімін осы үшін арнайы жаратылған үшінші бірдеңесіз қолданатын болса, оның ештеңе көрмейтінін және түсті айыра алмайтынын сен білесің ғой.
 Сенің ойыңша, бұл не нәрсе?
 Сен жарық деп атайтын нәрсе.
 Сенікі дұрыс.
 Яғни, көру түйсігі және көру арқылы қабылдану мүмкіндігі
бір-бірімен маңызды бастаумен байланысады; олардың байланысы басқа кез-келген байланыстан құндырақ, себебі жарық аса бағалы.
 Басқаша болуы мүмкін емес!
 Сен аспан құдайларының қайсысын ол аспанды билеп тұр
және оның жарығы бізге барлық нәрсені жақсырақ көруге, ал заттарға  -  көру арқылы қабылдануға мүмкіндік беріп тұр деп танисың?
 Сен де, басқалар да танитын құдайды. Сенің Күн туралы
сұрап тұрғаның түсінікті ғой.
 Ал сенің көзіңнің  бұл құдайға  қатынасы табиғатынан
мынадай емес пе...
 Қандай?
 Көру өзінен-өзі де, ол пайда болатын нәрседе де  - біз оны
көз деп атаймыз,  -  Күн емес.
 Әрине, жоқ.
 Бірақ біздің түйсіктеріміздің құралдарының арасында ол
күнге ең көп ұқсайтыны.
 Иә.
 Көздің қабілетін Күн оған уақытша берген.
 Иә, солай.
 Яғни, Күн де көз емес. Ол көрудің себебі болса да, көздің
өзі оны көреді.
 Иә, солай.
 Мен осыны және игілік тудыратын нәрсені тұжырымдаймын
деп санай бер, -  игілік оны өзіне ұқсас етіп тудырды ғой: игілік ақыл арқылы жететін салада ақылға және ақылмен жететінге қатысты не болса, көрінетін салада Күн көзге және көру арқылы қабылданатын заттарға қатысты солай болады.
 Бұл қалай? Маған кеңірек талдап бер.
 Сен білесің, адам түстері күннің жарығымен көрініп тұрған
заттарды емес, түннің іңірдегі сәулесі шалған заттарды көруге тырысқанда, оның көру қабілеті төмендейді, адамды соқыр деп ойлап қалуға болады, бейнебір оның көздері сау емес секілді.
 Шынында да солай.
 Бірақ сол көздер Күннің сәулесі түсіп тұрған заттарды
жақсы айырады: бұл көру қабілетінің қалыпты екенін көрсетеді.
 Сонда не?
 Жан да осындай деп түсін: ол ақиқат пен болмыс жарқырап
тұрған жерге ұмтылғанда, ол оларды қабылдайды және танып-біледі, бұл оның ақылдылығын көрсетеді. Ол қапаспен араласу, пайда болу және жойылу саласына ауытқығанда, ол топастанады, пікірлердің ықпалына түскіш болады, оларды былай да, солай да өзгертеді, және, ол ақылынан адасқан сияқты болып көрінеді.     
 Осыған ұқсас.
 Сонымен, танылушы заттарға ақиқаттылық беретін, ал
адамға танып-білу қабілетін беретін нәрсені игілік идеясы  - білімнің және ақиқаттың танымдылығының себебі деп есепте. Қайсысы болмасын, ол да, басқасы да, әсем болғанымен, игілік идеясын сен одан да әсем бірдеңе деп есептейтін болсаң, сенікі дұрыс болады. Жарық пен көзді Күнге ұқсас деп санау дұрыс болғанымен, оларды Күн деп тану дұрыс болмас еді, мында да сондай: таным мен ақиқатты игіліктің бейнесіне ие деп санау дұрыс, бірақ олардың бірдеңесін игіліктің өзі деп тану дұрыс болмас еді: игілікті оның қасиеттері бойынша одан да үлкен бағалау керек.
 Сен оны қалайша сөз жетпес әсем деп есептейсің, егер де,
сенің айтуың бойынша, оның өзі олардан өзінің әдемілігімен жоғары тұрған болса! Бірақ та әрине, сенің айтып тұрғаның рахат туралы емес қой?
 Мысқылдама! Одан да оның бейнесін былай қарастыр...
 Қалай?
 Біз көретін нәрсенің бәріне Күн көріну мүмкіндігін ғана
емес, дүниеге келуді, өсуді, сонымен қатар, тамақтануды береді, оның өзі қалыптасу болмаса да.
 Басқаша қалай болмақ?
 Танылушы заттар тек игіліктің арқасында танып-білінеді ғана
емес, ол оларға болмысты, өмір сүруді береді, игіліктің өзі өмір сүру болмаса да, ол  -  өмір сүрудің шекарасынан тыс, одан құндылығы мен  күші жағынан басым...     
Ақыл арқылы жететін дүние      - Сонымен, біз айтқандай, екі билеуші бар:
және көрінетін дүние                 бірі  -  ақыл арқылы жететін түрлер мен
                                               салалардың үстінен билеуші, екіншісі, керісінше, көрінетін нәрселердің бәрінің үстінен  -  саған сөздердің көмегімен ақылсынып тұрған сияқты көрінбеу үшін, мен оны көк деп атағым келмейді. Осы екі түрді, көрінетін және ақыл арқылы жететінді, ұғындың ба?
 Ұғындым.
 Салыстыру үшін екі тең емес бөлікке бөлінген сызықты ал.
Осындай әрбір бөлікті, яғни көрінетін және ақыл арқылы жететін саланы, осылайша тағы да бөл, және де, көрінетін саланы сен үлкен немесе кіші айқындылық белгісі бойынша бөлесің. Сонда онда пайда болған бөліктердің біреуінде бейнелер болады. Мен осылай деп ең әуелі көлеңкелерді, сосын судағы және тығыз, тегіс және жалтыраған заттардағы бейнелеулерді  - бір сөзбен айтқанда, осыған ұқсастың бәрін атаймын.
 Түсінемін.
 Осыған ұқсас басқа бөлімге сен біздің айналамыздағы тірі
мақұлықтарды, өсімдіктердің барлық түрлерін, сонымен қатар, жасалатын нәрсенің бәрін орналастырасың.
 Мен осыларды ғана орналастырамын.
 Сен мұндай бөлуді нағыз және нағыз емес деп танумен
келісесің емес пе: біз ой түйген нәрсенің біз шынында да білетін нәрсеге жататыны секілді, ұқсас ұқсастырылған нәрсеге жатады.
 Мен мұнымен біршама келісемін.
 Ақыл арқылы жететіннің бөлінуін қарастыр  -  оны қандай
белгісі бойынша бөлу керек болады.
 Қандай?
Алғышартсыз бастау.              Жан  ақыл арқылы жететіннің бір бөлімін
Ақыл арқылы жететіннің         біз сонда алған бөліктердегі
      және көрінетіннің               бейнелерді қолдана отырып,
            бөлімдері                        сондықтан бастауға емес, аяқталуға
                                                          ұмтылып, алғышарттардың негізінде іздеуге мәжбүр. Басқа бөлімді  жан алғышарттан мұндай алғышартқа ие емес бастауға өрлей отырып іздестіреді. Бірінші жағдайда болған бейнелерсіз, бірақ идеялардың өздерінің көмегімен олар өздеріне жол салады.
 Сенің айтып тұрғаныңды мен жеткілікті түсінбедім.
 Мен әуелі мынаны айтсам, саған түсіну жеңіл болады: менің
ойымша, сен білесің, геометриямен, есеппен және осыларға ұқсас басқа нәрселермен айналысатындар өздерінің кез-келген ізденістерінде жұп және тақ, фигуралар, бұрыштардың үш түрі және тағы осылар секілді басқа нәрселер оларға белгілі деп ойлайды. Мұны олар бастапқы ережелер деп есептейді және бұл кез-келген адамға онсыз да түсінікті секілді, олар туралы өздеріне де, басқаларға да есеп беруді қажет деп санамайды. Осы ережелерді басшылыққа ала отырып, олар басқа қалған нәрселерді талдайды және өздері қарастырған нәрсені жүйелі түрде ақырына дейін жеткізеді.
 Мен мұны жақсы білемін ғой.
 Бірақ олар оған қосымша чертеждерді қолданғанда және
осыдан қорытындылар жасағанда, олардың ойы чертеждерге емес, ол оларға ұқсас фигураларға бағытталған. Өздерінің қорытындыларын олар өздері сызған диагональ үшін емес, төртбұрыштың өзіне және оның диагоналы үшін жасайды. Қалған басқа нәрселерде де осылай.  Мүсіндеме және кескіндеме туындыларына қатысты солай: олардан көлеңке түседі, олар суда бейнеленеді, бірақ олардың өздері ойша  шола алатын нәрсенің бейнелі көрінісі ғана.
 Сенікі дұрыс.
 Мен сол кезде ақыл арқылы жететіннің міне осы түрі
туралы айтқанмын: жан өзінің оған ұмтылысында алғышарттарды қолдануға мәжбүр болады, оның бастауына өрлемейтіні сондықтан, себебі ол болжамдалатынның шекарасынан аса алмайды және төмен заттарда, әсіресе жан олардың анық белгісін тапқандарында және өзі құрметтейтіндерінде көрініс тапқан бейнелі ұқсастарды пайдаланады.
 Мен түсінемін: сен геометрияның және оған жақын
тәсілдердің көмегі арқылы зерттелетін нәрсе туралы айтып тұрсың.
 Сонымен қатар, мынаны түсін, ақыл арқылы жететіннің
екінші бөлімі деп мен біздің ақыл-ойымыз диалектикалық қабілеттіліктің көмегімен жететін нәрсені атаймын. Өзінің болжамдарын ол бастапқы бірдеңе деп ұсынбайды, керісінше, ол үшін олар  болжамдар ғана, яғни, барлық нәрселердің  енді болжамдалған емес бастауына жақындаулар  мен ұмтылулар. Оған жетіп және онымен байланысты нәрсенің барлығын ұстанып, ол сонан соң ешқандай сезімдікті қолданбай-ақ, идеялардың өздерінің өзара қатынастарын пайдалана отырып, қорытындыға келеді, және оның қорытындылары тек соларға (идеяларға  - Г.Н.) ғана қатысты.
 Мен, жеткілікті дәрежеде болмаса да, түсінемін: менің
ойымша сен күрделі заттар туралы айтып тұрсың. Бірақ сен диалектиканың көмегімен болмысты және ақылмен жететін нәрселердің бәрін болжамдарға сүйенетін ғылымдар дегендердің көмегі арқылы қарастырылғандарға  қарағанда  айқынырақ бақылауға болады деп түйіндегің келеді. Шындығында, осындай зерттеушілердің де ақылмен жететін саланы түйсіктер арқылы емес, парасаттың көмегімен бақылауға мәжбүр болатын кезі болады, бірақ олар оны өздерінің болжамдарының негізінде, алғашқыбастауға (первоначало - Г.Н.) көтерілмей қарастырғандықтан, онда, сенің ойыңша, олар оған ақылмен жете алмайды, бірақ, егер де оның алғашқыбастауын игерсе, оған ақылмен жетуге болады. Менің ойымша, сен парасат деп геометрия мен оған ұқсастармен айналысатындарда кездесетін қабілетті атайсың. Бірақ бұл әлі де ақыл емес, себебі парасат пікір мен ақылдың арасындағы аралық орында орналасқан.
 Сен толық түсінушілік көрсеттің. Көрсетілген төрт
бөліктермен  жанда пайда болатын төрт күйді байланыстыр: жоғарғы сатыда  -  ақыл-ой, екіншісінде  -  парасат, үшінші орынды сенімге бер, ал соңғыда  -  ұқсау, және күй ақиқатқа қаншама байланысты болса, оның нақтылығы соншалықты деп есептеп, оларды сәйкестіріп орналастыр.
 Түсінемін. Мен келісемін және оларды сен қалай айтсаң,
солай орналастырамын. 
                          
ЖЕТІНШІ  КІТАП
Диалектикалық           ...  -  Менің ойымша, біз талдаған пәндердің бәрін 
  Метод                         зерттеу (Сократ мемлекетті басқарушыға қажет болатын геометрия, астрономия, музыка, есептей білу туралы айтып отыр  -  Г.Н.)  олардың жалпылығы мен туысқандығын анықтауға дейін жететін болса және олар бір-біріне қаншалықты жақын екендігі туралы қорытындыға әкелсе, онда ол біз алдымызға қойған мақсатқа жетуге ықпал етеді, яғни, бұл еңбек пайдасыз емес болып шығады. Керісінше жағдайда ол пайдасыз.
           - Менің ойымша да солай сияқты. Бірақ сен өте күрделі іс туралы айтып тұрсың, Сократ.
           - Сен кіріспе бөлімін айтып тұрсың ба, әлде басқа бірдеңені ме? Бұл үйреніп алуға тиісті әуенге кіріспе ғана екенін біз білмейміз бе? Осы істе күшті адамды сен шебер диалектик деп есептемейсің ғой?
           - Әрине жоқ, Зевс атымен ант етемін! Мен кездестірген адамдардың бірен-сараны болмаса.
Ал ақылды дәлел келтіре алмайтын немесе оны қабылдай алмайтын адам біздің ойымызша қажетті білімдерден ешқашан ештеңе білмейтін болады.
   - Иә, солай секілді.
   - Міне, Главкон, диалектика шығаратын әуен осы. Ол ақыл арқылы жететін, ал көру қабілеті оны қайталағысы келеді, бірақ оның бірдеңені анықтап қарау талпыныстары жануарларға, жұлдыздарға, ақыр соңында Күнге бағытталған. Пайымдауға талпынған адам түйсіктерді айналып өтіп, жалғыз ғана ақыл-ой арқылы кез-келген заттың мәніне ұмтылады, және, ойлаудың өзінің көмегімен игіліктің мәніне жеткенше, алған бетінен қайтпайды. Басқа адамның көрінетіннің шыңына шыққаны секілді, ол ақыл арқылы жететіннің шыңына жетеді.
   - Өте дұрыс.
   - Сонда қалай? Бұл жолды сен диалектикалық деп атамайсың ба?
 Әрі қарай ше?
 Бұл бұғаулардан құтылу, көлеңкелерден бейнелер мен
жарыққа бет бұру, жер астынан Күнге көтерілу болады. Егер де соның өзінде де тірі мақұлықтарға, өсімдіктерге және Күнге қарауға мүмкін болмайтын болса, Өзі Күнмен салыстырғанда көлеңке ғана болып табылатын жарық көзі жасаған бейнелер көлеңкесіне қарағаннан гөрі, судағы құдайы бейнелерге және бардың көлеңкесіне қараған жақсы. Тұтас алғанда, біз айтқан ғылымдармен айналысу осы мүмкіндікті береді және біздің жанымыздың әсем бастауын жоғарыға, өмір сүріп отырған нәрселердің арасындағы ең жетілгенді бақылауға бастап жүреді, бұл біздің тәнімізге тән [түйсіктердің] ең айқынының тән саласындағы және көрінетін саладағы ең жарқынға бағытталғаны  секілді.   
 Осылай деп келісу менің ойымша өте қиын болғанымен,
мен келісемін; сонымен қатар, мұны қабылдамау да қиын. Іс осылай деп келісе отырып (себебі, қазіргі әңгіме тек осы туралы ғана емес қой, бұған әлі бірнеше рет оралуға тура келеді), әуеннің өзіне көшейік және оны осы кіріспені талдағанымыз сияқты талдайық.
 Айтшы, бұл пайымдау қабілеті несімен ерекшеленеді, ол
қандай түрлерден тұрады және оған апаратын жолдар қандай? Олар, шамасы, оған жету жолаушы үшін тынығу және сапарларды аяқтау сияқты болатын мақсатқа жеткізеді.
 Сүйікті Главкон, менің тарапымнан дайындық жеткілікті
болса да, менің соңымнан еруге сенің күшің әзірге жетпейді. Әйтпесе, сен біз айтып отырған нәрселердің бейнелерін емес, ақиқаттың  өзін, ең құрығанда оны мен қалай түсінемін, соны көретін едің. Іс жүзінде осылай ма, әлде жоқ па  -  әзірге оған басты назар аударудың қажеті жоқ. Бірақ ұқсас бірдеңені көру   -  оны баса айтып, күш салу керек. Солай емес пе?
 Әрі қарай не?
 Біз талдаған ғылымдардан хабары бар адамдарға мұны
пайымдауға қабілеттілік қана көрсете алатынын баса айтып, көндіру қажет, бұл басқаша еш мүмкін емес.
 Мұны да дұрыс деуге болады.
 Барлығын, яғни кез-келген заттың мәнін жүйелі түрде басқа
бір жолмен қамтуға болады деп бізге ешкім дәлелдей алмайды, себебі зерттеудің басқа тәсілдерінің не адами пікірлерге және құмарлықтарға қатысы бар, не [заттардың] пайда болуы мен үйлесуіне, немесе, өсіп және үйлесіп тұрған нәрселерді  сақтауға түгелімен бағытталған. Біз айтқандай, болмыстан ең болмағанда бірдеңені игеруге талпынатын ғылымдарға келетін болсақ (әңгіме геометрия және оның соңынан жүретін ғылымдар туралы), өздерінің болжамдарын пайдалана отырып, оларды мызғымас етіп сақтағанша және өздеріне олар туралы есеп бермейінше, болмыс олардың түсіне ғана енеді, оны олардың нақты көре алуы мүмкін емес. Бастау өзі білмейтін нәрсе болса, қорытынды мен ортасы біріктіру мүмкін емес нәрселерден тұратын болса, мұндай үйлесімсіздік қандай да бір уақытта білім бола ала ма?
 Ешқашан да.     
 Яғни, бір ғана диалектикалық метод дұрыс жолды
ұстанады: болжамдарды шығарып тастап, ол алғашқыбастауды оны негіздеу мақсатымен қарастырады; біз талдаған өнерлерді көмекшіліер және серіктестер ретінде пайдалана отырып, ол біздің жанымыздың сонда көміліп қалған көзін ақырындап, бейнебір жабайы кірден тазалаған сияқты арылтады және оны жоғарыға бағыттайды. Әдет бойынша біз оларды талай рет ғылымдар деп атадық, бірақ бұл жерде басқа атау қажет болар еді, себебі олардың тәсілдері пікірден гөрі айқынырақ болғанымен, соншама анық емес. Ал пайымның өзін біз осыған дейін анықтағанбыз. Меніңше, қарастырып отырған зат қазіргі секілді осыншама маңызды болғанда, атау туралы пікір таластырудың қажеті жоқ.
  Иә, керегі жоқ.
 Тек қана атау нені білдіретінін анық білдірсе болғаны, бізге
осы жеткілікті емес пе?
 Иә, жеткілікті.
   Диалектикалық                   -  Онда бізді бұрынғыша келесі
методтың бөлімдері  -        атаулар қанағаттандырады: бірінші  
               таным, пайымдау, сенім,     бөлім  -  таным, екінші  -  пайымдау,
                   ұқсастыру                           үшінші  -  сенім, төртінші  -  ұқсастыру.
                                                                 Соңғы екеуі бірге пікірді құрайды, бірінші екеуі бірге  -  ойлауды құрайды. Пікір қалыптасуға жатады, ойлау  -  мәнге. Мән қалыптасуға қалай жататын болса, ойлау  пікірге солай жатады. Ал ойлау пікірге қалай жататын болса, таным сенімге солай, ал пайымдау  -  ұқсастыруға солай. Екі салаға бөлуді  -  біз пікір түйетін және біз ақыл арқылы жететін  - және бұл белгілеулердің олар жататын заттарға сәйкес келуін біз сен екеуіміз, Главкон, қарастырмай қалдыра тұрамыз, осыған дейін жасаған пайымдаулардан бірнеше есе ұзақ пайымдаулар болмас үшін.
   - Саған ілесуге күшім жеткенше,  қалған сұрақтар бойынша да мен сенімен келісемін.
                Диалектиканың               -  Әрине, сен диалектик деп әрбір
                   анықтамасы                заттың мәнінің дәлеліне жете алатын
                                                               адамды атайсың. Егер де кімде-кім осы
қабілет жоқ болса, ол өзіне де, басқаға да қаншалықты есеп бере алмайтын болса, осыған оның соншалықты ақылы да жетпейді дейсің.
 Мен қалай осылай демеймін!
 Игілікке қатысты істе де осылай. Кімде-кім дәлелдеудің
көмегімен игілік идеясын оны басқа нәрселерден бөліп, анықтай алмайтын болса, пікірге емес, мәнді түсінуге негізделген терістеуге ұмтылып, бейнебір шайқас алаңындағыдай барлық бөгеттерден өте алмаса; осының бәрі арқылы мызғымас сеніммен алға қарай жүрмесе, ол туралы, ол осындай болғандықтан, сен оған игіліктің өзі де, жалпы қандай болмасын игілік те белгісіз, ал егер де қандай да бір жолмен ол игіліктің елесіне жанасатын болса, онда білімнің көмегімен емес, пікірдің көмегі арқылы ғана дейсің. Осындай адам қазіргі өмірін ұйқы мен түс көруде өткізеді, және, осында оянғанға дейін, ол Аидқа келіп, ұйқыға біржола кетеді.
 Зевс атымен ант етемін, мен осының бәрін айтамын.
 Ал өз балаларыңа  -  сен оларды әзірге ойыңда ғана өсіріп
және тәрбиелеп отырсың, - егер де оларды саған шынымен өсіруге тура келсе, олар әзірге чертеж кескіндері сияқты тілсіз болып отырғанда, сен олардың мемлекетті басқаруына және маңызды істердің тетігін ұстауына рұқсат етер ме едің?
 Әрине, жоқ.
  Сұрақтар мен жауаптар ісінде олардың жоғары дәрежеде
білімді болуына мүмкіндік беретін тәрбие алуға сен оларды заң арқылы міндеттейсің ғой?     
 Біз сен екеуіміз осындай заң шығарамыз.
 Саған диалектика барлық білімдерді аяқтайтын карниз
сияқты және басқа білімді одан жоғары қою дұрыс емес секілді болып көрінбей ме, себебі ол олардың барлығының шыңы ғой.
 Менің ойымша, осылай.
 Саған қалатыны, бұл танымдарды біз кімге және қалай
беретінімізді белгілеу.
 Сөзсіз.
              
