Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155242

Өз өміріңіздегі әжелерді М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз

Астана – Тәуелсіздіктің жемісі. Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз.

Әлемдегі ең мейірімді, ақ ниетті абзал жанның бірі - ақ әже. Немересін ақ бесікке бөлеп, «Бесік жырымен» әлдилеген ізгі жандардың өмірдегі орны қашанда бөлек. Осы ардақты әжелер жайлы талай қаламгер сыр шертті. Сондай бір туынды - М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңі. Өлеңді оқи отырып, көз алдыма жүзінен жылулық лебі ескен, көзінен мейірімділік шуағын төккен, басына ақ кимешек киген қарт ана елестеді. Сол Мұқағали әжесінің бейнесі бүгінгі әжелер бойынан табыла ма деген ой мені толғандырып та кетті. Осы сауалға өзімше жауап іздеп көрейін.

Алғашқы ойымды әже мен немере арасындағы үзілмес сезімнен бастағым келеді. Ол қандай құдіретті сезім десеңші! Бұған дәлел ретінде: Әже, сен бірге жүрсің меніменен,

Өліге мен өзіңді телімегем,

- деген ақын сөзін алғым келіп отыр. Бұл сөзден әжесінен айырылса да, немеренің сарқылмас сағынышы мен махаббаты сезіледі. Әжесінің бұл дүниеде жоқ екендігін білсе де, оны өлді деуге жүрегі қимайды. Иә, әркімге де әже қымбат. Мен де әжемді жанымдай жақсы көрем. Кішкентай кезімде әжемнің ертегісін естімей жастыққа басым тимеуші еді. Ешкімге айтпаған сырымды соған айтам, жұбанышты содан табам. Міне, әже мен немере арасындағы үзілмес сезім деп осыны айтар едім. Өз әжем мен өзге әженің ұқсастықтарын іздей келе, әлемдегі әжелердің бәрі бір-біріне ұқсас па деп те қалам. Яғни, әже тәрбиесін көріп өскен ұрпақ ұлтының берік тірегі болары анық деп нық айта алам.

Осы пікірімді батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының «немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын» деген сөзімен өрбіткім келеді. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр болатыны сөзсіз. «Бес саусақ бірдей емес» дегендей, ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлмейтін әжелеріміз де арамызда бар. Жаһандану дәуірінде кейбіреулер ата-баба бесігін электронды бесікпен алмастыруды ұсынып жүр. Әженің бесік жырын естімей өскен баладан ертеңгі күні ұлтжанды азамат шығуы неғайбыл. Меніңше, бұл - ұлттық тәрбиеге балта шапқандықтың белгісі.

Өкінішке орай, қоғамда кейде олар жайлы кереғар пікірлер де ара-тұра кездесіп қалады. Бұрынғы заман мен қазіргі заманның әжелерінің арасында алшақтық бар дейді. Сонда қандай алшақтықты сөз етіп отыр? Заман қалай құбылса да, әже мен немере арасындағы ұлы сезім өз мәнін ешқашан жоғалтпайды деп ашына айтқым келеді. Ол уәж жауапкершіліктен қашқан, өз құлқынын ғана ойлағандардікі. Бір сәт ойланып көрейікші. Бұрын қарттар үйі деген болушы ма еді? Айтуға ауыр тіркестердің бірі. Сол қарттар үйінде көздері жаутаңдап, ұл-қызын сағынышпен күткен қарияларды көргенде, өзіңді қоярға жер таппайсың. Безбүйрек, қатыгез адамдар қайдан шығады екен деген ой туындайды. Олардың орны бұл жер емес қой. Кешегі күні баласы үшін шыр-пыр болып, жар құлағы жастыққа тимей жанталасқан қариялардың орны төр емес пе? Көпке топырақ шашпайын, дегенмен ата-ана қадіріне жете алмаған қатыгездерге өкімет тарапынан бір шара қолдану керек те шығар, бәлкім.

Заман өзгеріп, қарыштап дамысақ та ұлттық бейнемізді жоғалтып алмайық, құндылығымызға адал болайық. Түйгені көп қарияларымыз асыл қазына екеніне күмән келтірмейік. Әженің әлдиіне қаныққан ұрпағымыздың өрісі кеңейе берсін.
 
26.04.2017 17:20