Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155104

«ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК кәсіпорны қызметінің сапасын арттырудағы өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің рөлі (ғылыми жұмыс) - 2.4 Метеорологиялық бақылау орны

СОДЕРЖАНИЕ
«ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК кәсіпорны қызметінің сапасын арттырудағы өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің рөлі (ғылыми жұмыс)
1 Қазақстандық Гидрометеорологиялық орталық туралы жалпы теориялық аспекті 1.1 Гидрометеорологиялық орталықтың қызметі туралы жалпы түсінік
2 Қазгидромет станцияларынының қызметі
2.1 «Қазгидромет» РМК-ны метрологиялық қамтамасыз ету
2.2 Шет ел гидрометеорологиялық жағдайды зерттеу ерекшеліктері
2.3 «Қазгидромет» РМК-да метеорологиялық бақылауларды ұйымдастырудағы метрологияның рөлі
2.4 Метеорологиялық бақылау орны
2.5 Метеорологиялық бақылаулар жүргізу тәртібі мен мерзімдері
3 «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ метеорологиялық жабдықтарды техникалық пайдалану 3.1 Тараз қаласы метеостанциясына жалпы сипаттама
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған дереккөздер тізімі:
ОТКРЫТЬ ПОЛНОСТЬЮ
2.4 Метеорологиялық бақылау орны

Көптеген метеорологиялық элементтерге бақылаулар метеорологиялық алаң деп аталатын арнайы орындарда жүргізіледі.

Метеорологиялық алаң атмосфераның жерге жақын қабатында метеорологиялық бақылаулар жүргізу кезінде қажетті аспаптар мен жабдықтарды орнату үшін қызмет атқарады.

Метеорологиялық алаңға арналған орын келесі негізгі талаптарды қанағаттандыру керек: ол ашық, тегіс және жазық  болуы керек.

Метеорологиялық алаң қоршаған жергілікті орынға сипатты және төселме беткейдің атмосферамен арасындағы жылу айналым және су айналымының қандай да бір ерекшеліктерімен қоршаған территориядан ешқандай айырмашылығы жоқ жерден таңдалады.

Метеорологиялық алаңның сипаттылығы оның орналасқан жері сол ауданда басым кездесетін рельеф түріндей болуымен және су көзі жағасынан (теңіз, көл, өзен, су қоймасы) максималды су деңгейі кезінде 100 метрден артық қашықтықта орналасуымен қамтамасыздандырылады.

Метеорологиялық алаң квадрат пішінді (әр жағы 26 м), бір жағы солтүстіктен оңтүстікке бағытталуы қажет. Бақылау бағдарламасы толық емес станцияларда (топырақтың терең қабаттарының температурасына бақылау жүргізілмеген жағдайда) алаңды 20х16 м мөлшерге дейін кішірейтуге болады.

Метеорологиялық аспаптар мен жабдықтар алаңда арнай жоспарға сәйкес орналасуы керек (сурет 2.1).

Анеморумбометр және флюгер орнатылған бағандар, сонымен қатар мұзөрнек станогі алаңның солтүстік бөлігінде; психрометрлік будкалар және жауын-шашын өлшегіші мен плювиограф алаңның ортасында; ал алаңның оңтүстік бөлігінде топырақ температурасын өлшейтін термометрлер орналасады.

Актинометриялық және жылу балансы бақылауларын жүргізу үшін алаң отүстікке қарай ұзартылады. Актинометриялық және градиентті қондырғыларды топырақ температурасын өлшейтін термометрлердің солтүстігіне орналастыру керек. Басқа бақылаулар түрлеріне арналған қондырғыларды алаңның батыс және шығыс жағына орналастыруға болады.

Метеорологиялық алаңның төселме беткейін табиғи күйінде сақтау үшін аспаптар мен қондырғыларға баратын ені 40-50 см арнайы жіңішке жолдар төселінеді. Бұл жолдарды нығыздалған құммен немесе майда таспен жабуға болады. Метеорологиялық алаңда аспаптар мен жабдықтардың орналасу жобасы 11- суретте көрсетілген.

