Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155457

Шәкәрім Құдайбердиевтің «Жастарға» өлеңінде Абайды үлгі етудің себебін талдап жазыңыз.

Болашақ әркімді де толғандыратыны рас.Сол болашақтың тірегі кім?Әрине,жас қанатты жастар.Жас ұрпақ болашақтың тірегі,елінің сенімі отаның өркендетуші,күллі жұрттың ертеңі.Жаңа буындарға сенім артып өлең жазып,қалам сілтемеген ақындар кемде кем шығар.

Соның бірі Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жастарға» өлеңі.

Бұл Абай саудагер ғой ақыл сатқан,

Әртүрлі асылы көп өтпей жатқан.

Тегілі білсең – аласың,бас береді,

Тұтасынан ешкім жоө мұны тапқан,-деп Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңінде Абайды жастарға үлгі еткісі келіп,Абай арқылы түзеткісі келді.Шәкәрімнің Шәкәрім болып қалыптасуына әсер еткен бірден бір тұлға,ағасы – Абай.Себебі,жастайынан жетімқалған Шәкәрім Абайдың қолында өсіп,болашақ ақынның балалық бесігі,ұшқан ұясы – Абай мектебі.Абайдың ықпалымен өлеі жазды,Абайды түсінуге тырысты.Кішкентай кезінен бастап.Абайдан үлгі алған Шәкәрім,Абайға қатты еліктеген екен.20-30 жастар щамасында жазған өлеңдерінде көпшілігі Абайға тікелей  еліктеп шығарады.Сол сияқты,Абайды үлгі ету мақсатында «Жастарға» өлеңін шығарды.

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңінде жастарды жақсы жаққа түзетіп тәрбиелейді.Осындан неге Шәкәрім «Жастарға» өлеңінде жастарды Абай арқылы түхзеткісі келеді?Менің ойымша,Абайды үлгі етіп көрсеткен себебі,ол – өз ортасында білімді,әрі ойшыл ақын,әрі парасатты,әділ жан деп Абайды ғана таниды.Абай арқылы – жастарды адалдықты сүюге,арамдық,ұрлықтан қалуға,үлкеннің ақылын тыңдауға шақырады.

Осы «Жастарға» өлеңі арқылы жастарды жаман мінезден аулық болуға адами сезімді қастерлеуге,сүйіспеншілік пен ішкі рухани тазалықты сүюге үйретеді,Абайдың өзінің өсиеттерінің бірінде: «жақсылық пен жамандықты,әділдік пен пен қиянат туралы білгіңіз келсе,Абайды оқыңыз»-деген екен,осы өсиетпен толық түрде қосыламын.Себебі бойына қарап бой түзейтін,ісіне қарап ой түзейтін тұлғалардың бірі.

Қорыта келсек,бұл өлеңнің негізгі ойы жақсылықпен жамандықты,зұлымдықтаан адалдықты айыра білуге, бойына тек қана жақсы қасиеттерді жинақтауға,топтастыруға үйретеді

Қазірдің өзінде Қазақстан жастары үшің қазірдің өзінде де көптеген жағдайлар қарастырылған.Соның бірі «Болашақ» бағдарламасы.Жастарға үлкен үміт сыйлайтын,жас қанатты қанаттандыратын жоба.

 

 

 

 

 

 
04.02.2018 10:11