Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

15486

Халықтық тәрбие - әлеумегтік-педагогикалық құбылыс

Халықтық тәрбие әлеуметтік-педагогикалық
құбылыс ретінде
Халықтық тәрбие тарихи даму процесіндегі тірі дене болып табылады. Табиғатқа сөйкестілік, табиғи салдарлар қағидасы өте карапайым түрде болса да, олардың педагогика ғылымыңда негізделуінен көп бұрын халықгың ауызша шығармашылығында көрініс тапты. Тарихтың тәрбиелік мөнін есте ұстай отыра ел қорғаған, халық тыныштығы үшін күрескен көсемдер мен осы тарихи оқиғаларга арналған ауызша халықтық шығармашылықтың өзі  -халықтың азаттық қозғалысы тарихын өзіндік және қарапайым да асқақ түрде бейнелеп және келешек ұрпақтың, патриоттық және рухани-адамгершіліктік трғыда қалыптасуына ықпал жасайтынын ұмытпау керек.
Халықтық педагогиканың өлеуметтік бағыттылығы, әсіресе көне жазба ескерткіштердегі мақалдар мен мәтелдер, ертегілер мен жырлар, бата, тілек секілді тәрбие құралдарында толығырақ бейнеленген. Олардың шығу тегі мен тарихи дамуын есепке альш сипаттау, тарихи-генетикалық түрғыдан қарастыру халық педагогикасын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді жөне оның демократиялық сипатына назар аудартады. Әрине, этнопедагогика тарихында ертедегі қазақстандықгардың еңбекке тәрбиелеу дәстүрлері мен кәсіпке үйретушілік жүйесі, әртүрлі қозғалмалы ойындары мен жарыстары, саналуан өдет-ғұрыптар мен өмір салттары терең із қалдырды. Халықта эстетикалық төрбие берудің өзіндік үлгісі болды. Оның сипатты ерекшелігі еңбек тәрбиесімен тығыз байланыстылығы.
Бүл ең алдымен еңбек құралдарың шебер және сәнді безендіруден, өндеуден көрінді. Олар ыңғайлы ғана емес, көзді қуануы, көңіл-күйді көтеретіндей әсем де болуы тиіс еді. Мұндай көркемдік талғам ғасырлар бойы қалыптасқан. Демек, педагогикалық мәдениеттің бастау көздерін тәрбие процесінің өзінен ғана емес, халықтық бағыт-бағдардан, әрекеттерден, шығармашылықтардан іздеу керек. Халық туғызған әсемдік - бұл рухани әлемнің әсемдігі, сонымен бір мезгілде педагогикалық мәдениеттің тамаша жетістіктерінің куәсі. Педагогикалық мәдениеттің деңгейі жөнінде тек нақты педагогикалық ескерткіштер мен шығармалар бойынша ғана емес, сондай-ақ тәрбиеленушілер мен олардың өлмес мұралары арқылы да пікір айтуға тура келеді. Осындай педагогика ғылымына қисындаса жуықтап келген халық педагогтары барлық кезеңдерде, барлық халықтарда да болды. Олар кейін пайда болып дамыған халықтық негіздегі демократиялық педагогикалық жүйеге жатамды жағдайлар туғызды.
Өткеннің көрнекті педагогтары халықтың педагогикалық көзкараста-рын оқьш үйренуге көп көңіл бөлді. Төрбиенің халықгығы, табиғатпен үйлесімділігі идеясын дамытты, халық педагогикасынан мысалдарды халық даналығының бейнеленуі ретіңде пайдалаңцы. Ғалымдар, ақындар, өнер иелері, философтар педагогикалық идеяларын талдау тәрбиенің гуманистік халықтық идеялары олардың адам тәрбиесі жайлы трактаттарында кеңінен қолданылғанын керсетеді. Абу Насыр Әл-Фарабидің "Музыканың үлкен кітабында" халықтық музыкадан үлгілер үсынылса, Әбу Райхан Бируни өз шығармаларында түрлі халықтардың дәстүрлері жайлы арнайы сөз қозғайды: Махмұд Қашгаридің "Түркі тілдерінің сөздігі" (Диуани лұғат ат түрік) атты еңбегінде халықтық тәрбие тәжірибесінен мысалдар мол, Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білім» (Құдатғу біліг) шығармашылығы толығымен халықтық поэтикалық шығармашылығымен үндеседі.