                                 (Платонның  “Мемлекет” еңбегінен аударылды.   
                                                                                                   Харьков, 1999 ж.)
“ТИМЕЙ” ДИАЛОГЫНАН
[ӘЛЕМНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ТУРАЛЫ]
<…> С о к р а т. Тамаша, Тимей! Біз сен ұсынғандай жасаймыз. Әніңнің бастамасын біз сүйсіне тыңдадық, енді тезірек әннің өзіне көш.
   Т и м ей. Пайда болуды және осы Әлемді жаратқан оны қандай себеп бойынша жаратқанын қарастырайық. Ол игі болды, ал игіде ешқашан және ешқандай істе күндеу, көре алмаушылық болмайды. Күндеу оған жат болғандықтан, ол барлық заттардың өзіне мүмкіндігінше көбірек ұқсағанын қалады. Ақылды ер адамдардың ізімен осыдан туу мен космостың нағыз және басты бастауын көре білу, сірә, бәрінен дұрыстау болар еді. Сонымен, бәрі жақсы болсын және ештеңе мүмкіндігінше жаман болмасын деп тілей отырып, құдай тыныштықта емес, бірақ тәртіпсіз және ретсіз қозғалыстағы барлық көрінетін заттардың қамын ойлады; оларды ретсіздіктен ретке келтірді, екіншісі біріншісінен жақсы деп пайымдады. Ең жоғарғы игілік болып отырғанның әсем емес нәрсені жасауы қазір мүмкін емес және ерте заманда да мүмкін болмады; бірақ пайымдау оған мынаны көрсетті: табиғатынан көрінетін,  ақылы жоқ заттардың бір де бірі ақылға ие заттан әдемі бола алмайды, егер де екеуі де бүтін ретінде салыстырылса; ал ақыл жаннан бөлек басқа ешкімде өмір сүре алмайды. Осы пайымдауды басшылыққа ала отырып, ол ақылды жанда, ал жанды тәнде орналастырды, және осылайша, ең әсем, табиғатынан ең жақсы туындыны жасауды мақсат ете отырып, Әлемді қалыптастырды. Сонымен, шындыққа ұқсас пайымдау бойынша, біздің космостың ақыл мен жанға ие тірі тіршілік етуші (живое существо  - тірі мақұлық деп аударуға да  болады  - Г.Н.) екенін және ол құдайдың құдіретінің көмегімен дүниеге келгенін мойындау қажет.     
   Олай болса, біз дәл қазір басқа сұрақ қоюымыз керек: жаратушы оның үлгісі бойынша космосты жаратқан тірі тіршілік етуші қандай? Іс белгісіз бір жеке түрдегі тіршілік етуші туралы болып отыр деп ойлап, космосты кемсітпеуіміз керек, себебі, толық емеске еліктеу ешқандай түрде де әсем болуы мүмкін емес. Бірақ қалған барлық тірі нәрселерді жеке   организмдер және түрлер ретінде қамтып, өзінің бөліктері деп қарастыратын [тірі тіршілік етуші] болды, ол космос оған ұқсауға тырысатын үлгі болды, себебі, ол барлық ақыл арқылы жететін тірі тіршілік етушілерді өзіне қалай сыйғызса, космос та бізге және басқа да көрінетін тіршілік етушілерге өзінен осылайша орын береді деп болжамдайық. Себебі, құдай дүниені ойланылатын заттардың арасындағы ең әдемі және ең жетілген етуді қалап, табиғаты бойынша оған туыстас тірі тіршіліктерді бойында ұстайтын, біртұтас, көрінетін тірі тіршілік етуші етіп жаратты.
   Бірақ, бір ғана көк аспан туралы айтуымыз дұрыс па, әлде көптеген, тіпті сансыз көп туралы айтуымыз керек пе еді? Жоқ, ол алғашқы үлгіге сәйкес жасалғандықтан, ол біреу. Барлық ақыл арқылы жететінді қамтитын нәрсе өзінің қасына басқа бөтенді жақындатпайды ғой; әйтпесе, осы екеуін қамтитын және олар оның бөліктері болып шығатын тағы бір тіршілік етуші қажет болар еді, және, оларды емес, оларды сыйғызған оны космос үшін үлгі деп санаған дұрыс болар еді. Сонымен, туынды жан-жақты жетілген тірі  тіршілік етушіге оның бірегейлігі жағынан ұқсас болуы үшін, жаратушы не екі, не сансыз көп космостар жасамады, тек осы біртекті көк аспан пайда болып, өмір сүреді және өмір сүретін болады.    
   Сонымен, туылған нәрсе денеге ие, сондықтан да көрінетін және сезілінетін болуы тиіс болды. Бірақ еш нәрсе оттың қатысуынсыз - көрінетін, қатты нәрсесіз  -  сезінілетін бола алмайды, ал жерсіз  - ештеңе қатты бола алмайды. Сондықтан, құдай Әлемнің денесін құрастыруға кірісе отырып,  оны от пен жерден жаратты. Бірақ екі мүше үшіншісінсіз өздіктерінен жақсы қосақтала алмайды, себебі біреуі мен басқасының арасында оларды біріктіруші байланыс пайда болуы қажет. Байланыстардың ең әсемі     -  өзі мен байланысушыны ең көп дәрежеде қосақтайтыны, және бұл міндетті пропорция жақсы орындайды, себебі, үш санның  -  куб саны болсын, не квадрат саны болсын -  кез-келген орта санында біріншісінің ортасындағыға қатынасы, ортасындағының соңғысына қатынасындай болғанда, онда ортасындағы сандар бірінші және соңғы орынға, ал соңғы мен бірінші, керісінше, ортасындағы орындарға ауысқанда қатынас қажетті түрде бұрынғыша сақталатыны анықталады, ал осылай болғандықтан, бұл сандардың бәрі өзара бірлікті құрайды. 
   Және де, әлемнің денесі тереңдіксіз, қарапайым жазықтық болуы тиіс болса,  бір орта мүшенің болуы оның өзінің шеткілермен бірігуі үшін жеткілікті болар еді. Бірақ ол үш өлшемді болуы тиіс еді, ал үш өлшемді заттар ешқашан бір орта мүше арқылы қосақталмайды, әрқашан екі мүше арқылы қосақталады. Сондықтан құдай от пен жердің арасына су мен ауаны орналастырды, сонан соң олардың арасында мүмкіндігінше дәлірек қатынастар орнатты: ауаның суға қатысы оттың ауаға қатысындай болуы үшін және судың жерге қатысы ауаның суға қатысындай болуы үшін. Ол оларды осылайша қосақтады, олардан  көрінетін және сезінілетін көк аспанды қалыптастырды.
   Осындай негіздерде және осындай құрамдас бөліктерден төрт саны арқылы, пропорцияның көмегімен ретке келтірілген космос денесі дүниеге келді, және осының арқасында олардың арасында достық пайда болды, яғни, оның өзіне-өзі теңдігін  оны құрастырғаннан басқа ешкім бұза алмайды.
   Бұл төрт бөліктердің әрқайсысы космостың құрамына тұтастай кірді: жаратушы оны барлық оттан, барлық судан, және ауадан, және жерден құрастырды, космостың сыртында олардың бір де бір бөлігін немесе күшін қалдырмады. Ол біріншіден, космостың тұтас және жетілген, бөліктері де жетілген тірі тіршілік етуші болуын; әрі қарай, космостың бірегей болуын және олардан басқасы туатын ешқандай қалдықтары болмауын, және, ол қартаймайтын және ауырмайтын болуын қалады. Жаратушыға мынадай ой келді: егер  күрделі құрамы бар денені сыртынан жылы, суық және басқа құдіретті күштер қоршап тұратын болса, онда, бір күні олар оған төніп, оны әлсіретеді, ауыртып, қартайтады және күйреуге мәжбүр етеді. Осы себепті және осындай болжамдарға сәйкес ол космосты тұтас бөліктерден құралған біртұтас, жетілген және қартаю мен ауруларға қатыссыз етіп қалыптастырды.
   Әлемнің кескінін ол оған лайық және оған ұқсас етіп жасады. Шынында да, өзінің бойында барлық тірі тіршілік етушілерді ұстап тұруға тиіс тірі тіршілік етуші басқалардың бәрінде бар кескінге ие болуы қажет. Сонымен, айналдыру жолымен ол космосты сфераның күйіне дейін дөңгелек етті, оның беті орталық нүктеден бірдей қашықтықта, яғни, ол Әлемге барлық кескіндердің арасындағы ең жетілген және өздеріне ең ұқсас кескінді берді, ал ұқсасты ұқсас еместен мириад есе әсем деп тапты. Сфераның бетін ол мүлдем тегіс етіп жасады және оның осылайша жасауының әртүрлі себептері бар еді. Космосқа көздің, құлақтың ешқандай қажеті жоқ болды, себебі оның сыртында көруге немесе естуге болатын ештеңе қалмады. Әрі қарай, жұту тиіс ауа оны қоршап тұрған жоқ еді. Ол тамақ ішу үшін және қорытылған нәрселерді кері шығаратын қандай да бір мүшелер оған қажет емес еді: оның шегінен  ештеңе шықпады және сырттан ештеңе кірмеді, себебі кіретін ештеңе жоқ болды. [Космостың денесі] шебер жасалды, ол өзінің шіруінен өзіне азық алып, өзінің әрекеттері мен күйлерін өзінде және өзі арқылы жүзеге асырып отырды. Себебі, оны жасаушы бәрі өзінен табылатын жағдай бірдеңеге мұқтаж болғаннан әлдеқайда жақсы деп тұжырымдады. Қолдарға келсек, олардың көмегімен бірдеңені алудың немесе біреуден қорғанудың ешқандай қажеттігі болған жоқ, сондықтан ол оларды, сонымен бірге, аяқтарды немесе жүру үшін керек болатын басқа бірдеңелерді денеге қиыстыруды артық деп санады.  Себебі, осындай денеге ол қозғалыстың жеті түрінің арасынан сәйкес келетін түрін, атап айтқанда, ақыл мен түсінуге ең жақынын бөлді. Сондықтан ол оны бір түрде, бір жерде ғана, өзінде, шеңберден соң шеңбер жасап айналуға мәжбүр етті, ал қозғалыстың қалған алты түрін олар біріншіні бұзбас үшін алып тасталды. Мұндай шеңбермен айналу үшін аяқтар қажет болмағандықтан, ол [бұл тіршілік етушіні] тізелері мен табандары жоқ етіп жаратты.
   Мәңгілік бар болатын құдайдың дүниеге енді келетін құдайға қатысты бұл жоспарының бәрі космостың денесі жұмыр, барлық жерде тегіс, орталық нүктеден бірдей қашықтықта, тұтас, жетілген және жетілген денелерден құралған  болуын талап етті. Жаратушы оның ортасынан жанға орын берді, осы жерден жанды бүкіл кеңістікке таратты және денені сыртынан осы жанмен орап тастады. Ол осылайша  дөңгелек, айналып тұрған, бірегей, бірақ өзінің жетілгендігінің арқасында өзімен өзі араласа алатын, басқа ешкімді қажет етпейтін және өзін өзі танып білгенін және өзімен өзі дос болғанын қанағат  тұтатын көк аспанды жасады. Космосқа осы артықшылықтардың бәрін бере отырып, [демиург] (грекше қолөнерші, шебер дегенді білдіреді - Г.Н.) оған бақытты құдайдың өмірін сыйлады.
   Егер біз өзіміздің осы пайымдауымызда жанға көшуге кейінірек талпынсақ, бұл құдай оны [денеден] соң жаратты дегенді білдірмейді, себебі оларды қосақтағанда ол кіші [бастауға] үлкеннің үстінен қарау басшылығын бермес еді ғой. Бұл біз ғана; біз кездейсоқтық пен шамаластықтың билігіне соншалықты берілгенбіз және өз сөздерімізде де осыны басшылыққа аламыз, бірақ құдай жанды  өзінің пайда болуы жағынан бірінші болушы және көне, тәннің ханымы және әміршісі етіп жаратты, ал оны мынадай бөліктерден және мына түрде құрды: бөлінбейтін және мәңгілік бірдей тең болатын мәннен және тәндерде бөлініп кететін мәннен, араластыру жолымен ол мәннің үшінші, орта, тең болатынның табиғатына және басқаның табиғатына қатысты түрін жасады, және осылайша, оны бөлінбейтін мен денелерде бөлінуге ұшырайтынның арасына қойды. Сонан соң осы үш [бастауды] алып, олардың бәрін біртұтас идеяға құйды, араласуға берілмейтін, бағынбайтын басқаның табиғатын тең болатынмен қосақталуға күштеп мәжбүр етті. Оларды осылайша мәннің қатысуымен құйып және үшеуден біреу жасап, ол бұл бүтінді өз кезегінде бөліктердің қажетті санына бөлді, олардың әрқайсысы тең болатынның, басқаның және мәннің қоспасы еді. <…>
   Жанның бүкіл құрамы оны құрастырушының жоспарына сәйкес тудырылғанда, осы соңғысы жанның ішінде барлық денеліктерді орналастыра бастады және оны да, басқасын да бір-біріне олардың орталық нүктесінде қиыстырды. Міне, аспанның ортасынан шектеріне дейін созылған және аспанды шеңбердің бойымен сыртынан орап алушы жан өзінде өзі айнала отырып, өтпелі емес және ақылды өмірдің құдайы бастауына аяқ басты. Аспанның денесі көрінетін болып, ал жан  - көрінбейтін болып туды, және, пайымдауға және гармонияға қатысы бар ретінде, ойланылатын және мәңгілік нәрселердің арасындағы ең жетілгенінен туғандықтан, оның өзі барлық туылғандардан жетілгендеу. Ол тең болатынның және басқаның табиғаттарын мәнмен  үшбөлікті араластыру болып табылады, ол пропорционалды бөлінген және қайта біріктірілген және үнемі өзінің төңірегінде айналады, сондықтан мәні бөлінген, немесе керісінше, бөлінбейтін затпен жанасқанда, ол өзінің бүкіл тұрпатымен қозғалысқа келеді және бұл заттың немен тең болатынын және не үшін ол басқа екенін, сонымен қатар, әрбіреуі әрбіреуімен қалыптасуда және тең болғанда   - ол болмыс болсын немесе азапты күй болсын  - қайда, қалай және қашан көбіне қандай қатынаста болатынын сөз арқылы білдіреді. Өзінен өзі қозғалған [космоста] үнсіз және дыбыссыз айтылатын бұл сөз басқаға қатысты болсын, тең болатынға қатысты болсын  - бірдей ақиқатты. Бірақ ол түйсінілетін нәрсе туралы айтылса, және ол туралы  басқаның дұрыс қозғалушы шеңбері космостың бүкіл жанын хабардар етсе, онда ақиқат және мызғымас пікірлер мен нанымдар туындайды; егер де, керісінше,  ол ойланылатын зат туралы айтылса және ол туралы тең болатынның шеңбері өзінің жеңіл жүгірісінде хабар берсе, онда ақыл мен білім өздерін қажетті түрде жүзеге асырады. Егер кім де кім осылар ненің ішінде туындайды деген сұраққа жаннан басқа мекенді атаса, оның сөздері не болса, сол болуы мүмкін, тек ақиқат бола алмайды.
   Міне, Әке өзі тудырған мәңгілік құдайлардың мүсіні қозғалатынын және өмір сүретінін көргенде, ол қатты қуанды, шаттана отырып, [туындыны] үлгіге бұдан да көбірек ұқсас етуді жоспарлады. Үлгі мәңгілік тірі тіршілік етуші болып табылатындықтан, ол мұнда да мүмкіндігінше ұқсастыққа жетуге тырысты, бірақ ол тірі тіршілік етушінің табиғаты мәңгілік еді, ал мұны туылған ештеңеге толық беруге болмайды. Сондықтан ол мәңгілікке ұқсас қозғалып тұратын бірдеңені жаратуды ойластырды; аспанды жасай отырып, ол тұтастықтағы мәңгілік үшін жасайды, мәңгілік деген саннан санға қозғалып отырған, біз уақыт деп атаған үлгі. Аспан тудырылмағанша күндер де, түндер де, айлар да, жылдар да болған жоқ қой, бірақ ол олардың пайда болуын аспан жаратылған соң ғана  дайындады. <…>
   Барлық құдайлар өздерінің туылуын алғанда  - біздің көз алдымызда қозғалатындары да, бізге өздері қалағанда ғана көрінетіндері де, -  Әлемнің Әкесі оларға мынадай сөздерін арнады:
   “Құдайлардың құдайлары! Мен  -  сендердің демиургтеріңмін және заттардың әкесімін, ал менен пайда болған мызғымас болады, себебі менің еркім осындай. Әрине, бөліктерден құрастырылғанның бәрі бұзылуы мүмкін, бірақ әсем жасалғанды және жетілгенді бұзуды тілеу зұлымдық іс болар еді. Сондықтан, сендер бір рет пайда болғаннан кейін енді мүлдем өлмейтін және бұзылмайтын бола алмасаңдар да, сендер бұзылуға ұшырамайсыңдар және өлмейсіңдер, себебі менің үкімім сендердің әрқайсысың пайда болғанда сендерді біріктірген байланыстардан да күштірек және жеңу мүмкін емес байланыс болады. Енді менің сөзім сендерді не нәрсеге үйрететінін тыңдаңдар. Ажалды үш түр әлі туылмаған күйде қалып отыр, олар әлі пайда болмағандықтан, аспан толық аяқталмайды: себебі, тірі тіршілік етушілердің тектерінің бәрі бірдей аспанда бар болып отырған жоқ, ал жеткілікті аяқталған болу үшін бұл оған қажет.  Бірақ, егер бұл тіршілік етушілер пайда болса және менен өмір алса, олар құдайларға тең болады. Сонымен, олар ажалды болу үшін және Әлем шынымен Бәрі болу үшін өз табиғаттарыңа сәйкес тірі тіршілік етушілерді қалыптастыруға кірісіңдер, менің құдіретіме еліктеңдер, сендердің пайда болуларың сол арқылы жүзеге асты. Оларда ажалсызбен аттас, құдайы [бастау] деп аталатын бірдеңенің қатысуы және ол әрқашан шын көңілімен әділеттілікке және сендерге ілесушілерді бастап жүруі тиіс болғандықтан, мен сендерге жаратудың ұрықтары мен бастамаларын тапсырамын, ал қалғандарында тірі тіршілік етушілерді жаратуды сендер өздерің аяқтаңдар, ажалды мен ажалсызды қосақтаңдар, сонан соң оларға азық дайындаңдар, қоректендіріңдер және өсіріңдер, ал өлген соң  қайтадан өздеріңе қабылдаңдар”.  
   Ол осылай деді, сосын әлемдік жанның құрамын араластырған сауытқа бұрынғы қоспаның қалдықтарын құйды және оларды қайтадан шамамен осылайша араластырды, бірақ бұл қоспаның тазалығы енді екінші немесе үшінші деңгейде еді; бұл жаңа қоспаның бәрін ол  жұлдыздардың санына тең жандардың санына бөлді және оларды әрбір жұлдызға біреу етіп бөлді. Жандарды жұлдыздардың үстіне күймеге көтергендей етіп шығара отырып, ол оларға Әлемнің табиғатын көрсетті және жазмыш заңдарын жариялады, атап айтқанда: жандардың ешқайсысы кемсітілмеуі үшін бірінші туылу жандардың барлығы үшін бірдей тағайындалады, енді оларды тарай отырып, әрбір жанға сәйкес уақыт құралына ауысу және жаратылған нәрселердің арасындағы тақуалығы ең көбірек тірі тіршілік етушілерге айналу  күтіп тұр; адами табиғат екі жақты болғандықтан, ең жақсы болатын   - күндердің күнінде ер адамдар деген атқа ие болатын тек. Жандар қажеттілік бойынша денелерде тұрақтап қалғанда  - әрбір дене  бірдеңелерді өзіне қабылдайды, ал бірдеңелерді  кері итереді  -  біріншіден, жандарда олардың бәріне тән және мәжбүр әсерлерге сәйкес түйсік туындауы; екіншіден, рахат пен азап шегумен араласқан эрос туындауы, сонымен бірге, үрей, ыза және  не аталғандармен байланысты, не оларға қарама-қарсы басқа [сезімдердің] туындауы қажет; егер жандар бұл сезімдердің үстінен билік жүргізсе, олардың өмірі әділетті, егер олардың билігіне түссе, әділетсіз болады. Өзіне өлшенген мерзімді дұрыс сүрген өзімен аттас жұлдыздың мекеніне қайта оралады және өзінің әдеттегі рахат өмірін сүретін болады, ал бұл қолынан келмеген екінші тууында өз табиғатын әйел  табиғатына ауыстырады. Егер де ол сонда да зұлымдық жасауын қоймайтын болса, онда  ол  әрбір қайта пайда болған сайын өзінің кесірлі істеріне сай болатын жануарлық табиғатқа ие болып отырады, және оның азаптары ол тең болатын мен ұқсастың өзін өзі айналуына ілесуге шешім етіп, сан түрлі, оның табиғатына қосылуды мақсат еткен от пен судың, ауа мен жердің бүлігін ақылмен жеңгенде, олардың ақылсыз еліргендігін жеңіп шыққанда және бұрынғы және жақсы күй идеясына қайтадан келгенде  ғана бітеді.
   Алдағы уақытта ешкімнің де кемшілігіне кінәлі болмас үшін осылайша бұйрық бере отырып, ол [жандардың] егістігінің кей бөлігін Жерге, кей бөлігін Айға, кей бөлігін уақыттың қалған құралдарына көшірді. Бұл егістіктен соң ол жаңа құдайларға ажалды денелерді мүсіндеуді және  адам жанына жетпейтінді де қосуды, ал сонан соң, оған қатысты нәрсенің бәрін дайындап, басқаруды жүзеге асыруды және ажалды тіршілік етуші өз зұлымдықтарының себебі өзі болмау үшін оны мүмкіндігінше жақсы және жетілген етіп бастап жүруді тапсырды. 
   Осы жарлықтардың бәрін жасағаннан соң ол өзінің әдеттегі күйінде болды. Ал оның балалары, әкенің бұйрығын түсініп, оны орындауға кірісті: олар ажалды тіршілік етушінің ажалсыз бастауын алды, сонан соң, өз демиургіне еліктеп, космостан от пен жердің, су мен ауаның бөліктерін оларды кейін қайтарып беруге уәде ете отырып алды. Олар бұл бөліктерді біртұтас етіп біріктіруге кірісті, бірақ олардың денесін біріктірген берік ұстатқыштармен емес, жиі және кішкентай болғандықтан көзге түспейтін ұстатқыштармен біріктірді және жасалған әрбір денеге осылайша тұтастық пен бірлік берді; ал ажалсыз жанның шеңберлік айналысын денедегі көбею мен азаюмен қосақтады. Күшті ағынға кірген осы шеңберлік айналулар оны не толық жеңе алмады, не оған толық жеңілмеді, бірақ кейбір кездерде оған өз бағытын беріп, ал кейбір кездерде  бағытты одан алып отырды. Сондықтан бүкіл тіршілік етуші қозғалмалы болды, бірақ қайда болса сонда, ретсіз және ессіз ұмтылды; сонымен қатар, алты қозғалыстың бәрінің мүмкіндігіне: алға - артқа, оңға  - солға және жоғары  -  төменге ие бола отырып, ол алты бағытта жылжыды және әртүрлі бағытта адасты. Егер де денені толтырған және сонан соң одан шығып кеткен тамақ ағыны жеткілікті күшті болса,  онда сыртқы әсерлер бұдан да күшті бүлік туғызды, мысалы, бір нәрсенің денесі оны сырттан күтіп тұрған бөтен отқа, немесе судың ылғал шайқалуына тап болғанда, немесе желдердің ауадағы толқуларына ұшырағанда.
   Бұл қозғалыстардың бәрі денеден өтіп, жанға жетті және оған төнді, осыдан келіп олардың бәрі сол кезде түйсіктер атауын алды және оларды осы күнге дейін сақтап келеді. Тез арада күшті және өте зор қозғалысты тудырып және үзіліссіз ағып жатқан иірімге қосыла отырып, түйсіктер жанның шеңберлік айналуларына әсер етіп, оларды күшті солқылдата бастады. Тең болатынның қозғалысын олар оған қарсы ағып және оны басқаруға да, жалғастыруға да кедергі жасай отырып, әбден бұғаулады, ал басқаның жүгірісін мынадай дәрежеге дейін бұзды: оларды қосақтағаннан басқа ешкім оларды соңына дейін бұза алмайтын үш қос және үш үштік аралық және байланыстырушы мүшелер (үш екілік, төрт үшінші және тоғыз сегізінші)  шеңбер бойынша қозғалысты бұзып, қисық және көлденең кетті; олар  қиын болса да әлі бірге ағып келе жатты, бірақ бұл қозғалыс ретсіз еді: олар біресе соқтығысты, біресе қиғаш қозғалды, біресе төңкерілді. Соңғы жағдайда іс біреу басы жерге тіреліп, аяқтарын жоғары созып, оларды бірдеңеге сүйеген секілді болды; осы күйде оның өзіне де, оған қарағандардың бәріне де барлығы төңкерілген түрде елестейді: оң  - сол, ал сол  - оң болады. Жанның шеңберлі айналулары осындай және осыған ұқсас күйлерге өте күшті ұшырайды: олар сыртта  тең болатынның және басқаның тегімен кездескен сайын олар бірдеңеге тең болу туралы да, бірдеңеден ерекше болу туралы да ақиқатқа қарсы пікір айтады және өздерін өтірікші және ақылсыз етіп көрсетеді; мұнымен бірге, шеңберлі айналулардың ешқайсысының билеуге және басқаруға әлдері келмейді: сырттан зымырап келе жатқан түйсіктер шеңберлерді билеп, бұған жанның ішін де қамтығанда, шеңберлер билеуші болып көрінеді ғана, іс жүзінде олар бағынады.
   Осы күйлердің себебінен жан қазір де, ажалды денеге кіргенде, әуелі ақылынан айырылады; ал өсу және қоректену ағыны әлсізденгенде және шеңберлі айналулар тыныштыққа жетіп, өздерінің жолдарына оралғанда және уақыт өте түзелгенде, әрбір шеңбер өз жүгірісін табиғи кесіндерге сәйкес бағыттайды және олардың бәрі басқа туралы да, тең болатын туралы да әділетті пікір айтады, яғни, олардың иесі түпкілікті ақылды тіршілік етуші болады. Егер де осыған дұрыс тәрбие қосылса, ол аурулардың ең жаманына ұшырамай, аман-есен сау және сау болады; ал егер де ол селқостық танытса, онда өзінің өмірлік жолымен келе жатып, ол ақсаңдайды және Аидқа жетілмеген және ақылсыз күйінде кері қайтады.        
                                    “Собрание сочинений Платона в четырех томах. т.3.  М., 1994)”.
                                    кітабынан аударылды.
                                    Ескерту: шығарма түсінуге күрделі болғандықтан, игеруді       
                                    жеңілдету мақсатымен Платонның негізгі ұғымдары басқа        
                                    шрифтімен берілді    -  Г.Н.
АРИСТОТЕЛЬ
МЕТАФИЗИКА
БІРІНШІ КІТАП  (А)
 БІРІНШІ ТАРАУ
   Адамдардың бәрі табиғатынан білімге ұмтылады. Оның дәлелі  -  сезімдік қабылдауларға әуестік: олардан келетін пайда бар ма, жоқ па, оған қарамастан, оларды олардың өздері үшін бағалайды емес пе, және  көру арқылы қабылдауларды басқаларынан көбірек бағалайды, себебі, көруді біз әрекет жасағанда ғана емес, біз ештеңе жасамаған уақытта да басқа қабылдаулардан жоғары қоямыз деуге болады. Мұның себебі  - көру басқа сезімдерге қарағанда біздің танымымызға көбірек көмектеседі және [заттардағы] көптеген айырмашылықтарды табады.
   Сезімдік қабылдау қабілеттілігін жануарларға табиғат берген, ал сезімдік қабылдаудың негізінде олардың біреулерінде есте сақтау (жады  -  Г.Н.)  пайда болады,  басқа біреулерінде пайда болмайды. Сол себепті, есте сақтауға ие жануарлар есте сақтау қабілеті жоқтарға қарағанда тезірек ұғынады және тезірек түсінеді; бірақ дыбыстарды ести алмайтындар, мысалы ара және жануарлардың осы тегіне жататын тағы басқаларының бәрі ұғынуға қабілетті, бірақ үйрене алмайды; ал үйренуге қабілеттілері  - есте сақтаумен бірге есту қабілетіне де ие жануарлар.
   Басқа жануарлар өз өмірлерінде елестету мен еске түсіруді қолданады, ал тәжірибеге қатыстары аз; ал адам тегі өз өмірінде өнерді және пайымдауды қолданады. Адамдарда тәжірибе есте сақтаудың арқасында пайда болады; атап айтқанда, бір зат туралы көп еске түсірудің маңызы бір тәжірибенің маңызына тең. Және де, тәжірибе ғылым мен өнермен бірдей дерлік  болып көрінеді. Ал ғылым мен өнер адамдарда тәжірибе арқылы пайда болады. Себебі, Пол (софист, Горгийдің шәкірті - Г.Н.)  айтқандай, - және дұрыс айтқандай, -  тәжірибе    өнерді, ал тәжірибесіздік оқиғаны қалыптастырды. Өнер тәжірибеден алынған ойлардың негізінде ұқсас заттарға бір жалпы көзқарас қалыптасқанда пайда болады. Мысалы, Каллийге осындай бір аурудың кезінде мынадай бір дәрі көмектесті және ол Сократқа, жеке алғанда көптеген адамдарға да көмектесті деп есептеу  -  тәжірибенің ісі, ал осы дәрі мынадай бір аурудың кезінде барлық мынадай адамдарға және мінездері ұқсас (мысалы, қатты қызу көтерілгенде босаң немесе ашуланшақ болу) мынадай адамдарға көмектеседі деп анықтау  -  өнердің ісі.
   Әрекетке қатысты алғанда, тәжірибенің өнерден еш айырмашылығы жоқ секілді; ол ол ма, дерексіз білімге (loqon echein) ие, бірақ тәжірибесі жоқтарға қарағанда тәжірибесі барлар табысқа көбірек жететінін көреміз. Мұның себебі  -  тәжірибе жекені білу, ал өнер жалпыны білу екендігінде, кез-келген әрекет пен кез-келген жасау жекеге жатады: тек сырттан қосылған түрде ғана болмаса,  емдеуші адам [жалпы] адамды емес, Каллийді, Сократты немесе белгілі бір есімге ие адамдардың біреуін  -  адам болу деген ол үшін сырттан қосылған бірдеңе болып табылатын адамды  -  емдейді ғой. Сол себепті, дерексіз білімге ие, бірақ тәжірибесі жоқ және жалпыны танып-білетін, бірақ ондағы жекені білмейтін адам емдеу ісінде жиі қателеседі, себебі жекені емдеуге тура келеді. Дегенмен де, біз білім мен түсіну тәжірибеден гөрі өнерге көбірек жатады деп ойлаймыз  және белгілі бір өнерге ие адамдарды тәжірибесі бар адамдардан дана, ақылдырақ деп санаймыз, өйткені, әрбір адамның даналығы білімге көбірек байланысты, ал оның себебі біріншілер себепті біледі, ал екіншілер - білмейді. Шынында да, тәжірибесі барлар “не” екенін біледі, бірақ “неге” екенін білмейді; өнерге ие адамдар “неге” екенін біледі, яғни, себепті біледі. Сондықтан да біз әрбір істегі тәлімгерлер шеберлерге қарағанда көбірек біледі және олардан дана, себебі жасалып жатқан нәрселердің себептерін біледі деп пайымдап, тәлімгерлерді көбірек қадірлейміз. <Ал тәлімгерлер кейбір жансыз заттарға ұқсас: олар ананы да, мынаны да жасағанымен, өздері оны білмей тұрып жасайды (мысалы, күйдіретін от секілді); жансыз заттар осындай әрбір жағдайда өз табиғатының күшімен, ал шеберлер  -  үйреншікті әдет  бойынша әрекет етеді >. Осылайша, тәлімгерлер іс-әрекет ете білудің арқасында емес, дерексіз білімге ие болғандықтан және себептерді білгендіктен ақылдырақ. Жалпы, білгірдің белгісі  -  үйрете білу қабілеті, сондықтан да біз білім деп тәжірибемен салыстырғанда өнерді көбірек есептейміз, себебі өнерге ие адам үйрете алады, ал тәжірибеге ие адам үйрете алмайды.
   Әрі қарай, олар жеке туралы маңызды білімдер берсе де, сезімдік қабылдаулардың ешқайсысын да біз даналық деп санамаймыз, бірақ олар еш нәрсе туралы “неге” екенін көрсетпейді, мысалы, от неге ыстық, тек қана оның ыстық екенін көрсетеді.
   Сол себепті сезімдік қабылдаулардан басқа қандай да бір өнерді ашқан адам басқа адамдарды оның жаңалығынан келетін пайдасымен ғана емес, дана және басқалардан озық адам ретінде таң қалдырғаны өзінен-өзі түсінікті. Ал көптеген өнерлер ашылғаннан кейін, біреулері - қажетті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін, басқалары  -  уақыт өткізу үшін, соңғыларын ойлап тапқандарды біз алдыңғыларына қарағанда   дана деп санаймыз, себебі олардың білімдері пайда алуға бағытталмаған. Сол себепті, барлық осындай өнерлер қалыптастырылғанда, рахаттануға және қажетті қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталмаған білімдерге қол жеткізілді және ол ең әуелі адамдардың қолы бос, демалыс уақыты болған жерлерде болды. Сондықтан да математикалық өнерлер ең әуелі Египетте қалыптасты, себебі онда абыздарға демалыс уақыты берілетін.
   “Этикада” өнер, ғылым және осыған жататын басқалардың арасында қандай айырмашылық бар екені баяндалды; ал пайымдаудың мақсаты  -  даналық деп аталатын нәрсенің, жалпы пікір бойынша, алғашқы себептермен және бастаулармен айналысатынын көрсету. Сондықтан да, осыған дейін айтылғандай, тәжірибелі адам [тек қана] сезімдік қабылдауларға ие адамға қарағанда дана, ақылдырақ, ал өнерге ие адам  -  тәжірибеліге қарағанда дана, тәлімгер  -  шеберге қарағанда дана, ал ойша тұжырымдау туралы ғылымдар (theoretikai)    жасау өнерлерінен (poietikai) жоғары. Осылайша, даналық дегеніміз белгілі бір себептер мен бастаулар туралы ғылым екені анық.           
ЕКІНШІ  ТАРАУ
   Біз нақ осы ғылымды іздеп отырғандықтан, олар туралы ғылым даналық болып табылатын себептер мен бастаулардың қандай екенін қарастыруымыз керек. Егер дана адам туралы біз білетін пікірлерді қарастырсақ, біз мұнда, мүмкін, көбірек айқындыққа жетерміз. Біріншіден, біз дана адам әрбір жеке зат туралы білімге ие болмаса да, мүмкіндігінше бәрін біледі деп болжамдаймыз. Екіншіден, біз дана адам деп адам үшін қиын және игеру оңай емес нәрсені танып-білуге қабілетті адамды санаймыз (сезім арқылы қабылдау барлық адамдарға тән, сондықтан бұл жеңіл және мұнда тұрған дана ештеңе жоқ қой). Үшіншіден, кез келген ғылымда басқаларға қарағанда дәлірек және себептерді анықтауға үйретуге қабілеттірек адам дана, және, [төртіншіден], ғылымдардың арасындағы данасы одан алынатын пайдасы үшін қалаулысы емес, өзі үшін және таным үшін қалаулы болатыны, ал [бесіншіден], көмекші ғылымнан көп басымы, себебі дана адам тәлім алуы тиіс емес, керісінше, тәлім беруі тиіс және ол басқаға емес, даналығы азырақ басқа адам оған бағынуы тиіс.
   Міне, пікірлер қандай және біз даналық пен даналар туралы қанша пікірге иеміз. Осында көрсетілген барлық нәрсе туралы білімге жалпы туралы көбірек білімге жеткен адам ие, себебі ол жалпыға жататын нәрсенің бәрін біледі.  Бірақ адам үшін бәрінен қиыны - ең жалпыны танып-білу, себебі ол сезімдік қабылдаудан ең алысы.  Ал ең қатаң ғылымдар алғашқы бастаулармен басқаларға қарағанда көбірек айналысатын ғылымдар: өйткені, [алғышарттардың] аз санынан басталатындары қосудың негізінде алынатындарға қарағанда қатаңдау (мысалы, арифметика геометрияға қарағанда қатаңдау).  Бірақ үйретуге көбірек қабілеттісі де себептерді зерттейтін ғылым, себебі үйрететіндер - әрбір заттың себептерін көрсететіндер. Ал білу мен түсінудің өзі үшін білу мен түсіну танып-білуге көбірек лайық туралы ғылымға көбірек тән, себебі білу үшін білуді қалайтын адам басқа ғылымдарға қарағанда көбірек жетілген ғылымды қалайды, ал танып-білуге көбірек лайық ғылым осындай. Ал танып-білуге лайықтылаулары  -  алғашқы бастаулар мен себептер, себебі олар оларға бағынатындар арқылы емес, олар арқылы және олардың негізінде басқа қалғандары танып-білінеді. Көбірек басты және көмекші ғылымнан басым ғылым -  әрбір жеке алған жағдайда сол үшін әрекет ету қажет болатын мақсатты танып-білетін ғылым; бұл мақсат әрбір жеке алған жағдайда  -  белгілі бір игілік, ал жалпы бүкіл табиғатта  -  ең жақсы нәрсе.
   Сонымен, бүкіл айтылған нәрседен шығатыны  -  [даналық] атауын бір ғылымға жатқызу керек: бұл алғашқы бастаулар мен себептерді зерттейтін ғылым болуы тиіс: игілік те, “не үшін болса, сол” да себептердің бір түрі ғой. Ал бұл жасау өнері емес екенін   алғашқы философтар-ақ түсіндірді. Себебі, қазір де, бұрын да таңдану адамдарды философиялық пайымдауға жетелейді, және де олар басында тікелей түсінбестік тудырған нәрсеге таңданды, ал сонан соң, осылайша аз-аздан алға жылжи отырып, олар маңыздырақ нәрселер туралы, мысалы Айдың, Күннің және жұлдыздардың орын ауыстыруы, Әлемнің пайда болуы туралы сұрақтар қоя бастады. Бірақ түсінбеген және таң қалған адам өзін білмеймін деп санайды (сондықтан,  мифтерді жақсы көретін адам да белгілі бір мағынада философ, себебі миф таңдандыратын нәрсенің негізінде жасалады). Егер де философиялық пайымдау осылай басталған болса, онда білімге  пайда үшін емес, түсіну үшін ұмтыла бастағаны айқын. Заттардың ретінің өзі осыны дәлелдейді; атап айтсақ: қажетті нәрселердің барлығы дерлік бар болған кезде, - өмірді жеңілдететін және рахаттандыратын нәрселер де,  - осындай түсіну ізделе бастады.   Сол себепті, біз оны басқа ешқандай қажеттілік үшін іздемейтініміз айқын.  Біз еркін адам адам деп басқа үшін емес, өзі үшін өмір сүретін адамды атайтынымыз секілді, бұл ғылым да жалғыз еркін ғылым, себебі жалғыз ол ғана өзі үшін өмір сүреді.
   Сондықтан да, оған ие болу адам мүмкіндіктерінен жоғары деп санаған әділ болар еді, себебі көптеген жақтарынан алып қарағанда адамның табиғаты құлдық сипатта, Симонидтің (грек ақыны, Кеос аралынан, б.д.дейінгі 557-467 жылдары өмір сүрген - Г.Н.) сөзімен айтсақ, “жалғыз құдай ғана бұл қасиетке ие бола алар еді”, адам өзіне сәйкес емес білімді іздемегені дұрыс. Егер ақындардың айтқаны шын болса, яғни күншілдік құдайылықтың табиғатында бар болса, онда ол осы жағдайда көрініп, тойымсыздардың бәрі бақытсыз болуы тиіс. Бірақ құдайдың іштар болуы мүмкін емес ( “ән айтушылар өтірікті көп айтады” деген мақал бар ғой), сондықтан осы ғылымнан басқа қандай да бір ғылымды   бағалы деп санамаған дұрыс. Себебі,  ең құдайы ғылым ең бағалы да. Ал осындай бола алатын  -  жалғыз осы ғана, екі мағынасында да. Атап айтсақ: ғылымдардың арасындағы құдайысы  -  құдай оған ие бола алатын ғылым, дәл осылайша, құдайылық туралы кез–келген ғылым құдайы болар еді. Біз іздеп отырған тек бір ғылымға ғана осы екеуі де сәйкес келеді. Жалпы пікір бойынша, құдай себептерге жатады және ол белгісіз бір бастау, осындай ғылым не тек қана құдайда бола алар еді, не құдайда басқасынан көбірек бола алар еді. Сонымен, басқа ғылымдардың бәрі оған қарағанда көбірек қажеттірек, бірақ одан жақсы біреуі де жоқ.
   Сонымен қатар бұл ғылымды меңгеру біздің алғашқы ізденістерге қарама-қарсы нәрселерге әкелуі тиіс. Біз айтып кеткендей, бәрі таңданудан бастайды, бірақ өздігінен қозғалатын жұмбақ ойыншықтарға немесе Күннің айналуына, немесе диагоналдың өлшеусіздігіне таңғалғанда іс осылай ма, өйткені, себебін көрмеген адамдардың бәріне бірдеңені аз өлшеммен өлшеуге болмайтыны таңғаларлық болып көрінеді. Ал ақырында қарама-қарсыға, және, мақалда айтылғандай, ең жақсысына келу  қажет, келтірілген мысалдардағы секілді, оларды талдап, түсінген жағдайда: егер де диагональ өлшенетін болып шықса, геометриядан түсінігі бар адам ештеңеге таң қалмас еді ғой.
   Сонымен, ізделіп отырған ғылымның табиғаты қандай және оны іздеу мен жалпы бүкіл ізденіс оған әкелуге тиіс мақсат қандай екендігі айтылды.       
ҮШІНШІ  ТАРАУ
