Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154168

Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімі қалай жеткізілген?

Мұхит Мералыұлы – 1841 жылы Батыс Қазақстан облысы,Қаратөбе ауданы,Ақбақай ауылында туып,1918 жылы дүние салған.Баһадүр Әбілқайыр ханның ұрпағы,Қаратай сұлтанның шөбересі.Сүйегі асыл ауқатты отбасынан шыққан.Халық композиторы әнші-ақын,күйші – домбырашы.Мұхит уақыт,қоғам,өмір туралы «дүние-ай», «Зәуреш» әндерін шығарды.

 

Мұхит Мералыұлының «Зәуреш» әні: аңызы мен ақиқатқа толы.Тарихында өзіндік суреткерлік болмысымен есімін таңбалаған сирек дарақтың бірі сол Мұхит еді.Шандоз ән шебері,халық психологиясының білгірі сол Мұхит дыбыстар жүйесін әр қырынан құбылта құрімен тыңдаушысын эстетикалық – эмоциялық көңіл-күйде қалдырып отырған.Мәтінде бейнеленген ойлау формаларының сөзі дік әсерін әуен арқылы арттырып,күшін өсіре түскен.Соның бірі-байтаққа жақсы таныс әйгілі «Зәуреш» еді.Өрнегі бөлек әндердің бірі.Бітімі өзгеше.

 

Зәуреш еліне дәріпті Медет есімді кісінің қызы екен дейді аңызға айналған дерек.Обадан опат болған отыз ұлдан соңғы жалғыз тұяқ.Әкесінің бар үміті,бар жұбанышы – Зәуреш,өмірінің шырағы болар деген.Тағдырдың тауқыметін көп көреді.Ажал тырнағына ілінеді.Саулы әнгендей боздап келіп,суық қабірді құшақтап айтқан Медеттің сондағы сөздерін Мқхит кейін өлеңге айналдырып,зор әнге қосқан, - дейді.Сөздері қамықтырарлық.

Ка,Зәуреш,сенің үшін елден келдім,

Баяғы өзің өскен жерден келдім.

Сен неге мен келгенде тебіренбейсің,

Иіскеп бір сүйейін деген едім?

Құланның жонда өрдім шоқырағын,

Қайынның жаста көрдім жапырағын.

Қарамай кетіп қалып жең сорға,

Бір уыс көп көрді ме топырағын.

Атақты сол Мұхиттың осы «Зәуреш» әніндегі Зәуреш Ырғызда  ғұмыр кешкен екен.

«Айнамкөз» әні.Айтушылар Мұхит Қобда бойын аралап жұргенде біреудің үйіне түсіп,ән салып,ауыл адамдары жиналып,кеш бойы сауықтайды.Ертеңінде сол үйдің бойжеткен қызы Құралайдың шай құйып отырғандағы сыпайылығы,мінезі,ажары Мұхитқа қатты ұнап,сол ара-бір ән шығарады.Әншіге қыздың көзі ұнайды.Сондықтан ол: «Шырағым,мына бір әнді саған арнадым,нағыз айнамкөз екенсің,әннің аты да «Айнамкөз» болсын», - деген екен.

 

Мұхиттың әні халық арасында көп тараған, «Айнамкөзді» айтпайтын адам аз.Әсіресе,жай үйде болған мәжілістерде көпшіліктің қосылып айтатыны анық.Мұхиттың қай әні болмасын,басынан аяғына дейін лирика,ешбір қайғының ұшқыны жоқ,сүйгенін жақсы көргенін сағынған әуендер.Әннің кеудесі мен қайырмалары бір-бірімен жалғасып кетеді.Әндері байсалды,орнықты екпінде жүреді.Орындаушының шеберлігі де,өте жоғары болған екен.

 

Мұхиттың келе,біз Мұхит ақынның әндерінде адамның жан д.ниесін,ой-арманын,махаббат сезімін суреттеу,табиғатты тамашалау,адамның жеке басына сүйсіну сезімдері мол бейнеленгенін байқаймыз.Мұхит жүректі тебірентер сыршыл әндерімен бүкіл қазақ даласына танылған аса ірі тұлға,ғажайып дарынды талант иесі.

 

 

 

 

 
04.02.2018 18:15