Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154470

Диплом алды практика (Қазақстандық Гидрометеорологиялық)

СОДЕРЖАНИЕ
Диплом алды практика (Қазақстандық Гидрометеорологиялық)
1.1 Гидрометеорологиялық орталықтың қызметі туралы жалпы түсінік
2.1 Басшының ( директордың) міндеті
2.2 Метролог (стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша қызметкер ) қызметі
2.2 Метролог (стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша қызметкер ) қызметі
3.2 «Қазгидромет» РМК-да метеорологиялық бақылауларды ұйымдастырудағы метрологияның рөлі
3.3 «Қазгидромет» РМК ЖФ - ның метрологиялық жұмыстарының нормативті құжаттары
3.4 «Қазгидромет» РМК ЖФ-ны метрологиялық қамтамасыз ету
3.5 Метеорологиялық бақылау орны
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған дереккөздер тізімі:
ОТКРЫТЬ ПОЛНОСТЬЮ

Мазмұны

Кіріспе

Өлшеулер - адамзаттың табиғатты түсінуінің ең маңызды жолдарының бірі болып табылады. Қандай да болмасын  тәжірибелік жұмыс жүргізу аумағында  әрекеттер өлшеусіз жүзеге асырылмайды. Кез келген басқа елдердегідей, Қазақстан Республикасында өлшем құралдары адам қызметтерінің барлық саласында қолданылады. Танымал кеңестік метеорология, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Николай Багров ( 2008ж қайтыс болған) атмосфералық процестерді физикалық және статистикалық сипаттамасы негізінде ауа райы болжау саласындағы жаңа бағыт жасай отырып, гидрометеорология саласында ауа-райы зерттеу жұмыстарын жүргізуде метрологиялық өлшеу- құралдарының рөлін анықтап, қажетті дәлдіктерді алып өлшеу жұмыстарын жүргізу метрологияның қызметі болып табылатынын дәлелдеп берген.

Н.И. Тюриннің «Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету » кітабында «өлшеу қандай болсын мұқияттылықпен өткізілгенімен, дұрыс нәтижеге жету үшін метрологиялық өлшеу-құралдарының маңыздылығы орасан зор» екендігі айтылған. Сол себепте гидрометеорологиялық станцияларда өлшеу, зерттеу жұмыстарын жүргізіп дұрыс нәтижеге ие болу үшін метрологиялық өлшеу-құралдарының рөлі үлкен.

Кәсіпорынның тиімді жұмысын және өнім сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін сәйексінше оны метрологиялық қамтамасыз ету қажет.

Кәсіпорындағы метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстар өз кезегінде нормативті және ұсынысты құжаттарға, сонымен қатар өлшенетін шаманың, бақылау объектісінің және т.б. мәліметтердің шығатын спецификациясынан шығатын құжаттық және анықтамалық материалдарға ие болуы керек.

Өндірістің метрологиялық қызметі өз жұмысында, «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңын, ҚР Үкіметінің Қаулысын, Министрлер Мәжілісінде бекітілген Қаулылармен - ҚР Үкіметінің жағдайларын, «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету» бойынша нормативті құжаттарды, мемлекеттік стандарттар, метрология бойынша ережелерді, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесіне кіретін, мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтардың ұсыныстарын және кәсіпорынның өлшем бірдігін қамтамасыз ету бойынша құжаттарын жетекшілікке алады.


1 Қазақстандық Гидрометеорологиялық орталық туралы жалпы теориялық аспекті

 

1.1 Гидрометеорологиялық орталықтың қызметі туралы жалпы түсінік

Қазіргі кезде бүкіл жер шарында метеорологиялық және гидрологиялық бақылаулар жүргізілуде және олардың нәтижелері кеңінен қолданылуда.

Ұлттық қызметтің өндірістік және ғылыми әрекетін БҰҰ құрамына кіретін Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым басқарады.

Қазақстанның метеорологиялық және гидрологиялық станциялары II аймақтық (Азия) опорлық синоптикалық жүйесіне енгізілген. Себебі, ауа райы құбылыстарын, оның жаһанды жақтарын қарастырмай мемлекеттік шекара шегінде ғана зерттеуге болмайды. Сондықтан метеорология және гидрология облысында халықаралық ынтымақтастық, өзара ақпараттармен алмасу күшті дамыған.

Қазақстан Республикасының гидрометеорологиялық қызметі мемлекеттік ұйым болып табылады. Оның негізгі шешетін мәселесі шаруашылық әрекеттің қажеттілігін гидрометеорологиялық қамтамасыздандыру үшін Қазақстан Республикасы территориясының метеорологиялық, гидрологиялық және агрометеорологиялық жағдайларын оқып үйрену.

Мемлекеттің экономикасында гидрометеорологиялық қызметтің өте зор маңызы бар. Гидроэлектростанцияның, өзен және теңіз флотының, теміржол транспортының және әсіресе авиацияның қалыпты жұмысы оларды гидрометеорологиялық материалдармен, ақпараттармен және ауа райымен күнделікті қамтамасыздандырмаса ешқашан жүрмейді. Кезкелген ірі құрылыс салынатын жердің гидрометеорологиялық жағдайларын ескеру арқылы жобаланады.

Гидрометеорологиялық қызмет еліміздің аймақтарының агрометорологогиялық жағдайларын үйренуге және ауыл шаруашылығын метеорологиялық қызметпен атқаруға ерекше көңіл боледі. Қазіргі кезде, ауыл шаруашылығы бірінші класты техникамен қамтамасыздандырылған кезде, яғни алдыңғы қатарлы агротехникалық шаралардың кешені ғылыммен және практикамен өңделген кезде, ауа райы жағдайлары науқанды анықтайтын басты себеп болып табылмайды. Бірақ бұл ауа райы жағдайлары өнімге маңызды әсерін тигізеді, сондықтан оларды ауылшаруашылық өндірістерінде үнемі ескереді. Агротехниканың ары қарай жетілдендірілуі метеорологиялық жағдайлардың есебі мәндерінің төмендемегенімен қоса, керісінше осы жағдайлардың максималды толықтандырылып және тиянақты зерттелуін талап етеді.

Метеорологиялық қызметтің маңызды мәселесі ауа райы болжамдарын құрастыру және олармен барлық қызығушылық білдіретін шаруашылық ұйымдарды атқару болып табылады. Ауа райы болжамы барлық басқа гидрометеорологиялық болжамдарды құрастырудың негізі болып табылады. Сондықтан ауа райы болжамының сенімді, әсіресе ұзақмерзімді тәсілінің өңделуі қазіргі кездегі метеорологиялық қызметтің басты шешетін мәселесін құрайды.

Жердің көптеген пунктерінен әртүрлі уақытта түрлі жүйелердің көмегімен алынатын, ғылыми және практикалық мақсаттар үшін қолданылатын гидрометеорологиялық бақылаулардың мәліметтерін бірыңғай кешенге жинау қажет. Ауа райының күнделікті болжаулары үшін, теңізде жүзу мен авиация үшін мәліметтерді барлық бақылау пунктерінен бақылауларды жүргізу уақытынан бастап максималды қысқа мезгілде жинайды.

Гидрометеорологиялық мәліметтерді жинау жүйелерін оперативті, оперативті емес және мәліметтерді жинау жүйелерінің арнайы эксперименттері деп бөлуге болады.

Дүниежүжізілік ауа райы қызметінің (ДАҚ) элементтері:

а)бақылаулардың жаһандық жүйесі (БЖЖ);

б)телебайланыстың жаһандық жүйесі (ТЖЖ), ол бақылаулардың талап етілетін мәліметтерін және өңделген ақпараттарын тез жинау мен таратуға арналған қажетті құралдар мен қондырғылардан тұрады;

в)мәліметтерді өңдеудің жаһандық жүйесі (МӨЖЖ), ол оперативті қолдану, сақтау және оперативті емес қолдануға арналған мәліметтерді іздеу үшін қажетті бақылаулардың мәліметтерін өңдеу құралдарымен жаңартылған метеорологиялық орталықтардан тұрады.

Гидрометеорологиялық бақылау және табиғатты қорғау мониторингісінің жаһандық жүйесі (БЖЖ) табиғи ортаның күйіне жүйелі бақылау жүргізу үшін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен субъекті шаруашылық кешендерін табиғи ортаның қазіргі және болжанатын күйі туралы ақпараттармен қамтамасыздандыруға арналған кешенді көпсатылы ақпараттық-өлшеу жүйесі болып табылады.

БЖЖ-ның негізгі жүйесі атмосфера күйі, құрлықтың сулы объектілері, теңіздер, төселме беткей туралы ақпаратты алуды, талдауды және жалпылауды қамтамасыздандыратын жер беті бақылау жүйесі болып табылады. Белгілі ғылыми негізделген принцип бойынша құралған табиғи ортаның күйіне бақылау жүргізу орындарының жиынтығы жер беті бақылаулар жүйесін құрайды.

Бақылаулардың түрлері бойынша жер беті жүйесі келесі станциялар мен орындарға бөлінеді:

-жер беті метеорологиялық;

-актинометриялық және жылубаланстық;

-гидрологиялық;

-аэрологиялық;

-теңіз гидрологиялық;

-агрометеорологиялық;

-атмосфераның, құрлық суының, теңіз суының, топырақ және қар жамылғысының ластану деңгейіне бақылау жүргізу;

-метеорологиялық радиолокациялық;

-озонометрлік;

-радиометрлік;

-табиғи ортаның фондық мониторингісі.