   Бірінші себептер туралы білімге ие болу қажет екендігі айдан анық:  біз бізге бірінші себеп белгілі деп ойлағанда, әрбір жеке алынған жағдай туралы білеміз дейміз ғой. Ал себептер туралы төрт мағынасында айтылады: осындай бір себеп деп біз мәнді, немесе зат болмысының мәнін санаймыз ( әрбір “неге” ақырында заттың анықтамасына әкеледі, ал бірінші “ неге” себеп те, бастау да болып табылады); басқа себеп деп біз материяны, немесе субстратты (hypokeimenon ) (аудармасы: “негізінде жатқан”  - Г.Н.) санаймыз; үшінші деп  -  қозғалыстың бастауы қайдан болса, соны; төртінші деп  -  соңғыға қарсы жатқан себепті, атап айтсақ, “не үшін болса, соны”, немесе игілікті есептейміз (себебі, игілік кез-келген пайда болудың және қозғалыстың мақсаты). Сонымен, бұл себептерді біз табиғат туралы шығармамызда жеткілікті түрде қарастырсақ та, бар болып отырған нәрсені зерттеуге және ақиқат туралы пайымдауға бізден бұрын назарын аударғандарды да қамти кетейік. Олар да кейбір   бастаулар мен себептер туралы айтқандығы анық қой. Сондықтан да, егер біз осы бастаулар мен себептерді талдасақ, ол осы зерттеу үшін пайдалы болар еді; шынында да, біз не себептердің басқа тегін табамыз, не қазір айтып отырғандарымыздың ақиқаттығына көзіміз көбірек жетеді.
   Алғашқы философтардың көбі бастау деп тек қана материалдық бастауларды есептеді, атап айтқанда, барлық заттар неден тұрады, бірінші не нәрседен пайда болады, күйрей отырып, соңғы не нәрсеге айналады, және де, мән қалғанымен, өзінің көріністерінде өзгереді,  -  мұны олар элемент және барлық заттардың бастауы деп санайды. Сондықтан да олар ештеңе пайда болмайды және жоғалмайды деп пайымдайды, себебі осындай табиғилық (phisis) үнемі сақталады; Сократ туралы біздің ол әсем және білімді болып қалыптасқанда, жалпы қалыптасады, немесе ол осы қасиеттерді жоғалтқанда, өзі де жоқ болады деп айтпайтынымыз сияқты; себебі субстрат  -  Сократтың өзі қалады, дәл осылайша дейді олар, қалған барлық нәрселер де пайда болмайды және жойылмайды, себебі кейбір табиғилық болуы тиіс  - не бір, не бірден көп, олардан қалған басқалары пайда болады, ал осы табиғилықтың өзі сақталады.
   ...Осыған сүйене отырып, жалғыз себеп деп материалдық себепті тануға болар еді. Бірақ осы бағытта алға жылжу барысында істің мәнінің өзі оларға жол көрсетті және әрі қарай іздеуге мәжбүр етті. Шынында да, кез-келген пайда болу мен жойылу бір нәрседен немесе бастаудың көп санынан басталды дейік, бірақ бұл неге болады және оның себебі не?  Қалай болғанда да, субстраттың өзі өзінің өзгеруін туғызбайды ғой; менің түсінігімше, ағаш та, мыс та  - өздерінің өзгерулерінің себептері емес, төсекті жасайтын ағаш емес, мүсінді де жасайтын мыс емес, өзгерудің себебі басқа бір нәрсе. Ал бұл себепті іздеу  дегеніміз  -  басқа бір бастауды іздеу, [атап айтсақ], біз айтар едік, қозғалыстың бастауы қайдан екенін іздеу. Ең басынан бастап осындай ізденісті қолға алып, субстрат біреу деп жариялағандардың бойында өзіне көңілі толмаушылық болған жоқ, бірақ бір субстратты мойындағандардың кейбіреулері осы ізденістің ықпалымен біртұтасты және барлық табиғатты қозғалмайды деп жариялады және бұл пікірді  пайда болу мен жойылуға қатысты ғана емес (бұл көне ілім және бәрі оны мақұлдады), өзгерістің басқа кез-келген түрлеріне қатысты да айтты; олардың пікірі басқалардың пікірлерінен осынысымен ерекшеленеді. Осылайша, әлемдік тұтастықты біртұтас деп жариялағандардың ешқайсысы аталған себепті көре алмады, тек Парменид болмаса, онда да ол бір емес, екі себеп бар деп пайымдағандықтан ғана. Себептердің көптігін мойындайтындар бұл туралы айта алады, мысалы, жылы мен салқынды немесе от пен жерді бастау деп мойындайтындар: олар отты қозғалушы табиғатқа ие деп, ал су, жер және тағы басқаларын   -  оған қарама-қарсы деп қарастырады.
   Бұл философтардан соң, олар айтқан бастаулар бар болып отырғанның табиғатын олардан шығаруға жеткіліксіз болғандықтан, ақиқаттың өзі әрі қарайғы бастауды іздеуге итермеледі. Бір заттар болып қана қойып, ал басқа заттар жақсы   және әсем болуының себебі, әрине, от та, жер де, немесе осы секілді басқа бірдеңе емес, олардың өздері де олай ойлаған жоқ; бірақ мұндай істі кездейсоқтықтың немесе түрлі жағдайлардың тоғысуына беріп қою дұрыс болмас еді. Сондықтан да ақыл тірі тіршілік етушідегілердегі сияқты табиғатта да бар және ол әлемдік реттіліктің және бүкіл әлемдік құрылымның себебі дегендер оның алдындағылардың ойланбай айтқан пайымдауларына қарағанда ақылды болып көрінді. Біз Анаксагордың осындай ойлар білдіргенін білеміз, бірақ осы туралы оған дейін Клазомендік Гермотим (оның жаны денесінен бөлініп шығып, кейін қайта орала алатын болған деген аңыз бар -  Г.Н.) айтты деуге негіз бар. Сонымен қатар, осы көзқарасты ұстанғандар  [заттардағы] жетілгендіктің себебін бар болып отырғанның (өмір сүріп отырғанның деуге де болады  - Г.Н.)  алғашқы бастауы деп, және де бар болып отырған одан қозғалыс алатын бастауы деп таныды. 
АЛТЫНШЫ  ТАРАУ
   Біз сөз еткен философиялық ағымдардан кейін Платонның ілімі пайда болды, ол көп мәселелер бойынша пифагорлықтармен тоғысады, бірақ италийлықтардың философиясымен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері де бар. Сезім арқылы қабылданғанның бәрі үнемі   ағып  отырады, бірақ  ол  туралы  білім  жоқ   деген   Кратилмен  (б.д.дейінгі ғ. соңында өмір сүрген, Гераклиттің шәкірті, Платонның ұстазы - Г.Н) және Гераклиттің көзқарастарымен жастайынан жақындасқан Платон кейін де осы көзқарасты ұстанды. Сократ адамгершілік мәселелерімен айналысып, жалпы алғанда табиғатты зерттемегендіктен, ал адамгершіліктікте жалпыны іздеп және бірінші болып өз ойын анықтамаларға бағыттағандықтан, Сократтың көзқарасын игеріп алған Платон осындай анықтамалардың сезім арқылы қабылданатынға емес, басқа бірдеңеге қатысты екенін дәлелдеді, себебі сезім арқылы қабылданатын қандай да бір нәрсенің, ол үнемі өзгеріп отыратындықтан, жалпы анықтамасын беру мүмкін емес деп есептеді. Бар болып отырғанның осы басқа бірдеңесін ол идеялар деп атады,  ал сезім арқылы қабылданатынның бәрі олардан бөлек өмір сүреді және оларға байланысты аталады, себебі эйдостарға қатыстылық арқылы олармен аттас [заттардың] барлық көптігі өмір сүреді деді. Бірақ “қатыстылық”  - жаңа атау ғана: пифагоршылар заттар сандарға еліктеу арқылы өмір сүреді (бар болып отырады - Г.Н.) деп тұжырымдаса, Платон <атауды өзгертіп>, қатыстылық арқылы дейді. Бірақ қатыстылық немесе эйдостарға еліктеу дегеннің не екенін зерттеуді олар басқаларға қалдырды.
   Әрі қарай, Платон сезім арқылы қабылданатын мен эйдостардан басқа, олардың арасындағы әлдене секілді болып  математикалық заттар өмір сүреді деп тұжырымдайды, олардың сезім арқылы қабылданатындардан айырмашылығы - олар мәңгі және қозғалмайды, ал эйдостардан айырмашылығы  -  осындай бірдей заттар көп, ал әрбір эйдос жалғыз ғана.
   Эйдостар қалған бәрінің себебі болғандықтан деп пайымдады ол, олардың элементтері  -  барлық өмір сүріп отырғанның элементтері. Бастаулар материя ретінде  -  үлкен және кіші, ал мән ретінде  -  біртұтас, себебі эйдостар сандар ретінде үлкен мен кішіден біртұтасқа қатыстылық арқылы шығады.
   Біртұтас біртұтас ретінде белгіленетін басқа бірдеңе емес, мән деп Платон пифагорлықтар сияқты тұжырымдады, сонымен бірге, дәл олар секілді, сандар  -  қалған бәрінің мәнінің себебі деді; Платон ілімінің ерекше сипаты  -  бір бірдеңе ретіндегі шексіз және белгісіздің орнына екі нәрсені ұсынды және белгісізді үлкен мен кішіден туындатты; сонымен қатар, ол сандар сезім арқылы қабылданатыннан бөлек өмір сүреді дейді, ал пифагорлықтар заттардың өзі сандар дейді, ал математикалық заттарды олар сезім арқылы қабылданатындар мен эйдостардың арасындағылар деп есептемейді. Ал Платонның заттармен қатар, біртұтас пен сандар да өмір сүреді деп пифагорлықтардан өзгеше есептегенінің және эйдостарды енгізгенінің негізі - оның анықтамалармен айналысқанында  (оның алдындағы философтардың    диалектикаға қатысы болған жоқ қой), ал  оның екі нәрсені басқа негіз (physis) деп жариялауының себебі  -  біріншілерінен басқа сандарды олардан шығару  икемді бірдеңеден шығарған сияқты ыңғайлылау. 
   Бірақ   іс жүзінде керісінше болып шығады: мұндай көзқарас негізсіз. Себебі, бұл философтар бір материядан көп нәрсе туындайды, ал эйдос бірдеңені тек бір рет туады деп пайымдайды, ал шындығында бір материядан бір үстел   шығатыны, ал эйдосты енгізген адам, жалғыз бола отырып, көп [үстел] жасап шығаратыны айдан анық.
   Біздің зерттеуіміздің пәнін Платон өзіне осылайша түсіндірді. Айтылған нәрселерден анық болғаны - ол екі себепті ғана қарастырды: заттың мәнінің себебін және материалдық себепті (өйткені, қалған бәрі үшін эйдостар  -  оның мәнінің себебі, ал эйдостар үшін мұндай себеп  -  біртұтас); ал эйдостар оны сезім арқылы арқылы қабылданатын заттардың материясы деп айтатын, негізде жатқан материяға қатысты Платон оны екі нәрсе  -  үлкен және кіші деп тұжырымдайды.  Сонымен қатар, ол бұл элементтерді игілік пен зұлымдықтың себептері деп, бірін  -  игіліктің себебі, екіншісін  - зұлымдықтың себебі деп жариялады, ал оны, біз айтып кеткендей, ертеректегі  кейбір философтар да, мысалы, Эмпедокл мен Анаксагор да іздеген еді.
ТӨРТІНШІ КІТАП
БІРІНШІ ТАРАУ     
   Бар болып отырғанды (сущее - Г.Н) және оған өзінен-өзі тәнді зерттейтін бір ғылым бар. Бұл жеке деп аталатын ғылымдардың ешқайсысымен бірдей емес, себебі ғылымдардың бірде-бірі бар болып отырғанның жалпы табиғатын зерттемейді, олардың бәрі оның бір бөлігін өздеріне бөліп алып, оған тәнді зерттейді, мысалы, математикалық ғылымдар сияқты.  Ал біз бастаулар мен жоғары себептерді іздеп отырғандықтан, олар өздігінен бар болып отырған әлдененің (phyistos tinos kath’ hauten) бастаулары мен себептері болуы тиіс екендігі анық.  Заттардың элементтерін іздегендер осы бастауларды да іздесе, онда олар іздеп отырған элементтер сырттан қосылған бардың емес, нақты бардың элементтері болуы тиіс. Сондықтан да  нақты бардың   бірінші себептерін біз де игеруге тиістіміз.
ЕКІНШІ  ТАРАУ
   Бар болып отырған, бар туралы, шынын айтсақ, әртүрлі мағынада, бірақ ылғи да бір нәрсеге, бір табиғиға қатысты айтылады және бірдей есімдері болғандықтан емес, мысалы, бар болып отырған саулық денсаулыққа қалай қатысты  - оны сақтайтындықтан ба, әлде оған көмектесетіндіктен бе, әлде ол оның сипаты болғандықтан ба, әлде оны қабылдауға қабілетті болғандықтан ба; емдеу емдеу өнеріне дәл осылай қатысты (біреуі осы өнерді меңгергендіктен, басқасы - оған деген қабілеті болғандықтан, үшіншісі - ол оны қолдану болғандықтан осылай аталады) және біз осындай сөз қолданысының басқа мысалдарын да келтіре аламыз. Дәл осылай бар болып отырған туралы да әртүрлі мағынада, бірақ әрбір рет сайын бір бастауға  қатысты айтылады; біреуі бар болып отырған деп ол мән болғандықтан, екіншісі  -  ол мәннің күйі болғандықтан, үшіншісі  - ол мәнге апарар  жол немесе оның жойылуы және айырылуы, немесе қасиеті, немесе мәнді тудыратын немесе өндіретін және онымен   қатынаста болғандықтан; немесе ол осының біреуін терістеу немесе мәннің өзі терістеу болғандықтан аталады, бар-емес туралы ол бар-емес деп айтатынымыз да сондықтан. Сау нәрсенің бәрін бір ғылым зерттейтіні секілді, басқа жағдайларда да іс осылай. Себебі бір ғылым бір [түрге] жататынға байланысты айтылатынды ғана емес, бір табиғилыққа қатысты айтылатынды да зерттеуі тиіс. Сондықтан да бар болып отырған атаулыны бір ғылым зерттеуі тиіс екендігі анық. Ал ғылым барлық жерде негізінен біріншіні  -  оған басқалары тәуелдіні және ол арқылы қалғандары өз атауларына ие болатынды  - зерттейді. Яғни, егер   бірінші  -  мән болса, онда философ мәндердің бастаулары мен себептерін білуі тиіс.
   Өмір сүріп отырғанның әрбір [түрін] бір ғылым зерттейді, бір сезім арқылы қалай қабылданса, солай. Мысалы, грамматика бір ғылым бола тұрып, сөйлеудің барлық дыбыстарын зерттейді. Сондықтан да, бар болып отырған атаулының барлық түрлерін тегі бойынша бір ғылым зерттейді, ал қалған түрлерін  -  осы ғылымның түрлері зерттейді.
   Сонымен,    бар болып отырған және біртұтас  -  бір нәрсе, олардың табиғаты да бір, себебі олар бір-біріне бастау мен себеп сияқты серіктес, бірақ олар бір анықтама арқылы білдіріледі деген мағынада емес (біз оларды осылай түсінсек те іс өзгермейді, керісінше, бұл ыңғайлы болар еді). Шынында да,   “бір адам” және “ адам”, “тіршілік етуші адам” және “ адам”, - бір нәрсе және сөйлегенде “ол  -  бір адам” және “ол  -  адам” деп қайталау әртүрлі бірдеңені білдірмейді ( [“бар болып отырған”] [“біртұтастан”] пайда болуда да, жойылуда да бөлінбейтіні белгілі ғой), дәл осылайша, “біртұтас” [“бар болып отырғаннан” бөлінбейді]; яғни, оларды қосу бұл жерде мағынаны өзгертпейтіні және бұл жердегі “ біртұтас” бар болып отырғанмен салыстырғанда басқа бірдеңе емес екендігі айдан анық. Одан басқа, әрбір заттың мәні сырттан кірген түрде “біртұтас” емес және дәл осылайша ол өзінің мәні бойынша бар болып отырған. Яғни, біртұтастың қанша түрі болса, бар болып отырғанның да сонша түрі бар, және түрі бойынша бір ғылым олардың мәнін зерттейді; мен, мысалы, бірдейді, ұқсасты және басқаны зерттеуді айтып отырмын, және де барлық қарама-қарсылықтар осы бастауға әкеледі; бірақ бұл туралы “Қарама-қарсылықтар тізбесінде” қарастырғанымыз жеткілікті.
   Мәндердің түрлері қанша болса, философияның да бөліктері сонша, яғни олардың біреуі қажетті түрде бірінші, басқа біреуі  - одан кейінгі болуы тиіс. Себебі бар болып отырған мен <біртұтас>  түрлерге бөлінеді, сондықтан да осы түрлерге ғылымдар да сәйкес келеді. Философқа келетін болсақ, оның ісі математик деп аталатын адамның ісіне ұқсас: математикада да бөліктер бар, онда да бірінші және екінші және одан кейінгі ғылымдар бар.
   Әрі қарай, бір ғылым бірдің басқаға қарсы жатқанын зерттейтін болғандықтан, ал жекеге көп қарсы жататындықтан және терістеу мен   айырылғандықты бір ғылым зерттейтіндіктен, себебі екі жағдайда да біз оған байланысты терістеу мен айырылғандық бар белгісіз жеке зерттеледі (шынында да, біз бұл жеке не бір нәрсеге мүлдем тән емес, не қандай да бір түрге тән емес дейміз; терістеуде жеке үшін терістеліп отырғаннан ешқандай ерекшелік анықталмайды, себебі терістеліп отырғанды терістеу оның (терістеліп отырғанның  -  Г.Н.)  жоқ екендігін білдіреді; ал айырылғандықта негізде жатқан бірдеңе де бар, оған байланысты ол бір нәрсесінен айырылды деп айтылады); жекеге көп қарсы тұратындықтан, біз көрсеткен ғылымның ісі - жоғарыда  айтылғандарға қарсы жатқанды да зерттеу, атап айтсақ, басқаны немесе басқашаны, ұқсас еместі және бірдей еместі, олардан немесе көп пен жекеден туындайтынның барлығын зерттеу. Осыған қарама-қарсылық та жатады: қарама-қарсылық та айырмашылықтың түрі ғой, ал айырмашылық дегеніміз басқашалық (heterotes).  - Сондықтан да, жеке туралы әртүрлі мағынада айтылатындықтан, олар туралы да, әрине, әртүрлі мағыналарда айтылатын болады, бірақ олардың барлығын танып-білу бір ғылымның іс болады, себебі бірдеңені әртүрлі ғылымдар оның әртүрлі мағыналары болғанда емес, оларды бір нәрсеге не бағынуға, не басқа бір қатынасқа қою мүмкін болмаған жағдайда зерттейді. Ал біздің жағдайымызда барлық мағыналар бірінші бірдеңеге тірелтетіндіктен, мысалы, жеке деп белгіленетіннің бәрі  -  бірінші жекеге, онда  бірдейге, әртүрліге және басқа қарама-қарсылықтарға байланысты да осылай екенін мойындау керек. Сондықтан да, әрбіреуі қаншама мағынада қолданылатынын анықтап алып, сосын пікірдің әрбір түріне оның қатысы қандай екенін көрсету қажет. Атап айтқанда: бірінің біріншіге оған ие болғандықтан қатысы бар,  екіншісі  - оны туындататындықтан қатысты, үшіншісі  - осы сияқты басқа түрде қатысты.
   Сонымен, бар болып отырғанды, жекені, қарама-қарсыны және тағы басқаларын және де мәнді  бір ғылым түсіндіруі тиіс (бұл қиындықтар туралы бөлімнің бір сұрағы еді) екендігі айдан анық <бұл туралы     қиындықтарды баяндағанда сөз болды>.  Философ осының бәрін зерттей алатындай болуы тиіс. Шынында да, мысалы, Сократ пен отырған Сократ бір ме және бір бірдеңеге қарсы тек біреу ғана ма, немесе қарама-қарсы деген не және ол туралы неше мағынада айтылады  -  осының бәрін философ қарастырмағанда, кім қарастырады?   Осы секілді басқа сұрақтарға қатысты да дәл осылай.  Осының бәрі сандардың, немесе сызықтардың, немесе оттың емес, жеке мен бар болып отырғанның маңызды қасиеттері (pathe kath hauta) болғандықтан, көрсетілген ғылым бірдейдің, ұқсастың, теңнің және сол сияқтының және оларға қарсы жатқан мен олардың қасиеттерінің мәнін де  танып-білуі тиіс екендігі айқын. Оларды қарастыратындардың қателіктері - олардың философтарға тән емес іспен айналысатындықтары емес, қасиеттерден   біріншірек мән туралы ештеңе білмейтіндіктері. Санның да өз қасиеттері болатын болса, мысалы, тақ және жұп, сәйкес келу және теңдік, асып кету және жетпеу, және де бұл қасиеттер сандарға өздігінен де, бір-біріне қатысты да  тән болса; егер қозғалмайтын және қозғалатын, ауырлығы жоқ және ауырлыққа ие дене де тек оған ғана жататын қасиеттерге ие болса, онда, дәл осылайша, бар болып отырған да тек оған ғана тән қасиеттерге ие; философ ақиқатты міне осы қасиеттерге   байланысты қарастыруы тиіс. 
   Мұның дәлелі  -  диалектиктер мен софистердің философтар секілді болып көрінгісі келетіні (себебі, софистика  - жалған даналық, дәл осылайша, диалектиктер барлығы туралы пайымдайды, ал барлығына жалпы  - бар болып отырған); бұл туралы олар осының бәрі философияға қарасты болғандықтан пайымдайтыны анық көрініп тұр. Шынында да, софистика мен диалектика да философия айналысатын саламан айналысады, бірақ философияның диалектикадан ерекшелігі  -  өз қабілетін қолдану тәсілінде, ал софистикадан айырмашылығы  -  өмір салтын таңдауында. Диалектика философия танып-білетінді зерттеуге талпынады, ал софистика      -  шын емес,  жалған философия...
                                                “Аристотель. Собрание сочинений в четырех томах.  
                                                             Т.1. М., 1976” кітабынан аударылды.
ЖАН  ТУРАЛЫ
БІРІНШІ КІТАП
БІРІНШІ ТАРАУ
   Танымды әсем де лайықты іс деп мойындай отырып, бірақ бір ғылымды басқасынан не жетілгендік дәрежесіне байланысты, не ол көбірек асқақ және таң қаларлық туралы ғылым болғанына байланысты жоғары қойып, жан туралы зерттеуге осы себептер бойынша бірініш орындардың бірін берген дұрыс болар еді. Жанды танып-білу кез-келген ақиқатты танып-білуге, әсіресе табиғатты танып-білуге көп көмектеседі деп ойлаймыз. Себебі, жан барлық тірі тіршілік етушілердің бастауы сияқты ғой. Біз оның табиғатын және мәнін, сонан соң оның көріністерін  - олардың біреулері жанның өзіндік күйлері, басқалары барлық тірі тіршілік етушілерге жан арқылы тән   - зерттегіміз және танып-білгіміз келеді.
     Жан туралы барлық жағынан алғанда нақты бірдеңеге жету, сөз жоқ, ең қиыны. Ізделіп отырған басқа да көптеген білімдер үшін жалпы болғандықтан  -  мен заттың мәні мен мәнісі туралы сұрақты айтып тұрмын  -  заттың сырттан келетін қасиеттерін көрсетудің бір тәсілі бар екендігі секілді, біз танып-білгіміз келген нәрсені танып-білудің қандай да бір жолы бар деп болжауға болар еді, яғни танымның осы жолын қарастырған дұрыс. Егер де заттың мәнісін танып-білудің қандай да бір жалғыз және жалпы жолы болмаса, онда зерттеуді жүргізу қиындайды: өйткені, әрбір зат үшін ерекше тәсіл табу керек болады ғой. Бұл тәсілдің дәлелдеу, бөлу және танымның басқа бір жолы екендігі белгілі болғанның өзінде де әлі де көп қиындықтар және болуы мүмкін қателіктер қалады; неден бастайтынымызды ойлауымыз керек: себебі, бастаулар әртүрлі нәрселер үшін әртүрлі ғой, мысалы    сандар мен жазықтықтар үшін...
ЕКІНШІ ТАРАУ
   Жанды зерттеуге кірісе отырып, анықтап алу қажет болатын қиын сұрақтар туындағанда, олар дұрыс айтқанды өзімізге алып, дұрыс еместі қайталамау үшін бізге дейінгі философтардың жан туралы пікірлерін ескеруіміз қажет.
   Бұл зерттеудің басы  -  жанға табиғатынан не көбірек тән деп есептелетінін баяндау. Жаны бар жаны жоқтан екі сипаты бойынша ерекшеленетін сияқты, олар: қозғалыс және түйсік. Сондықтан да, бізге дейінгілерден жан туралы екі пікір жетті.
   Шынында да, кейбіреулер жан ең әуелі қозғалатын бірдеңе деп тұжырымдайды; бірақ өзі қозғалмайтын нәрсе басқаны қозғалысқа келтіре алмайды деп пайымдап, олар жанды қозғалатын нәрсеге қосты. Сондықтан да Демокрит жан дегеніміз от пен жылу деп тұжырымдайды. Атап айтқанда: фигуралар мен атомдардың шексіз көптігінің арасында түрі шарға ұқсас атомдар  - от пен жан, олар тар саңылаудан түсіп тұрған күннің сәулелерінде көрінетін шаң-тозаңдар секілді; сан түрлі ұрықтардың олар құрайтын қоспасын ол бүкіл табиғаттың элементтері деп атайды. Левкипп те осылайша пайымдайды. Олардың екеуі де шарға ұқсас атомдарды жан деп есептейді, себебі осындай формасы бар атомдар барлық жерге кіріп кете алады және өздері қозғалысқа келтірілгендіктен, қалған нәрселерді де қозғалта алады; екеуі де тірі тіршілік етушілерге тек жан ғана қозғалыс бере алады деп ойлайды. Со себепті, олардың пікірі бойынша, деммен, тыныс алумен бірге өмір де бітеді. Қоршаған ауа денелерді қысқанда және өздерінің ешқашан тыныштықта болмауы арқылы тірі тіршілік етушілерге қозғалыс беріп отыратын атомдарды (schemata) ығыстырып шығарғанда    -  дәл осы уақытта қорғаныс пайда болады  -  демнің арқасында сырттан басқа атомдар кіреді, олар осы жиырылу мен қатаюға қарсы әрекет ете отырып, тірі тіршілік етушілердің бойындағы атомдардың шығуына кедергі болады. Олар осыны жасауға шамасы жеткенше тірі тіршілік етушілер өмір сүреді.
   Пифагоршылардың [жан туралы] айтқаны да осы мағынада сияқты. Олардың кейбіреулері ауадағы тозаңдар жанды құрайды деп тұжырымдады, басқалары болса, жан дегеніміз осы тозаңдарды қозғалтатын нәрсе деді. Тозаңдар туралы осындай пікір олар жел болмағанда да үздіксіз қозғалыста секілді болып көрінетіндіктен айтылды.
   Жан өзін өзі қозғалтады деушілердің де көзқарастары осындай. Өйткені, олардың бәрі қозғалыс жанға басқаларына қарағанда көбірек тән және басқаларын жан қозғалысқа келтіреді, ал жан өзін өзі қозғалтады деп есептеген сияқты; себебі олар өзі қозғалмайтын қозғалтушыны көрген жоқ.
   Анаксагор да осылайша жан дегеніміз қозғалтушы нәрсе дейді, және тағы біреу ақыл-ой бәрін қозғалысқа келтірді деп айтқан секілді,  бірақ оны Демокрит айтқаннан басқаша жеткізді. Атап айтсақ: Демокрит жан мен ақыл бір нәрсе деп жәй ғана тұжырымдады: өйткені, бізге көрінетін нәрсе ақиқат қой деп негіздеді. Оның пікірінше, сондықтан да Гомер Гектордың ақылынан алжасып  жатқан күйін дұрыс бейнелеген.   
   ...Сонымен, жаны бар тіршілік етушінің қозғалысқа қабілеттілігіне назар аударғандар жанның жоғары деңгейде қозғалмалы бірдеңе екенін мойындады. Ал жаны бар тіршілік етушілердің нағыз мәнді танып-білуіне және сезім арқылы қабылдауына назар аударғандар жанды бастауларға жатқызды, және де біреулері бұл бастаулар көп деді, басқалары бастау біреу -  жан деп есептеді; мысалы, Эмпедокл жан барлық элементтерден тұрады және оның әрқайсысы жан деп санады. Ол айтады:
                       Жерді жер деп көреміз, суды да су деп көреміз,
                           Ғажайып эфирді эфир деп, қатігез отты от деп,
                           Махаббатты да махаббат деп және улы ұрыс-керісті ұрыс-
                                                                                        керіс деп көреміз.
   Платон да “Тимейде” жанды осылайша, элементтерден тұрады деп бейнелейді, өйткені ұқсас ұқсас арқылы танып-білінеді, ал заттар  бастаулардан шығады дейді. Философия туралы шығармада да осындай анықтама берілген: өзінен-өзі-тірі (auto to dzoon) бірлік және бастапқы ұзындық, ен және тереңдік идеясынан тұрады, қалғандары  -  осындай түрде. Бұдан басқа, Платон басқаша да айтады: ақыл - дара, білім  -  жұп (себебі ол бір бағыттағы бірлікке [ұмтылады]), пікір  -  сан-жазықтық, түйсік  -  сан-денелік. Сандар деп ол эйдостар мен бастаулардың өздерін атады, сандар болса элементтерден тұрады. Заттарға келсек, олардың біреулері ақыл арқылы, екіншілері  - білім арқылы, үшіншілері  - пікір арқылы, төртіншілері  - түйсік арқылы игеріледі-мыс, ал бұл сандар заттардың эйдостары.
   Жан қозғалысқа келтіруге де, танып-білуге де қабілетті деп елестетілгендіктен, кейбіреулер жанды өзін-өзі қозғаушы сан деп жариялап,  оны екі қабілеттің үйлесуі деп таныды.
   Бастауларға келсек,  келіспеушілік бар  - олар қандай және нешеу,     -  негізінен оларды денесі бар деп есептейтіндер мен денесі барды денесізбен араластырып, бастауларды екеуінен де тұрады деп жариялаушылардың арасында.  Олардың санына қатысты да келіспеушілік бар. Біреулер тек бір бастауды мойындайды, басқалары  - бірнеше бастау бар дейді. Жанды да олар бастаулар туралы көзқарастарына сәйкес түсіндіреді, себебі бірінші бастаулардың табиғатын қозғалысқа келтіру қабілетінен көру ақылға қайшы келмейді. Кейбіреулердің жанды от деп пайымдағандықтары да сондықтан. Өйткені, от өте нәзік бөліктерден тұрады және ең денесіз элемент; бұдан басқа, ең әуелі ол қозғалыста болып отырады және қалғандарын қозғалысқа келтіреді.
   Демокрит әрбір жанның бұл екі қасиетке неге ие екендігін түсіндіріп, 
 өз пікірін бұдан да көбірек көрегенділікпен білдірді. Шындығында, оның пікірі бойынша, жан дегеніміз ақылмен бірдей, ал ақыл бірінші және бөлінбейтін денелерден тұрады және өз бөліктерінің фигурасы мен ұқсастығының арқасында қозғалысқа келтіруге қабілетті. Барлық фигуралардың арасында, дейді ол, ең қозғалмалысы шар түрлісі, ал ақыл мен от осындай.
   Анаксагор, біз осыған дейін айтып кеткендей, жан мен ақыл бір нәрсе емес деп есептеген сияқты, бірақ оларды бірдей табиғатқа ие деп  қарастырады, тек бәрінің бастауы деп негізінен ақылды танитындығы болмаса. Ол бар болып отырғанның бәрінің арасында ақыл қарапайым, қоспасыз және таза деп тұжырымдайды. Ақыл бәрін қозғалысқа келтірді деп, ол бір бастауға екеуін де: танымды да, қозғалысты да    жатқызады.
   Ол туралы айтылғандар бойынша, Фалес те жанды қозғалысқа келтіруге қабілетті деп санады, себебі ол магнит темірді қозғалтатындықтан, жанға ие деп тұжырымдады.
   Кейбір басқа философтар сияқты Диоген де ауа өте нәзік бөліктерден тұрады және бәрінің [бастауы] деп есептеп,  жан дегеніміз ауа деп түсінді; осының арқасында жан танып-біледі және қозғалысқа келтіреді: бірінші болғандықтан және басқа қалғандары одан шыққандықтан, ауа танып-біледі; ең нәзік болғандықтан, ауа қозғалысқа қабілетті.
   Гераклит те жан дегеніміз бастау деп тұжырымдайды, себебі ол булану-мыс, буланудан басқа қалған нәрселер құрастырылады. Бұдан басқа, ол жоғары деңгейдегі денесі жоқ  және үздіксіз ағушы бірдеңе; қозғалмалыны қозғалатын танып-біледі. Бар болып отырғанның бәрі қозғалыста болып отыратынын ол да, көпшілігі де болжамдады. 
   Жан туралы осыған жақын көзқарасты Алкмеон де ұстанған секілді. Атап айтқанда: ол жан мәңгілік, ажалсыз, себебі жан мәңгілік тіршілік етушілерге ұқсас деп тұжырымдады. Ал мәңгіліктік, ажалсыздық оған тән, өйткені ол үздіксіз қозғалыста болып отырады. Барлық құдайылар: Ай, Күн, жұлдыздар және барлық аспан ылғи да үзіліссіз қозғалыста ғой.
   Дөрекілеу пайымдағандардың кейбіреулері, мысалы Гиппон сияқтылар,  тіпті жан дегеніміз су деп тұжырымдады. Олар бұл сенімге   барлық тірі тіршілік етушілерде ылғал болатын ұрықты қарастыра отырып келді деп ойлаймыз, себебі жан дегеніміз қан деп тұжырымдағандарға Гиппон бірінші жан қан емес, ұрық деп қарсы шықты.
   Критий секілді басқалары түйсіктер жанға көбірек тән, ал олардың жанға тән екендігі қанның табиғатымен түсіндіріледі деп, жанды қан деп тұжырымдады.
   Осылайша, жерден басқа барлық элементтер өздерінің жақтастарын тапты. Жерді ешкім жан деп жарияламады,  жан барлық элементтерден тұрады, немесе, ол барлығының жиынтығы деп айтқандар ғана болмаса.
   Сонымен,   барлық философтар жанды үш [сипат] арқылы анықтады: қозғалыс, түйсік, денесі жоқтық. Осы сипаттардың әрқайсысы бастауларға дейін жеткізіледі. Сондықтан да оны тану арқылы анықтайтындар да жанды элемент немесе элементтерден тұратын сияқты етіп бейнелейді, және де олардың бәрі, біреуінен басқасы, бірдей пікір білдіреді: шындығында олар ұқсас оған ұқсас арқылы танып-білінеді деп тұжырымдайды. Жан бәрін танып-білетіндіктен, ол, олардың пікірінше, барлық бастаулардан тұрады. Осылайша, бір себеп пен бір элементті мойындайтындар жанды да бір нәрсе деп, мысалы, от немесе ауа деп санайды. Көп бастауды мойындайтындар жан да көп бастаулардан тұрады деп санайды. Тек Анаксагор ғана ақыл ештеңеге ұшырамайды және басқа ештеңемен ортақ ештеңеге ие емес деп тұжырымдайды. Бірақ ақыл осындай бола отырып, қалайша және қандай себеппен танып-біледі  - мұны оның өзі де айтқан жоқ және оның сөздерінен де ештеңе айқын емес. Бастаулардағы қарама-қарсылықтарды мойындайтындар жан да қарама-қарсылықтардан тұрады деп есептейді; қарама-қарсылықтардың біреуін мойындайтындар, мысалы, жылыны немесе салқынды, немесе осы секілді бірдеңені, қарама-қарсылықтардың біреуінің жанын да мойындайды. Олардың бұл жерде атауларға да жүгінетіні сондықтан: жанды жылы деп атайтын біреулері жылудан өмірдің атын туындатады; жанды суық дейтін басқалары жан өзінің атауын “дем” мен” салқындатудан” алады деп тұжырымдайды. Жан туралы бізге жеткен көзқарастар мен олардың негіздемелері осындай. 
ЕКІНШІ КІТАП
БІРІНШІ ТАРАУ
   Бұрынғы философтардың жан туралы пікірлері туралы осыны айтуға тиіс едік. Енді әуелі неден бастасақ, соған қайта оралып, жан деген не және оның ең жалпы  анықтамасы қандай екенін айқындауға талпынайық.
   Сонымен, мән деп біз бар болып отырғанның бір түрін түсінеміз; мәнге жататындар, біріншіден, материя - оның өзі белгілі бірдеңе емес; екіншіден, форма және бейне, олардың арқасында материя белгілі бірдеңе деп атала бастайды, үшіншіден, материя мен формадан тұратын нәрсе. Материя  -  мүмкіндік, форма -  энтелехия және де міндетті түрде екі түрлі мағынада -  білім мағынасында және  бақылау қызметі мағынасында.  (Аристотель бұл жерде білімге жәй ие болу және өзін іс-әрекетте, зерттеу жүргізу  барысында көрсететін ие болу туралы айтып тұр  -  Г.Н.).
   Біздің ойымызша, ең әуелі денелер, және де табиғи денелер  -  мәндер, себебі олар қалған барлық денелердің бастауы. Өмір  табиғи денелердің өмір біреулеріне берілген, екіншілеріне берілмеген. Өмір деп біз кез-келген дененің қоректенуін, өсуін және құруын айтамыз, олардың негіздері дененің өзінде (di’ aytoy). Яғни, өмірге қатысы бар кез-келген табиғи дене  -  мән, және де құрамдас мән.
   Бірақ ол осындай дене, яғни өмір берілген дене болғанымен, жан бола алмайды. Өйткені, дене субстратқа (hypokeimenon) қарасты бірдеңе емес, керісінше, өзі субстрат және материя. Яғни, жан мүмкіндігінде өмірге ие табиғи дене форма мағынасында қажетті түрде мән. [Форма ретінде] мән  -  энтелехия; яғни, жан осындай дененің энтелехиясы. Энтелехияның екі мағынасы бар: не білім ретінде, не бақылау қызметі ретінде: жанның   білім мағынасында энтелехия екені айдан анық. Себебі, жан болғандықтан ғана ұйқы да, ояу болу да бар ғой, және де ояу болу бақылау қызметіне, ал ұйқы  - ие болуға, бірақ іс-әрекетсіз ие болуға  ұқсас. Бір адамның бойында білім өзінің пайда болуы жағынан   бақылау қызметіне қарағанда алдыңғы.
   Дәл осы себепті жан мүмкіндігінде өмірге ие табиғи дененің энтелехиясы. Ал осындай бола алатын дене  -  мүшелері бар дене ғана. Өсімдіктердің бөліктері де мүшелер, шынын айтсақ, өте қарапайым мүшелер, мысалы, жапырақ қауыздың жабындысы, ал қауыз  -  жемістің жабындысы, тамырлар ауызға ұқсас: екеуі де азықты жұтады ғой. Сонымен, кез-келген жан үшін ортақ нәрсені анықтау керек болса, ол мынадай: жан дегеніміз мүшелерге ие табиғи дененің бірінші энтелехиясы. Сол себепті,  балауыз бен ондағы таңба туралы да, кез-келген материя мен оның ненің материясы екендігі туралы да сұрақ қою еш қажетсіз екендігі секілді, жан мен дене біртұтас бірдеңе ме деп сұраудың қажеті жоқ. Өйткені, біртұтас пен болмыстың әртүрлі мағыналары болғанымен, энтелехия өз мағынасындағы біртұтас пен болмыс.
   Сонымен, жанның жалпы не екені айтылды.  Ал атап айтқанда: ол форма (loqos) ретінде мән, ал бұл  -  осындай да осындай бір дененің болмысының мәнісі, қандай да бір құралдың, мысалы балтаның табиғи дене болуы сияқты. Ал атап айтқанда: оның мәні балта болмысы болар еді, және ол оның жаны болар еді. Егер де оны бөліп тастасақ, балта балта болудан қалар еді және ол балта деп аталғандықтан ғана балта болып қала берер еді. Бірақ бұл балта ғана. Жан балта секілді дененің болмысының мәнісі және формасы (loqos)  емес, қозғалыс пен тыныштықтың бастауы өзінің бойында бар табиғи дененің болмысының мәнісі. Айтылғанды дененің бөліктеріне қатысты да қарастыру керек. Егер де көз тірі тіршілік етуші болса, онда оның жаны көру болар еді. Өйткені, көру  -  көздің формасы ретінде (көз  - көрудің материясы) көздің мәні; көруден айрылған көз - көз емес, тек көз деген аты болған соң ғана көз,  тастан жасалған немесе суреті салынған көз секілді болады. Дененің бөлігі туралы айтылғанды бүкіл тірі денеге қатысты айту қажет. Атап айтсақ, бөліктің бөлікке қалай қатысты екені секілді, түйсіктердің жиынтығы бүкіл түйсінуші денеге түйсінуші ретінде қатысты.
   Бірақ, мүмкіндіктегі тірі  - жаннан айырылған нәрсе емес, оған ие нәрсе. Ұрық пен жеміс дәл осындай мүмкіндіктегі дене. Сондықтан, балта үшін жару  мен көз үшін көру  -  энтелехия екендігі сияқты, ояу болу да солай; ал жан көру мен қару-жарақтың күші секілді энтелехия, дене  -  мүмкіндіктегі бар болып отырған. Бірақ қарашық пен көру көзді құрайтыны сияқты, жан мен дене тірі тіршілік етушіні құрайды.
   Сонымен, жан денемен ажырамас біртұтас; егер жан табиғатынан бөліктерге ие болса, оның қандай да бір бөлігінің ажырамастығы да айқын, себебі жанның кейбір бөліктері дене бөліктерінің энтелехиясы. Бірақ, әрине, жанның кейбір бөліктерінің денеден ажырай алатын болуына ештеңе кедергі бола алмайды, себебі олар қандай да бір дененің энтелехиясы емес. Бұдан басқа, жан дененің кемені жасаушы кеменің энтелехиясы екендігі сияқты энтелехиясы ма екені айқын емес.
 
