Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155200

Шернияз бен Махамбеттің өлеңдеріндегі ұқсастықты салыстыра талдап жазыңыз

Шернияз бен Махамбеттің өлеңдеріндегі ұқсастықты салыстыра талдап жазыңыз

Махамбет халық көңілінің тұнығындағы ең асыл – еркіндікті,теңдікті, жақсы тұрмысты аңсаған арманын, ата жауына деген қаны қатқан өші мен кегін, азаматтық антқа берік адалдығы мен арыстандай ерлігін көкке көтере мадақтады. Ақынның қызыл оттай қызулы, қылыштай өткір, селдей серпінді сөздері қараңғыда алдан жарық күнді қармаған қалың қазақтың ат жүрегіне толқу салды, ер көңіліне жел берді. Ақынның құдіретті сөзінің күні бүгінге дейін сыры кеткен жоқ, сыны түскен жоқ.

Махамбетше айтсақ, «қара қазан қамын ойлап», «ел-жұртын бодандықтан бостандыққа жеткізем» деп, «ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып, түн қатып жүріп түс қашқан», талай-талай батырлар мен сол бір жайды жырына арқау еткен небір дүлділ ақындардың бағы жанбай, халқы үшін сіңірген еңбегі мен істеген ісі, шығармашылығы терең зерттелу былай тұрсын ауызға алынбай қалғаны қаншама. Солардың қатарында ХІХ ғасырдың әдебиетіне аты мәлім, Махамбет рухында жыр толғап, халықтың қайнаған шерін, бұқара мүддесін өзінше айтсақ, «үйшінің үскісіндей» өткір тілмен жырлап өткен сыншыл да, турашыл ақын – Шернияз Жарылғасұлы да бар. С.Мұқанов айтқандай: «Шортандай жырларынан біз «зар заман» кезінде әлеумет басына түскен трагедияны көрсек, Шернияз жырларынан жеке адамның, әсіресе халық ақынының басындағы трагедиялық жайды ұғамыз» Шернияз өлеңдерінің тағы бір ерекшелігі – бүкіл қазақ жеріне кеңінен таралуы дер едік. Кең таралуының себебі оның өлеңдерінің халық көкейінде жүрген сауалдарға, армандарға дөп келуінен деп білген жӛн болар.

Енді Махамбет пен Шернияз өлеңдерінің үндестігін қарастырайық. Бұл екі ақын бір дәуірде өмір сүріп, Исатай бастаған шаруалар көтерілісінің бастан-аяқ қасында болып, сол қозғалысты жырларына арқау еткендіктен, бұларда басқа ақындармен салыстырғанда өлеңдерінде кӛп ұқсастық, үндестік бар.

Бұл екі ақынның бірінші ұқсастықтары – Исатайдың ерлік тұлғасын бейнелеп жырлауы. Махамбет Исатайды суреттеген толғауларында мынадай тіркестер кездеседі: «Арғымақтан туған қазанат, шабуыл салса нанғысыз», «Кермиығым, Кербезім, керіскендей шандозым», «Теңіздей терең ақылдым, тебіренбес ауыр мінездім», т.б. Бұл жолдарда ақын Исатайдың сырт тұлғасын ғана емес, ішкі сырын, қайтпас қайсар мінезі, жайдары жарқын жүзі, ақылы мен өнері, ерлігі, ел ішіндегі беделі – барлық жағынан сүйкімді етіп көрсетеді.Сөзімді қорытындылай келгенде Махамбет пен Шернияз шығармаларындағы ең маңызды үндестік қазақ халқының тәуелсіздігі, елі мен жері үшін шырылдаған ақындар.Осыдай ата-бабаларымыз біз үшін қаншама рет шырылдады қазіргі кезде біз оның есесін қайтаруымыз керек яғни мемлекетіміздің беріп жатқан білімін тиімді пайдаланып, еліміз бен жерімізге бір пайдамызды тигізуіміз керек

СкачатьРазмер файла
Скачать этот файл (10esse.zip)Шернияз бен Махамбеттің10 Kb
 
14.03.2018 11:05