Атмосферада болып жатқан метеорологиялық құбылыстар мен процестердің әртүрлі масштабтарына байланысты берілген бақылаулардағы қажеттіліктер үш категорияға бөлінеді: жаһандық, ұлттық және аймақтық. Жоғарыда келтірілген берілген бақылаулардағы қажеттіліктердің үш деңгейлеріне сәйкес станциялардың үш типті жүйелері құралған: жаһандық, ұлттық және аймақтық.

Жер беті бақылаулар орындарының жүйесі атмосферадағы физикалық процестердің төселме беткеймен әрекеттесуі кезіндегі күйі мен дамуын анықтау үшін арналған. Метеорологиялық бақылаулар - бұл метеорологиялық шамаларды өлшеу және атмосфералық құбылыстарды тіркеу. Метеорологиялық шамаларға жататындар: ауа температурасы мен ылғалдылығы, атмосфера қысымы, жел жылдамдығы мен бағыты, бұлттардың мөлшері мен биіктігі, жауын-шашын мөлшері, жылу ағындары және т.б. Атмосфералық құбылыстарға жататындар: найзағай, боран, шаңды дауыл, тұман, қырау, шық және т.б.

Актинометриялық бақылаулар орындарының жүйесі Қазақстан аймағындағы күн радиациясын зерттеуге, радиациялық баланстың, фотосинтезделінетін белсенді күн радиациясының, атмосфера мөлдірлігінің құраушылары туралы мәліметтер жиынтығын алуға арналған. Жылубаланстық бақылаулар ауаның жер беті қабатының төселме беткеймен жылу- ылғал алмасу процестері туралы тікелей мәліметтерді алу үшін арналған.

Жылубаланстық бақылаулар орындарының жүйесі жер бетімен жұтылған күн энергиясының шығыны туралы есептеу жолмен алуға арналған топырақтың жоғарғы әрекет қабатындағы және ауаның жер беті қабатындағы метеорологиялық шамалардың үздіксіз градиентті өлшеулерін жүзеге асырады.

Гидрологиялық бақылаулар орындарының жүйесі құрлықтың су объектілерінің (көлдердің, өзендердің, су қоймаларының, ірі каналдардың) күйі туралы және бүкіл Қазақстан Республикасының су қорлары туралы мәліметтерді жинау үшін арналған. Бұл бақылаулар шаруашылық кешендердің сұраныстарын қамтамасыздандыруға, гидрологиялық режимнің кеңістіктік- уақыттық заңдылықтарын үйренуге, суды, су кадастрын, су баланстарының есептеулері және жеке бассейндері мен аудандарының қорларын мемлекеттік есепте жүргізуге, шаруашылық әрекеттің су қорлары мен су объектілеріне әсерін бағалау үшін қажетті.

Теңіз метеорологиялық қызметінің мақсаты: теңіздегі немесе теңіз жағалауындағы тұтынушыларға кемеде жүзу, балық аулау және теңіз әрекеттерінің басқа түрлерін, жағалау аудандардағы әртүрлі әрекеттердің түрлерін қамтамасыздандыратын теңіз метеорологиялық және онымен байланысты геофизикалық ақпараттарды ұсыну болып табылады.

Аэрологиялық бақылаулардың мақсаты атмосфераның барлық қабаттарындағы метеорологиялық шамалардың мәндері туралы мәліметтерді алу болып табылады. Ең маңызды шамаларға жататындар: атмосфераның кезекпен әртүрлі деңгейлерінде (төменгі қабатынан бастап ең жоғарғы қабатына дейін) өлшенетін жел жылдамдығы мен бағыты, ауа температурасы мен ылғалдылығы. Бұл мақсат үшін шарұшқыштар, радиоұшқыштар, радиозондтар, тұрақты деңгейдегі аэростаттар, арнайы жабдықталған ұшақтар, метеорологиялық ракеталар мен Жердің жасанды метеорологиялық спутниктері қолданылады.

Агрометеорологиялық бақылаулар жүйесі шараларды жобалау кезінде оптималды шешімдер қабылдау үшін мәліметтермен қамтамасыздандыру мақсатында табиғи ортаның және ауылшаруашылық өндіріс объектілердің күйі туралы ақпараттарды алуға арналған.

Радиометеорологиялық бақылаулар орындарының жүйесі Қазгидрометтің болжамдық ұйымдарын, сонымен қатар авиацияны метеорологиялық қамтамасыздандыру үшін арналған. Жүйенің негізгі мәселелері болып табылатындар: бұлттарға, жауын- шашындарға және олардың динамикасының өзгеруіне радиолокациялық бақылаулар жүргізу, конвективті бұлттылықпен байланысты қауіпті құбылыстар туралы радиолокациялық шторм жарияландыру, шквалдардың жоғары белсенділікті аймақтарын табу.

Озонометрлік бақылаулар орындарының жүйесі атмосферадағы жалпы озон құрамына, осы мақсатта оның нағыз вариацияларын, адамның шаруашылық әрекетінің әсерінен болатын мүмкіндік өзгерістерді және жалпы айналым мен атмосфера климатына өте аз компоненттердің бірі ретіндегі атмосфералық озонның әсерін зерттеп бақылау жүргізу үшін арналған.

Табиғи ортаны қорғау күйіне бақылау жүргізу адамның өмір сүру деңгейін қамтамасыздандыру және тұрмыстық деңгейін көтеру үшін табиғи қорлардың жетілуі мен қолдануына бағытталған ұйымдастырылған адам әрекетінің маңызды құраушы бөлігі болып саналады. Табиғи ортаның күйі туралы ақпараттар шаруашылықты дұрыс бағыттауға, әртүрлі табиғи қорларды дұрыс қолдануға, олардың сақталуы мен қайта пайда болуын қамтамасыздандыруға, басқаша айтқанда, адам қоғамының табиғатпен байланысын тұрақтандыруға жағдай туғызады.

Қазіргі кезде Қазгидрометтің бақылау орындарының саны 259 метеорологиялық, гидрологиялық, агрометеорологиялық, аэрологиялық станциялардан тұрады [1,98б].


2 «Қазгидромет» РМК ЖФ-да жұмыс істейтін қызметкерлерінің міндеттері

2.1 Басшының ( директордың) міндеті

Басшы (директор) заңнамаға сәйкес ұйым қызметінің қаржылық - шаруашылық нәтижелерінің орындалуын, қабылданатын шешімдердің орындалуын, оның теңгеріміндегі ұйым мүлкінің сақталуын және толық пайдалануын қамтамасыз етеді, ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы- экономикалық қызметіне басшылық жасайды. Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру механизмін айқындайды. Басқа ұйымдармен немесе заңды тұлғалармен шарттар, келісім-шарттар, операциялар жасайды, өкімдер мен бұйрықтары шығарады, іскерлік кездесулерде ұйының атынан өкілдік етеді.

Барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара тиімді іс-қимылдарын ұйымдастырады, әлеуметтік және нарықтық басымдықтарды ескере отырып, олардың қызметін жаңалықтар мен нарықтық жағдайдағы өзгерістерге жылдам ден қоятын, тауарлар мен қызметтерді икемді және ұтқыр өндіруді дамыту мен жетілдіруге бағыттайды.

Ұйым жұмысының тиімділігін арттыруды, өнімдер мен қызметтер сатылымын және пайданы ұлғайтуды, өндірілетін өнімнің (қызметтердің) сапасын және бәсеке қабілеттілігін, отандық және шетелдік нарықтарды жаулап алу мақсатында олардың мемлекеттік және жоғары дамыған елдердің, озық компаниялардың стандарттарына сай келуін қамтамасыз етеді. Ұйымның мемлекеттік бюджет, жинақтаушы зейнетақы қорлары және сақтандыру қорлары, өнім жеткізушілер, тапсырыс берушілер және банк мекемелерін қоса алғанда, кредиторлар алдындағы міндеттемелерінің, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісім-шарттардың) және индикативті жоспар мен бизнес-жоспарлардағы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етеді.

Өнімнің (қызметтердің) техникалық деңгейін және сапасын, өндіріс қарқындылығын, еңбек өнімділігін, экономикалық тиімділігін арттыру, өндірістік резервтерді тиімді пайдалану және ресурстардың барлық түрлерін үнемді жұмсау мақсатында жаңа техниканы және жаңа технологияны, басқару мен еңбекті ұйымдастырудың прогрессивтік нысандарын, материалдық, қаржылық және еңбек шығындарының ғылыми негізделген нормативтерін кеңінен пайдалану, нарықтық конъюнктураны және озық тәжірибені (отандық және шетелдік) зерделеу негізінде өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырады.

Кәсіпорынды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдері мен тәжірибесін тиімді пайдалану мен дамыту, адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың талаптарын сақтау, ұжымда қолайлы психологиялық жағдай қалыптастыру бойынша шаралар қабылдайды. Басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің үйлесуін, өндірістік және өзге мәселелерді талқылау мен шешуді, өндірістің тиімділігін арттыруды материалдық және моральдық көтермелеуді қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шарттарды әзірлеу, жасау және орындау, еңбек және өндірістік тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді, кәсіпорын жұмысшылары мен қызметкерлерінің еңбек ынталылығын, бастамасын және белсенділігін дамытуға ықпал етеді.

Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді оған заңнама бойынша берілген құқықтар шегінде шешеді, басқа лауазымды тұлғаларға - директорлардың орынбасарларына, кәсіпорынның өндірістік бірліктері мен филиалдарының, сондай-ақ функционалдық және өндірістік бөлімшелерінің басшыларына қызметтің жекелеген бағыттарын жүргізуді тапсырады.

