Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154374

Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі оқырманға ой тастайтын сөздер өлең идеясына сәйкес пе?

Қадыр Мырза  Әлидің Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ өлеңіндегі оқырманға ой тастайтын сөздер өлең идеясына сәйкес пе?

Өмір, ол — тәжірибе. Өмірде әр нәрседен хабардар болсаң да, оны толығымен зерттеп біле алмайсың. Өмірдің өзі жұмбақ екенін поэзия әлемінде өзіндік орны бар, ақиық ақындардың бірі Қ. Мырзалиев тамаша жырлай білген. Ақын өлеңінде өмірдің қызықты екендігін оқырмандарына жеткізуге тырысқан. Оны «Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңі арқылы дәлелдейді.

Қамшының сабындай қысқа өмірде біздер, өскелең ұрпақ өмірдің мәнін кей уақытта бағаламай жатамыз. Бұл жайтты ақынның: «Біреуді сынап адам ғып, мақтаумен жүрміз бұзып ап» - деген жолдарынан көреміз. Себебі, қазіргі таңда «Қолда бар да алтынның қадірі жоқ» - дегендей барымызды бағаламай, жақындарымыздың қадірін тек олардан айырылып қалғанда ғана аңғарып жатамыз. Сондықтан өмірдің қызығы жанымызға жақын адамдармен байланысты екендігін түсініп, қадірін бағалайық.

Өмірдің жұмбақтылығы, қызықтылығы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасап, сыйластығында жатыр деп ойлаймын. «Жүйкеге бола дәрі ішіп, бауырды жүрміз бұзып ап» - деген ақын ойымен менің ойым сабақтасып жатыр. Бұған дәлел, күнделікті күйбең тіршілікте адамдар өзара болмашы нәрсеге ренжісіп, бет жыртысып, тіптен бір-бірімен қарым-қатынастарын үзіп жатады. Соның салдарынан жүйкемізге зиян тигізіп жатқанымызды байқамаймыз. Сөйтіп, денсаулығымызды нашарлатамыз.

Қазақ даналығында: «Адам құлақтан азады, Көңілден семіреді» деген ұлағатты сөздері бар. Соның дәлелі ретінде: «Аштықпен емдеп ауруды, тоқтықпен жүрміз бұзып ап» ақынның айтқан өлең жолдарынан үзінді келтіре аламыз. Менің түсінуімше, өмір шыңға шыққанмен бірдей. Асықпай шығасың, зымырап түсесің. Өмірдің мәні не? Айналаңа қызмет етіп, көмек көрсету; сыйластықта өмір кешу. Өмір - жұмбақ, иә, жұмбақ, ертеңгі күніміздің қандай болатынын білмейміз. Сондықтан да, өмірдің мәнін, сәнін біліп, барымызды қанағат тұтып, жанымыздағы адамдарды сыйлап құрметтейік!

Қорытындылай келе, Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңі оқырманға өмірдің мәнін түсіндіріп, аша алды. Өлең идеясы арқылы оқырмандарын өмірді бағалауға үйретті. Олай болса, өмірді қадірлейік, ағайын!
 
26.04.2017 17:06