Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

15553

М.Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастаны аңызға, тарихи белгілі оқиғаларға құрылғандығын талдап жазыңыз.

М.Жұмабаевтың

Артына өшпес рухани мол мұра қалдырған қазақ поэзиясының шолпан жұлдыхдарының бірі, әрі бірегейі ол – Мағжан.Ақындық міндетті арына жүктеп,халыққа жеткізер ойдың ұшығын ашық та, айқын көре білген Мағжан өз бағытынан еш айныған емес.Құбылмалы өмір күйінен өз жолын таба білген ұлттың ақынына қуанышты көркейту,қайғыны жеңілдету ақындық мұраты болды.Ақын қазақ болашағына бұлдыраған сағым емес, орындалмас қияли арман ретінде қарамай,ұлтының ояна бастаған сана болмысына қарар,халық сенімі күшейтеді. Мағжан поэзиясының жастарға деген үміті – ояна бастаған ұлт санасынынң болашағы деп біледі.

Расында,Мағжан эпикалық жанрда да қарқынды еңбек еткен ақын. Оның қаламанан бірнеше поэмалар туған.Әр поэмасының тақырыптары мен көркемдік деңгейлері әркелкі болғанымен қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар дүниелер.Соның бірі – «Қойлыбайдың қобызы» дастаны. Бұл поэма мистикалық аңыз әңгіме негізінде жазылған.Поэмадан халықтың бақсы-балгерлерге деген қарым қатынасын байқауға болады.Мағжан Жұмабаев бақсы-балгерлердің сол қоғамдағы рөлін көрсеткісі келген болуы мүмкін.Халық әрқашан мистикаға сеніп,осы бағытты түрлі аңыз әңгімелер таратып отырған.Бұл аңыздарға халық өздерінің арманын,мақсат-мұратын енгізіп,сол мұраны ұрпақтан-ұрпаққа таратып отырды.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні Мағжан- ұлы ақын.Қазақтың кемеңгер жазушысы М.Әуезов : «Абайдан кейін Мағжанды сүйемін... Мағжан культурасы зор ақын... Сыртқа кестенің келісімі мен күйшілігіне қарағанда бұл бар заманның шегінен асқандай...бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекте бой ұрып,артқы күнге аныққалуға жарайтын сөз-Мағжанның сөзі» деп,оның ақындығына да,әдебиет тарихындағы орнын да басып айтқан.

 
04.02.2018 18:35