Кәсіпорының шаруашылық қызметінде және оның шаруашылық-экономикалық байланыстарды жүзеге асыруында заңдылықтың сақталуын, нарық жағдайында қаржылық басқару мен жұмыс істеуге арналған құқықтық құралдардың пайдаланылуын қамтамасыз етеді, шарттық және қаржылық тәртіптерді нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу, бизнесті (кәсіпкерлік қызметке) қолдау көрсету мен ауқымын кеңейту мақсатында кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етеді. Сотта, төрелік сотта мемлекеттік билік және басқару органдарында кәсіпорынның мүліктік және басқа да мүддесін қорғайды және оның атынан өкілдік етеді.

Басшы Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік органдардың кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметін реттейтін, экономиканың және экономиканың тиісті саласының, жалпы Қазақстан Республикасының дамуының басым бағыттарын айқындайтын заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері, ұйымның техникалық, экономикалық және әлеуметтік даму перспективалары, стратегиясы, басымдықтары, ұйымның қызметіне қатысы бар басқа да органдардың әдістемелік және нормативтік материалдары, ұйымның бейіні, ерекшелігі және құрылымының ерекшелігі, ұйымның өндірістік қуаты мен кадр резерві, ұйымның өнім өндіру технологиясы, салық заңнамасы, ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметінің бизнес-жоспарларын жасау және келісу тәртібі, стратегиялық жоспарлау, нарық - сыртқы және ішкі (өзінің секторы және онымен өзара байланыс) конъюнктура, бәсекелестер, өнім жеткізушілер мен тұтынушылар, ұйымға өзінің нарықтағы жай-күйін айқындауға және жаңа өткізу нарығына шығу бағдарламасын әзірлеуге мүмкіндік беретін экономикалық индикаторлар жүйесі, практикалық маркетинг, жарнама техникасы, сатуды басқару, өндірістің тиісті саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктерді және озық шетелдік және отандық тәжірибе, ұқсас озық ұйымдар қызметінің тәжірибесі, шаруашылық және қаржылық шарттар жасау және оларды орындау тәртібі, ұйымның экономикасы мен қаржысын басқару, өндірісті және еңбекті ұйымдастыру, салалық келісімдерді, ұжымдық шарттарды әзірлеудің және жасаудың және әлеуметтік - еңбек қатынастарын реттеу тәртібі, еңбек заңнамасы, өрт қауіпсіздігінің талаптарын білуі тиіс.


2.2  Метролог (стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша қызметкер ) қызметі

Стандарттау, сертификаттау және метрология аясында, стандарттау, сертификаттау және метрология бойынша халықаралық ұйымдардың рәсімін, стандарттары мен ережелерінің алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибесін зерттеп біледі және жүйелейді.

Стандарттау объектілерін анықтайды, жаңа стандарттардың әзірленуін және қолданыстағылардың қайта қаралуын ұйымдастырады, нормативтік және техникалық құжаттаманың сараптамасын жүргізеді.

Жаңа өлшеу техникасы бойынша жобаларды және жоспарлы тапсырмаларды, өндірістің тиімділігін арттыру, метрологиялық қамтамасыз етуді, өлшеу құралдары мен әдістерін, бақылау мен сынақты жетілдіру бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды дайындауға басшылық жасайды. Жергілікті тексеру схемаларын құрастыруды, оңтайлы мерзімділігін орнатуды және өлшеу құралдарын тексерудің күнтізбелік кестесін әзірлеуді қамтамасыз етеді.

Ұйымда әзірленетін конструкторлық және басқа да техникалық, сонымен қатар басқа ұйымдардан келіп түсетін құжаттаманың метрологиялық сараптамасын жүргізу бойынша жұмысты орындайды.

Өлшеу құралдарын қолданумен байланысты өндірістік процестерді автоматтандыру жөнінде жүргізілетін зерттеулерге, ұйымның бұл құралдарға қажеттілігін анықтау бойынша жұмыстарға қатысады.

Заманауи өлшеу әдістері мен құралдарының енгізілуін, сонымен қатар өлшем қателіктерін бағалау бойынша жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз етеді.

Метрологиялық қамтамасыз ету жағдайларын талдау бойынша, стандартталмаған өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттау жүргізу бойынша жұмыстарды, оларды тексеру бойынша әдістемелерді, нұсқаулықтарды және басқа да нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеуді, келісуді және бекітуді, сонымен қатар өлшеу құралдарын қалпына келтіру, жөндеу және тексеруден кейін аттестаттауды ұйымдастырады.

Өлшеу құралдарының барлық қарастырылған регламенттермен технологиялық процестердің жабдықталуы үшін, ұйым бөлімшелерінде қолданылатын өлшеу құралдары мен әдістерінің өндірістің белгіленген режимі мен өнім сапасының сақталуы бойынша талаптарға сәйкес келуі үшін бақылауды жүзеге асырады.

Арнайы мақсаттағы өлшеу құралдарын жобалау мен әзірлеуге техникалық тапсырманы дайындауды ұйымдастырады.

Өлшеу құралдары, сынақ пен бақылаудың айырбас қорының жинақталуын, орнатылған тәртіпте жұмыс эталондарының сақталуын, өлшеу құралдарының үлгілерін тиісті жағдайда күтіп ұстау мен жөндеуді қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік стандарттарды, ұйымның стандарттарын және өлшеудің нақтылығын, тексеру құралдарының әдістері мен құралдарын регламенттейтін нормалары бар басқа да нормативті-техникалық құжаттаманы ендіруге жәрдемдеседі.

Белгіленген есепті жасау мен оны мемлекеттік метрологиялық қызмет органына ұсыну бойынша жұмысқа басшылық етеді.

Метрологиялық бақылау мен өндірістің метрологиялық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын ұйым қызметкерлеріне басшылық жасайды.

Метрологиялық қызмет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады.

Метролог Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер және өндірісті стандарттау, сертификаттау және метрологиялық қамтамасыз ету бойынша әдістемелік материалдар, ұйымның ұйымдық-технологиялық құрылымының бағыты, саласы мен ерекшеліктерін, оның даму перспективасы, метрологиялық бақылау мен өндірісті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жоспарлау тәртібі мен әдістері, ұйымда және экономикалық қызмет түрінде өндірістің метрологиялық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру, жабдықтың жұмыс режимі мен өндірістік қуаты, техникалық сипаттамасы, құрылымдық ерекшеліктері, оларды пайдалану ережелері, ұйым өнімін өндіру технологиясының негіздері, техникалық құжаттаманы әзірлеу және рәсімдеу бойынша ережелер, нұсқаулар және өзге басқарушы материалдар, өлшеу құралдарының құрылысы және пайдалану ережелері, оларды жөндеуді ұйымдастыру, метрологиялық қамтамасыз етуді және өлшеу құралдарын жетілдіру саласында зерттеулер мен әзірлеуді жүргізу әдістерін білуі тиіс[2].


3 Қазгидромет рмк жамбыл филиалы станцияларынының қызметі

3.1 Метеорологиялық станция қызметі

Метеорологиялық станция - атмосфералық өзгерістерді бакылап отыратын мекеме. Негізгі міндеті метеорологиялық құбылыстардың белгілі бір мерзім ішінде өзгеруін аныктау. Алғашқы метеорологиялық станциялар 18 ғасырда пайда болып, жеке ғалымдар, ғылыми қоғамдар ауа райына бақылау жүргізе бастады.

Метеорологиялық станция құрамына метеорологиялық алаң (мұнда термометрлі және гигрометрлі психрометрлік үйшік, жел жылдамдығын өлшейтін аспаптар, жаңбыр өлшеуіш, топырак термометрі, т.б. орнатылады) мен мекеме үйі (ішінде барометр, даладағы аспаптардың көрсетулерін тіркейтін қондырғылар болады) кіреді. Бақылау жұмыстары қабылданған стандартты бағдарлама бойынша 3 немесе 6 сағат сайын, кейде сағат сайын жүргізіліп отырады. Осыдан алынған мәліметтер шартты белгілерге түсіріліп, ауа райын зертгейтін орталыққа, авиациялық метеостанцияға, т.б. жіберіледі. Көптеген метеорологиялық станциялар бұған қоса агрометеорологиялық бақылау, күн радиациясының қаркындылығы мен радиациялық балансты, топырақтан ауаға булану мөлшерін, т.б. анықтау жұмыстарын жүргізеді.

Метеорологиялық  станция мекемелерде де, адам тұракты қоныстанбаған аудандарда да ұйымдастырылады. Метеорологиялық станцияның ауа райына жүргізген бакылаулары ауыл шаруашылық салаларын ауа райының қолайсыз жағдайларынан алдын ала сақтандырады. ҚР Гидрометеорология және табиғи ортаны бакылау баскармасының метеорологиялық станцияларында атмосферадагы метеорологиялық құбылыстарды бақылау жүргізілігіп отырады.

Метеорологиялық құбылыстарды арнайы метрологиялық өлшеу құрал- жабдықтарымен анықтайды.

Метеорологиялық құралдар - метеорологиялық өзгерістерді тіркейтін, тропосферадағы болатын өзгерістерді реттейтін құралдар.

Метеорологиялық элементтерді (құбылыстарды) өлшеп, олардың мәндерін тіркейтін аспаптар мен қондырғылар. Ауа және топырақ температуралары әр түрлі метеорологиялық термометр, термографтармен; ауа ылғалдығы: психрометр,гигрометрмен; атмосфералық қысым: барометр, анероид, барограф және гипсотермометр аспаптары арқылы өлшенеді.