Асан қайғы, Казтуған, Шалкиіз, Жиенбетті халыққа сүйіспенщілік, оның тағдыры мен мәдениетіне жанашырлық қарым-қатынас байланыстырады. Қызмет бағыттары бойынша олар бір-біріне өте ұқсас. Асан Кайғы өзін қазақ қоғамдық емірінің қалың ортасына енгізген көптеген тарихи оқиғалардың куәгері болды. Оның бүкіл өрекеті өз халқына оның жарқын болашаққа ұмтылысында көмектесу тілегімен анықгалады. Дүниеге сеніммен қараушы көрнекті қайраткер айтқан: "Ата жұрты бұқара өз қолында болмаса, қанша жақсы болса да, қайратты туған ер ғаріп"- деген өнеге сөздердің қазір де тәрбиелік маңызы үлкен.
Мұнымен өте үқсас ойларды біз Казтуған шығармаларынан да табамыз. Түлғаның рухани байлығындағы бастау ақын пікірінше - ол өз халқының рухани қазынасы. Отанға, жерге нәзік сүйіспеншілігін ол былай деп біддіреді:
"Кіндігімді кескен жүрт,
Кір-қоңымды жуған жұрт,
Қарағайдан садақ тудырып,
Қорамсамды сары жүн оққа толтырып,
Жанға сақтау болған жұрт"
Халықтық ақындар мен жыраулар үшін жетекші қағида болып табылады. Олар халық педагогикасын терең біледі жөне оны ардақ тұтады.
Ел бастау қиын емес,
қонатын жерден көл табылады,
Қол бастау қиын емес,
шабатын жерден ел табылады,
Шаршы топта сез бастаудан қиынды көргем жоқ" –
деп Бұқардың төрбиеленушінің санасына ықпалды әсері мол сөз өнеріне ерекше мән беруі осыдан. Оның шығармаларында насихат, өсиет, ақыл айту, тілек секілді халықтық тәрбиенің құралдары жиі кездеседі.
Педагогикалық мәдениет жөйін таддағанда қашанда нәрлі орта жайлы, оны азықтандырған, оның пайда болуы, дамуы және гүлденуіне қолайлы жағдай туғызған - халық жайлы есте ұстаған жөн. Кез келген мәдениет кайраткерінің жеке шығармашылығы оған дейін халық жөне адамзат жеңіп алған жетістіктер негізіңде дамиды. Ол өз халқының мәдениетін жетілдіруді бастаудан бұрын өзінің көп ғасырлық тарихында халық туғызганды меңгеруі, сонымен қатар өзге халықтар мен адамзат жасаған игіліктерді игеруі қажет. Тек халық пен адамзат рухани қазынасы жиынтығы ғана мәдениет қайраткерінің шығармашылығына нақты тұғырнамалық негіз бола алады. Кез келген педагогтың данышпандығы мен ұлылығы халықтық педагогикалық мәдениетке жақындығымен, оның рухани қазынасының тереңіне мейлінше бойлау қабілетімен елшенеді.
Шығармашылық қуатты халықтан оның өмірінен, халықтық шығармашылықтан жөне онда көрініс берген педагогикалық тәжірибеден жинақтаған осындай кернекті тұлғалардың бірі - Ш.Уәлиханов. Ол езінің педагогикалық қызметін халық ауызша шығармашылығы туындыларын жинаудан бастады. Халықтық эпостық поэма "Қозы Көрпеш жөне Баян Сұлу", қырғыз эпосы "Манас", халықтық өдет-ғұрыптар, жастар мен балалар ортасы дәстүрлері, көне аңыз-әпсаналар және т.б. - бәрі Ш.Уәлиханов мүрасыңца керініс тапты.
Халыққа білім беру үшін ең алдымен оның рухын түсіну керек. Өзінің ағартушылық қызметіңце Ы.Алтынсарин осы ережені басшылыққа алды. Оның бірқатар шығармалары халықтық салттардың жағымды және жағымсыз тұстарын зерттеуге, олардың тәрбиелік мәнін айқындауға арналған. Кернекті ғалым, ағартушы демократ отбасы және қоғамдық' тәрбиенің озық дәстүрлерін ардақтап, сақтау жөне қажырлықпен дамытуға қызу үндейді. Халық педагогтары - патриоттар өрекеттерінде ортақгық мол. Халықтың педагогикалық даналығы Абайдың бүкіл қоғамдық қызметі мен идеялары аумағын қамтиды. Оның тәрбие мақсаты мен бағыттары жайлы ойлары халықтық, талаптары халықтық, көптеген шығармаларының мазмұны халықтық. Халық мақал-мәтелдерін ол өзіне тірек, сипаттауды керек етпейтін қағида ретінде пайдаланады, олардан өз ойларына дәлелдемелер табады.
