Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154163

Мұқағали Мақатаевтың «Дариға – жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім?

Мұқағали Мақатаевтың Дариға – жүрек шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім?

Поэзия әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған, қара өлеңнің хас жүйрік Құлагері – Мұқағали Мақатев.Мұқағали қаламынан туған «Дариға-жүрек» поэмасы несімен құнды?Күллі қазақ жұртының бұл поэманы сүйіне оқуының сыры неде жатыр?Осы сұрақтарға жауап бере отырып, «Дариға-жүрек» поэмасына көз жүгіртіп көрейік.

Менің ойымша, «Дариға – жүрек» поэмасындағы кейіпкер – соғыс жылдарындағы ерінен айрылып, тағдыр тауқыметін тартқан аяулы жеңгенің бейнесі. «Жер түбі кеткен жарларын, Жесірлер тұрсын қарсы алып...» деген жолдар бұл сөзіме дәлел бола алады. «Шақырды жарын келмеді, Белгісіз тірі, өлгені...» дей отырып, «Дариға – жүрек шөлдеді...» деп ақын сағыныш пен мұңды тоғыстыра береді.Дариға – жүрек неге шөлдеді? Соғысқа кеткен жарын күте-күте екі көзі төрт болған жесірлер, жеңгелер қаншама?Міне, сондықтан да ақын бұл поэмасында шыдамдылық пен төзімділіктің, қайсар рухтың символындай болған жеңгелер бейнесін сомдаған деп ойлаймын.

Ақынның «Дариға-жүрек» поэмасын оқи отырып, ақынның көңіл күйін танимын.Ақынның тек қана Дариға жеңгесіне емес, жер бетіндегі барлық жеңгелерге арналған арнау жырындай сезіндім.Поэмадағы «Дариға – жүрек» атанған кешегі зұлмат жылдардағы асыл жеңгелердің символдық бейнесі деп ойлаймын. «Болған-ды менде бір жеңге,Жылайтын еді бір демде...Күлетін еді күллі әлем, Дариға жеңгем күлгенде...»- деген жолдардан айналасына жұпар шашқан, игілік пен ізгіліктің иесі болған «Ақ жеңге – Дариға-жүрек» елестейді.

Сонымен қатар, ақын бұл поэмасында жүрегі сағынышқа толып, мейірімділік пен махаббатқа шөлдесе де, адалдық сақтаған жеңгелерді сүйіне жырлайды.Мұның астарында терең ой жатыр. «Сұңқардай едім жердегі, Аққудай едім көлдегі»- деп мұңданса да, жарына адалдық сақтаған жеңгелердің сабырына таң қаласың...Таң қала отырып, сүйінесің... Ойымды қорыта келе, Мұқағали ақынның бұл поэмасы сонау соғыс жылдарындағы тағдыр тауқыметін көтерген, қара нардай қасқайып, бар қиындыққа төзген аяулы жеңгелерге арналған деп түйіндеймін. «Дариға – жүрек» соғыс жылдарындағы барлық жеңгелеге қойылған ескерткіш құлпытас дер едім...
 
26.04.2017 16:57