Желдің шапшандығы мен бағытын: анометр, анемограф, анеморумбограф, флюгер арқылы өлшейді, сондай-ақ жауын- шашынның түсу мөлшері мен жауу жылдамдығын жаңбыр өлшеуіш, плювиограф және амбрографпен анықтайды.

Барометр - атмосфералық қысымды өлшейтін құрал. Барометр 2 түрге бөлінеді: сұйықтық және барометр-анероид. Ең көп таралганы - сынапты барометрлер. Олар ыдыстарының пішініне қарай табақшалы, сифонды және сифонды-табақшалы болып ажыратылады. Сынапты барометрдің жұмыс әрекеті атмосфералық қысымның барометрлік түтіктегі сынап бағанасы қысымымен теңгерілуіне негізделген. Барометрдің сезгіштігі - 1 Па. Атмосфералық қысымның өзгерісін жазу үшін барограф қолданылады. Барометр (грекше ауырлык өлшеу) - атмосфералық қысымды өлшейтін аспап. Сынапты барометр, анероид және дифференциалды барометрлер деп бөледі. Құрылысы бойынша сынапты барометр шыны аяқты және сифондык болып бөледі.

Барометрлік нивелирлеу - барометр арқылы жер бетінің белгілі бір нүктелеріндегі атмосфералық қысымды өлшеп және ауа температурасын ескере отырып нүктелердің биік айырымын аныктау әдісі. Үйлесімді байқау әдісін екі байкаушы жүргізеді. Бастапкы нүктеде барометрлердің, термометрлердің және сағаттардың көрсеткіштерін салыстырып, бір байқаушы сонда қалады да  уакыттың тең аралығы сайын, мысалы, 30 мин. сайын алады және жазады. Екінші байкаушы аныкталатын нүктелерде өлшеу уакытында осындай есептеулер алады және жазады. Биік айырымын есептеу үшін бірінші байқаушынын барометрінің және термометрінің көрсеткіштері екіншінің өлшеу мерзіміне интерполяцияланады. Аудандарды нивелирлегенде аудан ортасында таңдалған станцияда келіскен мерзімде байқаулар жүргізіледі, одан анықталатын £ Ф да, аспаптардың көрсеткіштерін тексеру мақсатымен станцияға қайтып келеді. Нивелирлеудің ең дәл әдістерінде изобаралык беттердің кеңістігі және температуралык градиенттің өзгеруін ескереді.

Гигрометр - ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал. Негізгі түрлері: шашты, конденсациялық, салмақ гигрометрлері және тіркеуші гигрометр (гигрограф).

Ауа ылғалдылығының өзгеруін автоматты үздіксіз тіркейтін өздігінен жазатын құрал - майсыздалған шаш бумасы түрінде сезімтал элементі бар метеорологиялық гигрограф М-21АС (немесе М-21С)

Ауа ылғалдылығын белгіленген бақылау мерзімдерінде анықтаумен қатар көптеген метеорологиялық станцияларда ауаның салыстырмалы ылғалдылығына сонымен бірге үздіксіз тіркеу жүргізіліп отырады. Салыстырмалы ылғалдылықтың уақыт бойынша өзгерісін тіркеу тәулік ішінде олардың әрсағаттық және экстремальдік (минимальдік және максимальдік) мәндерін анықтау үшін жүргізіледі. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының әрсағаттағы және экстремальді мәндері, барлық бақылау мерзімдерінде психрометр бойынша анықталған мәндермен тіркелген мәліметтерді салыстыру негізінде есептеу жолымен анықталады.

Осадкомер - атмосфералық жауын-шашынды жинақтау және өлшеу құралы. Осадкомер метеоалаңға орнатылған, қатаң тәртіппен бірліктерге бөлінген цилиндрлік шелектен тұрады. Қатты жауын-шашын түрі еріп болған кезде өлшемібелгілі болады. Осадкомер конструкциясы тез буланудан және қардың ұшып кетуінен қорғау функциясы арқылы жасалған [2,108б].

Қар өлшейтін рейка - метеобақылауларда қардың қалыңдығы мен қар жамылғысының мөлшерін анықтайды.

Облакомер - бұлттардың астыңғы және үстіңгі қабаттарының биіктігін анықтайтын құрал.

Анемометр - желдің жылдамдығын өлшеуге арналған құрал. Анемометрдің негізгі түрлері: қолда ұстайтын және бағанда бекітіліп тұратын негізгі анемометр. Жел жылдамдығын қолма-қол тіркейтін анемометр (анемограф) деп аталады.

Флюгер (нидерл. Vleugel) - желдің бағытын өлшейтін құрал Метеорологиялық спутник - Жердің жасанды серігі, әртүрлі метеорологиялық ақпараттарды тіркейді және Жерге жібереді.

Метеорологиялық спутник негізінен бұлттылықты, қар қабатының қалыңдығын, Күн сәулесінің радиация түрлерін бақылайды.

Метеорологиялық ракета - ракеталық аппарат, атмосфераның жоғары қабаттары мезосфера мен ионосфераны зерттеуге арналған. Құралдардың негізгі өлшейтін бөліктері: атмосфералық қысым, Жердің магниттік өрісі, космостық шағылысу, ауа құрамы. Құралдардың көрсеткіштері радиосигналдар арқылы беріледі. Психрометр- екі термометрдің (құрғақ және шыланған) көрсетуі бойынша ауа температурасы мен ылғалдығын өлшеуге арналған аспап. Термометрдің біреуі су ылғалына қаныққан шүберекпен оралған болады. Ылғадылық екі көрсеткіштің айырымы бойынша анықталады.

Психрометр - ауаның абсолюттік және салыстырмалы ылғалдылығы мен ылғалдықтың жетіспеуін анықтайтын аспап. Бұл екі термометрден тұрады: оның бірін құрғақ қалпында сақтайды да, екіншісінің шарын дымқыл жағдайда ұстайды (суға малған мәрлімен орап қояды). Ауа неғұрлым құрғақ болса, дымқыл термометр (судың булануы салдарынан) солғұрлым жылылықты тез жоғалтады, сондыңтан құрғақ термометрмен салыстырғанда төмен температураны көрсетеді. Екі термометрдің температурасынбілгеннен кейін арнаулы кесте арқылы ауаның ылғалдығы анықталады.

Термометр - ауаныңтемпературасынөлшеугеарналған аспап. Қазіртермометрлардыңкөптүрі бар:

Сұйық заттар аркылы жұмыс істейтін термометрлар - сырткы температураның өзгеруіне байланысты термометрдың ішіне кұйылған сұйықтықтың көлемінің өзгеруіне негізделген.

Электрлі термометрлар - бұл термометрлердің жұмыс істеу принципі сырткы температура өзгергенде өткізгіште пайда болатын карсылыққа байланысты.

Механикалық термометр - бұл термометрлардың жұмыс істеу принципі жогарыда айтып өткен термометрлар сиякты, тек бір айырмашылыгы мұнда датчик орнына металды спираль немесе биметалдан жасалган лента қолданылады. Метеорологиялық элементтерді (құбылыстарды) өлшеп, олардың мәндерін тіркейтін аспаптар мен қондырғылар. Ауа және топырақ температуралары әр түрлі метеорологиялық термометр, термографтармен; ауа ылғалдығы: психрометр,гигрометрмен; атмосфералық қысым: барометр, анероид, барограф және гипсотермометр аспаптары арқылы өлшенеді.Метеостанциядағы өлшеу-құралдарының тізімі 1-кестеде көрсетілген [3].

Кесте-1. Метеостанциядағы өлшеу-құралдарының тізімі


3.2 «Қазгидромет» РМК-да метеорологиялық бақылауларды ұйымдастырудағы метрологияның рөлі

Метеорология - атмосфера туралы ғылым, оның құрамын, қасиеттерін мен онда жүріп жатқан физикалық және химиялық процестерді және олардың жер бетімен әрекеттесуін зерттейді, ал осы зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін міндетті түрде метрологиялық  өлшеу құралдары қажет. Метеорологияда қолданылатын негізгі зерттеу әдісі бақылау болып табылады. Әдісті таңдау табиғи жағдайда атмосфералық құбылыстарды оқып үйренуді талап ететін ғылымның өз маңыздылығымен анықталады.

Метеорологиялық бақылаулар - ол метеорологиялық шамаларды өлшеу және метеорологиялық элементтер мен құбылыстарды сапалы бағалау [5,79б].

Станциялар мен бекеттерде жүргізілетін метеорологиялық бақылаулар ауыл шаруашылығының көптеген және әртүрлі практикалық сұраныстарын қанағаттандыру үшін, сонымен қатар ғылыми өңдеулер үшін қажетті негізгі мәліметтерді береді. Осы және басқа жағдайларда сапасы нақты қатаң бекітілген талаптармен жауап беретін бақылаулардың мәліметтері қолданылуы мүмкін. Метеорологиялық бақылауларға қойылатын негізгі талаптар осы бақылаулардың репрезентативтілігі (сипаттылығы), үздіксіздігі, дәлдігі, біртектілігі және салыстырмалығы болып табылады [4].

