Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

15581

М. Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз

Өмірдің мәні мен сәні болған махаббат тақырыбын сөз етпеген ақын кемде кем шығар.Соның бірі қара өлеңнің хас шебері – Мұхтар Шаханов. Оның қаламынан туған «Ғашықтық ғаламаты» өлеңі кез келген жастағы адамға ой саларлық үлгіде жазылған деп ойлаймын. Сондықтан да, бұл шығарманың өзектілігі ғасырлар өтсе де, жойылмақ емес.

Автордың: Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы

Адам азса ғашықтықтың жоқтығынан азады, - деген ойы – ғашықтық сезіміне берген бағасы деп білемін.

Ақын сезімнің шырғалаңына түсіп қалған жас қыздың оқиғасын өлеңіне арқау ете отырып, ғашықтық сезімнің құдіретін жеткізіп көрсетеді.Өлеңде ақын ғашықтық сезімнің құдіретін неге ашып көрсетті? Кейінгіге үлгі боларлық құнды ой түйінін бергісі келгендіктен деп ойлаймын.

Ақынның: Ғашық жүрек өз тағдырын өзі ғана шешеді. «Жыға алмайды оны жұрттың өсегі. Бұған дәлел - құдіретті "Қорлан" әні кешегі- деуі ақынның адамзат атаулының өмірінде болатын қасиетті сезімге ара түсуі сияқты көрінеді.

Ақынның айтар ақылымен нақылы да осы Қорлан әнімен бір арнаға тоғысады. Автор елу бір жыл ғашықтықтың азабын тартқан Естай ақынды негізге ала отырып, оның махаббатқа адалдығымен достықты қадірлеген ізгі жан екенін айтады. « ...Ғашық болып өлу қандай мәртебе» деген жолынан Тірі күнінде қолы жетпеген арманын мәңгілік ұйқыға кетер алдында да бір сәт есінен шығармай көз жұмудың өзі жұмыр басты пендеге мәртебе екендігін мен де мойындаймын.

Ғашықтық сезім дегенде , өз басым аманатқа қиянат жасамау деп ұғамін.Себебі, нағыз ғашықтар бір-біріне уәде береді, серттеседі.Міне, осы жағдай ақынның өлеңінде де белең береді. Естайдың елу бір жыл қолында шабыт берген жүзігін өзімен бірге жерлеуін досына тапсырады.Міне, осы тұсы нағыз ғашық жүректің сертке беріктігін көрсетпей ме?

Қорытындылай келе, ақын жүрегінің ғашықтық сезімін осынша шабытпен жырлауының себебі , сүю бақытының кез келгенге бұйыра бермейтін бақыт екендігін түсіндіруінде деп ойлаймын.Сондықтан да, ғашықтық сезімнің қадіріне тіріде жете берейік дегеім келеді.

 
29.08.2017 16:21