Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155195

Тәрбиенің мән-мағынасы

Тəрбие мəн-мағынасы
Жоспары
1. Тəрбие міндеттері мен қызметтері.
2. Тəрбие процесінің ерекшеліктері.
3. Тұлғаның өзіндік тəрбиесі мен қайта тəрбиесі.
5.1. Тəрбие міндеттері мен қызметтері
Тəрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:
– əлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тəжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тəжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дəлірек айтсақ : адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тəсілдері, құқықтық, адамгершілік жəне т.б. нормалар.
– педагогикалық мағынада – бұл тəрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс-əрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс.
Тəрбие қоғамдық талаптарға сəйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тəрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық-əрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге əлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да əсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.
Қазіргі заман тəрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның əлеуметтік-мəдени (өмір жəне əрекет-қылық кейпін таңдау жəне іске асыру), даралықты (тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкерлікті қатынас (құндылықтар таңдау) бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тəрбие технологиялық икемшілдігіменен (адамның қабылдау жəне психологиялық даму заңдылықтарына сай орындалады), көңіл-күйге сəйкестігімен (көңіл-күй тəжірибесін қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз меншікті тəжірибесін құрастыру үшін), жағдайға орай орындалуымен (негізгі құралы – тəрбиелік жағдай), болашаққа бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады) ерекшеленеді.
Сонымен, тəрбие – бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты əрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тəрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған əлеуметтік процесс.
Берілген анықтаманың мазмұндық құрылымына зер салайық:
«мақсаты тұлға қалыптастыру болған əлеуметтік процесс» мəні- процесс нақты мақсаты болғанда ғана тəрбие деп аталуы мүмкін.
«əлеуметтік процесс» мəні – тəрбие əрқашан адамды ұнамды өзгеріске келтіруші көптеген қоғамдық іс-əрекеттердің арнайы түрі.
«тұлға қалыптастыру» мəні – бұл тəрбиеге басқарым, оны іске асыруға жағдай жасау, тəрбиелік іс-əрекеттерді ұйымдастыру (зорлау, əкімшіл ықпал мүлде болмауы тиіс). Қалыптастыру екі өзара байланыстан тұрады: педагогикалық қызмет жəне тəрбиеленушінің жауап іс-əрекеті.
«арнайы ұйымдастырылған тəрбиелік жүйе» мəні: неліктен жүйе? Себебі практикалық іс-əрекет процесінде қандай да жалғыз əдіс, тəсіл, жоба қолданумен шектелуге болмайды. Бұлардың бəрі өзара байланыста, бірін-бірі толықтырып, жетілдіретін болса ғана, оқу нəтижесі тиімді болады.
«тəрбиелеуші мен тəрбиеленушінің ықпалдасты əрекеттері» мəні – тəрбие процесі кері байланысқа міндетті түрде негізделуі тиіс, ол болмаған жағдайда мұғалім қызметінің нəтижесі жөнінде əңгіме болуы мүмкін емес.
Тəрбие процесінде ықпалдасты іс-əрекеттердің арқасында тəрбиеленуші ұсынылған ұйымдастырылып, белгілі тəжірибені игереді. Осыдан, тəрбиелеушінің басты міндеті – оқушыны көргенін, оқығанын қайталап, оларды өз бойына сіңіріп, өзінің меншікті əрекеті ретінде қайта жаңғырта алатындай оқу жұмыстарына қосудың жолдарын табу. Сонымен, тəрбие- бұл əрқилы іс-əрекет түрлерін ұйымдастыру процесі. Тəрбие теориясында мұндай бағыт тұлғалық- іс-əрекеттік атауын алған. Оның мəні: адам барша əлеуметтік тəжірибеден өзіне табиғаты жағынан жақын, əрі қызықтысын таңдайды.
Тұлғалық – іс-əрекеттік бағыттың негізгі мазмұндық бірліктері төмендегідей:
- сан қилы тұлғааралық қатынастардың бəрінің негізі – ортақтасу (общение):
- іс-əрекет барысында тұлға дамуына басшылық жасау;
- тұлға дамуы мен əлеуметтенуі.
Гуманистік педагогикада тəрбие –көзделген мақсатқа жеткізуші тəрбиелеуші мен тəрбиеленуші арасындағы тиімді қызметтестік процесі.
Мақсат –адамның қол жеткізуі тиіс нəтижені саналық деңгейде алдын-ала ниеттеуі.
Тəрбие мұраттарын анықтауда жаңа жағдайлар мен жаңа қоғамға икемдескен адам мұраты арқау етіледі. Тəрбие мазмұны, формасы, əдістері – бəрі де мақсатқа тəуелді. Тəрбие мақсатын түсінуден оны іске асырудың технологияларын таңдауға жол ашылады. Жан-жақты əрі үйлесімді дамыған тұлға тəрбиелеу мақсаты ҚР «Білім туралы» Заңында бекітілген.
