А. Бақтыгерееваның «Наурыз» лирикасындағы ата дәстүрді аңсау, тарихи жадтың қайта оянуын сипаттап талдаңыз
Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

15511

А. Бақтыгерееваның «Наурыз» лирикасындағы ата дәстүрді аңсау, тарихи жадтың қайта оянуын сипаттап талдаңыз

А. Бақтыгерееваныңе Наурыз

Ақұштап Бақтыгереева өзінің ғана емес бүкіл халықтың қалын қағазға түсіре білген тұлға. Ол қазақ халқы аңсап жүрген дүниені жазды. Сонымен қазақ халқы нені аңсап жүр екен?

Аяулы ақын апамыз бұл өлеңінде өз ойын көркем тілмен жеткізіп, Наурыз мерекесі суретінен, тарихтың тамырына терең бойлай алатынын байқатқандай. Наурызды бәріміз де асыға күтетіңіміз рас. Алайда бір кездері кесапат заманның кесірінен төл мерекемізді тойлауға тыйым салынған болатын. Сол кездегі заман шындығын бүгесіз жеткізе білген ақын апамыздың ойынан асқан батылдықты байқаймыз. Өлеңнің құрылысына, ерекшелігіне назар аударсақ, ұйқасы да, ырғағы да толық тиянақты. Шумақтағы ойды түйіндеп, қорытындылайтын нақты тұжырым айтылған. Шумақтың ырғағына, дауыс толқынының өзгеру ретінде ұйқас та, бірден-бір сәйкес келіп отыр. Осының өзінен-ақ ақынның ұйқасқа, оны түрлендіріп, шумақ өрнегін ұстартып, жетілдіре түсудегі аса қажет құрал етіп пайдалануға қаншалық зор мән бергенін аңғарамыз. Жалпы алғанда «Наурыз» өлеңі өте шебер өрнектелген терең ойлы өлең. Ақұштап Бақтыгереева осындай сыршылдығымен, әуезділігімен, көркемдік қуаттылығымен тез арада оқырман қауымның жүрегіне жол тартты. Қаншама күткен наурызымыз ғой. Біз 1731 жылы Ресей құрамына кіргеніне байланысты біздің өз мейрамымызды өзімізге тойлатпаудан басталды. Содан арада 260 жыл өткенде, 1991 жылы тәуелсіздігімізді алдық. Сол тәуелсіздігімізді алған күні наурызды тойладық. Қыста көктемнің мейрамын тойлау біртүрлі естілгенімен, қазақтар үшін, наурыз мейрамын 300 жылға жуық уақыт сағынып, аңсап сабылып күткен адамдар үшін бұл үлкен қуаныш болды. Басынан бақайшағына дейін ұлттық киім киіп, ұлттық ойын ойнап, қазақ деген ұлттың бар екенін, оның әлі өрістейтінін дәлелдеді. Ақұштап Бақтыгереева «Наурыз» өлеңі арқылы осы уақыттар аралығындағы бар мұңды және бар қуанышты жеткізе білді.

Қорыта келе, дәл осылай Ақұштап Бақтыгереева халықтың атынан, бүкіл халық рухының атынан, қаза болған құрбандар атынан тарихи жадтың қайта оралуы туралы туынды жазып шығарды.

СкачатьРазмер файла
Скачать этот файл (19esse.zip)А. Бақтыгерееваның Наурыз9 Kb
 
26.03.2018 10:31