Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154395

Сүйінбай мен Қатаған айтысында

Сүйінбай мен Қатаған айтысында Сүйінбайдың

«Сүйінбай мен Қатаған айтысында» Сүйінбайдың:
...Іздегенім осы еді,
Өз-өзінен қағынып,
Қатаған сөзден жаңылды.
Қызып тұрған темірге
Өзі келіп қарылды,- деуі айтыстың тағдырын шешкен сөз болғандығын дәлелдеп жазыңыз.

«Ақындардың ақыны, Айдын көлдей ақылы»,- деп Жамбыл айтқандай Сүйінбай Аронұлы қазақтың аса көрнекті ақын жырауы. Қаршадайынан қолына домбыра алып, өлеңді серік еткен жырау Сүйінбай Аронұлы зорлық-зомбылыққа, әділетсіздікке ұшыраған қара халықтың жақшысы болды.Би мен бектің, атқа мінерлердің халыққа жасаған қиянаттарын алмастай өткір жырларымен естен кетпестей етіп бетіне басып, абыройын жер жастандырған.Ел бірлігін оның тәуелсіздігін, сол жолдағы ерлердің жанқиярлығын талмай жырлаған ақын.

ХІХ ғасырдың қазақ айтысыныі орталығы Жетісуға ауады.Осы уақытта айтыскер ақындардың арасында Сүйінбайдың айтыскерлік қабілеті ерекше орынға ие болады.Ұлыжазушы,ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов оны «айтыс өнерінің алтын дінгегі» деп аса жоғары бағалады.

ХІХ ғасырдың орта шегінде қырғыз бен көрші қазақ үлкен аста бас қосады. Осы үлкен жиында қазақ пен қырғыздың игі жақсыларынан атақты ақындары Сүйінбай мен Қатағанды айтыстырады.Алдымен айтыста сөз бастаған Қатаған жыр нөсеріне төпелеп, Сүйінбайды әлсіретіп тастағандай әсер қалдырады.Қатаған Сүйінбайға «Құдай аңдап,қолыма өзің келіп түстің,менің қасымда сені ақын деп кім айтады?»-деп, айтыста өз байлығын, ру – тайпаларын мақтап,мадақтап кетеді. «Қазақ» деп ол қапелімде іргелес Жетісу елін ғана елестетіп қалған сияқты көрінеді.Бірақ тыңдаған Сүйінбай адуында сөздерін паш етеді:

Іздегенім осы еді,
Өз-өзінен қағынып,
Қатаған сөзден жаңылды
Қызып тұрған темірге
Өзі келіп қарылды,-

дейді көңілді серпілісімен.Осы бес жол өлеңде айтыстың тағдырын шешкен нәрсе анық та образды түрде айтылған Қатаған көптігі мен байлығын айтам деп,сөзбен керілген қақпанды басып, арандап қалады.Сөйтіп, аламан бәйгелі,дүбірлі айтыста айқын басымдылықпен Сүйінбай жеңеді.

Қорыта айтқанда, «Мақтаншақ бар ақылын мақтанумен тауысады»,-дегендей жетімнің көзінше ата-ана жайлы,кедейдің жанында байлық жайлы,науқастың қасында денсаулық жайлы сөз қозғама.

 
05.01.2018 13:19