Сурет-11. Метеорологиялық алаңда аспаптар мен жабдықтардың орналасу жобасы

Метеорологиялық алаңда аспаптар мен жабдықтардың орналасу жобасы  (арақашықтықтар метрмен көрсетілгена) толық бақылау бағдарламасы: 1 – станцияның геодезиялық репері; 2 – жеңіл тақтайшалы флюгер; 3 – анеморумбометр (анеморумограф) датчигі; 4 -  ауыр тақтайшалы флюгер; 5 – мұзөрнек станогы; 6 – психрометрлік будка; 7 – қар өлшегіш рейка; 8 – қосымша психрометрлік будка; 9 – термограф пен гигрографқа арналған будка; 10 – Көріну қашықтығын өлшеуге арналған құрал (мысалы, М-53 қондырғысы); 11 – жауын өлшегіш; 12 – плювиограф; 13 – жауын өлшегіштің қосымша бағаны (қар жамылғысы бар кезде); 14 - қар өлшегіш рейка; 15 – гелиограф; 16 – ледоскоп; 17 – росограф; 18 – топырақ термометрлерін (19) және Савиновтің иінді термометрлерін (20) орнататын өсімдіксіз ашық участок; 21 - қар өлшегіш рейка; 22 – топырақтық-суырмалы термометрлерді (23) және мерзлотомер аспабын (24)  орнатуға арналған табиғи өсімдігі бар участок; 25 – ауа температурасы мен ылғалдылығының вертикалды градиенттерін өлшеуге арналған қондырғы; 26 – жел жылдамдығының биіктік бойынша өзгермешілігін өлшеуге арналған қондырғы; 27 – актинометрлік қондырғы (аспаптар орнатылған баған).

б) 1 - станцияның геодезиялық репері; 2 - жеңіл (ауыр) тақтайшалы флюгер; 3 – анеморумбометр; 4 - мұзөрнек станогы; 5 –психрометрлік будка; 6 – қар өлшегіш рейка; 7 – қосымша психрометрлік будка; 8 – жауын өлшегіш; 9 – плювиограф; 10 – жауын өлшегіштің қосымша бағаны (қар жамылғысы бар кезде); 11,13 - қар өлшегіш рейкалар; 12 – топырақ термометрлеріне арналған өсімдіксіз ашық участок; 14 – топырақ термометрлері.

Метеорологиялық алаңның табиғи күйін сақтау үшін, сонымен қатар онда орнатылған аспаптарды қорғау үшін алаң қоршалуы тиіс. Қоршау алаңның кезкелген жерінің ауамен алмасуын, ал қыста күртік қардың пайда болмауын қамтамасыздандыру керек. Алаңның қоршауын тесіктері 10х10 см құрайтын темір торға екі шетінен сым өткізіп, биіктігі жер бетінен 1,2–1,5 м құрайтын металл труба, бетон немесе ағаш бағандарға керіп жасауға болады.

Метеорологиялық алаңға кіретін есік қоршаудың солтүстік жағында орналасады. Қоршаудың есігі берік жабылуы тиіс.

Метеорологиялық алаң тораптан келетін тұрақты жарықтанумен немесе кернеуі 36 В-тан аспайтын басқа да энергия көздері арқылы тұрақты токпен жабдықталуы тиіс. Тұрақты электр жарығы болмаған кезде тасымалданбалы электрлік қол шамын пайдалану қажет.

Метеорологиялық алаң мүмкіндігінше станцияның қызмет үйінен қашық емес (150 метрден алыс емес) орналасуы және кезекші бақылаушының үнемі назарынан тыс болмауы тиіс.

Қондырғылардың дұрыс орналасуымен қоса метеорологиялық алаң өзіне үнемі және тиянақты тазалықты керек етеді, олай болмаған жағдайда жоғары сапалы бақылау жүргізу мүмкін емес. Метеорологиялық алаңның тазалығы негізінен мыналардан тұрады:

а) алаңды таза ұстау;

б) метеорологиялық алаңдағы шөпті биіктігі 20 см-ден аспайтындай етіп үнемі шауып, оны сол мезетте алаңнан тазалап алып тастау;

в) алаңда пайда болғаннан бастап ерігенге дейін қар жамылғысын табиғи күйінде тиіспей қалдырып, және аспаптардың қасында өте көп қар күртігі орнықса, оны алаңнан тазартып тастау;

г) алаңдағы аспаптар мен қондырғылардың ақауларын түзету.



 
21.06.2017 13:42