Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154116

Бүгінгі күннің жігіттеріне тән қасиеттерді Абай Құнанбаевтың «Жігіттер, ойын - арзан, күлкі - қымбат» өлеңіндегі жігіттің мінез-құлқы, қасиеттерімен салыстырып талдаңыз.

Астана – Тәуелсіздіктің жемісі. Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз.

«Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз» ( М.Дулатов) дегендей, ұрпақ аузында Абай сөзі... Көбінесе ұлы ақын «улы сия,ащы тілін» заман адамының ұнамсыз бейнелерін әшкерелеуге арнады. Мақсаты, ұрпағын түзу жолға салғысы келді. Енді ғасырлар өтсе де, ақын сөзінің жаһұттай жарқырай түсуінің құдіреті неде деген ойды қаузап көрейін. Мүмкін Абай дәуіріндегі кейіпкерлер бізде де кездесер, әлде заман адамы өзгерді ме...

Ойымды ақынның «Жігіттер, ойын-арзан, күлкі- қымбат»өлеңі бүгінгі өркениетті заманда мәнін жоғалтып алған жоқ па деген сұрақпен өрбіткім келіп отыр. «Жоқ» дейді ішкі ойым. Себебі адамдар арасындағы адал достық, әділеттілік, мейірбандық, татулық мәселесі- қай заманда болсын құнын жоғалтпайтын ұғымдар. Ал, Абай бұл өлеңінде жастарға:

Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,
Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз!,
- деп шын адамгершілік жолына,қиянатсыз, адал достыққа үгіттейді. Оларды жалған татулық,бояма мінезден сақтандырады. Ал біздің заманымымызда да «бояма мінезділер» көп. Дәуренің жүріп тұрса, алдыңды орап, шылауыңа жармасатындар жетерлік. Сондықтан оларды Ұлы ойшылдың сөзімен емдесек, өз пиғылдарынан ұялар ма еді деп ой түйгім келеді. Абайдың өлең жолдарын оқыған сайын тереңіне құныға түсем. Көрсеқызар, екіжүзді жастардың бейнесін «улы сиямен» әшкерелегеніне айызым қанады. Мысалы, Қырмызы, қызыл жібек бозбалалар

Оңғақ бұлдай былғайды, бір дым тисе,-деген сөзі бүгінгі таңда тек құлқынның құлына айналып бара жатқан замандасымның бейнесін ашып тұрғандай. Ғасыр өзгерсе де, адамның пиғылы,пендешілігі көп өзгеріске түсе бермейтініне таң қалам. «Күйлеме жігітпін деп үнемі ойнас» деп ақын сынаған бір күндік қызықты ойлаған жігіттер мен қыздар уақыт өткен сайын көбейіп барады. Жылтыраққа ұмтылған «көбелектердің» кеселінен қаншама бала жетім, тастанды атанды. Қаншама шарана нәжіс пен қоқысқа лақтырылғанын шыққыр көзіміз көріп жүр. Бұдан асқан азғындық бар ма жер бетінде! Осы қатыгездіктің алдын алу үшін « баланы жастан» деген халқымның сөзіне сүйеніп, Абайдың жас ұрпаққа айтар ақылын ана сүтімен бірге дарытуымыз қажет.

Өлеңде халқын сүйген ақын үлкен достықты отбасылық өмірден,жастар сезімінің тұрақтылығынан іздеді. Өздерін жаһанданудың жастарымыз деп кеудесін қағып, еркін махаббатты сылтау етіп жүргендерге ақынның мына өсиетін айтқым келеді.

Ері ақылды, қатыны мінезді боп,
Тату болса, райыс үстіндегі үй.
Санасы бар адамға мұнан артық сөз қажет емес.

Мен, менің замандасым ақын үнін естідік, санамызды сол үнмен суардық. Әр заманның өз сұрқылтайы бар екеніне көз жеткіздік. Ойымды қорыта келе, «Мәңгілік елімнің» босағасы берік болсын десек, ақын сөзін шамшырақ етіп ұстай білейік, ағайын.
 
26.04.2017 17:14