Репрезентативті  болып тек өзінің бақылау орны үшін ғана емес, меторологиялық станция орналасқан барлық ең үлкен аудан үшін көрсеткішті метеорологиялық мәліметтер беретін бақылауларды айтады. Басқаша айтқанда, бұл бақылаулар кездейсоқ жергілікті жағдайлардың – жақын орналасқан құрылыстың, ағаштардың, жоталардың, жеке батпақтардың, су қоймаларының және т.б. әсеріне жолықпау керек.

Сонымен бірге бақылаулар үздіксіз болуы керек. Бір бақылаудың жоқтығы станциядан алынған метеорологиялық мәліметтерді бағасыздандырады. Бақылаулардың үздіксіздігі олардың белгіленген уақытта және барлық метеорологиялық элементтерге жүргізілуінде ғана емес. Бақылаулар үздіксіз болу үшін бақылаушы мезгіл арасында да метеорологиялық құбылыстың пайда болуы мен аяқталуын өз уақытында белгілеп, атмосфераның күйін тиянақты бақылап отыруы міндетті.

Метеорологиялық бақылауларға қойылатын келесі талап - олардың дұрыстығы. Бақылаулардың дұрыстығы метеорологиялық мәліметтердің сапасын анықтайтын маңызды жағдай болып табылады. Егер бақылаушы өзіне берілген істі жақсы білсе және адал орындаса, бұл жағдай өте жеңіл қамтамасыздандырылады.

Бақылаулар дұрыс болуы үшін бақылаушы ешқашан басқа біреудің жорамал мәліметтерін қолданбай, тек өзі көргенін ғана белгілеу керек. Бұл бақылаушының  бірінші және негізгі ережесі болып табылады.

Метеорологиялық бақылаулар жауап беретін қалған екі негізгі талаптарға олардың біртектілігі мен салыстырмалылығы жатады.

Атмосферада болып жатқан физикалық процестер мен құбылыстар туралы дұрыс көзқарас алу үшін, жер шарының көптеген орындарында бақылаулар жүргізілуі қажетті. Сол үшін, жоғарыда айтылып кеткендей, барлық елдердің аймақтарында көптеген метеорологиялық станциялар құрылған. Бұл станциялардың бақылаулары үлкен материалдар әкеледі. Осы материалдардың негізінде атмосфералық құбылыстар және олардың кеңістіктегі және уақыт бойынша дамуы зерттеледі. Мұндай зерттелудің жетістігі ең алдымен, әр жеке станцияның бақылаулар қатары уақыт бойынша қаншалықты біртекті екеніне, сонымен қатар барлық немесе көпшілік станцияның бақылауларының мәліметтері соншалықты өзара салыстырмалы болуына байланысты болады.

Егер әр станция, әр бақылаушы метеорологиялық бақылауларды жүргізу бойынша нұсқамалар мен нұсқаулардакелтірілген барлық ережелер мен нұсқамаларды дәлдікпен орындаса, жоғары сапалы бақылаулармен қамтамасыздандыру қиын емес.

Метеорологиялық бақылауларды жүргізу кезінде бақылаушы келесі ережелерді орындауға тиіс:

-бекітілген бақылауларды жүргізу ережесі мен мерзімдерді қатаң түрде сақтау керек;

-тек өзі көргенін ғана белгілеу керек. Бақылау нәтижелеріне жорамалдап алынған басқа мәліметтерді жазуға қатаң тиым салынады. Тек өте қауіпті метеорологиялық құбылыстар туралы  мәліметтер басқа адамдардың мәліметтері бойынша толықтырылуы мүмкін, бұл жағдайда міндетті түрде ол мәліметтердің қайдан алынғаны көрсетілуі керек;

-әр бақылау мерзімінің алдында аспаптар мен қондырғылардың дұрыс орнатылғанын және жұмыс істейтіндігін тексеру керек; сол кезде анықталған қателіктерді бақылау жүргізу уақытына дейін жою керек, себебі өлшеу жүргізу кезінде аспаптың көрсеткіші өлшенетін шаманың нағыз мәніне сәйкес болуы тиіс. Жұмыс істемейтін аспаптың ауыстырылуы немесе қателіктердің жойылуы жөніндегі мәліметтер КМ-1 кітапшасына жазылуы керек;

-егер бақылау мерзіміне дейін жұмыс істемейтін аспаптың ауыстырылуы немесе кемістіктерді жою мүмкін болмаса, жеке сипаттамаларды басқа дәлдігі төмендеу аспаптар бойынша анықтау керек; мұндай жағдайда бақылаулардың нәтижелері бақылау кітапшасына міндетті түрде олардың қалай алынғандығы туралы белгіленіп жазылады;

-станциядағы қондырғылар мен аспаптарды сақтықпен қолданып, оларды жұмыс күйінде және таза ұстау керек;

-бақылаулар нәтижелерін жазу және өңдеу нұсқауларға сәйкес жүргізілу керек. Бақылаулар нәтижелерін дөңгелектегенде келесі ереже сақталады: егер дөңгелектенетін сан 5 немесе одан үлкен болса, онда алдыңғы санға 1 қосылады; егер дөңгелектенетін сан 5-тен кіші болса, онда алдыңғы сан өзгеріссіз қалады (мысалы, 12,50С-13 0С болып, 12,40С - 120С болып дөңгелектенеді).

Станцияда келесі журналдар жүргізілуі тиіс:

-станция тарихы журналы;

-станцияның жұмысы бойынша қателіктер мен ескертулер журналы;

-кезекшілікті қабылдау және өткізу журналы.

Бақылаулар нәтижелерін жазу үшін станция арнайы бақылау кітапшаларымен қамтамасыздандырылады:

-бақылау мерзімдерінде жүргізілетін метеорологиялық бақылауларды жазуға арналған кітапша (КМ-1);

-қосымша бақылауларды жазуға арналған кітапша (КМ-2);

-топырақ температурасына бақылау жүргізу нәтижелерін жазуға арналған кітапша (КМ-3);

-сымдардағы мұз қабаттануларына бақылау жүргізу нәтижелерін жазуға арналған кітапша (КМ-4);

-қар жамылғысына бақылау жүргізу нәтижелерін жазуға арналған кітапша (КМ-5) [5, 89б].


3.3 «Қазгидромет» РМК ЖФ - ның метрологиялық жұмыстарының нормативті құжаттары

«Қазгидромет» РМК ЖФ кәсіпорнын метрологиялық қамтамасыз етудің нормативтік құжаттары:

-негізгі, жалпы талаптарды, ережелерді, нормаларды белгілейтін және ҚР МӨЖ ұйымдастырушылық-әдістемелік ережелері;

-өнімді, қызмет көрсетулерді, процесстерді бақылау талаптарын және әдістерін белгілейтін болып бөлінеді.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құжаттар қолданылады [6, 102б]

«Қазгидромет» РМК ЖФ - ның метрологиялық жұмыстарының нормативті құжаттарының негізгі объектілері мыналар:

-Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету. Бұл стандарт метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстың мазмұнын, мақсатын, міндетін және де олардың бөлімшелермен қызметтерге таралуы, метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстың бақылануын, сұрақтардың жоспарлануын, өндірістің өзіндік объектілерін тәртәпке келтіруі тиіс.

-Салааралық стандарт жобалары немесе кәсіпорын, техникалық тапсырмалар, конструктоорлық және технологиялық құжаттардың ұйымдастырылуымен метрологиялық экспертизаның жүргізілу реті. Бұл стандарт метрологиялық экспертизаға жататын құжаттардың номенклатурасын, әр құжаттың экспертизаасының мазмұнын, метрологиялық экспертиза бойынша жұмыстрдың ұйымдастырылуын және оның нәтижелерінің өңделуін, мемлекеттік және салааралық стандарттардың тізбесін тәртіпке келтіруі тиіс.

-Стандартталмаған өлшеу құралдарын өңдеу, жасау және метрологиялық аттестаттау. Бұл стандарт ұйымдағы барлық этаптардың өңделуінің жасалу ережелерін, мазмұнын, бірізділігін және де кәсіпорында қолданылатын стандартталмаған өлшеу құралдарын дайындау және аттестатталуын тәртіпке келтіруі тиіс.

-Өлшеуді орындаудағы типтік әдістер. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету бойынша нормативтік- техникалық құжаттардың жиыны-өндірістің технологиялық дайындық жүйесі немесе өнімнің сапасын басқару жүйесінің стандарттық жиынының құрылымдық бөлігі ретінде өңделуі мүмкін.

Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің заңды негізі болып ҚР

Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңы табылады. Заң Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді, мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың арасындағы метрологиялық қызмет саласындағы қатынастарын реттейді және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін, әрі Қазақстан Республикасының экономикасын өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан қорғауға бағытталған.

Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заң Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi.

Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

Заңның күшi Қазақстан Республикасының аумағында өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етуге байланысты қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк басқару органдарына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға қолданылады [7].


3.4 «Қазгидромет» РМК  ЖФ-ны метрологиялық қамтамасыз ету

Кәсіпорынның тиімді жұмысын және өнім сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін сәйексінше оны метрологиялық қамтамасыз ету қажет.

Кәсіпорындағы метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстар өз кезегінде нормативті және ұсынысты құжаттарға, сонымен қатар өлшенетін шаманың, бақылау объектісінің және т.б. мәліметтердің шығатын спецификациясынан шығатын құжаттық және анықтамалық материалдарға ие болуы керек.

Кәсіпорынның ерекшеліктеріне байланысты метрологиялық қызметтің құрылымы орындалатын метрологиялық қызметтердің көлеміне байланысты кәсіпорын басшылығымен бекітіледі.

