Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155395

«Қыз Жібек» жыры мен «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра отырып талдаңыз

Қыз Жібек

“Қыз Жібек” пен “Қозы Көрпеш - Баян сұлу” жырлары - қазақтың ең көне мұраларының бірі, лиро-эпостық дастандар. Дастандар қос ғашықтың махаббаты мен қайғылы ғұмырын жырлайды.

Бірінші ұқсастық - Махаббат оқиғасында әрқашанда екі ғашықтың арасына түсетін жағымсыз кейіпкер. ”Қыз Жібекте“ ол - Бекежан болса, “Қозы Көрпеш - Баян сұлуда“ ол - Қодар. Бірақ осылардан басқа ғашықтардың тағы бір жауы бар. Біреуінде Баянның әкесі, ал екінші дастанда Қорен хан. Екінші ұқсастық - басты кейіпкерлердің сұлулығы, ақылына көркі сай қазақ қыздарының болуы. Соңғы және басты ұқсастық - екі жырда да трагедиялық махаббат туралы айтылатындығында, яғни ақыр - аяғында басты кейіпкерлердің бірге болмауында, басты кейіпкерлердің өлімінде.

Ал айырмашылықтарына келетін болсақ, Төлеген мен Қозының образында айырмашылық. Қозы кіршіксіз таза махаббат иесі, батыр, адамгершілігі мол жігіт ретінде суреттелсе, автор Төлегенді өзінің барлық ерекше сипаттары арқылы: көрік –келбеті, ақыл-парасаты, мінез –құлқы, ақ жүрек – ақылдығын айтып, шабыттана сипаттайды. Келесі айырмашылық ө Баян Қозының өлімінен кейін өзіне қол жұмсаса, Жібек әмеңгерлік жолмен Төлегеннің інісіне тұрмысқа шығады.

Төлегеннің інісі Сансызбай Төлегеннен аумайды, сондықтан Жібек оны "Төлегеннің өзі" деп қабылдайды. Жібек марқұм болған жарының өсиеті мен ата салтын орындау үшін ғана тимейді Сансызбайға. Ол өзі ғашық болады, сөйтіп, оның Төлегенге деген сезімі Сансызбайға ауысады Қозы Көрпеш Баян сұлу мен Қыз Жібек дастандарының трагедиялық болуы және кейбір жерлерінің ұқсас болуы, қазақ даласында мұндай оқиғалардың көп болғандығын дәлелдейді.

СкачатьРазмер файла
Скачать этот файл (11esse.zip)Қыз Жібек10 Kb
 
14.03.2018 11:11