Оның баптары:
- тəрбие процесінің мазмұнын анықтайды;
- тəрбие нəтижесінің шарттарын белгілейді;
- педагог қызметінің өлшемдері ретінде қызмет етеді;
- тəрбие жүйесін толықтай айқындайды.
Тəрбие мақсаттары жалпы (барша адамдарға арналған) жəне даралықты (жеке адамға арналған) болып бөлінеді.
Тəрбие мақсатын белгілеуде жекеленген іс-əрекеттердің ғана емес, бүкіл оқу–тəрбие процесінің де бірлік элементі ретінде психологиялық-педагогикалық диагностика маңызды роль атқарады. Осыдан, тұлғаны зерттеудің əрқилы əдістерін білу жəне олар негізінде тұлға мен ұжымды зерттеудің бағдарламаларын түзе алу қажеттіктері туындайды.
Бір тəрбиелік жүйеде əрдайым бір тəрбие мақсаты көзделеді, ал мақсатқа орай орындалатын міндеттер (жалпы не нақты) көптеген болуы мүмкін. Тəрбие мақсаттары қоғамның даму қажеттерімен айқындалып, əлеуметтік жəне техникалық прогреске, қоғам, ересектер мен балалардың мүмкіндіктеріне тəуелді келеді. Тəрбиелік іс-əрекет нəтижесінде көрініс беретін көкейкесті мақсаттар : əр адамның даралықты дамуы жəне оның əлеуметтенуі, ал бұл өз кезегінде ақыл-ес, адамгершілік, əсемдік (эстетикалық), азаматтық, еңбектік жəне тəн-дене тəрбиесі міндеттерінің орындалуымен анықталады.
Тəрбие міндеттерінің шешімі тұлға мəдениеттілігінің негізін қалайды.
5.2. Тəрбие процесінің ерекшеліктері
Оқу жəне тəрбие - өзара байланысты екі процесс. Олардың міндеттері əрқилы, дегенмен, бір-бірімен ажырамас ұштасқан күйде бір уақытта қатар жүріп отырады, бірақ ұйымдасу əдістері жəне формалары тұрғысынан түбегейлі өзгеше.
Тəрбиелік іс-əрекет тəрбиешінің жекеленген əрекет аймағы түрінде (өз мақсаттарына, міндеттеріне, мазмұнына ие) немесе оқу процесіне тікелей енген (себебі оқу тəрбиелік сипатқа ие) қалыпта болуы мүмкін.
Оқу мен тəрбиенің ортақ белгілері:
- тəрбие процесі өз ішіне оқу элементтерін қамтиды: қандай да ережені орындауды талап етуден бұрын оның іске асырылу жолдарын үйрету қажет;
- оқу процесі мұғалім мен оқушы арасындағы ықпалдасты іс-əрекеттің ұйымдастырылу формасына сəйкес өтеді. Өз қызметі барысында мұғалім оқушыға тəрбиелік ықпал жасайды;
- оқу жəне тəрбие процестерінде бірдей əдістер (түсіндіру, қадағалау жəне т.б.) пайдаланылады.
Жалпы педагогикалық процестің аталған екі қызметінің арасындағы принциптік айырмашылық : оқу барысында шəкірт əртүрлі ғылымдар негізін меңгереді, ал тəрбие процесі оқушының тұлғалық сапа-қасиеттерін қалыптастыруға бағышталады.
Тəрбие процесіне тəн ерекшеліктер:
- мақсатты бағыттылық (мақсаттың түсінікті болуы нəтиже тиімділігінің кепілі);
- мақсаттар бірлігі (тəрбиеші мен тəрбиеленушінің арасындағы қызметтестіктің көрсеткіші);
- нəтиже ұзақтығы (оқу процесіндегідей нəтиже бірден көрінбейді);
- көп жағдаяттылығы (тұлға көп əрі сан қилы ұнамды да, ұнамсыз да ықпалдарға кезігеді. Тəрбие барысында олар реттеледі. Тараптардың тұлғаға болған ықпалы өзара сəйкес келсе, тəрбие нəтижесі тиімді болады.
- ауыспалылығы (тəрбиеленуші мақсатты, көзделген жəне кездейсоқ əсерлерге бірдей кезігіп отырады).