Өндірістің метрологиялық қызметі өз жұмысында, «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңын, ҚР Үкіметінің Қаулысын, Министрлер Мәжілісінде бекітілген Қаулылармен - ҚР Үкіметінің жағдайларын, «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету» бойынша нормативті құжаттарды, мемлекеттік стандарттар, метрология бойынша ережелерді, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесіне кіретін, мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтардың ұсыныстарын және кәсіпорынның өлшем бірдігін қамтамасыз ету бойынша құжаттарын жетекшілікке алады. [8, 98б].

Өндірістің метрологиялық қызметі келесідегідей функцияларды атқарады:

-өлшеу жабдақтарын басқару;

-өлшеу құралдары және зерттеу жабдықтары есепке алу;

-өлшеу жүргізу барысында қажетті дәлдікті қамтамасыз ету;

-эксплуатация техникалық қызмет және тексеру бақылау;

-өндірістік процесте қолданылмайтын өлшеу жабдықтарын консервациялау,сақтау , жинау;

-жарамсыз жабдықтарды эксплуатациядан шығару және олардың қолданылуының алдын алу;

-техникалық берілімдермен мазмұндалған ( паспорттар, формулалар т.б.) уақытылы тексерілгендігін растайтын құжаттаманың барлық түрлерін қамтамасыз ету және сақтау;

Кәсіпорынның метрологиялық қызметі өлшеу жабдықтарын басқаруда келесідегідей жұмыстармен жүзеге асырады:

-өлшеу құралының техникалық сипаттамалық, техникалық паспортының болуын;

-өлшеу құралының техникалық мінездемелерге сәйкестігін;

-өлшеу құралының қолдануға жарамдылғын;

-берілген жабдықпен қажетті нақтылық пен өлшеу сәйкестікті қамтамасыз етуге қабілеттілігін;

-жабдық жұмыстарының климаттық шарттары олардың техникалық құжаттамада бекітілген талаптарға сәйкестігін;

-өлшеу жабдықтарының жағдайы мен қолданылуын;

-жабдықты идетификациялау;

-өлшем жабдықтарын эксплуатациялау;

-өлшем жабдықтарын жөндеу оны есептеп шығару;

-өлшем жабдықтарын есепке алу.

ҚР-ның «Өлшем бірліктерімен қамтамасыз ету туралы» заңына сәйкес кәсіпорында бекітілген тәртіпте бірліктермен және өлшеулердің талап етілген дәлдігін қамтамасыз ету, метрологиялық бақылау мен қадағалау жұмыстарымен метролог айналысады.

Кәсіпорындардың тиімді жұмысын және өнім сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін сәйексінше оны метрологиялық қамтамасыз ету қажет.

Кәсіпорындардағы метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстар өз кезегінде нормативті және ұсынысты құжаттарға, сонымен қатар өлшенетін шаманың, бақылау объектісінің және т.б. мәліметтердің шығатын спецификациясынан шығатын құжаттық және анықтамалық материалдарға ие болуы керек.

Кәсіпорынның ерекшеліктеріне байланысты метрологиялық қызметтің құрылымы орындалатын метрологиялық қызметтердің көлеміне байланысты кәсіпорын басшылығымен бекітіледі.

Гидрометеорологиялық орталық - халық шаруашылығының барлық салаларын метеорогиялық, гидрологиялық және агрометеорологиялық болжамдармен қамтамасыз ететін ғылыми-әдістемелік мекеме. Қазақстан Республикасыны гидрометеорологиялық орталықтары арнайы өлшеуіш құралдарымен жабдықталған.

Ауа ылғалдылығын өлшеу үшін метеорологиялық станцияда мына құралдар қолданылады:

-50-тан минус 10 0С температураға дейін екі ТМ4 (құрғақ және сулы резервуарларымен) термометрлерінен тұратын станциялық термометр. Психрометр метеорологиялық будкада қатар орналасқан екі термометрден (оң жақтағы термометрдің резервуарына батист мата байланады да, ол стақандағы суға батырылып қойылады) және дистилдендірілген су құйылған стақаннан тұрады;

-станциялық психрометрге қосымша салыстырмалы ылғалдылықтың өзгеруіне байланысты адам шашының ұзындығының өзгеру қасиетіне негізделген метеорологиялық шашты гигрометр.

Ауа ылғалдылығын психрометр бойынша өлшеу минус 10 0С-ға дейін жүргізіледі. Өте төмен температура кезінде психрометрлік әдіспен өлшеу қателігі артады. Сондықтан ауа температурасы минус 10 0С-дан төмен болған жағдайда көрсеткіштері станциялық психрометрдің көрсеткіштеріне келтірілген метеорологиялық шашты гигрометрмен ауа ылғалдылығын өлшейді. Сол үшін ауа ылғалдылығы 10-тан минус 10 0С-ға дейін психрометрмен де, гигрометрмен де өлшенеді. Осы өлшеулердің нәтижелері бойынша салыстырмалы график тұрғызылады. Бұл графикті гигрометр көрсеткіштерін салыстырмалы ылғалдылықтың мәндеріне ауыстыру үшін барлық жағдайда қолданады.

Ауа ылғалдылығын өлшеу құралдарын өлшеу жүргізуге дайындау барысында келесі талаптар орындалуы қажет:

-психрометрлік термометрлердің (құрғақ және сулы) резервуарлары жер бетінен 2 м биіктікте орналасуы керек;

-қақпағы жабулы психрометрлік стақан сулы термометрдің резервурынан 2 см төмен орналасуы керек. Бұл кезде термометрдің резервары мен стақандағы судың арақашықтығы 2-3 см болу керек.

Ауа ылғалдылығын белгіленген бақылау мерзімдерінде анықтаумен қатар көптеген метеорологиялық станцияларда ауаның салыстырмалы ылғалдылығына сонымен бірге үздіксіз тіркеу жүргізіліп отырады. Салыстырмалы ылғалдылықтың уақыт бойынша өзгерісін тіркеу иәулік ішінде олардың әрсағаттық және экстремальдік (минимальдік және максимальдік) мәндерін анықтау үшін жүргізіледі. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының әрсағаттағы және экстремальді мәндері, барлық бақылау мерзімдерінде психрометр бойынша анықталған мәндермен тіркелген мәліметтерді салыстыру негізінде есептеу жолымен анықталады. Ауа ылғалдылығының өзгеруін автоматты үздіксіз тіркейтін өздігінен жазатын құрал - майсыздалған шаш бумасы түрінде сезімтал элементі бар метеорологиялық гигрограф М-21АС (немесе М-21С) 1- суретте көрсетілген.

Сурет-1. Гигрограф М-21АС

Гигрограф та термограф сияқты екі негізгі - қабылдаушы және жазушы бөлімнен тұрады. Гигрограф өздігінен жазатын құралдар орналасатын жалюзді будкада арнайы сөреде термографтан жоғары орналасады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының өзгерісін тіркеу жыл бойы арнайы диаграммалық бланкаларда (ленталарда) ЛМ-6р № 1080 үздіксіз жүргізіледі.

Ауа температурасын өлшеу ауа температурасы мен термометрдің теңелуін қамтамасыздандыратын 2 м биіктіктегі психрометрлік будкада орналасқан термометрлерді қолдануға негізделген. Термометрдің температуралық режимі радиацияның әсерінен радиациялық қорғаумен (будкамен) қорғалады. Термометрдің температурасы сезімтал элементтің термометрлік қасиеттерінің бірінің өзгеруі бойынша анықталады. Станцияда ауа температурасын өлшеу үшін мына өлшеу құралдары қолданылады:

-метеорологиялық психрометрлік термометр ТМ4; әдетте екі психрометрлік термометр орнатылады -«құрғақ» және «сулы». «Құрғақ» термометрмен бақылау мерзіміндегі нақты ауа температурасы өлшенеді; өлшеу диапазондары: минус 35-тен 40 0С дейін (ТМ4-1), минус 25-тен 50 0С дейін (ТМ4-2), бөлім бағасы 0,2 0С;

-метеорологиялық төменградусты термометр ТМ9; өлшеу диапазондары: минус 60-тан 20 0С дейін (ТМ9-1), минус 70-тен 20 0С дейін (ТМ9-2) сынаптық психрометрлік термометрлерге қосымша. Ауа температурасы -15…-20 0С-дан төмен түсе бастағанда, қосымша спиртті термометр бойынша бақылауларды сынапты психрометрлік термометрлермен қатар жүргізу керек. Бұл спиртті термометрге арналған қосымша түзетуді анықтау үшін қажетті.

-метеорологиялық максималды термометр ТМ1 максималды температураны өлшеу үшін арналған; өлшеу диапазондары: минус 35-тен 50 0С дейін (ТМ1-1), минус 20-тен 70 0С дейін (ТМ1-2), бөлім бағасы 0,5 0С;

-метеорологиялық минималды термометр ТМ2 минималды температураны өлшеу үшін арналған; өлшеу диапазондары: минус 70-тен 20 0С дейін (ТМ2-1), минус 60-тен 30 0С дейін (ТМ2-2), бөлім бағасы 0,5 0С. Ауа темпартурасына мезгіл сайын өлшеу жүргізіледі. Тек мезгіл аралығындағы ауаның максималды температурасына -36 0С дейін ғана өлшеу жүргізіледі.

Ауа температурасын анықтау үшін қолданылатын барлық термометрлер арнайы психрометрлік (жалюзді) будкада орналастырылады. Психрометрлік будка 2- суретте көрсетілген.

