С.Мәуленов неге «Түбірлер» өлеңіне дәл осы атты қойды?
Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155341

С.Мәуленов неге «Түбірлер» өлеңіне дәл осы атты қойды?

Тақырып – тұтас мәтінде айтылатын ойдың кілті.1941 жылы:

«Тыңда,жолдас комиссар.

Жібер мені майданға.

Қан жорықта жүрейін,

Қойырламай қайранға...»,деп өз тілегімен соғысқа аттанған Сырбай Мәуленовтің шығармашылығының негізгі бір тобы осы соғыс тақырыбына арналған.Өйткені жастық шағының елеулі бір кезеңін ұрыс даласында өткізген майдангер ақын жүрегінің лүпілі ақ қағазға түсірілген өлең жолдарына айналуы табиғи құбылыс.Небәрі он төрт жолдан тұратын,соғыстың не екенін сізге бүкіл тұла бойыңызбен,жүрегіңізбен сезінуге мәжбүр ететін «Түбірлер» өлеңі – соғыс тақырыбына арналған суреткердің мәңгі өшпейтін бейнелі полотносы тәрузді.Оқып қарар болсақ:

Көрінеді

Орманнан

Түбірлер

Айрылған

Аяқ-қолдардан

Түбірлер

Оқ жұлғандай етімді,

Жүрегім тулап дүбірлер,

Кезеріп ерінім күбірлер.

«Соғыс не?!»

Менен біліңдер»,-

Деп тұрғандай түбірлер.

Ақын бұл өлеңіне неге «Түбірлер» деген атты қойды?

Түбір – жайқалған жапырағынан,аспанмен таласқан биіктігінен,берік діңінен айырылған,кесілген,сынған ағаштың түпкі бөлігі.Соғыс небір бозымдарды жалмады емес пе?Небір азаматтарымыз қол – аяғынан айырылып,мүгедек атанған жоқ па? Бүкіл адамзатқа зардап шектірген соғыс кезеңіне арналған С.Мәуленовтің бұл өлеңін оқып атырып күйінесің,күйзелесің.Халық діңінен,тірегінен,қамқоршысынан,жақынынан айырылды.Дегенмен жойылып кеткен жоқ, «түбірі» қалды.Ағаш түбірі барда қайта көктеп бой көтеруі сөзсіз.Зұламат соғыс зардабы қаншалықты ауыр болғанмен,өмірді жалғастыррар «түбірлер» ,ұрпақтар қалды.Менің ойымша,ақын бұл тақырыпты сондықтан да таңдаған.Ата-баба жолын жалғар,ешкімді де,еш нәрсені де ұмытпайтын,ұлтын ұлықтар жол ұрпақтың өсіп жетілуіне сенді.Қайндай астарлы ой,әскери оптимизм!

Қорыта келгенде Сырбай Мәуленовтің соғыс тақырыбындағы жырлары соғысты осы күнге дейін ұмыттырмай келе жатқан сезімдерді сыздата бейнелеген асыл мұра,бейбіт күннің бағасын бағадатар құдірет.

 
04.02.2018 20:15