ТӨРТІНШІ  ТАРАУ
    
   Жанның қабілеттерін зерттегісі келген адам олардың әрқайсысының не екенін анықтап алуы тиіс, сонан соң онымен байланысты және оған қосымша нәрселердің бәрін зерттеуі қажет. Егер де олардың әрқайсысының  не екенін түсіну керек болса, мысалы: ойлау қабілеті деген не, түйсіну және өсіру қабілеті деген не, онда оған дейін ойлау мен түйсінудің не екенін ұғынып алу қажет: өйткені, қызмет пен іс-әрекеттің  барлық түрлері мағыналары бойынша мүмкіндіктерден алдыңғы. Егер де осылай болса және де қызмет пен іс-әрекеттің осы түрлеріне дейін жанның қабілеттеріне әсер ететін заттарды зерттеп алу қажет болса, онда осы себептен әуелі осы заттарды    -  қоректің, түйсінілетіннің және ақыл арқылы игерілетіннің   -  не екенін анықтап алу қажет болар еді. 
   Осылайша, ең әуелі қорек пен қайта өндіру (қайта тудыру деуге де болады - Г.Н.) туралы әңгімелесу керек. Себебі, өсу жаны [өсімдіктерге ғана] емес, басқаларға да тән, ол жанның бірінші және ең жалпы қабілеті, оның арқасында өмір барлық тірі тіршілік етушілерге тән. Оның ісі  -  қайта өндіру және қоректендіру. Шынында да, тірі тіршілік етушілер кемелденуге жеткендіктен, зақымданбағандықтан және өздіктерінен пайда болмайтындықтан, олардың ең табиғи қызметі  -  өзіне ұқсасты тудыру (жануар  -жануарды, өсімдік  - өсімдікті), сол арқылы олар  мәңгілікке және құдайылыққа мүмкіндігінше қатысты болады. Себебі, тіршілік етушілердің барлығы оған ұмтылады және ол олардың табиғи іс-әрекеттерінің мақсаты. Мақсат екі түрлі түсініледі: не үшін және кімге арналып. Тірі тіршілік етуші мәңгілік пен құдайыға үнемі қатысты бола алмайтындықтан (себебі, өтпелі сол күйінде мәңгілік қала алмайды және сан жағынан үнемі жалғыз бола алмайды), олардың әрқайсысы құдайыға өз мүмкіндігінің шамасы бойынша қатысты: біреуі  - көбірек, басқасы  - аздап, және, сан жағынан емес, түр жағынан жалғыз болып қала отырып, өмір сүруді оның өзі емес, оған ұқсас жалғастырады.
   Сонымен, жан - тірі дененің себебі және бастауы. Себеп туралы әртүрлі мағыналарда айтылады. Осы түрде жан біз таңдаған үш мағынада себеп. Атап айтқанда: жан қозғалыстың қайдан екені ретінде, мақсат ретінде және жаны бар денелердің мәні ретінде себеп.
   Жанның мән мағынасында себеп екені  -  түсінікті, өйткені, мән әрбір заттың болмысының себебі, ал тірі тіршілік етушілер үшін бар болу деген өмір сүру дегенді білдіреді, мұның себебі мен бастауы  -  жан; бұдан басқа, мүмкіндіктегі нағыз мәннің негізі  (loqos)   -  энтелехия.
   Жанның мақсат мағынасында да себеп екені де айқын. Себебі, ақыл бірдеңе үшін іс-әрекет жасайтыны сияқты, табиғат та солай, ал ол не үшін әрекет жасаса, сол оның мақсаты. Ал барлық тірі тіршілік етушілер үшін осындай мақсат олардың  өздерінің табиғатынан  - жан. Себебі, барлық табиғи денелер - жанның қарулары, жануарларда да, өсімдіктерде де, және де олар жан үшін өмір сүреді. Мақсат екі түрлі түсініледі: не үшін ретінде  және кім үшін ретінде.
   Бірақ, кеңістіктік қозғалыс басталған бірінші де - жан. Бұл қабілет тірі тіршілік етушілердің бәріне бірдей тән емес. Айналу мен өсу де жанның арқасында жүреді. Өйткені, түйсік белгісіз бір айналу сияқты, ал жаны жоқ нәрсе сезінбейді. Өсу мен құлдырау ісі де осындай. Табиғи түрде бұзылмайтын және өспейтін тек қоректенбейтін нәрселер ғана, ал  қоректенбейтін  - өмірге қатысты емес нәрселер ғана.               
   ...Өсу қабілеті мен қайта өндіру қабілеті бір болғандықтан, ең әуелі қоректенуді қарастыру керек. Өсу қабілеті тек осы қызметі арқылы ғана басқалардан айрықшаланады. Қоректену дегеніміз қарама-қарсының қарама-қарсыны жұтуы деп түсініледі, бірақ кез-келген қарама-қарсының кез-келген қарама-қарсыны емес, өзі оған өзінің пайда болуы   үшін ғана емес, өсуімен де қарыздар қарама-қарсыны жұтуы. Себебі көптеген қарама-қарсылықтар бір-бірінен пайда болады, бірақ  ылғи да сан жағынан емес, мысалы, сау күйдің - ауру күйден туындайтыны секілді.
                                                        
                                                   “Аристотель. Собрание сочинений в четырех томах.  
                                                             Т.1. М., 1976” кітабынан аударылды.
СОФИСТИКАЛЫҚ ТЕРІСТЕУЛЕР ТУРАЛЫ
   Сонымен, біз софистикалық терістеулер (әшкерелеу  - Г.Н) туралы, яғни терістеу секілді болып көрінетін, бірақ шынына келгенде терістеулер емес, паралогизм болып табылатын терістеулер туралы айтамыз, және де, әрине, біріншілерінен бастаймыз.
   Бір [терістеулердің] ойтүйін екендігі, ал басқалары осылай болып көрінетін ғана екендігі  - айқын нәрсе. Шынында да, басқа салаларда кейбір ұқсастықтарға байланысты осылай болатыны сияқты, дәйектер келтіргенде де солай. Өйткені, бір адамдардың тәртібі шынымен  мінсіз, ал басқаларың тәртібі солай болып көрінеді ғана, себебі, олар өздерін маңғаз, дұрыс, филаның мүшесіне лайықты түрде ұстайды. Және де біреулер өздерінің әдеміліктерімен әдемі, ал басқалар өздерін сылап-сипағандықтан ғана әдемі болып көрінеді. Жансыз заттарда да дәл осылай. Атап айтсақ, олардың біреулері шынында да күміс пен алтын, ал басқалары олай емес, бірақ сезімдік қабылдауға солай болып көрінеді. Мысалы, қорғасынды-күміс түсті заттар мен қалайыдан жасалған заттар күміс секілді болып, ал өт түсті заттар  -  алтын сияқты болып көрінеді. Дәл осылайша,  бір  ойтүйіндеулер мен терістеулер шын, ал басқалары олай емес, бірақ тәжірибесіздіктен солай болып көрінеді. Себебі      тәжірибесі жоқтар алыстан қараған сияқты болады. Ойтүйін белгілі бір ережелерден мына жолмен   шығарылады: ол негізге алынған арқылы негізге алынғаннан ерекшені қажетті түрде жеткізеді. Ал терістеу, жалғанды әшкерелеу - бұл әңгімелесіп отырған адамның қорытындысына қарсы түйінге келетін ойтүйін. Кейбір терістеулер мұны жүзеге асырмайды, бірақ жүзеге асырған секілді болып көрінеді, оның себептері көп, ең көп тарағаны - атаулардан туындайтын топ. Шынында да, пайымдау кезінде заттардың өзін әкелуге болмайтындықтан, біз заттардың орнына  олардың белгісі ретінде олардың атауларын қолданамыз, осыдан келіп біз заттардың атауларымен болғанның бәрі олардың өздерінде де болады деп ойлаймыз, есеп жүргізіп отырған адамның есеп тастарын осылай қолданатынын мысал ретінде келтіруге болады. Бірақ бұл жерде сәйкестік жоқ, себебі атаулар мен сөздердің саны шектеулі, ал заттардың саны шексіз. Сондықтан да бір сөз бен бір атау міндетті түрде көпті білдіреді. Яғни, келтірілген мысалда білетіндердің есептеу тастарын қалай қолдануды білмейтіндерді алдайтыны сияқты, дәйектер келтіруде де сөздердің мағыналарын білмейтіндер дұрыс емес ой түйіндейді,  -  өздері пайымдағанда да, басқаларды тыңдағанда да. Осы себептен және олар туралы біз енді  айтатын басқа себептерден өздері іс жүзінде ойтүйіндер мен терістеулер болмаса да, солар сияқты болып көрінетін ойтүйіндер мен терістеулер бар. Кейбіреулер дана болып, бірақ дана деген атын жаймау туралы емес,  дана деген атын шығару туралы көбірек қам жейтіндіктен (себебі софистика  - іс жүзіндегі емес, жалған даналық, және софист  - іс жүзіндегі даналықтан емес, жалған даналықтан пайда іздейтін адам), олар үшін дананың ісін шынымен атқарғаннан гөрі атқарған сияқты болып көріну, бірақ дананың ісін атқарушы сияқты болып көрінбеу  маңызды. Білетіннің ісі  -  бірін екіншісімен салыстыра отырып, не білетіндігіне қатысты шындықты айту және өтірікшіні әшкерелей білу. Ал бұл, бір жағынан алғанда өз дәйектерін жеткізе білу, екінші жағынан  -      басқа дәйектерді тыңдай білуді білдіреді. Сондықтан да софизмдерді қолданғысы келгендер дәйектердің [біз] көрсеткен түрлерін зерттеулері тиіс. Өйткені, бұл [олардың мақсаттары үшін] пайдалы, себебі мұны білу дана болып көрінуге мүмкіндік береді, олардың ұмтылатыны да осы.
   Сонымен, дәйектердің осындай түрі бар екендігі және біз оларды софистер деп атайтындар оны білуге ұмтылатыны анық. Софистикалық дәйектердің неше түрі бар, бұл өнер неден тұрады, осы зерттеу неше бөлімнен тұрады және бұл өнерге басқа не ықпал етеді   -  ендігі әңгіме осылар туралы.
ЕКІНШІ ТАРАУ
[Дәйектердің төрт түрі]
   Әңгімелесулердегі дәйектердің төрт түрі бар  -  үйрететіндер,  диалектикалық, сынаушы және эристикалық. Үйрететін ретінде ұсынылатындар жауап берушінің пікірлеріне емес (өйткені, үйренуші сенуі тиіс),  сәйкес ғылымның өзіндік бастауларына сүйене отырып түйінделеді. Диалектикалық дәйектер  -  қайшылықтың мүшелерінің біріне шынымен ұқсастан түйінделетіндер. Сынаушы дәйектер  -  жауап беруші дұрыс деп есептейтін және білімге ие болуға ұмтылушы білуі қажет  [ережелерден] түйінделетіндер ( қалайша  -  ол басқа жерде көрсетілген). Эристикалық  дәйектер  - шын сияқты болып көрінетін, бірақ іс жүзінде шын емес пікірлерден түйінделетіндер. Дәлелдеуші дәйектер туралы айтсақ, олар туралы  - “Аналитикаларда”, диалектикалық және сынаушы дәйектер туралы  басқа шығармаларда айтылған, ал керісуші, яғни эристикалық дәйектер туралы енді әңгіме болады.
ҮШІНШІ   ТАРАУ
[Софистердің пікірталастардағы бес мақсаты]
  
   Пікірталас жүргізу үшін ғана және жеңу үшін ғана пайымдайтындар неше мақсатты көздейтінін ең әуелі анықтап алу қажет. Мұндай мақсаттар бесеу: теріске шығару; жалған; жалпы қабылданғанмен келіспейтін; сөйлеудегі кемістік және, бесіншісі  -  әңгімелесушіні боссөздікке, яғни бір нәрсені жиі қайталауға мәжбүрлеу. Немесе [софистер] осы мақсаттардың әрқайсысына іс жүзінде болмаса да, алдамшы түрде жетуге тырысады. Олар көбінесе теріске шығарудың алдамшы көрінісін жасауды мақсат етеді; екіншіден  - [әңгімелесіп отырған адамның] жалған [сөйлеп отырғанын] көрсету; үшіншіден -  оны жалпы қабылданғанмен келіспейтінге әкелу;  төртіншіден  -  оны сөзден жаңылдыру, яғни жауап берушіні өзінің дәйектері арқылы жатжерлік сияқты дұрыс сөйлемеуге мәжбүр ету; ең соңында, оны бір нәрсені жиі айтуға мәжбүр ету.
ТӨРТІНШІ ТАРАУ
[Сөз тіркестерін дұрыс қолданбауға негізделген софистикалық терістеулердің алты түрі]
   [Софистикалық] терістеудің екі тәсілі бар:  бір терістеулер - сөз айналымдарына байланысты, басқалары  -  сөз айналымдарына  байланысты еместер. Сөз айналымдарының негіздерінде алдамшы терістеу жасаудың тәсілдері алтау: аттастық, қос мағыналылық, біріктіру, бөлу, екпін немесе айту және жеткізу формасы. Осы [тізбелеудің] дұрыстығы (басқа тәсілді де көрсетуге болар еді) силлогизммен және [тек] осыншама тәсіл арқылы ғана біз әртүрлі нәрселерді бір атаулар мен сөйлемдер (loqoi) арқылы белгілей алатынымызбен дәлелденеді. Мына дәйектер аттастыққа негізделген:
“білетіндер, manthanoysin  (оқып-үйренеді), өйткені сауат ашу ұстаздары өз білімдерін ауызша баяндай отырып, manthanoysin (түсінеді)”. Мәселе мынада: manthanoysin көп мағыналы, ол “білімді қолдана отырып, түсіну” дегенді де, “білім алу” дегенді де білдіреді. Немесе әрі қарай, “зұлымдық дегеніміз ізгілік, өйткені ta deonta (болуы тиіс нәрсе) дегеніміз игілік, ал зұлымдық  deonta (болуы тиіс). Мәселе мынада:  deonta екі мағынаға ие: “болмай қоймайтын” - зұлымдық та жиі осылай болады (кейбір зұлымдық міндетті түрде ғой), игілік туралы да біз “міндетті түрде болатын” деп айтамыз. Әрі қарай, “бір адам отыр және түрегеліп тұр, ауру және сау. Өйткені, орнынан тұрған адам тұрып тұр  және айыққан адам сау. Орнынан тұрған отырған адам  және айыққан ауру адам”. Іс жүзінде ауру адамның жасағаны мен қандай күйге ұшырағаны бір нәрсені білдірмейді, ал әңгіме кейде қазір кімнің ауру екендігі [немесе отырғаны] туралы, ал кейде кімнің ертеректе ауырғаны [немесе отырғаны] туралы болады. Бірақ [екі түрлі айтуға болады]: кім ауру болса (kamnon), сол айықты және ауру (ho kamnon) айықты, ал сау кім ауырса, сол емес, қазір [ауру] емес, ертеректе [ауырған] ауру адам. Екі мағыналыққа мынадай дәйектер негізделген: “Жаулардың жаулап алу тілегі” немесе “Егер де мұны білсе, онда мұны біле ме?”. Соңғы сөйлем мұны біреу біледі және өзі мұны біледі дегенді білдіруі мүмкін ғой. Немесе: “ Егер мұны көріп тұрса, мұны көре ме? [Біреу] бағананы көріп тұр. Яғни, бағана көріп тұр. Немесе: “Сен “бар” дейсің  -  сен бұл бар дейсің бе? Бірақ сен [бұл] тас   дейсің. Яғни, сен өзіңді тас дейсің”. Немесе: “үндемеуші (sigonta legein) сөйлей ме? Шындығында sigonta legein екі түрлі мағынаны білдіреді: сөйлеуші үндемейді және ол не туралы айтып тұрса, сол үндемейді.  
   Сонымен, аттастық пен екі мағыналықтың негізінде [пайымдаудың] үш тәсілі бар: бірі  -  сөйлем немесе атау көп мағынаны білдіргенде, мысалы aetos және kyon (aetos  - “бүркіт” және “фронтон”, kyon - “ит”, “құбыжық”, “киник-философ”  - Г.Н.); екіншісі  -  біз дәл осылай сөйлеп дағдыланғанда, ал үшіншісі  -  атау қосыла айтылғанда бір мағынаны емес, көп мағынаны білдіргенде, жеке айтылғанда  -  бір мағынаны білдіргенде, мысалы “ әріптерді білу”, атап айтқанда: әрбіреуі жеке  -  “ білу” және “ әріптер” - бір нәрсені білдіреді, ал екеуі біріккенде бір нәрседен көпті білдіреді: не әріптердің өзі білімге ие, не басқа біреу әріптерді біледі.
   Яғни, қосмағыналылық пен аттастық осы тәсілдерге негізделеді.  Біріктіруді мынадай [дәйектер] негіз етіп алады, мысалы, “отырған    - жүруге” және “ жазбайтын  - жазуға қабілетті”. Отырған жүруге қабілетті және <жазбайтын жазуға қабілетті> дегенді жеке немесе бірге айта ма, мағынасы бір емес қой, және дәл осылай [екінші мысалда], егер бұл сөздерді біріктіріп, “жазбайтын жазады” деп айтатын болса. Өйткені, бұл ол жазбайтын бола тұрып, жазу қабілетіне ие дегенді білдіреді ғой. Егер де біріктірмесе, онда бұл ол жазбаған кезде де жазу қабілетіне ие дегенді білдіреді. Немесе [мысал]: “Ол енді жазып үйреніп жүр, тек егер ол білетін нәрсесін үйреніп жүрген болса”. Әрі қарай: “Тек бірді алып жүре алатын нәрсе, көпті алып жүре алады”.
   Бөлуге мынадай дәйектер негізделеді: “Бес  -  бұл екі мен үш; яғни, бес  дегеніміз тақ пен жұп”. Немесе: “Көп  -  тең, себебі ол осыншама және оның үстіне тағы бірдеңе”. Ал шындығында, бөлінген бір сөз ол біріктірілгендегідей мағынаға ие, мысалы: “ego s’theka doylon ont’ eleytheron” немесе  “pentekont’ andron hekaton lipe dios Achilleys” (“Даңқты Ахилл шайқас алаңында жүз ер адамның елуін қалдырды” - “Даңқты Ахилл шайқас алаңында елу ер адамның жүзін қалдырды”  - Г.Н.).
   Екпіннің немесе айтылудың негізінде ауызша әңгімеде дәйектер ұсыну оңай емес, жазуда және өлеңде болмаса. Мысалы,  кейбіреулер Гомерді оның “Жаңбырдан (hoy) шіритін ағаш” деген сөздерін қисынсыз деп сөгушілерден қорғап, оны түзеді.  Олар мұны Гомердің айтқаны (hoy) емес, қатты екпін белгісі жоқ oy деп, айтылудың көмегімен шешеді.  Агамемнонның түс көруіне қатысты да дәл осылайша  -  “Біз оған    даңқ жинауға мүмкіндік береміз (didomen)” деп Зевстің өзі айтқан жоқ, түс көруге осыған мүмкіндік беруді  (didonal) бұйырды. Айтылуға немесе екпінге негізделген дәйектер осындай.
СЕГІЗІНШІ ТАРАУ
 
[Софистикалық терістеулердің негіздемелері]
   Біз жалған ойтүйіндер ненің негізінде  алынатынын білетіндіктен, софистикалық ойтүйіндер мен терістеулер  ненің негізінде алынатынын да білеміз. Мен софистикалық терістеу және ой түйін деп жалған, іс жүзінде жоқ ойтүйін мен жалған, іс жүзінде жоқ терістеуді ғана емес, іс жүзінде бар, бірақ іске қатысты сияқты болып көрінетін ойтүйін мен терістеулерді атаймын. Олар    - [талқылау] объектісіне тиіспей және [жауап берушінің] білмейтіндігін айқындамай терістейтіндер, ал бұл, осыған дейін айтылғандай, сынау өнерінің ісі. Сынау өнері  -  диалектиканың бөлімі, ол жалған қорытындылар шығаруды біледі, себебі [жауап беруші] білмегендігінен дәйекпен келіседі. Софистикалық терістеулер болса, ой түйіндеу арқылы [жауап берушінің тұжырымдарына] қарсы келетінді дәлелдеген күнде де, әңгімелесушінің надандығын айқындамайды, себебі [софистер] білетін адамға осындай дәйектерімен қақпан құрады.
   Ал біздің бұл терістеулерді зерттеудің сол жолын қолдана отырып білетініміз белгілі. Себебі, тыңдаушылар оларға сүйеніп қорытынды  сұрақтардың көмегімен алынған деп ойлайтын [топтар] жауап берушінің де осылай деп санауының негізі болады; сондықтан олар арқылы  - не бәрі, не кейбірі арқылы  -  жалған ой түйіндеулер пайда болады. Өйткені, басқа біреу одан сұрамай-ақ келісуге ниеттенген нәрсемен ол одан сұрағаннан соң келісер еді, тек [қорытындыға] қажетті сұрақ қойылғанда-ақ жалғандық көрініп қалатын кейбір жағдайларда болмаса, мысалы, сөз құрылымдарына және сөйлеу мүкістіктеріне байланысты ой түйіндерде. Сондықтан жалған ой түйіндер  жалған терістеулерге негізделген болса, онда жалған қорытындылар да жалған терістеулердің негізінде алынатыны айқын. Ал жалған терістеу дұрыс терістеудің жеке бөліктері [түсіп қалғандығына] негізделеді, себебі, қандай да бір жеке бөлік қалып қойғанда, жалған терістеу шығады, мысалы, [қорытындының] дәйектерден шықпайтындығына негізделген (яғни, мүмкін емеске әкелетін), алғышартқа қарсы екі сұрақты бір сұрақ деп қарастыратын немесе өздігінен тәнді сырттан кіргенмен алмастыруға және  - осы терістеудің бөлігі ретінде  -  ізімен жүруге негізделген; әрі қарай, істің мәніне емес, сөзге қатысты терістеу; әрі қарай, қайшылықты жалпы ретінде және бір қатынаста, бір нәрсеге қатысты және бірдей түрде алудың орнына, осы [талаптардың] не біреуін, не барлығын бұзатын терістеулер; ең соңында, бастапқы алынғанды   [ережеге] - оны [дәлелдеуге] кіргізбеуге  -  қарсы жорамалдайтын терістеу. Сонымен, біз паралогизмдердің қандай негіздерде пайда болатынын білеміз, осылардан басқа тағы бірдеңе бар деймісің, бәрі осы көрсетілген [топтардан] шығады.  
   Софистикалық терістеу жалпы терістеу емес, белгілі бір адамға бағытталған терістеу, софистикалық ой түйіндеу де дәл осындай.  Егер де аттастыққа негізделген терістеу есім, атау бір мағынаға деп, ал айтылу формасы бойынша ұқсастыққа негізделген терістеу  - әңгіме тек белгілі бір нәрселер туралы болып отыр, басқа жағдайларда да дәл осылай деп мойындауға қол жеткізбесе, онда  терістеу де, ой түйіндеу де болмайды  -  жалпы түрде де, жауап берушіге қарсы да. Егер олар жауап берушінің келісіміне қол жеткізсе, онда оған қарсы, бірақ олар терістеулер немесе ой түйіндеулер болады, бірақ жалпы емес, себебі, олар [іс жүзінде] бір мағынаға иені емес, бір мағынаға ие сияқты болып көрінетінді мойындауға, және де белгілі бір адамның мойындауына қол жеткізді.
     
