Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

15553

Шығармашылық шыңдалу - басты бағыт

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШЫҢДАЛУ – БАСТЫ БАҒЫТ
Б.С.Нұрмағамбетова
Мемлекеттік мекеме – «Павлодар қаласының № 28 орта жалпы білім беру мектебі», қазақ тілі
Қазіргі кезде ғылымда тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыруына тәрбиелеу жөнінде яки түрлі пікір қалыптасқан. Олардың бірі-өзін ұйымдастыру тәрбиеге байланысты десе, екіншісі – тәрбиеге байланыссыз деп тұжырымдайды.Көпшілік ғалымдар тәрбиеге байланысты деген пікірді қуаттайды. Шын мәнінде адамның барлық жақсы қасиеттері, жақсы сапасы тек қана биологиялық емес әлеуметтік жағдайлардан да болып, ол өмір бойы игеріледі. Өзін дамыту, пайдалану адамның интеллектуалдық ерекшелігіне және еріктік бағытта болатын әрі қарай әрекетке дамитын қабілет. Бұл қабілет жоғары деңгейде өзін дамыта, ұйымдастыра алатын тұлғаларда ақыл-ойдың дербестігі, өзіне сенімділігі, табандылық сияқты қасиеттер арқылы шығармашылықты дамытады. Өзін жетілдіру, өзін-өзі ұйымдастыру үшін қажетті аса маңызды қасиет – ол салауаттылық.
Өйткені ол үшін денсаулық мәдениеті, еңбек қабілеті, рухани байлық қажет, сонда ғана адам өзін-өзі жеңеді, жетілдіреді, бұл жеңістің төресі. Бұл – шығармашылық.
 Адамзаттан қоғамдық тәжірібесін меңгеруге баланың әрекеті мен мінез – қылығын бағыттайтын белсенді үрдіс – оқыту деп аталады.
 Дидактиктер М.Я.Лернер, В.В.Краевскийлер 70-жылдары оқушылардың шығармашылық әрекетіне көңіл бөлінбегенін, оған себеп әдістер концепциясында бағыттау болмағандығынан деп көрсетеді. Зерттеушілік әдіс және проблемалық оқытудың басқа да әдістері алғаш кеңес педагогикасы номенклатурасында жоқ болып, тек әңгіме әдісі басым болғанын айтады[3, 15].
  Ізденушілік дағды, оқудың интеллектуалды біліктілігі кейіннен барып зерттеу пәні ретінде арнайы қалыптастырылды. Себебі осыларсыз индивидтің шығармашылық дамуы қиын деп барлық оқыту әдістерін тізіп келіп танымдық ойындар мен проблемалық – ізденушілік әдістер де қажет деген. Оқушылардың ойлау дербестігін дамыту, проблемалық тапсырмаларды өздерінің құрастыруы аса бағалы, өйткені соның арқасында шығармашылық әрекет тәжірібесін меңгеруге ықпал етуге болады.
  Осы тұрғысында қарастыратын болсақ, бала дербестігін жүйелі түрде белсенді оқыту арқылы арттырып, содан шығармашылық қырларын қалыптастыруға болатындығы көрінеді Білім беру жүйесінің қай саласында болса да қарастырылмай кетпейтін жеке адам қалыптасуының ең басты компоненті – өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі дамыту, өзін пайдалану төмендегі 1-суретте көрсетілгендей өзін-өзі ұйымдастыру, дамыту – бұл өзін жетілдірудегі саналы жұмыс .
  Педагогика үшін анықтаушы сұрақтардың бірі-кез келген әрекет барысындағы баланың позициясы, оның әрекетші ретіндегі белсенді және өзіндік рөлі. Бастысы – әрекет кезінде ол біреудің тапсырмасын пассивті орындаушы емес, белгіленген мақсатты шығармашылықпен іске асырушы, әрекет етуші объектісін жаңадан жасаушы, қосымша міндеттер ұстанушы жасампаз белсенділігі. Жеке адам белсенділігі – оның болмысындағы негізгі мәселенің бірі. Әрекетшілік – тіршілік мәнісінің бәріне тән өз бетімен жауап қайтару қабілеті.
                      Оқушылардың өзін-өзі дамытудың жетістіктері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                
1-сурет.
Өмір құбылысын педагогикалық тұрғыда қабылдап бағалау, өсіп келе жатқан тұлғасына қарым-қатынастың педагогикалық бағытын қалыптастыру мынадай фактордың өзара әрекеттесуінен туындайды:
 а) зерде ой-санасы;
 ә) эмоция және ырық;
 б) тәжірибелік іс-әрекет.
 Адам ой-әрекетін табиғаттан даяр күйінде алмайды, ол ойлауды үйренеді. Ұстаздың міндеті – осы үрдісті шебер басқара білу, тек ойлау іс-әрекеттің нәтижесін ғана емес, оның қалыптасу барысында бақылап отыру.
Қазақ тілі сабағында сызба, кесте арқылы ауызша сөйлеуінің  жетілгендігі, шығармашылық деңгейінің қандай деңгейде екендігін анықтау.Жұмыс барында қолданылатын тірек сызбаларды мынадай түрге бөлуге:1.Сөзге қатысты сызбалар;
            2.Сөйлемге қатысты сызбалар
            3.Мәтінге қатысты сызбалар.
Сызбалар сөздің лексикалық,ауыспалы,көп мағыналық табиғаты аңғарылып,сөйлемдегі сөздің орны белгіленеді.
«Киіз үй қазақтың  ежелгі баспанасы»- деген  сөйлемге тірек сызба. Мәселен, «киіз үй »  сөзінің тірек сызбасы арқылы жаңа сөздер мен сөз тіркестері анықталып, сөзден сөйлем,сөйлемнен шағын мәтін туындайды.

