Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

15579

Сәкен Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі табиғат күшіне адамдар қарсы тұра алды ма?

Сәкен Жүнісовтің  Заманай мен Аманай  повесіндегі табиғат күшіне адамдар қарсы тұра алды ма?

Қазақ прозасындағы орны ерекше, табысты туындыларының бірі - "Заманай мен Аманай"повесі. Кешегі қатерлі жылдардың тарих беттерінде ақтаңдақ болып жазылған қуғын-сүргін көрінісі осы шығармада суреттеледі.Сондықтан да, бұл шығарма өз құндылығымен ерекшеленеді.

Қиын-қыстау шақта адамдар басынан қилы оқиғалар өтеді.Соның бірі – алапат табиғат күштеріне қарсы тұру. Яғни, адамдардың тағдырына табиғаттың әсері қалай болды? Адамдар сол қиямет жолынан қалай өтті? Табиғаттың күшіне қарсы тұра алды ма? Бұл сауалдарға шығарманы оқи отырып, жауап аламыз.

Біріншіден, шығарма кейіпкерлері шыдамдылығы мен төзімділігінің, өмірге деген құштарлығының арқасында табиғаттың тылсым күштерін жеңе білді.Оған дәлел, өз елінен жат жерге аяқ басқанда Сәукеле тауындағы «қыл көпір» атанған тозақ жолынан Балзия бастаған көштің өтуін келтіре аламын. «Қыл көпір» атанған жалғыз аяқ жолдан аман өткендер де, жарға құлап, бақилыққа кеткендер де бар.Бұдан шығатын қорытынды, егер адам баласы өмірге құштар болса, оған ешқандай табиғат та қарсы тұра алмайды деп ойлаймын. Екіншіден, өз елінен елу жыл бұрын кеткен Балзияның немересін туған топыраққа қайтару жолындағы табиғаттың тылсым күшімен күреске түсуі кімді де болса, таң қалдырмай қоймайды. Сол баяғы сұсты Сәукелке тауының қыл қияметіне шыдап, төзіп баққан, әбден қажып, титықтаған екі бейбақ , әйтеуір дегенде өз мақсаттарына жетеді.

Шығармада сонымен бірге, адамдардың тағдырына орны толмас өкініш әкелгенін де айтпасқа болмас деп ойлаймын. Алай –түлей ызғарлы боран, оған қоса бетіне бір шөкім қар жұқпайтын жылтыр мұздан тайғып, жүк- мүгімен төмен қарай мұзды құзға тымақтай ұшқан адамдар мен аяқ астында көзден ғайып болып жатқан жылқылар мен қойлар жан түршігерлік көрініс екендігі сөзсіз. Ал, сол мұзарт, сол көшті есіне алса, құйқа тамыры шымырлаған Омар –Томар мен сорлы Қанипаны есінен адастырған жалғыз қыздары, төрт жасар Меруерттің мұз жарығында мәңгілікке қалғаны, табиғаттың қатігездігі емес пе?Десе де, өмірге деген құлшыныс адамдардың ғұмырын сақтап қалады.

Ойымды қорытындылайтын болсақ, повесте кейіпкерлер табиғат күшіне қарсы тұра алды. адамдар ұрпақ келешегі үшін табиғаттың кез-келген күшіне қарсы тұра алады деген пікірдемін.
 
26.04.2017 17:02