ОН БІРІНШІ  ТАРАУ
[Диалектика, сынау, эристика және софистика]
   [Жауап берушіден] мақұлдауды немесе терістеуді талап ету  -  дәлелдеушінің емес, сынаушының ісі. Себебі, сынау өнері  -  диалектиканың бір түрі және білетінге емес, білмейтін, бірақ өзін білетін сияқты етіп көрсететінге бағытталған. Сондықтан да,  [барлығына] ортақ [бастауларды] іс жүзінде зерттейтін адам  -  диалектик, ал оны алдамшы жасайтын  -  софист. Эристикалық және софистикалық ой түйіндеу  -  бұл, біріншіден, диалектика сынау өнері ретінде айналысатын нәрсеге қатысты жалған ой түйіндеу, тіпті түйін ақиқат болған күнде де, себебі ол себепке қатысты алғанда жалған. Бұл, екіншіден, берілген [пәнді] зерттеудің тәсіліне сәйкес келмесе де, [сәйкес] өнердің ережелері бойынша құрастырылған сияқты болып көрінетін паралогизмдер.  Өйткені, дұрыс емес геометриялық чертеждер эристикалық емес қой (себебі, oлардан шығатын паралогизмдер [геометриялық] өнердің пәніне қатысты). Егер бұл ақиқат бірдеңеге қатысты, мысалы Гиппократ [чертежі], дұрыс емес чертеж болғанда да дәл осылай. Брисон шеңберді квадратқа айналдырған тәсіл  -  тіпті шеңбер квадратқа айналса да  -  софистикалық тәсіл, себебі ол [геометрия өнерінің] пәніне сәйкес келмейді. Яғни, эристикалық дәйек  -  бұл, біріншіден, осындай заттар туралы жалған ой түйіндеу, екіншіден, ол [дұрыс құрастырылған] ой түйіндеу болса да, [oсы өнердің] пәніне сәйкес сияқты болып көрінетін ғана ой түйіндеу. Себебі, ол [осы өнердің] пәніне сәйкес болып көрінеді ғана, сондықтан ол жалған және әділ емес дәйек. Өйткені, күресушілердің жарысында әділ еместіктің белгілі бір түрге ие болатыны және әділ емес тәсілдермен күресудің бар екендігі сияқты, пікірталастағы эристика да әділ емес тәсілдер арқылы күрес.  Өйткені, онда қалай болса да жеңу үшін кез-келген тәсілге жабысатыны сияқты, мұнда да ұрыс-керіске бейімділер осылайша жасайды. Сондықтан да кім жеңіске жету үшін [ғана] осылай жасайтындар ұрыс-керіске бейім және пікір таластырғанды сүйетін адамдар деп, ал пайда қуып, даңққа ие болу үшін осылай жасайтындар - софистер деп есептеледі. Себебі, софистика, біз айтып кеткендей, жалған даналықтың көмегімен пайда табу өнері, сондықтан да софистер жалған дәлелдерге ұмтылады. Пікір таластырғанды сүйетіндер де, софистер де бірдей дәйектерді қолданады, бірақ мақсаттары әртүрлі. Бір дәйектер софистикалық та, эристикалық та болады, бірақ бір нәрсе үшін емес: эристикалық  - жалған жеңіс үшін, софистикалық  -  жалған даналық үшін. Шынында да, софистика шын даналық емес, жалған даналық. Эристиктің диалектикке  қатынасы - дұрыс емес чертеждер жасаушының геометрге қатынасындай. Шынында да, ол диалектик ұстанатын [бастаулардан] шығара отырып, жалған  ой түйіндейді, ал дұрыс емес чертеждер жасаушы да геометр ұстанған [бастауларды] ұстанады. Бірақ дұрыс емес чертеждер жасаушы эристикамен айналыспайды, себебі ол дұрыс емес чертеждерді [геометрия] өнеріне жататын бастаулар мен қорытындылардан шығара отырып жасайды, ал эристик диалектикаға жататын бастауларды басшылыққа алса да, басқа жақтарында ол анық эристик. Мысалы, шұңқырлардың көмегімен квадрат құру эристикалық құрылым емес, бірақ Брисонның әдісі эристикалық. Біріншісін тек геометрияда ғана қолдануға болады, себебі оның өзіндік бастауларынан шығады, ал екіншісі әрбір жағдайда ненің мүмкін, ненің мүмкін еместігін білмейтін тобырға арналған, себебі [Брисонның дәлелдемесі] оған жарайды. Немесе Антифонт оның көмегімен шеңберді квадратқа айналдырған [эристикалық әдіс], немесе, кімде-кім Зенонның [қозғалысқа қарсы] дәйегінің негізінде түскі тамақтан кейін серуендеген дұрыс деп терістесе, онда бұл дәрігерлік дәйек болмас еді, өйткені ол жалпы [негіздерден] шығарылған. Егер де эристиктің диалектикке барлық жағынан алғанда қатынасы дұрыс емес чертеждер жасаушының геометрге қатынасындай  болса, онда оларға байланысты эристикалық [дәйек] болмас еді. Бірақ диалектик белгілі бір саламен айналыспайды, ештеңені дәлелдемейді және жалпымен айналысатын адамдай емес. Өйткені, бәрі бірдей белгілі бір салаға қарасты емес қой, ал егер де қарасты болса, онда заттар бір бастауда бола алмас еді.  Сондықтан да бірдеңенің табиғатын дәлелдеуші бір де бір өнер сұрақ қою өнері емес. Себебі, [қайшылықтың] кез-келген мүшесімен келісуге болмайды, өйткені ойтүйін екеуінен жасалмайды. Ал диалектика  - кіріспе сұрақтар қою өнері. Егер ол дәлелдейтін болса, барлығына қатысты болмаса да, ең құрығанда бірінші бастаулар мен [әрбір салаға] тән бастауларға қатысты сұрақтар қоймас еді. Өйткені, егер [әңгімелесуші] оларды мойындамаса, онда диалектика оның негізінде әңгімелесушінің қарсы пікіріне пайымдау жасайтын нәрседен айрылады. Бірақ диалектика сынау өнері де. Әрине, сынау өнері геометрия сияқты өнер емес, оған білмейтін адам да ие бола  алады. Өйткені, пәнді білмейтін адам да [басқа] білмейтін адамды сынай алады ғой, егер ол келісімін берген жағдайда, не білетінінен немесе [осы затқа] тән нәрседен туындата отырып емес, салдарлардан туындатып, ал олар сондай  - оларды білетін адам [осы] өнерді білмеуі мүмкін, бірақ оларды  білмейтін адам міндетті түрде осы өнерді білмейді. Сондықтан да сынау өнерінің белгілі бірдеңе туралы білім емес екендігі  анық. Сондықтан да ол бәрімен айналысады, өйткені барлық өнерлер кейбір  жалпы [бастауларды] қолданады. Сол себепті бәрі, тіпті білмейтіндер де, белгілі бір түрде диалектиканы және сынау өнерін қолданады. Өйткені, бәрі белгілі бір деңгейге дейін өзін білімді деп көрсететін адам туралы пікір айтуға тырысады ғой. Ал бұл үшін олар [барлық өнерлерге] ортақ [бастауларды] пайдаланады, істің мәні туралы айтпаса да,  олар бұл бастауларды қанша дегенмен біледі. Бәрінің қарсы пікір білдіру себебі осы, атап айтқанда, оны дұрыс қолдана білу диалектика болып табылатынды қолдана білмейді, ал диалектикада шебер адам  -  ой түйіндеу өнерінің көмегі арқылы сынайтын адам. Ал бұл [бастаулар] көп және бәріне қатысты, бірақ  ерекше табиғат пен ерекше түрді құрамайтындықтан, тек терістеуге ұқсас, ал басқа [бастаулар] мұндай емес, [бір ғана салаға] тән болғандықтан, солардың негізінде бәрін сынауға болады және осы белгілі бір өнер болып табылады, бірақ ол дәлелдеуші өнерлер сияқты емес. Дәл осы себепті эристикадағы шеберлік  дұрыс емес чертеж жасаушыдағыдай емес, себебі эристикада ісінде шебер жалған ой түйіндейді, белгілі бір саланың бастауларынан шығара отырып емес, кез-келген сала бойынша.
   Софистикалық терістеудің тәсілдері осындай. Диалектиканың ісі  -  оларды зерттеу және оларды қолдана алатындай болу екенін түсіну қиын емес. Өйткені, алғышарттарды қолдана білу тәсілдері  - осы зерттеудің мазмұны.
ОН  ЕКІНШІ ТАРАУ
[Софистердің екінші және үшінші мақсаты. Жалған және шындыққа жатпайтын тұжырымдарға мәжбүрлеу ]
   Жалған терістеулер туралы айтылды. [Әңгімелесушінің] жалған [сөйлегенін] көрсету мен оның сөзін шындыққа жатпайтынға әкелуге (ал софистиканың екінші мақсаты дәл осы) келетін болсақ, онда олар мынадай жағдайларда жақсы іске асады: егер де, біріншіден, [қажеттіні әңгімелесіп отырған адамнан] оған [байқатпай] біліп алғанда және сұрақ қоя [білгенде]. Ал бұған жету үшін белгілі нәрсеге бағытталмаған сұрақтар жарайды. Қалай болса солай сөйлеген адам қателеседі ғой. Ал қалай болса, солай сөйлейтіндер алдында белгілі ештеңе жоқ адамдар. Көп сұрақтар қойғанда, ең болмағанда оған қарсы пайымдаулар жасаған нәрсе  анық болғанда және жауап берушіден   өз пікірін білдіруді талап еткенде, осылар арқылы оны шындыққа жанаспайтынға немесе жалғанға әкелу үшін өздеріне ыңғайлы жағдай туғызады, ал егер де жауап беруші осы сұрақтардың біріне оң немесе теріс жауап берсе,  - қарсы дәйектер көпті жақтауға мәжбүр етеді. Бірақ осы уақытта бұл арқылы зиянды ертерекке қарағанда азырақ тигізуге болады. Себебі   қазір жауап берушілер сұрақтың бастапқыда алынғанға қандай қатысы бар екендігін көрсетуді талап етеді. Әңгімелесушінің жалған немесе шындыққа жанаспайтын бірдеңені тұжырымдауына жетудің негізгі құралы  -  қандай да тезис туралы бірден сұрамау, үйрену үшін ғана сұрап отырмыз деу. Осындай қарастыру шабуыл жасауға кең мүмкіндік береді.
   Әңгімелесушінің жалған тұжырымдап тұрғанын көрсету үшін келесі софистикалық топ бар - оған қарсы көп дәйектер бар нәрсені мақұлдауға мәжбүр ету.  
   Әрі қарай, [әңгімелесушіні] жалпы қабылданған нәрсемен келіспейтінді айтуға мәжбүр ету үшін оның [философияның] қандай түрін ұстанатынын, сонан соң  осы [философияны] жақтайтындар көпшіліктің пікіріне қарсы не айтатыны туралы сұрау қажет. Әрбір [философияда] осындай бір нәрсе бар. Мұндағы негізгі құрал  - [философияның] әрбір түрінің тезистерін алғышарт түрінде алу. Оларды осылай ашуға шын еместің дәйектен шықпайтынын дәлелдеумен жетеді. Ал пікір таластырушының тілегені тап осы.
   Әрі қарай, [жасырын] тілектерден және ашық айтылатын пікірлерден [дәйектер келтіру] керек. Өйткені, адамдар бір нәрсені қалап, дәл сол нәрсе туралы ашық айтпайды ғой, ең тамаша сөздер айтады, ал пайдалы нәрсені ғана тілейді; мысалы, рахатқа бөленіп  өмір сүргеннен, арың таза болып өлген жақсы деп, немесе, бай, бірақ игіліксіз өмір сүргеннен, мұқтаж және кедей болып, бірақ таза өмір сүрген дұрыс дейді, бірақ керісінше болғанын тілейді. Сондықтан өзінің тілектеріне сай сөйлейтіндерді ашық пікірлер айтуға, ал ашық пікірлеріне сай сөйлейтіндерді жасырын тілектеріне сай сөйлеуге мәжбүр ету қажет. Себебі, осы екі жағдайда да ол жалпы қабылданғанмен үйлеспейтінді айтуға мәжбүр болады, өйткені оған қарама-қарсыны немесе ашық немесе жасырынды тұжырымдауға тура келеді.
   ...Кейбір сұрақтар мынадай: оларға жауап екі жағдайда да шын емес, мысалы, кімді тыңдаған дұрыс  -  даналарды ма немесе әкеңді ме, немесе нені жасау қажет - пайдалыны немесе әділеттіні ме, немесе не дұрыс - әділетсіздікке төзген бе әлде [басқаға] зиян тигізген бе...    
                            
                                                   “Аристотель. Собрание сочинений в четырех томах.
                                                             Т.2. М., 1978” кітабынан аударылды.
ФИЗИКА

