Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154104

М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіне Естай мен Қорлан оқиғасын кірістіруіндегі мақсатын талдап жазыңыз.

Ғашықтық тақырыбы қай ақынның болмасын шығармашылығында ойып орын алатын тақырыптардың бірі. Кім қай дәрежеде түсінгеніне,қаншалықты қадіріне жеткеніне қарамастан «махаббат» дегенде әркімнің де елең ететіні сөзсіз.М.Шаханов атамыздың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіне Естай мен Қорлан оқиғасын кірістіруіндегі басқы мақсат – махаббат сенімін дәріптеу деп білемін.  «Ғашықтық ғаламаты» өлеңінде отбасылы әртіске қызының ғашық болып қалғанына қайғырып келген шешесі автордан оған көмектесуін сұрайды.Осы мәселені шешу үшін автор Естай мен Қорлан махаббатын еске алып,ғашықтық сезімін ерлікке теңейді. Естай мен Қоранның бір-біріне деген сезімінің қартайғанда да сөнбеуі,махаббатың өмірге деген құштарлықты,адамға деген құрметті оятатын әрі нығайтатын ғажайып күшке айналатынын Естай махаббатты арқылы жеткізуі арқасында өлеңнің тартымдылығы арта түскен.Автор сөз жоқ,махаббатқа кінәлауға асықпау керектігін айта отырып,мұндай ұлы сезімді,әрбір адамның еншісіне берілмейтін керемет қасиетті қорғауға үндейді.  Бұл өлеңнің негізгі сюжеті маған да ой салды.Бейшара нан ілпештеп өсірген қызының өзін сүйген жігіттерді жүрегі селт етпестен мазақ етіп,ал өзі болса отбасылы бір әртістің соңынан жүгіріп жүргенін айтып жылап келді емес пе?Осы күнде де қанша қыздар қанша әртіс,әншілерге ғашық.Ғаламтор парақшалары арқылы олармен хабар алысып, сезімдерін білдіріп жатады.Ал осы қыздардың бәріне «ғашықтық кез келгенге тартылмайтын сыбаға» деп ақыл айтар болсақ не болмақ?Ұлы сезімді ұлықтау,дәруптеу жөн, дегенмен де «қыздың жолы - жіңішке» болғандықтан, қазақ қызы өз сезімін құпия ұстаған.Қазақ қызы – болашақ ұлтты құрайтын, ұрпақты дүниеге келтіретін жан.Сондықтан да дәл мұндай жағдайларда қыздарға жан-жақты ойлана отырып бір шешімге келу дұрыс сияқты.Осы арайда Ақұштан апамыздың мына өлең жолдары өте орынды сияқты:

Болмау керек сүюдің жолы жаңа

Қыз үлесі қашанда болу Ана.

«Жаным» деген жігітті жек көрмеңдер,

Өзі сүю қыздардың соры ғана!

Себебі, өзі сүюдің кесірінен тастанды балаларды өмірге әкеліп жатқан қыздардың көбеюі де соның бір мысалы емес пе?   М.Шаханов ғашықтықтың шынында да ғаламат сезім екенін дәріптеу үшін Естай махаббатын әсерлә жеткізе білген.Бірақ кез келген мәселеге бір жоқты қарауға болмайды деп ойлаймын,себебі әр адам бұл сезімді басынан әр түрлі күйде өткізеді.Әркімнің тағдыры әр түрлі болғандықтан ұлы сезімді жүрек түкпірінде аялап ұстау керек.

 
05.02.2018 10:09