Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154300

«Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін...»

Туған жерін сүйе алмаған

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елі мен өткенімен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін отан ошақ басынан басталады. Туған жер ,туған көше,туған қала мен үшін туған жер. Менің отаным кішкентай болса да,мен үшін аса қымбат жер Жаркент қаласы. Дәл осы жерде менің көңілді де ,шаттықты уайымсыз балалық шағым өтуде. Туған жерді ұзаққа қимайсың.

Сен әрқашан өзің бармасаң да,оймен қиялдап таған көшені,есіктің алдында «атаңның үйге кір деген”сөздері еске түсіресің. Жүректің әлсіз дүрсілі естіледі. Кәзір бой жеттім ,бірақта өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көшем менің кішкентай отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін,оның бүгіні мен болашағымын. Сонымен қатар,туған жерім қасиетті де құтты қоныс. Ол мені құшағында мәпелеп өсіріп қана қойған жоқ, тәлімін ,тәрбиесін берді. Оның төсінде үйренгенім мен түйгенім көп. Ондағы жасыл түгі басылмаған керіліп жатқан керейшық кең дала мені сабырлық пен алмақтылыққа, кеңпейілділікке тәрбиелейді. Ай жаныңда тыныштық сыйлап,анда-санда әрлі-берлі сипап өтіп, қытырыңа тиетін, барары мен келер жері беймәлім ерке жел еркіндікке үйретсе,сыңғыр күлкісі еріксіз еліктіретін бұрымды өзен –ару бір байыппен сылдырап ағып,сабырлық пен байыптылыққа баулыйды. Төбесі көкті тіліп бұлтпен сырласқан маңғаз таулардан рухани биіктікті,жайқалған жасыл желігінен өмірге сүйіспеншілікті,жылы жүзділікті қыбыр-жыбыры таусылмас жәндігінен еңбекқоршылықты үйрендім. Қарап тұрсақ адамдықтың өзін еңбегінің өтеуін сұрамайтын аңғал даладан үйренеді екенбіз. Туған жер төсінен жырақта жүріп,сағынып келіп құшағына ден қойғанда еріксіз елжіреп,тұла бойыңның шымырлайтындықтан да туған топырағыңды аңсағаннан ғана емес оның көкейіңе салған адамдақ ұстанымын да сағынғандықтан болар.

Қорытындысына келсек ,туған дала төсіне жүгіріп шығып, о шеті мен бұл шетіне көз жүгіртіп,айналаңа көз салсаң ,ақиық ақын М. Мақатаев атамызша «Пай!Пай!Пай! Киелі неткен жер!»-демеске еш шараң қалмаитындай.

СкачатьРазмер файла
Скачать этот файл (47esse.zip)Туған жерін сүйе алмаған50 Kb
 
14.03.2018 11:41