- үздіксіздігі (ешқандай науқанды, бір мəртелік шара қаншама жарқын болмасын, аса ыждағаттылықпен жүйелі дайындалған тəрбие істерінің орнын баса алмайды);
- кешенділігі (тəрбие мақсаты мен міндеттерінің , мазмұн, форма жəне əдістерінің бірлігі);
- баламалылығы (тəрбиеленушілер даралық ерекшеліктері жəне əлеуметтік тəжірибесінің əр түрлілігімен ажыралады. Тəрбие процесінде бұлар ескерілуі шарт, себебі əсері бірдей болғанның өзінде де тəрбиелік нəтиже əрқилы болуы ықтимал);
- екі тараптылығы (тəрбиелік ықпалды жүргізуші – мұғалім, ол ықпалды қабылдаушы - оқушы);
- тəрбие процесі - өмірлік, ол қозғалмалы да ауыспалы;
- тəрбиеші тұлғасы – тəрбие барысына ықпалды маңызды жағдаят (тəрбие процесінің өнімді болуының кепілі – мұғалім ептілігі, шеберлігі, құндылықты бағыт-бағдары, қызметтестік қатынасқа түсе білу қабілеті);
- қарама-қайшылықты болуы (қарама-қарсылықтар тəрбиенің қозғаушы күші ретінде қарастырылады).
Тəрбиенің негізгі қайшылықтары оқу-тəрбие процесінде кездесетін келесідей құбылыстар арасында көрінеді: қоғамдық өмірдің жаңа шарттары мен оған дайындауға арналған əдістер мен формалардың ескіруі; адамның табиғи даму мүмкіндіктерінің шексіздігі мен бұл дамудың əлеуметтік жағдайлар бағдарламаларына тəуелді шегерілуі; адамның табиғаттан белсенді, əрекетшең болуы, оның қоғамдық өмірге араласу ынта-ықыласы мен өмірлік процеске нақты қатысу үшін қажет тəжірибе, білім, ептілік пен дағдылардың жетіспеуі жəне т.б.
Сонымен, жоғарыда аталғандарды ескерумен келесідей қорытынды шығаруға болады: тəрбие процесі оқу процесімен бір қатар жүріп жатса да, ол бірнеше мəнді ерекшеліктерге ие, сондықтан да өз алдына дербес қарастырылады.
5.3. Тұлғаның өзіндік тəрбиесі мен қайта тəрбиесі
Өзіндік тəрбие – адамның өзіндік дамуға, өзіндік білім алуға, өз ұнамды қасиеттерін жетілдіріп, келеңсіз тұлғалық сапаларын жоюға бағытталған саналы əрі мақсатты бағдарланған іс-əрекеттері.
Өзіндік тəрбие бірліктері - өзіндік таным, өзіндік талдау, өзіндік бағалау, өзіндік есеп жəне өзіндік қадағалау. Өзіндік тəрбие тəсілдері- өз өзіне бұйрық беру, өзіндік сергектік көтеру, өзіндік қолдап-қуаттау, өзіндік мадақ, өзіндік жаза.
Өзіндік тəрбиеге ынталандырушы жағдай – тек тəрбиешінің тəрбиелік іс-əрекетін ғана емес, сонымен бірге тəрбиеленушінің өз қалауы мен ынта-ықыласын қамтыған дұрыс тəрбие.
Өзіндік тəрбие элементтері мектеп жасына дейінгі балалардың өздерінде де көрініп жатады: олар əзірше өз тұлғалық қасиеттерінің мəнін жете түсіне бермеуі мүмкін, бірақ ненің жақсы, қандай өз əрекеттерінің ересектерге ұнамайтынын сезінеді.
Бозбалалық жаста өзіндік тəрбие процесі біршама саналы сипат алып, бағдарлы мақсатпен ұштасады. Өзіндік тəрбие адамның нақты қабілеттеріне, өзінің даралықты мүмкіндіктерін түбегейлі талдай білуіне сай баға беруге негізделеді. Саналылық дəрежесі неғұрлым жоғары болса, тұлғаның өзіндік дамуына бағытталған өзіндік тəрбие мəні болымды сипат алады.
Тұлғаның жалпы тəрбиелілігі өзіндік тəрбие деңгейімен сипатталады, өзіндік тəрбие сырттай педагогикалық тəрбиемен ажыралмас өзара байланыста болып, тұлғаның қалыптасу процесіне қолдау-қуаттау береді, əрі оны дамытады.
Оқу, тəрбие жəне өзіндік тəрбие біртұтас оқу-тəрбие процесінде өзара байланысты. Бұл процестің қаншалықты нəтижелі болары, осы бірліктің есебінен.
Қайта тəрбие – мақсаты келеңсіз қасиеттерді жойып, ұнамды тұлғалық сапаларды дамытуға бағытталған тəрбие түрі.
