Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154380

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша тақырыптар 2018

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша тақырыптар

Эссе Қазақ тілі ҰБТ-2018



1. Махамбет жырларындағы Исатай мен ақынның өз бейнесін сомдаудағы ұлттық дәстүрлі нақыштарды салыстыра талдап жазыңыз.
2. Шоқан Уәлихановтың зерттеу еңбектеріндегі қазақтың жыр-дастандары мен ақын-жыршылардың өзара сабақтастығын дәлелдеп жазыңыз.
3. Жамбылдың «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңі мен Абайдың Әбішке арнаған өлеңдерінің жазылу стилі мен мазмұнындағы үндестікті салыстыра талдап жазыңыз.
4. А.Байтұрсынов шығармалары мен Абай аудармаларының арасындағы үндестікті дәлелдеп жазыңыз.
5. С.Торайғыровтың «Кім жазықты?» романындағы Әжібайға тән қасиеттерді қазіргі жастардың бойындағы мінез-құлқы, қасиеттерімен салыстырып талдаңыз.
6. С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасындағы Адақ пен М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы Баян бейнесін салыстыра талдап жазыңыз.
7. Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романындағы адамдар арасындағы тартыстың әлеуметтік тартысқа ұласуын дәлелдеп жазыңыз.
8. Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясындағы кейіпкерлердің мінезін сомдаудағы ерекшеліктерін талдап жазыңыз.
9. Ә.Кекілбаевтың «Үркер» романындағы Әбілқайыр тұлғасын сомдаудағы суреткерлік ерекшеліктерін талдап жазыңыз.
10. О.Бөкейдің «Қар қызы» повесіндегі реализм мен романтизмнің араласып келуін салыстыра талдаңыз.
11. ХV-ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясындағы Мәңгілік Ел идеясының көрінісін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
12. Жыраулар поэзиясындағы халық батырларының бейнесін салыстыра талдап жазыңыз.
13. Шешендік сөз өнерінің өткені, бүгіні және болашағы жөнінде ой қорытып, өз пікірлеріңізді дәлелдеп жазыңыз.
14. Зар заман ақындарының шығармаларындағы ортақ өзекті арқауларды, негізгі мәселелерді жинақтап, дәлелдер арқылы тұжырымдап жазыңыз.
15. Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» өлеңіндегі замана келбетін дәлелдеп жазыңыз.
16. Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» өлеңіндегі ақынның сыншылдық көзқарасын талдап жазыңыз.
17. Сүйінбай Аронұлының қазақ, қырғыз еліне өткір тілмен, озық оймен танылғандығын мысалдар келтіре отырып, дәлелдеп жазыңыз.
18. «Таныстыру» поэмасының желісі арқылы Сұлтанмахмұттың қазақтың оқыған зиялылары туралы көзқарасын дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
19. М. Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңі мен С. Сейфуллиннің «Сағындым» өлеңін салыстыра талдаңыз.
20. Ә. Тәжібаевтың «Сыр жырлары» өлеңдер циклінде Сыр мен оның адамдары бойындағы өзгерістерді уақыт қызметі арқылы танытқан ақынның ойшылдығын дәлелдеп жазыңыз.
21. Дулат Бабатайұлының «Еспембет» поэмасы мен батырлар жырындағы өзара үндестікті салыстыра талдап жазыңыз.
22. Махамбет жырларындағы ақынның өз бейнесі мен Исатай бейнесіне салыстыра талдау жасаңыз.
23. Махамбет поэзиясында арман, тілек, аңсау сарындары бар екенін мысалдар арқылы дәлелдеп жазыңыз.
24. Сүйінбай жырларында көтерілген идеялардың қазіргі заман шындығымен үндестігі туралы дәлелдеп жазыңыз.
25. Ш. Қанайұлының шығармаларындағы зар заман келбеті мен қазіргі заман келбетін салыстыра талдаңыз.
26. Майлықожаның жыл мезгілдеріне арналған өлеңдеріндегі табиғат пен адамзат тіршілігінің бейнеленуін мысалдар арқылы дәлелдеп жазыңыз.
27. Майлықожа өлеңдерінде көтерілген мәселелер бүгінгі күні де өзекті болып отырғанын мысалдар арқылы дәлелдеп жазыңыз.
28. Шоқан Уәлихановтың әдебиет, география, этнография, бейнелеу өнері саласына қосқан үлесін дәлелдер арқылы жазыңыз.
29. А. Құнанбаевтың қарасөздерінде көтерілген мәселелердің бүгінгі күнмен үндестігін талдап жазыңыз.
30. Көркем шығармаларда мақал-мәтелдерді қолдану арқылы ақын-жазушылар халықтың өмір тәжірибесін үлгі ететінін дәлелдеп жазыңыз.
31. Қазақтың нақыл сөздерінің философиялық, эстетикалық және этикалық сипатта болатынын дәлелдеп жазыңыз.
32. А.Байтұрсынұлының «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары» мысалдарының адамдарға үйрететін тағылымы туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз.
33. Ыбырай Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесінің еңбексүйгіш адам тәрбиелеудегі маңызын айқындап жазыңыз.
34. Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңі» бойынша ақынның сұлулыққа деген көзқарасын талдап жазыңыз.
35. Сапарғали Бегалиннің «Бала Шоқан» повесі бойынша адамгершілік пен уәдеге беріктік деген қасиеттер туралы ойларыңызды талдап жазыңыз.
36. Қабдеш Жұмаділовтің «Қозыкүрең» («Сәйгүліктер» романы) үзіндісі бойынша қазақ халқының жылқы малына деген сүйіспеншілік көзқарасын дәлелдеп жазыңыз.
37. Сүйінбай Аронұлының адам бойындағы қарама-қайшы қасиеттерді суреттеуі заман көрінісінен туындаған мәселе екенін дәлелдеп жазыңыз.
38. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Мен қазақ» өлеңінің ұранға айналу себебін талдап жазыңыз.
39. Сәкен Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі түйінді ой туралы дәлелдеп жазыңыз.
40. Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімесіндегі адам мен табиғат арасындағы тартыстың берілу себебін талдап жазыңыз.
41. Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңінің бүгінгі жастар тәрбиесіне қатысты өзектілігі туралы ойларыңызды талдап жазыңыз.
42. Сапарғали Бегалиннің «Бала Шоқан» повесі бойынша адамгершілік пен уәдеге беріктік деген қасиеттердің маңызы туралы ойларыңызды талдап жазыңыз.
43. Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасында айтылған адалдық сезімге қатысты өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз.
44. М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы ана мен бала, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасқа қатысты негізгі идеялардың сабақтастығын талдап жазыңыз.
45. Ұлы Абайдың «Бірінші қарасөзі» мен «Масғұт» дастанынының арасындағы үндестікті тауып, талдап жазыңыз.
46. Әркім «Бақыт» дегенді әр түрлі түсінеді. «Бақыт» деген не? Ойыңызды дәлелдермен негіздеп жазыңыз.
47. «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін...»
48. Менің мақтанышым – Астанам (Астананың 20 жылдығына орай)
49. Табысты болу - адамның бәсекелік қабілетінің көрінісі.
50. Ұлттық болмысты сақтау - рухани жаңғырудың ең басты шарты
 
05.03.2018 21:09