Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155400

Т. Ахтановтың романға «Шырағың сөнбесін» атауын беру себебін оқиға желісіндегі дәйектер арқылы дәлелдеп жазыңыз

Т. Ахтановтың романға Шырағың сөнбесін атауын беру себебін оқиға желісіндегі дәйектер арқылы дәлелдеп жазыңыз

Соғыс – атауы құлаққа жағымсыз, тіршілікті қан жылататын, астары қайғы-қасіретке толы қаралы сөз. Оның зардабы иығына қаруын асынып, қан майданға аттанған талай азаматтарымызды ажал отына тастады. Дәрменсіз бала мен нәзік жанды ана-әжелеріміздің өмірін қасіретке толтырды. Осы кездегі халық басына түскен қасіретті әйел атынан суреттеген іргелі туынды – Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романы. Романға «Шырағың сөнбесін» деп ат қойылуының мәні де тереңде жатқандай... Жазушы ойын тарқатып талдайын.

Романның көтерген жүгі ауыр. Ол жүк- халық болашағы. Ал халық болашағы ұрпақ жалғастығына келіп тіреледі. Жазушы осы ойды Нәзира арқылы бізге жеткізіп отыр. Сұрапыл соғыс жылдарында талай қасіретті басынан өткерген Нәзираның барлық қиындыққа төзе біліп, өмірінің жалғасы – ішіндегі нәрестесін дүниеге әкеліп, өмір сыйлағаны үлкен ерлік деп есептеймін. Меніңше, бүгінгі таңда адамдардың ұрпаққа, болашаққа деген көзқарасы мүлдем өзгеріп кеткен сияқты. Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен әз аналар арасынан нәрестесін балалар үйінің босағасына тастап кететін тасбауыр аналардың кездесетіні өкінішті-ақ. «Тастанды балалардың» аналары осы Нәзираны үлгі тұтып, жан түршіктірерлік қылыққа бармаса екен деп армандаймын. Нәзираның «Енді өлгім келмейді. Сонша тозақтан өткеннен кейін... енді тіпті өлуге хақым да жоқ сияқты» деген жолдары осының айғағы іспетті. Нәзира басында жап-жас келіншек, ауылдың албырт қызы болған еді. Аз ғана уақыт ішінде сұм соғыс есейтіп жібереді. Сұрапыл майданда жас келіншектің мерт болмай, нәрестесімен еліне оралуы- шығарманың өміршеңдігі.

«Мен жападан жалғыз қалдым. Көз жасым сыртқа шықпай ағыл-тегіл кеудеме құйылып жатты. Бірақ мені тоқтататын бір-ақ жан – СОЛ. Бүйірімді түртіп-түртіп қалатын СОЛ тірі жан иесі... ». Жазушы романының шырағын сөндірмей, өмірді, ұрпақты жалғастырушы – осы «СОЛ». Нәрестенің әзірге ат-есімі жоқ. Бірақ «СОЛ» аман болса, Қасымбектің шаңырағы құламайды, аты өшпейді! Осы ұрпақ өмірдің жалғасы ғой! Атам қазақтың ұрпаққа деген көзқарасы да жан шырылына толы. Өйткені, қилы замандарда ауыздықпен су ішкен дала тіршілігі ұрпаққа деген қатаң жауапкершілікті қалыптастырады деп ойлаймын.

Автордың романын «Шырағың сөнбесін» деп атауының бір себебі, соғыс жылдарында ауыртпалықты басынан кешкен халықтың болашақтан үмітін үзбей, жеңіске жетуін ұрпаққа үлгі еткен. Нәзираның: «Қайран туған жер! Сені де көретін күн болар ма екен? Арамыз бөлініп қалды. Ортамызда өткел бермес дариядай жау бар. Кішкентай болса да үміт жетелеп, әйтеуір жақындай берейікші деп шығысқа қарай жетелеп келеміз» деген сөздері осы ойын оқырманға паш еткендей.

Сөзімді қорытындылай келе, аталмыш роман бір ғана Нәзира арқылы өмір үшін күрестің шынайылығын көрсетті. Ендеше, өмірдің шырағы, болашағы – келер ұрпақ, сол шырақты сөндіріп алмайықшы!
 
26.04.2017 16:52