ЕКІНШІ КІТАП

БІРІНШІ ТАРАУ
   Өмір сүріп отырған [заттардың] кейбіреулері  табиғатынан бар, басқалары - басқа себептер бойынша бар болып отыр. Жануарлар мен олардың бөліктері, өсімдіктер мен қарапайым денелер жер, от, ауа, су және осы сияқты тағы басқалары табиғатынан өмір сүріп отыр дейміз біз. Айтылғанның бәрі табиғат жасамаған нәрселерден айқын ерекшеленеді: табиғатынан   өмір сүретіннің барлығының бойында, мейлі ол орынға, ұлғаю мен азаюға немесе сапалық өзгеріске қатысты болсын, қозғалыс пен тыныштықтың бастаулары бар. Ал төсек, плащ және тағы басқа осы секілді [заттар], олар өздерінің атауларына сәйкес болғандықтан және жасанды қалыптастырылғандықтан, өзгеруге деген туа біткен талпынысқа ие емес немесе өздері тастан, жерден немесе [осы денелердің] қоспасынан тұратындықтан ғана ие  - өйткені, табиғат өзі оған [кездейсоқ] дәл келгендіктен емес, өзі оған бірінші, өздігінен тән нәрсе үшін белгісіз бір бастау және қозғалыстың және тыныштықтың себебі. Мен “дәл келгендіктен емес” деп біреу өзі дәрігер бола отырып, өзінің сауығуының себебі өзі бола алады деген [мағынада] айтып тұрмын; бірақ ол дәрігерлік өнерге өзі сауығып кеткендіктен ие емес, жәй, бір [адам] бір уақытта дәрігер де, сауығушы да болды, сондықтан басқа жағдайларда [бұл екі роль] бір-бірінен бөлек. Осы басқа жасалған [затқа да] қатысты: олардың ешқайсысының бойында оны жасаудың бастауы жоқ қой, бірақ бұл бастау не басқада, не сыртта (мысалы үйде немесе адам қолымен жасаған кез-келген басқа нәрседе), не оларда, бірақ өздерінен өздерінде емес, дәл келіп, олар өздерінің себептері өздері болғанда ғана.
   Сонымен, табиғат біз айтқан нәрсе. Табиғат көрсетілген бастауларға ие барлық [заттардың] бойында бар. Барлық осындай [заттар]  - мәндер. Себебі олардың әрқайсысы қандай да бір субстрат, ал субстратта әрқашан да табиғат бар. Бұл [заттар] да және оларға өзінен-өзі тән нәрселердің бәрі де, мысалы, отқа жоғары қарай лапылдау тән, табиғатпен келісе отырып [өмір сүреді]; өйткені, бұл табиғат емес  және табиғат оған кірмейді, тек табиғат бойынша және табиғатпен келісімді болады.
   Сонымен, біз табиғаттың, табиғат бойынша мен табиғатпен келісімдінің не екенін айттық. Табиғаттың өмір сүретіндігін дәлелдеуге тырысу күлкілі, себебі осындай заттардың көп екендігі анық. Анық  нәрсені көрінбейтін нәрсе арқылы дәлелдеу ненің өзінен-өзі түсінікті екені мен ненің өзінен-өзі түсінікті емес екенін айыра алмайтын адамға тән. Осы [кемшіліктен] қиындық көрудің болуы мүмкін екені айқын: соқыр дүниеге келген кезінен бастап түстер туралы пайымдай алар еді ғой, яғни, осындай адамдар міндетті түрде атаулар туралы [ғана] сөз етеді, бірақ  олар ештеңені ойлай алмайды.
   Кейбір адамдарға табиғат пен табиғи заттардың мәні  - олардың әрқайсысының бойында бар, өзі формасыз бірінші секілді болып көрінеді, мысалы, төсектің табиғаты - ағаш, мүсіндікі - мыс. Антифонттың айтуы бойынша, соңғының дәлелі  -  егер төсек жерге көмілсе және шіру сондай күшті болып, бүршік өсіп шықса, төсек емес, ағаш пайда болады, себебі бұл құрылым, ережелер мен өнерге сәйкес, [төсекке] дәл келу бойынша тән, ал [оның] мәні, көрсетілген әсерлерге ұшырай отырып, үздіксіз сақталады. Егер осы [заттардың] әрқайсысы басқа бірдеңеге осындай қатынаста болатын болса, мысалы, - мыс пен алтын суға, ал сүйектер мен ағаш жерге, - онда осы басқа олардың табиғаты мен мәні болады. Сондықтан біреулер өмір сүріп отырғанның табиғаты деп отты, екіншілері  -  жерді немесе ауаны, немесе суды, басқалары  -  аталған [элементтердің] кейбірлерін, ал кейбір адамдар  бәрін санайды. [Негіз ретінде] кім нені қабылдаса, ол бір  немесе бірнеше элемент болсын, соны және осындай шамада жалпы мән деп, ал қалған    барлығын  -  оның тұрақты және өтпелі күйлері мен қасиеттері деп санайды. Бұл [элементтердің] әрқайсысы мәңгілік деп есептеледі, себебі олардың өздері өздерінен [басқа нәрсеге] өзгеруі мүмкін емес; қалған   барлық нәрселер сансыз көп рет пайда болады және жойылады.
   Табиғатты анықтаудың бір тәсілі мынадай: ол өздерінің бойында   қозғалыс пен өзгерістің бастауы бар [заттардың] әрқайсысының негізінде жататын бірінші материя. Басқа тәсіл бойынша заттың анықтамасына сәйкес форма (morphe) мен түр (eidos). Атап айтқанда, өнер деп өнерге сәйкес пен жасалған нәрсе аталатыны сияқты, табиғат деп табиғатқа сәйкес пен табиғи нәрсе аталады. Егер төсек   мүмкіндікте ғана болса және онда төсектің түрі әлі жоқ болса,  зат өнерге сәйкес деп біздің  ешқашан айтпайтынымыз секілді, табиғат жасаған заттарға қатысты да осылай. Себебі, оның көмегі арқылы біз мынау ет, ал мынау сүйек деп атайтын анықтамаға сәйкес түрді олар қабылдағанша, мүмкіндіктегі ет пен сүйек өзіндік табиғатқа әлі ие емес және табиғатта өмір сүрмейді. Сонымен, басқа мағынасында табиғат өздерінің бойында қозғалыстың бастауы бар [заттар] үшін олардан логикалық түрде ғана бөлініп шығатын форма мен түр болады, ал материя мен формадан тұратын нәрсе табиғат емес, табиғат бойынша  өмір сүреді ғана, мысалы, адам. Материалдан гөрі форма  табиғат: себебі, әрбір зат ол мүмкіндікте [болғаннан] гөрі, іс жүзінде болғанда өз атымен аталады ғой.
   Әрі қарай, адам адамнан туады, бірақ төсектен төсек  тумайды  -  төсектің фигурасы табиғат емес, ағаш табиғат дейтіні де сондықтан, өйткені, [төсек] өссе, төсек емес, ағаш пайда болады. Бірақ бұл, [яғни адам жасаған сыртқы фигура] өнер болса, [бірін-бірі тудыратын заттардың] формасы  - табиғат: себебі, адамнан адам туады ғой.
   Әрі қарай, пайда болу ретінде қарастырылатын табиғат  - табиғатқа жол. Ол туралы ол емдеу өнеріне жол емес,  емдеуге жол деп ешқашан айтылмайтын емдеу секілді емес: емдеудің дәрігерлік өнерге қарай жүргені емес, дәрігерлік өнерден бері жүргені қажет қой; [тудырушы] табиғат табиғатқа бұлай қарамайды, бірақ пайда болушы бірдеңеден бірдеңеге көшеді, себебі ол тудырылады. Ол не нәрсеге тудырылады? Әрине,  өзі одан [пайда болғанға] емес, не болатынына. Олай болса, форма дегеніміз табиғат.
   “Форма” және “табиғат” [сөздері] екі мағынада қолданылады: айырылғандық да белгілі бір жағынан түр ғой. Айырылғандық қарапайым  пайда болуда да қандай да бір қарама-қарсылық бола ма, жоқ па  -  мұны кейінірек қарастыру қажет болады.  
ЕКІНШІ ТАРАУ
    “Табиғат” [сөзі] қанша мағынада қолданылатынын анықтап алған соң математиктің физиктен айырмашылығы неде екенін қарастыру қажет. Өйткені, табиғи заттардың үсті де, көлемі де, ұзындығы да, нүктелері де бар, оларды зерттеумен математик айналысады. Әрі қарай, астрономия ерекше [ғылым] ба, әлде физиканың бөлімі ме? Физиктің ісі Күн мен Айдың не екенін білу, ал оларға өзінен-өзі не тән екені туралы білудің керегі жоқ десек,  онда бұл қисынсыз, себебі басқасын айтпағанда, табиғат туралы пайымдаушы [философтар] Ай мен Күннің фигуралары туралы да және Жер мен космос шар секілді ме, әлде жоқ па екендігі жайында да айтады.
   Осының бәрімен математик те айналысады, бірақ фигуралардың әрқайсысы табиғи дененің шекарасы болғандықтан емес, олардың қасиеттерін ол [дәл осы] денелерге тән қасиеттер емес деп қарастырады. Сондықтан да ол оларды [табиғи денелерден] бөліп алады, себебі олар [осы денелердің] қозғалысынан ойша бөліп алынады және осы [бөліп алу] ештеңені өзгертпейді және қателіктер тудырмайды. Өздері байқамастан дәл осыны идеялар туралы пайымдайтын [философтар] да жасайды: олар [денелерден]  оларды бөліп алу математикалық [қатынастарға] қарағанда қиынырақ физикалық қасиеттерді бөліп алады. Егер екеуін де, яғни заттардың өзідерін де, оларға тән қасиеттерді де анықтауға тырыссақ, айтқанымыз түсінікті болады. Атап айтқанда, тақ және жұп, түзу және қисық, әрі қарай, сан, сызық және фигура қозғалыссыз да   [анықталады], ет, сүйек және адам  -  ешқашан да; бұл мұрынның қисық сызықты деп емес, таңқы деп аталатыны секілді. Математикалық ғылымдардың ең физикалықтары: оптика, гармония туралы ілім және астрономия да осыған сілтейді: олар кейбір жағынан алғанда геометрияға кері. Себебі, геометрия физикалық сызықты қарастырады, бірақ ол физикалық болғандықтан емес, ал оптика   -  математикалық сызықты қарастырады, бірақ математикалық ретінде емес, физикалық ретінде.
   Ал табиғат екі жақты болғандықтан: ол форма да, материя да, онда [сұрақты] біз таңқымұрындықты, оның не екенін зерттегендей етіп, яғни, материясыз да, тек [жалғыз ғана] материя жағынан да емес, қарастыруға тиіспіз. Бірақ екі түрлі қиындық мынаған байланысты да туындауы мүмкін:   екі табиғат бар болса, физик олардың қайсысын зерттеуі керек, әлде олардың екеуінен де құрастырылғанды ба? Бірақ егер олардың екеуінен де құрастырылғанын зерттейтін болса, онда олардың әрқайсысын да зерттеуі тиіс. Екеуін бір [ғылым] танып-білуі тиіс пе, әлде әртүрлі ғылымдар ма? Қарт [философтарға] назар аударғандарға физиканың ісі  -  материя болып көрінуі мүмкін (Эмпедокл мен Демокрит формалар мен болмыстың мәнін аз ғана деңгейде қарастырды ғой). Бірақ өнер табиғатқа еліктейтін болса, бір ғана ғылымға форманы танып-білу де және белгілі бір шекке дейін материяны танып-білу де қарасты болады (мысалы, құрылысшы үйдің сыртқы түрін де,  материалды  да -  кірпіштер мен ағашты білуі тиіс екендігі секілді, дәрігер де денсаулықты да, денсаулықпен байланысты өтті де, шырышты да білуі керек); басқа [өнерлерге] қатысты да осыны айтуға болады, яғни, физиканың ісі  -  екі табиғатты да танып-білу.
   Сонымен қатар, бір ғана [ғылымның]   ісі  - “не үшінді” және мақсат пен оған қажет [құралдарды]  [танып-білу]. Өйткені, табиғат дегеніміз мақсат және “не үшін” ғой: үзіліссіз  қозғалыстың аяқталуы қай жерде болса, осы жер шек және “не үшін”. Ақынның: “ өзім сол үшін туған өлуге жеттім” деген әзіл сөзі осыдан шыққан; бірақ мақсат кез-келген шек емес, ең жақсы шек.
   Өнерлер материалды өңдегенде [де] осылай: біреулері қарапайым, басқалары     мұқият өңдейді, және біз барлық заттарды олар біз үшін өмір сүріп отырғандай болып қолданамыз. Қандай да бір жағынан алып қарағанда біздің [өзіміз] де мақсатпыз; себебі, “не үшіннің” екі мағынасы бар (бұл туралы “Философия туралы” деген кітапта айтылған). Сонымен бірге, материалды игеретін және оны танып-білетін екі өнер бар: қолдану өнері және жасауға басшылық ету өнері. Қолдану өнері де кейбір жағынан алғанда басшылық ету өнері ғой, бірақ ол  форманы білуімен ерекшеленеді, басшылық ету өнері болса, материалды біледі: шынында да, кеменің рулін ұстаушы рульдің формасының қандай болуы тиіс екенін біледі және сондай етіп жасауға бұйрық береді, ал кеме жасаушы, [рульді] қандай ағаштан және қандай тәсілдермен жасауға болатынын  біледі. Сонымен, өнер заттарында біз материалды белгілі бір іс үшін өңдейміз, ал табиғи денелерінің бойында ол өмір сүруші бірдеңе ретінде нақты бар болады.     
   Сонымен бірге, материя қатынас [категориясына] жатады, себебі әртүрлі форма үшін әртүрлі материя [қажет].
   Физик [заттың] формасы мен мәнін қандай шекке дейін білуі тис? Дәрігердің - сіңірді, ал ұстаның  - мысты [білгені] сияқты, яғни белгілі бір шекке дейін, атап айтқанда, әрбір заттың не үшін өмір сүретінін, және де олардың  формасы бойынша бөлініп алынатын, бірақ материяның бойында болатындары туралы [ғана] ма? Адамнан адам туады, бірақ Күн де [осылай ғой] (Аристотель Күнді адамның пайда болуының себебі және кез-келген пайда болудың бастауы деп түсінді - Г.Н.). Бірақ [материядан] бөлініп шығу ісі қалай және ол не  -  оны бірінші философия анықтауы тиіс.
                                                      “Аристотель. Собрание сочинений в четырех томах.
                                                       Т. 3. М., 1981”  кітабынан аударылды.
САЯСАТ
БІРІНШІ  КІТАП
   I, 1. Көріп отырғанымыздай, кез-келген мемлекет араласудың өзіндік бір түрі, кез-келген араласу қандай да бір игілік үшін ұйымдастырылатын болғандықтан (кез-келген қызмет болуы мүмкін игілікті көздейді ғой), барлық араласулардың белгілі бір игілікке ұмтылатыны (stokhadzontai) анық, ал басқасынан көбірек және игіліктердің ең жоғарғысына ұмтылатын араласу - басқаларына қарағанда ең маңызды және басқа қалғандарын қамтитын араласу. Осы араласу мемлекет немесе саяси араласу деп аталады.
3. ...Қажеттілік ең әуелі бір-бірінсіз өмір сүре алмайтындарды  -
әйел мен еркекті  - ұрпақ жалғастыру мақсатымен жұп құруға итермелейді; және де бұл қосылудың негізінде саналы шешім емес, өзінен соң өзіне ұқсас тіршілік етушіні қалдыру табиғи ұмтылысы жатады, ол басқа тіршілік етушілер мен өсімдіктерге де тән.
[Дәл осылайша екі жақты өзін-өзі сақтау мақсатымен] табиғатынан
билеуші тіршілік етуші мен табиғатынан бағынушы тіршілік етуші [жұп болып бірігуі тиіс]. Біріншісі ақыл қасиеттерінің арқасында алдын-ала көре білуге қабілетті, сондықтан табиғатынан билеуші және үстемдік етуші; екіншісі берілген бұйрықтарды қара күшінің көмегімен орындауға ғана қабілетті болғандықтан, билікке бағынушы және құл тіршілік етуші болып табылады. Сондықтан да бір нәрсе билеушіге де, құлға да пайдалы. 5. Бірақ әйел мен құл табиғатынан әртүрлі тіршілік етушілер: өйткені, табиғаттың шығармашылығы “дельфия пышағын” (дельфия пышағы  -  көне гректерде пышақ ретінде де, семсер ретінде де қолданылған құрал  - Г.Н.) жасаушы бейшара ұстаның жұмысына еш ұқсамайды, керісінше, табиғатта әрбір заттың өз міндеті бар. Мысалы, әрбір құрал көп жұмыстарды емес, бір жұмысты атқаруға арналса,  өзінің міндетін ең жақсы түрде орындайды. Варварларда әйел мен құл бір деңгейде, мұның себебі    -   табиғатынан билік жүргізуге арналған элемент оларда жоқ деп түсіндіріледі. Оларда араласудың бір ғана түрі болады  -  құл мен күңнің араласуы. Ақын сондықтан: “Гректерге варварларды билеу жарасады” дейді; варвар мен құл табиғаттарынан бірдей ұғымдар. 6.Сонымен, араласудың аталған екі түрінен араласудың бірінші түрі  -  отбасы шығады. Гесиодтың өлеңі дұрыс: “Үй ең әуелі әйел де, жер жыртушы өгіз де (кедейлер өгізді құлдың орнына пайдаланады)”. Осыған сәйкес, отбасы дегеніміз - күнделікті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін табиғи түрде пайда болған араласу.
   7. Бірнеше отбасынан тұратын және ұзақ уақытқа созылатын қажеттіліктерді орындауды мақсат еткен араласу  -  елді мекен. Елді мекенді отбасының колониясы ретінде қарастыруға болады; кейбіреулер бір елді мекеннің мүшелерін “сүт ағалар”, “ ұлдар”, “немерелер” деп атайды да. Грек мемлекеттерін басында патшалар басқарды (қазір біз мұны гректерге жатпайтын тайпалардан көріп отырмыз), себебі олар өздерінің үстінен қарайтын патшалық билікті мойындайтын элементтерден құралды: кез-келген отбасында жасы үлкен адам патшаның өкілеттілігіне ие ғой. Отбасылар колонияларында - елді мекендерде олардың мүшелерінің ағайындық қатынастарына байланысты сол тәртіпті ұстанып отырды. Гомер: “Әркім әйелдері мен балаларын билейді“ деп, осыны еске салады, өйткені олар, ерте дәуірдегі адамдардың барлығы сияқты, бөлек елді мекендер болып өмір сүрді. Құдайлар туралы да олар патшаның билігінің астында өмір сүреді деп айтады, себебі адамдарды қазір де, ерте дәуірлерде де патшалар басқарды, және, адамдар құдайлардың бет-пішінін өздерінікіне ұқсатқандықтан, осы түсінікті дәл сол күйінде құдайлардың өмір салтына байланысты да қолданды.
   8. Бірнеше елді мекендерден тұратын қоғам - біршама  аяқталған, толығымен өзіндік мәні бар күйге жеткен деуге болатын және өмірдің қажеттіліктері үшін пайда болған, бірақ игілікті өмірге жету үшін өмір сүретін мемлекет. Осыдан шығатыны, кез-келген мемлекет  -  бірінші араласулар секілді, табиғи пайда болудың жемісі: ол олардың аяқталуы, ал аяқталуда табиғат білінеді. Өйткені, біз табиғат деп әрбір объектіні атаймыз  -  мысалы, адамның, аттың, отбасының   табиғатын  -  оның дамуы аяқталғандағы күйін алайық. Оның үстіне,  жоғарғы аяқталу  -  ақырғы мақсаттың жүзеге асуында, ал өзіндік  мәні бар өмір сүру аяқталу да, ең жоғарғы өмір сүру де болады.
   9. Айтылғандардан шығатыны: мемлекет табиғатынан өмір сүретінге жатады, адам табиғатынан саяси тіршілік етуші, кездейсоқ жағдайлардың салдарынан емес, өз табиғаты бойынша мемлекеттен тыс өмір сүретін  - не адамгершілік жағынан дамымай қалған тіршілік етуші, не адамнан жоғары (сверхчеловек), Гомердің “тексіз, тайпасыз, заңдардан тыс, ошақсыз” деп жамандайтыны да осындай адам, мұндай адам табиғатынан соғысқұмар; оны тақтадан аластатылған пешкамен салыстыруға болады.
   10. Адамның араларға және басқа жануарларға қарағанда көбірек саяси тіршілік етуші екенін мынадан көруге болады: біздің тұжырымыз бойынша, табиғат ештеңені бостан босқа жасамайды; бірақ барлық тірі тіршілік етушілерлің арасында  тек адамға ғана сөйлеу қабілеті берілген. Дауыс қайғы мен қуанышты білдіреді, сондықтан да ол адамнан басқа  тірі тіршілік етушілерге де тән (себебі, олардың табиғи қасиеттері қуаныш пен қайғыны сезіну және осы сезімдерді бір-біріне беру деңгейіне дейін дамыған). Бірақ сөз пайдалыны да, зияндыны да, әділеттіні де, әділетсізді де білдіруге қабілетті. 11.Бұл қасиет адамдарды  қалған тіршілік етушілерден ерекшелендіреді: тек адам ғана ізгілік және зұлымдық, әділеттілік және әділетсіздік және тағы сол сияқты ұғымдарды қабылдауға қабілетті. Ал осының бәрінің жиынтығы отбасы мен мемлекеттің негізін құрайды. Мемлекет отбасымен және біздің әрқайсысымызбен салыстырғанда  табиғаты бойынша алғашқы; тұтас бөліктің алдында болуы қажет қой. Тірі тіршілік етушіні оның тұтасында жойсаң, оның аяқтары да, қолдары да болмайды, олардың  аттары ғана қалады, біздің “тас қол” деп айтатынымыз сияқты; денеден бөлініп тасталған қол дәл осы тас қол болады ғой. Кез-келген зат ол атқаратын іс-әрекет және осы іс-әрекетті атқару мүмкіндігі арқылы анықталады; осы қасиеттерді зат жоғалтса, ол туралы осындай деп айтуға болмайды: оның белгісі ғана қалады. 12. Сонымен, мемлекет табиғатынан өмір сүреді жәе табиғатынан әрбір адамнан алғашқы;  соңғысы бөлек қалған жағдайда өзіндік маңызы бар тіршілік етуші емес болғандықтан, оның мемлекетке қатынасы кез-келген бөліктің өзінің тұтасына қатынасындай. Ал өзін өзіндік маңызы бар деп есептеп, араласуға қатысуға қабілетсіз адам ештеңеге қажеттілік сезінбесе, ол енді мемлекеттің элементі емес, ол не жануарға, не құдайға айналады.
   Табиғат адамдардың бәрінің бойына мемлекеттік араласуға деген ұмтылысты берді, және, осы араласуды бірінші болып ұйымдастырған  адамзат үшін ұлы игілік іс жасады. Өзінің аяқталуын тапқан адам,  -  тірі тіршілік етушілердің арасындағы ең жетілгені, керісінше, заң мен құқықтан тыс өмір сүруші адам  -  бәрінің арасындағы ең жаманы, себебі қаруға ие әділетсіздік бәрінен ауыр; табиғат болса, адамның қолына қару  -  ақыл күшін және адамгершілік күшін берді, ал оларды кері бағытта қолдануға әбден болады. Сондықтан да асыл қасиеттерден айрылған адам ең қаныпезер және жабайы, жыныстық және дәмдік тілектері ең төмен тіршілік етуші болып шығады. Әділеттілік ұғымы мемлекет туралы түсінікпен байланысты, себебі әділеттіліктің өлшемі қызметін атқаратын құқық саяси араласудың реттеуші нормасы болып табылады.
ЕКІНШІ КІТАП
   III, 1. ... “Мемлекетте” Сократ аз ғана нәрселерді: әйелдер мен балалар қоғамдастығына, меншікке және азаматтыққа қатысты  істер қалай болуы тиіс екендігін анықтайды. Бүкіл халықты екі бөлікке бөлу ұсынылады: бір бөлігі - жер өңдеушілер, басқасы - әскерлер; соңғылардан құрылатын үшінші бөлігі  -  кеңесуші және мемлекетті басқарушы. Жер өңдеушілер мен қолөнершілер басқару ісіне қатыса ма, қатысса, қалай қатысады, олар қаруға ие болу және әскерлермен бірге жорықтарға қатысуға құқылы ма, әлде жоқ па  -  бұл сұрақтардың бәріне Сократ ешқандай анық жауап берген жоқ. Сократтың ойынша, әйелдер, керісінше, әскерлермен бірге жорықтарға қатысуы тиіс және күзетшілер алған тәрбиені олар да алуы қажет.
   2. “Заңдар” шығармасының басым бөлігі заңдарға арналған, мемлекеттік құрылым туралы аз айтылған. Заң шығарушы барлық мемлекеттерге бірдей жарайтын мемлекеттік құрылым ұсынғысы келгенімен, “Заңдарда” да бәрі бірте-бірте басқа құрылымға ауысып кете береді; әйелдер қоғамдастығы мен меншіктен  басқа бір нәрсені ол қоғамдық құрылымның екі түріне де таңады: тәрбие осында да, онда да бірдей,  қажетті күнбе-күнгі жұмыстарға, сонымен бірге сисситияларға қатыспайтын өмір салты сияқты (сисситиялар  - грек тілінде бірге тамақ ішу дегенді білдіреді, Крит пен Спартада бірге уақыт өткізу, оған ер адамдардың бірге тамақ ішуі кіреді, мемлекет рұқсат берген - Г.Н.). Айырмашылығы, “Заңдар” бойынша, сисситиялар әйелдер үшін де болуы тиіс; азаматтық құрамы бірінші жағдайда қаруға ие мың адам деп, екінші жағдайда  - бес мың деп анықталады.
   3. Сократтың барлық пайымдаулары өткір тілді, шебер, жаңалықтары көп, адамды ойландырады, бірақ олардың бәрін дұрыс деп қабылдау қиын болар еді: мысалы, халықтың көрсетілген санына Вавилония территориясы немесе басқа бір орасан зор территория  қажет болатындығымен есептеспеске болмайды; тек сонда ғана ештеңе жасамай, бос сандалып жүрген бес мың адам, оның үстіне бұдан бірнеше есе көп әйелдер мен қызметшілер азық-түлік ала алар еді. әрине, өз қалауың бойынша болжамдар жасауға болады, бірақ олардың орындалмайтыны алдын-ала белгілі ештеңе болмағаны жөн.
   4. Әрі қарай, “Заңдарда” заң шығарушы заңдарды тағайындағанда екі элементпен санасуы тиіс делінеді: жермен және адамдармен. Мемлекет бөлектенген өмір салтын емес, мемлекеттік өмір салтын жүргізуі тиіс болғандықтан, бұған “көрші жерлер” деп қосса жақсы болар еді; себебі, мемлекетке өз территориясын қорғайтын ғана емес, одан тыс жерлерде де іс-қимылдар жүргізетін қарулы күштерді пайдалануға міндетті түрде тура келеді. Егер біреу осындай өмір салтын  - жеке болсын, қоғамдық болсын, қолдамаса да, жаулардың бойына олар елге басып кіргенде ғана емес, алыста болғанда да үрей ұялату қажет.  
   5. Жер меншігінің көлемі туралы да ойлану керек, оны басқаша, дәлірек анықтаған дұрыс сияқты. Ол оның көлемі ақылды, біреу “ молшылықта өмір сүру” деп айтарлықтай болуы тиіс дейді. Бірақ бұл анықтама тым жалпы; қарапайым, сонда да жетпестікті сезініп өмір сүруге болады. Сондықтан былай анықтаған дұрыс болар еді: ақылды, бірақ еркін адамға лайық өмір сүру; себебі, бұл шарттардың бірін алып тастасақ, бірі  -  байлықта өмір сүру, басқасы  - ауыр еңбекке толы өмір болып шығады. Шындығында, көрсетілген асыл қасиеттер меншікті пайдалану туралы сұрақ қарастырылғанда ғана ескеріле алады; мысалы, меншікке “салмақты” немесе “батыл” қарауға болмайды, ал оны ақылды және жомарттықпен пайдалануға болады. 6. Оның меншікті теңдестіре отырып, азаматтардың санын реттемеуі, керісінше, бала туудың саны бірқалыпты болып, азаматтардың санын көбейтпейді, себебі мемлекеттерде қазір байқалып отырғандай, кейбір азаматтардың балалары болмайды деп болжап, бала тууды шектемеуі де қисынсыз. Бірақ бұл жерде мемлекеттерде толық ұқсастық болуы мүмкін емес  -  сол кезде де, қазір де: қазір ешкім мұқтаждық сезінбейді, себебі меншік кез-келген санға бөлінеді, ал сол кезде, меншік бөлінбейтін болғанда, халықтың артық бөлігі, аз болсын немесе көп болсын, ештеңеге ие болмайды.
...8. “Заңдарда” басқарушылардың басқарылып отырғандардан қалай ерекшелетіні де қалыс қалған. Сократ айтады: матаның негізі оның жіптері жасалған жүннен басқа жүннен жасалатыны секілді, осындай қатынас басқарушылар мен басқарылып отырғандардың арасында болуы тиіс. Бірақ кез-келген меншікті бес есе өсіруге болады деп пайымдалса, дәл осыны белгілі бір шекке дейін және жер меншігіне қолданбасқа? Құрылыс салынатын жердің бөлшектенуіне де назар аударған дұрыс, бұл бөлшектену шаруашылыққа зиян әкеліп жүрмесін (ол әрбір адамға құрылыс жүргізу үшін екі жеке жатқан жер бөліп отыр ғой, ал екі үйге бөлініп өмір сүру   -  қиын іс).
   9. Оның мемлекеттік құрылымы жалпы алғанда демократия да, олигархия да емес, олардың арасындағы орта  -  полития деп аталатын құрылым; ондағы толық құқықтылар  - ауыр қару-жарағы барлар ғана. Егер заң шығарушы оны мемлекет үшін оның басқа түрлерінің арасындағы ең жарамдысы деп тағайындаса, мұндай тағайындау дұрыс та болар; бірақ ол осыған дейін сипаттаған түрден кейінгі ең жақсысы десе, қателеседі; кез-келген адам лакедемондық ( Лакедемеон  -  Балқан түбегінің оңтүстік бөлігі Пелопоннесте орналасқан Лаконияда қалыптасқан мемлекеттік құрылым. Орталығы  - Спарта. Өз заманында Грецияның мықты мемлекеті, аристократиялық және олигархиялық күштердің қорғаны болған  -  Г.Н.) мемлекеттік құрылымды немесе  аристократиялық сипаты күшті басқа бір құрылымды мақтар еді.
   10. Кейбіреулер ең жақсы мемлекеттік құрылым барлық мемлекеттік құрылымдардың қоспасы болуы тиіс деп тұжырымдайды;   біреулердің пікірінше, бұл қоспа олигархия, монархия және демократиядан тұрады, сондықтан да олар лакедемондық құрылымды мақтайды: себебі, Лакемедондағы патшалық билік  -  монархияны, геронттар билігі  -  олигархияны бейнелейді, ал демократиялық бастау эфорлардың билігінен көрінеді, өйткені, соңғылары халықтың арасынан сайланады; басқалардың пікірі бойынша, эфория - тиранияның көрінісі, ал демократиялық бастауды олар сисситиялардан және күнделікті қалған өмірден табады.
   11. “Заңдарда” ең жақсы мемлекеттік құрылым  -  демократия мен тиранияны біріктіруде делінеді; бірақ біреу бұларды мемлекеттік құрылымның түрлері деп есептер ме екен, ал егер де есептейтін болса, онда бәрінен нашары деп санар еді. Сонымен, бірнеше түрлерді қосып қарастыратындардың пікірі дұрысырақ, себебі көп түрлерді біріктіруден тұратын мемлекеттік құрылым шынында да ең жақсы болып табылады.
   Әрі қарай, бұл мемлекеттік құрылымда ешқандай да монархиялық бастау жоқ, тек олигархиялық және демократиялық бастау бар екен, және де ол олигархиялыққа жақындау. Бұл лауазымды тұлғаларды тағайындау тәсілінен көрініп тұр: олардың алдын-ала іріктелген адамдардан жеребе бойынша тағайындалатыны бұл құрылымды екі мемлекеттік құрылыммен жақындастырып тұр, бірақ үлкен мүліктік цензге ие адамдар ғана халықтық жиналысқа қатысуға, лауазымды тұлғаларды тағайындауға және жалпы алғанда мемлекеттік істермен айналысуға міндетті екені  - мұның бәрі,  - лауазымды тұлғалардың басым көпшілігі ауқатты адамдардан тағайындалатындығына, ал ең басты лауазымды қызметтерге ең жоғарғы мүліктік цензге ие адамдардың орналасатындығына ұмтылу сияқты  -   олигархияға тән.
   12. Кеңесті толықтыру тәсілін де ол олигархиялық түрде тағайындайды: сайлауға міндетті түрде бәрі қатысады, бірақ бірінші мүліктік топтардың, сонан соң осылайша екінші, әрі қарай  - үшінші топтардың адамдарының арасынан ғана сайлайды; бірақ сайлауға үшінші және төртінші топтардың адамдарының бәрінің қатысуы міндетті емес, ал төртінші топтан сайлауға қатысу бірінші және екінші топтардың адамдары үшін ғана міндетті.   Сонан соң, дейді ол, осылайша сайланған адамдардан әрбір топтан бірдей сан тағайындалуы тиіс. Сайлаудың осындай ретінде адамдардың көпшілігі жоғары мүліктік топтардың адамдары, және де ең жақсылары болып шығады, себебі халықтың кейбіреулері, егер де оларды мәжбүр етпесе, сайлауға қатыспайды.
   13. Мемлекеттік құрылымның осындай түрі демократиялық және монархиялық бастаулардың қосындысы болмайтындығы жоғарыда айтылғаннан белгілі және біз осындай мемлекеттік құрылымды зерттеуге жеткенде айқындала түседі. Лауазымды тұлғаларды сайлауға қатысты мынаны ескеру қажет: сайлау алдын-ала белгіленген үміткерлерден (кандидаттардан) жасалғанда, қауіпті жағдай туындайды: егер адамдардың белгілі бір саны, мейлі тіпті аз болсын, өзара келісімге келгісі келсе, онда сайлау ылғи да олар қалай жасауды қаласа, солай болады.
   “Заңдарда” сипатталған мемлекеттік құрылым осындай.
   IV, 1. Мемлекеттік құрылымның басқа да жобалары бар, оларды бір жағынан, жеке тұлғалар, екінші жағынан -  философтар мен мемлекеттік ер адамдар ұсынған. Бұл жобалар мемлекеттік өмірге негіз болып тұрған мемлекеттік құрылымдарға алдыңғы екі жобаға қарағанда жақынырақ. Балалар мен әйелдердің қоғамдастығы немесе әйелдер сесситиялары сияқты жаңалықтарды ешкім енгізген жоқ; керісінше, бұл жобалардың барлығы   өмір талабынан туған. Кейбіреулер меншікке қатысты керемет реттеу енгізуді ең маңызды деп пайымдайды, себебі, дейді олар,    әдетте осы сияқты істерден бәрінің арасында ұрыс-керіс шығады. Сондықтан Халкедондық Фалей (ол кім екені туралы мәлімет жоқ  -  Г.Н.)  осы мәселеге байланысты мынадай ұсыныс жасады: азаматтарда жер меншігі бірдей болуы тиіс. 2. Оның ойынша, мұны мемлекеттер қалыптасып жатқан кезде бірден өткізу қиын емес; олар қалыптасып кеткен соң қиындау, бірақ меншікті тезірек теңестірген дұрыс болар еді және оны мына түрде жүзеге асыруға болады: байлар жасау беруі тиіс, бірақ алмайды; кедейлер жасау бермейді, бірақ алады.
   Платон “Заңдарды” жаза отырып меншікті белгілі шекке дейін ұлғайтуға болады деп пайымдады, атап айтқанда: осыған дейін айтылғандай, азаматтардың ешқайсысына   оларда бар ең аз меншіктен бес есе көп меншікке ие болуға рұқсат берілмеуі тиіс. 3. Осындай заң ережелерін енгізушілер меншік нормасын тағайындай отырып, балалар санының нормасын да тағайындау қажет екендігін естен шығармаулары керек (ал қазір бұл ескерілмей отыр); өйткені, балалардың саны меншіктің мөлшерінен асып кетсе, онда жер үлесінің теңдігі туралы заң өз күшін міндетті түрде жояды; оның үстіне, байлардың көбі кедейлерге айналып, жаман болады, себебі, мұндай адамдардың  тәртіптерді өзгертуге ұмтылмауы күмәнді.
7. Одан басқа, адамдар арасындағы ұрыс-керіс меншік теңсіздігінен
ғана емес, сый-сияпат, құрметтеу теңсіздігінің кесірінен де туады. Осы екі жағдайдағы ұрыс-керістер қарама-қарсы түрде болады: тобыр меншік теңсіздігінің салдарынан, ал білімді адамдар - сый-сияпат, құрметтеулердің салдарынан ұрыс-керіс шығарады, егер де олар   барлық адамдар үшін бірдей болған күнде. “Бірдей және біртұтас құрмет жасқаншаққа да, батырларға да көрсетіледі” деп осы туралы айтылған. Адамдар бір-біріне әділетсіздікті бірінші қажетті заттарға бола ғана емес (бұған қарсы Фалей меншікті теңдестіруді ұсынды, яғни, ешкім суықтың немесе кедейліктің салдарынан басқаны тонауға мәжбүр болмайды), қуанышты өмір сүріп, өз тілектерін қанағаттандырғысы келгендіктен де жасайды. Егер де олар күнделікті қажеттіден көбіректі көксейтін болса, онда басқаларды осы ұмтылысын қанағаттандыру мақсатымен ренжіте бастайды, және де тек осы үшін ғана емес, ләззатқа бөленіп, қайғысыз, қуанышты өмір сүру үшін де. 8. Осы үш зұлымдыққа қарсы қандай дәрі көмектеседі? Біреулерінде - шағын меншікке ие болу және еңбек, басқаларында  -  ұстамдылық; үшіншілер туралы айтсақ, егер де кімде-кім қуанышты өз бойынан тапқысы келсе, оған тек бір құралға  -  философияға жүгінуге тура келер еді, себебі, басқа құралдарға жету үшін адамдардың көмегі қажет. Ұлы қылмыстар бірінші қажеттілік заттарының салдарынан емес, артықшылыққа деген ұмтылыстың кесірінен жасалады; мысалы, суықтан қашқандықтан тиран болмайды; сондықтан да ұрыны өлтіргенге емес, тиранды өлтіргенге көбірек сый-сияпат тағайындалады. Осылайша, Фалей ұсынған мемлекеттік құрылым ұсақ әділетсіздіктерге қарсы қорғанысты ғана қамтамасыз ете алады.
9. Оның үстіне, ол өзінің мемлекетін оның азаматтары өздерінің
өзара қатынастарында тамаша өмір сүретіндей етіп құрғысы келеді. Бірақ көршілермен және басқа да жат адамдармен    қатынастарды да естен шығармау керек қой. Яғни, мемлекеттік құрылымда әскери қуаттылықты да ескеру қажет, ал бұл туралы, сонымен қатар [мемлекеттің] материалдық қаржылары туралы да ешкім ештеңе айтпады. Шындығында соңғылары мемлекеттің ішкі қажеттіліктеріне ғана емес, сырттан төнетін қауіптер үшін де жеткілікті болуы тиіс. Сондықтан да мемлекеттің материалдық қаржылары оның күштірек көршілері ашкөздік туғызатындай, ал қаржылардың иесі шабуыл жасаушы жауларға тойтарыс бере алмайтындай болмауы тиіс; басқа жағынан алғанда, бұл қаржылар сан жағынан да, сапасы жағынан да бірдей қаржыларға ие мемлекеттермен соғыста төтеп бере алмайтындай аз болмауы керек.
АЛТЫНШЫ КІТАП
   ... 3 ... Ең әуелі демократияны қарастырудан бастаймыз; сонымен бірге оған қарсы құрылым, атап айтқанда, кейбіреулер олигархия деп атайтын құрылым анықталады. 4. Осындай зерттеуде біз демократияның ерекшелік сипаттарын және демократиялық құрылымның ажырамас белгілерін ескеруіміз қажет, себебі осының бәрінің қосындысынан  демократияның жеке түрлері шығады, және де мұндай түрлер біреу емес, бірнеше, оның үстіне, әртүрлі. Демократияның түрлерінің көптігі екі себеппен түсіндіріледі: бірінші себеп туралы біз осыған дейін айтқанбыз: ол  - халықтың әртүрлі болатындығы (халықтың құрамына жер өңдеушілер, басқа жағынан  -  қолөнершілер мен күндік жұмыс істейтіндер; егер де біріншілерге екіншілерді қосса, ал үшіншілерге екеуін бірге қосса, онда айырмашылық  - демократияның жақсы немесе нашар болатындығында емес, оның бірдей болмайтындығында болып шығады). 5. Екінші себеп  -  біз қазір айтып отырған себеп. Атап айтсақ, демократияны айрықшаландыратын және оған тән болып есептелетін ерекшеліктер қалай болғанда да біріге отырып, демократияны өзгертуге әкеледі: бір жағдайда демократияға оған тән ерекшеліктердің аз саны өтеді, басқа жағдайда  -  көбірек, ал үшінші   жағдайда  -  олардың бәрі. Егер де кімде-кім демократияның жаңа түрін жасағысы келген немесе демократияға түзетулер енгізгісі келген жағдай болса, бұл ерекшеліктердің әрқайсысын білген пайдалы. Өйткені, мемлекеттік құрылымның белгілі бір түрін қалыптастыратындар олардың әрқайсысында оған тән ерекшеліктердің бәрін біріктіруге ұмтылады, бірақ бұл жерде олар қате жасайды, ол туралы оған дейін, мемлекеттік құрылымдардың күйреуі мен сақталуы туралы пайымдағанда айтылды. Біз енді әртүрлі мемлекеттік құрылымдардан не талап етілетіні, олардың сипаты және мақсаттары туралы айтамыз.
   6. Демократиялық құрылымның негізгі бастауы   -  еркіндік. Жалпы қабылданған пікір бойынша, тек осы мемлекеттік құрылымның тұсында ғана бәрі еркіндікке ие, себебі, оған, бәрі тұжырымдайтындай, кез-келген демократия ұмтылады. Ал демократияның шарттарының бірі  -  кезек бойынша   басқарылатын және басқаратын болу. Шынында да, демократиялық құқықтың негізгі бастауы  - теңдіктің құндылықтар негізінде емес, сан жағынан жүзеге асатынында; егер де әділеттілік осында болса, онда әрине, жоғарғы билік халықтың қолында және көпшіліктің шешімі ақырғы және әділ шешім болып саналуы тиіс. Барлық азаматтардың құқықтары бірдей болуы тиіс дейді, яғни, демократияларда  жарлылар ауқаттыларға қарағанда көбірек билікке ие болып шығады; өйткені олар көп, ал көпшіліктің шешімі жоғарғы күшке ие. 7. Сонымен, демократияны жақтаушылардың барлығының мойындауы бойынша, демократиялық құрылымның сипаттарының       бірі  -  еркіндік. Екінші бастау  - әркімнің өзі қалай өмір сүргісі келсе, солай өмір сүруі; бұл ерекшелік еркіндіктің салдары дейді, ал құлдықтың салдары  -  қалауы бойынша өмір сүрудің жоқтығы. Сонымен, бұл демократиялық құрылымның екінші ерекшелік сипаты. Осыдан бағыныштылықта болмауға ұмтылыс туды - ең жақсысы, ешкімнің бағынышында болмау, ал егер бұған жету мүмкін болмаса, ең болмағанда кезектесіп бағынышты болу. Осы жағдайда бұл ұмтылыс еркіндіктің тең құқықтылыққа негізделген бастауына сәйкес келеді.
   8. Осы негізгі ережелерден және осындай бастаудан туындата отырып, біз демократиялық деп келесі заңдарды тануымыз қажет: барлық лауазымды тұлғалар азаматтардың құрамынан тағайындалады; бәрі әрқайсысын, жеке алғанда, әрқайсысы  - бәрін, оған кезек жеткенде, басқарады; лауазымды қызмет орындары жеребе бойынша не түгелімен, не ерекше тәжірибе мен білімді қажет ететіндерден басқалары толтырылады; лауазымды қызметке ие болу мүліктік цензге байланысты емес немесе ең жоғарғы емес цензге байланысты; ешкім де бір лауазымды қызметке екі рет ие бола алмайды, тек әскери қызметтен басқасына; барлық қызметтер, немесе мүмкін болғанынша, қысқа мерзімді; сот билігіне бәрі ие, соттар барлық азаматтардан сайланады және барлық істер бойынша, немесе олардың басым бөлігі бойынша, атап айтқанда, маңыздылары мен мәнділері бойынша соттай алады, мысалы: лауазымды тұлғалардың есептері, саяси істер, жеке келісім-шарттар   жақтарынан. Халық жиналысы жоғарғы билікті барлық істерде жүзеге асырады, бір де бір лауазымды қызмет орны ешқандай істе мұндай билікке ие емес, немесе, ең әрі дегенде істердің шектелген шеңберінде ғана ие; немесе басты істерде жоғарғы билікке кеңес ие. 9. Кеңес  -  барлық азаматтарды марапаттау үшін қаржы жоқ жерлерде үкіметтік мекемелер арасындағы ең демократиялық мекеме; басқаша болған жағдайда бұл мекеме өз маңызын жояды, өйткені халық ( “халық” бұл жерде “халық жиналысы” дегенді білдіреді  - Г.Н.) сый ала отырып, барлық істердің шешімін уысында ұстайды (бұл туралы алдыңғы пайымдауда айтылды). Демократиялық құрылымның келесі ерекшелігі  -  марапаттауды бәрінің алатындығы: халық жиналысы, сот, лауазымды тұлғалар, кеңес, әдеттегі халықтық жиналыстар, немесе лауазымды тұлғалардың арасынан бірге тамақтануға тиістері. Олигархия ақсүйек тектілігімен, байлығымен және білімділігімен сипатталса, демократияның белгілері болып қарама-қарсы қасиеттер, яғни, тексіздік, кедейлік және дөрекілік саналуы тиіс. 10. Лауазымды қызмет орнына қатысты айтсақ, олардың ешқайсысы да өмірлік болмауы тиіс, ал егер де олардың  бірі ертеректегі қандай да бір төңкерістің салдарынан осылай қалып отырған болса, онда бұл орынды маңызынан айыру қажет және енді сайлау жолымен емес, жеребе бойынша толтыру  керек.
   Демократияға тән жалпы белгілер осылар. Демократиялық көзқарас тұрғысынан түсінілетін әділеттілік негізінде, атап айтқанда, үлес сан жағынан алғанда бәрінде бірдей болуының негізінде, демократиялық деп танылатын құрылым туындайды және демократиялық мемлекет пайда болады. Теңдік жарлылардың ештеңеде де ауқаттылардың билігінен көп билікке ие болмауында және жоғарғы билікке бір адамдардың емес, бірдей деңгейде (саны жағынан) бәрінің ие болуы. Олар мемлекетте теңдік пен еркіндік осылайша жүзеге асады деп ойлайды.
   11. Бірақ бұл жерде сұрақ туындайды: бұл теңдікке қалай жетуге
болады? Бес жүз адамның мүліктік цензін мың адамға, осы мыңның құқығы бес жүзбен теңесетіндей етіп бөлу қажет пе? Әлде теңдікті осы түрде  енгізбей, бірақ осылайша бөліп, сонан соң бес жүзден де, мыңнан да бірдей алып, лауазымды тұлғалар мен соттарды сайлауды олардың қолына берген дұрыс па? Осындай мемлекеттік құрылым демократиялық әділеттілікке сәйкес ең әділетті бола ма, әлде  тек  көпшілік халықпен санасатын мемлекеттік құрылым көбірек әділетті ме? Өйткені, демократияны жақтаушылар көпшілік шешкен нәрсе әділетті деп тұжырымдайды да, олигархияны жақтаушылар көбірек меншікке ие адамдар шығарған шешім әділ, себебі, олардың пікірінше, меншіктің мөлшерін басшылыққа ала отырып шешім шығару қажет дейді. 12. Бірақ екі жағдайда да теңсіздік пен әділетсіздікті көреміз: егер де азшылықтың шешімдерін мойындасақ, тирания пайда болады (өйткені, бір адам басқа ауқатты адамдардың меншіктерінен көп меншікке ие болса, онда, олигархиялық әділеттілікке сәйкес, жалғыз осы адам ғана билеуі тиіс); ал сан жағынан басым көпшіліктің    шешімдерін мойындасақ, онда, осыған дейін айтылғандай, сан жағынан аз байлардың мүлкін тәркілеген кезде де әділеттілік бұзылады. Сонымен, екі жақтың да көзқарасы тұрғысынан мойындалатын теңдікке жету үшін оны осы екі жақ әділеттілік ұғымына  беретін анықтамалардан іздеу қажет. Олар азаматтардың көпшілігінің қаулылары шешуші күшке ие болулары тиіс деп тұжырымдайды. 13. Жалпы емес көзқарас тұрғысынан болса да, осылай–ақ бола қойсын. Бірақ мемлекет байлар мен кедейлерден құралатындықтан, олардың екеуінің, немесе, екеуінің басым көпшілігінің шешімдері келісімді болып шықса, онда ол шешуші маңызға ие болады; егер де қарама-қарсы қаулылар қабылданатын болса, онда шешуші маңызға көпшіліктің және мүліктік цензі жоғарылардың қаулылары ие болуы тиіс. Мысалы, біріншілері  - он адам, екіншілері  - жиырма; бір қаулыны байлардың алтауы, басқасын - байлығы аздаулардың он бесі қабылдаған; кедейлерге байлардың төртеуі, байларға  - кедейлердің бесеуі қосылды; есептеу жасағаннан кейін қай жақтың мүліктік цензі басымырақ болса, сол жақтың қаулысы шешуші маңызға ие болуы керек. 14. Сан бірдей болып шықса, бұл қиындыққа халық жиналысында немесе сотта дауыстар бірдей бөлінгендегідей қарау керек; істі не жеребе бойынша, не басқа бір тәсілмен шешуге тура келеді. Теңдік пен әділеттіліке қатысты мәселеде ақиқатты табу біршама қиын болса да, бұл белгілі бір артықшылыққа сүйенетін мүмкіндігі барларды өзіңмен келісуге мәжбүр етуден жеңілірек: өйткені, әлсіздеулер әрқашан теңдік пен әділеттілікке ұмтылады, ал күштілер бұл туралы еш қам жемейді.
   II, 1. Демократияның төрт түрінен ең жақсысы - осыған дейінгі
пайымдауларда айтылғандай, реті бойынша бірінші орын алатыны; және де демократияның осы түрі бәрінен көнесі. Мен оны бірінші деп халықтың табиғи бөлінуіне сәйкес атаймын. Шынында да, халықтың ең жақсысы  -   жер өңдеумен айналысатыны; сондықтан да халық жер өңдеумен немесе мал бағумен  айналысатын жерлерде демократияны енгізуге мүмкіндік бар. Меншігі аса үлкен емес болғандықтан, мұндай жерлердегі адамдардың халықтық жиналыстарды жиі ұйымдастыруға бос уақыты жоқ. Қажетті нәрсенің бәріне ие бола отырып, олар өз істерімен айналысады және басқа сырт істер туралы мазаланбайды; оларға саясатпен және қызмет үлкен материалдық пайдамен байланысты емес жердегі басқарумен айналысқаннан гөрі еңбек еткен жағымдырақ. Себебі, адамдардың басым көпшілігі құрметке ие болуға емес, пайда табуға көбірек ұмтылады ғой. 2. Бұл олардың ертеде тиранияға төзгенімен, ал қазір олигархияға шыдап отырғанымен дәлелденеді, тек олардың өз істерімен айналысуына ешкім кедергі жасамаса және ештеңені тартып алмаса болғаны; осы шарттар жағдайында олардың бір бөлігі тез байиды, басқалары мұқтажданбайды. Оның үстіне, олардың атаққұмарлығы болған күнде де, бұл қажеттілік сайлауға қатысу және есеп қабылдау арқылы қанағаттандырылады. Егер де кейбір демократиялық мемлекеттерде, мысалы, Мантинеяда, олар лауазымды тұлғаларды сайлауға қатыспай, азаматтардың құрамынан кейбір сайлаушылар ғана қатысатын болса, бірақ талқылауға бәрі қатысса, көпшілікті осының өзі қанағаттандырады (Мантинеяда бір кездері болған құрылымды демократияның бір түрі деп тану қажет). 3. Жоғарыда айтылған демократияға келесі тәртіп пайдалы да, қарапайым да: лауазымды тұлғаларды сайлауға, олардан есеп қабылдауға халықтың бәрі қатысады, соттардың міндеттерін атқарады, бірақ адамдар жоғарғы қызметтерге сайлау және мүліктік ценз арқылы ие болады, және де, қызмет жоғары болған сайын, ценз де жоғары; немесе, бір де бір қызметке ценздің негізінде ие болмайды, адамның қабілеттері ғана ескеріледі. Осындай құрылымы бар мемлекетте, әрине, жақсы басқару болады, себебі, қызмет орындарына, парасатты адамдарды күндемейтін халықтың еркіне сәйкес, ылғи да ең жақсы азаматтар орналасады.  Парасатты және танымал адамдар мұндай тәртіпке риза болады, себебі, олар өздерінен нашар басқа адамдардың басқаруында болмайды, ал олар әділетті басқарады, өйткені, олардың қызметін бақылау басқалардың қолында болады. 4. Басқаларға белгілі бір деңгейде тәуелді болу және ойыңа не келсе, соны істеуге мүмкіндігің болмауы  -  пайдалы іс: себебі, әрбір адамға өз қалауы бойынша жасау мүмкіндігін беру әрбір адамның бойында бар жаман нәрседен сақтандыра алмайды. Осылайша, мемлекетте ең пайдалы нәрсе сөзсіз шығады  -  қателесуге ең аз ұрынатын парасатты адамдар басқарады, ал халықтың көпшілігі ештеңеден мұқтаждық көрмейді. Демократияның осы түрі ең жақсы екендігі анық және мына себеп бойынша: халық оның тұсында белгілі бір сапаларға ие.
ЖЕТІНШІ  КІТАП
   Ең жақсы мемлекеттік құрылым туралы осы ізденісті ұсынушы ең әуелі қандай өмір құрметтеуге лайық екендігін дәл анықтап алуы қажет. Егер де ол анықталмаған күйде қалса, онда, әрине, қандай мемлекеттік құрылым ең жақсы деп танылуы тиіс екендігі белгісіз болады. Өйткені, ең жақсы мемлекеттік құрылымда өмір сүрушілер оларды қоршаған ортаның әсерімен ең бақытты өмір сүрулері тиіс, егер де оған қандай да бір күтпеген кездейсоқтықтар кедергі болмаса. Сондықтан да ең әуелі қандай өмір салты, жалпы айтқанда, ең тәуір екендігі туралы келісімге келіп алу қажет, сонан соң ол адамдардың бәрі мен жеке адамдар үшін бірдей ме, әлде әртүрлі ме деген сұрақты шешу керек.
   2. Біздің эксотерикалық (қазіргі тілде экзотерикалық - адамдардың бәріне түсінікті дегенді білдіреді - Г.Н.) пайымдауларымызда ең жақсы өмір туралы сұрақ жеткілікті толық түрде баяндалады деп ойлай отырып, біз оларды енді де қолданамыз. Шынында да, оларда көрсетілген жіктеуді негізге ала отырып, игіліктің үш түрі бар екендігіне ешкім күмәндана қоймас: сыртқы, физикалық және рухани; бұл игіліктердің бәрі бақытты адамдардан көрініп тұруы тиіс. Өйткені, ерлікке, ұстамдылыққа, әділеттілікке, пайымдылыққа ең болмағанда аз ғана деңгейде болса да  ие емес, ұшып бара жатқан шыбыннан қорқатын, аштығы пен шөлін басу үшін ештеңеден де тайынбайтын, бақырға бола ең жақын достарын құрбан ететін, пайымсыз және адасуға бейімділігі соншалық, сәбиге немесе ақылы ауысқанға ұқсас адамды ешкім де бақытты деп атамайды. 3. Бірақ осыған байланысты бәрі дерлік толық келісімге келгендіктен, осы игіліктердің шамасы мен салыстырмалы құндылығына қатысты келіспеушілік бар. Бірақ адамдар асыл қасиеттерге тіпті мардымсыз деңгейде болса да ие болу  жеткілікті деп таныса, өздерінің байлыққа, меншікке, құдіреттілікке, даңққа және басқаларына деген ұмтылысында олар ешқандай шек дегенді білмейді. Біз болсақ, оларға бұл жердегі істің  қандай екендігіне фактілердің көмегімен жеңіл көз жеткізуге болады дейміз; сыртқы игіліктер арқылы асыл қасиеттерге қол жеткізілетіндігіне және қорғалатындығына емес, керісінше, асыл қасиеттер арқылы сыртқы игіліктерге қол жеткізілетіндігіне және қорғалатындығына; өмірдегі бақыт,  -  ол адамдар үшін рахаттар, немесе асыл қасиеттер, немесе екеуі де бола ма, жоқ па,  -  жақсы мінез-құлық және ақыл-оймен мол безендірілген, сыртқы игіліктерге қол жеткізуде қанағат танытатын адамдарға  сыртқы игіліктерге көбірек қол жеткізген, бірақ ішкі игіліктері кедей адамдарға қарағанда әлдеқайда көп қонатынына назар аударылса ғана болғаны.
   4. Теориялық пайымдау да осындай қорытындыларға әкеледі. Сыртқы игіліктердің, қару сияқты  -  ал кез-келген қару қандай да бір мақсатқа жарамды,  -  шегі бар; олардың тым көптігі иесіне міндетті түрде зиян әкеледі немесе не болғанда да ешқандай пайда әкелмейді; ал  рухани игіліктердің кез-келгені, ол қаншалықты артық болған сайын, соншалықты пайдалы болады, егер де оларды тек әсем ғана емес, пайдалы да деп қарастыру мүмкін болса. Біздің айтарымыз  -  бірінің басқасынан артықшылығын анықтау мақсатымен салыстырылатын заттардың жоғарғы жетілгендігі біз олардың арасындағы әрқайсысын жеке алып зерттегенде анықтайтын айырмашылықтарына тікелей қатынаста екені айқын. Осылайша, жан өздігінен де, бізге, адамдарға қатысты да меншік пен тәнге қарағанда көбірек құнды болып табылатын болса, онда, әрине, олардың ең жетілген күйі осындай қатынаста болуы тиіс. Әрі қарай, мұның бәрі, әрине, жанға тілейтін нәрселер, сондықтан игі ойлайтын адамдардың бәрі оларды жанға тілеуі қажет, керісінше,  - жан оларға емес. 5. Сонымен, әрбір адамның үлесіне асыл қасиеттер мен ақыл-ой және онымен үндескен іс-әрекет қаншалықты болса, соншалықты бақыт тиеді деп келісіп аламыз; мұның кепілі  - сыртқы игіліктердің арқасында емес, өздігінен және оның табиғатына тән қасиеттердің арқасында бақытты және шаттыққа бөленіп отырған құдай. Бақыттың сәттіліктен айырмашылығы, әрине, осында: сыртқы игіліктер, рухани игіліктер емес, біздің үлесімізге кездейсоқтық пен бақытты тағдырдың арқасында тиеді, бірақ тағдыры бойынша және оның арқасында әділетті және ұстамды бола алатын ешкім жоқ.  Осы негіздемелерден туындайтын тұжырымның салдары болып ең жақсы мемлекет сонымен қатар бақытты және берекелі мемлекет екендігі, ал берекеге бөлену әсем  істер жасамағандар үшін мүмкін еместігі табылады; асыл қасиеттер мен ақыл-ойға ие болмай, адам да, мемлекет те ешқандай әсем іс жасай алмайды. Ерлік, әділеттілік және ақыл-ой әрбір жеке адамның бойында қандай маңыз бен түрге ие болса, мемлекетте де соған ие, адам оларға қатыстылығының арқасында әділетті, пайымды және ұстамды деп аталады.              
   Әрбір жеке адамның бақыты мен мемлекеттің бақытын бірдей немесе бірдей емес деп тану керек пе екенін талдау қалды. Бұған жауап анық, себебі, бірдей дегенмен бәрі келіседі. Бір адамның бақыты байлықта деп ойлайтындар, тұтас мемлекетті де, егер ол бай болса, бақытты деп таниды. Тиранның өмірін көбірек құрметтейтін адам билігі өте көп адамдарға тарайтын мемлекетті ең бақытты деп тануға әзір. Ақырында, бір адамды оның асыл қасиеттеріне байланысты бағалайтын адам игі қасиеттері басымырақ мемлекетті көбірек бақытты деп санайтын болады.
   3. Сонымен, ең жақсы мемлекеттік құрылым ретінде оның ұйымдастырылуы әрбір адамға рахаттану және бақытты өмір сүру мүмкіндігін беретін мемлекеттік құрылымды  тану қажет. Бірақ асыл қасиеттердің талаптарына сай өмір дұрысырақ дегендердің өздері нені дұрыс деп таңдау керек деп пікір таластырады: саяси және практикалық іс-әрекет (politikos kai praktikos) өмірі ме, әлде кез-келген сыртқы қызметтен азат, мысалы, кейбіреулер философтарға ғана лайық дейтін пайымдау өмірі ме. Абырой мен ар-намысты бәрінен жоғары қоятын адамдар ылғи дерлік осы екі өмір салтының  - іс-әрекетті және философиялық  -  бірін таңдайтынын көру оңай; бұрын да солай еді, қазір де солай. 4. Ақиқаттың қай жақта екенін білу маңызды, себебі, кез-келген дұрыс ойлаушы адам да, мемлекет те ең дұрыс қойылған мақсатты ұстанулары тиіс. Біреулердің пікірі бойынша, өз жақындарыңның үстінен деспотиялық (қатал, өктем  -  Г.Н.) билік жүргізу  -  өте әділетсіз іс, ал олардың үстінен азаматтық билік жүргізуде тұрған ешқандай әділетсіздік болмаса да, ол билеушінің өзінің бақытты өмір сүруіне кедергі жасайды. Басқалардың пікірі мүлдем қарама-қарсы: практикалық іс-әрекеттік және мемлекеттік өмір ғана ер адамға лайық, себебі әрбір асыл қасиетті қолдану арқылы жеке адамға емес, қоғамдық және мемлекеттік істермен айналысатын адамға ғана үлкен кеңістік ашылады. 5. Біреулер осылай ойлайды, басқалары мемлекеттік құрылымның деспотиялық және тираниялық түрлері бақытты деп тұжырымдайды. Сонан соң, кейбіреулер мемлекеттік құрылым мен заңдардың ерекше белгісі   -  олардың көршілеріне деген үстемдігі дейді. Сондықтан да, көп жағдайларда заңдардың көпшілігі ретсіз, хаос күйінде болғанымен, олар белгілі бір мақсатқа ие жерде заңдардың барлығы басқаларды билеуге бағытталған. Мысалы, Лакедемон мен Критте барлық дерлік тәрбие мен заңдардың көбі соғысқа арналған. Басқалардан үстем бола алатындай  жеткілікті күшті грек тайпаларының бәрінде дерлік, мысалы скифтерде, перстерде, фракийлерде, кельттерде әскери қуаттың маңызы зор...
   8. ...Адамдардың көпшілігі саясаттың міндеті деспоттық түрде билеу деп есептейді және өздеріне қатысты әділетсіз және пайдасыз деп санайтын әрекеттерді басқа адамдарға жасауға ұялмайды; олар өздерінде әділетті билікке ұмтылады, ал басқа адамдарға қатысты әділеттілік туралы еш қам жемейді.
   9. Бірақ біреулерге табиғатынан деспотиялық биліктің астында болу, ал басқаларға мұндай биліктің астында болмау тән болса, онда, іс осылай болғандықтан, бәрін деспотиялық түрде билеуге ұмтылу қисынсыз, тек қана оған жататындарды ғана билеуге болады; той немесе құрбандық шалу жасау үшін адамдарды емес, аң аулау объектісі болып табылатын мақұлықтарды ғана аулайды ғой, тағы хайуандар, және де олардың еті жеуге жарайтындары ғана осындай.
   10. Осыдан шығатыны, әскери істер туралы қам жеуді әсем, бірақ бәрінің жоғарғы және басты мақсаты емес, оған жету құралы деп есептеу қажет. Заң шығарушы мемлекетті, адамдар тегін, жалпы алғанда адамдардың кез-келген басқа араласуын игілікті өмірге және олар үшін мүмкін болатын бақытқа бөленушілер ретінде көруге ұмтылуы тиіс. Әрине, тағайындалатын заңдардың  кейбіреулері бірдей болмайды; сондықтан, қандай көршілерге, егер де олар бар болса,  қандай шаралар қолдануға болатыны және олардың әрқайсысына осындай шараларды қандай түрде қолдану керектігі заң шығаруға байланысты.            
 
