Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

15518

Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романындағы: «Бәріміз де пендеміз ғой... Бір-бірімізді сөге-жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық»- деген түйін сөзге әкелген қандай құндылық?

Алғаш қадамын поэзиядан бастап, шағын жнр арқылы романға келген Қабдеш Жұмаділов – қазақ әдебиетінің дамуында өзіндік орны бар қаламгер. Жазушыны өз замандастары «қара сөздің Қабдеші», «тағдыры бөлек тарланбоз», «тағдырлы тұлға» деп атаған.

Көпшілікке кеңінен таныс «Тағдыр» романы Шығыс Түркістандағы қазақ тарихы негізінде жазылған тарихи роман. Романдағы басты оқиға кейіпкерлері – Еженхан мен Ақатшаның арасындағы Шығыс Түркістан аймағын бөлісу мәселесі, шекара бөлінгеннен кейінгі халықтың тағдыры. Сонымен қатар, жазушы қазақ өмірінің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын асқан шеберлікпен бейнелейді. Және бұл баяндаулардың автор үшін орны ерекше екені көрініп тұр.

Халқының басына ауыр күндер туған сәтте оған арқау болған басты кейіпкер – Демежанды жазушы бәрінен де бөлек тұлға ретінде бейнелейді. Демежанның екі ел шекарасын бөлгенде қазақ ауылдарына тиетін зардабын көріп жаны ауырғаны. Жұртпен бірге егін егіп, Ши-амбының алдына барып қорықпай елге салынан салықтары тым ауыр екенін айтуы еліне пайда ойлап жүрген азамат екенін дәлелдейді. Алайда, оның бұл іс-әрекеттері Дохалдай мен Байсеркеге ұнамай, оның үстінен ісс қозғайды. Ақыры аймаққа жаңа келген ұлық Матен-амбы бұл екеуіне қосылып, Демежанға жалған жаланы ұлғайтып, дарға асуға үкім шығарады. Демежан осылай қайтыс болғанымен, ел ішінде оның жақсы атты, артынан қалдырған өшпес ісі жайлы айтылады. Негізінде салдырған мешіт-медреселері халық игілігіне қызмет етуде. Оның үстіне Демежанның абзал да аяулы жары Бибі Демежандай арыстың түтінін өшірмей отырып, ал оның айналасындағы адамдар Демежандай азаматтың есімін ауыздарынан тастамайды. Міне, осы сәтте романнан алар басты түйін «Бәріміз де пендеміз ғой... Бәріміз бір-бірімізді сөге-жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық» қалыптасады. Менің ойымша, жазушы оны қарапайым халықтың Демежанның жақсы іс-әрекеттерін, оның ойын әлі де есте сақтауы арқылы көрсетеді. Жұрт Демежанға тапқан айыпқа сеніп, оны жамандамай құрметтеуі бұл түйінге анық дәлел. Өз ойым жазушының бұл ой-пікірімен толық келісемін. Себебі, адам баласы тек жақсылықты есте сақтап, жамандықты ұмыту қажет. Әрине, бұл оңай емес, бірақ бәріміз де пендеміз, бәріміз де бұл өмірде қателіктер жасаймыз. Сондықтанғ күнәләрді кешіріп, жақсылықты есте сақтайық. Сол кезде жұрт, мемлекет ішінде ынтымақ, береке болады деп ойлаймын.

 
29.08.2017 16:21