Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

1556

Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның зарлығы мен тарлығының белгілерін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз

Шортанбай Қанайұлының  «Зар заман» өлеңіндегі заманның зарлығы мен  тарлығының белгілерін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз

20 ғасырдың орта тұсында, әсіресе екінші жартысында, байтақ даламда орыс отаршылдығы барынша күшейген уақыты.Ел өміріне еніп түрлі әлеуметтік-саяси өзгерістер халқымның санғасырлық дәстүрлі өмір салтының,ынтымақ-бірлігінің бұзылуына себепші болғаны жанымды тебірентеді.Шортанбайдың азаматтық, ақындық ғұмыры елімнің тарихындағы осындай отаршылдық әбден өршіген қилы замнмен тұспа-тұс келген-ді.Шортанбай өзі,көзі көріп куә болған,көңілі түңілген шындықты «зар заман» атап,шынайы суреттегеніне тәнтімін.Отаршылдық байқам еліме еріксіз таңылған ұнамсыз өзгерістерді өзі жиреніп, халықты да жирендіре жырлағаның жаныммен сезіндім. «Зар заман» өлеңі сол дәуірдің шындығын бейнеледі.Заманымның кері кетуін,халқымның жақсы қасиетін жоғалта астауын жүрегңмен сезіп жырлады.Бұл өлеңді оқып отырып,ақын өзі өмір сүрген заманды өткен күнмен салыстырып,адамдардың мінез-құлықтарының өзгеруін, қайыры жоқ байлардың шығуын, ақшаның мал орнына жүргенің,заманының зарлығын, тарлығын өлеңіне өрнек еткеніне куә болдым.Сосың бәрінен түңілген ақын:

Мына заман қай заман?
Азулыға бар заман,
Азусыз тар заман.
Тарлығының белгісі:
Жақсы — жаннан түңілген,
Жаман — малдан түңілген,

Мұның өзі — зар заман-деп, жанын түршіктірген дүниелерді санамалап атайды.Заманының бұзылғанына наразы болған ақын «әуелгі заманның»енді қайта келмейтіндігіне, «құдасы жоқ құлдық, қонысы жоқ байлық» озатынына,байдың тілін жарлы алмай,ханның тілін қара алмай,өздері де алмайтынына қыжылыс білдіргенін сездім.Елде ұрлық пен парақорлықтығ көбейіп, ұлы атасын сыйлаған,әлеуметтік құбылыстың себебін ақын патша өкіметінің отарлау саясатынан іздеді.Заманның әкелген жаңалығын «ақырзаман» белгісі деп қабылдағанын түсіндім.Шортанбай ақырзаманды «бүкіл адамзат ұрпағының»жойылуы деп ұқпайды.Оның ойынша ақырзаман:

Бір - бірлерін күндеген,
Жай-жайына жүрмеген,
Мұның өзі — тар заман.
Тарлығының белгісі:
Мұсылманнан хал кетті.
Тәуір болғай делінген.

Қорыта айтқанда, Мұхтар Әуезов айтқандай «Зар заман» өлеңдер топтамасы-заман сипатынан түңілген,халық жайын ойлап, жаны күйген қайраткердің, азамат ақынның ақиқат сыры, толғанысы екендігіне сенімдімін сондықтан да,бұл өлеңдер дәуір айнасы бола білді.
 
08.04.2017 10:17