Халықтық педагогиканы тәрбие жайлы ғылыми білімдермен кисындап жинақтауға педагог ғалымдар бірдей келген жоқ: біреулері үшін халықтық педагогика бастапқы ой болса, басқалары үшін алғашқы негіз адамзат педагогикалық жетістіктерін меңгеру болды. Кейбіреулерде педагогика ғылымына жуықтау процесі мерзімінен бұрын үзілсе, өзгелерінде халықтық педагогика түрғысынан келу тоқталған болып шықты. Сонымен кімдер өзіне халықтық пен ғылымилықты үйлестірсе, сол ғана ұлы педагог-демократтар болып қалыптаса алды. Этнопедагогиканың қалыптасу процесінде халықтық педагогиканың алдыңғы қатарлы өкілдері мен педагогика ғылымының аса көрнекті кайраткерлерінің қимылы жолыққан түстар баршылық.
Көрнекті қазақ ғалымдары А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамбетұлы халықтық педагогикалық тәжірибесін зерттей білуге ерекше мән берді. Халықтық педагогика тәрбие жайлы ғылымды байытады, белгілі бір жағдайларда оның негізі кызметін атқара алады деп санады. Олардың айырмашылық өзгешеліктері халық өмірін, оның тілегімен қажеттілігін жетік білуі; туған халықтың рухани қазыналарын жоғары бағалауы; туған тілде оқыту мен тәрбиелеудің шешуші ролін мойындауы; тәрбие жөніндегі халықтық дәстүрлер мен тәжірибені шығармашылықпен оқып үйренуі; халықтың ауызша шығармашылығын білім беру мен тәрбие жүмысында кеңінен пайдалануды ұсынуы; халық үлгісімен балалар үшін шығармалар туғызуы.
Үстіміздегі дәуірде қазақ халқы педагогикалық тәжірибесіне қатысты көлемді материалды оқып үйрену нәтижесінде өткеннің тәрбие дәстүрлері жайлы айтарлықгай ғылыми мәліметтер жинақгалған.
(Т.Тәжібаев. Развитие просвещения и педагогической мысли в Казахстане во второй половине XIX в. Алматы, 1958; К.Жарыкбаев. Развитие педагогической мысли в дореволюционном Казахстане. Киев, 1982; С.Калиев. Халық педагогикасының ауыз әдебиетіңдегі көрінісі. Алматы, 1987; Ы.Оршыбеков. Қазақ халқының педагогикалық мәдениеті, Алматы, 1981; К.Нурсултанов. Очерк истории математических знаний в Казахстане и вопросы использования ее материалов в педагогическом процессе, Алматы, 1975. К.Сейсембаев. Проблемы использования казахской народной педагогики в подготовке детей к школе в семейном воспитании. Алматы, 1987; А.Мухамбаева. Национальные обычаи и традиции казахского народа и ее влияния на воспитание детей и молодежи. Москва, 1974, С.Ұзақбаева. Қазақтың халықтық педагогикасындағы эстетикалық төрбие. Алматы, 1993. Т.Қуанышбаев. Подготовка будущих учителей физической культуры средствами национальных игр. Алмты, 1992; Т.Қоңыратбаева. Халық педагогикасы және оны оку-тәрбие ісіне ендіру жоддары. Алматы, 1995; К.Қожахметова. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика, З.Әбілова, Этнопедагогика және т.б.).
Халықгың тәрбие төжірибесін теориялық тұрғыдан байыптау, өткеннің педагогикалық мүрасындағы ұнамды мен озықты сұрыптау және оны жеткіншек ұрпаққа тәрбие берудің қазіргі жағдайында қолдану мөселелері жөніндегі жүмыстар әрі карай жүргізілуде. Мүндай бағыттылық этнопедагогикалық зерттеулердің өзектілігін аша түседі. Мыңдаған және жүздеген жылдар бұрын пайда болған халықтық педагогикалық ескерткіштерде оқыту мен тәрбиелеудің белгілі бір жолдары мен тәсілдері, тіпті өте карапайым тұжырымдалған болса да педагогикалық талаптар бар. Оларда халықтық педагогикалық мөдениетшіл көптеген тұстары: балаларды еңбекке дағдылаңдыру, балалар ортасынынң "моральдық- кодексі"; жастардьщ эстетикалық идеалдары, басты ұғым - тәрбие туралы халықгық түсінік, тәртіпке үйрету әдістері және т.б. сақталған.
Осыған орай халық педагогикасының рухани өмірдегі құбылыс ретіндегі орны мен ролін түсінуге; өзінің мазмүны, құрылымы, төрбиелік міндеттері, құралдары жөне т.б. бойынша жағымды мәнін, құндылығын жоймаған тәрбие тәжірибесін біршама дәлдікпен жіктеп көрсетудің жолдарын белгілеуге жәрдемі бар бірқатар рухани мәдениет ескерткіштеріне толығырақ тоқталмай болмайтыны анық.

 
15.10.2010 11:02