Сурет-2. Психрометрлік будка

Ол будка құралдарды жауын-шашыннан, күшті желден, күн сәулесінің әсерінен және жер беті шашатын көзге көрінбейтін жылу сәулелерінен қорғайды. Сонымен қатар бұл будка сыртқы ауа мен өзінің ішіндегі ауаның араласуына кедергі жасамайды, ал ол будкадағы құралдар бойынша репрезентативті бақылау жүргізу үшін өте маңызды. Будка метеорологиялық алаңда жер бетінен 2 м биіктікте орналасу керек. Ауа температурасын өлшеу құралдарын бақылау жүргізуге дайындаған кезде құрғақ термометрдің резервуары жер бетінен 2 м биіктікте болу керек.

Дозиметр - иондагыш сәулелердің дозасы мен қуатын өлшеуге арналған кұрылғы.  Ол детектор мен өлшеуіштен тұрады. Дозиметр - радиоактивтік заттармен зақымдалған жердегі жеке кұрамның сыртқы гамма-сәулеленуін дозиметриялық бақылаудан өткізуге арналған құрал. Құрал закымдалған жерде болған кезінде алған сәулесінің жалпы мөлшерін өлшеуге мүмкіндік береді. Ол осінде алюминий өзекше орналасқан алюминий цилиндр болып келеді. Камера ішінде қоршаудың бір жағы цилиндрмен, ал екінші жағы алюминий өзекпен жалғасқан конденсатор орналасқан. Камераны зарядтау жеке дозиметр жиынтығынан тұратын зарядты өлшеу кұралы арқылы жүзеге асады. Жеке дозиметр арқылы 0-ден 50 р-ге дейінгі сәулелену мөлшерін өлшеуге болады. «Дрозд» дозиметрі 3- суретте көрсетілген.

Сурет-3.  «Дрозд» дозиметрі

Желдің сипаттамаларына өлшеу жүргізу кезінде өлшеу басталудың алдында 10 минуттан кем емес уақытқа ерте қосылған жағдайда желдің 10 мин ішіндегі орта жылдамдығын автоматты түрде қамтамасыз ететін М-63М-1 анеморумбометрі қолданылады. Аспап желдің орташа жылдамдығын (10 мин ішіндегі орта мәнін) ±(0,5+0,03 V) қателігімен 1-ден 40 м/с аралығындағы диапазонда, максималды жылдамдығын (60 м/с дейін) ±(1,0+0,05 V) қателігімен, бағытын 10 0 дейін қателікпен өлшеуді қамтамасыздандыруы қажет. М-63М-1 анеморумбометр 4- суретте көрсетілген.

Сурет-4. М-63М-1 анеморумбометр

М-63М-1 аспабымен өлшеу жүргізген кезде оның әр бақылау мерзімі алдында «Орташа жылдамдық» деген тұтқасын іске қосу арқылы тек 10-минут аралығындағы орташа жылдамдықты анықтайтынын ескеру керек. Орташа жылдамдықтың сағат механизімін қосу уақыты әр станцияның «Өлшеу жүргізу ережесінде» көрсетілуі тиіс.

Қар өлшеуіш - қардың қалыңдығын және массасын өлшеуге арналған кұрал - жабдык. Ашық алаңда ыдысқа қар толтыру арқылы оның массасын және калыңдығын анықтайтын кұрал. Қар өлшеуіш құрал 5- суретте көрсетілген.

Сурет-5. Қар өлшеуіш құрал

Жаңбыр өлшеуіш - қатты немесе сұйық күйдегі атмосфералық жауын-шашынды өлшеуге арналған аспап. Жауын-шашын өлшегіш құрал 6- суретте көрсетілген.

Сурет-6. Жауын-шашын өлшегіш құрал

Гелиограф - тәулік ішіндегі күннің қанша уақыт және қаншалықты жарық түскенін жылу немесе химиялык күшімен кағаз бетіне түсіретін метеорологиялық аспап. Гелиограф 7- суретте көрсетілген.

Сурет-7. Гелиограф

Экологиялық ластану деңгейін өлшеуге арналған зат - зиянды химикаттармен ластануы және зауыттардан шығарылатын зиянды түтінді қалдықтар ауаға әсер ету шамасы туралы мәлімет жинайтын материал. Лабораториялық анализ нәтижесінде қорытындысы шығарылады. Экологиялық ластану деңгейін өлшеуіші 8- суретте көрсетілген.

Сурет-8. Экологиялық ластану деңгейін өлшеуіші

Қазакстан Республикасының Қоршаган ортаны корғау министрлігінің бюджеттік бағдарламалар әкімінің 2013 жылга «Гидрометеорологиялык мониторингті жүргізу» республикалық  бюджеттік бағдарламасының паспорты бойынша:

1)қосымша және стандартты күнделікті гидрометеорологиялық мәліметтерді алу үшін 244 метеостанциядан, 23 метеобекеттен, 9 афометеорологиялық бекеттен, 23 метеобекеттен, 5 озонометрлік бакылау пунктінен, 14 актионметриялық бақылау пунктінен, 7 жылыбаланс бакылау пунктінен, 206 гидробекеттен, 16 кар багытынан, 2 кар көшкіні стансасынан мәліметтерді жинау және өңдеу;

2)қысқа мерзімде, ұзак мерзімде метеорологиялық, гидрологиялық және афометеорологиялық ауа райын өңдеу және жасау;

3)кауіпті және көптеген гидрометеорологиялық құбылыс апаты болған жағдайда алдын-ала дабылды ескерту;

4)климатологиялык өңдеу;

5)гидрометеорологиялық мәліметтермен қамту;

6)бағдарламаны орындауда күтілетін нәтижелер:

-Қазақстан аймақтары бойынша күнделікті метеорологиялық бюллетень 253 дана 10 мемлекеттік ұйымдарға ұсынылады;

-Қазақстан аймақтары бойынша күнделікті метеорологиялық бюллетень 12 дана 4 мемлекеттік ұйымдарга ұсынылады;

-14 Облыс бойынша 2 және 3 тәулікке ауа райы 5110 дана 10 мемлекетт ұйымдарға ұсынылады;

-14 облыс бойынша бір аптага ауа-райы 728 дана 10 мемлекеттік ұйымдарға ұсыңылады;

-қауіпті және гидрометеорологиялық апатты кұбылыстар болған жағдайда алдын-ала дабыл беру Қазақстанның әкімшілік орталыктарына және облыстар бойынша 26 мемлекеттік ұйымдарға ұсынылады.

Қазақстанның аэрологиялық станциясы  әр қаланың эуежай маңында орналаскады. Бұл аэрологиялық станцияның міндеті ауа- райының жағдайын және өзгерістерін тіркеп, климаттық ерекшеліктерді шығару. Осындай жұмыстар жүргізу максатында әр түрлі метеорологиялық кұрал-жабдыктармен жабдықталған. Әр қайсысы келісілген мерзімде тексеруден өтіп, жарамдылығына карайды. Егер қанагаттандырарлык жағдайда болса, онда кұрылғымен әрі карай бакылау жұмыстарын өткізуді жалғастырады. Ал егер бұл тексеруден өтпеген  жағдайда жаңа кұрылғымен ауыстырылады. Осылайша күнделікті бакылаулар жүргізіліп, әр күндік нәтижелер арнайы дәптерге тіркеліп отырылуы тиіс. Күнделікті алынған бақылау нәтижелерімен әрі қарай айдың орташа температурасы және тағы да баска көрсеткіштер есептелініп, климаттағы өзгерістер мен ерекшеліктер шығарылады. Бұл аэрологиялык станциянын жинаған күнделікті деректерін жергілікті радио, телеарналар және зауыттар сатып алады. Жергілікті радио, теле арналар облыс тұрғындарын ауа-райы мәліметімен қамтамасыз етсе, зауыттар өндірістік мақсатта мәліметтерді (мысалы, желдің жылдамдығы, бұлттың биіктігі, т.б.) алады.

Республиканы, облыстың  экологиялык жағдайын бақылау мақсатында да жұмыстар жүргізіледі. Аймақтағы экологиялық жағдайды бақылап отыруға арналған арнайы орнатылган сүлгі койылған. Әр 5 күн сайын сүлгі ауыстырылап, колданылган сүлгі Алматы қаласына лабораториялық зерттеуге жіберіледі. Осылайша, зауыттардан, көліктерден және т.б. ауаны ластаушы көздерден келетін зиянды химикаттардың ауада таралу деңгейін бакылап отыруға мүмкіндік береді [9].


3.5 Метеорологиялық бақылау орны

Көптеген метеорологиялық элементтерге бақылаулар метеорологиялық алаң деп аталатын арнайы орындарда жүргізіледі.

Метеорологиялық алаң атмосфераның жерге жақын қабатында метеорологиялық бақылаулар жүргізу кезінде қажетті аспаптар мен жабдықтарды орнату үшін қызмет атқарады.

Метеорологиялық алаңға арналған орын келесі негізгі талаптарды қанағаттандыру керек: ол ашық, тегіс және жазық  болуы керек.

Метеорологиялық алаң қоршаған жергілікті орынға сипатты және төселме беткейдің атмосферамен арасындағы жылу айналым және су айналымының қандай да бір ерекшеліктерімен қоршаған территориядан ешқандай айырмашылығы жоқ жерден таңдалады[10, 105б].

Метеорологиялық алаңның сипаттылығы оның орналасқан жері сол ауданда басым кездесетін рельеф түріндей болуымен және су көзі жағасынан (теңіз, көл, өзен, су қоймасы) максималды су деңгейі кезінде 100 метрден артық қашықтықта орналасуымен қамтамасыздандырылады.

