Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155317

Мағжан өлеңдеріндегі азаматтық рух, ағартушылық-демократтық сарынды талдап жазыңыз.

Мағжан өлеңдеріндегі азаматтық рух, ағартушылық-демократтық сарынды талдап жазыңыз.

Мағжан Жұмабаевтың алғашқы өлеңдері ағартушылық сарында жазылды. Ол қазақ өлеңінің Абайдан кейінгі ақындарының бірі де бірегейі. Абай Құнанбайұлынан үлгі алып, шығармалары мен өлеңдерін де үлгі тұтқан болатын. Алғашқы өлеңдерінің бірін «Алтын хакім Абайға» деп атауының өзінен ақынның ұлы Абайды ерекше құрмет тұтқаны сезіледі. Ол өз өлеңдерінде қазақ арасындағы әр түрлі келеңсіз мінез-құлықты, әрекетсіздік пен жалқаулықты, сауатсыздықты сынай жазды. Елін білім алуға,өнер үйренуге шақырады. «Жазғы таң», «Өнер-білім қайтсе табылар», «Қазағым» , т.б. өлеңдерінде ақын сол тақырыптарды талқылайды. Мағжан Жұмабаевтың ағартушылық сарындағы өлеңдерінің арасына ел мен жер тағдырына алаңдаушылық жатады. Ақын туған елін, халқын сүйді, туған жерін жүрегіне жақын тұтты. Ол:

Басқа жүрт аспан-көкке асып жатыр,
Кілтін өнер-білім ашып жатыр, -

дей келіп,қазақ арасында мұндай ұмтылыстың жоғына қынжылады. Байлар да, оқу оқыған төрелер де өз басының қамын ойлаумен жүр. Халықтың жайына алаңдайтын ешкім жоқ. Оқудағы шәкірттерге де дұрыс білім берілмейді. Қыз балалар малға сатылуда. Халық ішінде өзара дау-жанжал көп. Міне, Мағжанның өкініші осылар еді. Осы мәселелердің бәрін өз өлеңдерінде қынжыла жазады және ол өлеңдерінде заман шындығы, халықтың басынан өткен қиыншылықтарды ойға алу арқылы түсіндіреді. Ақын айналасындағы жастарды да «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» қалыпта көргісі келді. Халқының болашағы үшін күресетін негізгі күш – жастар. Сондықтан Мағжан үшін жастардың орны бөлек. Өзінің «Мен жастарға сенемін» деп асқақтаған өлеңінде ол жастарға үлкен үмітпен қарайды. Жастардың бойынан қайсарлық пен күштілікті, таза жүрек пен шыншылдықты, азаматтық рух пен туған жерге деген махаббатты көреді және соған мақтанады. Ақын нені жырласа да ерекше махаббатпен, шынайы жүрекпен жырлайды. Сол себепті де оның өлеңдері сырлы, сазды, көркем.

Міне, ақын барлық өлеңдерінде, жоғарыда айтып өткенімдей, сол кездегі мәселелерді көтеріп ең бірінші халқын ойлап жазады.

СкачатьРазмер файла
Скачать этот файл (magzhan.zip)Мағжан өлеңдеріндегі азаматтық рух11 Kb
 
08.04.2018 19:15