Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

15598

Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипаты мен сал-серілер өлеңдеріндегі қыз бейнесін салыстыра талдап жазыңыз

Мұрат Мөңкеұлының

Қазақ қызы!Осы бір аяулы есім жаныңды тербеп,жан жараңды емдеп,шабытыңды оятып,қолыңды сермеп,сезім гүлдеп жүректегі алаулаған отты үрлеп жібереді.Қазақтың мұңы,зары,арманы,үміті,ардағы,аманаты,тарихы,өмірі – бәрі-бәрі қазақ қызының тұңғиық мұңды көздеріне тұрғандай көрінеді.Ұлт болып ұйысуда,жұрт болып жұмылуда,халық болып қайрат танытуда қазақ қызының атқарар рөлі,алар орны ерекше.

Міне,осы қазақ қызына арнап өлең шығармаған ақындар,сұлулығына тамсанып жырламаған жыршылар қазақта кемде-кем шығар!Соның ішінд М.Мөңкеұлы «Қыз» өлеңі өте ерекше.Бұл өлеңді оқи отырып,ойыма «Сұлушаш» поэмасы түседі.Екі шығарманың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

Бір жағынан ұқсастықтарына тоқталсақ,М.Мөңкеұлы өлеңіндегі қыз сипаты ақ моншақтай әдемі,әдемілігі соншалықты,ақ жүзінің сәулесі жерге түссе,сары алтындай көрінеді.Ол- құрбыларының алды болған байдың қызы.Тісі – маржандай,сөзі – жағымды,сөйлесе тілінен бал тамады!Келген адам қасынан кеткісі келмейтін.Сол сияқты «Сұлушаш» бейнесінде әдемілігі соншалықты,қарақат көзі,қыр мұрынды,ұзын кірпік,тістері меруерттің тізген тасындай,дидары қоғалы көлдің құрағындай.

Екінші жағынан,айырмашықтарын да қарастыруға болады.М.Мөңкеұлының «Қыз» өлеңінде қазақ халқының салт-дәстүрінің бірі – қызды құтты орнына қондыру бейнеленген.Автордың айтпағы «қыз мұраты – кету» демекші,қыз өз ата – анасының дәулетіне еркелеп өскенімен,бір күні ол да ұясынан ұшып,өз орнын табады.

Ал Сұлушаш еркін ойлы,өз мүддесі үшін күресуге қабілетті өжет жандардың бірі өзі ғашық болған қосылуға ата – анасының батасын ала алмасада,ғашығына қосылатын еркін жан.

Қорытындылай келсек,бұл шығармалардағы қыз сипаты ұқсас болғанымен,тағдырлары өзгеше. Әр шығармадағы қыз жеке тұлға.Біріншідегі қыз сипаты тұрмыс құрарға дейінгі болып табылады.Қай шығарманы алсақ та, ертедегі қазақ қызының бейнесі шебер суреттелген деп ойлаймын.

 
05.01.2018 13:29