Бұл процесс жеңіл емес, көп күш-қуат пен шыдамдылықты қажет ететін ұзақты процесс. Тəрбиелегеннен гөрі қайта тəрбиеге салу анағұрлым күрделі, себебі бұл белгілі бір уақыт аралығында орныққан көзқарас, əдеттерді, мінез бітістерін бұзып, бұрынғыларынан өзгеше, тəрбиеленушілердің дағдыланбаған жаңа əдет-қылық жүйелерінің тіктелуіне байланысты. Егер ұнамсыз мінез бітістері тұрақтанған сипат алған болса, қайта тəрбиелеу əбден қиын соғады. Сондықтан, «кейін қайта өңдеп жатпайтындай етіп тəрбиелеу қажет» (А.С.Макаренко).
Қылмысқа бейімділік, теріс моральдық қылық-əрекеттер мен əдеттер адам бойында қоршаған ортаның кері ықпалынан, болымсыз тəрбиеден, тіршілік жағдайларының қолайсыздығынан орнығады. Мұндай тəрбиеленушілер «қиын балалар» немесе «педагогикалық қамқорлығы болмаған» оқушылар деп аталады. Олар арасында тəрбиелік ықпал-əсерлерді қабылдамайтындар, тіпті оған қарсы тұратын, психикасында педагогикалық тұрғыдан жат ауытқуларға түскендері де кездеседі.
Қайта тəрбиелеу тиімді нəтижеге жетуі үшін тəрбие тезіне түскен адам ең алдымен өзін-өзі тура жолға салу қажеттігін түсінуі, өмір салтын, əдеттерін, қылық-əрекеттерін өзгерту керектігін сезінуі тиіс.
Қайта тəрбиелеудегі маңызды шарт- тəрбиеленушіні қалай да өзіңе тарту, тұлғаны кері əрекеттерге итермелеуші проблемалардың туындау себептерін анықтау, кезек, ретімен белгілі бағытта орындалып баратын мақсаттар жүйесін құру. Мысалы, жақын мақсатты жүйе – ойын, саяхат, сыйлық; орта мақсатты жүйе – үйірме, секция жұмыстарына қосу, алыс сапарларға шығу, лагерьге жіберу жəне т.б.; ұзақ болашақты көздеген мақсат жүйесі - өзіндік өмір жəне кəсіптік бағдар-бағыттарды айқындау; тəрбиеленуші жасап не оқып жатқан жағдайды өзгерту – басқа ұжымға ауыстыру, жаңа іс-əрекетке қосып, бұрынғы бейімділіктерін ұмыттыру; мінез-құлқын бұрылысқа келтіру мақсатында тұлға санасына, сезіміне, еркіне үздіксіз ықпал жасау шараларын қолдану жəне т.б.
Қайта тəрбие процесінің тиімділігін қамтамасыз етуші маңызды жағдай – «қиын баланы» тəрбиеші талаптарына құлақ асуға үйрету. Сондықтан тəрбиеші тəрбиеленушімен дұрыс қарым-қатынас қалыптастырудың жолдарын іздестіріп, екі арадағы алакөздікті, дау-дамай себептерін басуға əрекеттенуі тиіс. Өз басы əлекке толы балаға ұжымды қарсы қойып, оған ықпал жасауға тіпті болмайды. Əр тұлға үшін күресу қажет. Тəрбиеленуші мұғалім не педагогтың оның өзіне қарсы əрекеттеніп жатпағанын, ол оның бойындағы теріс мінез бітістеріне қарсы күресетінін сезінуі тиіс.
Қайта тəрбиелеу үшін дəстүрлі əдістермен қатар «адамның барша ниеттерін түпкілікті өзгеріске келтіріп, бүкіл ұмтылыстарына бұрылыс беретін»(А.С.Макаренко) – жарылыс əдісін («метод взрыва»)де қолдануға болады. Бұл əдіс тəрбиеленушіге өз теріс қылықтарының бұдан былай жарамсыз болатынын терең сезінуге, өз мінез- құлқы мен қоршаған ортаға деген қатынасын өзгертуге, жаңаша өмір сүру қажеттігін түсінуге жəрдем береді.
Қайта тəрбиелеу барысындағы аса маңызды қадам-тұлғаны өзіндік тəрбие процесіне (өзіндік қайта тəрбиелеу жəне өзіндік реттеу, түзету) қосу.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Тұлға тəрбиесінің мəні неде?
2. Тəрбиеге тəн ерекшеліктерді атаңыз.
3. Тəрбие мен оқу арасындағы айырмашылықтар қандай?
4. Тəрбиелік істер жүйесінде өзіндік тəрбиенің орны қандай?
5. Қайта тəрбиелеу не үшін қажет?

 

 
15.10.2010 11:24