                                     Үй

қандай ?
Қазақтың ежелгі
баспанасы

 

                                 сурет-2


 « Киіз үй » мәтініне тірек сызба. Бұл тапсырманы білімді жан-жақты тексеру кезеңінде қолдандық.
Кезеңнің міндеті :
Оқушы білімін терең, жан-жақты тексеру.
« Киіз үй» мәтініне тірек сызба. 2- сурет.

Киіз үй – қазақтың ежелден келе жатқан баспанасы. Киіз үй бұйымдары негізінен жүннен және ағаштан жасалады. Жүннен түндік, үзік, туырлық . Ағаштан – кереге, уық, шаңырақ, есік, бақан, т.б. жасалады . Киіз үй көшіп-қонуға ыңғайлы болғандықтан оны қазақтар көп пайдаланған .

Жүннен
жасалған бұйымдар Киіз үй
Түндік
Үзік, туырлық А
І ның,нің
дың,дің

Ға, ге
Б
Ты, ті
Т
Ж
Та, те, да, де. 
Ою-өрнек- ежелден
Теу.
Ою- өрнектеу,
әшекейлеу
Жылы, мол
Көшу, сән
Тұрмыс
қайың Киіз үй қазақтың баспанасы
Ағаштан жасалған бұйымдар Кереге, уық, шаңырақ,
есік т.б.
  Жаб дықтау,
Оюмен өрнек
теу
әшекейлеу

    Суықтан
Сақтайды
    Жинау, тігу
    Бірікті-ру, қосу
  Ш
Тан, тен, ден жел Жасау,
Тұр
ғызу
  К
Мен, бен, пен 
Жел,
суық Қорғау суық-
тан сақтау

