Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155277

М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасында Кебектің: «Бағың ашылатын күн болар ма, әлде сорға туған сорлымысың, бейшара?!» деуі шарасыздық па, әлде әлсіздік пе? Өз көзқарасыңызбен дәлелдеп жазыңыз.

Қазақ топырағында драматургиялық дәстүрінің жоқтығына қарамай,басқа елдер әдебиетінен үйрене отырып,жанр шарттарына толық сай келетін «Еңлік - Кебек» трагедиясы туды.Драма заңдылықтарын жеке меңгергенін танытып,оның іргетасын қалаған – Мұхтар Әуезов еді. «Еңлік - Кебек» пьесасы Әуезов творчествосында да,қазақ әдебиеті тарихында да айрықша орын алады.

Зейінді жас Мұхтар әртүрлі әлеуметтік теңсіздіңті көріп,қалаға жаны жабырқап қайтатын.Қызды еріксіз малға сату,көп әйел алу,барымты,кісі өлтіру,құн төлеу сияқты зорлық – зомбылық заңдарына жаны түршігетін.Осыған байланысын өз елінде анық болған оқиғаға негізделген «Еңлік- Кебек» пьесасында өз теңіне қосылуға бел байлаған қыз Еңлік пен оның сүйген жігіті Кебек батырдың қайғылы тағдырын бейнелейді және олардың асаудың құйрығына байлап өлтірген қатыгездікті әшкереледі.

Екі қос ғашықтың артынан қорғамсыз сәби шырылдап,жылап қала берді.Кебектің : «Бағың ашылатын күн болар ма,әлде сорға туған сорлымысың,бейшара?!» деді нағыз шарасыздың әрі әлсіздігін білдіреді.Бұған себеп,біріншіден,оның шарасыздығы іс – әрекеттің,амалдың,қиып кезден шыға алмауы ішкі толғанысы,жан сыры көкейін теседі.Амалсыздан ой – арманына бас ұрады.Бірақ үмітінен бар екеніне сенеді.Ал,екншіден,әлсіздігін шыдамдылығын шыңдай береді.Бұның бәрі айтылған сөзді деректермен толықтыратын болсақ,бір-біріне жауласқан екі елдің батыры Кебек пен ару қызы Еңлік бірін-бірі сүйіп табысқандарын екі жақтың да билеушілері кешірмеуі үлкен дауға,ерегеске әкеледі.Әлсіздігі жан дүниенің күйзелуімен сабақтасқан еді.Кебек батырдың сөзішарасыздығы менәлсіздігі жанына маза бермегені.Айтқан сөздерді тұздықтасақ сол заман ағымындағы мен қазіргі адамдардың салт – дәстүр,үлкенге қарсы шықпау,  құрмет   көрсеті қазақ  халқының  қанында  бар  зат. Ал  Еңлік  пен  Кебектің қайсарлығын,өздерінің тадыры үшін күресін байқаймыз.

Түйінін шығаратын болсақ,қазақ халқының заман бойы қалыптасқан тарихи тұлғасы сомдалып,оның әдет-ғұрып,салт – сапа,тұрмыс – тіршілігі кеңінен суреттелген.Халқымыздың бүгінгі тарихында,мәдениеті мен әдебиетәнде Мұхтар Әуезовтың шеберлік пен шабытшылығы,өшпес қуатының түпкі тамыры «Еңлік- Кебек» классикалық пьесаға айналды.

 

 

 

 

 
04.02.2018 20:09