Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

15455

І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асынан мысал ретінде дәлелдер ала отырып, ас беру дәстүрі туралы талдап жазыңыз.

Ас беру – өлім – жітімде жасалатын кәденің соңғысы,еске алу рәсімі,оны тіпті «жылан беру» деп те атайды «Сауын айтып ас берді»,- дейді,яғни төрт тарап жұртқа,астың өтілетіні туралы хабар беріледі.Хабар тиген жұрт ас болатын жерге жиыла бастайды.Қазақ ас беруді бір жағынан той деп есептеп,ат шаптырып,бійге береді.

«Аруақ риза болмай – тірі байымайды» дейтін қазақ дүниеден өткен туысқанының рухын риза етуді міндет санайды.Астан кейін ол үйде қаралы ту түсіріліп, азалы күй тоқтатылады.Жесір қалған әйел тек ерінің асын берген соң ғана қайта тұрмысқа шығуға ерікті.Ас беруге қайтыс болған адамның туыс,жекжат,дос – жарандары ат салысады.Осыған орай «Ас пен той ортақ» деген қағида қалыптасқан.Көзі тірісінде елге атағы жайылған,соңында қалған ағайын – туысы мол адамдардың асы ұлан – асыр той дірежесінде өткен.Бүған әр елден есімі белгілі ақсақалдар,батырлар,ақындар,палуандар,әнші,жыршылар,кқкпаршылар,мергендер арнайы шақырылып,жүйрік аттар келетін болған. «Алтын той тұяқ», «алтын жамбы» бастаған бәйгелерді тоғыз-тоғыздан туысқандары бөліп алған. Асқа келген қонақтар тек ішіп-жеу үшін ғана емес ел көріп,жер тану үшін,аста көрсетілетін түрлі халықтық өнерді тамашалап,өзіне бір рухани тәрбие алу үшін келеді.

Осындай астардың бірі – «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы.Үлкен болысты басқарған Паң Нұрмағамбеттің әкесі Сағынайдың асы.Сағынайдың асы 1886 жылы өтіпті.Ол асқа бес жұз ақ үй тігіліп,оған бес жүз бұхар кілем ілінді.Бес тонна шәй әкелініп,жаңа ыдыс-аяқтар Ташкент пен Қазан қалаларынан алынған. Он мың көрпе-жастық,қонақтарға сыйлауға бес жүз бұхар шапаны әкелініп, Сібірден бес жүз бағалы аң терісі алынған.Жиырма мың қой,жүз мың жылқы сойылған.Сағынайдың асына кеткен шығын атақты Тәж-Махал кесенесін салуға жұмсалған қарасымен бірдей болған

Осындай тағы бір астың бірі – «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асы бір тобықты емес,тіпті,бұл өңір,бұл атырапта талайдан болмаған ас делінеді.Молшылық,сый-сыяпат,барлығы да үлгі-өнеге берерлік болыпты.Ас өлік үшін ғана емес,әсіресе,тірлік үшін керек.Олар өлімді сылтау етіп,өздерінің абыройын,атағын,мақтаныш айдынын да асырады.Сондықтан асты кім болса сол жасамайды тек жуан бай-шонжарлар ғана жасаған.Тобықты ортасы бұдан былай осы жылдарда туған баласының жасын Бөжейдің асымен санайтын болды.Ас жылы туылған бала ғана емес,астан бірнеше жыл кейін туғанда да сол астың «ар жақ-бер жағы» деп,асқар белген бастағандай,межелейтін болған Бөжей осының атағы осыда.

Ас беру – асыл өнеге.Ендеше,халқымыздың намысынан жаратылып,дәуір жүгін арқалап өткен бабаларға тәу ету барша қазақ жұртының перзенттік парызы дер едім.

 

 

 
04.02.2018 19:37