Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155306

Ж.Жабаевтың "Жамбыл – менің жай атым, Халық – менің шын атым" деген сөзінің ақын өлеңдеріндегі көрінісі

Халқына қадірі артып, даңқы өрлеген Жамбыл, шабыт тұғырына қонған Алатаудың ақ шық қыранындай жыр нөсерін селдетті. Оның сөздері ұранға айналып, халық поэзиясының атасы аталды.

Жамбыл Жабаевты, Мұхтар Әуезов “ақындардың ақыны, айдын көлдей ақылы” деп атаған. Ол жастайынан сөз өнерін пір тұтып, бала кезінде-ақ , Сүйінбай Аронұлынан бата алады. Сондықтан да осыдан кейінгі өлеңдерінде “ Менің пірім – Сүйінбай, Сөз сөйлеймін сыйынбай ” деп ұстазының алдына түспейтіндігін үнемі айтып отырады. Осылайша жастайынан өлең-жырға жақын өскен ол он бес жасынан-ақ “ жас ақын ”, “жап-жақсы ақын”, “ Жамбыл ақын ” болып, елге таныла бастаған екен. Өзін шалқарда шалқыған аққуға теңеген ақын“ келмеді сасық, шалшық жерде қалғым ” деп жыр маржанын тере білді. Бір жағында қалың бұқара, бір жағында бай мен датқа тұрған ақынның алдында “ кімнің сөзін сөйлеу керек? ”деген замана сауалы тұрды. Қалың бұқараның жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған ақын бай, манаптарды шеней білді. Ж.Жабаев – қазақ халқы поэзиясының жыр алыбы. Қазақ әдебиеті шежіресінде А.Құнанбаев қазақтың жазба әдебиетінің негізін салған ұлы тұлға болса, Ж.Жабаев кеңес халық ақындарының атасы, XX ғасырдың “Гомері” атанған ақын.

“ Жамбыл деген – жай атым,
Халық - менің шын атым,
Жай – құйрығым, қанатым,

Қазақстан – Отаным ” – деп, парасаттың биігінде пәрменді жырлары жаңғырған қарт жырау жауынгерлік рухтың жаршысы да бола білді. Жамбылды Жамбыл еткен – ең алдымен өз халқының мал рухани мұрасы. Оның бостандық, әділдік, теңдік жайлы ойлары да сол халық жырларымен ауысқан. Ақын мұрасының бағалығы да, өлместігі де сол халқына деген сүйіспеншілігінен, оған деген өшпес махаббатынан.

Ұлы жырау халықтың ғасырлар бойы көкейінде жүрген арманың өлеңмен жеткізе білді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев ұлы Жамбылға адалдық пен адамгершіліктің, әділеттілік пен ізгіліктің алып жыршысы деген тарихи бағасын берді. Жамбыл бабамыздың ұлан-теңіз шығармашылығының мұрасы – халқының шынайы өмірінің айнасы.

“Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, ел бірлігін сақтаған татулықты айт” деп жырлаған Жамбыл шығармашылығынан еліміздің бүгінгі бейбіт тіршілігі мен берекелі бірлігін көргендей боламыз. Сол себепті де, Жамбыл шығармашылығының негізгі идеясы бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның қарышты қадамдарымен, жасампаз істерімен үндесіп келеді.

Қорытындылай келе, сөз зергері М.Әуезов ақындардың ақыны, айдын көлдей ақылы” деп атаған Ж.Жабаев шығармаларына бүгінде терең бойлап оның әр сөзінің салмағын сезініп, тәуелсіздік тұрғысынан бағыттап келеміз. Жамбыл өмірі – ол халық өмірі, ұлт тарихымен тамырлас тамаша тағдыр. Жамбыл шығармашылығы – Ұлы дала елінің ұлағатты қазынасы.

 
15.03.2018 20:38