Метеорологиялық алаң квадрат пішінді (әр жағы 26 м), бір жағы солтүстіктен оңтүстікке бағытталуы қажет. Бақылау бағдарламасы толық емес станцияларда (топырақтың терең қабаттарының температурасына бақылау жүргізілмеген жағдайда) алаңды 20х16 м мөлшерге дейін кішірейтуге болады.

Метеорологиялық аспаптар мен жабдықтар алаңда арнай жоспарға сәйкес орналасуы керек .

Анеморумбометр және флюгер орнатылған бағандар, сонымен қатар мұзөрнек станогі алаңның солтүстік бөлігінде; психрометрлік будкалар және жауын-шашын өлшегіші мен плювиограф алаңның ортасында; ал алаңның оңтүстік бөлігінде топырақ температурасын өлшейтін термометрлер орналасады.

Актинометриялық және жылу балансы бақылауларын жүргізу үшін алаң отүстікке қарай ұзартылады. Актинометриялық және градиентті қондырғыларды топырақ температурасын өлшейтін термометрлердің солтүстігіне орналастыру керек. Басқа бақылаулар түрлеріне арналған қондырғыларды алаңның батыс және шығыс жағына орналастыруға болады.

Метеорологиялық алаңның төселме беткейін табиғи күйінде сақтау үшін аспаптар мен қондырғыларға баратын ені 40-50 см арнайы жіңішке жолдар төселінеді. Бұл жолдарды нығыздалған құммен немесе майда таспен жабуға болады. Метеорологиялық алаңда аспаптар мен жабдықтардың орналасу жобасы 9- суретте көрсетілген.

Сурет-9. Метеорологиялық алаңда аспаптар мен жабдықтардың орналасу жобасы

Метеорологиялық алаңда аспаптар мен жабдықтардың орналасу жобасы  (арақашықтықтар метрмен көрсетілгена) толық бақылау бағдарламасы:

а) 1 - станцияның геодезиялық репері;

2 - жеңіл тақтайшалы флюгер;

3 - анеморумбометр (анеморумограф) датчигі;

4 - ауыр тақтайшалы флюгер;

5 - мұзөрнек станогы;

6 - психрометрлік будка;

7 - қар өлшегіш рейка;

8 - қосымша психрометрлік будка;

9 - термограф пен гигрографқа арналған будка;

10 - Көріну қашықтығын өлшеуге арналған құрал (мысалы, М-53 қондырғысы);

11 - жауын өлшегіш;

12 -плювиограф;

13 - жауын өлшегіштің қосымша бағаны (қар жамылғысы бар кезде);

14 - қар өлшегіш рейка;

15 -гелиограф;

16 - ледоскоп;

17 - росограф;

18-топырақ термометрлерін (19) және Савиновтің иінді термометрлерін (20) орнататын өсімдіксіз ашық участок;

21- қар өлшегіш рейка;

22- топырақтық-суырмалы термометрлерді (23) және мерзлотомер аспабын (24)  орнатуға арналған табиғи өсімдігі бар участок;

25-ауа температурасы мен ылғалдылығының вертикалды градиенттерін өлшеуге арналған қондырғы;

26- жел жылдамдығының биіктік бойынша өзгермешілігін өлшеуге арналған қондырғы;

27- актинометрлік қондырғы (аспаптар орнатылған баған).

б) 1 - станцияның геодезиялық репері;

2- жеңіл (ауыр) тақтайшалы флюгер;

3-анеморумбометр;

4- мұзөрнек станогы;

5-психрометрлік будка;

6- қар өлшегіш рейка;

7-қосымша психрометрлік будка;

8-жауын өлшегіш;

9-плювиограф;

10 - жауын өлшегіштің қосымша бағаны (қар жамылғысы бар кезде);

11,13 - қар өлшегіш рейкалар;

12-топырақ термометрлеріне арналған өсімдіксіз ашық участок;

14- топырақ термометрлері.

Метеорологиялық алаңның табиғи күйін сақтау үшін, сонымен қатар онда орнатылған аспаптарды қорғау үшін алаң қоршалуы тиіс. Қоршау алаңның кезкелген жерінің ауамен алмасуын, ал қыста күртік қардың пайда болмауын қамтамасыздандыру керек. Алаңның қоршауын тесіктері 10х10 см құрайтын темір торға екі шетінен сым өткізіп, биіктігі жер бетінен 1,2-1,5 м құрайтын металл труба, бетон немесе ағаш бағандарға керіп жасауға болады.

Метеорологиялық алаңға кіретін есік қоршаудың солтүстік жағында орналасады. Қоршаудың есігі берік жабылуы тиіс.

Метеорологиялық алаң тораптан келетін тұрақты жарықтанумен немесе кернеуі 36 В-тан аспайтын басқа да энергия көздері арқылы тұрақты токпен жабдықталуы тиіс. Тұрақты электр жарығы болмаған кезде тасымалданбалы электрлік қол шамын пайдалану қажет.

Метеорологиялық алаң мүмкіндігінше станцияның қызмет үйінен қашық емес (150 метрден алыс емес) орналасуы және кезекші бақылаушының үнемі назарынан тыс болмауы тиіс.

Қондырғылардың дұрыс орналасуымен қоса метеорологиялық алаң өзіне үнемі және тиянақты тазалықты керек етеді, олай болмаған жағдайда жоғары сапалы бақылау жүргізу мүмкін емес. Метеорологиялық алаңның тазалығы негізінен мыналардан тұрады:

а) алаңды таза ұстау;

б) метеорологиялық алаңдағы шөпті биіктігі 20 см-ден аспайтындай етіп үнемі шауып, оны сол мезетте алаңнан тазалап алып тастау;

в) алаңда пайда болғаннан бастап ерігенге дейін қар жамылғысын табиғи күйінде тиіспей қалдырып, және аспаптардың қасында өте көп қар күртігі орнықса, оны алаңнан тазартып тастау;

г) алаңдағы аспаптар мен қондырғылардың ақауларын түзету[11].


ҚОРЫТЫНДЫ

Кез келген басқа елдердегідей, Қазақстан Республикасында өлшем құралдары адам қызметтерінің барлық саласында қолданылады. Өлшем нәтижелері азаматтардың денсаулығын және өмірін қорғауды қамтамасыз ету жұмыстарында, энергия ресурстарының барлық  түрлерін қолдануда және сақтауда, тасымалдауда, қайта өңдеуде, өңдіруде, шығаруда, ғылыми зерттеулер жүргізуде, сонымен қатар басқада барлық салаларда қолданылады.

Өлшем құралдарының нақты көрсеткіштері ғана адамдарды дұрыс диагностикалауға, ауа райын құруға және анықтауға, қызметтің барлық салаларында сипаттаманы жүзеге асырудың саны мен сапасын анықтауға мүмкіндік береді. Өлшемнің дерексіз нәтижелерін пайдалану әр түрлі салдарға әкеліп соқтыруы мүмкін, осыған орай, өлшем нәтижелері маңызды шешімдерді қабылдаудың негізі болып табылады.

Метрологиялық қамтамасыз етудің алғашқы мақсаты адамдардың денсаулығын және өмірін сақтау болып табылады.

Заман талабына сай «Қазгидромет» РМК ЖФ - да метрологияның дамуы жұмыс сапасының жоғары деңгейінде басты механизмдерінің бірі болып табылады. Гидрометеорологиялық зерттеулерде тиісінше дұрыс нәтижелер алынуы және қызмет көрсетудің сапасының жоғары жетістіктеріне жетуі мемлекет экономикасын дамытуға септігін тигізеді.

Кәсіпорынның тиімді жұмысын және гидрометеорологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін сәйексінше оны метрологиялық қамтамасыз ету қажет.

Кәсіпорындардағы метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстар өз кезегінде нормативті және ұсынысты құжаттарға, сонымен қатар өлшенетін шаманың, бақылау объектісінің және т.б. мәліметтердің шығатын спецификациясынан шығатын құжаттық және анықтамалық материалдарға ие болуы керек.

Кәсіпорынның ерекшеліктеріне байланысты метрологиялық қызметтің құрылымы орындалатын метрологиялық қызметтердің көлеміне байланысты кәсіпорын басшылығымен бекітіледі.


Пайдаланылған дереккөздер тізімі:

1. Крылова Г.Д. Основы гидрометрологии 2001ж-174б

2. «Қазгидромет» РМК ЖФ-дан алынған мәлімет-1

3. «Қазгидромет» РМК ЖФ кәсіпорнынан алынған мәлімет-2

4. http://www.еgov.kz-сайты

5. Рейх Н.Н., Тупиченков А.А. и др. Метрологическое обеспечение производства. — М.; Издательство стандартов, 1987ж – 248 б

6. Есенбаева Г. А., Какенов К. С. Измерительное оборудование и метрология – Караганда; Издательство КЭУ, 2001ж-198б

7. http://www.cifn.kz/kz/zha-aly-tar-lentasy/258-azgidromet- сайты

8. Есенбаева Г. А., Какенов К. С. Основы стандартизации, метрологии и сертификации. – Караганда; Издательство КЭУ, 2003ж-305б

9. «Қазгидромет» РМК ЖФ кәсіпорнынан алынған мәлімет-3

10. Аубакиров Г.О. Практикум по метрологии, стандартизации и управлению качеством. - Алматы, МПП "Демеу", 2006г.-195 с.

11. http://www.kazhydromet.kz/ru-сайты

 
21.06.2017 14:12