Электр ток көздері. Ом заңы
Сабақтың мақсаты:
Электр тоғы туралы ұғым енгізу және ток көздерін қарастыру;
Ток күшінің, кернеу мен кедергінің формуласын шығару барысында Ом заңына анықтама беру;
Физикалық шамаларды қарастыру және оның өлшем бірліктерін анықтау;
Есептерд шығаруда формулаларды қолдануды үйрену.
Негізгі ұғымдар
Электр тогы дегеніміз зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы.
Электр ток көздері:
1. Гальваний элементі
2. Электрофор машинасы
3. Термоэлемент
4. Фотоэлемент
5. Аккумулятор
Негізгі формулалар және шамалардың өлшем бірліктері
I= g/t I(А) – ток күші 1А=1Кл/с
U= A/g U (1В) – кернеу 1В=1Дж/Кл
R=ρ ℓ/S R ( 1Ом) - кедергі
ρ = RS/ℓ (1 Омּм) - меншікті кедергі
Ом заңына есептер
Ұзындығы 120 м, көлденең қимасының ауданы нихром сымтемір, 220 В кернеуі көзіне жалғанған. Сымдағы ток күшін анықтаңыз.
Берілгені: ℓ = 120 м ,S = 0,5 мм, U = 220 В, ρ = 1,1 Ом·мм² /м
Т/К: I - ?
Шешуі:
R = ρℓ/S
R = 1,1 Ом·м² /м · 120 м׃ 0,5 мм = 264 Ом
I = 220 В ׃ 264 Ом =0, 83 А
Жауабы: I = 0,83 А.