   IV, 1. ... зерттейтін нәрселердің қалғандарын қарастыруға, ең әуелі,  қалаған құрылымға ие бола алатын мемлекетке алдын-ала қандай талаптар қойылуы тиіс екендігін анықтауға кірісетін уақыт жетті. Өйткені, ең жақсы мемлекеттік құрылым қажетті сыртқы шарттарсыз пайда бола алмайды. Сондықтан да біз осындай алдыңғы шарттардың көбін ұсына аламыз, бірақ олардың бір де бірі орындалмайтын болмауы тиіс. Мен, мысалы, азаматтардың саны мен территорияның көлемі туралы айтып тұрмын.
   2. Кез-келген қолөнершіде, мысалы, тоқымашыда, кеме жасаушыда оның жұмысына жарамды материал болуы керек; және де, осы материал жақсы жасалған болған сайын, қолөнер туындылары да әсем болатыны өзінен-өзі түсінікті. Дәл осылайша мемлекет қайраткері мен заң шығарушының қарамағында лайықты және жарамды материал болуы тиіс. Мемлекеттің өмір сүруін қамтамасыз ететін бірінші шарт  -  азаматтар жиынтығы; олардың саны қаншалықты көп болуы, олар қандай табиғи сапаларға ие болуы тиіс, территорияның көлемі мен сипаттары қандай болуы қажет  деген сұрақ туындайды.
   3. Көп адамдар бақытты мемлекет көлемі жағынан үлкен болуы тиіс деп ойлайды. Осы пікір әділ болған күнде де, олар қандай мемлекеттің үлкен және  шағын екендігін түсінбейді. Мемлекеттің көлемін олар оның халқының санымен өлшейді; бірақ санға емес, мүмкіндіктерге назар аударған дұрыс болар. Өйткені, мемлекеттің де өз міндеттері бар ғой, сондықтан да ұлы мемлекет деп осы міндеттерді ең жақсы түрде орындай алатын мемлекетті тану қажет. Мысалы, Гиппократты одан бойы биік адаммен салыстырғанда адам ретінде емес, дәрігер ретінде үлкен деп айтуға болады.4. Өлшем  ретінде сан алынғанда да кездейсоқ санды басшылыққа алуға болмайды (мемлекеттерде сан жағынан көп құлдар, метектер (метектер  - полиске қоныс аударған еркін, бірақ азаматтық құқтары жоқ адамдар  -  Г.Н.)  және жатжұрттықтар міндетті түрде болады ғой), бірақ мемлекеттің бөлігін құрайтын және оның маңызды меншігі болып табылатын халықты ғана есепке алу қажет. Осындай халықтың шамадан көп болуы үлкен мемлекеттің белгісі, ал қолөнершілер көп те, ауыр қаруланғандар аз мемлекетті үлкен мемлекет деп сануға болмайды: өйткені, үлкен мемлекет пен халқы көп мемлекет екеуі бір нәрсе емес.
   5. Бірақ та халқы өте көп мемлекетті жақсы заңдармен басқару, мүмкін емес демей-ақ қояйық, қандай қиын екенін тәжірибе көрсетті; ең аз дегенде көретініміз - құрылымы керемет деген атағы шыққан мемлекеттердің бәрі өз халқының шамадан тыс көбеюіне жол бермейді. Бұл логикалық пайымдаулардың негізінде де айқын; өйткені, заң дегеніміз белгілі бір тәртіп қой; игілікті заңдылық, күмәнсіз, жақсы тәртіп, ал сан жағынан алғанда шамадан тыс көп болғанда тәртіп болмайды. Бұл осы әлемнің де (oikoymenen) бірлігін бекітетін құдайы күштің ісі болар еді. 6. Керемет әдетте сан мен көлемнен көрінеді; сондықтан да көлем мен жоғарыда көрсетілген шек біріккен мемлекет сөзсіз керемет болып табылады. Бірақ та басқа нәрсенің бәрі  - жануарлар, өсімдіктер, құралдар  - үшін секілді, мемлекеттің көлемі үшін де белгілі шама бар. Шынында да, олардың әрқайсысы өте кішкентай немесе көлемі көзге түсетіндей болса, оған тән мүмкіндіктерді жүзеге асыра алмайды, бір жағдайда өзінің табиғи қасиеттерін мүлдем жоғалтады, басқасында  -  жаман күйге түседі... 
   7. Дәл осылайша, тұрғын халқы өте аз мемлекеттің өзіндік маңызы болмайды (ал мемлекет өзіндік маңызы бар нәрсе). Шектен тыс көп халқы бар мемлекет шындығында өзінің маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға қатысты өзіндік маңызы бар болып табылады, бірақ ол мемлекеттік бірліктен гөрі тайпалық бірлік, себебі оған қандай да бір дұрыс құрылымға ие болу оңай емес. Шынында да, шектен тыс  мөлшерге дейін өскен осындай көптіктің әскер басшысы кім болады, Стентордың (грек аңызы “Илиаданың” кейіпкері, дауысының зор болғаны соншалық, оның дауысын 50 ер адам баса алмаған  -  Г.Н.) дауысындай дауысы бар адам болмаса, кім жаршы болады? Осыдан шығатыны, мемлекеттің алғашқы түрінде тұрғын халықтың саны ең әуелі саяси араласудың негізінде игілік өмір құру үшін өзіндік маңызы болатын шамада болуы тиіс. Бірінші мемлекетті халқының саны жағынан басып озатын осындай мемлекет одан үлкен болуы да мүмкін; бірақ, біз осыған дейін көрсеткендей, халықтың бұл өсуі шексіз болмауы керек.  Ал халықтың шамадан артық болуының шекарасы қандай екенін істің шын күйінен оңай байқауға болады. Мемлекеттің қызметі билеушілер мен бағынушылардың арасында бөлінеді; біріншілердің міндеті  -  бұйрықтар беру және сот үкімдерін шығару. Әділеттіліктің негізінде шешім шығару үшін және қызметтерді оларға лайықты адамдарға бөліп беру үшін азаматтар бір-бірін, кімнің қандай қасиеттерге ие екендігін міндетті түрде білулері тиіс, мұндай жағдай жоқ болған жерде қызметтерді толтыру ісі де, сот істерін қарастыру да міндетті түрде нашар болады. Өйткені, осы екі жағдайда да ойланбай іс жасау әділетсіз болады, ал адам көп болғанда осындай жағдай сөзсіз орын алады. 8. Оның үстіне, жатжұрттықтарға да, метектерге де азаматтық құқықтарды алу оңай, себебі тұрғын халық шамадан артық болғанда, мұны іске асыру жеңіл. Сонымен, мемлекет үшін ең жақсы шек келесі нәрсе екені түсінікті: өзіндік маңызы болуды көздеген мақсатпен тұрғын халықтың санының көп болуы мүмкін, ол және де оңай шолынып отыратын болуы тиіс. Мемлекет көлемін біз осылайша анықтаймыз.
V, 1. Территория туралы сұрақ та шамамен алғанда осылай. Оның қасиеттеріне келсек, кез-келген адам мемлекетке өзіндік маңызды қамтамасыз ететін территорияны мақұлдар еді. Әртүрлі өнімдер беретін территория осындай, себебі, өзіндік маңыз дегеніміз ештеңеге мұқтаждықтың болмауы. Территорияның көлемі оның халқы бос уақытты пайдаланып, еркіндікке рахаттанып және сонымен қатар ұстамды өмір сүре алатындай болуы тиіс...
   2. Территорияның жалпы сипатын анықтау қиын емес (стратегияны түсінетін адамдардың кейбір нұсқауларымен де есептесу керек қой): ол басып кіруге қиын, бірақ ыңғайлы қақпалары бар территория болуы қажет. Оның үстіне, біздің тұжырымымыз бойынша, мемлекеттің халқы оңай шолынатын болуы тиіс дегеніміз секілді, территория да оңай шолынатын болуы тиіс: “оңай шолынатын” дегеніміз оны оңай қорғауға болады дегенді білдіреді.  Қаланы, егер де оның орналасқан жері ең жақсы тілектерге сәйкес болуы тиіс болса, оны теңізге қатысты да, мемлекеттің қалған территориясына қатысты да бірдей жақсы орналасатындай етіп салу қажет. Бір шартты назардан тыс қалдырмау керек: қала  оны қоршап тұрған барлық кеңістіктің ортасындағы,  одан барлық жақтарға көмек жіберу мүмкін болатындай орталық тірек-пункт болуы тиіс. Басқа шарт  - қалаға азық-түлікті жеткізу оңай болу қажет; әрі қарай, оған орман материалдарын және елдегі басқа да өңделетін  материалдарды көлікпен жеткізу ыңғайлы болу керек.                   
   3. Жақсы заңдар арқылы басқарылатын мемлекеттер үшін теңізге жақын болу пайдалы ма, әлде зиянды ма деген мәселе бойынша әртүрлі пікірталастар  көп. Мемлекеттегі адамдардың көп болуының пайдалы еместігі секілді, басқа заңдар жағдайында тәрбиеленген жатжұрттықтардың мемлекетте ұзақ уақыт болуы ондағы игілікті заңдылықты сақтауға пайдалы емес деп айтады; адамдардың көптігінің себебі  -  теңіз қатынастары ыңғайлы болғандықтан себепті мемлекетке шетелдерден көптеген саудагерлер келіп, осында өмір сүреді, ал бұл жағдай жақсы басқаруға қарама-қарсы.
   4. Көрсетілген ыңғайсыздықтарды есепке алмасақ, қаланың және мемлекеттің бүкіл территориясының теңізбен байланыстылығы мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін де, оны қажетті нәрселермен молынан жабдықтау үшін де үлкен артықшылық беретіні айдан анық. Өйткені, өздеріне пана іздеуге, жаудың шабуылына төтеп беруге тура келетіндер үшін көмек екі жақтан қатар  - құрлықтан да, теңізден де  -  келгенде, әлдеқайда жеңіл; мемлекет үшін екі жол да ашық болғанда, шабуыл жасаушыға екі жақтан болмаса да, бір жақтан соққы беру де жеңілірек. Мемлекетке өзінде жоқ қажетті өнімдерді алу, ал өз өнімдерінің артығын шетелге өткізу дәл осылайша ыңғайлырақ, себебі, мемлекет сауданы басқалардың мүддесін емес, өз мүддесін көздеп жүргізуі тиіс. 5. Өздерін басқалар үшін сауда алаңына айналдырғандар мұны өз пайдасы үшін жасайды, бірақ осындай пайдаға ұмтылу қажет емес мемлекеттерде мұндай айлақ болмауы тиіс. Біз енді көріп отырғандай, көптеген елдер мен қалаларда порттар мен айлақтар бар, олар қалаға қатысты тамаша орналасқан, онымен тұтасып кетпеген, бірақ одан өте алыс емес және қала өзінің қабырғалары мен осы сияқты бекіністерінің арқасында олардан үстем.  Егер айлақтармен араласудың нәтижесінде қандай да бір игілікке қол жеткізілетін болса, бұл игіліктің халыққа қалатыны түсінікті; егер қандай да бір зиян келетін болса, өзара қатынасқа түсуге кімге болатынын және кімге тиым салынатынын анықтайтын қажетті заңдар шығару жолымен оның алдын алуды  жеңіл жүзеге асыруға болады.
  
VI, 1.  Азаматтық тұрғындардың қажетті саны тураы біз жоғарыда айттық; енді олар қандай қасиеттерге ие болуы тиіс екендігі туралы айтамыз. Әйгілі эллиндік мемлекеттерге және әртүрлі тайпалардың бүкіл әлемде таралуына назар аударып, бұл туралы жеткілікті айқын түсінік алуға болады. Салқын климатты  елдерді мекендеуші тайпалардың бойы, әсіресе Европада, ерлікке толы, бірақ оларға ақыл мен қолөнерге қабілеттілік жетіспейді. Сондықтан да олар өз еркіндігін ұзағырақ сақтайды, бірақ мемлекеттік өмірге қабілетсіз және өздерінің көршілеріне үстемдік ете алмайды. Азияны мекендеушілер рухани жағынан ақылды және қолөнерге қабілетті, бірақ оларға ерлік жетіспейді; сондықтан да олар бағыныштылықта және құлдық жағдайда өмір сүреді. Эллиндер тегі болса, орталықтан орын алып, өзінде екі қасиетті де біріктіреді: ол ер мінезге де, ақыл қабілеттеріне де ие; сондықтан да өзінің еркіндігі сақтайды, ең жақсы мемлекеттік құрылымда өмір сүреді және басқаларды билеуге қабілетті, егер де бір мемлекеттік құрылымның астында біріктірілген болса. 2. Осы айырмашылық жеке эллиндік тайпалардың арасында да байқалады: біреулерінің   табиғаты біржақты, басқаларында осы екі қасиет бірге.  Асыл қасиеттерге зеректігіне қатысты заң шығарушылар үшін икемді адамдар табиғатынан ақылды және ер болуы тиіс екендігі түсінікті. Кейбіреулердің пікірі бойынша, күзетшілер ерекшеленетін қасиет  -  өз адамдарына деген достық көзқарас және жат адамдарға деген қаталдық  - одан достық сезім туындайтын рухтың ерлігі, өйткені, бұл  жанның қабілеті, оның арқасында біз сүйе аламыз. 3. Мұның дәлелі  -  бөтен адамдар емес, жақын адамдарымыз бізге назар аудармағанда рух көбірек ренжиді. Архилохтың (біздің дәуірімізге дейінгі 650 ж. Парос аралында дүниеге келген көне грек ақыны  -  Г.Н.) өз достарын сөге отырып, өзінің рухына: “Достарың туралы қиналасың” деуі де сондықтан. Барлық адамдардағы билеуші және еркін бастау дәл осы күшке байланысты: өйткені, рух өктемдігімен ерекшеленеді және бағыныштылыққа төзбейді...
   VII, 1. Табиғат жасаған басқа күрделі құрылымдарда тұтас онсыз өмір сүре алмайтын нәрсенің бәрі бірдей осы тұтастың бөлігі еместігі секілді, мемлекет өмір сүруге қажеттінің бәрін оның бөліктері деп есептеуге болмайды; дәл осыны біртекті бөліктерден тұратын кез-келген басқа араласуға да қолдануға болады (өйткені,  араласуға қатысушы адамдарда,  - олар тең немесе тең емес үлес ала ма, жоқ па, одан тәуелсіз,  -  ортақ және бірдей бірдеңе міндетті түрде болуы тиіс, ол, мысалы, азық, немесе территорияның көлемі, немесе, осы секілді басқа бірдеңе болуы мүмкін). 2. Бірақ біреуі  -  құрал, екіншісі  - мақсат болғанда,  олардың арасында ортақ ештеңе жоқ, біреуі белсенді, екіншісі енжар роль атқаратынын айтпағанда. Әртүрлі құрал мен жұмысты атқарушы - бір жағынан, ал осы құралдың және осы жұмысшының көмегімен өндірілетін жұмыс - екінші жағынан  осындай қатынаста болады. Үй мен үйді салушының арасында оларды байланыстырып тұрған ештеңе жоқ, бірақ үй құрылысшысының өнері үй үшін бар болып отыр. Сондықтан мемлекеттің де меншігі болуы тиіс, бірақ меншіктің өзі, оған көптеген жанды мақұлықтар кірсе де, мемлекеттің бөлігін құрамайды. Ал мемлекет - бір-біріне ұқсас адамдардың мүмкіндігінше жақсы өмірге жетуді мақсат тұтып араласуы.  
   VII, 3. Жоғарғы игілік - бақыт, ал бақыт жетілген қызмет пен асыл қасиеттерді қолдану  болғандықтан және бір адамдардың асыл қасиеттерге қатысы бар да, басқалары  -  аз деңгейде қатысты немесе мүлдем қатысы жоқ болып шыққандықтан, мемлекеттердің әртүрлі түрлері мен бірнеше мемлекеттік құрылымдардың қалыптасуына әкелген дәл осы екендігі түсінікті: адамдар әртүрлі тәсілдермен және әртүрлі құралдармен өмір мен мемлекеттік құрылымдардың әртүрлі түрлерін жасайды. Енді қарайық, мемлекеттің  өмір сүруі онсыз мүмкін емес нәрселер қанша екен; біз мемлекеттің бөліктері деп атайтын нәрселер қажетті түрде осында біріктірілген. 4. Сонымен, біз мемлекеттің  міндеттерін (erga) тізіп шығуымыз керек, сонда сұрақ түсінікті болады. Ең әуелі азық-түлік болуы тиіс; сонан соң  -  қолөнерлер (адам өмірі көптеген құралдарды қажет етеді); үшіншіден   - қару-жарақ (қару мемлекеттік араласуға қатысушыға мемлекеттің ішіндегі бағынбайтындарға қарсы билікті қолдау үшін де, сыртқы жауларға қарсы да, егер де олар режітуге талпынған күнде,  қажет); өзіндік қажеттіліктер мен әскери қажеттіліктер үшін ақшалай қаржы қоры; бесіншіден, және бұл ең әуелі, діни ғибадатқа қамқорлық жасау, яғни, абыздық деп аталатын нәрсе; санау бойынша алтыншы, бірақ ең қажетті  -  азаматтардың өзара қатынастарында ненің пайдалы, ненің әділетті екендігі туралы шешім. 5. Кез-келген мемлекет қажет ететін заттар, міне осы; себебі, мемлкет адамдардың кездейсоқ жиынтығы емес, біз тұжырымдайтындай, өзіндік маңызға ие болып өмір сүруге    қабілетті жиынтығы, ал егер де біз тізіп шыққандардың арасынан бірдеңе жетіспесе, онда бұл араласу өзіндік маңызға ие бола алмайды. Сонымен, мемлекет біз тізген міндеттерге сәйкес бөліктерден тұруы тиіс. Яғни, онда тамақпен қамтамасыз ететін жер жыртушылардың белгілі бір саны, қолөнершілер, әскери күш, ауқатты адамдар, абыздар мен ненің әділетті және пайдалы екендігі туралы шешімдер шығаратын   адамдар болуы керек.
 