Сурет 3
Әңгімеге арқау болған негізгі сөз- киіз. Өйткені үйдің ең керекті құралы осы заттан жасалады. Жаттығуда  берілген сөзге қосарымыз кереге,  шаңырақ сөздері.Кереге, уық, шаңырақсыз киіз үй болмайтыны белгілі. Осы үш затты біріктіріп тұратын желбау сөзі бар, олай болса осы сөздерді қолдану барысында ұлтымыздың ежелгі баспанасы киіз үй туралы шағын әңгіме құруға болады. Жаттығуда киіз үй бөлшектерінің атаулары берілген: кереге, уық, шаңырақ, есік, киіз.
Киізден үзік,сырмақ, түндік, текемет, туырлық жасалады. Сыныптағы жалғастырушы топ бұл сөздердің аттарын білгенімен киіз үйдің қандай бөлшегіне қажеттігін білмеуі мүмкін. Сызбадағы қажетті сөздер сөйлем құруға , киіз үй туралы әңгімелеп беруге көмектеседі.
Жаттығуды орындамас бұрын оқушылармен киіз үй туралы не білетіндерін сұрап, жаттығуды толықтырып, шығармашылық ізденістерге дағдыландыра отырса, ойлау қабілеті артады.
Сөзге катысты тірек сызбалар сөз мағыналарының түрленуін жете меңгеруге үйретеді. Сөздің коммуникативтік қызметін айқындайды. Оқушы сызбаны қолдану арқылы сөздің тілдік қатынасты іс жүзінде асырушы басты тұлға екенін біледі.
Сөйлемге қатысты сызбалардың негізгі көрсеткіштері мыналар :
- пікірлесу , әңгімелесу;
- сұраққа жауап бере білу;
- ойын жинақтап , тиянақты етіп айту. Диалогтты сөйлеуді дамытуға сатылы сызбалар тиімді. Диалогты сөйлеуде байланысты сызбалардан / оқылым, жазылым, айтылым, тілдесім/ жақсы меңгергендігі көрінеді.
Тапсырма  1. Тірек сызбаға сәйкес  сөйлемді аяқтаңыз.
 Кезеңнің міндеті : оқушы танымдығын ұйымдастыру « Көктемде дала кілемдей құлпырады »- деген сөйлемге арналған тірек сызбаны сабақта оқушылардың жаңа материалды игерудегі дайындық кезеңінде қолдандық.

                              ДЕЙ
КІЛЕМ                                                     

              ДАЛА               


КӨКТЕМДЕ                                                                               -
                                                                                                     -

СУРЕТ -4
Тапсырма 2. Сызбаға қарап сөйлемді жаңа сөздермен толықтырыңыз. Бұл жаттығуды оқушылар сабақтың үй тапсырмасын тексеру кезеңінде орындалады.
Кезеңнің міндеті :
Оқушылардың дұрыс, тиянақты орындауына көңіл бөлу.
Бауыржан Момышұлы – Ержанның атасы сөйлеміне тірек сызба.
СУРЕТ -5
Айбынды батыр / кім ? /                          /кімнің ? /
----------------------------------------          -------------------          ата / ... /.
Осындай жұмыс барысында, түсіндіру мен тексеруге кеткен уақыт кәдімгідей қысқарады, сызба жасай отырып, оқушылар өз еңбектерінің нәтижесін көреді, логикалық ойлау қабілеті қалыптасады. Ең бастысы – тірек сызбаларды қолдану мәтін талдау сапасын айтарлықтай жақсартады. Оқушы мәтінді сызбаға кескіндеу барысында жазушы өмірі мен шығармашылығы жолдарындағы ұқсас кезеңдерді көреді. Сызбалар ойды дамытудың логикалық желісі ретінде маңызды  қызмет атқарады.
Оқыту барысы оқушылардың тану белсенділігін арттыратындай, олардың өз бетінше танымдық ықылас-ынтасын, шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп ұйымдастырады, танымдық қасиеттің дамуымен бірге баланың қабылдағыштық, байқағыштық, білімге құмарлық, ізденімпаздық сияқты білімді жақтары жетіле түседі. Сонда ғана біз алдымызда келешектегі көсемімізді көгертер, көрпемізді ұлғайтар біртуар, кесек тұлғалар қанаттанып шығатынына кәміл сеніміміз мол.
                           Пайдаланылған әдебиеттер :
1. Б. Әрінова , А. С. Рауандина « Оқу орыс тілінде жүретін мектептерге арналған оқыту әдістемесі », Алматы  «Білім » 2004 -33 – 37 б.
2. Орыс тілі аудиториясында  қазақ әдебиеті сабағында сызба, кесте арқылы ауызша сөйлеуді жетілдіру.Ізденіс.- Поиск № 3, 2001 – 169-170 б.
3. О.М. Копыленко , Л.П. Руденко «Способности ребенка ».
 Алма-Ата ,1989 -15 б.
     4.Қазақша – орысша сөздік. – Алматы : Аруна 2002 8 – 414 б.

 

 
15.10.2010 11:26