Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

15591

Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жоқтауындағы ақын мен тұлпар өмірі ажырамас тұтастық па?

Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жоқтауындағы ақын мен тұлпар өмірі ажырамас тұтастық па?

Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы – сюжетті поэма.Поэма сюжетін құрайтын оқиғалар асты бейнелеген тарауларда ат жарысын,Құлагердің мерт болуын,сонымен байланысты Ақынның қайғы – шерге көмілуін суреттеген тарауларда байланған . Өзге поэмаларға қарағанда,бұлпоэманың сюжеттік – композициялық бітімінде өзгешелікте бар екені рас.

Поэманың бас қаһарманы – Ақан сері Қорамсаұлы.Осы бас кейіпкер өмірін бейнелеген поэма жанрының шеңберінен аспай,осы жанрдың адам образын мүсіндеудегі көркемдік мүмкіншілік белгілі дәрежеде ұтымды пайдаланғанын көреміз.Ол ең алдымен оқырман қауымды Ақан Серімен біраз таныстырып өтеді.

Поэмадағы ақынның авторлық мәнездемесіне қарағанда:Ақан билік айтқан ел жуаны би емес, «ауыл торып,ел шулатқан ұры» емес, «мешіт салып,зекет алып,дүниенің нәжісін бойға жаққан» молда емес,тіпті байдың жалшысы да емес.Ақан енді кім?Бүған жауап ақынның Ақанға берген мына сипаттамасынан табылады:

«Жүйрік ат,сонар саят,қыз-қырқынмен,

Өмірді өткізген жан өз қырқынмен

Өмірдің ащы емес,тұщысында

Қызықтап жігіт ойын,қыз күлкіңмен

Саңлақ ед шыққан мыңнан,оған жұзден

Көп сұлу көзін сүзген күнді өткізген.

Қызықтың айдынына құлаш ұрып,

Армансыз қаздай қалқып,құдай жүзген...»

Міне,осылайша ақын Ақан серінің халық ішінен шыққан көрнекті өкілі ретінде көрсетті.

Поэмадағы Ақан сері образын сөз еткенде Құлагерді айту аса қажет.Ақынның Құлагерді суреттеуі бас кейіпкер бейнесін тұлғандырып тұр.Ақан сері Құлагер туралы,сол Құлагердің өкінішті қазасы жайлы шығарған әнінің хикаясын – қазақ поэмасындағы ерекше орын алады.Атқа байланысты поэма ертеден келек жатқан психологиясымен байланыстырады.

Қорыта келе,Ілияс Жансүгіров ауыз әдебиетін,жазба әдебиетін жалғастырып қана қойған жоқ,өзінше өрістетті.Ауыз әдебиетіндегі әсірелеу арқылы берілсе,Ілияс Құлагерді әлсіремейді де,кейіптеп суреттемейді әлеуметтік өмірдің өзекті мәселелерін өлеңіне арқау еткен,Ақан өнерімен де,ерлік өмірімен де кейінгі ұрпаққа,туған халқына үлгі болды. «Халық жадында Ақан мен Құлагер есімі егіз ұғым болып мәңгі қалмақ!»

 
04.02.2018 19:24