                               “Аристотель. Политика. Афинская полития. Москва, Мысль,            
                                             1997” кітабынан аударылды. Ескерту: негізгі тұжырымдар      
                                             ерекше белгіленді.  
Лек5 мінде                                   Аристотельдіттерді ең жақы    11
ЕКІ.НШІСА
  
                     
ЖЖққлұқ
МАРК ТУЛЛИЙ ЦИЦЕРОН
ТУСКУЛАНДЫҚ СҰХБАТТАР
Өлімді жек көру туралы
5 тарау
                                                
   A. (auditor  -  тыңдаушы). Мен өлімді зұлымдық деп есептеймін.
   M. (magister  - ұстаз). Өлгендер үшін бе, әлде өлетіндер үшін бе?
   А. Екі жақ  үшін де.
   М. Егер ол зұлымдық болса, онда  бақытсыздық болғаны ғой?
   А. Әрине.
   М.Яғни, өлгендер де, өлетіндер де  -  бақытсыздар ма?
   А. Менің ойымша, солай.
   М.Яғни, бір де бір бақытты адам жоқ па?
   А. Бір де бір.
   М. ...Онда дүниге келгендердің және келетіндердің бәрі бақытсыз ғана емес, мәңгілік бақытсыз адамдар деп мойындау керек.
   А. Мен дәл осы пікірді ұстанамын.
   М. ...өлім тек зұлымдық емес, ол игілік те.
  XIV тарау
   Барлық адамдардың өздерінің өлімдерінен кейін не болатыны туралы мазалануы - жанның өлмейтіндігін табиғаттың өзі үнсіз мақұлдайтындығының дәлелі.
   ...Балалардың дүниеге келуі, есімдерінің ұрпақтан ұрпаққа берілуі, ер балаларды асырап алу, өсиет жазудағы мұқияттылық, құлпытастар, олардағы жазулар - осының бәрі біздің болашақ туралы ойлайтынымыздың белгісі емес пе? Әрбір ұрпақтың өкілін осы ұрпақтың ең жақсы өкілдерінің арасынан таңдау керек екендігіне, сен, әрине, күмән келтірмейсің. Ал өздерін адамзатқа қызмет ету және оны қорғау үшін дүниеге келгенбіз дегендердің табиғаты адам ұрпағының ең жақсысы емес пе? Геркулес құдайларға кетті - бірақ ол адам болған кезінде өзіне жол салмаса, оларға ешқашан да кетпес еді. Бұл ежелден келе жатқан және дін құрметтеген ақиқат.
 
XV тарау
  
   Біз мемлекетіміздегі қаншама ұлы ерлерімізді Отан үшін жан қиған деп есептейміз  - ал бұл адамның есімі оның өмірімен шектелмейтінін білдірмей ме. Егер өлмейтіндігіне деген үлкен үміті болмаса, ешкім де Отан үшін өмірін құрбан етпес еді.
   Қалай екенін білмеймін, ұрпақтардың ақылында болашақ туралы көрегендік орнығып қалған секілді; ең ұлы, ең асқақ деген жандарға бұл көбірек тән және олардан жеңілірек байқалады. Ол болмаса кімнің тынымсыз еңбек пен қауіп жағдайында өмір сүргісі келер еді? Мен мемлекет қайраткерлері туралы айтып отырмын, ал ақындар ше? Олар өлімнен кейінгі даңқты аңсамай ма? Тіпті қолөнершілер де өлімнен кейін даңққа ие болғысы келеді. ... Ал біздің философтар  -  олар даңққа деген жеккөрінушілік туралы кітаптарының мұқабасына есімдерін жазады емес пе?
   Гармония, біз білетіндей, дыбыстар мен олардың арасындағы аралықтардан тұрады; олардың әртүрлі үйлесімі көптеген гармонияларды құрай алады. Бірақ жаны жоқ дененің мүшелері мен формасы қандай гармония құрайды, бұл маған түсініксіз.
   ... жан көреді және естиді.
   Дене  - жанның сауыты немесе әлдебір қоймасы секілді; сенің жаның жасаған нәрсенің бәрін сен жасайсың.
   ...”өзіңді өзің танып-біл” дей отырып, ол “өз жаныңды танып-біл” дейді. (Аполлон).
   ... адамның жаны ең алдымен есте сақтау қабілетіне ие және ол сансыз көп заттарды шексіз сақтай алады, оны Платон бұрынғы өмірді еске түсіру деп есептейді.
   Бұл жан қайда орналасқан және оның қасиеттері қандай? Сенің жаның қайда немесе ол қандай? ... Жан өзін өзі көре алмайды, бірақ ол көз секілді, өзін көрмесе де, басқаны көреді.
   Ол маңызы шамалы нәрсені - өзінің формасын көрмейді (мүмкін көретін де шығар, бірақ бұл сұрақты қозғамайық), оның есесіне, ол өзінің күшін, зеректігін, еске сақтау қасиетін, қозғалмалылығын, жылдамдығын көре алады. Бұл оның ұлы, құдайы, мәңгілік қасиеттері. Ал оның сыртқы түрі қандай және ол қай жерде орын тепкен, ол туралы сұрап керегі жоқ...
Цицеронның жеке пікірлерінен
   Мемлекет пен қалалардың ақиқат мақсаты - адамдардың өз меншігіне еркін ие болуы мен қауіпсіз өмір сүруінде. (De officiis).
   Еркін адамға жер өңдеуден жақсы, мол, жағымды болатын лайықты  ештеңе жоқ.
   Біз биік және ұлы мақсаттар үшін жаралғанбыз. ... Сенің бойыңда салдарларды алдын-ала көре білу қабілеті, нәпсіні тыя білетін ұят, адам қоғамының игілігіне адал әділеттілікті қорғау, тынымсыз ерліктер мен үнемі төніп тұрған қауіптердегі өлім мен ауруды жек көру сезімдері бар. Бұлардың бәрі  - рухани басымдықтар. (De natura)
       
ЛЮЦИЙ АННЕЙ СЕНЕКА
                                                                                   
АҒАМ ГАЛЛИОНҒА
  
   I. Адамдардың бәрі бақытты өмір сүргісі келеді, бірақ олар бақытты өмірдің не екенін бұлдыр елестетеді. Ал соңғысына жету өте қиын. Сондықтан да біз ең әуелі өз ұмтылыстарымыздың мақсатын белгілеп алуымыз керек, сонан соң оған тезірек жетудің құралдарын мұқият таңдауымыз қажет, сонан соң ғана бұл жолда, әрине, ол дұрыс болған жағдайда ғана, біз күнбе-күнгі жетістігіміздің қаншалықты зор екендігі және табиғи екпініміз оған жетелеген идеалға қаншалықты жақын екендігіміз туралы ойланамыз. Сонымен, біз шешуге тиіспіз  -  біз не нәрсеге және қалай ұмтылуымыз керек; және де бізге тәжірибелі жолбасшы қажет. Бұл жерде ең көп тапталған және  адам ең көп жүрген жол ең алдамшы болып шығады. Жануар секілді отардың серкесінің соңынан ермеу, басқалар жүрген жаққа емес, парыз әмір еткен жаққа жүру біздің ең басты міндетіміз болуы керек. Ақыл-ой талап еткендей емес, басқалар қалай өмір сүрсе, соларға еріп өмір сүру бізге үлкен бақытсыздықтар әкеледі.
   Ешкім өзіне зиян әкелетін адасушылықпен шектелмейді, әркім басқа адамның адасуына себепкер болады. Алдыңғыларға бекер қосылу қауіпті, ал өмірдің мәні туралы сұрақ туындағанда адамдар ешқашан пайымдамайды, керісінше, басқаларға сенеді, себебі, әрбір адам пайымдаудан гөрі сенуге бейім. Біз тобырлық сезімнен арылғанда ғана өзімізді құтқарамыз: халық қазір өзінің зиянды адасуынан танбай, ақыл-ойды жау көреді. Осындай оқиғалар сайлау жиналыстарында да кездеседі, тұрақсыз тобыр өздерінің бұрынғы сүйіктілерінен теріс айналып, оларды преторға өткізгендердің өзі мұндай  лайықсыз кандидаттарға қалай дауыс бергендеріне   аң-таң болады. Бір нәрсені біз біресе жақтаймыз, біресе сөгеміз. Көпшіліктің пікіріне сүйеніп шығарылған үкімдердің бәрі солай.
   III. ...өмір өзінің табиғатымен үндес болса, бақытты. Мұндай өмір, адам, біріншіден, ақыл-ойы үнемі сау болғанда, сонан соң оның рухы өр және қуатты, игілікті, шыдамды және барлық жағдайларға дайын болғанда; егер де ол мазасыз міншілдікке бой ұрмай, өзінің физикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру туралы қам жесе; егер де ол өмірдің материалдық жақтары туралы олардың ешқайсысының жетегінде кетпей ойланатын болса; ең соңында,  тағдырдың сыйларын олардың құлына айналмай пайдалана білгенде ғана мүмкін.
   IV. Бақытты деп адамгершілік парызын адал орындайтын және асыл қасиеттерді қанағат ететін, кездейсоқ жағдайлар оны менмен де, күйрек те ете алмайтын, өзіне өзі жасай алатын игілікке басты маңыз беретін адамды айтамыз.
   ... бақытты деп ақыл-ойының арқасында құштар тілекті де, үрейді де сезінбейтін адамды айтуға болады. Тастар мен жануарлар да үрей мен уайымнан азат, бірақ оларды бақытты деп ешкім айтпайды, себебі бақытты саналы түсіну оларда жоқ. Табиғатынан топас адамдар да осындай және өзіндік сананың жоқтығы оларды жануар деңгейіне дейін төмендетті. Ақиқат туралы түсінігі жоқ адам бақытты деп атала алмайды.
   Өмір дұрыс, ақылды пікір түюге негізделген болса, - бақытты. Онда адамның рухы айқын; күйзелістерден ғана емес, ұсақ түйреу-түрткілерден арылған соң ол неше түрлі жаман әсерлерден азат: тағдырдың қатігез соққыларына қарамастан, ол өзінің орнын сақтап қалуға және оны қорғауға әрқашан дайын. Рахаттар туралы айтатын болсақ, адамдық намысының бір тамшысы болса да бойында бар адам жанын ұмытып, тек тәннің тілектерін қанағаттандыру үшін күні-түні құмарлық жанталасына беріліп, тыным таппай аласұруды қаламайды.
   XIV. Сен табиғатыңнан ақыл-ойға ие мақұлықсың: ақыл-ойдан жақсы не нәрсе сені басқара алады. Бірақ ізгілік пен рахатты біріктіру саған соншама ұнаса, бақытқа осы жұппен жеткің келсе, онда ізгілік бастаушы, ал рахат оны дененің көлеңкесі секілді қоштаушы болсын.
   XVII. Философияны жамандаушылардың біреуі маған: ”Неге сенің батылдығың ісіңде емес, сөзіңде көп? Неге сен өзіңнен жоғарғылардың алдында даусыңды бәсеңдетесің? Неге сен ақшаны қажетті нәрсе деп есептейсің?” - дейді.
   “Мен данышпан емеспін және ешқашан  да болмаймын. Сондықтан да  толық жетілгендікке жетуді өзіме мақсат етіп қоймаймын, тек қана жаман адамдардан жақсырақ болғым келеді. Мен күн сайын қандай  да бір жаман нәрседен арылғаныма және өзімді қателіктерім үшін айыптағаныма қанағат етемін. Мен ақылды ойлай білуге жеткен жоқпын, оған жетпеймін де. Бірақ аяқтарымның әлсіз екендігіне қарамастан, мен қанша дегенмен сендермен салыстырғанда  жүйрікпін”.
   “Сенің айтқаның бір бөлек, өмірде жасағаның бір бөлек”, - дейді менің бір қарсыласым.
   Мен өзім туралы емес, асыл қасиеттер туралы сөз етемін, және де теріс қылықтарға қарсы тұрғанда мен өзімнің қылықтарым туралы айтамын. Мүмкіндік туған жағдайда мен бірден парыздың әмірі бойынша өмір сүретін боламын.
   XX. Философтар айтқандарын іс жүзінде үнемі жасай бермесе де, олар өздерінің пайымдауларымен, адамгершілік идеалдарын белгілеп беруімен үлкен пайда әкеледі. Пайдалы ғылыми сұрақпен айналысу, тіпті ол айтарлықтай нәтиже бермесе де, мақтауға тұрарлық. Осындай биіктікке жетуді ойлап, оған жетпегенде тұрған таңқаларлық не бар?
   ... Сен ұлы істерге бел байлаған адамдарды құрметтеуің керек, тіпті олар құлаған күнде де. Өзінің күшіне емес, адам табиғатының күштеріне сүйеніп,  алдына биік мақсаттар қойған, оларға жетуге тырысатын және оларды жүзеге асыру тіпті шексіз қабілетті адамдардың өзі үшін де қиын ұлы идеялар туралы армандайтын адам игі іс жасайды. Ол өзіне мынадай мақсаттар қоя алады:
   “Өліммен бетпе-бет келгенде және ол туралы хабар келгенде мен бет-әлпетімнің салмақты қалпын сақтаймын, дене күштерімді рух күштеріммен нығайтып, қандай да болмасын қиындықтарды көтере білетін боламын; ол менде бола ма, жоқ па, оған қарамастан мен байлықты жек көретін боламын; оған басқа адам ие болса, мен оған  бола қайғы шекпеймін және ол өзінің жарқылымен мені қоршаса, өркөкірек болып кетпеймін; тағдыр мені аяса да немесе жазаласа да оған немқұрайлы боламын; барлық жерлерге өзімдікі секілді, ал өзімнің жеріме  -  жалпыға ортақ игілік ретінде қараймын; мен басқалар үшін жаратылғанмын деген сеніммен өмір сүретін боламын және осы үшін табиғатқа алғысымды айтатын боламын, себебі ол мен қалаған нәрселер туралы  жақсырақ қам жейді: ол мені басқаларға, басқаларға мені сыйлады. Өзімнің бар байлығымды мен сараңдықпен қорғаштайтын және оңды-солды шашпайтын боламын, өзім үшін ең мығым меншік деп өзім басқаға сыйға тартқан нәрсені танимын. Жарылқай отырып, мен сыйлап отырған нәрсемнің салмағы мен санын емес, оны алып отырған адамның лайықтылығын есепке аламын. Лайықты адам ие болған жәрдемім мен үшін ешқашан өте үлкен болып көрінбейді. Мен даңқ үшін ештеңе жасамай, үнемі ар-ұятыма жүгініп іс жасайтын боламын. Менің өзіммен өзім қалған уақыттағы мінез-құлқым, тәртібім оған халық қарап тұрғандағыдай болады. Ішіп-жеудің мақсаты - қарынды толтырып, оны босату емес, табиғи қажеттіліктерді қанағаттандыру болады. Мейірімділікті ол туралы өтінішті естімей тұрып және шын өтініштерден бұрын жасайтын боламын, достарыма сыпайы боламын, жауларыммен араласқанда жуас және мәмлеге келе білетін боламын. Менің Отаным бүкіл дүние екенін, оның бастауында құдайлар тұрғанын және менің істерім мен сөздерімнің бұл қатал соттары менен жоғары және менің жанымда екенін есімде ұстайтын боламын. Ал табиғат өмірімді оған қайтаруымды талап еткенде, немесе, оны өзімнің ақыл-ойымның талабы бойынша жасағанымда, мен ар-ұят тазалығын қастерлегеніме және ізгілікке ұмтылғаныма, мен ешкімнің де еркіндігі, бәрінен бұрын менің өзімнің еркіндігім менің кінәмнен шектелмегеніне көз жеткізіп кетемін”.
   XXI. Өзіне осындай мақсаттар белгілеген және оларды тілеп қана қоймай, оларға жетуге ұмтылған адамның жолбасшылары құдайлар болады.
   Ол байлықты сүймейді, бірақ кедейліктен гөрі оны қалайды.
   XXII. Данышпан рухани дамуға қажетті құралдар - асыл қасиеттерді бас имеу және тың болумен шектелетін кедейлікке қарағанда байлықтан табатынына күмәндануға бола ма, себебі, байлық ұстамдылыққа, жомарттыққа,  ұқыптылыққа, реттілікке, ұлылыққа  кең жол ашады.
   Теңізшіні жайлы жел қандай қуантса, жақсы ауа райы, қыстың суығында күннің ыстығы қандай жағымды болса, байлық  данышпанды сондай көңілдендіреді.
   XXVI. Байлық данышпанға қызмет етеді, ал ақымақты - билейді; данышпан байлықтың жетегінде кетпейді, ал сендер үшін байлық  - бәрі. Сендер оған әбден үйреніп аласыңдар, құдды біреу сендерге оған мәңгілік ие боласыңдар деп уәде берген секілді, ал данышпан адам оны байлық қоршап тұрған уақытта кедейшілік туралы көбірек ойлайды.
   ... Сократ немесе басқа данышпан: “Мен өз мінез-құлқымды сендердің көзқарастарыңа бағындырмауым керек екеніне әбден сенімдімін. Маған жан-жақтан кінә жаудыра беріңдер: мен оларды маған ұрсу емес, сәбидің бейшара былдыры деп санайтын боламын”, - дейді. Адамгершіліктік кіршіксіздік басқаларды оларды жек көргендіктен емес, емдеу мақсатында кінәлауға құқық беретін даналыққа жеткен адам осылай дейді.
ЖЕКЕ  ПІКІРЛЕРЛЕРІНЕН
   9. Ең биік ізгілік сезімдерде емес, ақыл-ойда. Адамның бойындағы ең жақсы нәрсе не? Ақыл-ой.  ...жан-жақты жетілген ақыл-ой адамға тән игілік, ал қалған сезімдер жануарлармен ортақ.
   10. Өмір сүру үшін күресте жануарлар адамнан күштірек секілді болып көрінеді, бірақ табиғат адамға бұл әлсіз тіршілік етушіні жер бетінде ең күшті ететін екі қасиет: ақыл-ой мен қоғамды сыйлады.
   11. Барлық адамдардың мәні бір, олардың дүниеге келуі бірдей, табиғатынан кім адал болса, сол әйгілі.  ... Табиғат бізге адамдардың бәріне пайдаңды тигіз деп бұйырады  - олар құлдар ма немесе еркін адамдар ма - бәрібір. Адамды қайда кездестірсең, сол жерде ізгілік жаса.
   13.  Құл табиғатынан басқа адамдармен тең адам; құлдың жанында қоғамдағы алатын орны қандай екеніне қарамастан басқа адамдарға да сыйға тартылған ар-намыс, ерлік, кеңпейілділік бастаулары бар. Олар құлдар ғой? Иә, бірақ олар да, біздер де тағдырдың билігіне бірдей бағынышты екенімізді ойласақ, олар құлдық жағынан біздің жолдастарымыз.
   15. ... Тағдыр өкпелеткен адамды жек көрудің қажеті не, оның күйіне біздің де оп-оңай түсуіміз мүмкін. Құлдардың еңбегін пайдалану туралы ұлы дауды қазір көтергім келіп тұрғаным жоқ, тек қана айтатыным, біз өзімшілдікті, қатігездікті, пайдақорлықты және қорлауды  шегіне жеткіземіз.
   17. Сен (құдайды) тағдыр дегің келе ме? Қателеспейсің, өйткені, дүниедегі барлық нәрсе оған тәуелді, ол барлық себептердің себебі. Оны құдіретті күш деп айтқың келе ме? Дұрыс айтылған сөз болады: себебі, дүниеде ретсіздік болмау үшін, барлық нәрсе ақылды мән мен түсіндіру алуы үшін бәрі оның даналығымен бағытталып отырады. Оны табиғат дейсің бе? Ақиқатқа қарсы күнә жасамайсың, себебі, бәрі одан туындайды, біз оның демімен өмір сүреміз. Оны дүние деп   атайсың ба? Алданбайсың; өйткені, ол сен көріп тұрған біртұтас, барлық жағынан алғанда, оны құрайтын барлық бөліктерінде жетілген, өз күші арқылы өзін сақтайды.
ЭПИКТЕТ
БІЗ ҮШІН ИГІ НәРСЕ НЕ?
I. Өзіңді үнемі бақылап отыруың керек
   Өзіңді бақылауды бір минутке болса да үзсең, есіңде болсын, бұл минутті ешқашан қайтара алмайсың. Біз әуелі өзімізді бақыламауға жеңіл үйреніп кетеміз, сосын бұл қателікті түзетуді ысырып тастай береміз,  асыл қасиетті және бақытты өмір сүруімізді де осылайша өзімізден алыстата береміз.
   ...Бірдеңені бір рет көңіл қоймай жасасаң, кейін өзіңді өзің басқару қиынға түседі де, басқа бос, әзәзіл нәрселердің жетегіне оңай еріп кетесің.
   ...Сен ең әуелі басты Құдайы ақиқаттарды үнемі есіңде сақтауың керек. Оларды ылғи да өзіңнің ақылыңда ұста. ...Есіңде болсын, ешкім де сенің ақыл-ойың мен жігеріңді билей алмайды, адамның ақыл-ойы мен жігерінде оның ізгілігі мен зұлымдығы жатыр. Яғни, маған ізгілік пен зұлымдық жасай алатын адам жоқ  - оны тек менің өзім жасай аламын, сондықтан да маған қысым көрсетушіден де, аурудан да, кедейліктен де, басқалай кедергілерден де қорқудың қәжеті жоқ.
   ...өзіңді өзің үнемі қырағы бақылап отыру қажет және еш нәрсені де бостан-бос, қалай болса солай жасамау керек.
   -  Күнәсіз адам болу мүмкін бе?
   - Әрине, жоқ. Бірақ күнәсіз болуға тырысуға болады. Бұл адамның қолынан келеді.  Өзін өзі үздіксіз бақылаудың арқасында адам жаман істен аулақ болғанда және қателікке ұрынудан аман қалғанда оның қуанышында шек болмайды.
   Сонымен, мен ертең өзіме мұқият боламын деу  - ақылсыздық.
II.
Басқаларды сынама және өзіңе-өзің тым сенімді болма
   Ақылды пайымдап қана қоймай, айтқан нәрсесіне сәйкес әрекет жасауға тырысатын адамды ғана дана деуге болады.
   Нағыз дана адам ылғи да қарапайым, ол ешқашан дана болып көрінуге ешқашан тырыспайды.  ...ақиқат даналыққа қатысты болғың келсе, өзіңмен-өзің, іштей дана бол.
   ...Өз бойыңа даналықтың тамыр жаюына мүмкіндік бер. Уақыт өте оның жемістері де өсіп шығады  -  дана адамның жеміс бермеуі мүмкін емес, осы жемістері арқылы оның даналығы танылады.
III. 
“Нағыз” адам дегеніміз кім?
   Әрбір адам ақыл-ойға ие; егер де адам ақыл-ойына жүгініп өмір сүретін болса,  ол ақыл-ойға қарама-қарсы нәрседен ғана аулақ болады. Адам өмірін мұқият қарастыратын болсақ, оның ақылға сиымсыз  нәрселерден мейлінше мол азап шегетінін және ол үшін ең сүйкімді нәрсе  - өзінің ақыл-ойына сәйкес нәрсе екенін анық көреміз.
   ... адамдар үшін нағыз ізгіліктің не екенін, зұлымдықтың не екенін, ақыл-оймен не үйлесімді, не үйлесімсіз екенін үйрететін ілімдердің бәрі маңызды.
   … Кімде-кім ақыл-ойы мен ар-ұятына жүгініп өмір сүргісі келсе, нағыз адам қандай болуы керек екендігін ол өзі түсінеді және өзі сезеді, және де, әрине, бірден емес, бірте-бірте осындай адам бола алады.
IV.
Ақиқат еркіндіктің не екендігі туралы
   Өзі қалай өмір сүргісі келсе, солай өмір сүретін адамды ғана еркін адам деуге болады.  Ақылды адам ылғи да өз қалауы бойынша өмір сүреді, оған ешкім кедергі жасай алмайды, сондықтан да ол алуға болатын нәрсені ғана қалайды. Осы себепті, ақылды адам   -  еркін.
   ... өз еркімен емес, мәжбүр болғандықтан әрекет жасайтын адам құл емес пе?
   ...Мен өзінің ар-ұятына жүгініп әрекет жасайтын, ешқандай да қырсықтар мен азаптардан, тіпті өлімнің өзінен де қорықпайтын адамды ғана еркін адам  деп атаймын. Диоген: “Өлуге әрқашан да дайын адам ғана ақиқат еркін адам”.
   ...Адамдар шындық пен ізгілік заңдарымен үйлесімсіз өмір сүргендіктен ғана бақытсыз. Олар ақыл-ойдың әміріне құлақ аспай өмір сүргендіктен ғана бақытсыз.
   ...Сенің еркің ғана еркін. ...Ал сенің денең – шаң мен тозаң, ол кез-келген өзінен күштінің билігіне бағынады.
   ...Ақылды адам үшін дене бос нәрсе. Ал дене үшін жасалатын нәрсенің бәрі түкке тұрмайтын нәрселер. Осы түкке тұрмайтын нәрселердің билігінен тезірек және жеңіл құтыл.
   ...Саған тиісті нәрсені ешкім сенен тартып ала алмайды және ешқандай істе де кедергі жасамайды. Құдай ісіне кедергі болу мүмкін еместігі секілді, сенің ізгі ниетіңді  тоқтату мүмкін болмайды. Яғни, еш ренішсіз және мазасыз өмір сүру мүмкіндігі бар. Адамдар өздері қорыққан нәрсе жүзеге асқанда ғана қамығып, ренжиді. Сен болсаң ештеңеден қорықпа, ешкімге күндестік көрсетпе, тыныш өмір сүр, өз еркіңдегі, адал және өзіңнің қол астыңдағы нәрсені ғана тіле.
   ...біздікі емес нәрсенің бәрінен бас тарту қажет, ол біздің қожайынымыз бола алмайтындай етіп бас тарту керек, денемізге және ол үшін жасалатын заттарға үйірсектіктен бас тарту керек; байлыққа, даңққа, қызметке, мәртебеге деген махаббаттан бас тарту қажет. Өзімізге бұл нәрселердің бәрі біздің меншігіміз емес екендігін айтуымыз керек. Сонда бізге адам зорлығын зорлықпен жою қажет болмай қалады.
   Менің денемді алуы мүмкін; бірақ менің рухым еркін, сондықтан да мен өзім қалай қаласам, солай өмір сүремін.
   Мен бұған қалай жеттім? Мен өз еркімді Құдайдың еркіне бағындырдым. Және мен осыны қалаймын. Ол қаламаса, мен де қаламаймын.
   ...өтірік және зұлымдық жасаушы адам оған берілгенді сезінбейді, сондықтан да  оның өзіне жаман. Сократты өлім жазасына кескенде, зұлымдық оған емес, оны соттаушылар мен өлтірушілерге болды.
   ... Мен еркін болғым келеді және еркін болуға бар күшіммен тырысамын. Бірақ, әрине, толық еркіндікке мен әлі жеткен жоқпын. Мен үшін әлі де болса тән қымбат. Денемнің баяғыда-ақ бұзылғанына қарамастан, мен денім аман болса екен деп әлі де көбірек тілеймін. Бірақ сендерге нағыз еркін адамдардың мысалдары керек болса, ондай адамдар болатынын біліңдер, яғни адам үшін еркіндік мүмкін нәрсе. Мысалы, Диоген. Ол бостан ата-анадан туғаннан (олар бостан емес еді) емес, өзін құлдыққа  апаратын нәрседен азат еткендіктен еркін болды: “Мен үшін Құдай заңы  -  ең басты; ал қалған нәрсенің мен үшін еш маңызы жоқ”.
   Сократ та еркін, бостан адам болды. Ол өлімнен қорыққан жоқ және өзінің ішкі үніне, ар-ұятына құлақ түрді, тіпті оны осы үшін қудалағанда да, өлімге кесу қаупін тудырғанда да бас тартқан жоқ. Достары оған түрмеден қашып кетуді ұсынғанда ол өз өмірін алдаудың көмегімен  сақтап қалуды қаламады және қажет болған жағдайда өзінің өлімі арқылы адамдарға өзі өмір бойы үйреткен жақсы нәрсенің бәрін дәлелдеді.
   Адамдар соншама шаттанатын, соған қол жеткізу үшін толғанатын және мазаланатын нәрсенің бәрі оларға кішкене болса да бақыт әкелмейді. Адамдар мазаланып, жетсем деп жүгіріп жүргенде осы қол жеткізбек болған нәрсені игі нәрсе деп ойлайды. Бірақ оған қол жеткізген бойда олар тағы да мазалана бастайды, күйінеді және оларда әзірге жоқ нәрсеге қызығады. Бұл түсінікті де, себебі адам еркіндікке өзінің күйбең тірліктерін қанағаттандыру арқылы жетпейді; керісінше, осындай тілектерден құтылу арқылы жетеді.
   Бай және ықпалды адамдар қоғамынан кет, белгілі және күшті адамдарға жалпақтауды және олардан өзіңе қажетті нәрсені ала аламын деп елестетуді тоқтат. Керісінше, өзің ала алатын нәрсені шыншыл және ақылды адамдардан ізде, оларға таза жүрегіңмен және ізгі ойларыңмен келсең, олардан құр қол кетпейтіндігіңе сенімдімін.
   Егер де сен менің сөзіме сенбесең, осындай адамдарға уақытша болса да жақын болуға талпын, ақиқат еркіндік жолында ең болмаса бірнеше қадам жасауға тырыс. Сені қай жақ өзіне көбірек тартатынын әрі қарай өзің шеш  -  жақсылық пен еркіндікке ме, немесе, зұлымдық пен құлдыққа ма. Мұндай тәжірибеде ұялатын ештеңе жоқ. Өзіңді сына!...
Жеке пікірлерінен
   “Ол ешкімді жамандамайды және ешкімді мақтамайды, ол ешкімді сөкпейді және кінәламайды; ол өзі туралы да бірдеңеге тұрарлық және бірдеңені білетін деп айтпайды. Егер де ол қиындықтар мен кедергілер кездестірсе, өзін ғана кінәлайды. Егер де біреу оны мақтаса, ол бұған іштей күледі; егер де біреу оны жамандаса, ол өзін қорғау туралы ойланбайды да”.
   “Біздің мәніміз екі жүзді, ол бейшара денеден және құдайы жаратылысқа ие ақыл-ой мен еріктен тұрады”.
   ...Философияның ең бірінші және маңызды бөлігі - оны өмірде қолдана білу, мысалы, өміріңде де, істеріңде де өтіріксіз өмір сүру.
   ...ең қажеттісі  - біріншісі, сондықтан ол туралы үнемі ойлану керек. Бірақ біз әдетте керісінше жасаймыз да, өтірік айтуды жалғастыра береміз, ал адам өтірік айтпауы тиіс екенін әрқашан дәлелдеуге болады.
   Өзіңді драма актерімін және саған ақын тағайындаған  - үлкен болсын немесе кіші болсын  - рольді ойнауға тиіспін деп ойла. Сенің ісің  -  саған жүктелген рольді жақсы орындап шығу, рольді таңдау  - басқаның ісі.
      

 

 
24.05.2010 02:57